Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық-құқықтық жағдайының конституциялық-құқықтық реттелуі


2017 Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық-құқықтық жағдайының конституциялық-құқықтық реттелуі
Мазмұны
Кіріспе
Заманауи, өркениетті әлемдік қауымдастықтың дамуы адам құқығы мәселесіне көбірек көңіл бөлуі керек екендігі мәселесін әрқашан алдыңғы қатарға қояды. Осы тұрғыдан алып қарағанда, адам құқығы мен бостандығының заңды тұрғыда бекітілуі, олардың қамтамасыз етілуі саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және т. б жүйелердің қалыптасып, динамикалық дамуының қажетті шарттары болып табылады.
Сондықтан адам мен азаматтың құқығы, оның қамтамасыз етілуі- әлемдік тұрақты даму стратегиясының маңызды факторы болатын демократиялық, құқықтық құндылықтарға негізделген мемлекет дамуының түпкілікті мақсаты және басты нәтижесі.
Бүгінгі демократиялық, құқықтық сипаттағы мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі өзінің кәсіби дәреже атқару, яғни заңмен құқық арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу. Құқықтық мемлекеттің құқықтық мемлекет екендігін білдіретін ерекшеліктердің бірі заңның, құқықтық үстемдігі қағидаты. Заң мен құқықтың негізделген мемлекетте адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мойындалуына және оны жүзеге асырылуына кепілдік беріледі.
Басқа да демократиялық, құқықтық мемлекет тәрізді құқықтық теңдік қағидаты нормасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында көрсетілген және онда былай деп жазылған: «заң алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді кемсітуге болмайды». Конституцияда құқықтың теңдігінің осылай көрсетілуі және бекітілуі біздің мемлекетіміздің құқықтық және демократиялық мемлекетті қалыптастыру жолындағы үлкен жетістігі деп ойлаймыз. Іс жүзінде конституцияда бекітілген құқықтық теңдіктің орындалуында дүние жүзінің басқа да демократиялық мемлекеттері тәрізді біздің елде де кемшіліктер мен жетістіктер бар.
Сондықтан Конституция өзінің өміршеңдігін жойған жоқ. Ондағы жарияланған құқықтық теңдік мәселелері әлі де болса жетілдіруді қажет етеді. Бұндай кемшілктермен мемлекет күресу үстінде және тиімді нәтижелері де жеткілікті. Сондай заң немесе сот алдында адамдарды іс жүзінде теңсіздікке қоятын келеңсіз мәселелердің бірі - жемқорлық, таныстық т. б. Соңғы уақыттарда Қазақстан мемлекеті әсіресе жемқорлықпен күресуді қолға алды. Демократиялық, құқықтық мемлекет қоғамда орын алып отырған және демократиялық сипаттағы реформаларды жүргізуге кедергі келтіретін келеңсіз жағдайлармен күресу арқылы оларға өзінің бағасын берді.
Демократиялық сипаттағы құқықтық мемлекетте тұлға мен мемлекеттің ара қатынасы халық егемендігі мұратына негізделеді. Француздың адам мен азаматтың құқығы декларациясының 3-бабында «кез-келген жоғары билік қағидаты ұлтқа тиіс. Тікелей ұлттан өрбімейтін билікті басқа ешқандай коллегия да, бірде-бір тұлға да жүзеге асыра алмайды». Демократиялық сипаттағы мемлекеттердегі халықтың қайнар көзі болып табылуы оның мемлекеттік органдар мен мемлекеттік лауазымдарды сайлау арқылы құрастырылуы. Қазақстан Республикасыың Конституциясының 3-бабында «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді» - деп, халық - биліктің бірден-бір қайнар көзі екендігі атап көрсетіледі.
Құқықтық, демократиялық сипаттағы мемлекетте адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының мызғымастығына кепілдік береді. Жеке тұлға өзі аумағында тұрып жатқан мемлекеттің азаматы ма әлде жоқ па, одан тәуелсіз, сол мемлекетке байланысты әртүрлі құқықтары бар. Бір жағынан ол табиғи құқықтар және мемлекет тарапынан азаматқа көрсетілетін жағымды құқықтар. Қазақстан Республикасының Конституциясының және басқа да заңдарының халықаралық үлгіге, халықаралық құқықтың жалпы қағидаттарына және нормаларына сәйкес жасалған.
Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-бабында «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықатары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім ажырата аламайды, заңдар мен өзге нормативтік құқықтық актілерді мазмұны мен қолданылу осыған қарай анықталады. Адамның азаматтың өз құқықтар мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуі тиіс» деп жазылуы Қазақстанның демократиялық, құқықтық мемлекет екендігінің бұлжытпас дәлелі екендігі анық.
Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының ажырамас қағидаты ғасырлар бойы шыңдалды. Оның классиалық үлгісін американдық ағартушы Томас Джефферсон (1743-1826) 1776 жылы жазылған АҚШ-тың тәуелсіздік Декларациясы. Онда «Жаратушы барлық адамдарды тең жаратқан және оларға белгілі бір ажырамас құндылықтар құқықтар берген, солардың ішінде өмір сүру, еркін болу және бақытқа ұмтылу құқығы». Бүгінгі күні жалпыға бірдей мойындалған қағидаға сәйкес адамның құқығы мен бостандығы адамның адамгершілік қасиетінен бастау алады. Құқық өзінің негізін алатын адамның абыройы, ар, намыс адамнан ажырағысыз. Қазіргі кезде қоғамдық қатынастар мен экономиканы реттеуде мемлекеттің атқаратын рөлінің маңызы зор.
Тақырыптың өзектілігі: Жұмыста адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының заңды тұрғыда бекітілуі, әлеуметтік, мәдени жүйелердің қалыптасуы, динамикалық дамуының қажетті шарттары қарастырылған. Қоғамдық өмірдегі жаңа құбылыстар мен ағымдардың пайда болуы адам құқықтары мен бостандықтарының үздіксіз дамуына, адам құқықтары мен бостандықтарының мазмұнын кеңейтуге ықпал ететіні айтылады.
Зерттеуідің мақсаты: Адам тұлғасының құндылығын, оның қадір-қасиетін тану, адамның ерікті дамуы мен еркін өмір сүруін қамтамасыз етудің қажеттілігін сипаттау қазіргі замандағы өзекті мәселе екенін дәлелдеу.
Зерттеудің болжамы : Қазақстан Республикасы өзінің ұлттық өзгешелік есебімен халықаралық және аймақтық стандартқа сүйене отырып, өзінің ұлттық адам құқығының тұжырымдамысын жетілдіру.
Зерттеудің әдісі: ақпаратты жинақтау және жүйелеу.
Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.
1 Адам мен азаматтың ұғымы
1. 1 Қазақстан Республикасындағы адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі
Қазақстанда идеалды азаматтық қоғамның да, сол сияқты нақты азаматтық қоғамның да қалыптасуы мемлекет пен қоғам тарапынан адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз етуінсіз болуы мүмкін емес. Қазақстан қоғамының, оның тіршілік әрекетінің барлық салаларының жаңаруы жағдайында түбегейлі қайта құру Қазақстан Республикасының конституциялық қүрылысының (1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы) ең қымбат қазынасы (қағидаты) ретінде адам құқығы идеясының конституциялық тұрғыдан бекіліуімен және жаппай танылуымен қатар жүреді. Бұл идея қоғамда азаматтық қоғамның қалыптасуына жағдай жасайтын жаңаша моральдық-этикалық, саяси, құқықтық және идеологиялық ұстанымдарды бекітеді.
Адам құқығы - бүл жеткілікті дәрежеде кең, әмбебап және көп қырлы түсінік (санат) .
Адам құқығы - әрбір халық пен үлттың үлттық-құқықтық мәдениетінің барлық негізгі қасиеттерін өзінің бойында қамтитын, дүниежүзілік өркениетке (халықаралық қауымдастыққа) тиесілі, жалпы де-мократиялық қүндылық.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, адам құқығының халықаралық құқықтық стандарттары 1948 жылғы 10 желтоқсандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясында қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында, 1966 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған (1976 жылғы 3 қаңтарда күшіне енген) Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының халықаралық пактілерінде және басқа да халықаралық құқықтық құжаттарда қамтылған.
Біздің түсінігіміз бойынша, адам құқығы қоғамның да, халықаралық қауымдастықтың да барлық деңгейде адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы мемлекеттік билікті бақылауының сенімді тәсілі, сонымен қатар, мемлекеттің жаппай билік етуінің шектеушісі болып табылады.
Бостандық университетінің (Амстердам, Нидерланд) профессоры Б. Спикер былайша тұжырымдайды: «Адам құқығы либералдық демократиялық мемлекеттің негізін құрайды және азаматтар тарапынан оны қолдау болмайынша, ол қызмет ете алмайды. Азаматтардың өздері басқаша өмір сүру салтына шыдамдылықпен қарауға тиіс, басқа азаматтардың құқықтарын құрметтеуге, заңның билігіне бағынуға, либералды-демократиялық институттарды қолдауға тиіс». /1 /.
Қазақстан жағдайында азаматтық қоғамның да, сол сияқты құқықтық мемлекеттің де қалыптасу процесі саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени салаларда адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы күрделі және көп қырлы проблемалар кешенін шешуді болжайды.
Қазақстанда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қамтамасыз ету проблемаларын тиімді шешу, бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құрудың тек қана бастапқы сатысында жүруіне байланысты күрделене түсуде. Азаматтық қоғам қалыптасуының бастапқы сатысының ерекшелігі, қателіктер мен кемшіліктердің көп болуы, мемлекеттің жаппай билік етуінің қалыптасқан жағымсыз стереотиптерінің қирауы, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының реттелуі болып табылады.
Сонымен қатар, адамның құқығын қамтамасыз ету барысындағы ең алғашқы сенімсіз және ең ауыр қадамдар түсіндіруге болатындай және біршама жеңуге болатындай құбылыс болды деп болжауға болады. Қазақ мемлекеттілігі тарихында түңғыш рет адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп жарияланды. Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет тарапынан да, сол сияқты қоғам тарапынан да қамтамасыз ету, жеке тұлғаның соңғылары алдында жауаптылығы ұлттық идеяға айналып кетуі мүмкін, мұнда басты назарда адам, оның құқықтары мен бостандыктары, оның қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, шығармашылық келешегі үшін барынша жағдай жасау, сонымен қатар, отбасына қамқорлық жасау және отбасы мен бүкіл қоғам алдындағы жеке тұлғаның жауаптылығы мәселелері болуы тиіс,
Мысалы, бүгінгі күнде біз, тұтқындауға және қамауда ұстауға санкцияны тек қана сот береді деп конституциялық деңгейде үзілді-кесілді шештік (16-бап-тың 2-тармағы) /2/, бұл елдің ұлттык заңнамасын өзіміз бекіткен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралык пактіге толығымен сәйкестендіреді және әлемдік тәжірибе талаптарына сай келеді. Соған қарамастан, Қазақстан жағдайында бұл алдыңғы идеяны жүзеге асыру әр түрлі әдіс-тәсілдер мен механизмдерді қолдана отырып отандық тәжірибені қолдану жолымен, сонымен қатар, халықаралық қауымдастық пен неғүрлым дамыған және өркениетті шетелдік мемлекеттердің тәжірибелерін пайдалану жолымен мүмкін болады.
Негізгі халықаралық құқықтық құжаттар мен көптеген шет мемлекеттердің Конституцияларын, соның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясын зерделеу Қазақстанда құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды қалыптастыру, адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету төмендегідей негізгі құқықтық қағидаттарды жүзеге асырудан басталуы қажет екенін көрсетеді:
- Жеке түлғаның негізгі құқықтары мен бостан-дықтарының табиғи жолмен пайда болуы, олардың әрбір адамға тумысынан берілуі, олардың ажырамас және бөлінбейтін сипатта болуы. ТМД мемлекеттерін және Балтық жағалауы елдерін қоса алғанда, көптеген шет мемлекеттерінің Конституцияларында оларды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің конституциялық міндеті бекітілген немесе ұғынылады.
- Міндетті түрде жариялануға тиісті, адам құқықтарын реттейтін, бірден-бір акт ретінде құқықтық заңның үстемдігі. Ешқандай заңға тәуелді емес акт азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектей алмайды.
- Барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігін мойындау. Бұл, сондай-ақ барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарға да тікелей қатысты болады. Мемлекет пен жеке адам заң алдында тең құқылы болып табылады және тең құқылы әріптестер (конституциялық құқықтық қатынастардың субъектілері) ретінде қарастырылады, ал олардың мүдделерінің қандай да болмасын бұзылуы сот тәртібімен шешіледі.
- Мемлекеттің барлық аумағында негізгі құқықтар мен бостандықтардың бірлігі. Адам құқықтарын қамтамасыз ету (қорғау) Негізгі заңның нысаны болып табылады, соның негізінде және соған сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының актілері қабылданады.
- Жеке түлғаның құқықтары мен бостандықтарының басымдығы. Азаматтардың ұжымдық құқықтары жеке адамның құқықтары мен бостандықтарынан бастау алады және оларға қайшы келмеуі тиіс. Мемлекет немесе адамдар тобы ұжымдық құқықтарды қорғаймыз деген сылтауды негізге алып жеке тұлғаның қандай да бір құқықтарын шектеуі немесе жоюы мүмкін емес.
- Заңдылық қағидасы және адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын негізсіз шектеуді немесе бұзуды болдырмау. Іргелі құқықтар мен бостандықтар кез келген жағдайда сақталуы тиіс, соның ішінде соғыс жағдайында немесе төтенше жағдайда да. Олардың кейбіреулерінің шектелуі тек, егер төніп түрған қауіпі нақты және қүтыла алм. айтындай болса немесе оның салдары тұтастай мемлекет пен қоғамға қауіп төндіріп түрғанда, ал дағдарыс ерекше сипатқа ие болғаңда ғана занды болады.
Жоғарыда көрсетілген қағидалар, бұрын айтылып кеткендей, халықаралық құқықта, көптеген шет мемлекеттердің Конституцияларында және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында заңды түрде бекітілді.
Бұл маңызды қағидаттарды жүзеге асырудың қалыптасқан мемлекеттік құқықтық тәжірибесі, олардың декларативтік, даулы сипатта болатынын көрсетеді, өйткені, олар мемлекетті қоса алғанда, әр түрлі құқық субъектілері тарапынан бүзылып отырады және әзірше оларды жоғары деңгейде жүзеге асырудың тиімді жағдайлары жасалмаған.
Мемлекет пен жеке адамның арақатынасындағы, соңғысының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қамтамасыз ету саласында көптеген проблемалар болуының басты себебі, құқық қорғау органдарын қоса алғанда, соның ішінде ішкі істер органдарының, мемлекеттік билік органдарының құқыққа бағыну жағдайының болмауынан, біз мемлекеттің қоғам алдындағы конституциялық жауаптылығын жүзеге асырудың және Қазақстанның бүқіл аумағында зандылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің тиімді механизмінің болмауынан деген тұжырымға келдік.
Қазақстан Республикасы аумағында қазіргі жағдайда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету проблемаларын тиімді шешу тек халықаралық құқықтың қайнар көздерінде және елдің Конституциясы мен өзге де заңдарында бекітілген қағидаттарды сақтау мен іс жүзінде жүзеге асырудың өзге де нысандары арқылы болуы мүмкін.
Аталған проблемаларды шешу үшін барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді, ішкі істер органдары қызметкерлерін қоса алғанда, лауазымды тұлғалардың құқықтық мәдениеті деңгейін түрақты түрде көтеруге бағытталған әр түрлі конституциялық және халықаралық механизмдер мен процедураларды, құқық қорғау қозғалыстарының қолдауын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүмкіндіктері мен мемлекеттің ақылға қонымды саясатын пайдаланған орынды.
Осылайша, өркениетті мемлекет жеке адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында, азаматтық қоғамды, бір жағынан, азаматтардың мемлекет пен оның органдарының тікелей қол сұғушылығынан өзін-өзі қорғау тәсілі немесе құралы ретінде және екінші жағынан, мемлекет механизміне оны демократиялық бағдардағы құқыққа негізделген, жеке түлғаның құқықтық мәртебесінің, оның өмірі мен бостандығының лайықты әрі жеткілікті деңгейін камтамасыз етуге қызмет ету мақсатында тиімді ықпал ету институты ретінде түсіну тұжырымдамасын ұсынуға тиіс.
Тұлғаның құқықтық мәртебесі қоғамның мемлекеттік ұйымның толыққанда мүшесі ретінде жеке адамның заңдар мен өзге де құқықтық актілерде белгіленген құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы тұрғысынан көрінеді. Құқықтық мәртебе -жеке тұлғаның қоғамда заңды түрде қалыптасқан бостандығы, табиғи және саяси құқықтары, әлеуметтік кемеліне келген жағдайы, рухани, мәдени білімі. Ал, ғалым Қ. Д. Жоламан: "Мәртебенің мазмұны - адам қоғамдағы алатын орнын заңды түрде сипаттауы" деп анықтама береді.
"Адам" мен "азамат" ұғымдарын айқындап алатын болсақ, олардың арасында белгілі бір айырмашылық бар болса да, бірқатар жағдайда бір мәндес сөздер ретінде қолданылады. Адам ұғымы жеке адамның биологиялық әлеуметтік табиғатын білдіреді. Мындаған жылдар бойы адам денесінің анатомиялық құрылысы өзгерген жоқ. Ал әлеуметтік немесе тұлға сипатындағы тұрғыдан алғанда адам орасан зор даму жолынан өтті. Кез келген нақтылы адам тұлға болып саналады және ол табиғи және әлеуметтік ерекшеліктерге ие бола алады.
Азамат ұғымы адамның кез келген мемлекетпен емес, тек өз елімен ғана құқықтық байлыныста екендігін аңғартады. Оның тығыз байланыстылығын мынадан көруге болады: мемлекет азаматтарға толық құқықтар мен бостандықты белгілеп береді.
Конституцияда «азамат» термині қолданылған кезде Қазақстан Республикасының азаматы деп жиі айтылады. Себебі басқа мемлекеттерде тұратындар сияқты Қазақстан аумағында тұрып жатқандардың бәрі бірдей оның азаматы болып табылмайды. Олардың арасында шетелдік азаматтар немесе азаматтығы жоқ адамдар болуы мүмкін. Олардың құқықтары мен бостандықтары сол мемлекет азаматтарына қарағанда шектеулі болады, мысалы, кейбір саяси және әлуметтік-экономиялық құқықтарының, соның ішінде сайлауға не сайлануға, әскер қатарына алынуға, жоғары лауазымды қызметке көтерілуіне болмайтындығы.
Адамның өмір сүру құқығын іс жүзінде асырған кезде оның туу фактісі ғана қажет, ал оның азамат пен тұлға қасиетеріне ие болуы міндетті емес. Бұдан басқа құқықтарды іс жүзіне асырған кезде адамның тұлға, азамат болуы шарт.
Қазақстан Республикасы Конституциясының бір бағыты 1-бабында бекітілген: «Адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы». Олар Қазақстан Республикасы Конституциясының «Адам және азамат» атты 2 бөлімінде толық реттелген, ал 12-бапта былай делінген: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі». Осыған байланысты мемлекет билігі үш тармағының жұмысында азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін конституциялық негізде бекітуге, нақты іске асыруға және тиісінше айрықша мән береді.
«Қымбат қазына» ұғымы конституциялық мәтінге енгеннен кейін іс жүзенде адамгершілік категория бола отырып, құқықтық категорияға да айналды және қоғам мүшелерінің баршасы үшін мемлекет билігі қолында барларға да, жоқтарға да міндетті ереже болып табылады.
Адам мен азаматтың құқықтарының айырмашылығы оншалықты емес болса да, мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тек азаматтық қана құқық береді. Азаматтықты анықтайтын құжат төлқұжат болып табылады. Азаматтыққа қабылдану нәтижесінде Қазақстан Республикасы азаматтығын алған адамдар үшін азаматтық жағдайының мерзімі тиісті адамға азаматтық беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылған күннен бастап есептеледі, ал тұрғандығы - азаматтық жағдайы туралы куәлігі бойынша анықталады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 10-бабының 2-тармағында «Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлеге аластауға болмайды» делінген. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай тең құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. Қалай болса да, адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.
Конституциядағы тұжырымда сөз етілетін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басқа зандардағы (қылмысты істер жүргізу, азаматтық істер жүргізу, неке және отбасы, азаматтық, т. б. кодекстерінде) құқықтар мен бостандықтарға қарағанда ең негізгісі екенін есте әрдайым ұстауымыз қажет.
Халықаралық құқықтың жалпы мойындалған қағидаттары мен қалыптарының ұлттық заңдардан басымдылығын мойындау - Қазақстан Республикасында мемлекет пен тұлғаның өзара қатынастарының негізгі қағидаттары болып есептелінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz