Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдарды ұйымдастыру және олардың қызметіндегі конституциялық қағидалар


2028 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдарды ұйымдастыру және олардың қызметіндегі конституциялық қағидалар
Мазмұны
Кіріспе
Бұл ғылыми зерттеу жұмыс Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік құрылысының қалыптасуындағы конституциялық қағидалар өзектілерін ашу барысындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік жүйесіне, мемлекетте билікті бөлу механизмін реттеу жағдайында және олардың өкілеттіктерінің дамуын тарихи-құқықтық тұрғыдан зерттеуге арналған.
Мемлекеттік басқарудың жаңа нысаны ретінде президенттік республиканың өкілеттіктері ерекшеліктерінің қалыптасуының себеп-салдары мәселелерін өз бетінше кешенді зерттеу, осының негізінде мемлекеттік құрылыс пен қазақстандық юриспруденция айналымында қолданылатын ұйымдық-құқықтық, заң шығармашылық және т. б. мәндегі ұсыныстар мен ғылыми-практикалық кепілдемелер болып табылады.
Ғылыми жұмыстың маңыздылығы. Қазақстанның құқықтық мемлекет құру идеалы мен азаматтық қоғамды орнатуға ұмтылу ынтасының іске асуы, мемлекеттік басқару нысанының соған сәйкес түрленуімен, сомдалуымен және басқару жүйесінің тиімділігімен тығыз байланысты.
Мемлекеттік органдар қызметі - объективті түрде кез келген елдің әлеуметтік және саяси өмірінің негізі, оның өзегінің көрінісі ретінде саналады. Мемлекеттік органдар қызметі ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясының талабына сай келіп, әрбір қызметінің өзіндік атқарар іс-әрекетінің дұрыстық жолы болды.
Сонымен қатар, басқару нысанынан елдің тарихи-ұлттық ерекшелігі, қоғамның саяси-мәдени дәстүрі, халық менталитетінің белгілері орын алулары керек. Тек осы жағдайда ғана оның барлық қолайлы, жағымды сипаттары толығымен айқындалып, нәтижесінде мемлекеттік органдар қызметінің конституциялық қағидалары толықтай тиімді қамтамасыз етеді. Тарихи тұрғыдан аз уақыт сүруіне қарамастан, Қазақстандағы мемлекеттік органдар қызметіндегі конституциялық қағидалар идеясы өзінің динамикасын ашып, маңызды өзгерістерге төтеп берді. Оған негіз болған Қазақстанның бірінші Президентінің ұстанған ұлт пен мемлекеттің эволюциялық жолмен даму саясаты. Ол үшін 1995 жылғы Конституция ережелерін 1993 жылғы Қазақстандық Конституциямен салыстырудың өзі жеткілікті. Бұл қозғалыстан президенттік биліктің күшейіп, заң қабылдау процестері тиімділігінің жетілдіргенін, екі палаталық парламенттің үкіметті тікелей бақылау ауқымының төмендегенін аңғаруға болады.
Жалпы мемлекеттік басқару түрлерін және, өкілеттік ерекшеліктерін саралау жекелеп алғанда, ереже іспетті, терең саяси реформалар кезеңінде аса маңызды мәнге ие болып, құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларының бірі ретінде билікті бөлу теориясымен тығыз байланыста болады. Президенттік билікті құру мәселесі әртүрлі мемлекеттердің әр қилы тарихи кезеңдерінде конституциялық жобаларды дайындау мен талқылау кезінде өткір туындап, заң арқылы монархтың, көсемнің, диктатордың жеке билігін шектеу идеяларымен айқындалатын. Бұл идеялар ХХ ғасырдың басында М. М. Сперанский мен Н. И. Муравьевтің Ресейге арналған, М. Дулатов пен А. Бөкейхановтың Алаш Қазақ автономиясына арналған конституциялық жобаларында өскін алып, басқа да "ұлттық шеткері аймақтың" көрнекті қоғамдық-саяси қайраткерлердің еңбектерінде қарастырылған.
Зерттеудің мақсаты мемлекеттік басқарудың жаңа нысаны ретінде президенттік республиканың билік жүргізу жүйесі - мемлекеттік органдар қызметіндегі конституциялық қағидалар және олардың іс жүзінде қолдану өкілеттіктерінің ерекшеліктерінің қалыптасуының себеп-салдары мәселелерін өз бетінше кешенді зерттеу, осының негізінде мемлекеттік құрылыс пен қазақстандық юриспруденция айналымында қолданылатын ұйымдық-құқықтық, заң шығармашылық және басқа да мәндегі ұсыныстар мен ғылыми-практикалық кепілдемелер жасау болып табылады.
Белгіленген мақсаттан шыға отырып, автор алдына мына төмендегідей міндеттер қояды:
- мемлекеттік дамудың әлемдік тәжірибесі жинақтаған материалдарды қорыту мен зерттеу, зерттелінетін тақырыптың теориялық өңдеу деңгейі мен дәрежесін ашу негізінде олардың ғылыми шешім табуының жолдарын анықтау;
- "мемлекеттік билік нысаны", «Заң шығару, атқару және сот билігі», "мемлекеттік орган", "Қазақстан Республикасы Конституцияның күші", «Конституциялық қағидалар» ұғымын сипаттайтын анықтамаларды талдау және мазмұнын ашу;
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесіне қарай бөліну түрлері, өкілеттік ерекшеліктерінің қалыптасуы және дамуының аспектілеріне талдау жасау;
- Заң шығару, атқарушы және сот билігі тармақтарының мемлекеттік-құқықтық мәртебесінің алуан түрлі үлгісінің қызметтік мазмұнын анықтау;
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар қызметіндегі конституцияның қолдану заңдылықтарын ашып, қорытынды сипаттама беру;
- Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдар қызметіндегі принциптердің қалыптасу кезеңін негіздеу;
Зерттеудің объектісі мен пәні Зерттеу пәнін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар қызметіндегі конституциялық қағидаларын көрсетуге арналған.
Зерттеудің әдістері қоғамдық ғылымдарға ортақ жалпы және арнайы танымдық әдістер жүйесі: диалектикалық, салыстырмалы, функционалды талдау, жүйелеу, синтездеу, статистикалық т. б. әдістер басшылыққа алынды.
Ғылыми зерттеудің құрылымы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланған дерек көздер тізімінен тұрады.
Зерттеу жұмысын жазу барысында отандық ғалымдар Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева, С. Қ. Амандықова, Баққұлов С. Д., Сапарғалиев Ғ., Амандыкова С. К., Дулатбеков Н., Өзбекұлы С., Қопабаев Ө., Ағдарбеков, Жоламан Қ. Д., Н. Дулатбеков, С. Амандықова, А. Турлаев және т. б. ғылыми жұмыстардағы теориялық тұжырымдары негізге алынды.
Зерттеу жұмысының нормативтік базасы. Іздену жұмысының нормативтік бастауларын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасынын конституциялык заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары құрады.
1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппараты
1. 1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдарына талдау
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өз қызметінде тиісті тәртіпте әкiмшiлiк рәсiмдер қолданады, атап айтқанда:
1) мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың мемлекеттiк функциялар мен лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыру кезiнде шешiмдер қабылдау мен орындау тәртiбi және оларды ресiмдеу;
2) мемлекеттiк аппараттың жұмысын ұйымдастыру рәсiмi;
3) азаматтардың өз құқықтарын iске асыру жөнiндегi өтiніштерiн қарау рәсiмдерi, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн әкiмшiлiк қорғау рәсiмдерi;
4) экономика саласындағы шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң негiзгi бастаулары ұғынылады.
2. мемлекеттiк органдар деп мемлекет атынан Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актiлер арқылы:
1) жалпыға бiрдей мiндетті мiнез-құлық ережелерiн белгілейтiн актiлер шығару;
2) әлеуметтiк мәнi бар қоғамдық қатынастарды басқару мен реттеп отыру;
3) мемлекет белгiлеген жалпыға бiрдей мiндеттi мiнез-құлық ережелерiнiң сақталуына бақылау жасау жөнiндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттік берiлген мемлекеттiк мекемелер ұғынылады. Мемлекеттiк органның құзыретi деп мемлекеттiк орган қызметiнiң нысанасын айқындайтын оның белгiленген өкiлеттiктерiнiң жиынтығы ұғынылады;
мемлекеттiк органның өкiлеттiктерi деп мемлекеттiк органның заңдарда белгiленген құқықтары мен мiндеттерi ұғынылады;
мемлекеттiк органның құқықтары деп заңдарда белгiленген белгiлi бiр iс-әрекеттi жасау, басқа тұлғадан (басқа тұлғалардан) белгiлi бiр мiнез-құлықты (ic-әрекеттi немесе iс-әрекет жасаудан тартынуды) талап ету мүмкiндiгi ұғынылады;
мемлекеттiк органның мiндеттемелерi деп заңдарда белгiленген, мемлекеттiк орган орындауға мiндеттi iс-әрекет шеңберi ұғынылады;
мемлекеттiк органның мiндеттерi деп мемлекеттiк орган қызметiнiң негiзгi бағыттары ұғынылады;
мемлекеттiк органның функциялары деп мемлекеттiк органның қызметтi заңдарда белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыруы ұғынылады.
3. Лауазымды адамдар деп осы Заңда мемлекеттiк функцияларды (өкiмет өкiлiнiң функцияларын) тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiмдiк немесе әкiмшілiк-шаруашылық функцияларын орындайтын адамдар ұғынылады.
Конституцияның, заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына байланысты лауазымды адамдар өздерiне жүктелген функцияларды:
1) жеке-дара өкiм жүргiзу тәртiбiмен мемлекеттiң нақты лауазымды адамының атынан;
2) нақты мемлекеттiк органда шешiмдер қабылдаудың заңдарда көзделген тәртiбiне байланысты жеке-дара өкiм жүргiзу тәртiбiмен не алқалық тәртiппен нақты мемлекеттiк органның және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң атынан жүзеге асыра алады. Заңда көзделген әкiмшiлiк рәсiмдер заң актiлерiмен реттелмеген бөлiгiнде:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Мемлекет басшысының қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың, Президентке тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың;
2) Қазақстан Республикасының Парламентi Палаталары, Орталық сайлау комиссиясы аппараттарының;
3) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Жоғарғы Соты мен өзге де соттары аппараттарының;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Премьер-Министрi Кеңсесiнің, орталық атқарушы органдарының;
5) Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi органдары аппараттарының;
6) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiнде қолданылады.
2. Осы Заңда көзделген рәсiмдердiң күшi:
1) азаматтардың өтiнiштерiн қарауға және қаралу тәртiбi әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарда, қылмыстық iс жүргізу және азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгiленген өзге де iстердi қарауға;
2) дайындалу рәсiмi өзге заң актiлерiнде көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi дайындауға;
3) жүзеге асырылу тәртiбi арнаулы заң актiлерiмен белгiленетiн жоспарлаудың стратегиялық, бюджеттiк және индикативтiк түрлерiне қолданылмайды.
Әкiмшiлiк рәсiмдердi белгілеу принциптерi Осы Заңда көзделген әкiмшiлiк рәсiмдер:
1) заңдылық;
2) төменгi мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдарға бағынуы;
3) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi;
4) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу;
5) әкiмшiлiк рәсiмдерiнде көзделген iс-әрекеттер мен актiлердiң барлық азаматтар, ұйымдар мен лауазымды адамдар үшiн мiндеттiлiгi;
6) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауапкершiлiгi мен мүдделерiнiң теңбе-тең болуы;
7) мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңдарды қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
8) мемлекеттiк билiктiң беделiн қолдау мен Қазақстан Республикасының беделiн түсiретiн және мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қайшы келетiн iс-әрекеттерге жол бермеу, соның iшiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру, мемлекеттiк қызметшiлер үшiн заңдарда белгіленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтау;
9) барлық деңгейдегi мемлекеттік органдар үшiн әкiмшiлiк рәсiмдер талаптарының бiрыңғай болуы;
10) барлық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiң лауазымды адамдары құзыреттерiнiң ара-жiгін айқын межелеу және олардың келісе отырып жұмыс iстеуi;
11) үнемдiлiк пен тиiмдiлiк принциптерiне негiзделедi.
2-тарау. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың мемлекеттiк функциялар мен лауазымдық өкiлеттiктердi жyзеге асыруы кезiнде шешiмдер қабылдау тәртiбi және оларды ресiмдеу
Мемлекеттiк органдардың өз функцияларын жүзеге асыруы кезiнде шешiмдер қабылдауы. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар мемлекеттiк функциялар мен лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыруы кезiнде құқықтық актiлер шығару арқылы шешiмдер қабылдайды.
2. Мемлекеттiк органдардың құқықтық актiсi жеке қолданылатын актiлерге жатады, белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат болып табылады және:
1) бiр рет не өзгеше шектеулi түрде қолдануға есептеледі;
2) (немесе) заңдарда регламенттелген жағдай шеңберiнде белгiлi бiр тұлғаға не өзге де белгiлi бiр тұлғалар тобына қолданылады;
3) (немесе) белгiлi бiр тұлғаның немесе тұлғалардың өзге шектеулi тобының құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi, өзгертедi, тоқтатады немесе тоқтата тұрады.
3. Жеке қолданылатын құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының заңдарына кiрмейдi және нормативтiк құқықтық актiлерге жатпайды.
4. Жеке қолданылатын құқықтық актiлердi қабылдау рәсiмдерi, олардың ресiмделуiн, орындалуын және орындалуына бақылау жасауды ұйымдастыру осы Заңмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
Құқықтық актілерге және олардың ресiмделуiне қойылатын талаптар.
1. Мемлекеттiк органдардың құқықтық актiсi мынадай талаптарға сай келуге тиiс:
1) құқықтық акт Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға және жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың құқықтық актiлерiне қайшы келмеуге тиiс;
2) құқықтық актiнiң құрылымы реттеу нысанасының толық ашылуын қамтамасыз етуге, ал мазмұны дайындалып жатқан құқықтық актiнiң бiркелкi түсiнiлуi мен қолданылуын қамтамасыз етуге тиiс;
3) құқықтық актiде белгiленiп отырған шаралардың мазмұны анық баяндалуға, құқықтық актiнiң күшi қолданылатын және (немесе) оларды белгiленген мерзiмде iске асыру үшiн жауапты адамдар тобы айқын белгiленуге тиiс;
4) басқарудың төменгi деңгейлерiнде iске асыруды қажет ететiн құқықтық актiлерде белгiлi бiр мемлекеттiк органдарға және (немесе) лауазымды адамдарға оларды орындау жөнiнде берiлетiн нақты тапсырмалар болуға тиiс.
2. Мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарына және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн құқықтық актiлерi қабылданған кезiнен бастап жарамсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылмауға тиiс.
3. Әртүрлi деңгейдегi мемлекеттiк органдар қабылдаған құқықтық актiлер бiр-бiрiне қайшы келген жағдайда, жоғары тұрған мемлекеттiк органның құқықтық актiсi қолданылады.
4. Бiр деңгейдегi мемлекеттiк органдар қабылдаған құқықтық актiлер бiр-бiрiне қайшы келген жағдайда осы шешiмдi қабылдау құзыретiне кiретiн органның құқықтық актiсi қолданылады. Мүдделi тұлғаның арызы бойынша бiр құқықтық актiнiң басқа құқықтық актiден басымдығы туралы шешiмдi жоғары тұрған мемлекеттiк орган немесе сот қабылдайды.
5. Мемлекеттiк органдардың құқықтық актiсiнде, осы тың 1-тармағында көзделген талаптардан басқа, мынадай деректемелер болуға тиiс:
1) құқықтық актінiң атауы;
2) сол актіде қаралатын нысананы белгiлейтiн тақырып;
3) актiнің қабылданған орны мен күнi;
4) тиiстi актiге қол қоюға уәкiлетті адамның (адамдардың) қойған қолы (қолдары) ;
5) органның мөрi.
Құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру мен
бақылау.
1. Құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың (лауазымды адамдардың) қабылданған шешiмдi уақтылы және толық орындау жөнiндегi ұйымдастыру шараларын әзiрлеуi мен қабылдауы болып табылады.
2. Қажет болған жағдайда құқықтық актiнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган (лауазымды адам) оны орындау жөнiндегi ұйымдастыру шараларының жоспарын әзiрлеп, бекiтедi, ол тiкелей орындаушыларға жеткiзiледi.
3. Егер құқықтық актiде оны орындаудың нақты мерзiмдерi мен тiкелей орындаушылары айқындалмаса, оларды орындаушы мемлекеттiк орган немесе жоғары тұрған орган белгiлейдi және дереу тiкелей орындаушылардың назарына жеткiзiледi.
4. Қабылданған шешiмдердi уақтылы және толық орындау мақсатында мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға тиiс.
5. Бақылау былайша бөлiнедi:
1) құқықтық актiлердiң (орындалуы құқықтық актiлерде көзделген шаралардың) орындалуын бақылау. Бұл жағдайда орындалуға тиiс шараларды қамтитын барлық құқықтық актiлер бақылауға алынады;
2) мемлекеттiк органдардың басшы лауазымды адамдарының қызметтiк сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуын бақылау;
3) iшкi (тиiстi мемлекеттiк органның шегiнде) және сыртқы (өзге мемлекеттiк органдардың қызметiн) бақылау. Бұл орайда сыртқы бақылауды жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар не осындай бақылауға арнайы уәкiлеттік берiлген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
6. Бақылау:
1) қажетті ақпаратты талап ету;
2) орындау туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;
3) ревизиялар және құжаттық тексерудiң өзге де нысандары;
4) жергiлiктi жерге барып тексеру жолымен;
5) заңдарға қайшы келмейтiн басқа да тәсiлдермен жүргізiледi.
7. Бақылау:
1) мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар қызметiнiң олардың алдына қойылған мiндеттерге сәйкестiгi;
2) орындаудың уақтылы және толымды болуы;
3) орындау кезiнде заңдар талаптарының сақталу өлшемдерi бойынша жүргiзiледi.
8. Бiр мәселе бойынша әртүрлi орындардың қатар тексерулер жүргiзуiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген қайталап тексерулер жүргiзуге жол берiлмейдi.
Құқықтық актiнiң орындалуын бақылауды
жүзеге асыру тәртiбi.
1. Күшiне енген құқықтық актiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк орган және (немесе) лауазымды адам қажет болған жағдайда бақылау жөнiнде шаралар әзiрлейдi.
2. Бұл орайда мемлекеттiк орган және (немесе) лауазымды адам оның орындалуы туралы келiп түскен ақпаратқа:
1) құқықтық актiнiң орындалу дәрежесi мен сапасын;
2) құқықтық актiнiң орындалуында ауытқулардың бар-жағын, олардың себептерiн анықтау және ауытқуларды жоюдың ықтимал шараларын белгiлеу;
3) бақылаудан алу не орындалу мерзiмiн ұзарту мүмкiндiктерiн;
4) құқықтық актiнiң орындалмағаны үшiн нақты лауазымды адамдардың жауапкершiлiгiн анықтау үшiн талдау жасайды.
Ақпаратты талдау қорытындылары бойынша әзiрленген ұсыныстар құқықтық актiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға уәкiлетті мемлекеттiк органның басшылығына тиiстi шешiм қабылдау үшiн баяндалады. Қабылданған шешiм туралы орындаушылар хабардар етiледi.
3. Құқықтық актіде көзделген шараларды бақылаудан алу мен оның орындалу мерзiмiн ұзартуды уәкiлеттi мемлекеттiк орган және (немесе) лауазымды адам жүзеге асырады.
4. Жоғары тұрған мемлекеттiк органның не орындаушы органның бақылау қызметi құқықтық актiде белгiленген орындау мерзiмi өткенге дейiн орындаушыға алдын ала тиiстi жазбаша ескерту жiбередi.
Мемлекеттiк органдардың құқықтық актiлерiнiң күшiне енуi және қолданылуының тоқтатылуы
1. Егер мемлекеттiк органның құқықтық актiсiнде неғұрлым кеш мерзiм белгiленбесе, ол қабылданған кезiнен бастап күшiне енедi.
2. Мемлекеттiк органның құқықтық актiсi осы құқықтық акт арналған адамдар оның талаптарын немесе онда қамтылған тапсырмаларды орындаған кезден бастап қолданылуын тоқтатады.
3. Құқықтық актiнiң қолданылуы тоқтатылғанға дейiн бұл құқықтық актiнi қабылдаған мемлекеттiк орган, одан жоғары тұрған мемлекеттiк орган не сот оның қолданылуын тоқтата тұруы, өзгертуi немесе күшiн жоюы мүмкiн.
4. Мүдделi тұлғалардың жоғары тұрған мемлекеттiк органға немесе сотқа құқықтық актiнiң күшiн жою, өзгерту немесе қолданылуын тоқтата тұру туралы арыз беруi тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн құқықтық актiнiң қолданылуын тоқтата тұрады.
Мемлекеттiк органдардың жұмысын ұйымдастыру рәсiмдерi
Мемлекеттiк органдардың жұмысын жоспарлау
1. Мемлекеттiк органдар өз қызметін тоқсанға, жылға және келешектегi ұзақ мерзiмге арнап жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік органның жұмыс жоспарлары:
1) органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң ұсыныстары негізiнде алдын ала жасалып, оларды органның басшысы бекiтедi;
2) нормативтiк құқықтық актiлердi орындау үшiн және жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың жұмыс жоспарлары ескерiле отырып жасалуы мүмкiн.
3. Мемлекеттiк органның жұмыс жоспары негiзiнде осы органның құрылымдық бөлiмшелерi өздерiнiң жұмыс жоспарларын жасайды.
4. Жоғары тұрған мемлекеттік органның жұмыс жоспарына сәйкес қаралатын мәселелердiң тiзбесi жоғары тұрған органның жұмыс жоспарына енгiзiлген осы мәселелер қарауына жататын төменгi тұрған мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға жiберiледi.
Жеке-дара өкiмшiлiк қызмет. 1. Жеке-дара өкiмшiлiк қызмет - лауазымды адамдардың мемлекеттiк органдарда жүзеге асыратын уәкiлеттi лауазымды адамдардың құқықтық актiлерге жеке-дара қол қоюын, бағынысты қызметкерлерге нұсқаулар мен тапсырмалар беруiн, мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыру жөнiнде өзге де ұйымдық-өкiмшiлiк шараларын жеке-дара қабылдауын қамтитын қызметi.
2. Мемлекеттiк органның басшысы (алқалы мемлекеттiк органдарды қоспағанда) сенiп тапсырылған органға басшылықты жеке-дара өкiмшiлiк қызмет жолымен жүзеге асырады және қабылданатын шешiмдердiң заңдылығы үшiн жеке жауапты болады.
3. Жеке-дара өкiмшiлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде төменгi лауазымды адамдар өздерiнiң әрекеттерiн жоғары тұрған лауазымды адамның шешiмдерiмен қатаң сәйкестiкте жүзеге асырады. Егер мемлекеттiк функциялар тек қана жеке-дара өкiмшiлiк қызмет жолымен жүзеге асырылса, бұл жағдайда төменгi лауазымды адамдардың мiндетi уәкiлеттi адамның осы қызметiн қамтамасыз ету болып табылады.
Алқалы мемлекеттiк органдардың қызметi
1. Шешiмдерi мемлекеттiк органдар мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданатын органдар алқалы мемлекеттiк органдар болып табылады. Алқалы орган қабылдайтын шешiмдердiң заңдылығы үшiн жауапкершiлiк, шешiмдi қабылдаған кезде қарсы дауыс бергендердi қоспағанда, алқалы органның дауыс беруге қатысқан барлық мүшелерiне жүктеледi.
2. Алқалы органдар қызметiнiң негiзгi нысаны олардың отырыстары болып табылады, оларда осы органдардың шешiмдерi қабылданады.
3. Алқалы мемлекеттiк органдардың отырыстарын дайындау және өткiзу кезiнде уәкiлеттi органдар (олардың құрылымдық бөлiмшелерi) мен лауазымды адамдар мынадай мәселелердi шешедi:
1) отырыстарды жоспарлау - осы отырыстарды өткiзу жоспары әзiрленедi және бекiтiледi. Осы жоспар тиiсiнше тоқсандық және жылдық мерзiмге әзiрленедi, ал тиiстi келiсуден кейiн оны алқалы органның басшысы не алқалы органның қызметін қамтамасыз ететiн органның басшысы бекiтедi. Бекiтiлген жоспар мүдделi органдар мен лауазымды адамдардың назарына жеткiзiледi;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz