Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі: құрылымы, мақсаты және міндеттері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

2037 Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі: құрылымы, мақсаты және міндеттері

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

1 Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары . . . 9

1. 1 Ішкі істер органдарының даму тарихы . . . 9

1. 2 Ішкі істер органдарының міндеттері . . . 12

1. 3 Iшкi iстер органдарының құқықтары . . . 16

2 Ішкі істер органдарындағы қызмет пен құрылым . . . 36

2. 1 Ішкі әскерлер комитетінің құрылымы, қызметі . . . 36

2. 2 Криминалдық полиция комитетінің құрылымы, қызметі . . . 48

2. 3 Әкімшілік полиция комитетінің құрылымы, қызметі . . . 48

2. 4 Жол полициясы комитетінің құрылымы, қызметі . . . 50

2. 5 Әскери полиция комитетінің құрылымы, қызметі . . . 61

3 Iшкi iстер органдары қызметкерлері әкімшлік қызметті жүзеге асырушы. . 69

3. 1 Ішкі істер органдары қызметкерлерінің мәртебесі . . . 69

3. 2 Ішкі істер органдарындағы кадрлық саясаты . . . 72

Қорытынды . . . 74

Пайдаланылған дерек көздер тізімі …… . . . 76

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) iшкi iстер органдарының бiртұтас жүйесiн басқаратын әрi заңмен қарастырылған және құқық қорғау қызметi саласында мемлекет саясатын жасайтын және iске асыратын, Қазақстан Республикасында қоғамдық қауiпсiздiктi нығайту мен қоғамдық тәртiптi қорғауға салааралық бағыт-бағдар берудi қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары, Президент, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және өзге де нормативтi құқықтық актiлерi мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерiне сәйкес жүзеге асырады.

Тәртіпті және адам, қоғам, мемлекет қаіпсіздігін қорғауда ішкі істер органдары құқық қорғау органдарының арасында басты рөл атқарады, олар қылмысты айқындаумен, оның алдын алумен және жолын кесумен байланысты ұлан-ғайыр жұмыс атқарады.

Ішкі істер органдары атқарушы биліктің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықтауды, алдын-ала тергеуді және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік органдары болып табылады, олар, сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті қорғау, қоғмдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қастандық әрекеттердің алдын алу және жолын кесу функцияларын да атқарады.

Құқық тәртібін қорғау және қылмыскерлікпен күрес қандай мемлекеттің болмасын өз билігін нығайтудағы басты міндеті.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары арасында, әсіресе ішкі істер органдары саласында құқық бұзушылықтар саны көбейіп, олардың қызметімен байланысты қылмыстардың көбеюі кең жайылуда.

Осының барлығы құқықтық мемлекет құрудың бірден бір шарты болып келетін, халықтың, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, оның ішінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқықтық санасының деңгейін көтеру мәселесін шешу қажетілігін туғызады.

Тaқырыптың өзектілігі. Еліміздегі адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтардың толығымен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын іргелі орган құқық қорғау органына жүктелген, әсіресе ішкі істер органына. Елімізде ішкі істер органдарында әкімшілік қызмет барысында оның құрлымына назар аударылып отыр. Өйткенi, елiмiздiң дамуына құқықты сақтай отырып қол жеткізуге болады. Яғни, елбасы өз жолдауында «Сот және құқық қорғау жүйесін жаңғырту. Сот корпусын қалыптастыру тәртібін түбегейлі қарастыру қажет. Ағымдағы жылы жаңа Қылмыстық-процессуальдық кодексті, жекеменшік детектив қызметі туралы заң жобасын әзірлеуді аяқтау қажет. Құқық қорғау және арнайы органдарды сапалы кадрлық жаңарту - маңызды мәселе», - дейдi елбасы Н. Назарбаев [1] . Осы тұрғыда тақырыпты зерттеу өзектi.

Зерттеу жұмысынын объектісі. Дипломдық жұмыстың негізгі объектісін ішкі істер органдарының жалпы қызметі мен оның барысы, оның өзге органдармен ықпалдаса қызмет жасауы құрайды.

Зерттеу жұмысының пәні. ішкі істер органдарының қызметін, құрылымының, міндеттері мен құқықтарының мазмұнын, оның жүзеге асуы және даму ерекшелігі. Дипломдық жұмыстың нақты пәні болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты ішкі істер органдарының қызметін, құрылымының, міндеттері мен құқықтарының мазмұнын ашу.

Бұл мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыстың алдында мынадай міндеттер қойылған:

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының даму тарихын қарастыру;

- Ішкі істер органдарының міндеттері мен құқықтары анықтау;

- Ішкі істер министрлігінің қызметі мен құрылымы талдау;

- Ішкі әскерлер комитетінің құрылымы, қызметін ашу;

  • Криминалдық полиция комитетінің құрылымы, қызметіне тоқталу;
  • Әкімшілік полиция комитетінің құрылымы, қызметіне тоқталу;
  • Жол полициясы комитетінің құрылымы, қызметін сипаттау;
  • Әскери полиция комитетінің құрылымы, қызметін көрсету;
  • Iшкi iстер органдары қызметiнiң принциптерi мен мәртебесін талдап беру;
  • Ішкі істер органдарындағы кадрлық саясатын көрсету.

Бұл дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ішкі істер органдары болса, ал пәні ретінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқықтық сана сезімі және оның қазіргі таңда қалыптасуының заңдылықтары.

Жұмысымды жaзудa дәстүр- әдет зaңдaрын іздестіру, жинaу, жүйелеу және зерттеу әдістері қолдaнылды.

Зерттелу деңгейіне келсек бұл тaқырып тұтaстaй aлынып бaрлық жaқтaрынaн толық aшылмaғaн тaқырыптaрдың бірі. Қaзіргі aтaқты ғaлым-зaңгерлеріміз Б. Жетписбаев, А. А. Таранов, Х. Ю. Ибрагимов, Е. Баянов т. б. көптеген ғaлымдaр зерттеуде.

Осылайша зерттеудің теориялық негізін ҚР-ның Конституциялық құқығы, ҚР ның Әкімшілік құқығы, ҚР-ның құқық қорғау органдары және тағы да басқа ғылыми идеялар құрды.

Жұмыстың жaңaлығы.

Ұсынылып отырғaн диплом жұмысындa ішкі істер органдарының қызметі көпaспектілі жүйелік кұбылыс тұрғысынaн қaрaстырып, соның ішінде әкімшілік қызметіне ерекше мән беріледі. Сонымен қaтaр, ішкі істер органдарының құрылымының қызметіне жеке тоқталып сипатталып отыр.

Қорғaуғa ұсынылып отырғaн негізгі тұжырымдaры:

Ішкі істер органдарының қай бағыты болмасын әкімшілік қызметті жүзеге асырушы болып келеді;

Iшкi iстер органдары қызметкерлері әкімшлік қызметті жүзеге асырушы субъект болып табылатындығы;

Ішкі істер органындағы кадрлық саясаттың маңызы.

Жұмысымның тәжірибелік мaңызына тоқталсақ, бұл зертеу нәтижесін оқу орындaрындa aрнaйы білім беру үшін оқу - әдістемелік құрaл ретінде қолдaнуғa болaды деп ұсынaмыз.

Құрлымы бойыншa диплом жұмысы кіріспеден, негізгі 3 бөлімнен, оның бірінші бөлімде Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының даму тарихы, міндеттері мен құқықтары, ал екінші бөлімде ішкі істер органдарындағы қызмет пен құрылым, ішкi iстер органдары қызметкерлері әкімшілік қызметті жүзеге асырушы ретіндегі жағдайын ашу арқылы көрсетілген және сонымен қатар, қорытындыдaн, пaйдaлaнылғaн дерек көздер тізімінен тұрaды.

1 Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары

  1. Ішкі істер органдарының даму тарихы

Қазаң революциясы жеңгеннен кейінгі алғашқы кезеңде 1917 жылғы 22-қарашадағы №1 Сот туралы декретпен бұрынғы сот органдары, адвокатура, сот тергеушілері мен прокурорлық қадағалау институттары таратылды. Билікті өз қолына алғаннан кейін жұмысшылар мен шаруалар, жергілікті жағдайларға және революциялық тәжірибеге жүгініп әртүрлі әскери құрамалар құрды, олар Кеңестердің толықтай билігін қамтамасыз етті, қоғамдық тәртіпті қорғады. Ол құрамдардың негізін Қызыл гвардия отрядтары құрады.

Бірақ өмірреволюциялық заңдылық пен елдегі тәртіпті ұстап тұратын тұрақты, штаттық органдар құру қажеттігін көрсетті.

Контрреволюциямен, тонаушылықпен, саботажбен және басқа қауіпті қылмыстармен күресу мақсатында губерндік және қалалық Кеңестер сайлайтын революциялық трибуналдар құрылды.

Пролетарлық милиция ұйымдастыруды заңдастырған алғашқы акті Ішкі істер халық комиссариатының 28 қазаң (11 қараша) 1917 ж. Кеңес үкіметінің уәкілдігімен шыққан қаулысы болды. Онда жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің жұмысшы милиция отрядтарының құуы көзделді, олар Қызыл гвардияның қарулы отрядтарына сүйенетін болды.

1920 жылдың 26-тамызында бүкіл ресейлік орталық атқару комитеті мен РСФСР халық комиссарлары кеңесі автономиялық Қырғыз (Қазақ) социалистік Кеңес Республикасы туралы декрет шығарды, ол Қазақ халқының кеңестік мемлекеттігінің бастауы болды. 1919 жылғы қыркүйекте Қырғыз өлкесі Ревкомның ішкі істер бөлімі құрылды. 1919 жылғы қазаңда бұл бөлімнің құрамында Қырғыз өлкесінің жұмысшы шаруа милициясының басқармасы құрылды, ол 1920 жылдың 8 тамызына дейін тұрды, одан кейін ол (Қазақ) АССР - ның милициясы басқармасы болып қайта құрылды. Барлық ірі қалаларда қылмыстық-іздестіру бөлімшелері ұйымдастырылды. Кеңес милициясы шиеленіскен тап күресі жағдайында қалыптасты.

Милицияның құрылымын, қызметінің формалары мен әдістерін әрі қарай жетілдіру КСРО ОАК-нің 1934 жылғы 10 маусымдағы Қаулысының негізінде КСРО Ішкі істер Халық комиссариатын құрумен байланысты, оның қарамағына ұлттық қауіпсіздік органдары мен милиция кірді. 1941 жылғы ақпанда КСРО Ішкі істер халық комиссариаты екіге: Ішкі істер халық комиссариаты және Ұлттық қауіпсіздік халық комиссариаты болып бөлінді. Мұндай құрылымдық өзгерістер одақтық және автономдық республикаларында да, өлкелер м ен облыстардың да ішкі істер органдары болды. Соғыстан кейінгі жылдары милицияға бұрынға майдангерлер, жұмысшылар, қызметкерлер келді, олар еңбек ұжымдарының, жастардың алдыңғы қатарлы өкілдері еді. 1959 жыдың 2 наурызында СОКП орталық коммитеті мен КСРО министрлер кеңесі «Елдегі қоғамдық тәртіпті қорғауға еңбекшілердің қатысулары туралы» Қаулы қабылдады, онда жұмысшыларды, қызметкерлерді, жалпы жұртшылықты, құқық бұзушылықтан сақтандыру және социалистік тұрмыс ережелерін нығайту жөніндегі жұмыстарға тартудың жаңа формалар регламенттелді. Көрсетілген кезеңде жолдастық соттардың, басқа да ерікті ұйымдардың, құқықтары мен міндеттері кеңейді. Кеңес милициясының тарихы түгелдей мемлекет тарихының бір бөлігі. Қазіргі кезде Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық қызметін Республика Конституциясы, 1995 жылғы желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» №2707 Заң, басқа да құқықтық-нормативтік актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар құрайды. [2, 9 б. ]

ҚР Ішкі Істер органдары ҚР заңдарына сйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкімді функцияларды жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.

ІІО атқарушы билік органдарының жүйесіндегі орны мыналармен анықталады:

1) ІІО қоғамдық қауіпсіздікті, соның ішінде төтенше немесе әскери жағдай ахуалында қамтамасыз етуді ұйымдастырады және практикада іске асырады;

2) ішкі істер органдары басқару функциясымен қатар алдын ала тергеу, анықтама және әкімшілік өндірісті жүзеге асырады;

3) ІІО кең көлемде әкімшілік-қадағалаушылық функцияларға ие;

4) ІІО мемлекеттік қызмет өзіне тән ерекшеліктерге ие;

5) ІІО өздерінің функцияларын басқа да атқарушы билік органдарымен үздіксіз әрекеттестікпен жүзеге асырады;

6) ІІО қарауына жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Ішкі Істер органдарына мынадай негізгі міндеттер жүктелген:

1) қоғамдық тәртіпі қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті, соың ішінде төтенше немесе әскери жағдай ахуалында қамтамасыз ету;

2) заңдарда белгіленген өздерінің құзыреті шегінде алдын ала тергеу, анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру;

3) сотталғандарды қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде ұстаудың және әкімшілік жолмен қамауға алынғадарды ұстау орындарында құқықтық тәртіп пен режимді қамтамасыз ету;

4) өз құзыретінің шегінде жол қозғалысы қаіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылау мен қадағалау;

5) паспорт және виза беру жұмысын жүргізу, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың ҚР аумағында болу тәртібін сақтауын бақылау;

6) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде карантиндік, санитарлық және табиғатты қорғау органдарына сұғанақ аңшылыққа қарсы күресуде жәрдем көрсету;

7) ҚР заңдарына сәйкес лицензиялық және рұқсат етушілік қызметті жүзеге асыру;

8) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу және тыю, тергеу, сондай-ақ қылмысткерлерді іздестіру;

9) қылмыстық жазалар мен әкімшілік жазалау шараларын қолдану;

10) кәмелетке толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылығын анықтау және тыю;

11) қажет болған жағдайларда мемлекеттік өрт қауіпсіздігі органдарына өрт ауіпсіздігін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету;

12) мемлекеттік және өзге де объектілерді, жеке тұлғаларды күзету, қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдап апару, террорзм актілерінің жолын кесу, кепілге алынғандарды бостатуға қатысу;

13) соғыс уақытында ҚР аумақтық қорғаныс жүйесінде жекелеген міндеттерді орындау;

14) ІІО қарауына жататын мәселелер бойынша халықаралық ыгтымақтастықты жүзеге асыру.

ҚР ІІО құқықтық негіздеріне мыналар жатады:

1) ҚР Конституциясы мен заңдары;

2) өзге де нормативті-құқықтық актілер;

3) ҚР халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері;

4) ҚР Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;

5) ҚР ІІМ туралы, ҚР ІІО қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың қызмет атқаруы туралы Республика Үкіметі бекіткен Ереже. [3

Ішкі істерді басқару жүйесі: ҚР Президенті-ҚР Үкіметі - ҚР ІІМ- Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер басқармалары- қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдары.

ҚР ІІМ негізгі міндеттері:

1) ішкі істер органдарының қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау, қылдмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, қылмыстарды ашу мен тергеу, қылмыскерлерді іздестіру, ылаңкестік актідердің жолын кесу қатысу және тағы басқа осындай сипаттағы тиімді жұмыстардың істелуін ұйымдастыру;

2) республикадағы оперативтік жағдайды талдау және болжау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөнінде шешімдерді әзірлеу;

3) қылмысқа қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіру

4) ішкі істер органдарының құрылымын жетілдіру, қызметтері мен бөлімшелері арасында және өзге де құқық қорғау органдарымен, министрліктермен және ведомствовалрмен өзара іс - қимылын жақсарту жөнінде шаралар әзірлеу;

5) ішкі істер органдарының қызметін материалдық - техникалық, қаржылық, сондай - ақ ақпараттық құралдармен қамтамасыз ету;

6) Министрлікке ҚР заңына сәйкес жүктелінетін өзге де міндеттер;

Полицияны ұйымдастыру:

1) Криминалдық полиция - жедел іздестіру, тергеу ғылыми - техникалық және ІІМ тікелей бағынатын өзге де бөлімшелер;

2) Әкімшілік полиция:

- учаскелік инспекторлар қызметі;

- кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар қызметі;

- сақшылық қызмет;

- лицензиялық және рұқсат ету жүйесі;

- табиғат қорғау және мал дәрігерлік полиция;

- төл құжаттық қызмет;

- жол полициясы бөлімшелері;

- ішкі істер органдарының арнаулы мекемелері;

3) Әскери - тергеу органдары:

-әскери - тергеу департаменті;

-әскери - тергеу басқармалары;

-тергеу, жедел іздестіру, жедел - техникалық және өзге де бөлімшелерден тұратын гарнизон бойынша бөлімдер;

- ІІМ әскери полициясы. [3]

Әрине қандай да болмасын органдар алдымен бір жүйеге келтірілген болуы керек тек сонда ғана заңдылықты жүзеге асыру мүмкін болары сөзсіз.

  1. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүйесін басқаруды, сондай-ақ заңнамада көзделген шеңберде Қазақстан Республикасында қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, құқық қорғау қызметі саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік актілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері мен өзге міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырады.

Ішкі істер органдарының қызметі заңдлық, жеке дара басшылық, ішкі істер органдарының жүйесінің бірлігі, жариялылық, құқық қорғайтын және басқа да мемлекеттік лауазымды адамдардың, ұйымдармен, және азаматтармен өзара әрекеттестік принциптерінде тұрғызылған.

Iшкi iстер органдарының мiндеттерi мыналар болып табылады:

1) қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi, оның iшiнде төтенше немесе әскери жағдайында қамтамасыз ету;

2) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру;

3) заңнамада белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде алдын ала тергеуді, анықтау мен әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыру;

4) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалғандығын және құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу;

5) қажет болған жағдайда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттік өртке қарсы қызметі органдарына ықпал ету;

6) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау және бақылау;

7) мемлекеттік және өзге де объектілерді, жеке адамдарды күзету, қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдауылдау, терроризм актілерінің жолын кесуге қатысу, кепілге алынғандарды босату;

8) төлқұжат пен виза жұмысын жүзеге асыру, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болу ережесін сақтауды бақылау;

9) соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiндегі жекелеген мiндеттердi орындау;

9-1) өзге мемлекеттік органдарымен бірге карантиндік, санитарлық және табиғатты қорғау, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде іс-шаралар өткізуге қатысу, табиғатты қорғау органдарына браконыерлікке қарсы күресте ықпал ету;

9-2) Қазқастан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялау және рұқсат беру қызметін жүзеге асыру;

9-3) Қазақстан Республикасының аумағындағы аса маңызды және ерекше режімді объектілерде режимдік және күзет іс-шараларын жүзеге асыру;

10) ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру. [3]

Министрлікте облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда және көлікте аумақтық органдар және ведомстволар:

Ішкі әскерлер комитеті

Интерполдың ұлттық орталық бюросы

Криминалдық полиция комитеті

Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті

Тергеу комитеті

Кадр жұмысы департаменті

Әкімшілік полиция комитеті

Жол полициясы комитеті

Өзіндік қауіпсіздік департаменті

Штаб департаменті бар.

Министрлікті Ішкі істер министрі басқарады, оны Премыер министрдің ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес министрлік:

- қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті қорғау және қылмыскерлікпен күрес саласындағы мемлекеттің саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді;

- өз құзырына қатысты нормативтік құқықтық актілерді және нормативтік құжаттарды әзірлейді және бекітеді;

- ішкі істер органдары жүйесін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

- қылмыскерлікпен күрес, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында және ішкі істер органдарының жүргізуіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша халықаралық қарым-қатынастар ұйымдастырады және жүзеге асырады;

- қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті қорғау және қылмыскерлікпен күресу саласында мемлекеттік бағдарламалар белгілейді, олар іске асырады;

- қылмыскерлікпен күресу, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ведомстволық ғылымды дамытудың басты бағыттарын анықтайды;

- ішкі істер органдарының жүйесіндегі мемлекеттік кадр саясатын анықтайды;

- жедел-іздестіружәне криминалдық қызметті, қылмыстық істер бйынша тиісті анықтау және алдын-ала тергеу жүргізуді ұйымдастырады;

- мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың наркоманиядан және есірткінің заңсыз айналымынан сақтандыру және оларға қарсы әрекет ету мәселелері жөніндегі қызметінің ведомствоаралық үйлесілуін қамтамасыз етеді;

- ішкі істер органдары мен ішкі әскерлердің арнайы мақсаттағы бөлімшелеріне басшылық жасайды;

- Қазақстан Республикасының аумақтық қорғануын жүзеге асыру жөнінде Қарулы Күштермен, басқа әскерлермен және әскери құрамалармен бірлесіп әрекеттер ұйымдастырады;

- Арнайы және әскери тасымалдар ұйымдастырады;

ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы №607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіі туралы Ережеде көзделген басқа да функцияларды жүзеге асырады. [4]

Ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша басқа құқық қорғау органдарымен, оның ішнде анықтауды және тергеуді жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік органдармен, сондай-ақ халықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттеседі.

Ішкі әскерлер комитеті бейбiт және соғыс уақытында iшкi әскерлердi әскери басқару органы болып табылады. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздігін қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру болып табылады, адамның, қоғамның және мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және басқа заңға қайшы озбырлықпен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Комитеттің негізгі функциялары:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Ішкі істер органдарының құқықтары мен міндеттері
Ішкі істер органдарының міндеттері
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары туралы
Мемлекеттік күзет қызметінің құқықтық негізін
ІІО қызметінде әкімшілік құқық қатынастарындағы жеке адамның құқықтарын қамтамасыз ету кезінде туындайтын жалпы және жеке негізгі мәселелерді талдау, анықтау, қорыту және шешу, сондай-ақ осы қызметті жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық-құқықтық негізі
Прокурорлық қадағалау жайлы
Әкімшілік құқықтық нормалардың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz