Әлеуметтік мемлекеттің тарихи-теориялық ойларының негіздері
2021 Әлеуметтік мемлекеттің тарихи-теориялық ойларының негіздері
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1 Әлеуметтік мемлекет ұғымына жалпы құқықтық
сипаттама ... ... ... ... ... ..10
1.1 Әлеуметтік мемлекет
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.2 Әлеуметтік мемлекеттің мәні, мақсаты және орындайтын
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2 Әлеуметтік мемлекеттің тарихи теориялық идеясының пайда болуы және
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.1 Әлеуметтік мемлекеттің тарихи теориялық идеясы: түсінігі және
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 27
2.2 Әлеуметтік мемлекеттің тарихи теориялық ойларының негізінде,
әлеуметтік мемлекетті құру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
3 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік мемлекет құрудағы басты
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... 57
Пайдаланған дерек көздер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.62
Кіріспе
Қазақстанда бүгінгі таңда әлеуметтік - экономикалық жаңару мен саяси
демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Еліміз тәуелсіздік
алған жылдардан бері, мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп
келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Қазақстан республикасының реформасының
негізгі мақсаттарының бірі - әлеуметтік мемлекет құру. Бірақ мұның мәнін
кез-келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі мүмкін емес. Себебі,
ұсынылған идея бұқара халықтың қоғамдық санасында, күнделікті өмірінде өте
төменгі деңгейде тараған. Қалай дегенде де бұқара халық белгілі бір
дәрежеде, әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның қасиеті, белгілері, өзіне
тән ерекшеліктері, қызметі туралы ңақты білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік
мемлекет құру жолындағы қоғам үшін дипломдық жұмыстың таңдалған тақырыбы
өзекті де маңызды екендігі айқын көрініп отыр.
Проблеманың ғылыми өндеу дәрежесі. Әлеуметтік мемлекетті зерттеуінің
кейбір қырлары жекелеген оқулықтарда, түсініктемелерде, ғылыми мақалаларда
және басқа да арнайы әдебиеттерде жарық көрді.
Әлеуметтік мемлекеттің болуы және қызметі мынандай қоғамдық
қүбылыстармен тығыз байланысты демократия, азаматтық қоғам, қүқықтық
мемлекет, бостандық және теңдік, адам қүқығы.
Әлеуметтік мемлекеттің тарихи-теориялық ойларының негіздері XIX
ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында қалыптасты (яғни, қүқықтық мемлекет
идеяларынан кейін) объективті түрде буржуазиялық қоғамда болып жатқан
әлеуметтік-экономикалық процестердің нәтижесі ретінде, яғни оның ең маңызды
екі принциптерінің қарама-қайшылығына байланысты - бостандық принципі және
теңдік принцип [1].
Жұмыстың мақсаты Бұл жұмыстың мақсаты мемлекеттің әлеуметтік
мемлекеттің тарихи-теориялық ойларының негіздерін ашып, қазіргі жағдайына
талдау жасап, ары қарай дамыту және жетілдіру жолдарын ұсыну.
Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттері көзделіп отыр.
1. Әлеуметтік мемлекет ұғымына жалпы құқықтық сипаттама беру.
2. Әлеуметтік мемлекеттің тарихи теориялық идеясының пайда болуы және
қалыптасуын жан жақты қарастыру.
3. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік мемлекет құрудағы басты
міәселелер зерттеу.
Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы өте күрделі және қарама-қайшылыққа
толы – ұзақ процесс. Қоғамдық-экономикалық және ғылыми-технологиялық
дамудың нәтижесіндегі билік пен жеке тұлғаның арасындағы қатынастың өзгеруі
мем лекеттің әлеуметтік мемлекетке өтуін жылдамдатты. Әлеуметтік
экономика ұғымын құрайтын басты принциптер дүниежүзі қауымдастығы мен
Қазақстан таныған бірнеше құжаттарда көрсетілген. Әлеуметтік мемлекеттің
басты идеясы – гуманизм принциптері негізінде қоғам өмірін саяси саяси және
құқықтық жағынан жетілдіру, кешенді қызметін жүзеге асыру, азаматтық қоғам
дамуына жағдай жасау... Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекеттің мәні туралы
ғылыми зерттеулерде әртүрлі тұжырымдама жасалынған. Ғалымдардың мемлекет
туралы берген анықтамаларында бұл - әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне,
өндірісті басқаруға, азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғауға ұмтылған
мемлекет. Әлеуметтік мемлекет - әр азаматтың жақсы ортада тіршілік етуіне,
әлеуметтік жағынан қорғалуына, таланттары мен шеберліктерін толық дамыту
үшін барлық азаматтарға мүмкіндік жасайтын мемлекеттік биліктің формасы
болып табылады. Мұндай мемлекет адам мен қоғамға қызмет етеді және
әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік бітім мен әлеуметтік келісім
принциптеріне негізделген адамдар арасында жаңа типті байланыстарды
қалыптастырады.
Әлеуметтік мемлекеттің мәнін терең түсіну үшін оның белгілерін ажырата
білу қажет. Бірінші белгісіне - әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы
құқықтық табиғаты, мемлекеттің әлеуметтік процестерді бақылау және бағыттау
міндеті жатады, екінші - әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға
болады, үшінші – бюджеттік-әлеуметтік төлемдер, төртінші - әлеуметтік
қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін
мемлекеттк жүйенің болуы саяды, бесінші – қоғамның әрбір мүшесіне
мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуіне жатады, алтыншы - өз азаматтарының
әл-ауқатының жоғары денгейі үшін, жауапкершілігін арттырумен сабақтасқан
[2].
Әлеуметтік мемлекеттің пайда болуы – құқықтық мемлекет құру
принциптерінің рөлін төмендеткен (әлсіреткен) жоқ. Жеке тұлғаның азаматтық
құқығы мен бостандығының басымдылығы – демократиялық мемлекеттің де,
әлеуметтік мемлекеттің де өмір сүруінің негізі болып қала береді. Дегенмен,
әлеуметтік мемлекет өзінің өркендеу жолында, қоғамның әрбәр мүшесінің
тіршілік етуіне лайықты жағдай жасау үшін заңды түрде жарияланған азаматтық
құқық пен бостандық мазмұнының шынайы кеңеюіне ұмтылады.
Ерекше айтатын жағдай, халықтың тіршідік ету деңгейінің жоғары болуы -
әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда адам құқығы мен
бостандығының құрылымы өзгереді, адамдардың саяси белсенділігі төмендейді,
мемлекетке сенімсіздік пайда болады, саясатқа селқостығы ұлғаяды, құқық пен
бостандықтың заңды кепілдіктері әрқашан мүмкін емес деген ұғым қалыптасады.
Әлеуметтік мемлекеттің өмір сүруі құқықтың мемлекетпен бірлікте екенін атап
көрсету қажет. Өйткені, әрі құқықтық, әрі әлеуметтік мемлекет те жеке
тұлғаның дамуы мен игілігі үшін тиімді жағдайлар жасауға тырысады. Сонымен
құқықтық мемлекеттің тұжырымдамасы негізгі құрал болғандықтан тиімсіз
құқықтар санын мейлінше азайтып, мемлекеттің жеке тұлға өміріне қол сұғуына
заңды түрде шектеу қойып, нақты ережелер белгіленуі қажет. Әлеуметтік
мемлекет болса, бәрінен бұрын адамдарды заңдастырылған (негізделген)
құқықтармен, адам дамуына қажетті материалдық жағдаймен, ұлттық табыстың
әділ және ұтымды бөлінуін қалыптастырумен қамтамасыз етуге ұмтылады. Нақты
айтқанда, тұлғаның жеке өмірін қорғауға және қолдауға тырысу - әлеуметтік
және құқықтық принциптердің тұтастығының негізін құрайды. Солай десекте,
құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекеттік органдардың ұлттық табысты,
әлеуметтік, экономикалық, мәдени және басқа да игіліктерді бөлу процесіне
қатыспауын да мойындайды. Бірақ әлеуметтік мемлекет әр адамды материалдық
жағынан қамтамасыз етуге, нақты айтқанда, ұлттық табысты бөлумен айналысуға
міндетті, осы процесті ұтымды түрде жүзеге асыру арқылы қоғамда пайда
болатынтеңсіздіктерді болдырмауға тырысады. Әлеуметтік мемлекет өзінің
қызметін азаматтардың қоғамдық белсенділігімен байланыстыруға, қысымшылық
көрсету тәсілдерінен аулақ болуға, жеке бастың мәртебесін қорғауға, сөз
бостандығы құқығына кепілдік беруді қамтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге
арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында: Қазақстанның
Конституциясында әлеуметтік мемлекетті құрудың негізгі құқықтары мен
принциптері бекітілген. Бұл орайда негізгі міндеттердің бірі әлеуметтік
құқықтарды қамтамасыз ету мен қазіргі әлеуметтік саясатты іске асырудың
ықпалды тетіктерін одан әрі қалыптастыру болып табылады деп айтылған және
оның іске асырылуы үшін бағыттар мен шешу жолдары тағы да аталып өтілген
[3].
Әлеуметтік мемлекет құру тақырыбында аталған Тұжырымдамада бірқатар
қазіргі уақыттағы өзекті мәселелер қозғалып, әлеумет мәселесінің аса
маңызды, мемлекет тарапынан тыс қалмаған, керісінше, әлеуметтік өмірді
дамыту Құқықтық мемлекеттің басты міндеті екені бірнеше рет аталып кеткен:
Мемлекеттің кешенді, көпсалалы сипаттағы әлеуметтік-құқықтық саясаты
әлеуметтік маңызы бар проблемалардың кең ауқымын шешуге бағытталған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында: Қазақстан
Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет
ретiнде орнықтырады деп белгіленген [4].
Яғни, Қазақстан Республикасы өзін:
1) демократиялық, яғни демократия сипаттары мен қағидаттары бар;
2) зайырлы, яғни дін мен мемлекеттің арасы ажыратылған;
3) құқықтық, яғни құқықтық мемлекеттің бірден бір белгісі - биліктің
үш тармағы дараланған;
4) сондай-ақ әлеуметтік, яғни адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарының басымдылығы қағидаты орын алған мемлекет ретінде
жариялайды.
Осы аталғандарды қорыта келе, оның ең қымбат қазынасы - адам және
адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары деп бекіткен.

Жұмыстың әдістемелік және теориялық негізі. Осы жұмыста жалпы ғылыми
әдістер, сондай-ақ диалектикалық, қисындық, тарихи, салыстырмалы-құқықтық
әдістер қолданылды. Оларды қолдану әлеуметтік мемлекеттің тарихи теориялық
идеясының анағұрлым жалпы даму заңдылығын зерттеуге мүмкіндік береді.
Зерттеудің нормативтік-теориялық базасын мыналар қүрайды: Қазақстан
Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары, Шет
елдердің конституциялары ж.т.б.
Зерттеу обьектісі ретінде: әлеуметтік мемлекеттің тарихи теориялық
идеясы алынды.
Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады: Бірінші бөлімде әлеуметтік
мемлекет ұғымына жалпы құқықтық сипаттамасы қарастырылды. Екінші бөлімде
әлеуметтік мемлекеттің тарихи теориялық идеясының пайда болуы және
қалыптасуын жан жақты қарастырып талдау жасалынды. Үшінші бөлімде Қазақстан
Республикасындағы әлеуметтік мемлекет құрудағы басты міәселелері
көтерілген.
1 Әлеуметтік мемлекет ұғымына жалпы құқықтық сипаттама
1.1 Әлеуметтік мемлекет түсінігі
Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – барлық байлығын, ішкі мүліктерін
ұстанып отырған саяси жәнеэкономикалық қағидаларын ел тұрғындарының
тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік
жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап
отырған мемлекет.
Адам баласының сонау Аристотельден бастап ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан
көкейкесті арманы болғанымен, мемлекеттік дамудың әлеуметтік басымдылығы
өткен ғасырдың алпысыншы және жетпісінші жылдары ғана кейбір елдерде
қалыптаса бастады. Кейін бұл алдыңғы қатарлы елдердің экономикалық дамуының
негізгі басымдылығы тұрақты бағыты болды. Соның арқасында тұрмыс дәрежелері
қатты өсті. Адам капиталы, адам дамуының индексі деген ұғымдар әлем
елдерінде, мемлекетаралық салыстырғанда кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстан республикасының реформасының негізгі мақсаттарының бірі -
әлеуметтік мемлекет құру. Бірақ мұның мәнін кез-келген қарапайым адамның
түсіндіріп беруі мүмкін емес. Себебі, ұсынылған идея бұқара халықтың
қоғамдық санасында, күнделікті өмірінде өте төменгі деңгейде тараған. Қалай
дегенде де бұқара халық белгілі бір дәрежеде, әлеуметтік мемлекет дегеніміз
не, оның қасиеті, белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы ңақты
білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесі өзекті де маңызды
мәселелердің бірі екендігін атап көрсетеміз.
Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - өте ертеде
пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген
билеушілер, мысалы, Рим цезарлары жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату
мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған. XIX ғасырдың екінші
жартысында әлеуметтік мемлекет ұғымын алғаш рет ұсынған неміс ғалымы
Лоренц Фон Штайнер болды. Ол әлеуметтік мемлекет өз азаматтарын
экономикалық және қоғамдық дамуға дағдыландырып, үйретуге міндетті, себебі,
бірінің дамуы – екіншісінің дамуына шарт болуы қажет, әлеуметтік
мемлекеттің негізгі мәні де осы болып табылады деп көрсеткен. Әлеуметтік
мемлекет деген ұғымның пайда болуы полициялық мемлекеттен, қоғамдық
келісім мемлекетінен және мемлекеттің биліктің ең жоғарғы формасы
ретіндегі мемлекеттен әлеуметтік функцияларды жүзеге асырушы мемлекетке
өтуін көрсетеді [5].
1930 жылы неміс ғалымы Герман Геллер әлеуметтік-саяси әдебиетке
әлеуметтік құқықтық мемлекет ұғымын ендірді. Екінші дүниежүзілік соғыстан
кейін бірқатар Батыс Еуропалық мемлекеттердің Конституциясында әлеуметтік
мемлекет формуласы жазылған еді. XX ғасырдың 60 жылдары шамасында алғашқы
әлеуметтік мемлекеттер, мысалы, Францияда, Германияда, Швецарияда және
Англияда, т.б. елдерде құрыла ьастады. Олардың негізгі өмір сүру шарты –
қоғамдағы жағдайы нашар топты қолдау үшін халықтық табыстың белгілі бір
бөлігін бөле алатын экономикалық дамудың ең жоғарғы деңгейі болып табылады.
Әлеуметтік мемлекеттің мәні мен мақсаты – қоғамдағы бейбітшілік пен
татулық үшін жағдай жасау, әлеуметтік серіктестік институттарын дамыту,
еңбекшілерге әділетті де лайықты еңбекақы төлеу құқығына және қауіп-
қатерден қорғауға кепілдеме беру. Осындай мемлекетті құрудың міндетті шарты
– саяси және экономикалық билік бөлісі болып табылады. Бұл меншік түрінің
әр алуандығына байланысты. Әрбір адам нақты қандай да болсын кәсіпорын
қызметін пайдалануға ерікті: мемлекеттік, кооперативтік немесе жеке
меншіктік...
Қазіргі кезеңде демократиялық мемлекет бәекелестікті шектеу мен оны
қайта қалпына келтіру арасындағы тәсілді ұстануға, өз іс-әрекеттерінде
құқылық және әлеуметтік принциптердің тиімді мөлшерін табуға ұмтылуда. Кез
келген қоғам тіршілік құрылымының ғылыми тұрғыда дәлелденген үлгісіне,
нақты белгіленген мақсатқа сүйене отырып, дами алады.
Әлеуметтік мемлекеттілік идеясы XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың
басында қалыптасты (яғни, қүқықтық мемлекет идеяларынан кейін) объективті
түрде буржуазиялық қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық
процестердің нәтижесі ретінде, яғни оның ең маңызды екі принциптерінің
қарама-қайшылығына байланысты - бостандық принципі және теңдік принцип
Теориялық жағынан екі түсінік осы принциптердің бір-біріне қатынасы туралы
пайда болды. Адам Смит, Джон Стюарт Милль, Бенжамен Констан, Джон Локк,
т.б. адамның жеке бостандық теориясын қолдаған, мемлекетке негізгі міндет
ретінде сол бостандықты қандай болмасын араласудан қорғауды міндеттеген.
Сонымен бірге, олар сайып келгенде, ондай бостандық теңсіздікке әкелетінін
түсінген, дегенмен бостандықты ең жоғарғы бағалылық ретінде есепке алған.
Келесі көзқарас Жан-Жак Русснікі, яғни, ол жекелеген бостандық
теориясының маңызын жоққа шығармай, барлығы теңдік принципіне бағыну
міндетті екенін айтып, оларды қамтамсыз ету мемлекеттің қарауында деп
есептеген.
Жан-Жак Руссо (1712-1778 жж.), Францияның ойшыл-ағартушысы. Оның
еңбектерінде мемлекеттің пайда болуы тұжырымы басты орын алады.
Руссоның пікірі бойынша, мемлекеттің пайда болуы байлардың өздеріне
тәуелді кедей еңбекші топтарды қенау үшін жасалатын астыртын әрекеттерінің
нәтижесі.
Осы қаталдықтан қалай құтылу керек? Өзінің Қоғамдық келісім деген
еңбегінде ол демократиялық билік идеясын ұсынды, оның мәні халықтың заң
шығар ісіне қатысуы. Халықтың бостандығын қолдап, Руссо шеттетілмеген
адамның табиғи құқығын айқындайды және халықтың бостандық үшін
көтеріліске шығу құқығы бар екенін табиғи келісім-шарттары негізінде
зертейді.
Руссо ілімі бойынша, үкімет билігі халықтың декретімен және қаулысымен
орнайды. Қандай да халық жиналысы екі мәселені қоюға тиіс:
1. Халыққа орын алып отырған билікті сақтау қажет пе?
2. Үкімет билігі кімнің қолында қалады?
Руссоның идеалы: Бірде бір азаматтың басқаны сатып алардай бай
болмауы, бірде-бір адам басқаға өзін сататындай кедей болмауы керек. Руссо
мемлекет билігі толығымен халықтың қолына көшуін жақтайды. Бұдан оның
ағартушылық дәуірі ойшылдарының, жоғары өркениеттің өкілі екендігі
көрінеді.
Жеке бостандық принципі, адамдардың өздерінің әрекеттеріне,
талаптарына бостандық беріп, жеке кәсіпкерлердің дамуына және нарық
шаруашылығына ықпалын тигізген, сонымен, экономикалық негіздеме
буржуазиялық мемлекеттердің экономикалық қуатының бекіген кезеңінде болды.
Дегенмен, XIX ғасырдың аяғында даму мөлшеріне, байлықтың өсуіне байланысты
буржуазиялық қоғамның мүліктік бөлінуі басталды, оның алшақтануы әлеуметтік
жарылыс қарсаңы болды. Осы оқиғаларға байланысты жеке бостандық принципі
өзінің өзектілігін жоғалтып, өз орнын әлеуметтік теңдік принципіне берді,
ол өз жағынан мемлекеттен түнгі күзетшілік рөлінен белсенділікке көшуді,
әлеуметтік-экономикалық аяға араласуды талап етті. Дәлірек айтсақ, осын дай
тарихи-саяси жағдайда әлеуметтік мемлекеттің түсінігі қалыптаса бастайды,
оның ерекше қасиеті мен функциясын түсінуге мүмкіндік туды.
Әрі қарай әлеуметтік мемлекет идеясы көбірек мойындалып, қазіргі
мемлекеттердің Конституцияларының қызметіне кіреді. Алғашқы рет мемлекеттің
әлеуметтік деп аталуы ФРГ-ның 1949 ж. Конституциясында басталды. Қалай
болса да, әлеуметтік принципі мына елдердің Конституцияларында көрініс
тапты: Франция, Италия, Португалия, Түркия, Испания, Греция, Нидерланд,
Дания, Швеция, Жапония, т.б.
Мемлекет ұғымы жалпы көпшілікке жақсы белгілі. Мемлекет алғашқы,
қауымдық қоғамда құрылған жоқ. Саяси ғылым мемлекеттің пайда болуын адамзат
қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік топтар мен
таптардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің орнығуымен
байланыстырады. Экономика саласындағы үстемдік етуші таптың саяси
үстемдігін қамтамасыз ету және басқа таптардың қарсылығын болдырмау
қажеттілігінен мемлекет пайда болды деген пікір саяси ғылымдардағы негізгі
көзқарас. Мемлекет құл иеленуші дәуірде де қазіргідей дәрежеге жетті.
Бірақ тарихи ұзақ мерзім бойы “мемлекет” деген түсінік “қоғам”, “ел” деген
түсініктен ажыратылған жоқ. Мемлекет деген атауды рулық, тайпалық
қауымнан ажырату, яғни, алғашқы қауымдық емес деген ұғымды белгілеу үшін
пайдаланды. Мысалы, патшалық, қаған, хандық, князьдік, халифат, Алтын
орда, Ақ орда, Ноғай ордасы, Сібір ордасы деген сөздер екі түсініктің
орнына (біріншісі мемлекет, екіншісі қоғам) пайдалана берілді. Алайда,
мемлекеттің пайда болуы әртүрлі әлеуметтік пікірлердің қалыптасуына негіз
болды. Саяси өмірдің дамуына байланысты қоғамда мемлекеттің ролі күшейе
түсті. Ойшылдар, ғалымдар мемлекетке - “ел”, “қоғам” түсінігі тұрғысынан
емес, “өкімет”, билік тұрғысынан қарайтын болды[6].
Сөйтіп, нәтижесінде мемлекет пен өкімет туралы ойлар, қағидалар бірте-
бірте біздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырларда теориялық деңгейге жетті.
Мемлекет пен қоғам мәселелері адамзат өмірінде әрбір тарихи кезеңге сай
өзгерістерге ұшырап отыратыны және оларды адамзаттың шама-шарқынша
сәтті түрде шешуге ұдайы ықыластық танытатыны белгілі. Егер өткенімізді
ойша шолар болсақ, адамзат тарихы мемлекет жөнінде сан түрлі саяси ой
тізбегі мен даналыққа толы екендігін байқаймыз. Солардың ішіндегі ең
мәндісі де, өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатыны да ғұлама ойшыл
Конфуцийдің идеялары.
Бұл ойшылды негізінен мемлекетті басқару мәселелері көп
толғандырғанын атап өткен жөн. Конфуцийдің осынау күрделі мемлекет
мәселелерін қатаң тәртіп пен бір тәрбиелік ұстанымдардың көмегімен жүзеге
асырмақ ниеті және оған қоса шектен шыққан қызулыққа берілмей, көбіне-көп
“тепе-теңдік” пен “орталық” принциптерді ұстанғаны белгілі. Түрлі ұсақ
иеліктерге бөлініп, бір-бірімен қырқысып жатқан Қытайдағы патшалықтарды
бір орталыққа бағынған мемлекетке біріктіруді басты мақсатқа айналдырған
ол,
сонымен бірге, халықтың тәлім-тәрбиелік күш-қуатын жоғары деңгейге көтеру
мен оны “бақытты” ету үшін бар күш-жігерін сарп етті.
Қазақстан Республикасының конституциясында біздің еліміздің әлеуметтік
мемлекет қатарында екендігі ерекше көрсетілген. Алайда, әлеуметтік құқықтық
мемлекеттің идеясын конституциялық бекітуден оны шын мәнінде жүзеге асыруға
дейінгі аралықта ұзақ та қиын жол жатыр. Сол үшін де саяси реформалар
жасау, қажетті әлеуметтік-саяси базаны құру, мәдениетті өркендету және
басқа да алғы шарттарды дамыту қажет [6].
Қазақстан алдында сапасы мен саны әлемдік нарыққа сай келетін
жалдамалы еңбекке жалақы төлеуді ұйымдастыру міндеті тұр. Сонда ғана
реформаның жағымды нәтижесі туралы сөз қозғауға болады. Мемлекеттік
биліктің қандай түрі болғанына қарамастан, жуық арада өндірістік процестер
мен қажеттіліктерді үйлестіре алмайды, сондықтан да таяу арада бізде
әлеуметтік мемлекет құрылуы өте қиын. Әлеуметтік мемлекеттің жемісті өмір
сүруі – қоғамның барлық топтары мүддесіне қызмет ететін, дамыған экономика
негізінде ғана қалыптасады.

қалыптастырады [7].

әл-ауқатының жоғары денгейі үшін, жауапкершілігін арттырумен сабақтасқан.

Жоғарыдағыны ескере отырып, сонымен қатар әлеуметтік мемлекет туралы
конституциялық идеяны іске асыру мақсатында (Қазақстан Республикасы
Конституциясының 1-бабының 1-тармағы), алдымен Әлеуметтік мемлекет
Стратегиясын әзірлеп, қабылдау туралы ұсынысты ерекше атау керек. Бұл –
әбден заңды да негізделген мәселе, өйткені аталмыш мәселе демократиялық
және құқықтық мемлекет туралы конституциялық идеяны іске асыру, Қазақстан
Республикасының 2006-2011 жылдарға арналған азаматтық қоғамның даму
тұжырымдамасын және 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат
тұжырымдамасын қабылдауға бастау берді де.
Отандық тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік саясатты жетілдіруде
үлкен рөл атқарған, 2001 жылдың 27 маусымында ҚР Үкіметінің №886 Қаулысымен
мақұлданған Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтік қорғау
тұжырымдамасын еске түсіруге болады [7]. Онда әлеуметтік қорғау жүйесі
аралас болады және оған ниеттес те және дербестендірілген де жүйелердің
міндетті де ерікті сияқты сақтандыру элементтері енеді және адамның бүкіл
өмір бойында кездесетін негізгі қауіптерден тұрғындарды әлеуметтік қорғауды
қамтамасыз етуге арналған деп атап көрсетілген. Ұсынылатын әлеуметтік
мемлекет Стратегиясында әлеуметтік мемлекеттің негізгі ережелерін және
әлеуметтік мемлекет принциптері және оларды іске асыру механизмдерін жасап
шығару; мемлекеттік әлеуметтік стандарттардың негіздерін, яғни әлеуметтік
мемлекет саясатын іске асыруда әрі (қатар) бағдар ретінде бола алатын және
Конституциямен кепілденген азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын
іске асыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік нормалар мен нормативтерді
әзірлеп, әрекетке енгізу қажет екендігі айтылады.
Аталған стратегияның 2010-2014 жылдарға Қазақстан Республикасының
жеделдетілген индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының лайықты серігі
болатынына және де Қазақстан–2030” даму стратегиясын іске асырудың сенімді
тірегі бола алатынына сенімдімін.
Қазақстан аумағында көптеген ғасырлар бойы әлеуметтік бағдарланған
қатынастар, өзара көмек қарым-қатынастардың үстемдік алғаны, ұлттық
дәстүрлерге тән отбасылық қағидалардың мықты болғаны біздің бәрімізге аян.
Ол осы дәстүрлердің негізінде қазірде де саяси биліктің әлеуметтік
бағдарланған ұйымы ретіндегі мемлекет саясатын жетілдіру қажеттігі жайлы
көрнекі дәлелдейді. Сонымен, бізде бұл модель қанымызға, біздің ділімізге
сіңген және де ел Президентінің Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде жүргізген
реформаларының бәрі осы ақиқатты растайды [8].
Республика Президенті өзінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында
2011 жылы әлеуметтік саясаттың басты аспектісі ретіндегі тұрғындардың
еңбекпен қамтылу жаңа стратегиясын алға тартты, біздің экономикамыздың аса
ірі кадрлық резерві ретіндегі өздігінен қамтылған тұрғындарға ерекше көңіл
аударды, ауылдық кәсіпкерлікті дамыту бойынша кешенді шаралар әзірлеуді
тапсырды. 2012 жылы өзінің кезекті Жолдауында ол оны белсенді жылдамдата
іске асырудың қажеттігін дәлелдеді.
Еңбекпен қамтылу жаңа стратегиясының бірегейлігі, жұмыссыздың
жұмыссыздығы үшін емес, кәсіп алу үшін грант алатындығында болып отыр.
Біреуге қолын жайып қарап отырғанның қауіптілігі және азаматтық
бастаманың даму қажеттілігі, тұтынушылық емес жағдайды өзгерту және
жұмысбастылық жағына акценттерді өзгерту қажеттілігі жоғары мемлекеттік
деңгейде ұғындырылғаны қуанышты-ақ.
Мұндай көзқарастың басымдылығы мемлекеттік бюджет пен салық
төлеушілерге қысымның әлсізденуінен, қолдауды нағыз қажет ететін адамдарға
көмек көрсетуге мүмкіндік беретін, мемлекеттік жәрдемақыдан еңбек етіп
тапқан ақы артықшылығын ынталандыратын, кәсіпкерлер мен жалданған
жұмыскерлердің мүдделері келісілетін еңбек қатынасының жаңа типтерін
белгілеуде байқалады.
Еңбекпен қамту стратегиясымен тығыз байланысқан әлеуметтік саясаттың
біздің пікірімізше, басты аспектісі және де оның тамаша тірегі
Қазақстандағы әлеуметтік жұмыстар институты болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсанында қабылданған
Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы Заңына сәйкес, әлеуметтік жұмыс – қиын
тұрмыстық жағдайға тап болған тұлғаларға (отбасыға) арналған арнайы
әлеуметтік қызмет көрсету [9].
Оның үстіне, әлеуметтік қызметкер – арнайы әлеуметтік қызмет
көрсететін және (немесе) қажетті біліктілігі бар, белгіленген талаптарға
сай келетін, арнайы әлеуметтік қызметтің қажеттілігін бағалауды және
анықтауды жүзеге асыратын қызметкер.
Мұнда, заңда тұлғаның (жанұяның) қиын тіршілік жағдайда тұрғаны
мойындалуы мүмкін негіздердің тәртіптік тізімдері келтіріледі. Оның
үстіне, осы заңда әлеуметтік қызметкердің статусын реттейтін жалғыз 16-шы
бап қарастырылған. Аталған институт көптеген елдерде бөлек заңмен
реттелетінін айта кеткен жөн. Біліктілік көтеру бес жылда кем дегенде бір
рет қарастырылатыны түсіністік туғызады. Бұл – технологиялардың, оның
ішінде әлеуметтік технологиялардың лезде өзгеріп отыратын, ал ғылымдағы
жаңалықтардың жыл сайын ашылып отыратын кезінде болып отырған жағдай.
Әлеуметтік қызметкердің іс-әрекеті арқылы тәжірибеде мемлекеттің
әлеуметтік саясаты іске асырылып отыратынын есте ұстау қажет. Әлеуметтік
жұмыстарды жүзеге асыру маңызды қоғамдық-саяси факторға айналып отыр.
Әлеуметтік қызметкер институты әлеуметтік көмекті қажет ететіндерге
қаржылық қызметпен шектелмеуі тиіс ұғымынан шыға отырып, енгізіледі.
Мемлекет әлеуметтік қызметкер алдына, олардың клиенттеріне әлеуметтік
көмекке тәуелділіктен арылту, еңбек нарығында болып тұратын процестерге
бір кездегі жұмыссыздарды қосу міндеттерін қояды. Болашақ қаланатын және
өзін-өзі ақтайтын, әлеуметтік мемлекет дамуының басқа да принциптері іске
асырылады. Оларға жататындар: а) әлеуметтік қамтамасыз ету саласында өзін-
өзі басқару; б) қарттық бойынша қамтамасыз ету; в) тәуелсіз қайырымдылық
көмек жүйесін дамыту [10].
Сонымен, кедейшілікті алдымен әлеуметтік қызметкер емдеп жазуына
міндетті, әлеуметтік ауру ретінде қарастырылуы тиіс. Осыдан шыға отырып,
аталған институтты қолдау үшін әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және қайта
даярлау ұлттық орталығын ашудан бастап, әлеуметтік қызметкердің өзіне
ерекше әлеуметтік және еңбек кепілдігін беруге дейінгі ауқымды шаралар
қажет.
Әлеуметтік жұмыс басқа да әлеуметтік институттардың қызмет атқаруымен
тығыз байланысқан – отбасы, сот төрелігі, денсаулық сақтау, ағарту, еңбек –
және де солармен бірлесе адамның толыққанды әлеуметтік өмір сүруіндегі
қажеттіліктерін қанағаттандыру процесін дамытуға көмектеседі. Әлеуметтік
жұмыстардың ерекшеліктері, бұл әлеуметтік институт, бірінші кезекте адамға
өзінің пайдаланылмаған ресурстарын табуға және оларды пайдалануға мүмкіндік
береді, мұнда ұжымдық көмек, мемлекеттік және ерікті қоғамдық ұйымдар
көмегінің мүмкіндіктерін тарта отырып, өзінің жеке проблемаларын шешу және
қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезіну үшін өзінің бар күшін салуға
мүмкіндік беруден тұрады.
Біздің қоғамымыздың ерекше қамқорлық пен қолдауды қажет ететін
тұлғаларға көңіл бөлу мен ортақтасу сезімінің тапшылығын, олардың шын
сұранымдары мен қажеттіктерін есепке алудың жеткіліксіздігін сезінуі оларға
медициналық көмекті жақсарту туралы үндеулерден, әлеуметтік көмекті
түбегейлі шараларға жетілдіруге – елде әлеуметтік қамтамасыз ету бірыңғай
мемлекеттік жүйенің ажырамас бөлігі ретіндегі қарт азаматтарға әлеуметтік
қызмет көрсетудің кең жүйесін жасауға көшуге міндеттейді.
Сондықтан да бүгінгі күнде әлеуметтік қызметкер институтын әрі қарай
енгізу және іске асыру бойынша шараларды күшейтудің, оның мәртебесін
арттыру және жоғары мемлекеттік деңгейде дамытуға қолдау көрсетудің аса
қажеттігі туындап отыр.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне кейбір қызметкерлер
санаттарының еңбегін реттеу бөліміне әлеуметтік қызметкердің еңбегін реттеу
туралы тарау енгізуді ұсынамыз.
Мемлекеттік барлық құрылымдарды жаңғырту мен белсенділігін күшейту
қажеттілігімен үздіксіз байланысқан келесі проблема– мүгедектерді
әлеуметтік қолдау және оңалту. Бұл проблема бүгінде аса өткір болып тұр.
Әсіресе бұл проблеманың негізінен атқарушы биліктің бірде-бір
бағдарламалық құжаттарында орнын таппай отырғаны, бұл мәселе бойынша
ешқандай жедел шаралар қабылданбай отырғаны өкінішті-ақ, тек
шенеуніктердің ресми түрдегі мінбеден айтылған сөздері мен еш сенім
туғызбайтын әртүрлі жұмыс жоспарларында кездесетіні болмаса.
2008 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Мүгедектер
құқықтары туралы конвенция мен Факультативті хаттамасына қол қойғаны
белгілі. Конвенция әртүрлі дене, ақыл және сезімдік қиындықтарға шалдыққан
тұлғалар құқығын қорғауға бағытталған алғашқы жалпылай қамтитын халықаралық-
құқықтық құжат болып табылады.
ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықованың
айтуынша, Мүгедектер құқығы бойынша конвенцияны Қазақстан 2012 жылы
бекітетін болады.
Конвенцияға қол қойылғанына үш жыл өткеніне қарамастан, 2010-2011 жж.
мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын
қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзімдік перспективаға Ұлттық жоспар әрекетін
дайындау жоспарланған. Бұдан заңды сұрақ туады: неліктен екі жыл бойына
мүгедектер мемлекеттік биліктің қамқорлығы мен аялы алақанынан тыс қалған?
Конвенция мен оған Факультативті хаттамаға қол қойғаннан кейін
Қазақстан еңбек, әділетті сот, білім беру, денсаулық сақтау, жұмылдырылуға
қамтылу мәселелерінде мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету бойынша тиісті
шаралар қабылдауға міндеттенеді [11].
Қазақстан қоғамы Ардагерлер мәртебесі туралы кешенді заңды әзірлеуге
және қабылдауды қажет етеді, ол осы күнге дейін елдің заң шығарушы
тәжірибесінде жүзеге асырылмай келеді және жобасы әлі күнге дейін
әзірленген де, қабылданған да жоқ. Бұл – біздің нақты өміріміз, тарихымыз
бен мәдениетіміздегі аса маңызды әлеуметтік аспект. Өйткені бұл ел
алдында өз борышын өтеген адамдарға деген құрмет, ұрпақтар жалғастығын және
отансүйгіштік тәрбие мәселелерін тікелей көтереді.
Сонымен бірге 1992 жылдың 18 желтоқсанындағы Семей сынақ ядролық
полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік
қорғау туралы, 1995 жылдың 28 сәуіріндегі ҰОС қатысушылар, мүгедектер
және оларға теңдестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер
туралы ҚР заңдары қайта қаралуы тиіс. Оның ішінде, Чернобыль АЭС және
Семей ядролық полигонындағы апат салдарларын жою барысында өз борышын
орындаған әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғауда сараланған тәсілдер
мәселесі де бар.
Аталған санаттағы азаматтар үшін өмірлік мүгедектікке шығу және
медициналық қайта куәландыру рәсімдеріне қатысты проблемалар шешімін таппай
келеді. Радиациялық сәулеленумен байланысқан аурулардың тізімін негізсіз
қысқарту қайта қарауды талап етеді. Әрине, бұл – ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігіне қойылатын сұрақ. Аталған тізімнен алынып
тасталған ауруларды қалпына келтіру керек, оның үстіне, көрші ТМД елдерінің
тәжірибесі көрсеткендей, алып тасталған аурулар санатының радиациялық
сәулеленуге тікелей қатысы бар.
Елбасы өз Жолдауында зейнеткерлік заңдылықты жетілдіру қажеттігінің
маңызын да атап өтті.
Зейнеткерлік заңдылықты жетілдіру және әлеуметтік әділеттілікке қол
жеткізу мақсатында әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдары
қызметкерлеріне, аталған азаматтар санатына зейнеткерлік төлемді есептеуді
теңдестіру және оңтайлау мақсатында зейнеткерлік төлем және қайта есептеу
тәртібін қайта қарау қажет, сонымен бірге 1992 жылғы 18 желтоқсандағы
Семей сынақ ядролық полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен
азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы жоғарыда аталған заңдармен қамтылған
және де Чернобыль АЭС апат салдарын жою барысында өз борышын орындаған
азаматтардың зейнеткерлікке шығуын да қайта қарау қажет [12].
Өйткені Қазақстандағы зейнеткерлердің саны да айтарлықтай көп те емес,
олар экономикалық белсенді тұрғындардың шамамен 10 пайызын ғана құрайды.
Зейнеткерлер бізде аз деп айтуға да болады.
Азаматтық қоғамның сабақтастығының және ілгері қарыштап дамуының
маңызды элементі жастар саясаты болып табылады. Қазіргі заманғы қоғам
жастарды тарих субъектісі ретінде, өзгерістердің ең маңызды факторы
ретінде, жаңа идеялар мен бағдарламаларды ұстаушылар ретінде, ерекше
түрдегі әлеуметтік құндылық ретінде ашуға міндетті. Жастар – қазіргі
тіршілік және болашақтағы тіршілік, ол аға буынның көзқарасымен барлық
уақытта да және де толық сәйкес келмейтін идеялар мен көзқарастарды
ұстанады. Соған қарамастан, көбіне болашақ қоғамның сипаты мен мазмұнын
анықтайтын да солар ғана.

бостандығы құқығына кепілдік беруді қамтамасыз етуге міндетті [13].
1.2 Әлеуметтік мемлекеттің мәні, мақсат және орындайтын қызметтері

түсінген, дегенмен бостандықты ең жоғарғы бағалылық ретінде есепке алған
[14].
Әлеуметтік мемлекеттің негізгіне кіретін ұғымдар олар құқықтық
мемлекет пен азаматтық қоғам мәні.
Бұл екі ұғым көптің аузына соңғы жылдары ғана ілікті. Бұрын 20-жылдары,
кейінірек алпысыншы жылдардың басында біршама қолға алынып, кейін ұмыт
болған-тын. Оның есесіне жалпы халықтық мемлекет және қоғамдық өзін-өзі
басқару тіркестері қолданыла бастаған.
Қазір азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қайтадан құжаттарға еніп,
ғалымдар ден қоя бастады. Ал шындығында бұл екі ұғымның мән-мазмұны неде,
ара-қатынасы қандай, шығыстық ойда қандай көрініс тапқан? Осы сұрақтарға
жауап іздеп көрелік.
Азаматтық қоғам тарихи жағынан мемлекеттен бұрын пайда болған,\.
Азаматтық қоғам-адамдардың өмір сүруіне, тіршілік етуіне қажетті өзара
қарым-қатынасының шарты. Өйткені адам тіршілік ету үшін бір-бірімен қатынас
жасап, өзара қауымдасып еңбек етеді. Сөйтіп адамдар жаңа материалдық
игіліктер жасайды, сол игілікті бөлісу, айырбастау, бірлесіп пайдалану
үшін, бір сөзбен айтқанда, тіршілік тоқырап қалмау үшін түрлі әрекеттер
жасайды, отбасы құрылып, бала сүйеді, топтарға, ұйымдарға бірігіп өз
мүдделерін қорғайды. Адамдардың қауымдасуы өзінің белгілі бер даму
кезеңінде өз қауымдастарының жеке бастары мен отбасы мүшелерінің,
бірлестіктері мен ұжымдарының мүддесін қорғау, тыныштығын қамтамасыз ету
үшін саяси күшті қажет етеді. Мұндай күш ретінде өмірге мемлекет келеді.
Азаматтық қоғам мен мемлекет бірлесіп, ынтымақтасып қатар бой түзеп
өмір сүреді. Бірін бірі тежеп, бір бірінің қызмет аясына араласып, іштей
текетіреске де барып отырады.
Мемлекет өзін азаматтық қоғамның өзу туғызып, оны соның өзі асырап,
оның іс-әрекетін бақылап отырғанын кейде ұмытып, бар билікті өзуысында
ұстауға тырысады. Азаматтық қоғам өз ықпалын әлсіреткен жағдайда, мемлекет
өзінің зор күшіне еніп, жыртқышқа айналады. Қоғамның бүкіл ұңғыл-шұңғылына
араласып, адамды басып-жаныштайды, адам бостандығы мен құқын аяққа басуға
дейін барады.
Адамның өзі дүниеге келтірген саяси күш – мемлекет бірте-бірте оның
өзіне ауыз салады, экономикалық қыспаққа салады, алым-салықты үдетіп, саяси
жағынан қыспаққа алады, құқықтарын шектейді, заңсыздықтарға барып,
адамдарды кейде жазықсыздан-жазықсыз жазалайды, айдауға жіберіп, түрмелерге
жабады. Осыған орай адам мемлекеттің зорлық зомбылығын шектеуді қажет
етеді. Азаматтық қоғамға иек артып, соның мемлекетті шектеу ықпалын
пайдаланып, соған арқа сүйемек болды. Азаматтық қоғамды дамытуға күш салды.
Азаматтық қоғамды қалыптастыру, оны дамытуды мемлекет атаулыны жұтып
қою немесе оны қоғамнан аластау деп түсіндеу керек. Бір сөзбен айтқанда,
құқытық мемлекет дегеніміз азаматтық қоғамның қалыптасуының, оның жетіліп
дамуының заңды жемісі деген сөз.
Көпшілік арасында азаматтық қоғам мен ұлттық мемлекетті бір біріне
қарсы қойып, оларды бірін бірі теріске шығаратын антиподтық ұғым деп түсіну
кеңінен етек алып отыр. Бұл әрине дұрыс емес. Азаматтық қоғам мемлекеттің
ұлттық сипатына ешқандай да қарсылық көрсетпейді, керісінше ол құқытық
мемлекеттің қалыптасуына қызмет етеді.
Құқықтық мемлекет орнықпайынша, әкімшіл-әміршіл жүйе бой көрсетуден
танбайды, жеке адамның заңды құқы аяққа тапталып, мүлт кеткен шалыс қадамы
жазаланып отырылады. Төрт-бес күнге көршілес елге барып қайту үшін де
мемлекеттен рұқсат сұрап, әуре-сарсаңға түседі. Мемлекет өз үстемдігін
толық жүргізіп, адамдардың жеке ісіне, отбасына, сенім-нанымына да қол
сұғып, жөн-жосықсыз араласудан біржола арыла алмайды. Мұны тәртіпке
келтіріп, мемлекеттің шексіз билігіне шектеу жасап, оның бәрін әділ
қабылданған заңдармен реттеп, заңдастырып отыру – құқықтық мемлекеттің
қызметі.
Азаматтық қоғам ұлт мүддесіне қарсы әрекет етпейді. Керісінше, адам
құқығын қорғауға күш салады. Алайда, азаматтық қоғам мен ұлттық мемлекет
деген ұғымдар қарсы қоюшылық та осындайдан туған. Бұл екі ұғым бір-біріне
қарсы болатындай емес, екеуі екі деңгейде өрбитін ұғымдар. Азаматтық қоғам
мемлекеттің ұлттық сипатына емес, мемлекеттің адам құқығы аяқ асты ететін
әрекеттеріне қарсы бой көтереді, нағыз демократия үшін күреседі. Осыны
ажырата білген абзал [15].
Қос ұғымның бір-біріне қажеттілігі мен өзара қатынасы
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы бір бірімен өзара
тығыз байланысты.
Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін
өндірушілер, игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын
кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер,
ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы болып табылады. Ол
мемлекеттің болат құрсауынан біртіндеп құтылып, жаңа әлеуметтік қауымдасуға
бет алады. Азаматтық қоғамда адамның мәртебесі биіктеп, мәні арта түседі.
Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін қызмет етеді. Бүкіл әлеуметтік
топтар, қауымдар заң жүзінде белгіленген құқықтар мен мүмкіндіктергі ие
болып, өз мүдделерін қорғауға мұрсат алады.
Азаматтық қоғам адамдар қауымдасуының жаңа сипаттағы биік белесі болып
табылады. Бұл қоғамның қалыптасуы тек материалдық игіліктердің даму
дәрежесімен ғана өлшенбейді, ол қоғам мүшелерінің рухани жетілу
дәрежесімен, биік кескін-кейпімен сипатталады. Мұндай белес-дәреже біз үшін
таяқ тастам жерде немес анау қырдың астында болмай тұрғаны белгілі.
Сондықтан да азаматтық қоғам алғаш тәуелсіздік алған мемлекеттерде – алда
тұрған жаңа белес.
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы да бір жылдың ісі емес. Бұл мемлекет
тұсында нендей бір таптың, партияның, топтың, билеуші бюрократияның
диктатурасына жол бермейді, оның есесіне қоғам мүшелерінің барлығына
мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатысуға. Лауазымды қызметтер
атқаруға кең жол ашылады.
Демократиялық жағдайда қабылданған заңдар алдында мемлекет те, қоғамның
әрбір мүшесі де бірдей жауапты. Заң мемлекетке де, азаматқа да бірдей
қызмет етеді. Құқықтық мемлекет жағдайында заң қағидалары әрбір азаматтың
бостандығын, пікір әрқилылығын, жариялылықты қорғауға тиісті. Құқықтық
мемлекет беделге бас июшіліктен, шындықтан, әділдіктен жалтарудан аулақ
болуға тиіс.
Азаматтық қоғам адамдардың өздерін еркін сезінуін, бас бостандығын,
азаматтық қадір қасиетін, ар-ожданын қамтамасыз етеді.
Азаматтық қоғам тұсында адамдардың теңдік, қауіпсіздік құқықтары толық
жүзеге асырылады. Адамның теңдігі дегеніміз олардың заң алдында бірдей
құқықпен пайдалануы деген сөз, заң әрбір адамды қорғаса да, жазаласа да
әрбір адамға ол бірдей талап қояды.
Адамдардың қауіпсіздігі – азаматтық қоғам үшін ең мәртебелі әлеуметтік
ұғым.
Құқықтық мемлекетті орнықтыру да адамдардың ежелгі арманы болатын.
Құқықтық мемлекетте заң емес, құқық қалай жүзеге асырылатыны арқылы саяси
институттар мен олардың әрекеттеріне баға беріледі. Құқықтық мемлекетті
қалыптастыру биліктің ара-жігін ажыратып, оларды даралауға тікелей
байланысты болмақ.
Құқықтық мемлекет - адам қоғамының өмір сүру формасының ең жетілген
жоғары, биік сатысы. Жаңа тұрпаттағы мұндай сатыға мемлекеттік құрылым өз
бетімен келмейді [16].
Ол көп шарттарға байланысты. Құқық жүйесі – қондырма, базистің
өзгеруімен бірге ол да жаңа сипат алады. Заңды адамдар жазады, бірақ бұл
олардың ойына келгенін қағазға түсіреді деген сөз емес. Заң қоғамдық
құбылыстардың дамуын қамтамасыз ететін шынайы ішкі байланыстарды
бейнелейді.
Халық ежелден еркіндікке, бостандыққа ұмтылған. Осы жолда небір тар
жол, тайғақ кешулерді бастан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz