Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі және қалыптасу кезендері


2045 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі және қалыптасу кезендері
Мазмұны
Кіріспе . . .
1 Мемлекеттік аппарат туралы жалпы ережелер . . .
1. 1 Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны . . .
1. 2 Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының жүйесi
және олардың негiзгi функциялары . . .
2 Мемлекеттiк билiктiң бөлiнуi . . .
2. 1 Заң шығарушы билiк . . .
2. 2 Атқарушы билiк . . .
2. 3 Сот билiгі . . .
2. 4 Құқық қорғау органдары . . .
2. 5 Жергілікті мемлекеттік басқару органдары . . .
3 Қазақстан Республикасында алқа билер институның қалыптасуы . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Қосымшалар . . .
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. Қоғамды демократияландыру еліміздің негізгі және басым міндеттерінің бірі. Қазір соған сәйкес қоғамдық өміріміздің барлық кең көлемді реформалар жүзеге асырылып отыр. Бұл мақсатта бізден алғашқы кезекте еліміздегі құқықтық жүйені жетілдіруді қолға алуды талап етеді. Демек, қазір қолданылып жүрген құқықтық, нормативтік құжаттарды еліміздегі азаматтық қоғамның босағасын бекіте түсу үшін де оны осын заман талабына сай жетілдірудің мезгілі жеткен іспетті.
Бүкіл әлемнің прогресшіл жұртшылығы, зиялы қауым озық та өркениетті елдер заңды құрметтеп - сыйлауға, қажетті жерінде оған сөзсіз бойсұнуға дағдыланғандығы қашан! Міне, егеменді ел атанған Қазақстан Республикасы да құқықтық мемлекет құру жолында маңызды іс-шараларды табандылықпен жүзеге асыруда. Құқық тәртібін сақтау мен нормативті заң актілері талаптарының қалтқысыз орындалуына жете көңіл бөлінуде.
Қазақстан Республикасы егемендiгін 1991 жылы алғаннан кейін, тәуелсiз, демократиялық, құқықтық, зайырлы, әлеуметтiк мемлекет деп, Қазақстан Республикасынның Ата Заңында танылған. 1995 жылы Қазақстан Республикасынның Ата Заңында құқықтық мемлекеттің қалыптастырылыу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан - жақты қалыптасу нормалары бекітілген.
Зерттеудің пәні. Ендігі кезекте «мемлекеттік аппарат» дегеніміз не деген сауалға келетін болсақ, бұл қоғамды мемлекеттік басқару мен оның негізгі мүдделерін қорғау танылады. Және ол арнайы органдардың, мекемелердің жүйесі арқылы іске асырылады.
Зерттеу объектісі. Республикамыз тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн, құқықтық мемлекет құру негiзiнде мемлекеттiк билiктi тармақтарға бөлу принципi қарастырылды. Соның нәтижесiнде, мемлекеттiк аппарат механизмі үш тармаққа яғни: заң шығарушы, атқарушы, сот билiгi деп бөлінген.
1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік биліктің біртұтастығын және оның тежемелік әрі тепе-теңдік жүйелерін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасайтын заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары арқылы жүзеге асырылатындығын бекітіп берді. Бұл биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының құқықтық негіздерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді деген сөз. Яғни, бүгінгі қалыптасқан жағдайдағы қазақстандық конституционализмнің тағдыры негізінен биліктің үш тармағының өміршеңдігіне тікелей байланысты болмақ. Дегенмен де, конституциялық институтты дамыту процесінде атқарушы билік құрылымының жүйелі түрде дамытуының өте маңызды екендігі жысырын емес [1] .
Зерттеудiң мақсаты. Дипломдық жұмысты жазудағы мақсатым, Қазақстан Республикасынадағы мемлекеттік аппарат ұғымын, мазмұнын, оның органдар жүйесін ашу, оның ішінде сот жүйесіне яғни Қазақстан Республикасында жаңадан қалыптасқан алқабилер институтына назар аударсам деп отырмын. Себебі, құқықтық, демократиялық мемлекет құру мақсатында қазіргі елімізде сот жүйесіне елеулі өзгерістер мен жаңалықтар, реформалар жүзеге асырылуда.
Зерттеу міндеттері. Осы жұмыста алға қойған мақсатқа жету үшін мына міндеттерді шешу қажет:
1) мемлекеттік аппарат ұғымын анықтау;
2) мемлекеттік аппарат жүйесінің бөлінуін қарастыру;
3) мемлекеттік биліктің бөліктеріне толығымен сипаттама беру;
4) заң шығару, үкімет және сот органдарының бүгінгі таңдағы қалыптасып отырған мәселелеріне көңіл бөлу;
5) Қазақстан Республикасындағы жаңадан қалыптасқан алқабилер институна тоқталып, шолу жасау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады: тақырыптың өзектілігі мен жұмыстың мақсаты белгіленетін кіріспеден, жұмыстың мазмұнын ашатын үш негізгі бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 Мемлекеттік аппарат туралы жалпы ережелер
1. 1 Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны
Мемлекеттік аппарат - қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі, оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана кызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін кұрылады. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның екінші бабында «мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет»- деп атап көрсетілген [2] .
Мемлекеттік аппараттың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрады. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын - патшаның билігі орнаған Парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференсация, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет - конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі.
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай принциптерімен реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі кұрылысы және құзыретінің нәтижелі, тиімді болуы (Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы, 1995 жылғы 26 желтоқсан, № 2730, 3 б. ) .
Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет. Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысудың демократиялық жолдары, олардың сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың ішкі қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады. Конституцияның 33-бабында «Азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі. Ал қатысудың түрлерін былай деп белгілейді: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық өтініштер жолдау: «мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдарын сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттік қызметке кіру».
Мемлекеттік қызметтің принциптері:
1) зандылық;
2) мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;
3) азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдында басымдығы;
4) мемлекет қызметіне кіруге, қатысуға еріктілігі;
5) өз өкілеттері шегінде жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдаған шешімдердің төменгі мемлекеттік органдар қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі;
6) мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен жоғары біліктілігі.
Биліктің бөліну принциптері. Қазақстанның біртұтас мемлекеттік билігінің тармақтарға бөліну принципі Конституцияда белгіленген негізгі принциптердің біреуі ғана емес, ең күрделісі. Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас, өйткені бірден-бір бастауы - Қазақстан халқы және мемлекеттің егемендігі бөлінбейді. Бұл билік өзінің бөліну принципіне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесіне бөлінеді және биліктер бір-бірін шектейді.
Мемлекет аппараты өз қызметін ашық және жариялық істеуге тиісті. Мемлекеттік органдардың кызметтерінің кәсіпшілігі, тәжірибесі және хабардардығы өте жоғары болуға тиісті. Мемлекеттік аппарат өзінің қызметінде бар заңдардың талабын мүлтіксіз орындауға тиісті.
Мемлекет аппаратының ішкі құрылысы - қатаң тәртіпті, субординацияны, олардың бір-бірімен байланысын жақсарту. Мемлекеттік аппарат біртұтас күрделі жүйе, ол бірнеше салаларға бөлінеді: заң шығару, атқару және сот жүйелері; құқықты қорғау және қарулы күштер жүйесі. Бұл мекемелердің алдында тұрған мақсаттары, ішкі құрылыстары, құзыреті, қолданатын әдістері мен приициптері. Оларды біріктіріп, қызметтерін жақсы атқаруға жағдай қалыптасады.
Сонымен мемлекеттік аппарат - алдында тұрған ерекше мақсаты бар және соны орындау үшін құзыреті бар мемлекеттік аппараттың бір буыны. Мемлекеттік аппараттың құрылуы мен қызметі, негізгі өкілеттілігі Конституцияда және конституциялық актілерде көрсетіледі. Әрбір мемлекеттік аппарат өз қызметін мемлекеттік материалдың, ұйымдық және зорлау күшімен қорғайды. Мемлекеттік аппарат мемлекеттің атынан функцияларын атқарады, әрқайсысының алдында тұрған мақсаттары заңда анық белгіленген. Басқа мемлекеттік органдарымен қалай қатынасатыны, ішкі құрылысы, құзыреті белгіленген. Мемлекеттік аппараттың негізгі нышаны оның мемлекеттік билігі. Бұл мемлекеттік билікті былай түсінуге болады: олар мемлекеттің атынан барлық субъектілерге міндетті нормативтік актілерді шығарады, немесе құқықтық, нормалардың орындалуын тексереді, ал кейбір кезде жазаға тартуға құқығы бар. Мемлекеттік заңдарға сәйкес мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында мемлекеттік аппарат өкілеттікті жүзеге асыратын толып жатқан қызметтер атқарады. Мемлекеттік қызметкерлердің өкілеттіктері мемлекеттік органдар алдында қойған мақсаттарға және міндеттерге сәйкес анықталады. Мысалы, прокуратура органдары, сот жүйесі, ІІМ (МВД), МҚК (КГБ) құқықты қорғау қызметін атқарады. Бұл органдар бір-бірімен байланысты. Бәрі бірге жалпы құқық қорғау жүйесіне жатады.
Мемлекеттік аппараттың қызметкерлерінің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен заңды түлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, заңдарда белгіленген тәртіп пен азаматтардың өтініштерін қарауға, олар жөнінде қажетті шаралар қолдануға; өздеріне берілген құқықтар шегінде және заңды міндеттерге сәйкес өкілеттерді жүзеге асыруға; мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға; өздерінен жоғары басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, шығарылған шешімдері мен нұсқаларын орындауға; өз өкілеттігінің шегінде мәселелерді қарауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға, белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды алуға құқықтары бар.
1. 2 Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының
жүйесi және олардың негiзгi функциялары
ҚРсы Конституциясы еліміздің ең қымбат қазынасы адам мен оның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары деп бекіткен. Осы ережеге сүйенетін болсақ адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың жүзеге асырылуына жағдай жасау мемлекеттің, кез келген мемлекеттік органның, лауазымды адамның міндеті болып табылуы тиіс. Ол шындық, өйткені бүгінгі күні қай мемлекеттік органның құзыретін қарастырсақ да, ол жерде адам құқықтарын қорғау мәселесі орын алған. Осыдан мемлекеттік органдар жүйесінің адам құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде өмір сүру құқығын, жүзеге асыру механизмінің маңызды бөлігі болатыны түсінікті.
Жоғарыда адамның өмір сүру конституциялық құқығын жүзеге асыру мемлекеттік-құқықтық механизмінің анықтамасын осы конституциялық құқықтың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құқықтық кепілдіктер мен бұл кепілдіктерді қолданатын (жүзеге асыратын) мемлекеттік органдар жүйесі ретінде берген едік. Енді осы механизм түсінігін талдау керек. Мұндай талдауды өмір сүру құқығының жүзеге асырылуына тікелей қатысы бар мемлекеттік органдар жүйесінен бастамақпыз.
Отандық құқық ғылымында адам құқықтарын қамтамасыз ету механизмін құрайтын мемлекеттік органдар екі топқа бөліп қарастырылады: жалпы және арнайы құзыретті органдар. Мұндай сыныптаманы М. Б. Үсенова және т. с. с. басқа да ғалымдар қолданады. Мысалы, А. В. Казакова ана мен бала құқықтарын қамтамасыз ету үш бірдей механизмге сүйенеді дейді, олар: мемлекеттікқұқықтық, халықаралық және қоғамдық механизмдер. Ал мемлекеттікқұқықтық механизмінің өзі, ғалымның ойы бойынша, жалпы және арнайы құзырлы органдардан тұрады [1, 7] . Бұл сыныптаманың негізін құрайтын белгі тиісті мемлекеттік органдардың құзыреті екендігі түсінікті.
Осы белгі бойынша адам құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету (оның ішінде адамның өмір сүру құқығын) мәселесі жалпы құзыретіне жататын мемлекеттік органдар: 1) ҚРң Президенті; 2) ҚРң Парламенті; 3) ҚРң Үкіметі; 4) ҚРң Конституциялық Кеңесі.
Адам құқықтарын қорғау ісі арнайы құзыретіне жататын мемлекеттік органдардың қатарына жататындар: 1) соттар; 2) прокуратура; 3) ҚРсы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі Комиссия; 4) Адам құқықтары жөніндегі ҚРң Уәкілі.
А. В. Казакова соттар мен прокуратураны жалпы құзырлы органдар қатарына жатқызады және олардың қатарына ішкі істер органдарын да қосады [2, 18] . Г. Т. Сетенова полиция органдарын адам құқықтары мен бостандықатарын кепілдендіру саласындағы мемлекеттің ең маңызды құралы, адам құқықтарын қорғау ішкі істер органдарының тікелей мақсаты мен міндеті және олар құқық қорғау функцияларының көлемі бойынша адам құқықтарын қамтамасыз етудің ең ауқымды институты деп есептейді [3, 7] .
Әрине, бұл даулы мәселе бойынша пікірталасқа түсуге болады, бірақ біз қарастырып отырған мәселеге қатысты бұл соншалықты маңызды емес. Сондықтан мұндай пікірталастан бас тартып, жоғарыда аталған мемлекеттік органдарға, олардың адам құқықтарын қорғауға қатысты құзыретіне қысқаша сипаттама беріп кеткенді дұрыс көріп отырмыз.
Сонымен, мемлекеттік органдар жүйесінің басы ҚРң Президенті екендігі түсінікті, өйткені біздің еліміз президенттік республика.
ҚРсы Президентінің құқықтық мәртебесі Конституцияда белгіленіп, арнайы конституциялық заң арқылы бекітілген.
ҚР Конституциясында Президенттің мәртебесіне 40-48 баптар арналған. Адам құқықтары саласындағы Президенттің құзыреті мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтынан жарқын көрініс табады. Адам құқықтары саласындағы еліміздің саясаты Президентпен айқындалады.
Сонымен қатар, Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің кепілі, яғни барлық мемлекеттік органдардың белгілі бір жүйені құрап, бір бағытта қызмет етуі Президент құзыретіндегі мәселе. Бұл жөнінде 40-шы баптың 3-ші тармағында Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді деп басып айтылған.
Еліміздің Атазаңы Конституцияның мызғымастығына да кепіл болатын Президент, яғни Конституцияның құрамындағы адам құқықтары мен бостандықтары жөніндегі бөлімнің тұрақты болуы мен орындалуына да Президент жауап береді. Президенттің бұл құзыры оның адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарына кепіл болуы арқылы күшейе түседі.
Жалғыз бапта бекітіліп (40-шы бап), келтірілген ережелер Президенттің адам мен азамат құқықтары саласындағы басты кепіл екендігін және Қазақстандағы адам құқықтары аясындағы саясаттың елбасшыға байланысты екендігін байқатады.
Конституцияда белгіленген Президенттің адам құқықтары саласындағы құзыретіне қатысты басқа нормалар жоғарыдағы іргелі ережелерді нақтылай түседі, яғни ол: 1) Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды (бұл жолдауларда Қазақстандағы адам құқықтарының кепілдіктерінің күшейтілуі, осы салада Үкіметке берілетін тапсырмалар туралы және т. б. мәселелер орын алып отырады) ; 2) Парламенттің қабылдаған заңдарына қол қояды (Президенттің қолысыз бірдебір заң күшіне енбейтіні белгілі және көп заңдардың адам құқықтарына қатысы болатыны да түсінікті) және мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді (көп бағдарламалардың адам құқықтарына тікелей қатысы бар) ; 3) Парламентпен ақылдаса отырып ҚРң Үкіметін құрайды, барлық деңгейлердегі әкімдерді, басқа да жоғары лауазым иелерін тағайындайды, олардың алдында шешілуге тиісті міндеттер қояды; 4) азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асырады (өлім жазасына кесілген азаматтарға қатысты) ; 5) елге қауіп төнген жағдайда төтенше не әскери жағдай енгізеді (Конституция бойынша мұндай жағдайларда бірқатар адам құқықтарының шектелетіні белгілі, бірақ өмір сүру құқығы ешбір жағдайда шектелмейді; Президенттің бұл құзыретінің маңыздылығы төтенше не әскери жағдай енгізілген жерлерде адам құқықтарына, оның ішінде өмір сүру құқығына қауіп төніп тұрады және осы қауіпті жағдайды шешу үшін Президент аталған құзыретін қолдануы мүмкін) ; 6) мемлекеттің барлық аумағында міндетті күші бар жарлықтар қабылдайды (бірқатар жағдайларда Президенттің жарлықтары адам құқықтарына тікелей қатысы болады) .
Ерекше көңіл бөлетін жайт ҚРсы Президентінің Қазақстан халқына жылдық жолдаулары. Осы жолдауларында адам құқықтарына, оның ішінде өмір сүру құқығына қатысты мәселелер үнемі орын алып отырады. Мысалы, Президенттің соңғы жолдауында Үкімет алдына ана мен бала өлімін азайту мәселесі қойылды. Бұл болса Қазақстандағы адамның өмір сүру құқығын жүзеге асырудың, оны қорғаудың бірденбір қыры.
ҚРсы Президентінің мәртебесіне қатысты басты ерекшелік оның үш билік тармағына да кірмеуі, яғни олардың үстінде болуы және оларға төрелік жасауы. Бұл конституциялық ережеден Президенттің үш билік тармағының адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша қызметін үйлестіріп отыруы, мұндай үйлестіру қызметін жүзеге асыратын тиімді механизмінің болуы туындайды. Д. О. Құсайыновтың айтуынша мұндай механизмді жетілдіру үшін үш билік өкілдерінің де кіретін біріккен комиссияның Президент жанында құрылғаны дұрыс болар еді.
ҚРсы Парламентінің мәртебесіне келмек болсақ, ол ҚРсы Конституциясының 49-63 баптарымен және арнайы конституциялық заңмен белгіленген.
Парламент ҚРң заң шығарушы қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган болып табылады және: 1) ҚРң Конституциясына, конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді (олар адам құқықтарына қатысты болуы мүмкін) ; 2) еліміздің бюджетін бекітеді; 3) бірқатар жоғары лауазым иелерінің Президентпен тағайындалуына келісімін береді; 4) Үкімет бағдарламасын мақұлдайды; 5) соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешеді; 6) Конституциялық Кеңестің елдегі конституциялық заңдылық ахуалы туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды; 7) азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілерді қабылдайды; 8) Қазақстанның халықаралық шарттарын бекітеді және денонсациялайды; 9) заңнамаға сәйкес жергілікті өкілді органдардың өкілеттіктерін тоқтатады; 10) жеке тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтық құқықтар мен бостандықтарға, жеке тұлғалардың міндеттемелері мен жауапкершілігіне, мемлекеттік органдар қызметі мен ұйымдастырылуының негіздеріне, сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға, айналадағы ортаны қорғауға, мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және т. б. мәселелерге қатысты заңдар қабылдайды.
Аталған өкілеттіктердің қайқайсысының да адам құқықтары саласына қатысы бар. Б. С. Құрманғалиевтың айтуынша ҚРсы Парламентінің бақылау өкілеттіктері күшейтілуді талап етеді, әсіресе парламенттік тыңдаулар жүргізу, Үкімет өкілдерінің Парламенттегі сөздерін жария ету, Адам құқықтары жөніндегі Уәкілді парламенттік институт ретінде қалыптастыру мәселелері бойынша.
ҚРсы Үкіметінің мәртебесі Конституцияның 64-70 баптарымен және арнайы заңмен белгіленген.
ҚРң Үкіметі еліміздің атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет өз қызметі бойынша Президентке жауап береді және Парламентке есеп береді.
Үкімет адам құқықтары мен бостандықтары саласына қатысты келесі өкілеттіктерге ие: 1) мемлекеттің әлеуметтікэкономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілеттілігінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 2) бюджетті орындауға қатысты қызмет атқарады; 3) заң жобаларын дайындап, заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді; 4) министрліктердің, басқа бірқатар мемлекеттік органдардың қызметіне басшылық жасайды және олардың актілерін толығымен не ішінара тоқтата алады.
Конституциялық Кеңестің мәртебесі ҚРсы Конституциясының 71-74 баптарымен және арнайы заңмен реттеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz