Казіргі окыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау, бағалаудың жаңа технологиясы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы:« Казіргі окыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау, бағалаудың жаңа технологиясы»

Мазмұны

Кіріспе. . . . 3

Негізгі бөлім . . . 6

І Білім беру жүйесіндегі жаңаша бағыттардың теориялық негіздері . . . 6

  1. Осы заманғы жаңа педагогикалық технологиялар . . . 6
  2. Оқушылардың білімін бағалау мен жетілдірудің инновациялық әдіс-әсілдері . . . 16

ІІ Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалау жолдары . . . 2

2. 1 Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі . . . 21

2. 2 Білімді бақылау және бағалаудың түрлері әдістері мен формалары . . . 26

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 31

Кіріспе

Қазіргі таңда кез-келген мемлекеттің XXI ғасырдағы әлемдік аренадан алатын орны оның интеллектуалды әлеуетімен мамандардың біліктілік және шығармашылық шеберлік деңгейімен сипатталатыны белгілі болып отыр, яғни қоғамның кез келген мүшесінің танымдық деңгейі, кәсіби даярлығы және шығармашылық дамуы мемлекеттің тұтастай дамуына тікелей ықпал ететіні сөзсіз.

Елбасымыз Н. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Олай болса, болашақтың бүгінгіден де жарқын болуына жол ашатын құдіретті күш тек білімде ғана. Ендеше қазіргі заман оқушысы сыни ойлап, өзін-өзі бағалай алатын, алған білімін күнделікті өмірдегі жағдайларға қолдана алатын, бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған тұлға болуға тиіс.

Курстық жұмысының өзектілігі. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, дарынын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығымен, шығармашылық жемісімен келмек. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпал тигізуде.

Білім беруді ұйымдастырудың дүние жүзілік тәжірибесінде көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда. Ондағы мақсат-оқушылардың танымдық қабілеттерін, яғни өзінше ойлау қабілетін арттыру, елестету мен есте сақтауын, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз ету. Жалпы білім беруде баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын ашып талдап көрсету курсттық жұмыстың өзектілігіне жатқызамыз.

Зерттеу нысаны. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. Педагогикалық технологиялардың бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайтын еңбектер мен журналдарды қодана отыра, соның ішінде Қараев, Қ. А. «Қазіргі білім берудегі техникалар мен технологиялары», Қ. Елубаевтың «Озық технологияларды тиімді пайдалана білейік», Г. М. Жусанбаеваның «Білім берудегі инновациялық технологиялар» атты еңбектері басты нысан ретінде алынды.

Зерттеу пәні. Қазіргі оқуты жүйесіндегі жаңа технологиялар

Курс жұмысының мақсаты . Қазіргі оқыту жүйесіндегі тексеру, бақылау, бағалау технологияларын қарастыру

Зерттеу міндеттері.

  • Болашақ мүғалімдерді ақпаратты қоғам жағдайында оқып білім алуға, өмір сүруге бейімдеу;
  • Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияға бейімделген білім берудің ғылыми-әдістемелік базасын жасау, білім саласын басқарудың жаңа формалары мен әдістерін пайдалану жолдарын нұсқау;
  • Дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігіне орта білім беру мен жоғары білім беру жүйесін сәйкестендіру;
  • Білім берудің иллюстративтік түсіндірмелі жүйесінен дамыта оқыту жүйесіне көшу. Оқыту үрдісінде оқушы шығармашылығына негізделген окыту әдістерін пайдалануға түбегейлі көшу жолдарын негіздеу;

Зерттеу болжамы.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты - оқу орындарындағы білім беру үрдісіне жаңа инновациялық технологиялар ды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ға ламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу әрбір ұстаздың негізгі көмекші құралы болар.

Зерттеудің жетекші идеясы. Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік дағдыларды меңгертумен қатар дүниетанымын кеңейтіп, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы деп отырмыз. Бұл, әрине ұстазға да көп ізденісті талап етеді. Өйткені, «Шәкірт - біліммен толтыратын бос құмыра емес, ол жануға дайын тұрған шырақ, ал ұстаз шырақшы ғана . . . ». Сондықтан, білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа техналогияларын меңгермейінше, сауатты маман болу мүмкін емес. Осыған орай, әрбір ұстаз барлық жаңалықтар мен әдістерден хабардар болып, оқыту түрлерін, әдіс-тәсілдері мен құралдарын жетілдіріп, оларды тиімді қолдану жолдарын іздестіріп, өз кәсібін шығармашылықпен дамытып отыру қажеттілігі заман талабынан өз-өзінен туындап отыр.

Зерттеу әдістері . Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге, мемлекеттік құжаттарға, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; әлеуметтік-педагогикалық әдістерді қолдану, оның ішінде оқушылардың тыңдау арқылы сөйлеу дағдылары мен біліктерін бақылау әдістері анықтау, оқыту, бақылау; оқушы әрекетін талдау;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қазіргі заманауи білім беру саласында жаңалық енгізу, оқу және тәрбие мазмұны мен ұйымдастыруын және олардың тиімділігін арттыру; білім беру процесін айтарлықтай өзгертетін, жетілдіретін немесе жаңарту педагогикалық тың тақырып болып отыр.

Зерттеудің теориялық маңызы. Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз», -деген Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.

Зерттеудің практикалық маңызы. Қазіргі заманғы жаңа технологиялармен оқыту жұмыстарын жүргізу мен әдіс-тәсілдерін нұсқап көрсету оқушылардың сабаққа деген қызуғушылықтарын, ынталарын арттырады.

Зерттеу жұмысының құрылымы . Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және бөлімшелерден, сонымен қатар қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Білім беру жүйесіндегі жаңаша бағыттардың теориялық негіздері

1. 1 Осы заманғы жаңа педагогикалық технологиялар

В. Кларин технология сөзінен қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту-үйретудегі амалдардың жиынтығы, ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, оқыту технологиясы) «педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті» - деп түсінік берді. Педагогикалық жаңа технология - іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология - оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, технология - ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. »[1, 123]

Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.

Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:

І кезең: оқып-үйрену;

ІІ кезең: меңгеру;

ІІІ кезең: өмірге ендіру;

IV кезең: дамыту.

1. Жаңа педагогикалық технология мақсаты - оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп.

2. Ойын технологиясы . Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.

3. Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту - мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.

4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:

- ассоциация;

- бірлестік қызмет;

- көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:

- оқу үрдісінде қызығушылық артады;

- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;

- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.

5. Деңгейлік саралау технологиясы . Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;

2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

6. Жекелеп оқыту технологиясы . Жекелеп оқыту - оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.

- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;

- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т. б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.

7 . Топтық технология. Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.

8. Кезеңдеп оқыту технологиясы

1. Мәдени кезек сөз - оқу процесінің екі негізгі бөлігі арасында кезексөз түрінде құрылады.

Оқу-негізгі «таңдану нүктесі» айналасына орналасқан ішкі кезексөзге негізделіп құрылады.

2. Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) Әдістемелік құрылымның түзгіші негізіне мұғалім мен оқушы қызметін байланыстырушы ретінде математикалық жаттығу ұғымы алынған, әрі тұра, кері ұғымдары мен қағидалары бір кезде оқытылады.

ДБІ технологиясының ашушы түзгіші - жаттығу - үшен сабақтардың бірінде қаралады:

- қазіргі тапсырма; - кімге арналғандығы;

- жинақтау. Технология мазмұнының басты ерекшелігі пән оқу материалдарының дәстүрлі дидактикалық құрылымын қайта құру.

3. Ойлау қызметін кезеңдер бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу технологиясы - бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық кезеңдерінде бақылап отыру - технологияның ең маңызды құраушыларының бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады.

9. Жеке пәндік педагогикалық технология.

1. Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы. Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.

2. Әсерлі сабақтар жүйесіне негізделген технология.

Мақсаттық бағыттары:

- қалыпты білім, шеберлік дағдыны меңгеру;

- ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру;

- қабілетті балаларды дамыту;

10. Өзіндік дамыту технологиясы ( М. Монтессори) Мақсаттық бағыты:

- жан-жақты дамыту;

- жекелікті тәрбиелеу;

- бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түзгіштерін біріктіру.

Басты мақсаты - оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.

11. Дамыта оқыту технологиялары.

1. Л. В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.

2. Д. Элькони - В. Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы. Элькони - Давыдов техноло-гияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге негізделе отырақұрылған. Білімнің теориялық негізі терең түрдегі жинақтаудан тұрады. Дәстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. Оқушының орындаған жұмыстары мен сапасы оқушыға білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін мұғалімнің көзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының өз мүмкіндігі тұрғысынан қаралады.

3. Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі. Іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмүны болады.

Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық келешекке көшуден тұрады.

Бұл технологияда ұжымдық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру - қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы.

12. Модульдік оқыту технологиясы . Модуль дегеніміз - қандайда бір жүйенің, ұғымның нақтылатын, біршама дербес бөлігі.

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.

Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:

Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;

Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;

Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;

Ал өзімнің іс-тәжірибеме келер болсам, қазіргі таңда жаңа технологияны тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп отырған бұл Кембридж бағдарламасы. Осы курстың ІІ деңгейін Алматы қаласына барып оқып келген болатынмын. Кембридж бағдарламасының 7 модулі аясында жаңа әдіс-тәсілдерді үйрету технологиясын қолдану арқылы мақсатты түрде күткен нәтижеге жетуге болатындығын, тиімділігін әрекетті зерттеу барысында көз жеткіздім. Ал соның ішіндегі сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды көздейді. Бұл нұсқаулықтағы ғылыми тұжырымдамаға сүйене отырып, нәтижелі сабақта оқушы жауаптарынан ойындағы айтар сөзін жүйелеп жеткізуге тырысуынан, өзгелердің жауабынан ой түйіп, басқаша қырынан танылуынан, әрбір ситуациялық мәселелерді жан-жақты қарастыруға белсенділік танытуынан көрінді.

Сабағымның бірінші күнінен бастап парталарымды топтарға бөліп орналастырып қойдым. Оқушыларым сабаққа келген кезде парталардың өзгергенін көріп таңқалды. Сол күннен бастап сабақтарым қызғылықты өте бастады. Әсіресе топпен жұмыстанғанда жаңа әдіс-тәсілдерді басшылыққа ала отыра көптеген жұмыс түрлерін ұйымдастырдым.

Менің пікірімше сабақтың тиімділігі: оқушы шығармашылық деңгейге мұғалім арқылы емес, өз іс-әрекеті арқылы жетті. Жаңа әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы да осында. Технологияны пайдалану шығармашылық тұлға қалыптастыруға алып келеді. Біз сабақтың басында мақсат қойғанда да осындай нәтиже күткен едік. Дәстүрлі өткізіп жүрген сабақтарды салыстыра отырып, жаңаша тәсілде өткен сабақтан мынадай айырмашылықтарды таптым.

Дәстүрлі сабақ үрдісінде - әдістері, яғни, мұғалім әрекеті.

1. Тақырыпты түсіндіреді.

2. Кейіпкерлер туралы мінездеме бере отырып меңгертеді.

3. Шығарманың идеясын анықтап беремін, талдайды.

4. Шығарма жазуды тапсырады

Оқушының әрекеті :

1. Мазмұнын айтып береді.

2. Кейіпкерлерге мінездеме береді.

3. Тақырып бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады.

4. Тақырып бойынша шығарма жазады.

Жаңа оқыту технологиясы негізінде өткізілген сабақ үрдісінде өзімнің іс-әрекетім.

1. Топқа бөліп, ой қозғадым.

2. Тақырыпқа қызықтырып бағыттадым.

3. Шығармаға қатысты мақал-мәтелдер жинақтауды ұсындым.

4. Шығарманы талдауға пікірталас ұйымдастырдым.

5. Оқиғадағы өзекті мәселелерге оқушы көзқарасын анықтадым.

6. Шынайы өмірмен байланыстыру арқылы баға беруге бағыттадым.

Оқушы белсенділігі:

1. Топтарда жұмыс жасады.

2. Мәтінмен өздері танысты.

3. Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы саралады.

4. Жеке кейіпкерлерді талдады, олардың іс-әрекетін зерттеді.

5. Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсірді.

Білім берудің инновациялық технологиясы - бірыңғай мақсатпен біріккен және оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық технологияларды қамтыған, оқыту, тәрбиелеу және басқару түрлерінің, әдістері мен оқу құралдарының жиынтығы.

Педагогикалық технология дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын, белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы.

Жаңа педагогикалық технология - білім беруді ізгілендіру принциптеріне негізделген компьютерлік технология, сонымен бірге оқытуды дербестендіру мен деңгейлік дифференциялдау.

Педагогикалық технологияның 90-нан астам түрлері бар.

Бұл педагогикалық технологиялардың маңыздылығы:

1) Білімгер барлық тақырыпты меңгереді, яғни жоқ дегенде міндетті деңгейді біледі.

2) Білімгер жоғары деңгейде меңгереді, дамиды, ізденеді.

3) Білімнің теориялық, жариялық, әділдік қағидалары сақталады.

4) Ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасы өзгереді.

5) Білімгердің танымдық, интелектуалдық қабілеттері дамиды.

6) Өзіндік көзқарасы қалыптасып, тыңдай, сыйлай білу мәдениеті артады.

Білім беруді ізгілендіру технологиясы - білім алушының жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеу; жаны мен жүрегіне жылулық ұялату; танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; біліммен кеңейтуге және тереңдетуге жағдай жасау.

Проблемалық оқыту технологиясы - білім, білік, дағдыға ие қылу; өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.

Тірек сигналдар арқылы оқыту технологиясы - білім, білік, дағды қалыптастырумен бірге жеке мәліметтеріне қарамастан оқыту; және оқытуды жеделдету.

Түсіндіре басқарып оза оқыту - білім, білік, дағды меңгертумен мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру.

Деңгейлеп - саралай оқыту технологиясы - әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; оқытуда әр түрлі топтардың ерекшелігіне сәйкес бейімдеу.

Бағдарламалап оқыту технологиясы - ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформаланцуы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім берудің реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр. Олар мыналар: Лысенкованың алдын ала оқыту, Хазанкиннің есептер шығару, Палтышевтің физикадан есептер шығару, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқыту, оқытудың белсенді әдісі, т. т

Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В. М. Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ, профессор Ж. Қараевтың оқытуды дербестендіру мен дифференциалау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр.

Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтың бірлесе жасаған “Дамыта оқыту жүйесі” бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі
Біліммен дағдыны бақылау және бағалау
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫНЫ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқушылардың білімін, шеберлігін және қабілетін тексеру және бағалау
Дидактика-педагогикалық ғылымдар жүйесінде
Оқушылардың білім, білік дағдыларын бағалау және тексеру
Технология сабақтарында оқушылардың білімі мен ептіліектерін есепке алу мен тексерудің теориялық негіздері
Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың технологиясы
Оқушылардың білімді ұғыну сатылары
Мектептегі химияны оқыту барысында инновациялық технологияны пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz