Құқықтық мемлекеттің пайда болуы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
2014 Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның
қалыптасу мәселелері

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
1 Азаматтық қоғам тұдырымдамасының дамуы және 8
құрылымы ... ... ... ... ... .
1.1 Азаматтық қоғамның тариха құқықтық ғылыми ойлардағы түсінігі ... .. 8
1.2 Азаматтық қоғам туралы түсініктің 9
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Азаматтық қоғамның қалыптасу себептері мен оның қызмет ету
негіздері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
1.4 Азаматтық қоғамның құрылымы және оның беделдігінің негізгі бағыттары
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
1.5 Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы және 26
негіздері ... ... ... ...
2 Құқықтық мемлекет және оның 29
белгілері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Құқықтық мемлекеттің пайда 29
болуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Құқықтық мемлекеттің негізгі 31
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Құқықтық мемлекет туралы идеялардың 35
дамуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
2.4 Қазақстан – құқықтық 44
мемлекет ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 Құқықтық мемлекеттегі биліктің бөліну 48
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Биліктің бөліну 48
қағидасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
3.2 Тежемелік және тепе-теңдік 54
қағидасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
Пайдаланған дерек көздер 61
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстандық жалпыұлттық идеяның негізгі
астарында Қазақстан кімнің мемлекеті: қазақтардың ба әлде
қазақстандықтардың ба? деген сауал тұр. Жауап: Қазақстан – елді мекендегі
барша ұлттар мен ұлыстардың, этникалық-әлеуметтік топтардың отаны.
Этникалық тұрғыда жер қазақ халқының жері болғанымен, мазмұны жағынан
демократиялық-құқықты, азаматтық қоғамды құруға бағыт алып отырған Отанымыз
көп ұлтты. Қай ұлт өкілі болмасын, олар – Қазақстан Республикасының тең
құқықты азаматы, қазақстандық. Бұл кез келген дамыған демократиялық әлемдік
мемлекеттерге тән қасиет. Франция – франциялықтардың, АҚШ –
американдықтардың отаны.
Азаматтық қоғамның, құқықты мемлекеттің қайнар көзінде де осы қасиет
жатыр. Азаматтық қоғамның біздің түсінігіміздегі нақты анықтамасы мынадай:
ол – құрамындағы мүшелерінің арасындағы экономикалық, мәдени, құқықтық және
саяси қатынастары дамыған, мемлекеттен тәуелсіз, бірақ онымен өзара
әрекеттесуші қоғам, мемлекетпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастар
құрушы, жоғары дәрежелі әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени және
моральдық мәртебелі азаматтар қоғамы.
Азаматтық қоғамның даму тарихы Ежелгі Греция мен Римнен, сол кезеңдегі
саяси-құқықтық ілімдерден, оның ішінде Марк Тулий Цицеронның (б.д.д.106-
43жж) шығармаларындағы (Мемлекет туралы, Заңдар туралы) азаматтылық пен
азамат, қоғамды азаматтардың жиынтығы деп қарастыратын ілімнен бастау
алады. Этимологиялық тұрғыда да латынша civis – азамат, ал civitas – қоғам
делінуі бұл ұғымдардың түбірлес екендігін көрсетсе керек.
Азаматтық қоғамның бастапқы идеясы – адамдардың қоғамда бірлесе өмір
сүруінің табиғи заңына сәйкес ұйымдасқан коллективтілігі қайта түлету;
Т.Гоббс айтқан Адам – адамға қасқыр, жаппай жайласу мен жүгенсіз
бостандықтағы ортадан шыққан адамды қоғамның азаматы ретінде тәрбиелеп,
дамыту. Мұндай өркениетті де ізгілікті қоғам жеке тұлғаны жаңа үлгідегі
азаматқа айналдыруға қабілетті және мұндай азаматтар өз кезегіндегі жаңа
азаматтық қоғам құрды.
Осы дипломдық жұмысты таңдап алғандағы негізгі мақсатым, қазіргі таңдағы
өте маңызды мәселелердің бірі Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет құру
болып табылатындығын талдау. Оның себебі, Қазақстан аумағындағы адамдар бір
ғасырға жуық кезең бойы, яғни сол кездегі Кеңестік Социалистік
Республикалар одағы дәуірінде, ғылыми әдебиеттерде тоталитарлық деп
аталатын жүйеде өмір сүріп келді. Аталған кезеңде адамдардың көптеген
құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірілген және олардың құқықтары
болмай, керісінше міндеттер жүктеліп отырған.
Бүгінгі таңда елімізде халықтың бостандығына негізделген Азаматтық
қоғамды құру процесі жүріп жатыр. Бұл үрдісте адамның құқықтары мен
бостандықтарының басымдығы танылады. Шын мәнінде айта кететін жәйт,
елімізде, сондай-ақ, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының
құрамында болған басқа да елдерде Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет
туралы мәселелер бұдан бірнеше жылдар бұрын ғана көтерілген.
Зерттеудің міндеті. Белгіленген мақсаттан шыға отырып, мына міндеттер
туындайды: құқықтық мемлекет мәселесіне назар аударудың басты себебі, оның
пайда болуы туралы идеяның ізгілігінде ғана емес, сонымен бірге оны
неғұрлым нақты рәсімдеу және тиімді іске асыру жолдарын іздестіру болып
табылатыны анық.
Жалпы алғанда, зерттеліп отырған жұмыс объектілерінің бірі болып
табылатын құқықтық мемлекет – адам мен азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын неғұрлым толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ қол сұғушылықты
болдырмау мақсатында саяси билік құқығының көмегімен байланыста болуға
бағытталған жағдайлар жасайтын мемлекет болып табылады.
Ескере кететін жәйт, Азаматтық қоғам сөз тіркесі шартты болып табылады,
өйткені кез-келген қоғам азаматтардан тұратыны және оларсыз қоғам
болмайтыны сөзсіз. Әрине мемлекетке дейінгі, рулық қоғамды Азаматтық деп
атауға келмегенімен, ол кезде азамат, Азаматтық ағымдары болмаған.
Бұл тақырыптың маңыздылығы азаматтық қоғамның рөлі, сондай-ақ Қазақстанда
азаматтық қоғамды қамтамасыз ететін құқықтық мемлекет құрудың бұдан он
жылдан астам кезден басталу фактісімен сипатталады.
Зерттеудің әдістері қоғамдық ғылымдарға ортақ жалпы және арнайы танымдық
әдістер жүйесі: диалектикалық, функционалды талдау, жүйелеу, синтездеу және
т.б. әдістер басшылыққа алынды.
Ғылыми зерттеудің құрылымы кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан,
сілтемелерден және пайдаланған дерек көздер тізімінен тұрады.
Зерттеу жұмысын жазу барысында отандық ғалымдардың және т.б. ғылыми
жұмыстардағы теориялық тұжырымдары негізге алынды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы Қазақстандағы заң жоғары
оқу орындарында юриспруденция мамандығы бойынша мамандарды дайындауды
қамтамасыз ететін оқу пәні ретінде, дәрістер жүргізуде, семинар сабақтарын
өткізуде қолданылуға ұсынылады.

1 Азаматтық қоғам тұжырымдамасының дамуы және құрылымы

1.1 Азаматтық қоғамның тарихи-құқықтық ғылыми ойлардағы түсінігі

Азаматтық қоғамның қалыптасу процесіне, оның басты факторлары мен
құндылықтарына ғылыми зерттеу жүргізіліп, даму үрдістерін анықтау құқықты-
демократиялық мемлекет үшін маңызды мәселелердің бірі. Азаматтық қоғам
ұғымы арқылы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың жағдайы бейнеленіп,
белгілі бір мелекеттегі тұрғындардың азаматтық қайраткерлігінің қарқыны,
мемлекет пе қоғамның әлеуметтік саладағы қызметтерінің бөліну деңгейі
анықталады. Басқаша айтқанда, азаматтық қоғам демократиялық құрылысқа аса
қажет әлеуметтік қатынаастардың өзін-өзі реттеу қызметіне жағдай туады:
азаматтар саяси институттардың көмегіне сүйенбей-ақ, өздері реттей алатын
қатынастарға мемлекеттің қол сұғуы тежеледі. Сондықтан да демократиялық
сипаттағы саяси жүйесі бар құқықтық мемлекеттің дамуында азаматтық қоғамның
алатын орны ерекше.
Азаматтық қоғамның біздің түсінігіміздегі нақты анықтамасы мынадай: ол –
құрамындағы мүшелердің арасындағы экономикалық, мядени, құқықтық және саяси
қатынастары дамыған, мемлекеттен тәуелсіз, бірақ онымен өзара әрекеттесуші
қоғам, мемлекеттпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастар құрушы,
жоғарғы дәрежелі әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени және моральдық
мәртебелі азаматтар қоғамы. Азаматтық қоғамның шынайылығы идеал мен
идеалдық жобаның және осындай жобаны жүзеге асырушы қоғамның шын мәнісінде
қол жеткізген жетістіктерімен анықталады.
Бүгінгі таңдағы көзқарас бойынша, азаматтық қоғам бұл айтылғандармен
қоса, демократиялық заңдар, биліктің тармақтарға жіктелуі, заң жүзіндегі
оппозицияның болуы, көппартиялық жүйе сияқты басқа да азаматтық өмірдің
құндылықтарын, адамдардың саяси және әлеуметтік бостандықтарын және олардың
ассоциацияға, топқа, партияға бірлесуін жүзеге асырушы тетіктерді қамтиды.
Азаматтық қоғам заңды тіркелген, құрылымды бекітілген және психологиялық
тұрғыда қамтамасыз етілген әлеуметтік-саяси қызметтің материалдық және
идеялық плюрализммен ажырамас бірлікте. Ал адамның жеке өміріне ешбір қол
сұғушылыққа жол берілмейді, ол тек заңды бұзып, оған қайшы келмесе болғаны.
Адам құқығы басты орындағы мәселе.
Азаматтық қоғам деген атауды, түсінікті Аристотель айтқан. Аристотель
мемлекетті азаматтық қоғаммен салыстырмады, бірақ бір-біріне оларды қарсы
қоймайды, себебі олардың әртүрлі жолдары ескі полистегі қоғамдық өмірде
тығыз байланысты болады. Сонымен қатар, жоғарыдағы көрсетілгендей, ол
кісінің ойынша, азаматтық қоғам жетілген демократиялық организм ретінде,
тек саясатпен байланысты, яғни принципиалды жағынан, бұрынғы көне полистер
сияқты: мемлекеттік органдардың қызмет мерзімі, биліктің бөлінуі, сөз
бостандығы, баспасөз, елінде еркін жүріп-тұру және сырт жақта да еркіндікте
болу, мемлекеттің жекелеген қатынастарға қол сұқпауы, азаматтардың заң
алдынғы құқықтарының теңдігі.
Азаматтық қоғамның көне модельге қайтып оралуы, жаңа уақытта жүргізіліп,
өте үлкен оқымыстылардың реттейтін пәніне айналды: Гроцийдің, Гоббс,
Дж.Локк, Пейн, Руссо, Гельвеций, Гольбах, Кант, Гегель және басқалардың.
Азаматтық қоғамның түсінігі тек индивидтердің жиынтығы және олардың
арасындағы қатынастар емес, кеңістік соның ішінде қызмет істейтін қоғамдық
институттар, - деп, Гегель дәлелдеген болатын.
Құқықтық философиясы еңбегінде ол, азаматтық қоғамның тарихи
келісімділігін айта отырып, былай деген: атомдар құсап әртүрлі жекелеген
адамдарға бөлініп кетпей және жекелеген уақытша жағдай үшін бір сәтке
жиылып, әрі қарай байланыспай, ертеде құрылған серіктестік, қауым,
корпорациялар негізінде саяси қатынастықты алғандығын талап етеді.
Гегель азаматтық қоғамының еркіндігін мемлекетке қарсы қойып саяси дене
- деп дәлелдеді. Сонымен бірге, бұл екі жүйенің қарым-қатынаста және бір
медальдің екі жағы екендігі де мойындайды.
Азаматтық қоғамның мемлекетпен қатынасындағы еркіндігін мойындамау, оның
әлеуметтік бағалылығында мойындамағандығы, ол жағдайдың қиындыққа
тірелетіні сөзсіз. Советтік тоталитаризмнің агрессивтік анықтаушысы (қоғам
мүдделерінің алдындағы таптық мүдделердің артықшылығы, таптық күрес,
меншікті мемлекеттендіру, жеке адамдардың өзіндік бағалылығын есепке алмау
т.с.с.) арқылы азаматтық қоғамды мемлекетке сіңіру болды. Соның нәтижесінде
адам, жеке адам ретінде қабылданбады, табиғи бөлінбейтін құқық және
еркіндіктің маңызы жойылды, себебі барлығы мемлекет арқылы жойылды. Адам
тоталитарлық жағдайда өз еркімен өмір сүріп, ойын айтуға саяси
көзқарастарын білдіруге құқығы болмады, соның салдарынан саясатсыз
бағынушыға айналдырылды.

1.2 Азаматтық қоғам туралы түсініктің мазмұны

Азаматтық қоғам ғылыми тұрғыдан өте аз зерттелген, ол туралы қомақты
бірде ғылыми еңбек жоқ. Оның себебі ғалымдар азаматтық қоғам мен
мемлекеттің мазмұны ұқсас деп түсініп келді. Расында ұқсастық бар, бірақ та
айырмашылық басым. Адам қоғамының қалыптасқанына 1,5 млн. жыл өтті, ал
мемлекеттің өмірге келгеніне 6 мың жыл ғана болды. Мемлекет қоғамның
санқырлы көрінісінің бір ғана нысаны. Қоғам туралы ой-пікірлер көне дәуірде
де болды, ал азаматтық қоғам толық мағынада бұл ұғым өмірге тек XVIII
ғасырда келді. Басында азаматтық қоғам деп меншік, отбасы, рынок, мораль
салаларындағы қатынастарды түсініп келді. Мемлекет бұл қатынастарға толық
бостандық берді. Гегельдің ойынша, азаматтық қоғам - жеке меншіктің,
діннің, отбасының, моральдық т.б. талаптарын іске асырудың жүйесі.
Азаматтық қоғамда әр адам өз мүддесін көздейді, басқаларды көрмейді...
Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра алмайды -деген Гегель. К. Маркстің
пікірі - бір саяси жүйені алып мазмұнына қарасаң ол азаматтық қоғамның
санқырлы көрінісінің бір нысаны болып шығады.
Біз өткен ғасырдағы ірі ғалымдардың пікірін әдейі келтіріп отырған
себебіміз азаматтық қоғам мәселесі сол кездегі өмірдің объективтік даму
процесінің алдына қойған талабы дегіміз келеді. Сол себепті Гегель мен
Маркс тағы басқа ғалымдар азаматтық қоғамды біраз зерттеп құнды теориялық
ғылыми мұра қалдырып кетті. Енді осы құнды ғылыми мұраға сүйене отырып
қазіргі заманның талабына сәйкес азаматтық қоғамды ғылыми тұрғыдан
зерттеуді жалғастыру керек. Біздің пікіріміз - азаматтық қоғамның
мазмұнының санқырлы көрінісі төмендегідей болуға тиіс:
- экономикалық бостандық, әр түрлі меншік, нарықты қатынас;
- адамдардың табиғи бостандығы мен құқықтарын қалыптастырып, қорғау;
- заңды, демократиялық билік;
- ақпаратқа бостандық беру;
- заңның, соттың алдында адамдардың теңдігі болу;
- таптық, ұлттық бірлік, достық, келісім болу;
- адамдардың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын, мәдени, рухани білімін,
санасын көтеру, жақсарту.
Азаматтық қоғамның кұрылымы - Қоғамды өзінің табиғи мүдде-мақсаттарына
сәйкес құрушы, реттеп-басқарушы - адам. Адам - қоғам кұрылымының негізгі
элементі - діңгегі. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек
ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет, олардың ара қатынастары - азаматтық
қоғамның элементтері.
Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамын бес жүйеге бөлуге болады:
әлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани-мәдени және ақпараттық жүйелер:
Әлеуметтік жүйе - объективтік тұрғыдан қалыптасқан адамдардың
бірлестіктері, ұйымдары, одақтары т.б., олардың өзара байланысы бұл жүйеге
азаматтық қоғамның ең негізгі ұйымдастырушы жүйе, өзі үш топқа бөлінеді:
бірінші тобы - қоғамның үзіліссіз өмір сүру негізін жасаушы, дамытушы топ:
отбасы, бала тәрбиелеу, табиғи өмірді жалғастыру; екінші тобы - адамдардың
өзара, бір-бірімен байланысы, қатынасы; үшінші тобы - қоғамдық ұйымдардың,
таптардың, топтардың, ұлттардың ара қатынастары.
Экономикалық жүйе - қоғамдағы меншіктің түрлері, өндіруші күш пен
өндірістік қатынастар, материалдық кірісті әділ бөлуді қалыптастыру. Бұл
жүйенің құрылым элементтері: жеке, муниципалдық, акционерлік,
кооперативтік, мемлекеттік, фермерлік меншіктер мен шаруашылықтар және
қоғамдық кірісті, байлықты әділ бөлу.
Саяси жүйе — мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер
және жеке адамдар, депутаттар, т.б., олардың ара қатынастары. Оның ішінде
ең күрделісі мемлекеттік билікті іске асырудағы қатынастар. Қатынастардың
даму процесінде субъектілерге бостандық берілуге тиіс. Күштеу тек
заңдылықты, тәртіпті бұзса ғана қолдануы кажет.
Рухани-мәдени жүйесі - осы бағыттағы мемлекеттік, қоғамдық органдар мен
ұйымдар, олардың ара қатынастары. Бұл жүйенің негізгі бағыттары: білім,
ғылым, мәдениет, рухани сана-сезім, дін, адамдардың денсаулығы.
Ақпараттық жүйе - осы ақпараттық бағыттағы барлық ұйымдар, бірлестіктер,
мемлекеттік органдар, саяси партиялар, олардың жұмыстары мен ара
қатынастары. Бұл бағытта іс-әрекеттерге толық бостандық берілуі кажет.
Осы көрсетілген азаматтық қоғамның жүйелерінің жақсы, сапалы дамуына зор
маңызды үлес қосатын мемлекет пен құкық, қоғамдық ұйымдар мен партиялар
және қоғамдағы демократияның жоғарғы дәрежеде болуы.
Азаматтық қоғамның белгі - нысандары:
- адамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси бостандығы мен құқықтарының
қамтамасыз етілуі;
- қоғамда бостандықтың, жариялылықтың болуы, ақпараттың жұмысына
азаматтардың қатысуы, ішкі-сыртқы байланыстарға қатысуға, жүріп-тұруға
толық кұқықтарының болуы;
- азаматтардың қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер құрып, өз мүдде-мақсаттарын
орындауға, іске асыруға және шет елдердің сондай ұйымдарымен байланыс
жасауға кұқықтарының болуы;
- жергілікті өзін-өзі басқаруға толық бостандық болуы, оның жұмысына
мемлекеттің араласпауы, қажет болса тиісті көмегін көрсетуі; жергілікті
өзін-өзі басқаратын мекеме жергілікті мемлекеттік органмен тығыз байланыста
жұмыс жасауы;
- азаматтық қоғам - толық бостандық, демократия қалыптасқан қоғам болуы
қажет, ол болашақ құқықтық мемлекеттің талаптарын іске асырып, сол
мемлекеттің объективтік тұрғыдан негізі болуға тиісті.
Сонымен азаматтық коғам және кұқықтық мемлекет екеуі қатар дамып, өрескел
қайшылықтарды бірлесіп реттеп, қоғамның бейбітшілік, прогрестік жолмен
дамуына толық мүмкіншілік жасаулары кажет. Қазақстан Республикасының
Конституциясында бұл мәселенің негізгі бағыттары көрсетілген. Оның бірінші
бабында азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің ең негізгі қағидалары
былай деп жарияланған: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат
қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Адам баласы қоғамында, әртүрлі мүдделермен өмір сүретін орталар араласып
кетеді. Олар өздерінің ерікті жүйесін құрады, әрқайсысының өздеріне тән
сипаттары бар: өндірістік (экономикалық-шаруашылық), материалдық
қажеттілікті қамтамасыз ету, саяси тағы сол сияқты өмір сүруге қажетті
жағдайларды іске асыратын, әлеуметтік және рухани құралдар ретінде
азаматтық қоғамның жиынтығын құрайды.
Азаматтық қоғам – жеке адамдардың сұранымдары мен мүдделерінің жарыққа
шығып, қалыптасуына және олардың жүзеге асуына жағдай туғызатын мемлекеттен
тәуелсіз, дербес қоғамдық қатынастар мен институттар жүйесі.
Көптеген институттар бір мезгілде, азаматтық қоғамның және мемлекеттің
құрамды бөлімдері болып табылады. Оларға – саяси партиялар және олардың
арасын байланыстыратын қызмет ортасын белгілейтін ұйымдар жатады.
Саяси партиялар жекелеген азаматтардың, әлеуметтік топтардың көпсалалы
мүдделерін қолдап жүреді және олардың саяси өмірге араласуын қамтамасыз
етеді.
Азаматтық қоғамның сипаты даму деңгейі және нысаны, мемлекеттің нысанымен
даму деңгейін белгілейді. Осы туралы белгілі француз заңгері М.Ориудың мына
сөзін келтіруге болады: Айтқаным артық болмас, себебі сол үшін (азаматтық
өмірге, азаматтық қоғам – Т.А.) барлық мемлекеттік машина құрылды. Өсімдік
әлемі бізге қызығарлық ұрықтар: бидай, басқа да әдемі ағаштарға, өте қиын
қорғалу жүйесінде, өсіп жетілуіне жағдайлар туғызылады және соның негізінде
дамуға мүмкіншілік алады. Сол сияқты азаматтық қоғамда мемлекеттің саяси
институтының қорғану кеңістігіне кіреді және сол өзі тұрған ортаның мақсаты
өркениетті пайда болуы мен дамуы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің Қазақстанның
болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде,- деп аталатын еңбегінде азаматтық
қоғамды былай сипаттап, анықтама береді: Жаңғыру – дамыған азаматтық
қоғамның қалыптасуын көздейді. Ал бұл ең алдымен адамдардың ерікті түрдегі
бірлестіктерінің жиынтығын: отбасын, қоғамдық ұйымдарды, діни, мәдени,
шаруашылық бірлестіктерін, кәсіптік одақтарын және тағы басқаларын өз
бойына жинақтайды. Олардың ортақ сипаттамасы – бұл шын мәніндегі ерікті,
мемлекеттік емес және саяси емес ұйымдар болып табылады. Бұл адамдардың
бүкіл жеке өмірі, белгілі бір әдет-ғұрыптары, дағдылары мен құқықтары. Бұл
сырт көздің араласуын қажет етпейтін саласы.
Азаматтық қоғамның басты қозғаушы күші, субъектісі өзіне тән сұранымдары
мен мүдделері бар адам болып табылады. Демек, адам мұнда шешуші басты
тұлға. Оның мақсат-мүддесі мен талап-сұранымдарының қанағаттандырылу
деңгейі азаматтық қоғамның өлшемі болып табылады. Адам арқылы ғана түрлі
қоғамдық қатынастар азаматтық қоғамға келіп тоғысады.
Тарихи тұрғыдан алғанда азаматтық қоғам – мемлекеттен әлдеқайда бұрын
пайда болды. Ол алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдардың түрлі қарапайым
бірлестіктері ретінде қалыптасады. Белгілі кезеңде азаматтық қоғам өз
мүдделерін қорғау қажеттігіне байланысты мемлекетті дүниеге әкеледі, оған
әл-қуат беріп қанағаттандырады, билік тұтқасын ұстатады, оның құқықтық
нормалар орнықтырып, заңдар қабылдап, өзіне қызмет істеуіне мүмкіндіктер
туғызады.
Демократиялық қоғамда азаматтық қоғам мен мемлекет бірін-бірі қуаттайды,
бірін-бірі қажет етеді, үнемі келісімде болады. Ал тоталитарлық қоғамда
мемлекет азаматтық қоғамды жұтып қояды, өмірдің барлық саласы қатаң
мемлекет бақылауында, азаматтық қоғам нышандары жанышталып қалған. Мысалы,
Кеңес Үкіметі билеген жылдары біз тоталитарлық саяси жүйе шеңберінде өмір
сүрдік, азаматтық қоғамға онда орын болған жоқ. Азаматтық қоғам деген ұғым
қазір бізге мүлде жаңа түсінік секілді көрініп жатқан себебі де сол. Қазір
дербес тәуелсіз даму жағдайында Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптасып
келеді. Оны орнықтыру – болашақ үлкен мақсатымыз.
Азаматтық қоғамның өмір сүруінің негізгі шарттары:
1) оның мүшелерінің нақты меншік иесі болуы, ол меншікті өз
қалауынша пайдалануы. Басқаша айтқанда, меншік азаматтық
қоғамдағы әрбір адамның бостандығының түп негізі.
2) Қоғамда көп түрлі әлеуметтік құрылымның және соған сәйкес сан
түрлі мүдделерінің бой көрсетуі.
3) Адамдардың әлеуметтік зерделік даму дәрежесінің жоғарылылығы.
Азаматтық қоғамның негізгі функциялары:
1) Азаматтардың мүдделері мен игілік-қазыналарының қорғалуын қамтамасыз
ету, олардың жеке және қоғамдық өміріне мемлекеттің орынсыз араласып, өз
өктемдігін тықпалай беруін шектеу.
2) Қоғамдағы мүсәпірлер мен кембағалдардың күнкөрісіне азды-көпті
қамқорлық жасау.
3) Түрлі партиялар мен қозғалыстар, ұйымдар арқылы мемлекет саясатына
араласып, ықпал жасау, өз өкілдерін мемлекеттік басқару органдарына сайлау.
Азаматтық қоғамның құрылымы (дәстүрлік жағдайда құрылған) адамға жақын
болса, сол құрылым оның мүддесін іске асыруға мүмкіндік болады, қоғам
түгелімен бір қалыпта болады, рухани бағалылық арта түседі.
Азаматтық қоғам – адам тіршілік болмыстағы жағдайларын, тұлғалар мен
әлеуметтік топтардың алуан түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін
қанағаттандыруды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың, формальды (заңда
көрсетілген) және формальды емес құрылымдардың жиынтығы.
Азаматтық қоғамның негіздері:
1. Экономикалық:
- көп укладты құрылымды экономика;
- меншіктің сан-алуан түрлері;
- реттелінетін нарықтық қатынастар;
2. Саяси:
- билік өкілеттіктерін орталықтандырмау;
- биліктің бөлінісі;
- саяси плюрализм;
- азаматтардың мемлекет және қоғам істеріне еркін араласуы;
- заңның басымдылығы және оның алдында бәрінің тең болуы.
3. Рухани:
- бір идеология мен дүниетаным монополиясының болмауы, ар-ождан
бостандығы;
- өркениеттілік, шарықтаған, руханилық пен ізгілік.
Азаматтық қоғамның тәндік белгілері:
- қоғамдық өндіріс құралдарына ерікті түрде қожалық етушілердің болуы;
- демократияның өркендеп жетілгендігі, кеңінен таралғандығы;
- азаматтардың құқықтық қорғалуы;
- азаматтардың мәдениеті белгілі деңгейге жетуі.
Жалпы айтқанда, азаматтық қоғам, иституттарын бөліп алып жеке зерттейтін
объект. Ондай зерттеулерді Шығыстағы ғалым-гуманитарлары бастады, себебі
оның қоғам дамуындағы объективті роліне байланысты болды. Азаматтық
қоғамның көптеген түсініктемелері бар. Біз мұнда К.С.Гаджиевтің
тұжырымдамасын келтіреміз: Бұл еркін және мемлекеттен тәуелсіз қоғамдық
институттар және жеке адамдардың қатынастары, олар жекелеген индивидтердің
және ұжымдардың өздеріне-өздері дамытуға жағдай жасайды және солар арқылы
жекелеген мүдделер, қажеттіліктер – жекелеген және ұжымдықтар іске
асырылады.
Азаматтық қоғамның негізгі бағалылығы, айтылып өткендей – адам және оның
құқығы, ал оны саяси іске асырушы – мемлекет. Ондай миссияны орындау кез
келген мемлекеттің қолынан келе бермейді, тек принципімен қызметі құқыққа
сай келген, құқық үстемдік құратын мемлекеттің қолынан келеді. Ондай
мемлекетті жалпы түрде, құқықтық деп атайды.

1.3 Азаматтық қоғамның қалыптасу себептері мен оның қызмет ету негіздері

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының жетпіс жылдық өмір сүруі
барысында мемлекет және құқықтық теориясы ғылымын оқыту барысында, ғылыми
зерттеу жұмыстарында Азаматтық қоғам ағымы пайдаланылмаған. Мұның себебі
мынамен түсіндіріледі: иерархияға негізделген социалистік шындық азаматтық
қоғам теориясынан түбегейлі ажыратылған. Дәлірек айтқанда, ол кезде қоғам
мен мемлекет таптық тұрғыдан зерттелініп, басқа теория, басқа бағыт сырып
тасталған. Бүгінгі таңда, Қазақстандағы демократиялық өзгерістер,
экономикалық және саяси реформаларды іске асыру кезеңінде азаматтық қоғам
концепсиясының шығармашылық потенциалы айқындалды. Осыған байланысты
Азаматтық қоғам ағымының генезисін (қалыптасу тарихын) анықтау үшін өткен
дәуірлердегі ойшылдардың еңбектеріне сүйену қажеттілігіне туды.
Азаматтық қоғам – бұл құқық пен демократияға негізделген әлеуметтік өмір
тәсілі; адамға өзінің экономикалық және саяси болмысын еркін таңдау
нысанына кепілдік беретін, адамның құқықтары бекітіліп, саяси ер алуандылық
қамтамасыз етілетін қоғамдық құрылым Азаматтық қоғам категориясы
мемлекет, отбасы, ру, ұлттар, діни және қоғамдық қауымдастықтар сынды
түсініктерден ажыратылып өз алдына дербес зерттеу объектісі ретінде XVIII –
ХІХ ғасырлардан бастап оқытыла бастады және бұл мәселе Гегелдің Құқық
философиясы еңбегінде түпкілікті қарастырылған. Гегель өз еңбегінде
азаматтық қоғамды адамдардың қажеттіліктер және еңбек бөлнісі, әділет
(құқықтық мекемелер мен құқықтық тәртіп), сыртқы тәртіп (полиция және
корпорация) жүйелері арқылы байланыстары (қарым-қатынастары) ретінде
анықталған.
Құқық философиясында азаматтық қоғамның құқықтық негіздері құқық
субъектілері ретінде адамдардың теңдігі, олардың заңды бостандығы, жеке
меншік, шарттардың орындалуы, бұзушылықтардан қорғану құқығы, сондай-ақ
тәртіпке келтірілген заңдар мен сот, соның ішінде ант берушілер сотының
беделдігі болып табылатындығы құқықта аталған. Гегельдің өзі өмір сүрген
дәуірдегі мемлекет қатысты көзқарастары көне болғанмен, оның азаматтық
қоғамның мемлекетке қатысты жеке мүдделер саласы ретіндегі дербестігі
(жария мүдденің айқындығы), қоғамдық құрлымының еңбек бөлінісі мен меншік
нысандарына тәуелді екендігі туралы пікірлері қоғамдық ғылымдардың
дамуындағы үлкен қадам болып табылатындығы анық.
Гегель: Азаматтық қоғамда ер адам өз мүддесін көздейді, басқаларды
көрмейді...Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра алмайды деген.
Азаматтық қоғамды индивидтердің жай ғана жиынтығы емес, сонымен бірге
адамдардың арасындағы экономикалық, құқықтық және өзге де қатынастар
негізінде қалыптасатын байланыстар жүйесі ретіндегі көзқарастар бірнеше
ойшылдардың, соның ішінде К.Маркс пен Ф.Энгельстің еңбектерінде өз жалғасын
тапқан. Олардың еңбектерінде меншік нысаны мен еңбек бөлінісінің
өзгерулеріне негізделе отырып әзірленген мемлекет пен құқықтың ара-
қатынасының динамикасы зерттелінген. К.Маркс пен Ф.Энгельстің пікірлерінше,
еңбек бөлінісінің шартты нысаны мемлекеттегі касталық құрылымды тудырды,
қоғамдық өмірдің біршама салаларының мемлекеттік меншіктен арылуына әкеп
соқты, өйткені жеке меншіктің алғашқы нысандары қауымдық өмірдің көрінісін
бейнелейді. К.Маркс пен Ф.Энгельс өз еңбектерінде Азаматтық қоғам
түсінігінің XVIII ғасырда, яғни меншік қатынастарының антикалық және
ортағасырлық қауымдықтан ажыратыла бастаған сәтте пайда болғанын айта
отырып, азаматтық қоғамның қалыптасуындағы маңызды жүйе ретінде жеке
меншікті атап өткен.
Азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы бірнеше ғасырды қамтиды. Бұл
үрдіс біздің елімізде де, әлем масштабында да қалыптасып біткен жоқ.
Азаматтық қоғам туралы жекелеген алғашқы көзқарастар өте ертеде қалыптаса
бастады және антикалық әлем кезеңінен бастау алатын ұзақ даму кезеңін
қамтиды. Ежелгі грек философы Аристотель азаматтық қоғамның негізі ретінде
азаматтың тәуелсіз және іскер болып қалыптасуына негіз болатын жеке
меншікті атады. Соңынан бұл мәселелер Цицеронның еңбектерінде орын алған.
Ол адамдардың құқықтық теңдігін негіздей отырып Заң Азаматтық қоғамның
байланыстырушы звеносы, ал құқық заңмен бекітіледі, жұрттың барлығы үшін
бірдей - деген [1].
XVII ғасырдың ортасында ағылшын философы Джон Локк Адамзаттың ақыл-ойы
туралы тәжірибелері атты еңбегінде әлеуметтік-саяси тұжырамдаманы
негіздеуде табиғи құқық пен қоғамдық шарт теориясына сүйенеді. Ол -
азаматтық қоғамның негізін қасиетті және қол сұғылмайтын жеке меншік
құрайды - деп айтқан.
Азаматтық қоғамның белгілері туралы философиялық сипаттамалармен
И.Канттың еңбектерінде де танысуға болады. Оның маңызды идеялары мыналар:
заңмен қамтамасыз етілген жеке тұлғаның Азаматтық бостандығы өзін-өзі
жетілдірудің қажетті шарты, адамзат беделін сақтау және көтермелеу кепілі
болып табылады [2].
Әрине, азаматтық қоғам туралы көзқарастарға қомақты үлес қосқан ғалым
Г.Гегель екендігі сөзсіз.
Бүкіл елдер масштабында, Еуропа мен Америка сынды үлкен аймақтар
көлемінде азаматтық қоғамның қалыптасуы Жаңа кезеңнен бастау алады.
Азаматтық қоғамның дамуында үш кезеңді ажыратуға болады және бұл кезеңдер
қоғамдық және мемлекеттік құрылымның елеулі өзгерістері, әлеуметтік және
саяси қақтығыстар, таптар арасындағы қақтығыстар, қоғамдық идеологияның
түбегейлі өзгерістерінің бір кезеңнен басқасына ауысып отыруымен
сипатталады.
Бірінші кезеңде (XVI-XVII ғғ. шамасында) Азаматтық қоғамның экономикалық,
саяси және идеологиялық алғышарттары қалыптаса бастаған. Оларға мыналар
жатады: кәсіпорындар мен сауданың дамуы, өндіріс түрлерінің мамандандырылуы
және еңбек бөлнісінің нақтылануы, тауар-ақша қатарының дамуы. Қалалар мен
қала сословиелеріне қолдау көрсету барысында бірқатар мемлекеттерде Қазіргі
кезеңдегі мемлекеттердің бірнеше белгілеріне ие орталықтандырылған ұлттық
мемлекеттер қалыптаса (егемендік, мемлекеттік қазына, кәсіби басқару
аппараты және т.б.) бастады. Міне, осы кезең мынадай оқиғалардың болуымен
сипатталады: қоғамдық идеологиядағы төңкерістер, өнер мен мәдениеттің
қарқынды дамуы, протестанттық буржуазиялық әдептің кеңінен тарауы,
азаматтық қоғамды әлеуметтік-саяси идеал ретінде қарастыратын
көзқарастармен байланысты жалпы идеяларды табиғи құқық теориясына енгізу.
Екінші кезеңде (шамамен XVII ғ. – ХІХ ғ. соңы) неғұрлым дамыған
мемлекеттерде жеке кәсіпкерлікке негізделген алғашқы капитализм
көрінісіндегі Азаматтық қоғам қалыптаса бастады.
Азаматтық қоғам өте ежелгі ұғым. Азаматтық қоғам Аристотель, Макиавелли,
Локк, Гобсс, Монтескье, Руссо, Кант, Гегель, Маркс, Бакуниннің және тағыда
басқалардың еңбектеріне нақты және сенімді жан-жақты талданып жазылған.
Азаматтық қоғам туралы осы бұрынғы өткен ойшылдарымыздың бірнеше
үзінділерінен мысалға алатын болсақ:
Н.Макиавеллидің пікірінше: Саяси құрылыстың маңызы (мемлекетке)
бағынушылықпен еркін болушылардың қиылысуы мен түсіндіріледі. Мемлекеттік
қатынастарға қарағанда халықтың тәуелсіздігі жоғары болып саналады, ал
халықтың шексіз билікті құлатуға құқығы бар.
И.Кант: Азаматтық қоғам келесі принциптермен негізделеді:
1 Қоғамның Әрбір мүшесіне бостандық;
2 Оның Әрбіреуімен теңдігі;
3 Әрбір қоғам мүшесінің азамат ретінде дербестігі.
Ф.Гегель: Қоғам мен мемлекет өзара бірлесіп әрекет ететін институттар
болып табылады.
Азаматтық қоғаммен отбасы бірігіп мемлекеттер базасын құрайды. Мемлекетте
азаматтардың жалпы еркіндігі орын алды, Азаматтық қоғам бұл бөлек жеке
тұлғалардың, ерекше, жеке мүдделердің саласы.
К.Маркс: Азаматтық қоғамда әрбір жеке адамның өзінің тұтынушылық кешені
болады және өзара бір-бірімен әрекеттесу құралы болғандықтан басқалары үшін
өмір сүреді.
Қазіргі қоғам бойынша азаматтық қоғам дегеніміз қоғамдық өмірдегі барлық
салада өздеріне қолайлы қарым-қатынасқа жетуі: экономикалық, саяси,
әлеуметтік, рухани салаларда тұрақты алға басушылықты қамтамасыз етеді.
Тағы да ескеретін жағдай, азаматтық қоғамның көптеген ғылымдарда зерттеу
объектісі болуы, атап айтқанда оларға мыналарды жатқызамыз: мемлекеттану
және құқықтану, экономикалық теория, тарих, философия, әлеуметтану және
басқалары.
Әрине, заң ғылымы азаматтық қоғамды азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
және құқықтық реттеу субъектісі ретінде зерттейтіні берімізге белгілі.
Экономикалық теорияны азаматтық қоғам ұйымдары қалыптасуының экономикалық
негіздері, олардың қызметіндегі қаржы саласы қызықтырады.
Тарих азаматтық қоғамның нақты ұлттық нысандарын, азаматтардың қоғамдық
өмірге қатысу ерекшеліктерін кеңінен суреттейді.
Философия мен әлеуметтану азаматтық қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде,
қоғамдық ұйым және байланыс ретінде меңгереді.
Егер жоғарыда баяндалғандарға сүйенетін болсақ, әрбір нақты Азаматтық
қоғамның қалыптасу себептері жеке сипатқа негізделеді деген түсінік
қалыптасады. Дегенмен, бұл пікір шындыққа сәйкес келмейді. Азаматтық қоғам
сынды үлкен қоғамдық саланың (жүйенің) туындауына жеке себептер (олардың
көп не аз болуынан тәуелсіз) негіз болуы мүмкін емес. Тиісінше, азаматтық
қоғамның қалыптасуы және дамуы процесін түсіндіретін ортақ себептердің бар
екендігін айтқым келіп отыр. Бұлардың тізімі көп болғанмен, мұндай
себептердің ең негізгілерін, бастыларын қарастырайық. Аталмыш себептердің
үш түріне толығымен тоқтап өтейін.
Азаматтық қоғамның қалыптасуындағы бірінші және негізгі себептердің бірі
жеке меншікпен байланысты. Дамыған демократиялық қоғамда өмір сүруші
халықтың орасан зор бөлігін жеке меншік иелері құрайды. Тиісінше, ірі
бизнес өкілдерінің саны көп емес. Дегенмен мұндай қоғамда орта таптағы
адамдардың саны басым. Және осы орта таптағылардың және олардың отбасы
табыстарының көздері, өмір сүру құралдары жеке меншік болып табылады. Олар
– жеке кәсіпорындар (өндірістегі, саудадағы, ауыл шаруашылығындағы, өндіріс
саласындағы және т.б. салалардағы), жер, жылжымайтын мүлік, жалға берілетін
мүлік, пайда әкелетін бағалы қағаздар, пайыз әкелетін ақша құралдары,
интеллектуалдық меншік және т.с.с. Бұл аталған адамдар үшін меншігінен
айрылу тіршілік ету үшін маңызды көзден айрылу болып есептеледі. Сол
себептен, өздеріне тиісті меншіктерді қорғау мақсатында, оның әрекеттілігі
үшін тиімді жағдайды қалыптастыруға меншік иесі өз бойында бар барлық күш-
жігерін жұмсайтыны анық.
Күнделікті өмірдегі тәжірибе көрсеткендей, ұжымдық күш жұмсаудың неғұрлым
тиімді болып саналатындары мыналар: меншік иелерінің ортақ мүдделерді
көздей отырып әртүрлі бірлестіктерге бірігуі; фермерлер ассоциациялары;
кәсіпкерлер одағы, банкирлер және т.б. Мұндай ұйымдардың өкілдері заң
шығарушы органдағы әртүрлі комиссиялармен және үкіметпен өзара тығыз
қатынаста бола тұра, осы ұйымдардың мүшелеріне тиісті жеке меншік
оңтайландыруға қол жеткізуді мақсат ететіні сөзсіз.
Солай етіп, демократиялық қоғамның неғұрлым дамыған институты бола тұра,
жеке меншік азаматтық қоғамның қалыптасуы мен қызмет етуінің ең негізгі
себептерінің алғашқысы болып табылады және ол Азаматтық қоғамды өзін-өзі
ұйымдастыратын мықты қоғамдық құрылымға айналуына септігін тигізеді. Дәл,
осы жеке меншік және түрлері Азаматтық қоғамның маңыздылығын одан әрі
арттыра түседі.
Азаматтық қоғам қалыптасуының екінші себебі жоғарыда аталған жеке
меншікпен тығыз байланысты. Бұл жерде әңгіме нарықтық экономика жөнінде
болып тұр. Демократиялық қоғам бостандықтың барша түрінің болуын қолдаумен
бірге, өз заңдылығымен дамитын шаруашылық жүйесінің болуын көздейді. Бұл
заңдарды орындаған жағдайда ғана сәтті кәсіпкерлік қызметті жүргізуге
болады. Және ең бастысы –жалғыз тұлғаның нарық заңдарына төтеп беруі өте
қиын болып табылады. Және осы мақсатты шешу үшін әртүрлі кәсіпкерлер
бірлестігі, яғни азаматтық қоғам ұйымдары құрылады.
Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен қызмет етуінің үшінші себебінің мазмұны
мынада. Демократиялық жүйедегі мемлекет өз азаматтарының мүдделері мен
қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруды көздейді. Алайда, қоғамда
қалыптасатын мүдделер сан алуан, сонымен бірге әр түрлі және бір текті емес
болуының нәтижесінде мемлекет бұл мүдделердің барлығы жөнінде ақпаратқа ие
болуы мүмкін емес. Демек, мемлекетті, мемлекеттің күшімен және құралымен
қанағаттандырылатын азаматтардың нақты мүдделері жөнінде ақпараттандыру
қажет. Және бұл нәтижеге жету, азаматтық қоғам ұйымдары арқылы әрекет
еткенде шындыққа сәйкес келеді.
Әрбір демократиялық елде сан түрлі азаматтық қоғам ұйымдары қызмет етеді.
Олар аймақтың және тіпті, жекелеген қалалардың нақты проблемаларымен
байланысты, кәсіби мүдделермен (мысалы, актерлар, кино, театрлар)
байланысты ұйымдастырылады. Олар қайырымдылық сипаттағы ұйымдар мен қорлар,
үлкен мәдени маңызы бар ескерткіштерді қалпына келтіру қажеттілігімен
байланысты бірлестіктер. Сонымен бірге мұндай ұйымдарға әр түрлі
қозғалыстар да (мысалы, кінәлі емес адамдарды соттауға қарсы наразылық
білдіру) және т.с.с. кіреді. Осы іспеттес ұйымдар мен қозғалыстар жалпы
мемлекеттік масштаб деңгейіне дейін өсуі мүмкін. Осындай ұйымдарға мысал
келтіретін болсам, батыс еуропалық елдердегі жасылдар қозғалысын атауға
болады. Бастапқы кезде табиғатты қорғауға бағытталған кішігірім қозғалыс
Қазіргі таңда үлкен қолдауға ие болып, мықты күшке айналды және олардың
қызметінің нәтижесінде мемлекет қоршаған ортаны қорғау мақсатында қосымша
ресурстар бөлген және аталған процесті реттеуші заңдарға өзгерістер
енгізген.
Солай етіп, азаматтық қоғамның қалыптасуы мен қызмет етуінің
қажеттілігінен арттыра түсетін үшінші себеп – демократиялық қоғамдағы
азаматтар мүдделерінің сан алуандығы. Бұл жерде айта кететін жәйт, тек қана
демократиялық қоғамда мүдделердің кең шеңберіне қолдау жасалынады.
Енді Азаматтық қоғамның маңыздылығы неде деген сұрақтан оның
мүмкіндіктері қандай деген сұраққа көшейін. Демократия азаматтық қоғамдның
қажет екенін тұжырымдаумен бірге, оның қалыптасуы мен дамуы үшін барлық
мүмкіндіктерді жасайды. Осы мүмкіндіктердің арасынан неғұрлым маңыздыларын
атап өтейін. Азаматтық қоғам белсенді өмір сүруінің ең негізгі шарттары -
әлеуметтік бостандық, демократиялық әлеуметтік басқару, саяси қызмет пен
саяси пікірталастың қоғамдық саласының өмір сүруі. Еркін азамат – Азаматтық
қоғамның негізі. Әлеуметтік бостандық адамның қоғамда өз мақсатын іске
асыруына мүмкіндік туғызады.
Азаматтық қоғамның қызмет етуінің маңызды шарттарының бірі жариялылық
және азаматтардың жоғары ақпараттарға ие болу қабілеті болып табылады.
Азаматтық қоғамның қызмет етуінің аса маңызды шарты - тиісті заңнамасының
болуы және оның өмір сүру құқықғының конституциялық кепілдіктері.
Азаматтық қоғамның негізгі қызметі – қоғамның материалдық, әлеуметтік
және рухани құндылықтарын неғұрлым толық қанағаттандыру.
Азаматтық қоғамның мемлекетпен қатынасындағы еркіндігін мойындамау, оның
әлеуметтік бағалылығында мойындамағандығы, ол жағдайдың қиындыққа
тірелетіні сөзсіз. Советтік тоталитаризмнің агрессивтік анықтаушысы (қоғам
мүдделерінің алдындағы таптық мүдделердің артықшылығы, таптық күрес,
меншікті мемлекеттендіру, жеке адамдардың өзіндік бағалылығын есепке алмау
т.с.с.) арқылы азаматтық қоғамды мемлекетке сіңіру болды. Соның нәтижесінде
адам, жеке адам ретінде қабылданбады, табиғи бөлінбейтін құқық және
еркіндіктің маңызы жойылды, себебі барлығы мемлекет арқылы жойылды. Адам
тоталитарлық жағдайда өз еркімен өмір сүріп, ойын айтуға, саяси
көзқарастарын білдіруге құқығы болмады, соның салдарынан саясатсыз
бағынушыға айналдырылды.

1.4 Азаматтық қоғамның құрылымы және оның беделдігінің негізгі бағыттары

Қоғамның қалай, қандай жағдайларда пайда болуы туралы бұрынғы және
қазіргі ғылыми болжамдарда бір ойды түйіндейтін шешімдер жоқ. Дегенмен де,
барлық оқымыстылар, әдеттегідей, қоғамның қажетті белгісін – саналы және
ерікті адамдардың жиынтығы ретінде бөліп көрсетеді. Тарихи және
социологиялық ғылымдардың тұжырымдарына қарағанда, жеке түлғалардың адамзат
қоғамына бірігуін, олардың ортақ мақсаттарының негізінде болатындығы
анықталады. Жалпы алғанда, мақсатсыз қоғам болмайды. Осындай тұжырымдарға
мүлдем қарсы келмейтін жағдайлар, бір қоғамда бірнеше мақсаттар, біріне-
бірі ұқсас не қарама-қайшы болулары мүмкін. Ер адамның, алдына қойған жеке
мүддесі болады. Ол қоғамдық ортаға қанша бейімделгенімен, оның жеке мүддесі
сақталады. Сондықтан, жалпы мүдде жеке адамның мүдделеріне объективті түрде
қайшы келуі мүмкін. Ең маңыздысы, сол мүдделердің қайсысының
басымдылығында. Қоғамның ұйымшылдығы, мүшелерінің жалпы мүдделері мен жеке
мүдделерінің үйлесуіне байланысты. Олардың мүдделерінің сәйкес келмеуі
қоғам өмірін түрақтандырмайды.
Қоғам мүдделердің өзара сәйкестігі негізінде құрылады, ал олардың
орындалуы, жеке адамдардың өзара қарым-қатынастарына байланысты болады.
Яғни, бірігіп жұмсаған күштің нәтижесінде, жеке адамның жете алмайтын
мақсаттарына жетуге болады. Мысалы, К.Маркс қоғамды адамдардың қарым-
қатынасының жемісі - деп қысқа анықтаған.
Бірақ, ондай мүдделері бір-біріне сай адамдардың жиынтығы, бірігіп қоғам
болмайды. Театрда көрермендерді олардың жалпы мүдделері біріктіреді, бірақ
ол қоғам емес. Адамдар жиынтығы, тек өзінен жеке тұратын нәрсеге қызығудан
басқа, сол мақсатқа жетудің жолын бірігіп іздеуді сезінуінде. Олай
дегеніміз, адамдар жиынтығындағы бір-біріне деген қызығушылық, әрқайсысының
мүдделерін іске асыруға берілетін мүмкіншілік.
Дегенмен, бәрі бірдей бір-бірімен қарым-қатынастағы адамдардың жиынтығы,
жалпы мүдделерінің негізінде қоғам құрмайды (жұмысшылар бірлестігі құрылыс
салудағы міндеттерін орындағаннан кейін тарап кетеді). Қоғам – деп айтуға,
тек адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы ғана емес, олардың мүдделеріне
сай, тұрақты және объективтік сипаттағы адамдар жиынтығы болуы қажет.
Мұндай қоғамдық қатынастар, қоғамдас адамдардың өз мәніндегі жұмыстарын
қамтамасыз етеді, оның ұдайы өндірісімен өзін-өзі дамытады.
Қоғам, қалай болса солай не болмаса, күштеумен біріккен адамдардың
жиынтығы емес. Адам қоғамсыз, әлеуметтік қатынастарсыз уақыт өткен сайын
еркімен маңызды бағалылығынан айырылады. Бұл жөнінде К.Маркстің, адамның
мәні, оның қоғамдық қатынастарының жиынтығында, деген ойына ешбір талас
жоқ.
Адам - қоғамның алғашқы клеткасы. Бірақ, қоғам жеке адамдардың
механикалық конгломераты емес. Бұл өте қиын, көптүрлі байланыстағы және
қатынастағы әлеуметтік құрылым, яғни қоғам мүшелерінің және олардың әртүрлі
қосылымдарының арасындағы қалыптасқан көптүрлі байланыстар және қатынастар.
Қоғам, өзара қарым-қатынастағы адамдардың жиынтығы ретінде,
ұйымдастырушылық факторға ие, себебі ол адамдық тәртіптің шекарасын барлық
қоғамның мүддесі үшін белгілейді. Бұл қызмет, қоғам белгілеген жалпыға
бірдей міндет, жөнге сай арнаулы өкімет органдары арқылы орындалады.
Сонымен, қоғам түсінігіне мынадай негізгі бөліктер, белгілер кіреді:
➢ Саналы және ерікті адамдардың жиынтығы;
➢ Тұрақты және объективті сипаттағы жалпылама мүдделердің болуы;
➢ Жалпы мүдделердің негізіндегі әрекеттік және ынтымақтастық;
➢ Қоғамның ішкі тәртібін және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
қабілеті бар;
➢ ұйымдасқан күштің құрылуы.
Егер бұрынғы Кеңестік Социалистк Республикалар Одағының азаматтары
Азаматтық қоғам туралы ешнерсе білмеген болса, не ол жөнінде кішігірім
көзқарастарда болған болса, қазіргі таңда елімізде бұл ұғым көбіне көп
айтылып жатады. Азаматтық қоғам туралы көзқарастар мемлекеттік басқару
мәселесімен байланысты, Конституция мен Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексімен байланысты, саяси жүйелерді талдау барысында, нарықтық
экономикаға көшу мәселелерімен байланысты, жеке меншіктің дамуымен, сондай-
ақ ең маңыздысы – елімізде соңғы жылдары қалыптасқан көптеген, бұрын соңды
болмаған кәсіпкерлер, банкирлер, несие берушілер, актерлар, соғыс
ардагерлері, зейнеткерлер және т.с.с. ұйымдары мен бірлестіктері жөнінде
сөз қозғағанда еске алынып жатады.
Азаматтық қоғам дегеніміз не және ол не себептен толыққанды тек
демократиялық жүйе жағдайында ғана неғұрлым қарқынды дамиды?
Азаматтық қоғам – бұл демократиялық мемлекеттерде біздің дамитын және
мынадай жағдайларда көрініс беретін адамдар қауымы: 1) қоғамдағы барлық
өмір сүру салаларында ерікті құрылатын мемлекеттік емес құрылымдар
(бірлестіктер, ұйымдар, ассоциаицялар, одақтар, орталықтар, клубтар, қорлар
және т.с.с.) жүйесі және 2) мемлекеттік емес – экономикалық, саяси,
әлеуметтік, рухани, діни және тағы басқа да қатынастар жиынтығы.
Осы Аталған анықтаманы нақтылай отырып, мына жағдайларды атап өткім
келеді:
- бұл аталған жүйе кейбір елдерде жүз мыңдаған азаматтар бірлестігі
немесе кәсіпорындарды (жоғары дамыған демократиялық қоғамның белгісі)
қамтитын өте тығыз болуы мүмкін, не мұндай ұйымдардың аз бөлігін ғана
қамтитын (демократиялық дамуда алғашқы қадамдарын жасаушы мемлекеттерге тән
қасиет) ішінара болуы да мүмкін;
- Азаматтық қоғамды құрайтын бірлестіктер азаматтардың (кәсіпорындардың)
шаруашылық, отбасылық, құқықтық, мәдени және өзге де мүдделерін бейнелейді
және олардың мүдделерін қанағатттандыру мақсатында құрылады;
- Азаматтық қоғамды құрайтын барлық ұйымдарға тән ерекше қасиет, оларды
мемлекет құрмайды, олар азаматтардың, кәсіпорындардың өз еркімен құрылады
және әрине заң шеңберінде мемлекеттен бөлек өмір сүреді;
- Азаматтық қоғамды құрайтын бірлестіктер көбіне кездейсоқ пайда болып
жатады (бірқатар азаматтар немесе кәсіпорындардың нақты мүдделерінің пайда
болуы және оны іске асыру қажеттілігімен байланысты). Соңынан бұл
ұйымдардың қандай да бір бөлігі өзінің өмір сүруін тоқтатады;
- Азаматтық қоғам жалпы алғанда, қоғамдық пікірді білдіреді және мұның
өзі оның саяси биліктегі көрінісінің өзіндік сипаты болып табылады.
Әрбір кездерде “Азаматтық қоғам” түсінігі әр түрлі қарастырылған. Осы
ұғымға толық сипаттама беретін анықтамалар көп болғанмен, олардың жалпы
түсінігі бір. Атап айтсам,
• Азаматтық қоғам бұл – адамның иелігіндегі жеке меншіктің
бар болуы (ұжымдық немесе жеке дара);
• дамыған және тармақталған демократияның әртүрлі қоғамдық
топтардың көп бейнелі мүдделерін көрсететін дамыған көп бейнелі
құрылыстың бар болуы;
• Азаматтық қоғамның белгілі не болмаса өзге институттарына
қосылуы кезіндегі қоғам мүшелерінің жоғарғы деңгейдегі
санаткерлігі, психологиялық дамуы, өздерінің әрекетіне
қабілеттілігі;
• халықты заң мен қамтамасыз етушілік яғни құқықтық мемлекеттің
қалыптасуы.
Бұл анықтамаға мынадай баға беремін:
Азаматтық қоғам дегеніміз – бұл азаматтардың әртүрлі табиғатына қарай
бірігуі (партия, одақтар, кәсіподақтар, топтар) олар адам мен мемлекет
арасындағы байланысты жүзеге асырады және соңғысына жеке тұлғаны озбырлық
пен басып алушылықты болдырмау.
Яғни, азаматтық қоғам болған кезде Үкімет дегеніміз әр түрлі институттар,
партиялар бірлестіктер және тағы да басқалары бірлесіп, қалыптасқан бір
ғана элемент осының бері плюрализм атауына ие және демократиялық қоғамдағы
көптеген ұйымдар мен институттардың өздерінің қалыптасуы, заңдылығы және
беделдігі үшін Үкіметтен тәуелсіз болуы.
Азаматтық қоғамдағы әртүрлі күштердің бір келісімге келуін мемлекет
білдіреді. Азаматтық қоғамның экономикалық негізі жеке меншік құқығы.
Басқаша жағдайда әрбір азаматқа мемлекет билігінің бұйырған шарттары
бойынша мемлекетке қызмет етуге мәжбүр болған жағдайда туады.
Істің мән-жайы бойынша, азаматтық қоғамдағы кейбіреулердің мүдделерін
әртүрлі әлеуметтік саяси, одақтық, топтық партиялар білдіреді. Олар
мемлекеттік, сондай-ақ тәуелсіз бола алады. Бұл бөлек тұлғаларға
демократиялық қоғамдағы азаматтың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға
жол береді.
Осындай ұғымдарға әртүрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық мемлекет түсінігі
Құқықтық мемлекет туралы
Мемлекет пен құқық теориясына кіріспе
Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы
Мемлекеттің құрылым нысаны
Мемлекет пен құқық теориясының пәні
Мемлекеттің пайда болуы жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Конституциялық құқық негіздері
Құқық негіздері. Мемлекеттің түсінігі және белгілері
Пәндер