Әр түрлі құқықтық жүйедегі құқықтың бастау көздерінің түрлері мен ерекшелігі


2016 Әр түрлі құқықтық жүйедегі құқықтың бастау көздерінің түрлері мен ерекшелігі
Мазмұны
Кіріспе . . . 6
1 Құқықтық жүйе: қалыптасуы, түсінігі және заң жүйесі . . . 9
1. 1 Құқықтық жүйенің түсінігі мен құрылым және заң жүйесінен айырмашылығы . . . 9
1. 2 Құқықтық жүйенің қандай нысаны (бастау көзі) бар немесе болған? . . . 16
2 Әртүрлі құқықтық жүйедегі құқықтың нысаны (бастау көздері) түсінігі мен негізгі түрлеріне сипаттама . . . 20
2. 1 Роман - германдық құқықтық жүйедегі құқықтың бастау көзі: түсінігі, түрлері, саралау . . . 20
2. 2 Англо - саксондық құқықтық жүйедегі негізгі құқықтың бастау көздері: түсінігі, түрлері, прецедент . . . 27
2. 3 Мұсылмандық құқықтық жүйедегі бастау көздер және олардың ерекшелігі . . . 35
2. 4 Соцалистік құқықтық жүйенің өзіндік ерекшеліктері . . . 41
2. 5 Дәстүрлі құқықтық жүйе және бастау көздер . . . 46
3 Қазақстан Республикасындағы құқықтық жүйе және бастау көздері… . . . 54
3. 1 Еліміздің аумағындағы құқықтық жүйелерінің тарихи қалыптасып, даму кезеңдері . . . 54
3. 2 Қазақстандағы қазіргі құқықтық жүйе және бастау көздер . . . 63
Қорытынды . . . 68
Пайдаланылған дерек көздер тізімі . . . 71
Кіріспе
Дипломдық жұмысқа жалпы сипаттама . Жұмыс әртүрлі құқықтық жүйедегі құқықтың нысаны (бастау көздері) түсінігі және түрлерін зерттеуге арналған. Жұмыста жалпы құқықтық жүйенің қалыптасуы, түсінігі және заң жүйесінен айырмашылығына тоқталып, құқықтық жүйенің қандай нысаны (бастау көзі) бар екені сипатталды. Сонымен қатар әртүрлі құқықтық жүйедегі құқықтың бастау көздерінің ерекшелігін ашуға деген талпыныс жасалып, Қазақстан Республикасындағы құқықтық жүйенің ролі мен қалыптасуының барысы көрсетілді. Зерттеу жұмысының барысында құқықтық мемлекет қалыптастыру кезінде еліміздің құқық жүйесіндегі бастау көздердің маңыздылығы, оны жақсарту жолдары мен мәселелері ұсынылып, оны шешудің жолдары ұсынылды.
Дипломдық жұмыста әртүрлі құқықтық жүйедегі бастау көздердің неғұрлым маңызды түрлерінің, сол немесе басқа құқықтық жүйеге қатыстылығына қатысты мәселелерге назар аударылды.
Тақырыптың өзектілігі. Құқықтың дамуы- адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі объективтік заңдылықтарының бірі әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым - қатынастарды реттеп, басқаруы. Осы қоғамның құқықтық жүйесі мәселесі салалық заң ғылымдарымен және жалпы құқық теориясымен зерттелуде. Құқықтық жүйедегі бастау көздердің біріне басымдылық беру мәселелері - оның ұғым санатындағы аппаратын құрылымдық ұйымдастырылуын, ішкі және сыртқы өзара байланыстарын, қоғамда алатын орнын, сондай - ақ қоғамның өмір сүруі мен дамуының аса маңызды алғы шарты ретіндегі рөлін ғылыми тұрғыдан зерттеу әрдайым өзекті болады. Бұл әсіресе, тоталитарлық режимді жеңіп құқықтық, демократиялық мемлекеттер ретінде орнықтырылып жатқан, бостандық, теңдік пен келісім идеалдары негізінде азаматтық қоғам қалыптасып жатқан, кең көлемді құқықтық реформалар жүргізіп, жаңа ұлттық құқықтық жүйелерді құру кезінде қиындықтар мен қарама - қайшылықтарды басынан кешіп жатқан ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстан жағдайында бұның өзектілігі арта түседі. Еліміз өз тәуелсіздігінің «жиырма жылын» артқа қалдырды. Аталған жиырма жылдан астам уақыт аралығында жас тәуелсіз мемлекетіміз өзі тәуелсіздігін баянды ету және мемлекеттің болашақтағы жылжитын негізгі бағыттарын айқындауға бар күшін жұмылдырған болатын. Міне алда көрсетілген жағдайдың барлығы аталған тақырыптың қаншалықты өзекті екендігін айқындауға мүмкіндік береді.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Қоғамдағы құқықтық жүйелердегі бастау көздердің ерекшелігін анықтаудаға деген құштарлық, бұл ғылым салада зертеулер жасауға әкелді. Жалпы қоғамның құқытық жүйесіндегі бастау көздерді зерттеуінің тарихнамасы бірнеше ғасырлық дамуын басынан өткерді. Зерттеу жұмысын жазу барысында ізденуші заң ғылым саласындағы белгілі ғалымдар С. Өзбекұлы, Ғ. Сапарғалиев, С. Зиманов, Рене Давид, Камилла Жофре - Спинози, К. Цвайгерт, Г. Марченко және т. б. қоғамдағы құқықтық жүйелердегі бастау көздер туралы сөз еткен болатын. Олардың еңбектерде құқықтық жүйе нысаны ерекше құқықтық институт ретінде қарастырылған.
Осылайша зерттеудің теориялық негізін ҚР-ның Конституциялық құқығы, Мемлекет және құқық теориясы, ҚР-ның мемлекеті мен құқығының тархы, халықаралық құқық, тарих және тағы да басқа ғылыми идеялар құрды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты құқық нысанының (бастау көзінің) негізгі ұғымы мен түрлерінің ерекшеліктеріне тоқтала отырып, оның мемлекеттің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен дамытуда тигізетін әсерін ашып көрсету және құқықтың көзі ретінде ескеруге тұрарлық құқықтық орнын көрсету және тәуелсіз мемлекетіміздің құқықтық жүйесіндегі негізгі ұстанған бағытының мәселелері бойынша ізденістер жасау, жинақталған материалдар негізінде ой айтып ұсыныстар жасау.
Сонымен бірге әртүрлі құқықтық жүйедегі бастау көздердің түрлеріне кешенді талдау жасау да маңызды. Көрсетілген мақсаттарға сәйкес диссертацияда мынадай міндеттер алға қойылды:
- Құқықтық жүйенің түсінігі мен құрылым және заң жүйесімен айырмашылығын зерделеу;
- Құқықтық бастау көзінің қандай нысаны (бастау көзі) бар немесе болғандығын анықтап, сипаттау;
- Әртүрлі құқықтық жүйедегі құқықтың нысаны (бастау көздері) түсінігі мен негізгі түрлеріне сипаттамасын беру;
- Роман - германдық құқықтық жүйедегі құқықтың бастау көзінің түсінігін ашып, түрлері бойынша саралаудың мәнін көрсету;
- Англо - саксондық құқықтық жүйедегі негізгі құқықтың бастау көздерінің түсінігі, түрлері мен ондағы прецеденттің орнын анықтау;
- Мұсылмандық құқықтық жүйедегі бастау көздер және олардың ерекшелігін көрсету;
- Соцалистік құқықтық жүйенің өзіндік ерекшеліктерін және дәстүрлі құқықтық жүйенің сипатын беру;
- Еліміздегі құқықтық жүйенің ролі мен қалыптасу тенденциясы және құқықтың бастау көзінде ұстанған бағыттарындағы мәселелерді қарастыру.
Зерттеудің объектісі және пәні. Зерттеудің объектісі әртүрлі құқықтық жүйедегі құқықтың нысаны (бастау көздері) түсінігі және түрлері болып табылады.
Зерттеу пәніне әртүрлі құқықтық жүйедегі құқықтың бастау көздерінің түрлері мен ерекшеліктері, олардың ішінде романо-германдық, англосаксондық, мұсылмандық және дәстүрлі құқықтық жүйелердегі бастау көздердің мемлекет өміріндегі ерекшелігі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің қалыптасу мен даму жолдарының алғышарттары мен олардың қалыптасу мәселелері жатады.
Жұмыстың теориялық- әдіснамалық негізін рухани- өркениеттік көзқарас құрайды. Зерттеу барысында бақылау, сипаттау, салыстыру сияқты эмпирикалық таным әдістері; талдау, синтездеу, ұқсату (аналогия), тарихи, логикалық сықылды эмпирикалық және теориялық таным әдістері; сондай-ақ философияның диалектикалық, метафизикалық таным әдістері қолданылды.
Тәжірбиелік маңыздылығы және негізгі қағидасы.
Жұмыстың барысында құқықтың қайнар көздерін оқытып, беру кезде әдістемелік тірек болатын мағлұматтар жиналды; кейбір құқықтың қайнар көздерін оқытуда тарихи маңызды орын алған құқықты дәстүрдің нақты түрлері ұсынылған.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы құқықтық әртүрлі жүйедегі бастау көздердің орны мен ролі, сипаты монографиялық деңгейде қарастырудан көрінеді.
Тақырыптың жаңашылдығы әртүрлі жүйедегі бастау көздердің түрлерінің қалыптасу жолдарын жан- жақты сипаттап беруден көрінеді. Автор басқа да құқықтың бастау көзінің түрлерінің маңызын жоққа шығармай, басты орынға романо-германдық құқықтық жүйеде- заңды, англосаксондық құқықта- прецеденттің болмысына беру жаңашылдық көзқарас. Заңның құқықтық жүйелердегі орнын жеке дара пайымдау да жаңашылдық.
Құқықтық бастау көзінің қандай нысаны (бастау көзі) бар немесе болғандығын анықтап, сипаттама беруде тарихи, дәстүрлік материалдарға сүйеніп мемлекеттік тілде зерделеніп жазылған.
Құқықтың бастау көзінің мемлекеттің қалыптасуы мен даму барысында алатын орны тиянақталған.
Еліміздегі құқық жүйесінің даму жолдарындағы құқықтық бастау көздерді қолдану аясындағы мәселелер көрсетіліп, оны зерттеуге талпыныс жасалған.
Құқықтық өзге жүйелердің ерекшеліктері, олардағы құқықтың бастау көздері жаңаша пайымдалады.
Дипломдық жұмыстың ерекшелігі онда Қазақстан Республикасындағы құқықтық жүйенін қалыптастыру жолдарын жаңа қырларын тануға, ашуға және оның бастау көзі ретінде тұрарлық жақтарына назар аударады.
Дипломдық жұмыс құрлымы бойынша кіріспеден, үш тараудан, жұмыс бойынша соңғы қорытындыдан, пайдаланған дерек көздер тізімінен тұрады.
1 Құқықтық жүйе: қалыптасуы, түсінігі және заң жүйесі
- Құқықтық жүйенің түсінігі мен құрылым және заң жүйесінен айырмашылығы
Адамзат қоғамның даму процесінде бір - бірімен байланысты миллиондаған қарым - қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескеріп жатады. Бұл обьективтік диалектикалық процесс. Осы процесті реттеп - басқару барысында қоғамдағы қатынастардың обьективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері де ескеріп, жаңарып, дамып отырады.
Сондықтан, құқық қоғамдағы нормативтік актілердің тек жиынтығы ғана емес. Ол қоғамның, әр саласына сәйкес обьективтік, диалектикалық даму процесі арқылы қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі құқық процесі сала - салаға, жүйе - жүйеге бөлінумен шектелмейді. Сонымен бірге қоғамның салалық - жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, қатынасын реттеп - басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін жаңарып, кемшіліктерін толықтырып құқықтық нормаларды қоғамның, обьективтік процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылыққа құқықтың құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс. Қоғамда құқық жасаушылық барысында қабылданып, қалыптасқан құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде бір - бірімен тығыз байланыста болады. Оларды жеке бөліп алып қарауға болмайды және қабылданған құқық нормалардан қалыптасқан нормативтік құқықтық кеісімдер хаос пен ретсіздікке болмайды. Олардың барлығы жеме - жемге келгенде мемлекетте бір жүйелі құқықты құрайды. Осыған орай әр мемлекеттің құқықтық бірнеше жағдайларға байланысты қалыптасады. Атап айтқанда халықтың этникалық ерекшеліктері, мемлекеттің экономикасының өсу дәрежесі, қоғамдағы саяси, әлеуметтік жағдайлар, әдет - ғұрып, дін және басқа да қоғамдық қатынастардан туындайтын факторлар тікелей әсерін тигізеді. Бірақ, қандай экономикалық саяси жағдайлар болмасын мемлекеттің құқықтық жүйесі бір бағытта дамып отыруы қажет, олардың арасында қарама - қайшылықтар болмауы тиіс. Міне, осыған байланысты құқық жасаушылықпен шұғылданатын мемлекет органдардың негізгі міндеттері құқықтық жүйеге ғылыми тұрғыдан талдау жасап, зерттеп отырып, олардың арасындағы кемшіліктер мен қарама - қайшылықтарды тез арада жойып отыру болып табылады.
Құқықтық жүйе дегеніміз бір - бірімен тығыз байланыстағы құқық нормаларының, институттарының және құқық салаларының қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғауға бағытталған ішкі құрылымы. Құқықтық жүйе белгілі бір тәртіппен топтастырылған құқықтық нормалардың жиынтығы, оның қалыптасуы қоғамның даму ерекшеліктеріне тікелей байланысты болады. Құқытың қайнар көздері құқық нысанының сырт жағын бейнелесе, оның ішкі нысаны өте күрделі құқық құрылымының жүйесін, яғни құқық жүйесін құрайды. Жүйе деп әртүрлі байланыстармен және өзара қатынастары мен біріккен жеке элементтерден тұратын күрделі ұйымдасқан тұтастық түсініледі. Құқықтың жүйесі оның ішкі бірлігін білдіреді, ол қалыптасқан қоғамдық қатынастардың жүйесімен байланысты. Оның бастапқы элементі құқықтық нұсқау - құқық нормасы болып табылады. Құқық нормаларының көбінің бір тұтастық бірігуі, олардың арасындағы өзара іс - қимылы оның жеке бөлшектеріне тән емес жаңа сапа туғызады. [1, 281б] .
Дүниежүзілік қауымдастықтың құрамына кіретін мемлекеттердің өздеріне тән ұлттық дамуы және қалыптасқан мемлекеттік формаларымен қатар құқықтық жүйелері де дамып, материализацияланған құбылысқа ұласады. Құқықтық жүйелердің реттеу функциялары әдістемелері әр халықтың тарихи дамуына, этникалық ерекшеліктеріне, шаруашылық ұйымдастыру жағдайына байланысты болады. Негізінде дүние жүзінде қалыптасқан құықтық жүйелер жалпы ұғым ретінде қабылданған болса, оның ішкі реттеу тетіктері, қалыптасқан ұлттық ерекшеліктерді, діни, әдет - ғұрып сияқты құндылықтарды ескеруді талап етеді. Кез келген жүйе тәріздес құқық жүйесі мыналармен сипатталады: ол қандай элементтерден немесе бөліктерден тұратындығымен, бұл бөліктер бір - бірімен қалай байланыста және өзара әрекетте болатындығымен. Құқық жүйесін образды түрінде кірпіштен қаланған үйлермен салыстыруға болады, оларды тұрғызған кезде, әрине, әрбір қаланған кірпіш өз орнына дұрыс орнығып, тиісті жерінде жатса, әрі басқа іргелес жатқан кірпіштермени нығыздалып байланса, сонда ғана құрылысымыздың өзі сымбатты да сұлу және түзу болып шығатынына ешкім күмән келтіре алмайды.
Анықтай келе құқық жүйесінің мынадай белгілеріне назар аударалық:
1) қоғамның даму қажеттілігіне қарай қалыптасуы; 2) оның құқық нормаларынан, институттары мен салаларынан тұруы; 3) тікелей не кері байланыста болуы мен мінезделуі; 4) үйлесімді, бір - біріне қиғаш келмейтін ішкі құрылымының болуы.
Құқықтық жүйелері қоғамның әр саласына сәйкес қалыптасып, сол саланы реттеп, басқарып отырады. Салық, нормативтік актілер бәрі бірігіп қоғамдық құықтың алдындағы тұрған бір саясатты, бір мүдде - мақсатты орындайды.
Құқық жүйесінің түсінігімен қатар көзбен қарағанда мұнымен ұқсас «заңдар жүйесі» ұғымы қолданылады. Заңдарды құқық ұғымынан ажыратуымыз қажет, өйткені бұның да өзіндік жүйесі бар. Заң жүйесі құқық жүйелерімен былайша негізде ажыратылады:
1. егер құқық жүйесінің ең жәй элементі норма болса, заңдар жүйесінің сондай элементі нормативтік актілердің баптары;
2. егер құқық жүйесі ішкі мазмұндас түрінде берілсе, заңдар жүйесі сыртқы нысанда көрініс табады;
3. құқық жүйесі көптеген жағдайларда қоғамдық қатынастар жүйесімен байланыста болса, заңдар жүйесі заңгерлердің еркімен анықталады, яғни құқық жүйесі заңдар жүйесіне қарағанда субьективтік жағынан емес, обьективтік жағынан танымал. Заңдар жүйесі заңгерлердің ой - өрісі мен тәжірибесіне тәуелді, соларға бағынышты. Демек, нормативтік актілердің қисынсыз шығуы оны дайындаған субьектілерге байланысты;
4. құқық жүйесі салалардан, институттардан құрылса, заңдар жүйесі нормативтік актілерден тұрады;
5. заңдарға, нормалардан басқа, ұрандар, декларациялар, құқық нормаларының шығу тегі мен мақсаты көрсетіліп енсе, ал құқық жүйесіне тек нормалар кіреді;
6. өзінің мәні жағынан құқық жүйесі алғашқы ( бастапқы ) туынды мән ретінде сезілсе, ал заңдар жүйесі құқық жүйесінен туындайды, олардан нәр алады, яғни ол құқық жүйесіне тәуелді;
7. құқық салаларының саны заңдар салаларының сандарымен сәйкес келмейді, олармен пара - пар болмайды ( соңғысы өте көп - айталық, заңдар салаларына құық салаларымен бірге шаруашылықтың әр алуан аумағын қамтитын заңдар да кіреді ) ;
8. құқық жүйесі мен заңдар жүйесі және де өздерінің көлемі жағынан да ажыратылады: заңдар сан алуан нормативтік құжаттардың барлығын қамти алмайды (өйткені, құқық заңдардан басқа нормативтік сипаттағы шарттарда, әдет - ғұрыптарда, сот үрдістерінде көрініс табады), екінші жағынан ол нормаларды қалыптастырудан басқа, өзге де элементтерден (преамбуладан (кіріспеден), бөліктер мен бөлімдер, тараулар, баптар аттарынан және т. б. тұрады.
Республика заңдар жүйесін алға дамыту міндетін қою үшін заңдар жүйесін қалыптастыру кезінде кездесетін басты қатерлерді (ауруларды) анықтап алу, сондай - ақ маңызды қатерлерді (ауруларды) жоюдың негізгі құралдарын жасау мәні зор. Заңдар жүйесін дамытудың маңызды іс жүзілік міндеті екінші қауіпті де заңдық реттеудегі олқылықтарды жою болып табылады. Ақырында, заңдар жүйесін дамытудағы міндеттердің бірі - реттеудің бір не аралас әрі түйісетін салалары бойынша көп заң болуын жою. Қазіргі уақытта Қазақсатн Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады. Міне, сондықтан да заңнама жүйесіне тек ғана Парламент шығарған заңдар мен басқа кесімдері ғана кіруі қажет. Сонда ғана қоғамда, мемлекетте заңның үстемділігі орнайды. Ал, басқару органдарының қабылдаған кесімдері заңнама жүйесіне енбеуі қажет.
«Құқық жүйесінің» ұғымын «құқықтық жүйе» ұғымымен шатастыруға болмайды. Құқықтық жүйе - өзінің мазмұны жағынан кең көлемді түсінік, ол құқық жүйесімен бірге заңдар жүйесін құқықтық институттары мен құықтық мекемелерді қоса (құқықшығармашылық әрі құқық қолдану органдарын), құқықтық ұғымды, принциптерді, нышандарды, құқықтық саясатты, идеологияны, мәдениетті, заң тәжірибесін қамтиды. Құқықтық жүйе - қоғамдық қатынастарды реттейтін өзара байланысты, үйлесімді және өзара әрекеттілік құықтық құрал, әрі қандай да болмасын елдің құқықтық дамуының деңгейін сипаттайтын элементтер. [2, 175б] .
Құқықтық жүйе- бұл мемлекеттің нақтылы тарихи жүйесі, сондықтан оны ұлттық құқықтық жүйесі деп дәлме дәл атауға болады.
Тарихи даму процесінде әлемдегі барлық елдерде әлеуметтік нормалардың бірнеше түрлері қалыптасып, солар арқылы қоғамдағы санқырлы қатынастарды реттеліп, шешіліп жатады. Ол әлеуметтік нормалардың (әдет - ғұрып, салт - дәстүр, мораль, діни, корпоративтік, құқықтық нормалар) қолдануы әр елде әртүрлі. Әр ел ол нормаларды өздерінің саяси, ұлттық, әлеуметтік ерекшеліктеріне сәйкес қолданылады. Сол арқылы ұлттық құқық жүйелерін жіктеп, топтастырып құқықтық жүйеге бөледі, оның негізгі қағидалары мен тәсілдері:
- Бірнеше елдердің құқық жүйесінің негіздері және мазмұны бір - біріне ұқсас болады. Себебі олар көне заманда бір мемлекеттің әлеуметтік - нормативтік жүйесінен бөлініп шыққан. Сондықтан бұл құқық жүйелерінің түпкі негіздеріне және мазмұндарына қарай топтастыру.
- Құқық жүйелерінің нысандарына сәйкес топтастыру. Нормативтік актілердің және әлеуметтік нормалардың қабылдануының, қолдануының ерекшеліктеріне қарай құқықтық жүйеге бөлу (әр елде - құқық, екінші елде - әдет - ғұрып, үшінші елде - сот шешімі басым болады) .
- Әлеуметтік және құқықтық нормалардың құрылымына қарай жүйеге келтіру. Бірнеше елдің нормаларының элементтері (гипотеза, диспозиция, санкция), құқықтың элементтері (норма, институт, бөлім, сала) бір - біріне ұқсас болады. Бұл топтастырудың негізін құрады.
- Әлеуметтік және құқықтық нормалардың құрылу, қабылдау, орындау қағидаларына сәйкес жүйеге келтіру. Бір елде - дін, екінші елде - идеология, үшінші елде - заңдылық басым болады.
Осы саясаттар құқықтық жүйенің қағидаларының негізі болады. Сонымен қоғамның обьективтік даму процесінің мүдде - мақсатына сәйкес саяси, экономикалық, әлеуметтік қарым - қатынастарды реттейтін әр елде құқық жүйесі қалыптасады. Дүние жүзіндегі мемлекеттердің тарихи, экономикалық, әлеуметтік, мәдени ерекшеліктеріне қарай құқық жүйелері бір - біріне ұқсамайды. Оларды ғылыми тұрғыдан жан - жақты зерттеп, ұлттық, топтық құқықтық жүйелерге жіктеу жүргізіледі.
Қоғамдағы барлық нормативтік актілердің мазмұны сәйкес қалыптасады және сол құқықтық нормалардың қалай орындалу тәсілдері мен әдістерін анықтап отырады. Құқық құрылымының жақсы, дұрыс дамуына қоғамның мемлекеттік құрылысы, саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани, демократиялық даму деңгейі зор әсер етеді. Қоғамдағы демократия, бостандық, әділеттік, теңдік, әлеуметтік - экономикалық жағдай жақсы дәрежеде болады. Ал, бұл жағдайлардың дәрежесі төмен болса құқық құрылымы да нашар дамиды.
Құрылым дегеніміз элементтердің тұрақты бірлігін, қатынастардың реттелінгендігін, тұрақтылығын білдіретін элементтер байланысының заңы; ол құбылыстың жүйе ретінде тұтастығын, бірлігін сақтауды қамтамасыз етеді, оның негізгі қаңқасын құрайды. Сонымен бірге элементтердің бірлігі олардың өзара бір - бірімен келіскен әрекеттестікте блуын көздейді, бұл жүйенің өмір сүруінің амалы болып табылады. [1, 284б] .
Құқықтың жүйелі құбылыс ретінде нақ осы ерекшелігіне толығырақ тоқталайық, құқық жүйесі құрылысының негізі мен материалддық белгі - құқықтық реттеудің негізіне жататын қоғамдық қатынастардың сипаты алынады. Құқық жүйесін жеке бөліктерге болу қандай да болсын нормалаудың қоғамдық қатынастардың қай саласын реттейтіндігіне байланысты, яғни құқық жүйесінде салаларды бөлудің белгісі құқықтық реттеудің тақырыбы болып табылады. Құқық жүйесінде салаларды бөлудің қосымша белгісіне құқықтық реттеу әдісі жатады, ол дегеніміз заңдық тәсілдер мен амалдардың жиынтығы, солардың көмегімен сапасы жағынан біртектес, жекеленген қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылады. оны құқықтың салаларын бөлудің заңдық белгісі деп айтады. Құқықтық реттеудің пәні дегеніміз құқық нормаларының біртекті қоғамдық қатынастарды ретеуі. Құқықтық жүйе әр түрлі, әр топтағы құқықтық нормалардың өзіне ғана тән құқықтық реттеу пәні қалыптастырады. Яғни, құқықтық нормалардың топтасуы, бірігуі, соның нәтижесінде бір құқықтық саланы құрауы құқықтық реттеудің пәніне құрайды. Құқықтық реттеудің тәсілі дегеніміз құқық нормаларының қоғамдық қатынастарға әсер ететін тәсіл, амалдардың жиынтығы. Құқықтық жүйе негізінде құқық нормаларынан, құқықтық институттардан және құқықтық салалардан тұрады.
- Құқықтық нормалар - құқық институттарын құрайды;
- Құқықтық институттар дегеніміз арнайы айшықталған қоғамдық қатынастарды реттейтін біртекті, біркелкі нормалардың жиынтығы.
- Құқық саласы дегеніміз біртекті құқықтық нормалары мен институттар негізінде құқық саласын реттейтін нормалардың жиынтығы.
Дүние жүзінің құқықтық көрінісі қоғамның қазіргі заманғы даму деңгейінде өмір сүріп және қызмет етіп жатқан көптеген ұлттық құқықтық жүйелерінен құралады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz