Қазақстан республикасындағы Президенттік биліктің қалыптасуы мен даму жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

2025 Қазақстан республикасындағы Президенттік биліктің қалыптасуы мен даму жолдары

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

1 Президенттік басқару жүйесінің саяси және құқықтық ой тарихында бағалану ерекшелігі . . . 11

2 Қазақстанда президенттік басқару жүйесінің қалыптасуы және дамуы . . . 13

2. 1 Қазақстанда президенттік басқару жүйесінің орнығуының тарихи-құқықтық алғышарттары . . . 13

2. 2 Президенттік қалыптасуы мен дамуының кезеңдері . . . 14

2. 3 Президент саяси тұрақтылық пен мемлекеттік тұтастық кепілі . . . 20

3 Қазақстан Республикасы Президентінің билікті бөлу жүйесіндегі орны мен ролі . . . 23

3. 1 Қазақстанда билікті бөлу жүйесінің дамуы . . . 23

3. 2 Президент және заң шығару билігі . . . 31

3. 3 Президент және атқарушы биліктің ара қатынасы . . . 38

3. 4 Президент және сот билігі . . . 52

3. 5 Президенттік басқару жүйесін жетілдіру жолдары . . . 58

Қорытынды . . . 60

Пайдаланылған дерек көздер тізімі . . . 62

Кіріспе

Мемлекет басшысы лауазымы басқару формаларының барлығына тән құбылыс. Монархиялық мемлекеттерде бұл-монарх, республикада-президент. Мемлекет конституциялық тәртіпті, билік механизмінің тұрақтылығын халықаралық қатынастардағы жоғары деңгейдегі өкілдікті қамтамасыз ететін лауазымды тұлғаның болуын талап етеді.

Мемлекет басшысы, әдетте, заң шығарушылық, атқарушылық және сот биліктері қатынастары аясындағы кең құзіреттерге ие болып, халықтың ресми өкілі мен мемлекет символы болып табылады. Сонымен бірге мемлекет басшысы мемлекеттік билікті нығайтып, конституциялық жолмен мемлекеттік билік органдары арасындағы даулар мен дағдарыстарды шешуді қамтамасыз етеді.

Түрлі басқару формалары тұсында мемлекет басшысы құзіреттері де әр түрлі. Бірінші елдерде мемлекет басшысының қызметі тән қағаз жүзінде болса, екіншілерінде іс жүзінде қызметтерін іске асырады. Дегенмен, мемлекет басшысы өзінің тікелей құзіреттерін сақтайды, яғни жоғары өкілдік функциясы ешкімнің бақылауына алынбайды. Өкілдік функция белгілі билікке тән құзіреттерге әкеп соғады - мысалы, халықаралық шарттарға қол қою, ел аймақтарындағы құзіретті өкілдерін тағайындау.

Жалпы «Президент» түсінігі антикалық дәуірде пайда болып, әуеліде жиналыстарда төрағалық етуші деген мағынаны білдіреді. Ол кезден бері бұл ұғым маңызды эволюциядан өтті.

Президенттік республика-бұл республикалық басқару формасы, Конституцияға сәйкес жоғары билікке президент ие. Президент жалпыхалықтық сайлау арқылы немесе, парламент немесе басқа ерекше институтпен сайлана алды, мысалы, құрылтай жиналысымен, халық депутаттарының съезімен [1, С. 17] .

Президенттік билік-мемлекеттің Конституциясымен қарастырылған, белгілі бір аймақтық әкімшілік құрылымдардың өзін өзі басқару институттарының қызметін тоқтату және өзін-өзі басқаруды мемлекет басы тағайындайтын құзырлы тұлғалар арқылы жүзеге асырады.

Әдетте, президенттік басқару мемлекет территориясында немесе аймақ немесе облыстағы саяси жағдайды тұрақтандыру үшін енгізіледі. Кейде осы жағдай арқылы президенттік басқару бір саяси топтарды күшейту, не керісінше әлсірету үшін енгізіледі. [2, с. 25] .

Зерттеу такырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік жүйесінде Президенттің атқаратын ролі ерекше болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің мәртебесі бойынша ең жоғарғы лауазымды тұлға екендігі белгілі. Президент институтын сондыктан да, толыққанды зерделеп, айқындау, отандык ғылымда әлі де болса, өзінің жүйелі тұтастай бағасын ала қойған жоқ.

Елімізде Президент институтының қалыптасуы мен дамуын, оның әр кезеңін тарихи өлшем тұрғысынан айқындап, терең тану керек. Сонда ғана, елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру шарасын тиімді атқара аламыз.

Қазақстан Республикасындағы Президенттік басқару жүйесі аз жылдардың ішінде үлкен даму кезеңдерін, қалыптасу уақытын бастан өткерді. Тарихи тұрғыдан алғанда бұл аз уақыттың көрінісіндей. Ал, шын мәніне терең үңілетін болсак, қатпарлы қалтарыстардың шешімін таппаған мәселелердің көптеп кездесетінін көреміз.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев халықка жолдауында, елімізде жүргізілетін "әкімшілік реформаның басты мақсаты басқарушы аппарат жұмысының тиімділігі мен нәтижелігін арттыру болуға тиіс. Яғни, халыққа қызмет етуі шарт" [3, 9 б. ], - деп мемлекеттік органдардың басты мақсатын нақты айқындап көрсеткен болатын. Қазақстанда жүзеге асатын мемлекеттік құқықтық реформалар барысында осы бағытты ұстануымыз қажет. Сонда ғана, елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік реформалар өзінің жемісті нәтижесін береді. Қазақстан Республикасының құқыктық саясат түжырымдамасында мемлекеттік органдардың жүйесін жетілдіру туралы заңнаманың бағыты былай айқындалған: "Қазақстан Республикасының Конституциясында жария етілген, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, құқықтың үстемдігі, біртұтас мемлекеттік биліктің тармақтарға бөлінуі және олардың тежемемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы келісе қызмет істеуі принциптеріне негізделген демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет құру бағытының заңнамада дәйекті түрде іске асырылуын қамтамасыз ету керек" [4, 10 6. ] .

"Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айкындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға" [5, 17 б. ], - деп Конституцияда белгіленген. Бұл Қазақстан Республикасының Президентіне үлкен міндет жүктелетіндігі, халық алдында жауап беретін басты тұлға екендігін көрсететін бап больш табьшады.

Мемлекеттік билік жүйесінің үйлесімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету, ұлттық татулық пен саяси тұрақтылықты сақтауға ықпал ету. Қазақстан Республикасы Президентінің басты міндеттерінің бірін құрайды.

Республика Президентінің алдына қойылған мұңдай үлкен міндеттерді тиімді жүзеге асыру Президенттік билік жүйесінің әрқашанда дамып, жетіліп отыруын талап етеді.

Қазіргі кезеңде президентгік басқару жүйесінің конституциялық құқықтық негіздері айқындалғанмен, оның мемлекет теориясындағы және Қазақстанның саяси кұқықтық тарихындағы орны мен аткарған тарихи міндеттері әлі де болса, шынайы бағасын ала қойған жоқ.

Соңғы кезеңде елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық құқықтық рефомалар, Президенттік басқару жүйесін әлі де болса, жетілдіре түсудің кажет екендігін көрсетті. Президенттік басқару жүйесін дамыту үшін оның тарихи өткен жолын, даму кезеңдерін тарихи-құқықтық тұрғыда саралап, бағалауымыз қажет. Сонда ғана, Президенттік басқару жүйесін өзіндік болмысы бар, мемлекеттік тетік деңгейіне көтере аламыз.

Айтылған жағдайлардың барлығы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі . Қазақстан Республикасындағы Президенттік басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуы отандык заң ғылымында, оның ішінде конституциялық құқық өкілдері тарапынан егемендігімізді жариялап, тәуелсіздік алған жылдардан бастап, жүйелі түрде зерттеле бастады.

Осы кезең аралығында Президенттік басқару жүйесінің әр түрлі қырлары белгілі ғалымдар Б. А. Майлыбпев [8], С. Өзбекұлы [10], С. З. Зимановтың [11], Ғ. С. Сапарғалиевтің[13], С. С. Сартаевтың [14] және т. б. тарапынан кеңінен сөз етіліп үлкен талқылауға түскен болатын.

Қазақстан жағдайындағы Президент институтын жүйелі түрде зерттеген еңбектер де баршылық. Олардың қатарына: В. А. Малиновскийдің 'Тлава государства суверенного Казахстана" [6] атты ғылымии еңбегін жатқызамыз. Бұл еңбекте Қазақстан Республикасында Президенттік басқару жүйесінің қалыптасуы, оның билікті бөлу жүйесіндегі орны, Президенттің қызметтері мен мәртебесі конституциялық-кұкықтық негізде талданады. Еңбекте автор негізінен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың саяси бейнесіне көп көңіл бөлген.

Президент институтын зерттеудегі отандық тағы бір ерекше еңбектердің қатарына Б. А. Майлыбаевтың "Становление и эволюция института Президента Республики Казахстан: проблемы, тенденции, перспективы (опыт политико-правового исследования) " [7] атты монографиясын жатқызамыз. Бұл жұмыста автор, Президент институтының мемлекеггік кұқықтық ой тарихыңдағы орнын, оның генезисі мен қалыптасуын, XX ғасырдағы Президенттік жүйенің дамуын, жаңа кезеңдегі халықаралық тәжірибедегі Президент институтының орнын айқындауға ұмтылады. Президенттік басқару жүйесінің ТМД елдеріндегі қалыптасу ерекшеліктері, Президент институтының Қазақстандық моделін, оның билік бөлу жүйесіндегі орнын зерделеп көрсетеді. Негізінен бұл еңбекте Президенттік басқару жүйесінің конституциялық құқықтық негіздері айқыңдалып, талданған.

Президент институтының зерттелуінде заңгер ғалымдармен қатар, саясаттанушылар да, ерекше еңбек сіңіруде. Сондай еңбектердің қатарына Ж. Х. Жүнісованың "Республика Казахстан: Президент. Институты демократии" (1996 г. ) атты еңбегінің де өзіндік орны бар. Негізінен бұл еңбекте, Президент институтының өтпелі кезеңдегі бейнесі сомдалып, басқа да саяси институттар: Парламент, сот билігі, қалыптасуы туралы авторлық тұжырымдар жасалады [8] .

Жоғарыдағы Президент институтына байланысты ізденістердің барлығы негізінен конституциялық - құқықтық аяда жүргізіліп, басты көңілді қазіргі кезеңдегі Президенттің мәртебесіне бөлген болатын. Сондыктан да, бұл еңбектерде негізінен Президент институтының қалыптасуы мен дамуының алғышарттары терең қарастырылмай, жалпы сипатта беріліп өтті.

Біздің жұмыста негізінен Қазақстанда Президенттік басқару жүйесінің қалыптасуын тарихи құкықтық алғышарттарын ашу, оның отандық заң ғылымнамада бағалануын айқындау. Президент институтының дамуына теориялық-тарихи құқыктық тұрғыда баға беру болып табылады.

Зерттеу жұмысынын объектісі. Дипломдық жұмыстың негізгі объектісін мемлекеттік билік қатынастарының қалыптасуы мен дамуы, билік тармақтарының өзара ықпалдаса қызмет жасауы құрайды.

Зерттеу жұмысының пәні. Қазақстан Республикасында Президенттік басқару жүйесінің қалыптасуы, оның жүзеге асуы және мемлекеттік билік жүйесіндегі алатын орны. Дипломдық жұмыстың нақты пәні болып табылады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық зерттеу жұмысының басты мақсаты - Қазақстан Республикасында Президенттік биліктің қалыптасуы мен дамуының тұтастай болмысын жасау және оның бет-бейнесін айқындау болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:

  • Президенттік басқару жүйесінің саяси және құқықтық ой тарихында бағалану ерекшелігін айқындау;
  • Қазақстанда Президенттік басқару жүйесінің орнығуының тарихи-құқықтық алғышарттарын ашып көрсету;
  • Президенттік басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуының кезеңдерін айқындау;
  • Билік бөлу жүйесіндегі Қазақстан Президентінің атқаратын ролін көрсету

- Қазіргі кезеңде Қазақстанда Президенттік басқару жүйесін жетілдіру жолдары туралы ұсыныстар жасау;

Зерттеудің әдістері және әдістемесі . Іздену жұмысын әзірлеу барысында Қазақстанда Президенттік басқару жүйесінің қалыптасуының зерделеген барлық ғылыми еңбектерді ой сүзгісінен өткізіп, толық пайдалануга ұмтылды.

Зерттеу жұмысында коғамдық ғылымдарға ортақ жалпы және арнайы танымдық әдістер жүйесі: диалектикалық, салыстырмалы, функционалды талдау, жүйелеу әдістер басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының нормативтік базасы . Іздену жұмысының нормативтік бастауларын Қазақстан Республикасының Конституциясы [5], Қазақстан Республикасының конституциялық заңы [16], Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары құрады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы . Зерттеу жұмысында Президенттік басқару жүйесінің саяси және құқықтық ой тарихында бағалану ерекшелігі, Қазақстанда Президенттік басқару жүйесінің орнығуының тарихи-құқықтық алғышарттары, Президенттік басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуының кезеңдері, билік бөлу жүйесіндегі Қазақстан Президентінің атқаратын ролі, қазіргі кезенде Қазақстанда Президенттік басқару жүйесін жетілдіру жолдары кешенді тұрғыда зерттеліп отыр.

Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы. Дипломдық жұмыста қол жеткізген ғылыми нәтижелерді Қазақстан Республикасында Президенттік билік жүйесін жетілдіру бағытында, оның тарихи-құқықтық негіздерін айқьндауда пайдалануға болады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысының нәтижелері елімізде жүргізіліп, жалғасын тауып жатқан құқықтық реформаларды одан әрі дамытуда пайдалы болып табылады.

Дипломдық жұмыстың нәтижелерін, сонымен катар, Қазақстандағы жоғарғы заң оқу орындарында мемлекет және құқық теориясы, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы, салыстырмалы құкықтану, конституциялық құқық және т. б. пәндерден дәрістер жүргізуде семинар сабақтарын өткізуде қолданылуға ұсынылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, сегіз бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған дерек көздер тізімінен тұрады

1 Президенттік басқару жүйесінің саяси және құқықтық ой тарихында бағалану ерекшелігі

Президенттік басқару жүйесінің саяси және құқықтық ой тарихында бағалану ерекшелігі" атты бірінші бөлім екі бөлімшеден түрады. Бірінші бөлімше "Президенттік басқару туралы саяси және құқықтық ойлардың пайда болуы мен дамуы" деп аталады. Президенттік басқару жүйесі туралы саяси-құқықтық ойлар АҚШ-та тәуелсіздік үшін күрес кезеңдерінде өмірге келіп, қалыптасты. Бұл кезеңдегі Президенттік басқару туралы көзқарастар қазіргі кезеңдегі біздің түсінігіміздегі, оның классикалық ұғьмын өмірге әкелген болатын. Президенттік жүйе американдық саяси-құқықтық ойда негізінен тәуелсіз жаңа мемекеттің нысанын іздеудің нәтижесі ретінде туындады. Президенттік басқару жүйесінің теориялық негіздеріне американдық ойшылдардың ішінде Т. Джеферсон, А. Гамильтон, Т. Пейн және т. б. ерекше ат салысқан болатын. Президентті сайлау туралы өзінің ойын Дж. Медисон былай білдіреді: "Президентті тікелей сайлауды саяси құрылымдар ретінде тікелей штаттар жүзеге асырады. Олар беретін дауыс күрделі арақатынаста болады да, бұл олардың ішінен дербес және бір-бірімен тең қоғамдастықтар ретінде, ішінара біртұтас қоғамдастықтың маңызы әрқилы мүшелері ретінде қарастырылатындығынан шығады. Ерекше ескертілген жағдайларда сайлауды заң шығарушы биліктің өкілдерінен түратын тармағы өткізеді, бірақ бұл актінің өзінде олар толып жатқан дербес те өзара тең саяси құрылымдар атынан штаттар делегациялары ретінде қимылдайды. Демек, бұлжағынан алып қарағанда үкімет, тегінде, федералдык белгілері қанша болса, сонша ұлттық та белгілері бар аралас сипатта бойлады" [15, 255-256 бб. ] . Президенттік басқару жүйесі американдық ұлттарды біріктірудің негізі ретінде қалыптасты деп санаймыз. Америқандық жүйеде Президент институтының орнығуының ерекшеліктерін осы мәселемен тікелей айналысқан ғалымдардың бірі, Б. А. Майлыбаев төмендегідей дұрыс атап өтеді: "Біріншіден Президент термині латынның "praesident" деген мағынасын білдіреді. Президент деп антикалық жиналыстарда төрағалық ететін адамдарды атады. Тіпті Сенат Президенті деген лауазым болғаны белгілі.

Екіншіден, Конституциялық конвентке дейіннің өзінде америка мемлекетінің номиналды басшысы - америка штаттары конфедерациясының конгрессі төрағасы «Конгресс президенті» деп аталды.

Үшіншіден, Филадельфиялық Конституциялық конвентте төрағалық еткен Дж. Вашингтон да «Президент» деп аталды. Ескерте кететін бар жайт конвент делегаттарының барлығы Дж. Вашингтон тұлғасында мемлекеттің болашағын көріп, оны Президент деп атады.

Төртіншіден, Президент деп кейбір колониялардың губернаторлары аталған [7, 24 б. ] . Президенттік басқару жүйесінің қалыптасуында Еуропалық ойшылдардың саяси көзқарастары ерекше ықпал етті. Осындай бағыттағы пікірлермен қаруланған американдық саяси-құқықтық ой өкілдері, Президенттік басқару жүйесін американдық шындық ретінде орнықтырып, оның өзіндік моделін жасауға ат салысты. Әлемдік тәжірибедегі Президенттік басқару жүйесі туралы теориялық бастаулар өзінің қайнар көзін американдық саяси-құқықтық ойдан тартады. Американдық ойшылдардың басты еңбегі де Президенттік басқару жүйесінің эталондық негізін жасауында деп санаймыз.

Қарастырылып жатқан Президенттік басқарудың отандық заң ғылымында бағалануы" деп аталады. Қазақстан өзінің егемендігін жариялағаннан бастап, әлемдік қауымдастықтың бір мүшесіне айналуға ұмыталы бастады. Бұл мемлекеттік басқару жүйесіндегі озық үлгілерді де еліміздің тәжірибесінде қолдануға жол ашты. 1990 жылдардан бастап, яғни Президент институты елімізде енгізілумен отандық қазіргі кезеңдегі мемлекеттанушы ғалымдар тарапынан Президенттік жүйенің елімізге еніп, тиімді жүзеге асуына байланысты көптеген ой-пікірлер талқыға түсті. Отандық саяси-құқықтық ойда негізінен өтпелі кезеңде күшті Президенттік басқару жүйесінің қажеттілігі мойындалды. Оның себебі, "Қазақстанда мемлекеттік тетіктер өркениетті елдердің озық тәжірибелерін пайдалана отырып, өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен саяси, ұлттық жағдайларға байланысты қалыптасып, құрылды. Осыған байланысты мемлекеттік тетіктің құрамында президент ерекше орын алады" [6, 42 б. ] . Қазақстан жағдайында Президент мемлекеттің ұйытқысы, негізгі тұлға ретінде бірте-бірте көтеріле берді. Бұл туралы академик С. З. Зиманов былай дейді: "Сегодня Президент олицетворяет нечто большее, чем просто высокую власть. В условиях республики - это в то же время мудрое искусство общения с людьми разных национальностей и социальных ориентаций" [7, с. 86] . Айтылған оймен толық келісуге болады. Президенттік жүйенің қалыптасуының алғашқы жыддарының өзінен бастап, елімізге тән модельдің айқындала түскендігін байқауға болады. Президентгік басқару жүйесінің Қазақстан жағдайында ерекшеленуін ғалымдар былай түсіндіреді: "Как видим, казахстанская модель президентской республики не допускается возникновения двоевластие, поскольку Президент проводит свою политику в рамках своих полномочий, а Парламент осуществляет свою конституционную компетенцию. Более того, в казахстанской модели президентского правления отсутствует присущий ряду других стран дуализм исполнительной власти" [8, с. 98] . Шын мәнінде, Президенттік басқару жүйесінің бағыты осылай өрбіді.

Қазіргі кезеңдегі еліміздің заңгер ғалымдары Президенттік басқару жүйесінің қалыптасуын демократиялық қоғамды құру бағытындағы қажеттіліктердің бірі есебінде қабылдады. Президенттік басқару жүйесін еліміздің өтпелі кезеңінде бір қолда топтастырылған күшті түрін қолдап, оны негіздеуге ұмтылды. Соңғы кезеңдерде билік тетіктерінің барлығын Президенттің қолына шоғырландыру, өзін болашақта ақтамайтындығын аңғарып, бірте-біоте билік тетіктерін Президент пен Парламент ортасында бөлуді жүзеге асыруды қолдап отыр. Президенттік басқару жүйесі, қай қоғамда болмасын, динамикалық өзгеруді талап ететін институт екендігін өмір талабы дәлелдегендіктен, Қазақстан жағдайында әлі талай өзгерістерді бастан кешіруі мүмкін. Сондықтан да, отандық заң ғылымының өкілдері бұл институттың әлі де болса, ішіне бүккен өзіндік ерекшеліктерін іздестіре береді.

2 Қазақстанда президенттік басқару жүйесінің қалыптасуы және дамуы

2. 1 Қазақстанда президенттік басқару жүйесінің орнығуының тарихи-құқықтық алғышарттары

Президент институтын Қазақстанда енгізудің елімізде тарихи-құқықтық алғышарттары қалыптасқн болатын. Оған қазақстандық XX ғасырдың басындағы ұлттық зиялы қауымның саяси-құқықтық қызметі ерекше ықпал етті. 1916-1917 жылдары Ресейлік дағдарыс кезінде тұңғышрет қазақ интеллигенциясы ұлттық ұйым, партия, мемлекеттік құруға әрекет жасады. Бұл «Алаш» қозғалысынан және осы аттас партияның құрылуынан айқын көрінді. Ұлттық либералдық инстеллигенцияны біріктірудің бастамашылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Жанша және Халел Досмұхамедовтер, Х. Ғаббасов, М. Тынышпаев, Ә. Ермеков тағы басқалар болды.

1917 жылдың қарашасында қабылданған Қазақстанның «Алаш» партиясының бағдарламасында үкімет басында құрылтай жиналысы мен мемлекеттік Дума сайлаған Президентбасқару қажет деп жазылған. Көріп отырғанымыздай Қазақстанды сол кездің өзінде мемлекеттік құрылымды демокртияландыру идеяларымен қатар президенттік институтта ұсынылған. Алайда, жеңген Кеңестердің жаппай озбырлығы және мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларында партиялық басшылықтың монополизмі демократиялық институттардың орнығуына мүмкіндік бермеді.

Тұңғыш рет КСРО Президент лауазымы институтын ұру туралы мәселе 1936 жылғы конституциялық жобасын дайындау барысында қойылған еді.

1962 жылы КСРО-ның жаңа Конституциясы дауйындалу комиссиясы құрылған кезде Президент қызметін енгізу мәселесі қайта көтерілді. Алайда конституциялық комиссия жұмысы тоқтатылды. 70 жылдардыңортасында Л. И. Брежнев басқарған жаңартылған конституциялық комиссия құрылды. Конституциялық комиссияның осы құрамы жұмысының барысында Прзиденттік қызметті енгізу туралы мәселе талқыланды. Бірақ 1977 жылы дайындалған конституция жобасында бұл лауазым көрсетілмеді. Президенттік функцияны бұрынғысынша КСРО жоғарғы кеңесі президиумы атқарады деп саналды.

Президенттік басқару - қазіргі таңда ең тиімді басқару формасы болып табылады. Посткеңестік кеңістіктегі елдердің негізгі міндеті президент билігін белгілі бір дәрежеде шектей отырып, күшті президенттік билікті құру болып табылады. Біздің зерттеуіміздің нәтижелері - өтпелі кезең жағдайындағы басқарудың неғұрлым қолайлысы басқарудың президенттік формасы екендігін көрсетеді. Түбірлі реформалар жүргізудің қажеттігі, әлеуметтік және экономикалық тұрақсыздық жағдайындағы шындықтар - атқарушы билік жүйесін, мемлекет басшысының билігін орталықтандыруды және күшейтуді қажет етеді. Өтпелі кезең жағдайында елдегі істің жайына коллегиалды жауаптылықтан гөрі, жеке дара жауаптылық тиімді болады.

2. 2 Президенттік басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуының кезеңдері

Барлық елдер үшін ортақ, үлгілі конституция жасауға болмайтыны сияқты, президенттікң институттың да барлығына ортақ жалпы нысан болмайды. Әрбір мемлекет басшысының іс-әрекеті оның конституциялық-құқықтық мәртебесімен ғана емес, сондай-ақ жеке басының қасиеттерімен айқындалады. Мысалы, Франциядағы Президенттік Республиканың дамуында Президент Миттеранның Президент де Гольден ерекшелігі болды, француз мемлекетін басқару ісіне Жак Ширак та өзіндік үлес қосып отыр. АҚШ-тың қырық үш президенті басқарған жылдарында президенттік басқаруда елеулі айырмашылықтар болды. Басқарудың президенттік нысанының қалыптасуы және дамуында біздің елімізде Қазақстан Республикасының бірінші президенті Н. Ә. Назарбаев айрықша рөл атқарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы президенттік республика ерекшеліктері
Президенттік басқару жүйесі
Мемлекеттік басқару нысаны
Президент тек мемлекет басшысы
Мемлекет нысанының түсінігі, мәні және мемлекетті басқару нысаны
Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін құқықтық реттеудің қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасында Президенттік билік институты
Мемлекеттің негізгі нысандары және сипаттамасы
Мемлекеттік биліктің институттары
Қазақстан Республикасындағы Президент институты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz