Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтарын қорғаудағы сот билігінің маңызы мен ролі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
2046 Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтарын қорғаудағы
сот билігінің маңызы мен ролі
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1 Сот билігі – мемлекеттік биліктің тармағы ретінде
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.1 Сот билігі және заң шығарушы биліктің жоғарғы органы – Қазақстан
Республикасы Үкіметінің арасындағы өзара қатынастар
... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2 Мемлекеттік биліктің сот және атқарушы тармақтары
арасында өкілеттіктерді бөлу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..13
1.3 Қазақстан Республикасының сот билігін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың
құқықтық негіздерін жетілдіру және сот билігінің құқықтық қызмет атқару
функциялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...25
2 Конституциялық кепілдіктерді қамтамсыз етудегі Қазақстан Республикасы сот
билігінің ролі мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...41
2.1 Сот төрешісі (судья) ұғымы: қалыптасуы мен даму кезеңдері және қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
2.2 Судьялардың құқықтық жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
3 Жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі сот
билігінің кейбір
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 57
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...62
Пайдаланған дереккөздер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..67

Кіріспе

Ғылыми жұмыстың маңыздылығы. Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары деп жариялағаны белгілі. Республикада мемлекеттік билік
заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі
тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес
жүзеге асырылады.
Осы Конституциялық тұжырымға орай мемлекеттік биліктің барлық
институттарының үйлесімді істеуі ерекше маңызға ие болады, себебі билік
тармақтарының келісе, түсінісе атқарған іс-қимылы ғана мемлекетің,
қоғамның, адам мен азаматтың өзара қарым-қатынасында пәтуаластыққа, баянды
ынтымақтастыққа қол жеткізеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан
халқына арналған жолдауында: - Алайда біздің бүгін қоғамымыздағы саяси
реформаның қарқыны экономикалық өзгерістеріміздің ауқымынан біршама
кейіндеп қалғанын мойындауымыз керек- деп көрсете келе, мемлекетіміздің
саяси жүйесін демократияландырудың бірнеше негізгі бағыттарының ішінде
бірінші кезекте сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту, құқықтық реформа
жүргізу мәселелерін айтады [1].
Сондықтан да Қазақстан мемлекеттігінің қазіргі қалыптасуы, дамуы және
жетілуі жағдайында, ең алдымен, мемлекеттік биліктің барлық тетіктерінің
жан-жақты жұмыс істеуіне қол жеткізетін аса маңызды құрал ретінде сот
билігі тармағының рөлі мен маңызын жаңа сапада зерттеу қажеттігі туып отыр,
бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының Негізгі заңының 1-бабында
жарияланған конституциялық негіздеменің лайықты жүзеге асуын қамтамасыз
ететін қажетті фактор да болуға тиіс [2].
Демек, тәуелсіздікке қол жеткізген егеменді Қазақстандағы сот
құрылысы, сотта іс жүргізу, сондай-ақ судья ісіндегі кәсіпқойлықты,
тәуелсіздікті дамыту мәселелерін кешенді зерттеудің ғылыми-құқықтық және
теориялық-тәжірибелік тұрғыдағы өзектілігі мен маңыздылығына баса көңіл
бөлу керек, бұл жерде қазір қолданылып жүрген Конституцияда көрініс тапқан
идеялар, қағидалар мен ережелер және болашақтағы болжамды істер мен жаңа
ағымдар, соның ішінде қоғамның дамуы мен мемлекетті басқарудың логикалық,
ғылыми-теориялық негіздерімен және парасат-пайымды қажеттіліктерімен
тікелей байланысты қоғамдық қатынастарды құқықтық жолмен реттеуді
жақсартуға бағытталған заңдылықтарды жетілдіру саласындағы жаңа бағыттар
ескеріліп, негізге алынуға тиіс.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаттары мен міндеттері:
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бір саласы сот
тармағының жүйесі мен қызметін жетілдірудің ұйымдастырушылық-құқықтық
негіздерін зерделеу;
- мемлекеттік билік мақсаты болып табылатын адам мен азаматтың
конституциялық мәртебесін мейлінше толық түрде жүзеге асыратын құрылымдар
ретіндегі сот органдарының мәні мен олардың іс-тәжірибесін зерттеу;
- дипломдық жұмыста зерттеліп отырған мәселелер негізінде сот билігі
конституциялық-құқықтық жағынан жан-жақты дамып және сол арқылы биліктің
бөліну принципінің тиімділігін қамтамасыз етіп отырған демократиялық
құқықтық мемлекетте аталған биліктің жұмыс істеуінің оң тәжірибесін
зерттеу;
- Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесін кешенді түрде жан-жақты
зерттеп талдау, судьяның құқықтық жүйедегі орнын айқындау;
- Жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің қазіргі
проблемаларын айқындау.
Жоғарыда аталған мәселелерді зерттеудің басты мақсатын айқындай келіп,
бұл мәселелерді теориялық-құқықтық тұрғыда жүзеге асырудың негізгі
міндеттері мыналар:
- сот жүйесі органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық-
құқықтық негіздеріне талдау жасау және оларды құқықтық мемлекет пен
демократиялық азаматтық қоғамды қалыптастыру міндеттерін ескере отырып, жан-
жақты дамыту;
- сот құрылысы, сотта іс жүргізу жүзеге асыру жөніндегі қолданылып
жүрген заңдардың теориялық-құқықтық идеяларын, қағидалары мен ережелерін
онан әрі дамыту;
- Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесіндегі судья мәртебесінің
ерекшелігін анықтау;
- мемлекеттік биліктің заң және сот билігі тармақтарының арасындағы
өзара қарым-қатынастарды сапалық жағынан жаңа деңгейде үйлестіру;
- мемлекеттік биліктің сот және атқарушы тармақтарының арасындағы
өзара қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін зерттеп, айқындау.
Зерттеудің объектісі мен пәні. Тәуелсіз егеменді Қазақстан
Республикасындағы сот құрылысын, сотта іс жүргізуді, сот төрелігін жүзеге
асыру принциптерін дамытудың өзекті мәселелері зерттеу жұмысының объектісі
болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы сот реформасының жай-күйін нақты іске
айналдырудың конституциялық-құқықтық негіздері, сол сияқты 1995 жылғы
Қазақстан Республикасының Конституциясының идеялары, қағидалары мен
ережелері, барлық мемлекеттік билік құрылымдарының қарым-қатынасының
сапалық жағынан жаңа жағдайлары, нысандары мен әдістерінің болжамды
болашақтары зерттеу жұмысының пәні қызметін атқарады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары мен
бостандықтарын қорғаудың сот механизмі, оның ерекшеліктері белгіленіп отыр.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері. Қазақстан
Республикасы Президентінің 1994 жылғы 12 ақпандағы жарлығымен бекітілген
Сот-құқықтық реформасы Мемлекеттік бағдарламасы, осы бағдарламаның екінші
кезеңін орындау барысында өткізіліп жатқан шаралар, сол сияқты Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сот-құқықтық реформаны жүзеге
асыру жолдарын көрсеткен еңбектері; әсіресе сот құрылысына, сотта іс
жүргізуге, сот төрелігін жүзеге асыру принциптеріне айрықша көңіл бөле
отырып, мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлу принципінің теориясы мен
тәжірибелеріне арналған ғалым-заңгерлердің еңбектері зерттеудің әдістемелік
және теориялық негіздерін құрайды.
Осы жұмысты жазу кезінде көптеген арнаулы ғылыми, ғылыми-көпшілік
әдебиеттер, мемлекет пен құқық теориясы мен тәжірибелеріне, Қазақстан
Республикасының конституциялық құқығына, шетелдік мемлекеттердің
конституциялық құқығына арналған әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдарының
мағлұматтары пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Мемлекеттік
биліктің үш тармаққа бөлінуінің теориясы мен тәжірибесін жетілдірудің
өзекті мәселелерін ескере отырып, зерттеудің қорытындылары заң ғылымының
бірқатар салаларын одан әрі дамытуға, жаңа әдістемелік оқу құралдарын
дайындауға, заңгерлерді даярлауға, сол сияқты Қазақстан Республикасында
жалпы құқықтық білім беру жұмыстарын ұйымдастыруға оң әсер етеді, тиісінше
қолданысқа ие болады.
Дипломдық жұмыстың құрылым. Еңбек кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған дерек көздер тізімінен тұрады.

1 Сот билігі – мемлекеттік биліктің тармағы ретінде
1.1 Сот билігі және заң шығарушы биліктің жоғарғы органы – Қазақстан
Республикасы Үкіметінің арасындағы өзара қатынастар

Мемлекеттің егемендігі конституциялық құрылыс негіздерінің бірі
ретінде Конституциямен жария етіледі. Егемендік республиканың бүкіл аумағын
қамтиды, өз аумағында және одан тысқары жерлерде, Қазақстан Республикасы
халқының ерік-жігері негізінде, басқа мемлекеттерге тәуелсіз жағдайда, өз
алдына дербес мемлекет функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуде 1990 жылдың 25
қазанында қабылданған Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы
Декларация айрықша рөлге ие. Қазақстан Республикасының егемендігін 1991
жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы одан әрі
нығайта түсті. Ол Қазақстан Республикасының дербес және тәуелсіз мемлекет
ретінде бекітті. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы егемен мемлекет болып
табылады.
Қазақстан Республикасы егемендігінің негізін оның аумағы, жері,
қойнауы, табиғат байлықтары, мәдени құндылықтары және барлық экономикалық
потенциал құрайды. Егемендіктің бастауы – халық, сонымен қатар егемендік
Қазақстан Республикасының әрбір азаматына таратылады. Мемлекеттік егемендік
ең алдымен мынадан көрініс табады: Қазақстан Республикасы ішкі құрылымға
қатысты және басқа мемлекеттермен арадағы қатынастарға байланысты барлық
мәселелерді өз алдына дербес шешуге хақылы. Егемендік идеясы 1995 жылғы
Қазақстан Республикасының Конституциясында да алдыңғы қатарда тұр.
Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы – президенттік басқару
нысанындағы біртұтас мемлекет болып табылады. Біртұтастық Қазақстан
Республикасы конституциялық құрылысының маңызды бір бөлігі болып табылады.
Біртұтас мемлекет ретінде Республика өз алдына дербес мемлекеттікке ие емес
әкімшілік-аумақтардан тұратын бірыңғай, саяси біртекті құрылымымен
сипатталады. Біртұтастық бірыңғай азаматтыққа, заңдарға және мемлекеттік
органдар жүйесіне негіз болады.
Қазақстан Республикасында билік біртұтас, дегенмен ол Конституция мен
заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну,
олардың тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл
жасау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік билік – бұл мемлекеттік – құқықтық құралдар, әдістер мен
тәсілдер жүйесі. Осылардың көмегімен билік етуші субъектілердің ерік-жігері
іске асырылады немесе қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және рухани
салаларын басқару жүзеге асыру. Билік мемлекеттік буындар арқылы көрінеді.
Оның бірі – мемлекет органы.
Мемлекет органы дегеніміз – белгіленген тәртіппен құрылған азаматтар
ұжымы, ол бірыңғай мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылады. Оған
мынадай белгілер тән: біріншіден, орган мемлекет орнатқан тәртіпте
құрылады; екіншіден, органға мемлекет өз міндеттері мен қызметін жүзеге
асыруы үшін уәкілеттілік береді; бұл орайда ол жекелеген қызметті де,
қызметтер жиынтығын да (мысалы, Парламент) орындау мүмкін, үшіншіден,
органға мемлекеттік билік берілген. Ол басқа мемлекеттік органдар,
лауазымды адамдар, азаматтар орындауға тиісті міндетті актілер шығара алады
және өздері шығарған актілердің орындалуын қамтамасыз етеді; төртіншіден,
мемлекет органдары үшін белгіленген ережелерге сәйкес әрекет етулері тиіс.
Мысалы, сот төрелігі органдары үшін азаматтық және қылмыстық істері
қараудың белгілі бір тәртібі белгілеген [3].
Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда
көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған
алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.Қазақстан Республикасында
сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады.
Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң
актiлерiн шығаруға тыйым салады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың
судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ. Сот
iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды
басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына
немесе бақылауға алуына болмайды. Сот билiгi Қазақстан Республикасының
атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының,
заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық
шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.
Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де
адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген
құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе
оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы
қорғалуға кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары
мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың
қарау құқығынан айыруға болмайды. Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және
заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге
асырылады.
Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек
Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен
тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк
құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi.
Соттың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да бiр
араласуға жол берiлмейдi және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.
Судьялар нақты iстер бойынша есеп бермейдi. Сот iсiн жүргiзудiң белгiленген
тәртiбiне қарамастан берiлген сот iстерi бойынша, сондай-ақ соттың
құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша өтiнiштердi сот қараусыз қалдырады
немесе тиiстi органдарға жiбередi.
Сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген
жауаптылыққа әкеп соғады.
Сот актiлерi мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi
талаптарын барлық мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке
және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актiлерi мен судьяның
талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
Мемлекеттiк билiктiң нышандары. Соттар ғимараттарына және сот отырысы
залдарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы орнатылады және
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының бейнесi қойылады.
Судьялар сот төрелiгiн судья мантиясын киiп жүзеге асырады, оның нысаны мен
сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметін
іске асыру нысаны бойынша – өкілді, атқарушысы, сот, прокуратура және
өзге де бақылаушы-қадағалаушы органдарға бөлінеді. Бұл органдар заң
шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу қағидатына негізделген.
Қазақстандағы Республикасында мемлекеттік органдарды құру және олардың
қызмет етуін айқындаушы негізгі қағидат билікті бөлу теориясы болып
табылады, ол билікті органдар және лауазымды адамдар, әлеуметтік топтар,
мекемелер немесе жекелеген адамдар тарапынан қиянат болмауы үшін амалдар
жасайды. Бұл орайда олардың әрқайсысы дербес әрі бірін-бірі тежеуші әрі
тепе-тендік жүйесі бола отырып, өз қызметтерін органдардың айрықша жүйесі
және ерекшелікті нысандар арқылы жүзеге асырады.
Тежемелік және тепе-теңдік жүйесі (аса маңызды қағидаттың бірі) –
онда әлдебір билікті, басқа органның әрекетін белгілі бір дәрежеде шектеуге
мүмкіндік берілуі, мемлекеттің әлдебір тұтқасының билікті өз қолына
шоғырландыруын болдырмауы көзделінген. Билікті бөлу қағидаты
Конституциясының Президент, Парламент, Үкімет және соттар мәртебелерін
белгілейтін нормаларда іске асырылып нақтыланған. Бұл қағидалардың мазмұны
олардың өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылуын
білдіреді. Мысалы, Парламентке берілген заң қабылдау айрықша қызметі
Президенттің заңдарды қайтару құқығымен үйлестірілген. Президентке заңдарға
қайшы келмейтін жарлықтар шығару құқығы берілген. Ал, Үкіметке Конституция,
заңдар және Президенттің нормативтік жарлықтары негізінде және соларды
орындау үшін қаулылар шығару құқығы берілген, алайда оларды Парламент
бекітуі тиіс. Сот билігінің де құқықты шектеуші амалдары бар, ол
Конституцияда, заңдарда кінәсіздік, қорғану құқығы, азаматтардың заң, сот
алдында теңдігі, жариялылық, судьядан бас тарту және т.б. қағидаттарға
негізделген. Сөйтіп, биліктің бірде-бір тармағы бүкіл мемлекеттік билікті
тұтастай өзі иемденіп кете алмайды.
Қазақстан Республикасының Парламенті – Қазақстан Республикасының заң
шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан - Сенаттан және
Мәжілістен тұрады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі Палатасы – Мәжіліс
жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру
арқылы сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары палатасы -
Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады.
Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге
асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде
жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан
Республикасының екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының
бірлескен отырыстарында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті
депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Республиканың Президенті тағайындайды.
Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен
сайланады. Қазақстан Республикасының кемінде бес жыл азаматы болған жасы
отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, тиісті
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының
аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған азаматы алты жыл өкілеттік мерзімге
Сенат депутаты бола алады.
Сенаттың ерекше қаруына: Қазақстан Республика Президентінің ұсынуымен
Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын, Алқалар төрағаларын және Жоғарғы
Соттың судьяларын сайлау және қызметтен босату, олардың антын қабылдау;
Республика Президентінің Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық
Қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру және Қазақстан
Республикасы Конституциясының 55-бабында көзделген басқа да мәселелер
жатады.
Мәжіліс - Парламенттің төменгі палатасы. Ол жетпіс жеті депутаттан
тұрады. Алпыс жеті депутат Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі
ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бір
мандатты аумақтық сайлау округтері сайланады. Он депутат бара - бар өкілдік
жүйесі бойынша және біртұтас Жалпы ұлттық сайлау округінің аумағы бойынша
партиялық тізімдер негізінде сайланады. Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыға
бірдей тең және төре сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы
жүзеге асырылады. Республиканың жасы жиырма беске толған азаматы бес жыл
өкілеттік мерзімге Мәжіліс депутаты бола алады.
Парламент Палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте,
ал содан соң Сенатта өз кезегімен қарау арқылы: заңдар қабылдайды;
республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке
енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар
мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; Қазақстан
Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселелерін шешу тәртібін
белгілейді; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады және
Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабында көзделген басқа да
өзгерістерді жүзеге асырады.
Мәжілістің ерекше қарауына: заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және
қарау; Республика Парламенті қабылданған заңдарға Қазақстан Республикасы
Президентінің қарсылықтары бойынша ұсыныстар әзірлеу; және т.б. (Қазақстан
Республикасы Конституциясының 56-бабы) жатады.
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға
өзгертулер мен толықтырулар енгізеді; Конституциялық заңдар қабылдайды,
оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;
2. Республикалық бюджетті және Үкімет пен Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы
есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;
3. Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның
баптары бойынша ол қарсылық жіберген күннен бастап бір ай мерзім ішінде
қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы
Президент қасылығының қабылданғанын білдіреді. Егер Парламент әр Палата
депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік дауысымен бұрын
қабылданған шешімді қуаттайтын болса, Президент жеті күн ішінде заңға қол
қояды. Егер Президенттің қарсылығы ескерілмесе, заң қабылданбады немесе
Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі;
4. Президентке оның бастамасы бойынша әр палата депутаттары жалпы
санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару
өкілеттігін беруге хақылы;
5. Президенттің Республика Премьер-Министрін, Республика Ұлттық
Банкінің Төрағасын тағайындауына келісім береді;
6. Премьер-Министрдің Үкімет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап,
бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды, бағдарламаны қайтадан
қабылдамай тастау әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің
дауысымен жүзеге асырыла алады және бұл Үкіметке сенімсіздік көрсетілгенін
білдіреді. Ондай көпшілік дауыстың болмауы Үкімет бағдарламасының
мақұлданғанын білдіреді;
7. Әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік
дауысымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірінің
бастамасы бойынша немесе Конституцияда белгіленген жағдайларда Үкіметке
сенімсіздік білдіреді.
Парламент бұдан басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады (Қазақстан
Республикасы Конституциясыныңның 53 – бабы).
Парламент Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан
Республикасының Заңдары, Парламенттің Қаулылары, Сенат пен Мәжілістің
Қаулылары түрінде Заң актілерін қабылдайды.
Заңдар, аса маңызды қоғамдық қатынастарға реттейтін, мынадай мәселелер
бойынша шығарылуы тиіс:
1. Жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілеріне, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен
жауапкершілігіне;
2. Меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға;
3. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын
ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің
негіздеріне;
4. Салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;
5. Республикалық бюджетке;
6. Сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;
7. Білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;
8. Кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге;
9. Айналадағы қоршаған ортаны қорғауға;
10. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына;
11. Мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты
негізгі принциптер мен нормаларды белгілеуге қатысты.
Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелді актілермен реттеледі.
Республиканың мұндай заңдары Республика президенті қол қойғаннан кейін
күшіне енеді. Парламент пен оның палаталарының Заң актілері, егер
Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының
көпшілік дауысымен қабылданады, ал Конституциялық заңдар Конституцияда
көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде
үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданады.
Қазақстан Республикасының Президенті мынадай жағдайларда: Парламент
Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер – Министрді
тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде Парламенттің Палаталары
арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік өкіметтің басқа тармақтары
арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда
Парламентті тарата алады. Бірақ, Парламентті төтенше жағдай немесе соғыс
жағдайы кезеңінде Президент, өкілеттілігінің соңғы алты айында, сондай-ақ
осынын алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды.
Парламенттің ағымдағы қызметі тұрақты комитеттерде атқарылады,
олардың саны әр Палатада жетеуден асуы тиіс. Палаталардың бірлескен
қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен Мәжіліс тепе-тең негізде
бірлескен комиссиялар құруға қақылы. Заң жобасы Мәжілістің тұрақты
комитетінде алдын ала қаралып, комитет ол бойынша қорытынды бергеннен кейін
Мәжілістің жалпы отырысында талқыланады. Әдетте, талқылау екі оқылымда
өтеді. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және конституциялық
заңдар қабылдау немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері
бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті.
Қаралған заң жобасы бойынша Сенаттың Президент сияқты қарсылық білдіру
құқығы бар. Тұтас алғанда, Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік
даусымен қабылданбаған жоба Мәжіліске қайтарылады. Егер мәжіліс депутаттары
жалпы санының үштен екісінің көпшілік дауысымен жобаны қайтадан мақұлдаса,
ол Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға беріледі.Қайта
қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгізуге болмайды
[4].
Әрине, бұл жерде осы аса күрделі мәселені шешуде, бейнелеп айтқанда,
даналық анықтама да, зерделі көзқараста, сенімді айқын жол да керек.
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, бұл жерде мына жайды айрықша атап
көрсеткен жөн болады: қоғамды басқарудың ең маңызды институттарының бірі,
сөзсіз, жұртшылық билігі болып табылады, ол қоғамның эволюциялық жетілуі
мен дамуына қарай күрделеніледі, мемлекеттің басқару және заң шығару жүйесі
органдарымен бірге оның құрылымына енеді, саяси, мемлекеттік билікке ие
болады, белгілі бір саяси секіріс ретінде, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-
өзі реттеу институтынан саяси билікке айналады, демек, қоғам тұрғысынан
алғанда, қоғамнан бөлінген және оның үстінде тұрған сыртқы күш ретінде
көрінеді.
Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамды саяси қолдауды қамтамасыз етеді,
яғни мұндай мемлекеттің өзі әлеуметтік-қоғамдық қатынастардың
тұрақтылығына, баяндылығына қол жеткізу идеяларына негізделген. Келісім мен
үйлесімділікке қол жеткізудің мүмкін болатын барлық жолдарын, әдістерін,
нысандары мен тәсілдерін толық пайдаланғаннан кейін ғана құқықтық
мемлекеттің заң жолымен күш қолдануына хақы бар.
Конституцияда Қазақстан Республикасында сот билігінің құқықтық
мәртебесі Қазақстан Республикасы Парламенті заңымен ғана белгіленуі қажет
екендігі айқын көрсетілуге тиіс.

1.2 Мемлекеттік биліктің сот және атқарушы тармақтары арасында
өкілеттіктерді бөлу

Қазақстан Республикасының Үкіметі - атқарушы биліктің маңызды тармағы
болып табылады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың
қызметіне басшылық жасайды. Оны Қазақстан Республикасының Президенті
құрады.
Атқарушы билік органдары – мемлекеттік биліктің осы тармағын жүзеге
асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік-басқарушылық қызметі іс жүзінде
жүзеге асыру, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл
сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік-құқықтық
мәртебесі көпшілігінде нақ осындай мемлекеттік органдардың қызмет аясында
шындыққа айналады.
Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір дәрежеде ұйым деген
ұғымнан туындайды, ол тар мағынада бірлескен қызметтің қандай да болмасын
түрін жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін ең аз дәрежеде болса
да адамдар ұжымының рәсімделген жекелеген бастауыш ұйымын білдіреді.
Ұйымдарды мемлекеттік және мемлекеттік емес сипатына қарай ажырату
алынған. Біріншілері ресми түрде мемлекетпен рәсімделеді. Екіншілері
олардың мүшелерінің еркімен рәсімделеді (мысалы, партия).
Мемлекеттік ұйымдардың тобына мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік
мекемелер және соңында мемлекеттік органдар енгізіледі. Бұл кәсіпорындар
мен мекемелерді біріктіретін ортақ белгі мынаған саяды. Олар өзінің
қызметін, оларды құратын мемлекеттің атынан, бірақ қандай да болмасын
биліктік өкілеттіктерсіз және өзінен сыртқары қандай болса да басқару
функцияларын атқармай, жүзеге асырады. Кәсіпорындар мен мекемелердің ішінде
басқару сипаты бар функцияларды тиісті ұжым емес, оның басшылары, яғни
әкімшілігі жүзеге асырады.
Бұл келтірілген жағдайлар атқарушы билік органдардың ерекшелігін
түсіну үшін қажет. Олар мемлекеттік ұйымдардың жүйесінде ерекше орындалады,
ол өзінің тікелей көрінісін мыналардан табады.
1. Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот биліктері органдарымен
қатар мемлекеттік аппараттың бөлек буыны болып табылады. Бұл, біріншіден,
олардың мемлекет атынан тікелей өкілдік ететінін, шаруашылық, әлеуметтік-
мәдениет және әкімшілік-саяси өмірдің әр түрлі салаларында оның саясатын
жүзеге асыратының білдіреді және екіншіден, оларға мемлекет бұл үшін
қажетті мемлекеттік-биліктік өкілеттіктердің белгілі бір көлемін береді,
бұлардың кәсіпорындар мен мекемелерде болуы мүмкін емес.
2. Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік биліктің сипаты
бар өкілеттіктердің мәні, олардың:
- Мемлекет атына ұйымдастыру бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан
жеке және заңды тұлғаларға арналатын заңды түрде міндетті болатын құқықтық
актілер шығады;
- Құқықтық актілермен белгіленген талаптар мен ережелердің сақталуына
мемлекет атынан байқап отыруды немесе қадағалауды жүзеге асыру;
- Заңды түрде міндетті болатын актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз
ету және оларды бұзушылықтан өзінің сипаты бойынша мемлекеттік иландыру,
түсіндіру, мадақтау т.с.с. шараларды, ал қажет болған жағдайларда -
мемлекеттік (әкімшілік) мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қорғау
құқығынан көрініс табады.
1. Атқарушы билік органдарының мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері тек
мемлекеттік-басқарушылық қызмет мақсаттарына ғана пайдаланылады. Бұл
органдар заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді орындау
үшін құрылады.
2. Атқарушы билік органдары өзінің қызметін заңға тәуелді негізде
атқарады. Бұл мемлекеттік-басқарушылық қызметтің негізгі базасы заң
екендігін білдіреді, оның субъектілері осы мемлекеттік органдар болып
табылады.
3. Республиканың дар, сондай-ақ аймақтың да деңгейлерін - де болатын
атқарушы билік органдары мемлекеттік әкімшіліктің бірыңғай жүйесін құрады.
Осы жүйенің шегінде оның әрбір буынының, яғни нақты атқарушы билік
органының қажетті қолма-қолдық дербестігі болады. Ол өзінің көрінісін, сол
сияқты осы органға тиісті өкілеттіктердің көлемі мен тапсырылған іс үшін
оның жауапкершілігінің шарасын да оның құзыретінен (міндеттері,
функциялары, өкілеттіктері, жауапкершілігі) табылады. Бұл органдардың
құзыретінің негіздері жарым-жартылай Конституцияда және заңнамалық
актілерде бекітіледі.
4. Азаматтық құқық қабілеттілік атқарушы билік органдарының құқықтық
мәртебесінің белгісі болып табылмайды. Оларды сипаттау үшін Заңды тұлғаның
санатын жалпы алуға болмайды, өйткені олардың жүзеге асыратын мемлекеттік-
басқарушылық қызметінің сипатын да, сондай-ақ оларға тиісті мемлекеттік
биліктік өкілеттіктердің ерекшелігін де білдіруге қабілетсіз.
5. Атқарушы билік органдары адамдардың белгілі бір ұжымы әкімшілік-
басқарушылық персоналдық қызметкерлері немесе мемлекеттік қызметшілер.
Ұжымның шеңберінде белгілі бір ұжымдық-құқықтық байланыстар жасалынды,
функцияналдық міндеттер мен құқықтар бөлінеді, сондай-ақ тапсырылған
жұмыстың бөлігі үшін жауапкершілік айқындалады. Бұл мемлекеттік қызметтік
қатынастар, өйткені осы органның қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер
болып табылады.
6. Атқарушы билік органдарының ұйымдастыру құрылымы, яғни бағынышты
құрылымдық бөлшектер құруын болжайтын ішкі құрылысы болады (мысалы,
министрліктердің департаменттері). Олардың қызметі осы атқарушы билік
органының өзінің сыртқары, яғни тікелей мемлекеттік басқару аясында
міндетін тиімді орындауға қабілетті болу үшін қажет ішкі ұйымдастырудың
көрінісі болып табылады.
7. Атқарушы биліктің әрбір органының мемлекеттік-басқарушылық
қызметінің белгілі бір аумақтық немесе қызметтік көлемі болады. Біріншісі
осы органның жүзеге асыратын өкілеттіктерінің не Қазақстанның бүкіл
аумағында, не белгілі бір аймақта күші болатынын білдіреді. Екіншісі не
жалпы басқарушы функцияларды (мысалы, Үкімет), не белгіленген қызмет
аяларында арнаулы сипаты бар белгілі бір басқару функцияларын жүзеге
асырылуы мүмкін.
Сонымен, атқарушы билік органы деп мемлекеттік-биліктік механизімінің
(мемлекет аппаратының) мынадай буыны түсініледі, билікті бөлу принципіне
сәйкес мемлекет оған қоғамның шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және
әкімшілік-саяси өмірінің әр түрлі облыстарында атқарушы-өкім етуші қызметін
іс жүзінде жүзеге асыруды тапсырады.
Қағидалар – бұл атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің
аса маңызды саяси-құқықтық және ұйымдастыру-құқықтық негіздері.
1. Заңдылық мемлекеттік - басқарушылық қызметтің заңға
тәуелсіздігінен, сондай-ақ Конституция мен заңдардың жоғары тұратындығынан
туындайды. Атқарушы билік органдары заңнама талаптарын қатал сақтауға,
оларға тапсырылған қызмет аяларында оны қамтамасыз етуге міндетті.
2. Мемлекеттік - басқарушылық қызмет объектілерінің ерекшеліктерін
ескеру қағидасы. Мұның маңыздылығы мемлекеттік объектілермен қатар көптеген
мемлекеттік емес құрылымдардың, жеке меншік институттарының, әр түрлі
қоғамдық бірлестіктердің пайда болуымен, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтары одан әрі кеңейе түсуімен байланысты.
Осыған сәйкес басқарушылық ықпал етудің әр түрлі әдістерін таңдау,
тікелей басқару құралдарын шектеу, мемлекеттік реттеу (үйлестіру)
құралдарын кеңірек пайдалану, жалпы мемлекеттік және аймақтық мүдделерді,
орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіру қажеттілігі пайда болады.
3. Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінде алқалық пен
дара басшылықты дұрыс үйлестіру мемлекеттік - басқарушылық қызметтің
негізгі мәселелерін шешкен кезде ұжымдық пікірді ескеруді қамтамасыз етеді.
Осы мақсатпен атқарушы биліктің тиісті органдарының жанынан құрылатын әр
түрлі консультативтік, үйлестірушілік, ақылдасатын кеңестер комиссиялар
кеңінен өріс алуда. Орталық және жергілікті атқарушысы органдарда
(мысалы, министрліктерде) алқалар құрылады.
Сонымен бірге, дара басшылық атқарушы-өкім ету сипаты бар қызмет үшін
қажет тиісті тәртіпті қамтамасыз етудің, сондай-ақ дара басшының
басшылығымен жауапты басқару режимін орнатудың құралы болып табылады.
- Жоғарыдағы қағидалар келесі - тұтастай атқарушы билік органдарының және
әрбір мемлекеттік қызметшінің оларға тапсырылған жұмыс бөлігі үшін
жауапкершілігі туындайды. Бұл принцип атқарушы билік органдары туралы
ережелерде Мемлекеттік қызмет туралы 1999 ж 23 шілдедегі заңда, тәртіп
туралы жарғыларда және лауазымдық нұсқауларда бекітіледі.
- Атқарушы билік органдары жұмысының жариялылық принципі өзінің жұмысының
аса маңызды нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жария
етуді, жалпы жұртқа хабарлап жеткізуді болжайды.
Атқарушы билік органдары өз қызметінің мазмұны және нақтылы бағыты
бойынша ажыратылады. Оларды төмендегідей түрлі топтарға бөлуге болады.
1. Қызметінің аумақтық көлемі бойынша атқарушы билік органдарының екі
деңгейін бөлуге болады: республикалық және жергілікті. Бұл белгі унитарлық
мемлекет құрылыспен және Қазақстан Республикасын әкімшілік-аумақтық
бөліністерге бөлумен байланысты. Қазақстанның бүкіл аумағына Үкіметтің,
Республика министрліктерінің және өзге де республикалық атқарушы билік
органдарының қызметі таратылады. Жергілікті: облыстардың, аудандардың,
қалалардың, ауылдардың (селолардың) кенттердің атқарушы билік органдары
өзінің қызметін тиісті аумақтың шеңберінде жүзеге асырады.
Республикалық атқарушы билік органдары жергілікті жерлерде өздерінің
аумақтық органдарын (басқармалар, департаменттер және т.б.) құра алады,
бірақ олар жергілікті атқару органдары жүйесіне кірмейді.
Мұның сыртында, кейбір республикалық атқарушы билік органдарының аумақ
аралық органдары болады. Олардың қызметі бірнеше аумақтарды қамтиды
(мысалы, темір жол, әскери округтар және т.б.).
2. Ұйымдастыру-құқықтық нысандары бойынша, бұл ең алдымен олардың
аттарынан көрініс табады. Республика деңгейінде мыналар ажыратылады:
Қазақстан Республикасының Үкіметі, министрліктері, агенттіктері,
комитеттері, ұлттық комиссиялары, өзге де атқарушы билік органдары.
Жергілікті жерлерде мұндай нысандарға әкімдер, әкімдіктер, комитеттер,
басқармалар, департаменттер, бөлімдер және өзге де органдар жатады.
1. Атқарушы билік органдары құзыретінің сипатына байланысты мыналарға
бөлінеді:
- Жалпы құзыретті, яғни мемлекеттік-басқарушылық қызметтің барлық немесе
көпшілік бөлшектеріне таратылатын функциялар мен өкілеттіліктерді жүзеге
асыратын органға. Бұлар аса маңызды органдар: Үкімет, әкімдер, әкімдіктер;
- Салалық құзыретті, яғни өздеріне тапсырылған басқару салаларының
немесе қызмет аяларының шеңберінде функциялар мен өкілеттіліктерді жүзеге
асыратын органдарға (мысалы, денсаулық сақтауды, ішкі істерді т.с.с.).
Бұлар, әдетте, министрліктер, жергілікті атқарушы органдар.
- Салааралық құзыретті, яғни барлық немесе бірнеше салалық жүйелерге
жалпы бірдей болатын олардың қарастылығына жатқызылған арнаулы мәселелер
бойынша функциялар мен өкілеттіліктер де, агенттіктер де, ведомстволар да
және т.б. болуы мүмкін.
Бұлардың арасынан кейде салалық және салааралық құзыретті органдар
белгілерін қамтитын арнаулы және аралас құзыретті органдарды бөледі. Мұндай
құзырет көпшілігінде әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы республикалық
орталық атқарушы билік органдарына тәнді.
1. Өз ведомствосына қарасты мәселелерді шешу тәртібі бойынша мыналар
ажыратылады:
- Алқалы органдар, оларда құзыретінің негізгі мәселелері осы орган
мүшелерінің көпшілік даусымен шешіледі (мысалы, Үкімет, әкімдіктер алқалы
болып табылады);
- Дара басшылық органдары, оларда негізгі мәселелерді шешу өкілеттіктері
басшының қолына шоғырландырылған (барлық қалған органдар, мысалы,
министрліктер [4].
Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің жоғары алқалы
органы болып табылады. Мұндай анықтама Қазақстан Республикасы Үкіметінің
заңи табиғатын ашады, мемлекеттік билікті бөлісі жүйесіндегі орнын
көрсетеді және оның қызмет сипатын бағалайды. Барлық атқарушы органдарды
басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайтын жоғары атқарушы орган ретінде
ол елде мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің жеке тармағы
болып табылады.және мемлекеттің атқарушы билігін бейнелейді. Сондықтан
Конституция Үкіметтің мемлекеттік билік жүйесіндегі орнын анықтайды,
биліктің басқа тармақтарымен өзара қарым-қатынасының нормативтік негіздерін
белгілейді. Конституция Үкімет пен Парламенттің, Үкімет пен Президенттің
өзара қарым-қатынасын анықтап, тежемелік және тепе-теңдік механизмін
белгілейді. Үкіметтің сот билігімен де белгілі бір құқықтық байланысы бар.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Үкімет мемлекеттің
атқарушы билігінің жоғары органы ретінде атқарушы органдар жүйесін
басқарады (64-бап). Конституцияның аталған қағидасында бірыңғай деген сөз
болмағанымен, баптың мазмұны атқарушы билік органдарының бірыңғай жүйе
құрайтынына күмән тудырмайды. Ол конституцияның 87-бабымен дәлелденеді,
онда: Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы
органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді делінген. Үкіметтің атқарушы билік
жүйесіндегі жоғары орган ретіндегі жағдайы оның Қазақстан Республикасының
бүкіл аумағында жүзеге асырылатын және атқарушы биліктің жергілікті
органдарын қамтитын өкілеттіктермен қамтамасыз етіледі.
Үкімет атқарушы биліктің бірыңғай жүйесіне кіретін министрліктердің,
мемлекеттік комитеттер мен басқа да ведомстволардың жұмысын бағыттайды.
Үкімет атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Қазақстан Республикасы
Конституциясымен, Президенттің Конституциялық заң күші бар Жарлықтарымен,
басқа да нормативтік жарлықтарымен оның қарауына жатқызылған мәселелерді
шешеді. Үкімет өз құзыретінің шегінде нормативтік және өзге де актілер
қабылдайды, заңдардың, Президент Жарлықтарының орындалуын ұйымдастырады,
өзге де халықаралық шарттар жасасады, барлық атқарушы билік органдарын
басқарады, олардың қызметін бақылайды және заңдардың бұзылуын болдырмау
үшін тиісті шаралар қолданады.
Үкімет қызметінің құқықтық негізі Конституция, заңдар, Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлықтары болып табылады.
Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен Президент құрады. Жоғарыда
айтылғандай, Премьер-Министрдің кандидатурасын Президенттің өзі таңдайды
және Парламент мәжілісіне ұсынылған саяси партиялардың фракциялары
өкілдерімен ақылдасқаннан кейін Премьер-Министрге кандидатураны Мәжілістің
қарауына енгізеді. Парламент Мәжілісінің келісімінен алғаннан кейін,
Президент Премьер-Министрді, оның орынбасарларын, Үкімет аппаратының
басшысын, министрлерді, мемлекеттік комитеттер төрағаларын қызметке
бекітеді. Конституцияда Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы айтылған.
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заң күші бар
Жарлығында Үкіметтің құрылымын министрліктер мен өзге де орталық атқарушы
органдар құратыны айтылған. Үкіметтің құрамына Премьер-Министр, оның
орынбасарлары және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді.
Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсынысты Премьер-Министр тағайындалған
кейінгі он күндік мерзім ішінде енгізеді. Үкімет мүшелері халыққа және
Республика Президентіне ант береді. 2007 жылғы 21 мамырдағы Заң жаңадан
сайланған Парламент Мәжілісі алдында Республиканың Премьер-Министрі
Үкіметке сенім білдірген жағдайда, егер Президент өзге шешім қабылдамаса,
ол өзінің міндетін орындауды жалғастырады. Мұндай ереженің мәні мынада,
Президент пен Парламент Мәжілісінің сайлау мерзімі сәйкес келмеуі мүмкін.
Премьер-Министрді Мәжілістің келісімімен Президент тағайындайтындықтан,
Үкіметтің өкілеттік мерзімінің өтпегеніне қарамастан, жаңадан сайланған
Мәжіліс Премьер-Министрді тағайындауға келісім беру құқығын иеленеді.
Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде жұмыс
істейді және жаңа сайланған Президент алдында өзінің өкілеттігін тоқтатады.
Үкімет өз міндетін Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекігенше орындайды.
Үкімет өкілеттігін тоқтату және оның кез келген мүшесін қызметінен босату
туралы Президенттің өзінің жеке бастамасы бойынша шешім шығаруына құқығы
бар. Премьер-Министрді қызметінен босату Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуды
білдіреді.
Үкімет және оның кез келген мүшесі егер өзіне жүктелген қызметті одан
әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп есептесе, өзінің орнынан түсетінін
Президентке мәлімдеуге құқылы. Қандай жағдайда Үкіметтің тұтас немесе оның
жекелеген мүшесінің орнынан түсетінін мәлімдей алатындығы заңда көзделмеген
оған Парламентпен қоса өзара қарым-қатынасына қатысты емес әртүрлі
көзқарастар, басқа да себептер болуы мүмкін. Үкімет мүшелерінің орнынан
түсуіне олардың Үкімет Бағдарламасымен, Үкімет басшылығының жұмыс стилімен
келіспеуі, сырқаты және тағы басқалары себепші болуы мүмкін.
Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген кезде Конституцияда
көзделген жағдайларда, егер Парламент Үкімет енгізген заң жобасын
қабылдамай тастаса; 61-баптың 7- тармағы Үкімет өзінің орнынан түсетіні
туралы Президентке мәлімдейді. Республика Президенті он күн мерзім ішінде
орнынан кетуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені қарайды. Егер
Президент орнынан түсуді қабылдаса, онда ол оның орнынан түсуі туралы
мәлімденген Үкіметтің немесе оның мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын
білдіреді. Егер Премьер-Министр орнынан түсуді мәлімдесе, онда оның
орнынан түсуінің қабылдануы бүкіл Үкімет өкілеттігінің тоқтатылғанын
білдіреді.
Конституция Үкімет құрамында болуға қатысты шектеуді көздейді. Республика
Үкіметі мүшелерінің:
- Өкілді органның депутаттары болуға;
- Оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерден басқа
ақылы қызметтер атқаруға;
- Кәсіпкерлікпен шұғылдануға;
- Коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің
құрамына кіруге, бұл заңнамаға сәйкес өздерінің лауазымдық міндеті болып
табылатын жағдайларды қоспағанда, құқығы жоқ.
Республика Президенті Үкіметі немесе Премьер-Министрді не Үкіметтің
тиісті мүшелерін отставкаға жіберген барлық жағдайда да, Қазақстан
Республикасының Конституциясында атқарушы органдар жүйесін басқаратын
мемлекеттің ұжымдық органының құрамы, сондай-ақ оның құрамына тікелей,
Президентің тағайындауы бойынша кіретін лауазымды адамдар назарға
алынған.
Атқарушы билігінің жоғары органы ретінде Үкіметке Қазақстан
Республикасы Конституциясымен және Президенттің Қазақстан
Республикасының Үкіметі туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы
Конституциялық заң күші бар Жарлығымен орнықтырылған кең өкілеттіктер
берілген. Электронды Үкімет құру міндеті алға қойылды. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ... іс жүзінде электронды
Үкіметті қалыптастыруға кірісетін уақыт келді деді. Ол өз қызметін ашық
жүргізетін, саны бойынша көп емес Үкімет. Сондай-ақ халық пен шенеуніктер
арасындағы қатынас уақытын қысқартады, қызмет көрсету сапасын жақсартып,
оның мерзімін азайтады. Бұл жаңа әкімшілік реформа жүргізуге және
мемлекет аппаратын қысқаруға әкеледі. Мұндай жұмысты жүзеге асыру үшін
компьютерлік сауатсыздықты жоюдың ауқымды бағдарламасын жасау және
халықтың Интернетке қол жеткізуін қамтамсыз ету қажет.
Экономика саласында Үкімет мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі
бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық шараларын
әзірлейді; экономикалық бағдарламаларды, республикалық бюджетті әзірлейді
және оның атқарылуы туралы есебін құрады, оның атқарылуын қамтамасыз етеді;
Республиканың қаржы жүйесін әзірлеп, оны нығайту жөніндегі шараларды
жүзеге асырады; мемлекеттік валюталық, қаржылық және материалдық
ресурстарды құру және пайдалану кезінде заңдылықтың сақталуына
мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді. Құрылымдық және инвестициялық
саясатты жүзеге асырады; бағаның құрылуы жөніндегі мемлекеттік саясатты
әзірлеп жүргізеді, мемлекетпен реттелуші баға қолданылатын өнім, тауар
және қызмет номенклатурасын белгілейді; мемлекеттік меншікті басқаруды
ұйымдастырады , оның қорғалуын қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік салада Үкімет мемлекеттік саясаттың, мемлекеттік
бағдарламаның негізгі бағыттарын әзірлейді; еңбекке ақы төлеудің жүйесі
мен шартын, азаматтардың әлеуметтік қорғалуын, мемлекеттік тұрғыдан
әлеуметтік қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қамсыздандырылуын белгілейді;
аймақтарды әлеуметтік дамыту мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді; дене
мәдениеті мен спорт, туризм әлеуметтік әріптестік проблемаларын шешуге
ықпал етеді.
Ғылым, техника, білім мен мәдениет саласында Үкімет ғылыми-техникалық
даму жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады; ғылым мен техниканы, мәдениет
пен білімді дамыту, жаңа технологияны енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты
әзірлеп, жүзеге асырады.
Әкімшілік-саяси басқару саласында Үкімет Консультативті - кеңесші
органдарды құрып, таратады. Үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктердің,
мемлекеттік комитеттердің, орталық атқарушылық органдардың қызметін
басқарады, олардың заңдарды, Президент пен Үкімет актілерін орындауын
бақылайды; министрліктердің орынбасарларын қызметке тағайындап, қызметтен
босатады; Мұны негіздеу үшін мемлекеттік қызмет және оны өткеру тәртібі
туралы заңнамалық актілер белгілеп, оларды нақтылайды; Үкімет құрамына
кірмейтін аталған лауазымды адамдарды отставкаға жіберу Қазақстан
Республикасы Конституциясының 70-бабымен реттеледі. Үкімет сондай-ақ
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі
қызметін басқарады, олардың заңдарын орындалуын бақылайды.
Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту саласында Үкімет құқықтық
реформаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын сақтау мен қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін,
Республиканың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, мемлекеттік шекараның
аумақтық тұтастығы мен қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеп,
жүзеге асырады.
Сыртқы саясат саласында Үкімет келіссөз жүргізіп, үкіметаралық
келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды, республиканың шет
мемлекеттермен, халықаралық және аумақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын
дамытуды қамтамасыз етуді; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру
жөнінде шаралар әзірлейді; сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар қолданады;
халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара ынтымақты қарым-қатынас орнатады [5].
Ендігі кезекте Үкіметтің қызметін ұйымдастыруына тоқталатын болсақ,
Үкіметке Премьер-Министр басшылық етеді, оның өкілеттігі Республика
Конституциясымен және Қазақстан Республикасы Президентінің Үкіметі туралы
Конституциялық заң күші бар Жарлығымен бекітіледі. Премьер-Министрдің
мынадай өкілеттігі болады:
Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және өзінің орынбасарлары мен Үкімет
мүшелері арасында қызмет міндетін бөледі; Президентпен, Парламентпен,
Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен, басқа да
мемлекеттік органдармен қатынаста Үкімет атынан сөйлейді немесе оны
Үкіметтің өкілдігіне тапсырады; халықаралық қатынастарда Үкімет атынан
сөйлейді немесе мұны Үкіметтің өкілдігіне тапсырады және үкіметаралық
шарттар мен келісімдерге қол қояды.;
Республика Президентіне Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы;
Үкіметтің құрамына кіретін министрліктерді, мемлекеттік комитеттер мен
орталық атқарушы органдар құру, қайта құру және тарату туралы; Үкімет
Аппаратының басшысы, министр қызметіне тағайындалатын кандидатуралар
туралы; мемлекеттік комитеттің төрағасы, облыс, республикалық маңызы бар
қалалар және Республика астанасының әкімі туралы, аталған адамдарды
қызметтерінен босату туралы ұсыныс түсіреді.
Президентке Республиканың мемлекеттік бюджетімен қаржыландырылатын
барлық органдардың қызметкерлерін қаржыландырып, оларға еңбек ақы төлеудің
бірыңғай жүйесін бекітуге ұсынады;
Президентке Үкімет қызметінің негізгі бағыттары мен оның барлық ең
маңызды шешімдері туралы баяндайды;
Үкімет мүшелерінің, орталық және жергілікті атқарушы органдар
басшыларының есебін тыңдайды [6].
Премьер-Министр оған заң жүктеген және Үкімет қызметін ұйымдастыруға
және оған басшылық жасауға қатысты басқа да өкілеттіктерді орындайды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаның құқықтар мен бостандықтарын қорғаудағы сот органдарының маңызы
Омбудсмен әрекетінің басты міндеті - азамат құқықтарын қорғау
Сот билігі
Адам құқықтарын халықаралық сот мекемелері арқылы қорғау
АДАМ ҚҰҚЫҒЫ. Адам құқығы білім саласы ретінде
Сот жүйесінің адам құқын қорғау жүйесіндегі орны
Қазақстан Республикасында судьялар сотын құру перспективаларын қарастыру
Қылмыстық іс жүргізудегі сот бақылау институтының қалыптасуы мен дамуы
Сот билігі туралы
Соттың қорғау құқығын конституциялық құқық ретінде қарастыру
Пәндер