Ежелгі Қытай мемлекеті мен құқығының тарихы


2019 Ежелгі Қытай мемлекеті мен құқығының тарихы
Мазмұны
Кіріспе
«Мемлекет» ұғымы жалпы көпшілікке жақсы белгілі. Мемлекет алғашқы, қауымдық қоғамда құрылған жоқ. Ғылым мемлекеттің пайда болуын адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік топтар мен таптардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің орнығуымен байланыстырады. Экономика саласындағы үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз ету және басқа таптардың қарсылығын болдырмау қажеттілігінен мемлекет пайда болды деген пікір ғылымдардағы негізгі көзқарас. Мемлекет құл иеленуші дәуірде де қазіргідей дәрежеге жетті. Бірақ тарихи ұзақ мерзім бойы “мемлекет” деген түсінік “қоғам”, “ел” деген түсініктен ажыратылған жоқ. «Мемлекет» деген атауды рулық, тайпалық қауымнан ажырату, яғни, алғашқы «қауымдық емес» деген ұғымды белгілеу үшін пайдаланды. Мысалы, патшалық, қаған, хандық, князьдік, халифат, Алтын орда, Ақ орда, Ноғай ордасы, Сібір ордасы деген сөздер екі түсініктің орнына (біріншісі мемлекет, екіншісі қоғам) пайдалана берілді. Алайда, мемлекеттің пайда болуы әртүрлі әлеуметтік пікірлердің қалыптасуына негіз болды. Саяси өмірдің дамуына байланысты қоғамда мемлекеттің ролі күшейе түсті. Ойшылдар, ғалымдар мемлекетке - “ел”, “қоғам” түсінігі тұрғысынан емес, “өкімет”, билік тұрғысынан қарайтын болды. Сөйтіп, нәтижесінде мемлекет пен өкімет туралы ойлар, қағидалар бірте-бірте біздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырларда теориялық деңгейге жетті. Мемлекет пен қоғам мәселелері адамзат өмірінде әрбір тарихи кезеңге сай өзгерістерге ұшырап отыратыны және оларды адамзаттың шама-шарқынша сәтті түрде шешуге ұдайы ықыластық танытатыны белгілі. Егер өткенімізді ойша шолар болсақ, адамзат тарихы мемлекет жөнінде сан түрлі саяси ой тізбегі мен даналыққа толы екендігін байқаймыз. Солардың ішіндегі ең мәндісі де, өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатыны да ғұлама ойшыл Конфуцийдің идеялары. Бұл ойшылды негізінен мемлекетті басқару мәселелері көп толғандырғанын атап өткен жөн. Конфуцийдің осынау күрделі мемлекет мәселелерін қатаң тәртіп пен бір тәрбиелік ұстанымдардың көмегімен жүзеге асырмақ ниеті және оған қоса шектен шыққан қызулыққа берілмей, көбіне-көп “тепе-теңдік” пен “орталық” принциптерді ұстанғаны белгілі. Түрлі ұсақ иеліктерге бөлініп, бір-бірімен қырқысып жатқан Қытайдағы патшалықтарды бір орталыққа бағынған мемлекетке біріктіруді басты мақсатқа айналдырған ол, сонымен бірге, халықтың тәлім-тәрбиелік күш-қуатын жоғары деңгейге көтеру мен оны “бақытты” ету үшін бар күш-жігерін сарп етті. Конфуцийдің ойынша, б. з. д. VI ғасырда Қытайдағы әлеуметтік тәртіптің негізі - қоғамдық тәртіп пен тұрақтылыққа сүйенуге тиіс болатын. Және мұндай 58 қоғамда әркім өз құқығы мен мемлекет алдындағы міндеттерін терең сезінуі тиіс. Яғни, әр адам өзінің орнында болуы керек: патша-патша, бағынышты-бағынышты, әке-әке, ұл-ұл болуға тиіс. Мемлекетті басқарушы құдай дәрежесіндегі «Аспан ұлы»- адамдар әлемінің өкілі. Ол әулие, император бола отырып Аспан алдында ғана жауапты. Өйткені ол тақ пен билікті тек осы аспаннан алады. Билеуші әділ болып, барша халыққа мейірім төгуі міндетті, ал олай болмай ел аштық пен қайыршылыққа ұшырап жатса, халықтың бүлік шығарып, билеушіні тәубесіне келтіруі құдайшылыққа жатады. Конфуцийлік әлеуметтік саяси ілім - халықтың ой-арманымен, бақытты болашақты көксеген қиялдарымен терең ұштасып жатыр деуге толық сенім бар. Мемлекет - халықтың талап тілегін іске асыратын құрал. Халықтың шынайы сенімінсіз мемлекет те болмақ емес. Демек, оның сеніміне тек адамдарға жасалынған қамқорлық арқылы ғана қол жетпек. Ел басқарушысы алдымен халықты ішер аспен қамтамасыз етіп, содан соң жоғары мақсаттарға шақыруға міндетті.
Ежелгі елдердің мемлекеттері мен құқығының жалпы тарихын зерттеудің жоғары кəсіби заңгерлерді дайындаудағы маңызы зор. Ең алдымен, мемлекет жəне құқық тарихын зерттеу мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға деген тарихи көзқарас сезімін қалыптастырады, оларға жалпы қоғамдық өмірді, оның ішінде мемлекет пен құқықты ғылыми əдістемелік түрде тануына мүмкіндік береді. Мемлекет пен қоғамның кезкелген құбылысын олардың қалыптасу, даму алғышарттарын анықтағанда ғана, бұл құбылыстың қалай пайда болғаны, қалыптасу бары-сында қандай кезеңдерден өткені жəне қандай бағытта дамып келе жатқаны зерттелген жағдайда ғана дұрыс түсінуге болады. Осы жұмыстың шеңберінде зерттеліп отырған ежелгі Қытайдың мемлекеттік-құқықтық құбылыстары мен оқиғаларын қамтып өту мүмкін емес, сондықтан «қоғамдық құрылым», «мемлекеттік құрылым» түсініктері арқылы ашылатын мемлекет пен құқықтың негізгі аспектілері (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, билік пен басқарудың орталық жəне жергілікті органдарының құрылымы, өкілеттіктері, олардың өзара қарым-қатынастары) мен «құқық» түсінігінің негізгі аспектілері (құқықтың қайнар көздері, құқықтың негізгі институттары: меншік құқығы, міндеттемелік құқық, отбасылық-некелік құқық жəне мұрагерлік құқық, қылмыс пен жаза, сот процесі) қарастырылып өтті.
Ғылыми жұмыстың маңыздылығы . Қытай тарихы археологиялық мәліметтермен қатар, ерте заманнан бергі саяси өмір мен әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін, жазба көздерінің көпшілігі және түрлігімен ерекшеленеді. Діни-философиялық және тарихи мазмұны бар канондалған ежелгі қытай мәтіндері, әсіресе Конфуцийдің оқуы жазылғаны - өз кезегінде, қытай өркениетінің дамуына, қытай халықтарының көзқарасына әсер етті.
Қытай өркениетіне Конфуций заманынан бері әрбір адамның жердегі өміріндегі бақыт пен аман-саулығына бағытталған жоғары әлеуметтік-саяси белсенділік тән болды - адамның тағдыры құдайдың салғаны емес, өз еңбегінің арқасы. Қытай тарихындағы үлкен халық қозғалыстары менен Қытайға тән жоғары әлеуметтік көшпенділіктің мәнісі осында жатыр. Қытай өркениеті - әлемдегі ең ежелгілердің бірі. Қытай ғалымдарының айтуы бойынша, оның жасы бес мың жылға жуық, оның үстіне жазба көздері 3500 жылғы мерзімді қамтиды. Династиялар ауысқан сайын түрлі даму кезеңдерінен өткен ежелгі әкімшілік басқарудың баршылығы, өзге өркениеттен кейін қалып қойған көшпенді көршілер мен тау халықтарына қарағанда, жер өңдеу саласы дамыған экономикасының баршылығы анық артықшылық болды. Қытай өркениетін одан әрі конфуцийлік (б. з. д. 1 ғ. ) және бірегей жазу жүйесінің енгізілуі күшейтті.
Саяси көзқарас бойынша, Қытай бірнеше мыңдаған жылдар бойы, цикликалық түрде қайталанатын саяси бірлік пен шашыраңқылық мерзімдерінен өткен. Қытай аумағы басқыншылардың шабуылына жиі ұшырады, бірақ басқыншылардың көбі ертелі-кешті қытайланып, қытай этносымен араласып кетті. Қазіргі қытай мемлекеті мен қоғамы көптеген ғасыр бойы қоршаған азия халықтарымен мәдени және саяси араласуы менен енгізілуінің нәтижесі. Қытай этносының аса ірі демографиялық потенциалының көрші халықтарға тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды.
Бұл ғылыми зерттеу жұмыс Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік құрылысының қалыптасуындағы конституциялық қағидалар өзектілерін ашу барысындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік жүйесіне, мемлекетте билікті бөлу механизмін реттеу жағдайында және олардың өкілеттіктерінің дамуын тарихи-құқықтық тұрғыдан зерттеуге арналған.
Зерттеудің мақсаты Шығыс әлемінде ерекше орын алатын, мемлекеттік және құқықтық дамудың өзіндік ерекшелігін бекіткен, мемлекеттік басқарудың, билік жүргізудің жүйесін мыңдаған жылдар бойы сомдап келген алып империялардың бірегейі Қытай мемлекетінің ерекшеліктерінің қалыптасуының себеп-салдары мәселелерін өз бетінше кешенді зерттеу.
Зерттеудің объектісі мен пәні Зерттеу пәні Ежелгі Қытай мемлекеті мен құқығының қалыптасу, даму мәселелерін көрсетуге арналған.
Зерттеудің әдістері қоғамдық ғылымдарға ортақ жалпы және арнайы танымдық әдістер жүйесі: тарихи, диалектикалық, салыстырмалы, функционалды талдау, жүйелеу, синтездеу, статистикалық т. б. әдістер басшылыққа алынды.
Ғылыми зерттеудің құрылымы кіріспеден, 3 тараудан: 1 тарауда Ежелгі Қытай мемлекеттік билік құрылысы шолу жасалынған; 2 тарауда Қытай мемлекетінің мемлекеттік органдар жүйесі және оның құрылымына тоқталынған және қорытындыдан, пайдаланған дерек көздер тізімінен тұрады.
Зерттеу жұмысын жазу барысында отандық ғалымдар Әмірбеков Ш., Мұхтарова А. К., Булгакова Д. А., Истаев А. Ж., және т. б. ғылыми жұмыстардағы теориялық тұжырымдары негізге алынды.
1 Ежелгі мемлекеттердің құқықтары мен бостандықтары
1. 1 Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасуы.
Ежелгі Шығыс мемлекеттерінің пайда болуы. Ежелгі шығыс елдерінде мемлекет алғаш ұлы өзендер аймағында пайда болды. Себебі тұщы су, өзен жағасындағы аңдар, жабайы астық тұқымдас әр түрлі шөптердің мол болуы өзеннің теңізге құяр сағасында (атырау) адамдардың көптен шоғырлануына әсер етті. Бұл жағдай адамдардың көптеп шоғырлануына әсер етті. Бұл жағдай адамдардың ахуалын жақсартып қана қойған жоқ, сонымен бірге бала туудың өсуінеде әсер етті. Адам саны көбейген сайын теріп жейтін және аулайтын аңдар белгілі бір территорияда азая бастағандықтан адамдардың бір тобы біртіндеп егіншілікке көшуге мәжбүр болды. Әдетте өзен арнасы кей жерлерде (әсіресе атырауда) бірнеше арнаға бөлініп, баяулай бастайды. Осындай табиғи каналдардың негізінде адамдар өзен суын бұруды, тоған салуды үйрене бастады. Тың жерге егін салған адамдар тобы тез байып, басқалардан ерекшелене бастағандықтан өз жерін қорғауға көбірек көніл бөліп, қамалдар мен шіркеудар салуға кіріседі Міне осылайшіркеудар мен қамалдарнегізінде кала-мемлекеттер пайда болды. Суару жүйесінің ролі басым болгандықтан Ежелгі Шығыс елдерінде осы жүйені ұйымдастырушы мемлекеттің меншігі басым еді. Шығыс елдерінде ұжымдық еңбектің басым блуына еңбек-құрал жабдықтарының мыстан және тастан жасалуы да әсер етті.
Ежелгі Шығыстағы қала-мемлекеттерде бастапқыда діни билік басым болды. Себебі егіншілікпен айналысушы халықтың табиғаи ортаға тәуелділігі ерте заманда тіпті күшті болатын. Сондықтан табиғи куштерге табыну кең етек алды. Сонымен бірге жердің тез тұздану, балшықтану процесі жаңа жерлерде каналдар салу арқылы игеруді қажет еткендіктен ұжымдық еңбекті керек етті. Ал коллективтік еңбекті ұйымдастыруда шіркеуның ролі ерекше болды. Шіркеу сонымен бірге қамал және қойма функциясын да атқарды. Сондықтан бастапқы кезде шіркеу басшысының беделі жоғары және шіркеу жері көп болса, бірте-бірте территорияларға талас күшейіп, соғыстардың жиіленуінің әсерінен әскери басшы-патша діни билікті өз қолына шоғырландырды. Патша негізгі ұйымдастырутырушыға айнала бастады.
Ежелгі Шығыстағы мемлекеттің ішкі бөліктерінің өзара байланысының да діни сипаты басым болды. Каналдар салу, су бөлу, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру-қоғамдық істер мекемесінің пайда болуына әсер етті. Бұл мекеме патша бұйырығымен жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу үшін халықтарды қоғамдық еңбекке мәжүбірлеп отырған. Мысалы, Египеттегі пирамидалар, Қытайдағы Ұлы қорған осындай жолмен салынған. Қоғамдық істер мекемесі және жерге мемлекет меншігінің болуы - ежелгі Шығыстағы мемлекеттің басты ерекшеліктерінің бірі. [1]
Адам санының өсуі өмір сүру үшін табиғи ортамен күрестің күрделенуіне алып келді. Осы мәселені шешу барысында басқару жүйесі де күрделене бастады және бірте-бірте шектен шыға бастады. Бастапқыда патша билігін мойындату үшін құдайдың баласы немесе құдай қалаған адам сияқты уағыздар айтылса, кейіннен патшаны құдай қатарына қосып қойды. Басқарудың күрделенуіне әлеуметтік топтардың арасындағы күрестің шиеленісуі де әсер етті. Мемлекетті басқаруға экономикалық жағынан ықпалды топтар-ақсүйектер, әскерибасшылар, дінбасылар, сауда адамдары араласуға мүдделі болды. Себебі олардың жағдайын жақсартуға, байлығын көбейтуге мемлекет жүргізіп отырган саясат тікелей әсер етіп отыргандыктан, олар осы баскаруға қатысуға тырысты және патшаға ықпал ету үшін өзара таласып отырды. Патшалар және олардың арасындағы ықпалды топтар бұл мәселені ушықтырмау үшін діни жолмен қиындықтан шығуға тырысты. Осы топтардың қоғамдағы ролі діни қағидалар бойынша бекітілді. Мысалы, Ежелгі Үндістанда әлеуметтік топтпрдың ролі дін және заң арқылы бекітілді. Қоғам төрт үлкен топқа бөлінді; дін адамдары-брахмандар, әскери басшылар-кшатрийлер, егіншілер-вайшилер және құлдар-шудралар. Осы топтардың қоғамдағы ролін бекіту үшін брахмандар құдайдың аузынан, кшатрийлер қолынан, вайшилер-санынан, ал шудралар табанынан жаралды деген аңыз пайдаланылды.
Ежелгі Шығыстағы мемлекетке тән тағы да бір ерекшелік-барлық жерге мемлекет меншігінің болуы. Жерге мемлекет меншігінің болуы өте күрделі жолмен бекітілді және бұл процесс биліктің қалыптасуымен тығыз байланысты.
Бірақ билік әр түрлі айсақта әр түрлі жағдайлардың әсерінен қалыптасқандықтан сипаты жағынан ерекшеліктері болды. Сондай ерекшеліктер шығыстағы билік жүйесінен айқын көрінеді. Мемлекет билігі мен діни биліктің күрделі байланысының нәтежесінде пайда болған ежелгі Шығыстағы билікті шығыс деспотиясы деп атаймыз. «Деспотия, деспотизм»сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда шексіз билік ұғымыны білдіреді. Бұл сөз ХVІІ ғ. аяғы мен ХVІІІ ғ. басында өмір сүрген француз жазушысы Ф. Фенелонның романындағы адамдардың барлығы қорқынышта өмір сүргетін және заңмен қорғалмаған қоғамды атаған болатын. Әдетте шығыстағы мемлекеттік басқаруды деспотия деп атайтын себебі патшаның діни, азаматтық, әскери, атқару және сот билігін қолына шоғырландыруына және халықтың негізгі бөлігінің құқықтық жағынан қорғалмауына байланысты.
Ежелгі шығыс өркениет құқығы. Ежелгі дүниедегі құқықтың пайда болуы және дамуы. Қандай да болмасын әлеуметтік организмге, яғни адамдар бірлестігіне және адамға ішкі ұйымдасушылық қасиет және реттеушілік функция тән. Осындай қасиетінен айрылған тұлға немесе әлеуметтік бірлестік жойылады. Рулық қауым сатысында ішкі мәселелер көсем беделімен ғана шешіліп отырған жоқ, сонымен бірге ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптар бойынша да басқарылды. Әдет-ғұрыптардың пайда болуы адамдар өмір сүрген табиғи ортаға, шаруашылық жүргізу тәсіліне және басқару мәселелеріне байланысты. Мысалы, шөлді аймақта тұратын халықтарда бұлақтарды, су көздерін қорғау дәстүрі көп. Ал суы жиі таситын аймақтарда өзенге табынып, құрбандық беріп жатады.
Адамдар бірлестігінің түрлері өзгеріске ұшыраған сайын адамдардың өзара қатынасы да өзгеріске ұшырап отырды. Мысалы, рулық қауымдағы адам өзінің құқы туралы көп ойланбаса, ал көршілік (селолык) қауымда әрбір қауым мүшесі жыл сайын жердің қайта бөлінуіне, жеке малына басқалардың тиіспеуіне мүдделі бола бастады. Ал осындай өзгерістердің барлығы белгілі бір өзара келісілген нормалардың пайда болуына алып келді.
Шаруашылықтың күрделенуіне байланысты нормалардың көбеюі жазылған заңдарды қажет ете бастады және сол нормаларды қадағалап отыратын арнайы қызымет адамдары да пайда болды. [2]
2 Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасуы.
2. 1 Қытай тарихын мерзімдеу
Қытай тарихының ғылымда қабылданған қысқа реттік кестесі
- Б. з. д. б. з. д. 2357. - б. з. д. 2255 до н. э. Аты аңызға айналған Яо билеуші;
- б. з. д. 2255 - б. з. д. 2205 Аты аңызға айналған Шунь билеуші;
- б. з. д. 2205 -б. з. д. 1766 Аты аңызға айналған Ся әулеті;
- б. з. д. 1766 -б. з. д. 1122 Аты аңызға айналған Шан-Инь әулеті;
- б. з. д. 1122 -б. з. д. 247 Чжоу әулетінің дәстүрлі мерзімдері;
- б. з. д. 246 -б. з. д. 207 Цинь әулетінің дәстүрлі мерзімдері;
- б. з. д. 206 -б. з. д. 220 Хань әулетінің дәстүрлі мерзімдері;
- Біздің заманымыз 220 - 264 Вэй әулеті;
- 265 - 420 Цзинь әулеті (Батыс Цзинь: 265 - 316, Шығыс Цзинь: 317 - 420)
- 420 - 479 Сун әулеті;
- 479 - 501 Ци әулеті;
- 502 - 556 Лян әулеті;
- 557 - 588 Чэнь әулеті;
- 589 - 618 Суй әулеті;
- 618 - 907 Тан әулеті;
- 907 - 959 Бес әулеттің заманы;
- 960 - 1279 Сун әулеті;
- 1280 - 1368 Юань әулеті (моңғол) ;
- 1368 - 1644 Мин әулеті;
- 1644 - 1911 Цин әулеті (манчжур) ;
- 1912 - 1949 Қытай мемлекеті;
- 1949 ж. 30 қыркүйегі Қытай Халық Республикасы;
Қазіргі кездерде зерттеушілер Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасу және даму тарихын төрт кезеңге бөліп қарастырады:
- Шань (инь) дәуірі (б. э. д. ХҮІІІ-ХІ ғғ. ) .
- Чжоу дәуірі (б. э. д. ХІ-ІІІ ғғ. )
- Цинь дәуірі (б. э. д. 221-207 жж. ) .
- Хань дәуірі (б. э. д. ІІІ-б. э. ІІІ ғғ. ) .
Бізге дейін жеткен аңыздарда ертедегі билеуші кемеңгер Яо болған. Ол қартайған кезде өзінің мұрагері етіп, Шуньді тағайындады. Оның билік басында болған тұсында айналаны су басады. Осы судан құтылу жолын Юю тапқан. Ол билікті мұрагерлік жолмен өзінің ұлы Циге берген. Кейіннен Ююдің баласы Ци Ся әулетінің негізін салды. Осы кезден бастап, билік мұрагерлік жолмен берілетін болған. Оның озбырлығына қарсы шан тайпасының көсемі Тан қарсы шығып, нәтижесінде Циді құлатып, Шан әулетінің негізін қалады. Кейіннен ол Инь дап атала бастайды. [3]
Ежелгі Қытай мемлекетінің қоғамдық және мемлекеттік құрылысы. Инь мемлекеті рулық тайпалықтан басқа территориялық жағынан бөлінбеген. Мемлекетті ван басқарған. Ол өзіне тиесілі құзыретті кеңінен пайдаланып, басқа жерлерге жорықтар ұйымдастырып тұрған. Оған бағындырылған тайпалар салық төлеп, әскерге адамдар беріп отырған және Шан қаласына үнемі келіп отыру міндетті болған. Ван сонымен бірге елдегі жоғарғы абыз да болып есептелген.
Сол дәуірлердегі Шань қоғамының маңызды орталығы Аньян қаласы. Бұл кезеңнен бізге қалған деректі мұра - киіз кітап мұражайы, хайуандардың жауырын сүйектеріне және тасбақаның тас қабығына жазылған 1 жазуы бар Инь оракулы, мәлімет бойынша абыздар оның ішіне 41000 жазу жариялаған дейді.
Бұл жауырын мен тас қабықтарды бал ашуға пайдаланған. Үкіметті де, шіркеу шаруашылығын да және дала шаруасын да Ван басқарған. Ван аспанның баласы, ол тағын балаларына мұрагерлікпен бере алған, әскери қол басшы қызметін қоса атқарған. Оның билігі шексіз, айтқан бұйрығын орындамаған адамдардың басын шауып тастаған.
Ванның көмекшілері болатын, олардың қатарына жоғарғы вельможа-цзай, нәйши, сот қызметкерлері, жоғары абыз, хатшылар кіретін. Қытайдың мемлекеттік басқару аппараты иерархиялық қағидаға негізделген, қызметкерлері 20 жуық рангіге бөлінген. Лауазымды тұлғаларды атқаратын қызметтеріне байланысты үш топқа бөлген. Ванға көмектесетін әртүрлі әкімшілік қызметтерді орындаушыларды азаматтық лауазымды тұлғалар деп бірінші категорияға жатықызған. Екінші категорияға әскери лауазым иелерін енгізеді. Үшінші категорияға барлық балгерлерді, көріпкелдерді және т. б. көмекшілерді жатқызады.
Қытай қоғамында жергілікті көсемдерді чжухау деп атаған. Олардың 8 рангісі болған. Чжухоу Ван сарайына тұрақты келіп есеп беріп тұруға және оның әмірлерін орындауға міндетті. Жергілікті халықтан алым-салық жинауды чжухау жүзеге асырады.
Шаньда тұрақты әскер болған жоқ, чжухоу 3000, 5000, 6000 сарбаздардан тұратын жасақтар дайындайтын. Сарбаздар қола қару жарақтармен жабдықталған. Олар атты және жаяу әскер болып екіге бөлінген.
Чжоу мемлекетін (б. э. д. ХІІ-ІІІ ғғ. ) . Чжоу әулетінің басқарған кезі үш кезеңге бөлінді:
- Батыс Чжоу кезеңі (б. э. д. 1122-742 жж. ) ;
- Шығыс чжоу кезеңі (б. э. д. 770-403 жж. ) ;
- «күрескен патшалықтар» (б. э. д. 403-221 жж. ) .
Чжоу мемлекетінің қоғамдық құрылысына келсек, үстемдік билік құлиеленуші аристократтардың қолында болған. Аристократтар тобына чжоу мұрагерлік тобы және әскери біліктілер, сонымен қоса чжоу аристократтарының сенімін ақтаған инь аристократтары жатады:
- Ван-адамдар ішіндегі ерекше адам; - Чжухоу провинцияларды мұраланушылар немесе чжоу ақсүйектерінің өкілдері; - Дафу - ру-тайпа көсемдері; - Ши - үлкен семья басшылары. Қалған адамдар қарапайым халық деп саналған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz