Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік бірлігінің конституциялық-құқықтық сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

2050 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік бірлігінің конституциялық-құқықтық сипаттамасы

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

1 Мемлекеттік биліктің құқықтық сипаттамасы, табиғаты… . . . . . . 10

1. 1 Билік жалпы әлеуметтік категория . . . 10

1. 2 Мемлекеттік биліктің түсінігі . . . 13

1. 3 Мемлекеттік билікті бөлу теориясы . . . 22

2 Қазақстан республикасындағы мемлекеттік билік органдары . . . 27

2. 1 Қазақстан республикасының Президенті мемлекеттік биліктің кепілі және рәмізі . . . 27

2. 2 Қазақстандағы республикасындағы мемлекеттік биліктің заң шығарушы органдары . . . 33

2. 2. 1 Парламент . . . 33

2. 2. 2 Жергілікті өкілді органдар . . . 48

2. 3 Қазақстан республикасындағы мемлекеттік биліктің атқарушы органы . . . 50

2. 3. 1 Үкімет . . . 51

2. 3. 2 Орталық атқарушы органдар . . . 52

2. 3. 3 Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі қағидалары . . . 54

3 Жергілікті атқарушы органдар . . . 58

3. 1 Қазақстан республикасындағы мемлекеттік сот билігі . . . 59

Қорытынды . . . 65

Пайдаланған дерек көздер тізімі . . . 67

Кіріспе

Мемлекеттік билік органдарының тамыр тартқан тереңі мен даму, жалғасу жолдары - қазіргі құқықтану ғылымының, оның ішінде мемлекет және құқық теориясының үлкен де күрделі, маңызды да мәнді мәселелерінің бірі.

Мемлекеттік билік органдары Қазақстан құқық және мемлекет теорияларында ғылыми тұрғыдан жан-жақты толық зерттеле қойған жоқ. Себебі бәрімізге белгілі жас мемлекетіміз - Қазақстан Республикасының өз алдына дербес отау тігіп, тәуелсіздік алғанына он төрт жылдың жүзі болды. Көптен күткен тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ топырағында мемлекеттік билік органдары қалыптасты. Тәуелсіздік алғаннан бергі он төрт жылда еліміздегі мемлекеттік билік органдарының тұрақты қалыптасуының өзі соңғы бес-алты жыл болар. Олай болса, отандық мемлекет және құқық теорияларында мемлекеттік билеу органдары туралы ғылыми зерттеулер өте аз деп реніш айтқанымыз орынсыз болар. Ендеше, неге болашақтан үміт күтпесе, еліміз тыныш, халқымыз аман келешекте ғалым, заңгерлеріміз Қазақстан Республикасында мемлекеттік билік органдары туралы әлі талай еңбектер жазары сөзсіз?!

Әлеуметтік теңсіздікке негізделген билік өзінің персоналдық нысанын жоғалта алады. Себебі біз қызметте физикалық тұрғыдан күшті, қуатты болсын немесе бізге ұнасын, ұнамасын бастықтың өкімін орындауға мәжбүрміз. Ол қоғамда да өзінің нақты қатысушыларынан тәулсіз және әлеуметтік кеңістікте жеткілікті дәрежеде тұрып, жүзеге асырылады. мысалы, отағасы, діни қауымдастықтың рухани басшысы, мекеме жетекшісі, партия қолбасшысы бұлардың барлығы әлеуметтік кеңістікте әртүрлі орында тұрса да өзінің бағдарламасы бойынша міндетті шешімдерді қабылдауда айрықша құқыққа ие. Мұндай биліктің тұрақты болуының себебі оның , әлеуметтік теңсіздікке негізделген билік әлеуметтік институт болып табылады. Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген.

Біздің бұл еңбегіміз «Мемлекеттік билік органдары: түсінігі және түрлері» деген тақырыпта өрбіп отырғандықтан әңгіме өзегі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары.

Тақырыбымыздың өзектілігі , сол еліміздің билік бірлігінің конституциялық - құқықтық ерекше сипатта болуында. Себебі жиырма жылдық қана тәуелсіз еліміздің өтіп келе жатқан, құрып отырған биліктің конституциялық- құқықтық сипатыәлем мойындап, бұл жолды өздеріне үлгі ретінде алуы.

Жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік бірлігінің конституциялық-құқықтық сипаттамасы, нысандары, құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып беру.

Мемлекеттік билік мемлекеттік органдардың жүйесін өзімен байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын мемлекеттің ең негізгі құрамды элементі - бұл аппарат болып табылады.

Жұмыстың тақырыбының мазмұнын толығымен ашып көрсету мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады. Олардың қатарына мыналар жатады:

  • Мемлекеттік биліктің құқықтық сипаттамасы, табиғаты, нақтырақ айтқанда түсінігі, белгілері және нысандары;
  • Қазақстан республикасындағы мемлекеттік билік органдары нақтырақ толық мәлімет беру,
  • Мемлекеттік билік органдарын тармақтары бойынша ашу: атқарушы, заңшығарушы, сот билігі түрінде;
  • Қазақстан республикасының Президенті мемлекеттік биліктің кепілі және рәмізін талдап беру.

Мемлекеттік билік - бұл қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік билік мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады [1, 48б]

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 2-бабында: «Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет» делінген [2, 3б]

Мемлекеттік билік ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрайды. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын - патшаның билігі орнаған Парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік биліктің дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференция, кәсібиліктің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет - конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі

Мемлекет биліктің, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.

Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес, мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:

  1. тікелей басқарушылық - бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
  2. құқықтық нысандар - бұл құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік міндетті салдарды туындатады. Мемлекет биліктің қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:

а) құқықшығармашылық қызмет - бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;

б) құқыққолданушы қызмет - бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;

в) құқыққорғаушы қызмет - бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т. б. байланысты қызмет[3, 22б. ]

Зерттелу деңгейі. Біз бұл еңбегімізде мемлекеттік билік органдарының түсінігін, түрлерін ресейлік және қазақстандық ғалымдардың зерттеулері мен ой-пікірлерін қолдана отырып ашық көрсетуге тырыстық. Бұл жөніндегі еңбектерден Ғ. Сапарғалиевтың «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығын», А. М. Барнашевтың «Теория разделения властей. Становление, развитие, применение» - деп аталатын әдебиетін, А. А. Гарановтың «Парламент и законодательная власть Казахстана» монографиясын, тағы басқа бір қатар еңбектерді атар едік.

Біз осы еңбекті жазарда алдымызға еңселі мақсат қойдық. Ол халық игілігі аталатын мемлекеттің билік органдарын жинақталған материалдар мен өзіміздің түйген ой-пікірлерімізді жүйелеп, саралап, тереңірек зерттеу.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары туралы бір ауыз сөз айтып, мақала жазбаған ғалымдар, заңгерлер, студенттер кемде-кем. Соған қарамастан мемлекеттік билік органдары әлі толық зерттеліп болған жоқ.

Зерттеудің әдістері және әдістемесі . Мемлекеттік билік органы бұл - күрделі тақырып. Ал еңбектің басты мақсаты - осындай күрделі құқықтық құбылыстың түсінігін ашып, түрлерін айқындап, жан-жақты тану.

Зерттеу жұмысында коғамдық ғылымдарға ортақ жалпы және арнайы танымдық әдістер жүйесі: диалектикалық, салыстырмалы, функционалды талдау, жүйелеу әдістер басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының нормативтік базасы . Іздену жұмысының нормативтік бастауларын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары құрады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы . Зерттеу жұмысында мемлекеттік билік органының құрылымдық ерекшелігі, Қазақстандағы билік жүйесінің орнығуының тарихи-құқықтық алғышарттары, мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуының жолдары және оны жетілдіру жолдары кешенді тұрғыда зерттеліп отыр.

Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы. Дипломдық жұмыста қол жеткізген ғылыми нәтижелерді Қазақстан Республикасында билік, мемлекеттік билік негіздерін айқындауда пайдалануға болады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысының нәтижелері елімізде жүргізіліп, жалғасын тауып жатқан құқықтық реформаларды одан әрі дамытуда пайдалы болып табылады.

Дипломдық жұмыстың нәтижелерін, сонымен катар, елімізде заң оқу орындарында мемлекет және құқық теориясы, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы, салыстырмалы құкықтану, конституциялық құқық және т. б. пәндерден дәрістер жүргізуде семинар сабақтарын өткізуде қолданылуға ұсынылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, сегіз бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған дерек көздер тізімінен тұрады

1 Мемлекеттік биліктің құқықтық сипаттамасы, табиғаты

1. 1 Билік жалпы әлеуметтік категория

Мемлекеттік билік органдарын толыққанды талқылау үшін алдымен билікті жалпы әлеуметтік категория ретінде қарастырып, мазмұнын, мағынасын ашып алуымыз қажет.

Билік болып қоғамда белгілі бір субъектінің (жеке тұлғаның, ұжымның, ұйымның) екінші бір субъектіге (жеке тұлғаға, ұжымға, ұйымға) бағынып, яғни сол субъектінің мүддесіне, еркіне бағынып, мінез-құлық дәріптеуі танылады.

Адамзат баласы өмір сүріп отырған қоғамда биліктің көптеген түрлері тараған. Атап айтар болсақ: ру, тайпа билігі, экономикалық билік, қоғамдық ұйымдардың билігі, ата-аналық билік, діни ағымдағы билік, осылардың арасында ерекше орын алатын, қоғамға кең тараған, қазіргі біздің мемлекетіміздің қадасын қағып, керегесін кеңейтіп отырған, осы еңбегіміздің басты тақырыбының іргетасы болып отырған билік - саяси (мемлекеттік) билік.

Осы аталған саяси билік негізгі заңдық мағынада мемлекеттік билік болып түсіндіріледі және мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.

К. Маркс «мемлекеттік билікті жүзеге асыратын мемлекет пен оның әр-түрлі органдары азаматтық қоғамның саяси тірегі болып табылады» деп пікір айтқан. Бұдан шығатын қорытынды мынадай: мемлекеттік билік - тікелей мемлекетпен жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың өкілеттігі мен қолдауы бойынша жүргізілетін, мемлекетпен белгілі бір әрекеттілік берілген немесе санкцияланған қоғамдық биліктің айрықша нысаны. Сонымен қатар Ф. Энгельс «саяси (мемлекеттік) билік ерекше жариялылыққа ие билік» деп атап айтқан. [ 4, 69б]

Биліктің маңызды белгісінің бірі - күш. Себебі, әр мемлекетте билік әр-қилы жағынан көрініс табады, мысалы бір мемлекетте мемлекеттік билік мемлекет тарапынан тікелей зорлыққа бағытталса, екіншісінде - жасырын мәжбірлеуге ие, сондай-ақ үшіншісінде ұйымдастырушылық қызметке ие.

Билік күші физикалық күш, қару-жарық күші (дубина, қару, атом бомбасы) немесе бедел, ақыл-ой күші болуы мүмкін. Енді осы билік жайында ежелгі ойшыл - ақылмандардың пікірлерін, ұстанған қағидаларын, бағыт-бағдарларын толғап өтсек. Ежелгі ақылман Никколо Макиавелли өзінің «Тақсыр» атты кітабында: «Билік иесі елді әр-түрлі тәсілмен басқарады. Бірі - қабылдаған заң жолымен, екіншісі- күш қолдану арқылы. Алғашқысы адамға, кейінгісі айуанға тән. Елде тәртіп орнатайын десе, билік иесі осы екі тәсілді де тең ұстағаны абзал, түсінігі молдарға заңды құрметтеуді үйрет, көнбегендерге амал жоқ, күш қолдан. [ 5]

Өз бойыңа арыстан мен түлкінің мінезін қалыптастыр. Арыстан-айбатты, түлкі-айлакер. Мұның бірін сыртқы, екіншісін ішкі жауыңа пайдалан. Қорқыт та алдай біл, алда да қорқыта біл. Сонда ғана елдің тізгінін нық ұстайсьң» - деген.

Иә, әр ғасырлардың, әр қоғамдық құрылыстардың өзіндік билік құпиялары болған. Ең бастысы билік иесі-жоғары лауазым иесі қарамағындағы, адалдық, адамгершілік, жан тазалығы және өз-өзіне сенімділік мен мұндалап, көзе ұрып тұруы шарт.

Жоғарыда атап өткен «Тақсыр» атты кітапшада, бұған керісінше, билеушіні орға жығатын бес бірдей сүйкімсіз мінез көрсетілген. Олар: тұрақсыздық. Жеңіл ойлылық, дөрекілік, сезімсіздік және дұрыс шешім қабылдай алмаушылық.

Шығыс филасофтарының көне жазбаларында билік иелерін үш топқа

бөледі екен.

Біріншісі - кұдайдың өзі туа бітті ақыл дарытқандар. Мұндай билік иелері ұзақ мерзім билік құрады және еліне көп жақсылық әкеледі.

Екіншісі - өзгенің істегенін көріп, әрекет жасайтындар. Бұлар көбінесе қу болып келеді. Қоғамға өзгеріс әкелетіндей жаңалық жасай алмайды. Тек ескіні ғана нығымдап ұстауға бейім тұрады.

Үшіншісі - өзі білмейтін және өзгеден тәлім алмайтындар. Бұлар билік басына кездейсоқ келеді, олар кез-келген істі айқаймен, дауды соғыспен шешуге құмар. Мұндай билік иелері бар ел түбінде қырғынға, байлығы тонауға ұшырайды.

Наршахи деген ақылман: «Халқың, қара нан жесе, сен де қара нан же, әйтпесе сенімнен айырыласың. Биліктен ажырайсың» - деп жазыпты. Өнеге сөз. Қырғыз жазушысы, адамзаттың Айтматовы: «Мен білетін биліктің екі тармағы бар. Бірі - халқына қызмет ететін, екіншісі -өзіне және туған-туысқандарына, тұқым-жұрағатына ғана көлеңкесі түсетін билік. Алғашқысы - жауапкершілікті терең сезінуден, адалдықтан, кейінгісі эгоизм парықсыздықтан туындайды» - деген. 2 Десе де, қазіргі біздің билік иелеріміз кімнің, күйін күйттеп отыр, өзінің бе, жоқ әлде халқының ба? Халқының күйін күйттеп, жоғын жоқтар билік иелері көп болса, біздің қоғамымызда қолын созар қайыр-садақа сұраған қайыршылар саны азаяр еді. Осыны көріп еліміздегі билік иелері өзімшіл ме деп қаласың. [6, 62б]

Біздің пікірімізше, қоғам рахаты тек мемлекет басшысына тәуелді. Себебі, мемлекет басшысы айналасына жинайтын билік иелерін дұрыс саралауы тиіс. Егер, мемлекеттік билік басына өңкей жағымпаздарды жинаса, өзінің де, елінің де күні қараң. Өйткені жағымпаздар басшыны мақтамай тұра алмайды. Ал, мақтау сөз у тәрізді, тұла бойыңды түгел билеп алады.

Алды-артыңды болжаудан қалдырады. Осының салдарынан халқыңды ұмытасың. Қаптап жүрген мүсәпір - қайыршыларды көрмейсің. Сондықтан Президент Үкіметті құруда мүше болушылардың психологиясына терең үңілуі тиіс.

Афина патшасы Амасиске ғұлама Солон: «Менің пікірімше үкімет билгін халық билігіне айналдыра алған патша ғана даңқты болады»-деп кеңес берген. Олай болса, билік тізгінін ұстаған ақылмандардың кемеңгерлігі - ел бақыты. Конфуций - біздің дәуірімізге дейінгі 551- 479 жылдары өмір сүрген қытай халқының атақты философы, ойшылы. Оның ұлы қағидалары мен өсиеттерінен көне қытайдың көптеген билеушілері тәлім алған. Тіпті ең бір қаһарлы императордың өзі: «Ел басқару ісінде қателессек, ұлы ұстазымыз кешірмейді-ау» - деп қорыққан. Конфуцийдің билік туралы ұлағатты сөздері бұл күнде әлемнің барша тіліне аударылған.

«Әр адам өз ісін адалдықпен атқара білсін. Билеуші елді билесін, жұмысшы еңбек етсін, әке-әке, бала-бала орнында болсын. Тұрақтылықтың осы қарапайым қағидасы бұзылса, мемлекет іштен іриді. Үлкен өрт кішкене шақпақ тастан шыққан ұшқыннан басталады». [7, 103б]

Конфуцийдің қағидаларын Қытай көсемдері әлі күнге басшылыққа алып отырады екен. Ал біздің билеушілеріміз, кешегі алты алашты аузына қаратқан үш жүздің үш тарланы Төле бидің, Қазыбек бидің, Әйтеке бидің тағылымы мол сөздерін біле ме екен ?!

Жалпы, билік иесі болу бақытына алуан салалы қызметтің, саяси қақтығыстардың қойнауына түсіп ысылып, сыналған, ақылы мен парасаты, кемеңгерлігі мен кеңдігі келіскен өзге тұстастарынан оқ бойы озық тұлға ғана ие болуы тиіс қой.

Алайда бұл ереже біздің мемлекеттік органда отырған азаматтарымызға тән емес. Мысалы, елімізде бір жылдары өткен Парламент депутаттарын сайлау кезінде небір пәлелер болмады десеңізші. Бір депутатқа талапкер сайлаушыларына аяқ киім үлестірген. Бірақ бәріне бір-бір сыңардан ғана. Әлгі өлермен:

- Маған дауыс беріңдер. Қарсыластарымды жеңіп шықсам, екінші сыңарын аласыңдар деп қоңторғай болып жүрген халықтың осал жерін басады. Қалған талапкер - бақталастары қалсын ба, ақшаны оңды-солды шашып, судай ағызған. Нәтижесінде аяқ киім үлестіргеннің бағы жанбады. Десе де, осындайлардьң талайы Парламентке өтіп кетті. Бір кезде рухани жағынан таяз, бір жолғы қызығы, мансабы, үшін халық мүддесін сатып жіберетін алаяқтардың талайы қазір көзін ашып-жұмып Парламент залында отыр. Қарапайым жұрттың тағдыры осындай азаматтарға қарап калды. Осы жайттарды зерделесек, бұл - біздің демократиядан тапқан бір ұтылысымыз - осындай депутат ағаларымыз бен апаларымызға қарап отырып кешегі грек саясаткері Солон еріксіз еске түседі. Ол «Саясаткерлік деген - алдампаздық» демеп пе еді.

Еліміздегі мемлекеттік билік органдарының алшың басуы-қоғамымыздағы демократияның бір көрінісі. Осыны пайдаланып, билік иелер әй дер әжеге, қой дер қожаға құлақ аспауда. Алайда, демократия дегеніміз - өзіне тән шектеуі мен шекарасы бар қатаң тәртіп. [8, 109б] . Қарапайым ғана мысал. Отбасы - мемлекеттің үлгісі. Оның да көсем басшысы, сенімді қосшысы, орнықты орындаушылары бар. Демократия, аузыма не келсе соны көкуге еркім бар деп, келін атаның сақалына жармасып, ұл шешесінің бетінен алып жатса не болмақ? Ырыс емес, үй-ішіне қып-қызыл төбелес алып келетін, рухани мәдениетке тамыр жібермеген демократиядан не қайыр?!

«Бақ пен сордың арасы - бір-ақ қадам» депті императорлық тақ пен тәжден айырылып, әулие Елена аралына жер аударылып бара жатқан Наполеон Бонапарт өкініштен бармағын шайнап. Сол сияқты - біздегі билік иелері аңдап баспаса, абайлап ұстамаса қолындағы биліктен айырылып қалуы ғажап емес.

Жалпы тілмен айтсақ билік - айбалтаның басы да, демократия - сабы. Ал сабын ұстайтын әулетті қолдың иесі қашан да халық екенін естен шығармаған жөн. Сондықтан бұл екеуін бөле жара караудың қажеті жоқ. Осы екі тірліктің бірі бұзылса, екіншісі қисаймай тұрмайды. Мысалы, Люксембургте, көшеде келе жатқан адам жолда жатқан әмиянды тауып алса, ол оны міндетті түрде полицияға апарып тапсырады екен. Байыппен қарасақ. Бұл - қалыптасқан мінез бен демократияның шынайылылығы.

Ал жоғалғанды тауып бермек түгілі, қолыңдағыны жұлып алатын біздің қоғамда, демек билік те, демократия да, дұрыс орнықпай жатқаны-ау! Ендеше, біз демократияға қол жеткіздік, аспаннан алтын жауады екен деген ұғымнан арылуымыз қажет. Біз үшін - идеал қоғамның ауылы алыс. Осыны жан - тәніңмен, бүкіл болмысыңмен түсіну парыз. Қолдағы билік пен мүмкіндікті жалаң өз басына пайдаланбай, еліне жақсылық жасауға ұмтылса ғана демократияның бағы жанады.

Ежелгі заң реформаторы Солон өз билігі хақында былайша толғанған: «мен халыққа билікті олар қажет еткен мөлшерде бердім. Олардың абыройын шектемедім, бірақ артық құқық берген жоқпын». [9, 57б] Солон болса бұдан ұтылмады, керісінше үнемі ұтыста болды.

Демек, біздегі билік иелері өз дәуірінде де, болашақ алдында да ұтылмау үшін халық мүддесін өз мүддесінен артық қоюы керек. Сонда ғана қоғамда демократия аясындағы билік салтанат құрары сөзсіз.

1. 2 Мемлекеттік биліктің түсінігі

Сонымен, мемлекеттің бірден-бір орталығын құрайтын саяси (мемлекеттік) билік дегеніміз не? Енді осы сұраққа жауап іздеп көрсек.

Билік бұл - бір жеке тұлғаның немесе топтың шешім қабылдау құқығы мен мүмкіндігіне көрініс табатын өзге де жеке тұлға немесе топ үшін міндетті сипатқа ие әлеуметтік қатынас, әлеуметтік институт, басқаша айтқанда бұл «басқару- орындау» қатынасы, кейде бұл бұйрық берушілік пен бағынушылықтың қатаң нысанында көрініс береді. Бір адамның басқа адамға бағыну негізінен теңсіздікке жатады: табиғи теңсіздік (физикалық, интеллектуалдық) және әлеуметтік теңсіздік (мәртебелілік, экономикалық, білімділік және т. б) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында Президенттік институтын қалыптастыру және оның тарихи-құқықтық маңызы
ПРЕЗИДЕНТ ҰҒЫМЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық құқықтық мәртебесі
Мемлекеттік билік экономикалық және саяси жүйенің қалыптасуына ықпал етуші негізгі фактор ретінде
ЕЛ БІРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗДЕ НАСИХАТТАЛУЫ
Қазақстан Республикасы Президенті – мемлекет басшысы
Мемлекеттік құрылыс
Парламенттің Үкіметті жасақтаудағы роль
Мемлекет нысанының түсінігі, мәні және мемлекетті басқару нысаны
Мемлекет - мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz