Қазақстан Республикасында Президенттік институтын қалыптастыру және оның тарихи-құқықтық маңызы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

2035 Қазақстан Республикасында Президенттік институтын

қалыптастыру және оның тарихи-құқықтық маңызы

Мазмұны

Кіріспе…… . . . . . .
6
Кіріспе…… . . . . . .: 1 Қазақстан Республикасындағы Президент институтының қалыптасуы . . .
6: 8
Кіріспе…… . . . . . .:
6: 1. 1 Президент институтының тарихи-құқықтық негіздерінің жалпы сипаттамасы . . .
8
Кіріспе…… . . . . . .:
6: 1. 2 Қазақстан Республикасында президенттік институттың пайда болу кезеңдері мен дамуы . . .
16
Кіріспе…… . . . . . .: 2 Қазақстан Республикасы Президенттінің құқықтық жағдайы: сайлау және оны лауазымнан кетіру тәртібі . . .
6: 27
Кіріспе…… . . . . . .: 3 Қазақстан Республикасының Президенті - Ата Заңның кепілі және рәмізі . . .
6: 37
Кіріспе…… . . . . . .:
6: 3. 1 Елбасы өкілеттілігінің жалпы сипаттамасы . . .
37
Кіріспе…… . . . . . .:
6: 3. 2 Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге байланысты өкілеттіктері. .
46
Кіріспе…… . . . . . .: Қорытынды . . .
6: 56
Кіріспе…… . . . . . .: Пайдаланылған дерек көздер тізімі . . .
6: 58
Кіріспе…… . . . . . .: Қосымшалар. .
6: 62

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру идеалы мен азаматтық қоғамды орнатуға ұмтылу ынтасының іске асуы, мемлекеттік басқару нысанының соған сәйкес түрленуімен, сомдалуымен және басқару жүйесінің тиімділігімен Қазақстан Республикасы Президентінің қосатын үлесі зор болғандықтан «президент институтын» зерттеу әлдеқайда өзекті болуда.

«Президент» деген түсінік Қазақстан даму тарихында бұрын-соңды болмағаны бізге мәлім, яғни бұрынғы кеңестік өкімет органдарының нұқсандарына орасан зор өзгерістер енгізуіне байланысты пайда болып, бүгінгі таңда еліміз үшін жаңа тұрғыдағы мемлекеттік институттарының бірі болып табылады. Жалпы, мемлекеттің және атқарушы биліктің басшысы ретінде Президент лауазымы бірінші рет Америка Құрама Штаттарында пайда болды. Ал, қазіргі кезде көптеген елдерде ел Президенті қызметі орнықтырылды. Президенттік қазіргі танда Еуропаның, Азияның, Африканың, Американың көптеген елдерінің саяси жүйесінің элементі болып табылады.

Енді біздің елімізге келетін болсақ, Казакстанда Президенттің саяси-құқықтық мәртебесі өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтті. Яғни, аталмыш дипломдық жұмыста біз еліміздегі президенттік институтының қалыптасу тарихы мен конституциялық-құқықтық өкілеттіктері негіздерін ғылыми тұрғыдан зерттеуге, сонымен қатар мемлекетте билікті бөлу механизмін реттеу жағдайында президенттік институттың пайда болуы және өкілеттіктерінің дамуын тарихи-құқықтық тұрғыдан қарастыруға тырыстық.

Зерттеудің объектісі еліміз президенттік республика ретінде пайда болуының тарихи-құқықтық негізі, сондай-ақ мемлекеттік басқару нысаны дамуының тарихи-құқықтық тәжірибесі болып табылады.

Зерттеудің пәнін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруда президент өкілеттіктерінің конституциялық-құқықтық ерекшеліктері құрайды.

Қазақстан Республикасының Президенті - Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясымен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылатындықтан, біз осы зерттеу жұмысында келесі мақсатты көздеп отырмыз.

Зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасында Президенттік институтының пайда болуына негіз болған тарихи-құқықтық жағдайларды, сондай-ақ оның қалыптасу кезеңдерін қарастырумен қатар, оның тарихи-құқықтық маңызын Конституциямен бекітілген өкілеттіктері ерекшеліктерінің қалыптасуына әсерін тигізген себеп-салдарларды кешенді түрде зерттеу болып табылады.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер қойылып отыр:

- Қазақстан Республикасындағы Президент институтының қалыптасуын тарихи-құқықтық негіздерге жалпы сипаттама беру, оның пайда болу кезеңдері мен дамуын жан жақты қарастыру арқылы зерттеу;

- Қазақстан Республикасы Президенттінің құқықтық жағдайын айқындау, сонымен бірге оны сайлау және лауазымынан кетіру тәртібін қарастыру;

- Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге байланысты өкілеттіктеріне қорытынды сипаттама беру.

Зерттеудің теориялық негізін С. С. Сартаев, Ғ. С. Сапарғалиев, М. Баймаханов, В. Малиновский, Н. Сахаров, Ж. Баишев, О. К. Қопабаев, А. В. Ким секілді отандық және ресейлік конституциялық құқықтың тарлан ғалымдарының ғылыми жұмыстарындағы теориялық тұжырымдары негізге алынып пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының нормативтік базасы. Дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақ КСР конституциялық заңдары, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасынын конституциялык заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және өзге де материалдар қолданылды.

Зерттеудің методологиялық негізін жалпы ғылыми әдістер, оның ішінде тарихи және қисынды зерттеу тәсілдерімен қатар, арнай және жеке құқықтық әдістер құрайды. Бұл әдістер отандық, ресейлік және шетел ғалымдарының еңбектерін зерттеуде, сондай-ақ конституциялық құқық бойынша оқулықтар мен мерзімді басылымдардағы материалдарды талдауда өз көріністерін тапты.

Дипломдық жұмыстың құрылымы аталған міндеттерге сүйенеді, яғни: кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты, зерттеу объектісі, пәні және методологиялық негізі көрсетілген. Бірінші тарауда президент институтының қалыптасу тарихы қарастырылған. Екінші тарауда Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі қарастырылған. Үшінші тарауда Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге байланысты өкілеттіктері ақарастырылады. Қорытындыда жасалған жұмыстың нәтижелері берілген, негізінен Қазақстан Республикасында «Президент институтының» пайда болуымен еліміз қандай жетістіктерге жетуі, яғни қандай тарихи-құқықтық із қалдырумен қатар, маңызы сомдалған. Сонымен қатар, осы дипломдық жұмыстың құрылымына пайдаланылған дерек көздер мен тақырып бойынша қосымшалар енгізілген.

1 Қазақстан Республикасындағы Президент институтының қалыптасуы.

1. 1 Президент институтының тарихи-құқықтық негіздерінің жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасының Президенті - Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртүтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясымен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.

«Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңы) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақ КСР Заңы қабылданды [1] . Осыған орай Қазақ КСР Конституциясы Президенттің мәртебесі мен өкілеттігі алғаш рет айқындалған «Қазақ КСР Президенті» жаңа тарауымен толықтырылды.

Қабылданған Заңга сәйкес Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР басшысы болып табылды. Қазақ КСР-інің отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, Қазақ КСР аумағында кемінде он жыл түрақты түрған, казақ және орыс тілдерін білетін азаматы Қазақ КСР Президенті болып сайлана алды. Бір адам қатарынан екі мерзімнен артық Қазақ КСР Президенті бола алмады.

Қазақ КСР Президентін Қазақ КСР-інің азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлады. Қазақ КСР Президенті бір мезгілде Қазақ КСР немесе Халық депутаттары жергілікті кеңесінің халық депутаты бола алмады [1] .

Қазақ КСР Президентінің мынадай өкілеттіктері айқындалды: республика аумағында тұратын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, Қазақ КСР Конституциясы мен зандарының сақталуына кепіл болады; республиканың суверенитетін, қауіпсіздігін, аумақтық түтастығын қорғау жөнінде қажетті шаралар қолданады; одақтық шарттың сақталуын қамтамасыз етеді; елдің ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының өкілі болып табылады; Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының КСРО Федерациясы Кеңесіндегіөкілі болып табылады; Қазақ КСР жоғары мемлекеттік билік пен басқару органдарын өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; республикадағы жағдай туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне жыл сайын баяндама жасайды және Қазақ КСР-інің ішкі саяси және сыртқы саяси қызметінің неғұрлым маңызды мәселелері туралы дүркін-дүркін хабарлап отырады; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақ КСР Халықтық бақылау комитетінің төрағасы, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасы, Қазақ КСР Бас мемлекеттік арбитры қызметіне кандидатураларды ұсынады; аталған лауазымды адамдарды, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасынан басқаларын міндеттерінен босату туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне ұсыныс енгізеді; Қазақ КСРМинистрлер Кеңесін орнынан түсіру туралы не оның орнынан түсуін қабылдау туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің алдына мәселе қояды; Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасының келісуі бойынша Қазақ КСР Үкіметінің мүшелерін қызметінен босатады және оларды тағайындайды, кейіннен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бекітуіне ұсынады; Қазақ КСР зандарына қол қояды; қайта талқылау және дауыс беру үшін өзінің қарсы пікірлерін жазып, занды екі апта мерзімнен кешіктірмей Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне қайтаруға құқылы; Қазақ КСР-інің мүдделерін қозғайтын КСРО заңдарының КСРО Конституциясы мен Қазақ КСР Конституциясына сәйкестіғі туралы КСРО Конституциялық қадағалау комитетіне ұсыныс енгізеді; КСРО Министрлер Кеңесінің Қазақ КСР-інің мүдделеріне қайшы келетін қаулылары мен жарлықтарының қолданылуын тоқтата түру туралы КСРО Президентіне өтініш жасайды; КСРО Министрлер Кеңесіне оған қарасты басқару органдарының Қазақ КСР-інің мүдделеріне қайшы келетін актілеріне наразылық білдіреді және наразылық білдірілген актілердің Қазақ КСР аумағында қолданылуын тоқтатады; Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулылары мен жарлықтары, Қазақ КСР министрліктері мен мемлекеттік комитеттерінің актілері Қазақ КСР Конституциясына және Қазақ КСР заңдарына сәйкес келмеген ретте олардың қолданылуын тоқтатады, келіссөздер жүргізеді және Қазақ КСР-інің халықаралық шарттарына қол қояды; өзінде тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақыру грамоталарын қабылдайды; Қазақ КСР-інің шет мемлекеттердегі және халықаралық үйымдар жанындағы дипломатиялық өкілдерін тағайындайды және кері шақырып алады; Қазақ КСР-інің қүрметті атақтарын береді және Қазақ КСР-інің мемлекеттік марапаттарымен марапаттсійды; Қазақ КСР-інің азаматтығына қабылдау, пана беру мәселелерін шешеді; Қазақ КСР соттары соттаған азаматтарға кешірім беруді жүзеге асырады; Қазақ КСР азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдай енгізіп, қабылданған шешімді Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бекітуіне дереу табыс етеді.

Қазақ КСР Президенті жанында Қазақ КСР Президентінің Кеңесі жұмыс істеді, оның міндеті Қазақ КСР-нің ішкі саяси және сыртқы саяси қызметінің негізгі бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі шараларды әзірлеу, республиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылды. Презндент Кеңесінің мүшелерін Қазақ КСР Президент Қазақ КСР Президенті тағайындайды. Президент Кеңесінің құрамына Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы лауазымы бойынша кіреді. Президент Кеңесінің мәжілістеріне Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы қатысуға құқылы. Қазақ КСР Президентінің ешкім тимеу құқығы бар. Президент Қазақ КСР Конституциясын бұзған ретте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР Конституциялық қадағалау комитетінің қорытындысын ескере отырып, Қазақ КСР халық депутаттары жалпы санының кемінде үштен екі даусымен Қазақ КСР Президентіне сенімсіздік білдіреді және оны орнынан түсіру туралы халықтық дауыс беру (референдум) өткізу жөнінде мәселе қояды.

Осы заңмен Қазақ КСР Президентінің Орынбасары Қазақ КСР Президентінің уәкілдік беруі бойынша оның жекелеген функцияларын орындайды және Президент жоқ кезде немесе Президенттің міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаған ретте оның қызметін атқарады. Егер Қазақ КСР Президенті нендей бір себептермен өзінің міндеттерін одан әрі атқара алмайтын болса, Қазақ КСР-інің жаңа Президенті сайланғанға дейін оның өкілеттігі Қазақ КСР Президентінің Орынбасарына, ал егер бұл мүмкін болмаса - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасына ауысады. Бұл орайда Қазақ КСР-інің жаңа Президентін сайлау үш ай мерзім ішінде өткізілуге тиіс. Қазақ КСР-інің бірінші Президенті мен оның Орынбасарын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі алты жыл мерзімге сайлайтындығы белгіленді.

1990 ж. 20 қарашада қабылданған «Қазақ КСР-нда мемлекеттік билік пен басқару қүрылымдарын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР жоғары атқарушы және өкімші билік басшысы болып табылатындығы; Қазақ КСР Президентінің ұсынысымен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайлаған Қазақ КСР Вице-президенті лауазымы құрылды; Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Қазақ КСР Министрлер Кабинеті болып қайта құрылды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Президиумы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары лауазымдары таратылды. Заң Қазақ КСР Премьер-министрі мен Қазақ КСР мемлекеттік, шаруашылық, әлеуметтік және мәдени құрылыстың негізгі бағыттары жөніндегі мемлекеттік кеңесшілер қызметтері құрылды [2] .

1991 жылы 25 тамызда «Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақ КСР Заңы қабылданды. Президентінің қүзіретіне қосымша өкілетгіктер жатқызылды: Қазақ КСР Президенті қажет болған жағдайда Қазақ КСР аумаіында орналасқан одақтық баіъшыстағы үйымдарды, кәсіпорындарды бірінші басшыларын тағайындайды және оларды қызметген босатады; Қазақ КСР Қауіпсіздік кеңесін басқарады, Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін тағайьшдайды; егер одақгық органдардьщ шешімдері Қазақ КСР зандарына және жоғары атқарушы өкімет актілеріне қайшы келетін болса, олардың орындалуын тоқтата тұрады; Қазақ КСР аумағында орналасқан барлық ішкі әскерлерге басшылықгы жүзеге асырады. Қазақ КСР Президентінің өкілеттігі конституциялық рәсімдер сақтала отырып, ол отставкаға шыққан жағдайда, сондай-ақ өзге де себептермен өз өкілеттігін жүзеге асыруы мүмкін болмаған реттерде тоқтатылады. Соңғы жағдайда Қазақ КСР Президентінің өз міндеттерін жүзеге асыруы мүмкін еместігі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен белгіленеді.

Қазақ КСР Президенті сайланғанға дейін оның өкілеттігі, Қазақ КСР Конституциясының 14-3 бабының 3-бөлігінің 8, 10 және 13- тармақтарында көзделгендерді қоспағанда, (облыстар мен Алматы қалалық Халық депутаттары кеңесі төрағаларын қызметтерінен мезгілінен бүрын босату; Қазақ КСР министрліктерін, мемлекеттік комитеттері мен басқа да мемлекеттік басқару органдарын қүру және тарату; сондай-ақ Қазақ КСР заңдарына қол қою процедурасы) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР вице- президентіне, ал егер бүл мүмкін болмаса - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасына беріледі [3] .

1991 жылы 16 қазанда «Қазақ КСР Президентін сайлау туралы» Қазақ КСР Заңы қабылданды. Заңның 1 бабына сәйкес Қазақ КСР Президентін Қазақ КСР азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Қазақ КСР Президенті болып Қазақ КСР отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, Қазақ КСР аумағында кемінде он жыл түрақты түрған, казақ және орыс тілдерін меңгерген азаматы сайлана алды. Бір адам қатарынан екі мерзімнен артық Қазақ КСР Президенті бола алмады [4] .

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР Президентін сайлау 1991 ж. 1 желтоқсанына белгіленді [5] . Сайлау қорытындысын шығарғаннан кейін Қазақ КСР-інің тұңғыш жалпы халық сайлаған Президенті Н. Ә. Назарбаев болды.

1991 жылы 10 желтоқсанда «Қазақ Кеңестік Социалистік Республи- касының атауын өзгерту туралы» Қазақ КСР Заңымен Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болып қайта аталды [6] . ҚР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы Президентінің қызметке кірісуі туралы» қаулы [7] қабылдады, оған сәйкес Н. Ә. Назарбаев 1991 ж. 10 желтоқсаннан бастап ҚР Президенті қызметіне кірісті деп есептелді.

1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық заңына қол қойды, заң бойынша ҚР Президентінің мәртебесіне және республиканың мемлекеттік билік органдарының барлық жүйесіне айтарлықтай өзгертулер енгізілді. Осы Заңға сәйкес ҚР-да мемлекеттік билік органдары оның заң шығарушы, атқарушы және сот болып бөлінулері қағидасынан келіп қүрылды. Республика халқының атынан сөйлеу құқығы ҚР Жоғарғы Кеңесі мен ҚР Президентіне берілді. Заң шығару билігін ҚР Жоғарғы Кеңесі жүзеге асырды. ҚР мен оның атқарушы билік органдарының басшысы Президент болып табылды. Сот билігі ҚР Жо- ғарғы Соты мен Жоғары төрелік сотына берілді. Конституцияны соттық қорғау жоғары органы ҚР Конституциялық Соты болып табылды [8] .

1993 жылы 28 қаңтарда Жоғарғы Кеңес сессиясында Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды, онда алғаш рет «Президент» жеке тарауы берілді. Конституцияның 75 бабына сәйкес ҚР Президенті мемлекеттің басшысы болып табылды және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртүтас жүйесін басқарды, сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болды. Президент өкілеттігінің мерзімі белгіленді - 5 жыл, сондай-ақ бір адам қатарынан екі мерзімнен астам уақыт Президент бола алмайтындығы айтылды. Конституцияда ҚР Президентінің мынадай өкілеттіктері айқындалды: Республиканың мемлекеттік егемендігін, конституциялық қүрылысын қорғау, қауіпсіздігін, аумақтық түтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қолданады; ҚР заңдарына қол қояды; Жоғарғы Кеңес келісімімен ҚР Премьер-Министрін, Премьер-Министрінің орынбасарларын, сыртқы істер, қорғаныс, қаржы, ішкі істер министрлерін, ҚР ҮҚК төрағасы мен дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын қызметке тағайындайды; Министрлер Кабинетінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; Премьер-Министрдің үсынуымен Министрлер Кабинетінің қүрамын белгілейді, министрліктерді, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволарды қүрады және таратады; Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де кеңесші-ақылдастық алқалар қүрады; мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді; Ұлтгық валютаның қолданылу тәртібін, мерзімі мен шарттарын белгілейді; Жоғарғы Кеңеспен ақылдасқаннан кейін референдум өткізу туралы шешім қабылдайды; халықаралық қатынастарда ҚР өкілі болып табылады; келіссөздер жүргізеді және ҚР халықаралық шарттарына қол қояды, Республика жасасқан шарттар мен ол қабылдаған міндеттемелердің сақталуын қамтамасыз етеді; өзінің жанында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды; ҚР Жоғарғы Кеңесіне ҚРКонституциялық Соты, Жоғарғы Соты, Жоғары Төрелік Соты Төрағасы мен судьяларының, Бас Прокурорының, Ұлттық Банкісі Төраға- сының кандидатураларын ұсынады; Жоғарғы Кеңеске оларды міндеттерінен босату туралы үсыныс жасайды; мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту жөнінде шаралар қолданады және ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады; ҚР мемлекеттік марапаттарымен марапаттайды, ҚР жоғары дипломатиялық дәрежелері мен әскери атақтарын, құрметті және арнаулы атақтарын береді; заңға сәйкес ҚР азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерін шешеді; азаматтарға кешірім беруді жүзеге асырады; заңға сәйкес тек қана азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және конституциялық қүрылысты қорғау үшін уақытша шара ретінде төтенше жағдай енгізеді; ҚР Конституциясы мен зандарына сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады [9] .

1993 жылы 10 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттік беру туралы» ҚР Заңы қабылданды [10] . ҚР Президентіне Конституцияның негізінде және соған сәйкес жаңадан сайланатын ҚР Жоғарғы Кеңесі бірінші сессиясының жұмысы басталғанға дейінгі мерзімге заң күші бар қүжаттар шығару құқығы берілді. Сонымен қатар, Президентке сол мерзімге қажет болған жағдайда Жоғарғы Кеңестің ҚР Конституциясы 64-бабының 12-15, 18 және 20-тармақтарында көзделген өкілеттігін жүзеге асы-у құқығы берілді, кейін оны жаңадан сайланатын ҚР Жоғарғы Кеңестің бекітетін болды. Онан басқа, ҚР Конституциясының 78- бабының 3, 7 және 16 тармақтарында көзделген өкілеттікті дербес жүзеге асыруға құқық берілді [11] .

1993 жылы 10 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің өкілеттігін мерзімінен бүрын тоқтату туралы» ҚР Заңы қабылданды [12] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында Президенттік билік институты
Қазақстан республикасындағы Президенттік биліктің қалыптасуы мен даму жолдары
Президенттік басқару жүйесі
Қазақстан Республикасындағы Президент институты
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің арақатынасы
ҚР-ның Конституциялық дамуының кезеңдері
Баскарудағы жүйелілік кезқарас, баскару функциялары мен кұрылымы
Қазіргі кезеңнің демократиялық саяси институттары
Қазіргі таңдағы конституциялық декларацияның конституциялық құқықтық маңыздылығын анықтау
Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz