Қазақстан мен орта Азия халқының монғолга қарсы күресі



1. Қазақстан мен орта Азия халқының монғолга қарсы күресі
2. Моңғол ұлыстарының құрылуы
ХІІІ ғ.баскезінде Моңғол империясының құрылуы Орталық және Азия, Қазақстан мен Шыңыс Еуропа халықтары мен мемлекеттерінің тарихи тағдырында орасан зор ықпал жасады. Моңғол жаулаушылығы еуразия аймағын мекен еткен халықтар мен тайпалардың қалыптасқан қарым-қатынысы мен өзара байланысын бұзды және олардың этникалық-саяси,шаруашылық-мәдени дамуының жүрісін өзгертіп жіберді.
ХІІ ғ.орта шенді Моңғол тайпалары Моңғол Алтай мен Ертістің жоғарғы жағынан наймандар мен қыпшақтарды ығыстырып түрік тілді топтарға сіңісіп, түріктерден материалдық мәдениеттің көптеген элементтері, шаруашылық пен тұрмыстық әдет ғұрыпын, малтұқымдарын ала отырып, Орхон мен Керулен бойларынан батысқа қарай жылжиды. Сол уақыттан бастап,түріктер мен моңғолдардың,кейінгі уақытқа дейінсақталған қоныстардың шекарасы анықталып қалыптасады. Моңғол жайлаған територия солтүстікте Байқалдан, Ертіс пен Енесейдің жоғарғы бойынан оңтүстікте Гоби шөліне дейін кең көсіліп жатады.
МоңғолдарЖетісуды еш қиындықсыз басып алады. Тіпті 1210-1211жылдары қарлық облысының иесі Арыстан мен Шыңғыс ханның қолына көшеді.1217жылыАлмалық облысының билеушісі Бұқар моңғол ханның вассалына айналды.Келесі жылы Баласағұн қаласы моңғол қолбасшысы Жебеге соғыссыз берілді. Наймандар басшысы Күшліктің сегіз жылдық билеуінен кейін харезмшах Мұхаметпен және қарлық билеушілерімен жүргізгенсоғысынан кейін, Жетісу халқы ақырында жұтап, қайыршының күйіне түскен еді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Алматы Технологиялық Университеті
Факультет Экономика және бизнес
Мамандық Қаржы

Тақырыбы: Қазақстан мен Орта Азия халқының моңғол шапқыншылығына қарсы жүргізілген күресі

Орындаған:Бақытжанова А.
Тексерген:Ахметова Ш.

Алматы 2011
Мазмұны:
1.Қазақстан мен Орта Азия халқының моңғол шапқыншылығына
қарсы жүргізілген күресі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Моңғол ұлыстарының құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Алтын Орданың ішкі және сыртқысаясаты ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
4. Оңтүстік-Шығыс Қазақстан Моңғолыстан құрамында ... ... ... ... ... ... .. ...
5. Көшпелі өзбектер мемлекеті. Әбілқайырдың саясаты ... ... ... ... ... ... ... ...

ХІІІ ғ.баскезінде Моңғол империясының құрылуы Орталық және Азия, Қазақстан мен Шыңыс Еуропа халықтары мен мемлекеттерінің тарихи тағдырында орасан зор ықпал жасады. Моңғол жаулаушылығы еуразия аймағын мекен еткен халықтар мен тайпалардың қалыптасқан қарым-қатынысы мен өзара байланысын бұзды және олардың этникалық-саяси,шаруашылық-мәдени дамуының жүрісін өзгертіп жіберді.
ХІІ ғ.орта шенді Моңғол тайпалары Моңғол Алтай мен Ертістің жоғарғы жағынан наймандар мен қыпшақтарды ығыстырып түрік тілді топтарға сіңісіп, түріктерден материалдық мәдениеттің көптеген элементтері, шаруашылық пен тұрмыстық әдет ғұрыпын, малтұқымдарын ала отырып, Орхон мен Керулен бойларынан батысқа қарай жылжиды. Сол уақыттан бастап,түріктер мен моңғолдардың,кейінгі уақытқа дейінсақталған қоныстардың шекарасы анықталып қалыптасады. Моңғол жайлаған територия солтүстікте Байқалдан, Ертіс пен Енесейдің жоғарғы бойынан оңтүстікте Гоби шөліне дейін кең көсіліп жатады.
МоңғолдарЖетісуды еш қиындықсыз басып алады. Тіпті 1210-1211жылдары қарлық облысының иесі Арыстан мен Шыңғыс ханның қолына көшеді.1217жылыАлмалық облысының билеушісі Бұқар моңғол ханның вассалына айналды.Келесі жылы Баласағұн қаласы моңғол қолбасшысы Жебеге соғыссыз берілді. Наймандар басшысы Күшліктің сегіз жылдық билеуінен кейін харезмшах Мұхаметпен және қарлық билеушілерімен жүргізгенсоғысынан кейін, Жетісу халқы ақырында жұтап, қайыршының күйіне түскен еді.
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан арқылы Орта Азияға жол ашты. Мауараншахрдағы хал-жағдайды анықтау үшін, Шыңғысхан әуелі хорезмшах Мұхамедке өзінің солтүстік Қытайдағы жеңістері және түріктер елін бағындырғаны жөнінде және онымен білім шартын жасауды ұсынып, хат жіберді. Бұл болашақ әскери жорықтың елшілік жорығымен жасалған әзірлігі еді.Шыңғысхан жіберген сауда керуенінің 1218 жылы Отырарда құтылып жіберілуі олардың хорезмшах иелігіндегі жерге басып кіруіне желеу болады. Көпестер Хорезмшахтың Отырардағы уәлиі, олартүгелдей тыңшылар деп күдіктенген Қайырхан Иналшықтың бұйрығы бойынша өлтірілді.
Отырардың билеушісі Қайырхан 80 мың әскермен қаланы бес ай бойы қорғайды. Тек қала гаризонындағы әскербасының бірі Караджа-хаджиб опасыздықпен Суфихан қақпасын ашып моңғолдарға берілгеннен кейін, татар аламандары қалаға кіреді. Қайрхан ішкі қамалда бекініп алып, тағыда бір ай бойы, соңғы әскері қалғанша соғысады. Ол тұтқынға алынып, азаппенөлтіріледі, ал күллі халық отар-отар қой сияқты етіліп, қаладан қуып шығарылады да, моңғолдармал мен мүлікті толық тонап кетеді...
Моңғолдарға берілгісі келмеген Сығанақ тұрғындары да өз қаласын жеті күн бойы қорғайды. Қаланы алғаннан кейін мұныңда қаланыңда көзі жойылады. Ашнас тұрғындары да тап осындай зауалға кезікті. Жент, Баршынлығкент, Өзгент тоналады. Оңтүстік және оңтүстік Шығыс Қазақстан жері арқылы сапар шеккен Плано Карпини осынау жерден яғни Сырдарияның төменгі жағынан қиартылған сансыз қалаларды, бұзылған бекқиартылған сансыз қалаларды, бұзылған бекіністерді, көптеген қаңырап қалған қыстақтарды көреді.
Қазақстан жері үш моңғол ұлысының құрамына енді: далалық жағ-Жошы ұлысына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан-Шағатай ұлысына, Солтүстік-Шығыс бөлігі- Үгедей ұлысына енеді. Жошының еншілігі Ертістің батысынан Жетісуға теріскиін қамтып, Дешті-Қыпшақтың бүкіл шығысын төменгі Еділ бойына дейін алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда айтылған жерлер үстінде Шығыс Түркістан мен Мауараннахырды қосып алды, Үгедей-Батыс Моңғолия мен Жоғарғы Ертіс, Тарбағатай аудандарын биледі. Еділдің төменгі бойына қайта оралған Бату бұл арада жаға мемелекеттің негізін салады, ол кейінірек Алтын Орда деп аталады. Оған Жошы ұлысының территориясы-Шығыс Дешті Қыпшақ яғни Қазақстанның Обь пен Ертістің жоғарғы жағынан Еділ мен Амударияның төменгі бойына дейінгі жері, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі, сол сияқты жаңадан жаулап алған жерлер кіреді.
Батухан негізін салған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы, сол сияқты Жошы ұрпағы хандарының атымен (Бату ұлысы, Берке ұлысы т.б.) деп аталады. Орыс шежілерінде Орда немесе Татарға, татардан деген сөздер қолданылған.Ұлыстың астанасы Сарай-Бату (Астраханға жаңын жерде), кейінірек- Сарай-Берке қалалары болған. Алтын Орда көпұлтты мемлекеттік құрылым еді. Ол қоғамдық- экономикалық дамуының деңгейі жағынан бір- біріненайырмашылығы үлкен, өзіндік мәдениеті мен әдет- ғұрыптары бар, әралуан халықтар мен тайпалардан құралатын.Алтын орданың отырықшы облыстарында бұлғарлар мен мордва,орыстар мен гректер, шеркестер мен хорезмдіктерт.б. тұратын. Моңғолдардың өздері тіпті аз еді.ХІІІ-ХІVғғ.шамасында, әсіресе ХІVғ.моңғолдар іс жүзінде түріктеніп кеткен еді, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хан билігінің саяси жүйедегі алатын орны
Құпия шежіре
Қарахан мемлекеті, жер аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы, саяси құрылысы, мәдениеті
Қазақ хандығындағы заңдар жинағын оны қазіргі заманғы билік жүйесіне сай үйлестіру
XVII-XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ЖОҢҒАР МЕМЛЕКЕТІ
Шетелдегі этникалық қазақ қауымының қалыптасуы мен қазақтардың репатриациясы тарихын зерттеудегі негізгі тұжырымдар
Орта ғасырдағы Қазақстан жайлы
М. тынышпаевтың еңбектері- қазақ тарихының деректері
Енисей жазба мұралары
«Түрік» этносы және этнонимі
Пәндер