ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНДА МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІКПЕН БАСҚАРУ ИНСТИТУТЫ


1001 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНДА МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІКПЕН БАСҚАРУ ИНСТИТУТЫ
Дипломдық жұмыс
Мазмұны
Кіріспе…. . . . …. . 3
1 Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының құқықтық табиғаты . . . … . . . 6
1. 1 Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың пайда болу тарихы . . . 6
1. 2 Мүлікті сенімгерлікпен басқардың ерекшеліктері . . . 12
2 Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының мазмұны . . . …. . 20
2. 1 Тараптардың құқықтары мен міндеттері . . . 26
2. 2 Инвестициялық пай қорының активтерін сенімгерлікпен басқару шартының заңдық сипаттамасы . . . 28
2. 3 Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының тоқтатылуы . . . 37
3 Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың жекелеген түрлерін сараптау
3. 1 Акцияларды және өзге де бағалы қағаздарды сенімгерлікпен басқару . . . 45
3. 2 Мемлекеттік қызметшінің мүлкін сенімгерлікпен басқару . . . 47
3. 3 Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару… . . . 49
Қорытынды . . . 53
Қолданылған әдебиеттер тізімі…. . . . 56
Қосымшалар . . . . . . 60
Кіріспе
Мүлікті сенімгерлікпен басқару - Қазақстан азаматтық құқығының институттарының бірі болып табылады. Оның пайда болуы нарықтық қатнастардың дамуымен байланысты.
Бұрындары шаруашылықты басқарудың бір ғана тәсілі болды, ол - әкімшілік басқару болатын. Шаруашылықты басқарудың жаңа шарттарында бұл тәсіл нәтижесіз деген сынға қалды. Бұл шаруашылықты басқарушы тұлғаның әкімшілік негізде емес, азаматтық-құқықтық негізде жүйе құруға түрткі болды, яғни бұнда басқарушы өзінің іс-әрекетінің нәтижесіне материалды мүдделі болады және тиіссіз нәтижеде жауапкершілік артады. Бұл қызметті сенімгерлікпен басқару институты атқарады.
Сенімгерлікпен басқару инситутын құруда үлкен рөл атқарған англо-американдық траста конструкциясы. Бұл институтты азаматтық құқыққа енгізу әрекеті сәтсіз аяқталды. Алайда, бөтеннің мүлкін өз тәуекеліне алып басқару идеясы Қазақстан Реапубликасының Азаматтық Кодексінің ерекше бөлімінде мүлікті сенімгерлікпен басқару атауымен өз көрінісін тапты. Оның пайда болуы 90-шы жылдардан бері күтілген болатын және көптеген заң және заңға тәуелді актілер ҚР Азаматтық Кодексінің ерекше бөлімінде көрсетілген маңызда «сенімгерлікпен басқару» түсінігін қолданып жүрді.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару - бұл әмбебап институт, яғни комерциялықпен қоса комерциялық емес салада да қолдануға есептелген. Бұл инситутты қолдану азаматтық қатнастардың тұрақтылыған қамтамасыз ету қарастырылған, яғни сенімгерлікпен басқару тек қазіргі бір мезетте пайда табуды көздемейді, ол мүліктен пайда табудың ұзақ қатнастарын бекітуді көздеген.
Сенімгенлікпен басқару конструкциясының жаңалығы заңи ғылымдар арасында, сонымен қатар тәжірибеде де көпеген мәселелер туындатады.
Көптеген жағдайларда бұл сенімгерлікпен басқару нормаларын түсіндіруде, сондай-ақ сенімгерлікті басқаруды заңда тікелей көрсетілмеген әр түрлі жағдайларды қолдануда туындайды. Бүгінгі күні сенімгерлікпен басқару өкінішке орай кең қолданысын таба алмай жүр. Осығын байланысты, бұл институттың жеткіліксіз қолданылу себебін анықтау және сонымен қатар, оларды жою жолдарын айқындау қажеттігі туындап отыр.
Азаматтық құқықта мүлікті сенімгерлікпен басқару институты жалпы детальді зерттелуге жатпағанын атап өткенді жөн көрдік. Бүгінгі күні бұл құқықтық құбылысқа арналған А. С. Тілеуовтың, С. Ю. Жанайдаровтың, Л. Ю Михееваның, В. А Дозорцевтің, А. Е Казанцеваның ғылыми жұмыстары бар.
Басында сенімгерлік мүлік, содан кейін сенімгерлікпен басқару көптеген авторлардың жағынан маңызды назарын, қызығушылығын туғызды. Алайда, олар қандайда бір мәселені туғызған жеке нормаларына ғана назар аударып отырды. Бұның нәтижесіне бұл институттың жекелеген сұрақтары ғана қарастырылды. Оған қоса, ҚР Азаматтық Кодексінің 44 бөліміндегі көптеген жайлар оқу және басқа да әдебиеттерде бір текті түсінік таба алмай отыр.
Сенімгерлікпен басқару туралы заңнаманы сараптай келе келесідей қорытындыға келуге болады: бұл институттың көптеген құқықтық жеткіліксіздіктерінің болуы, атап айтсақ, түсінік берудің (формулировка) дәлсіздігі, сонымен қатар, мүліктің жеке түрлерін сенімгерлікпен басқаруға тапсыру бойынша арнайы заңның жоқтығы.
Осыған орай, мүлікті сенімгерлікпен бақару институты бүгінгі таңда маңызы болып табылады.
Осы жұмыстың мақсаты мүлікті сенімгерлікпен бақару институтын кешенді сараптау болып табылады. Тек осындай сараптаудың барысында сенімгерлікпен басқаруды жеткіліксіз қолданылу себептерін және сенімгерлікпен басқаруда бар болатын кедергілерді жеңу тәсілдерін айқындауға болады.
Құрылымы бойынша жұмыс 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде автор мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының құқықтық табиғатын қарастырған, мүлікті сенімгерлікпен басқарудың пайда болу тарихын зерттеген және мүлікті сенімгерлікпен басқарудың ерекшеліктерін ашып көрсету әрекетін жасаған.
Екінші бөлім мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының мазмұнына арналған, онда автор сенімгерлікпен басқару субъектілерін, тараптарының құқықтары мен міндеттерін, сонымен қатар мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының нысаны, мазмұны, жасалу және тоқтатылу тәртібін айқындаған. Сондай-ақ сенімгерлікпен басқару шартының жеке түрі инвестициялық пай қорының активтерін сенімгерлікпен басқару шартының заңдық сипаттамасына толығырақ тоқтаған.
Үшінші бөлімде автор мүлікті сенімгерлікпен басқарудың жекелеген түрлерін сараптау ерекшеліктерін қарастырған.
Осы жұмысты жазу барысында теоретикалық база ретінде келесі заңдар қолданылды: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі; Қазақстан Республикасының Заңы «Салық және бюдетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы»; Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»; Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстаннның инвестициялық қорлары туралы»; Қазақстан Республикасының Заңы «Қозғалмайтын мүліктерге және олармен шарт жасасуға құқығын мемлекеттік тіркеу туралы»; Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Тәртіп «Мемлекеттік қызметшінің мүлкін сенімгерлікпен басқаруға тапсыру тәртібі туралы».
1 Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының құқықтық табиғаты
1. 1 Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың пайда болу тарихы
Мүлікті сенімгерлікпен басқару - Қазақстандық азаматтық құқық үшін жаңа институт болып табылады. Сондықтан, бұл институтты терең әрі толық оқып-зерттеу қажет. Ең алдымен бұл қатнастардың құқықтықтық ретелуінің тарихи шеңберін қарастыру керек деген ойдамын.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару институты ТМД елдерінің кейбіреулерінде ғана жүзеге асырылады. Оларға 2001 жылдың статистикалық мәліметтеріне қарасақ Қазақстаннан басқа - Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасы, Армения Республикасы, Белорусия Республикасы, Түркменістан Республикасы және Өзбекстан Республикасы жатады. Бұл институттың аталып кеткен мемлекеттердің Азаматтық Кодекстерінде әр уақытта және әр кезеңде 1995 жылдан 1999 жылдар аралығында пайда бола бастады. Бұл институттың негізі 1995 жылы ТМД-ның парламент аралық Ассамблеясында ТМД елдерімен қолдану үшін ұсынылған Модельдік Азаматтық Кодекстен алынған. Негізі болып комиссия және тапсырма шартарының реттемейтін қатнастарын регламенттеу табылады. Түрткі болған себеп - постсоветтік республикалардың заңдарын реформалау кезінде сенімгерлік меншікті енгізу әрекетінің сәтсіз аяқталуы.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару бөтеннің мүлкін басқарудың бір түрі болып табылады. Типі бойынша қызмет көрсету шартының бір түрі. Заңи әдебиеттерде мүлікті сенімгерлікпен басқару жөніндегі пікірлерде бірлік жоқ.
Бір авторлар пәннің негізін сенімгерлік қатнастар құрайды дейді, енді біреулері сенімгерлікпен басқару қатнастарын басқарудың мазмұны дегенге қарсы, үшіншілері - сенімгерлікке назарды көп аудармай құқықтыққатнастың «әлсіз» жағына көбірек көңіл бөлу керектігін айтады. Бұл сұрақты қарастыру барысында бөтеннің мүлкін басқару жағынан қарасақ әлемдік тарихта аналогты қатнастардың реттелуінің бай тәжірибесін көреміз [1, б. 4] .
Сенімгерлікпен басқарудың қазіргі қатынастарына ұқсас қатынастардың тарихи тамыры ұзаққа кетеді. Олар біздің заманымызға дейін пайда болды. Мысалы көне Египетте мұралық мүлікке иелік ету, жасы кіші ханзадалар мен ханшайымдардың меншігіне қамқоршы болу сенімхат бойынша үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіру бойынша қатынастар кеңінен таралған. Фараондардың мүлкін және олардың балаларын көне египеттік шіркеулердің абыздары, яғни монархқа жақын адамдар басқарған [2, б. 47] .
Ежелгі Римдік құқықта «fiducia» (сенімгерлік) институты жүзеге асқан - бастапқы дамымаған сенімгерлікпен салу нысаны немесе дәлірек айтқанда, осыдан әрі дамыған.
Сенімгерлікпен басқару идеясы, құқықтың бір затқа бөлуіне байланысты (мысалы, супервация мен энфитевзис кезінде) рим құқығында нақтырақ көрініс табады. Бертін келе ол англо-американдық құқық жүйесімен қабылданған болатын, [3, б. 118] .
Сенімгерлікпен басқару институты ортағасырлық Англияда туындады [4, б. 118] . Сенімгерлікпен басқаруға түрткі болған шіркеудің пайдасына жерлерді алуға қарсылықтан пайда болған деген жорамал бар [5, б. 5] . Яғни жердің иесі жер учаскесінің сенімгерлікпен жер басқарушысы болып шіркеудің мүддесіне басқаратын болған.
Сенімгерлікпен басқарудың пайда болуына ерекше ықпалын жасаған Англия құқығының жалпы және әділеттілік құқығына бөлінуі.
Сенімгерлікпен басқарудың мазмұны - сенімгерлік меншікті бекітетін құрылтайшы (settlor) ретінде болатын, сенімгерлік басқарушы (trustee) атанатын басқа тұлғаға, бенефициар (beneficiary) деп атанатын бір немесе бірнеше пайда табушы тұлғаларға мүлік беріледі.
Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексін қабылдағанға дейін мүлікті сенімгерлік негізде басқару қатынастарына аталас қатынастар да болған. Мысалы, бұл хабар ошарсыз кеткен деп танылған тұлғаның мүлкіне, мұралық мүлікке белгіленетін қамқоршылық жағдайларына қатысты. Сонымен бірге, оларды қүқықтық реттеу тәжірибе жүзінде болмады. Осы және осыған ұқсас кейбір басқа қатынастардың құқықтық мәнісі нақтыланбаған болатын.
Мүлікті оның меншік иесімен баска тұлғаның беруді қамтамасыз ете алатын қатынастарды тиімді түрде реттеуді табу қажеттілігі жеке меншіктің, сондай-ақ меншіктің мақсаты бойынша мемлекеттікке қарама-қайшы жеке нысанының қалыптасуымен пайда болды.
Жеке меншіктің қалыптасуы бөтеннің мүлкіне тұрақты негізде иелік етудің, комиссия. тапсырма, сақтау және басқа да шарттардың дәстүрлі механизмдеріне қарағанда анағұрлым жетілген құқықтық нысандарын жасап шығаруға деген потенциалды қажеттілікті анықтады. Меншіктің жеке және мемлекеттік нысандарын бекіту, мемлекеттік экономиканың ішкі жүйесіндегі катынастарға қолданылатын оралымды басқару мен шаруашылық жүргізу, мемлекеттік меншік жеке тұлғалардың қолына берілуге тиіс болатын қатынастарды бірдей реттей алмайтындыққа алып келеді. Оларды беру кажеттілігі әртүрлі себептерге байланысты болар еді. Ол мүлікті жеке меншікке түпкілікті және қайтарусыз беру туралы шешім қабылдау кезінде аралық кезең рөлін атқара алады. Сенімгерлікпен басқару меншіктің мемлекеттік нысанына негізделген шаруашылық субъектілерінің қызмет етуі кезінде сөзсіз туындайтын шығындарды өтеуге қабілетті. Мәселен, ол кәсіпорын қызметін оңтайлы және сауатты басқару үшін кұрылуы мүмкін.
Аталған себептердің салдарынан базалық жүйелерді-сенімгерлік пен басқарудың римдік құқықтық түп тұлғаларын және англо-американдық траст-сенімгерлік меншік институтын талдаудан алынған элементтерді құрастыру жүріп жатты.
И. У. Жанайдаров біздің заңнамада сенімгерлік меншік институтының пайда болуын кездейсоқтық дейді. Сенімгерлікпен басқару ұзақ мерзімді ғылыми ізденулермен дайындалмады, лоббирленген жоқ [6, б. 119] .
Алайда азаматтық құқықтың осындай институтына деген объективті қажеттіліктердің болуы құмән келтірмейді. Реттелуі сенімгерлікпен басқару құқығынсыз мүмкін емес болатын салалар да тез айқындала түсті.
И. У. Жанайдаров біздің заңнамамызда мүлікті сенімгерлікпен басқару институтының пайда болуын үш жағдаймен түсіндіреді. Біріншісі, нарықтық экономикаға өтумен оралымды басқару құқығы және КСРО-ның құлау кезеңіне жақын шаруашылық жүргізу құқығының бұрынғы құрылымы нарықтық ережелерге сыйыспайтын, біршама ескірген боп көріне бастауына қатысты. Соның салдарынан сол кездегі кеңестік кәсіпорындардың құқықтық мәртебесін басқа елдердің мемлекеттік кәсіпорындарының құқықтық мәртебелерімен салыстырмалы құқықтық зерттеу жүргізілген болатын. Назарға англо-американдық траст ілінді, бірақ таза күйінде ол Қазақстан Республикасы мен кейбір ТМД елдерінің, соның ішінде Ресейдің, жағдайларына қолайлы емес болып көрінді. Басқа бір себеп болып жоғарыда аталған шарттық институттарға тиесілі бірқатар қатынастардың реттелмегендігі табылды. Нәтижесінде, сенімгерлікпен баскарудың әрекет етуші құқығының мазмұнына бара-бар экономикалық қатынастарды құқықтық реттеуді іздеудің катализаторы болып белгілі бір шамада Ресей Федерациясынын заңнамасының дамуы және ресейлік авторлардың тиісті теориялық ізденсітері табиғатын атап өткен жөн.
Сенімгерлікпен басқару құқығы жоғарыда атап өткеніміздей, Ресейді сондай-ақ Қырғызстан мен кейбір баска елдерді қоспағанда басқа мемлекттерде тікелей аналогтарға ие емес. Яғни, ол жаңа және сонымен қатар құқықтық қатынастардың мүлдем ерекше түрі болып табылады. Оған кеңестік азаматтық құқықтың дәстүрлері мен оралымды басқару мен шаруашылық жүргізу құқығының сол кездегі түсініктері ықпал еткені сөзсіз. Пост кеңестік мемлекеттер бас тартқан сенімгерлік меншігінің құрылымы континентальдық жүйеге кайшы келмейді. алайда мұндай қарама қайшылық сенімгерлік меншігін жоққа шығарудың негізгі себебі ретінде жиі айтылатын болған. Рим құқығында меншік құқығын беретін және бермейтін сенімгерлік мәмілелері ажыратылатын. [7, б. 583] .
Сірә, нарықтық қалыптасуы, қоғамда жеке құқықтық категорияларды қабылдаудың төмен деңгейі, азаматтардың заңға бағыныштылығы жағдайларында сенімгерлік меншік институтын енгізу асығыстық уақыт талабына сай келмейтін шешім болары айқын еді. Болашақта, әрине, егер назар аударуға тұрарлық сенімгерлікпен басқару құрылымымен қатар сенімгерлік меншік құрылымы да өмір сүрсе, құқықтық палитра елеулі түрде молая түседі.
Бұл орайда оның қолданылу аялары, сенімгерлікпен басқару мен сенімгерлік меншікті ажырату белгілері және т. б. нақты белгіленуге тиіс. Мәселен, сенімгерлікпен басқарудың объектісі болып тек заттар ғана табылмайды, ал "сенімгерлік меншік" деген термин оның объектілері ретінде логикалық түрде заттарды анықтайтын болады [8, б. 80] .
Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың пайда болу тарихы. сенімгерліктің өзі сияқты қоғамдық өмірде негізгі орынның бірін алады. Мүлікті сенімгерлікпен басқару қатынасын нормативтік реттеу Қазақстан Республикасында мемлекеттіктің қалыптасуының бүкіл кезеңінде жүрді. Тарихи тұрғыда Қазақстан біршама уақыт Ресей империясының, одан кейін КСРО құрамында болып, тек І991 жылы ғана тәуелсіз мемлекет болды. Республикада мүлікті сенімгерлікпен басқару құқығы туралы нормативтік ережелер айтылған мемлекеттердегі қалыптасқан ағымға бағынышты еді. Осы тарауда мүлікті сенімгерлікпен басқару құқығы саласындағы азаматтық зандар мен доктриналық ережелері генезисінің (тамырының) басты ерекшеліктеріне қысқаша тоқталу ләзім. Осылайша зерттеу, біздіңше, мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы азаматтық заңдардың даму деңгейін түсінуге ықпал етіп, басты-басты теориялық және іс жүзіндегі проблемаларды анықтауға, олардың шешу жолдарын айқындауға мүмкіндік береді. Қойылған мақсатқа жету үшін зерттеудің басты екі бағытын ерекшелеуге болады. Біріншісі - мүлікті сенімгерлікпен басқару құқығы туралы неғұрлым жалпы нормативтік және доктриналық ережелерді ағылшын-саксон құқық жүйесінде қарастыру. Бүгінгі таңда құқықтың дамыған түрін, яғни қазіргі басты жүйеге сәйкес келетін нормативтік-заңнамалық құқық жайлы сөз етуге болады.
Қазақстан Республикасыңда мүлікті сенімгерлікпен басқару құқығы жөніндегі нормативтік ережелердің азаматтық-құқықтық дәстүр аясында туындағаны сөзсіз, әйтсе де сыртқы сипаттағы белгілі бір тарихи себептерге қатысты өзіндік ерекшелігі де болды. Бұл, мәселен, 1994 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормалары жеке құқықтық құрылымдармен бірге кеңестік кезеңнің меншік құқығының заң құрылымдарын қамтуымен байқалады. Демек, азаматтық заңдар мен құқықтық кешенділігі жайлы сөз қозғағанымен, оның мазмұны кеңестік кезеңмен салыстырғанда зат құқығын заңдастыруға байланысты өзгеше болады, сондықтан азаматтық заңдарды дамытудың бұл кезеңі бөлек қарастырылуы қажет [9, б. 60] .
1. 2 Мүлікті сенімгерлікпен басқардың ерекшеліктері
Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың құқықтық қатынастарына тән ерекшелік - оның таза күйінде заттық категорияға да, міндеттемелік құқықтық қатнастар категориясына да жатқызылмайтындығында. Бұған қоса, сенімгерлікпен басқарудың құрылымы оның құрамында шартқа негізделген сенімгерлікпен басқару және шарттан тыс пайда болатын сенімгерлікпен басқару элементтерінің болуымен күрделендірілген.
Оның құрылымының әртүрлілігі бұл институттың тәжірибелік маңыздылығын әсте жоққа шығармайды. Ол мәнісі бойынша жақын, бірақ өмірдің әртүрлі аясында және әртүрлі объектілер бойынша пайда болмаған қатынастардың кең ауқымды спектрін біріктіре алды.
Сенімгерлікпен басқару қатынастарының түріне ерекшелік туралы айтқанда біз мұны белгілі бір шамада шартты түрде жасаймыз. Жоғарыда айтқанымыздай шарттан бір уақытта заттық та міндеттік те, авторлық та құқықтық қатынастар пайда болуы мүмкін екенін ұмытпаған жөн. Сол бір немесе өзге жағдайларда мүлікті сенімгерлікпен басқару жөніндегі міндеттеменің біртұтас, яғни объективті құқық мағынасындағы мазмұнын ескермеуге болмайды.
"Мүлікті сенімгерлікпен басқару" және "мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты" деген түсініктер бар. Біріншісі екіншісіне қарағанда кең ауқымды, өйткені ол сенімгерлікпен басқарудың шарттан басқа өзге де негіздер бойынша пайда болатын жағдайларын да қамтиды. Алайда мұндай бөлініс шартты сипатқа ие. Бұл тағы да біздің ойымызша, барлық авторлар дерлік атап өткендей сенімгерлікпен басқаруды жаңаша реттеумен байланысты шарттың қай кезде қажет болатыны және қай кезде қажет болмайтындығы нақты анықталмаған [10, б. 21] .
Сенімгерлікпен басқару қатынастары "заң нұскауына орай" яғни сот шешімі немесе әкімшілік актісі бойынша пайда болатын тәжірибе онша тиімді емес көрінеді. Бұл "субъективизацияның" есебінен құқықтық қатынастардың қатысушыларына, сол бір немесе өзге құқықтық қатынастарға түсе отырып өздерінің алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуге барынша мүмкіндік беретін жеке құқықтық реттеудің мүмкіндіктерін елеулі түрде төмендетеді.
Сенімгерлікпен басқару қатынастарының пайда болуының құқықтық негізінің (сот шешімінің, әкімшілік актінің) болуына қарамастан мүлікті сенімгерлікпен басқару қатынастары субъектілерінің міндеттемелерінің мазмұнын нақтылау қажет. Мүлікті басқару бойынша ауыртпалықты көтеретін субъект өзі тап болған құқықтық жағдайда бірдей қалыптаса алатындығы тұрғысынан қарағанда заңға сүйену (жалпы категорияларға) онша сенімді емес. Мысалы егер тиісті қатынастар бастапқыда шарттан туындамайтын болса да, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттарын бекітудің тәжірибелік механизмі қажет.
Қалай болғанда да заңнамада жалпылама талаптардың болуы пайдасына сенімгерлікпен басқару құрылатын меншік иесі мен субъектілер мүдделерінің белгілі бір кепілдігі болып табылады. Белгілі бір сәттерде сенімгерлікпен басқару қатынастарын реттейтін нормалар сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыратын тұлғаның да мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді [ 12, б. 26] .
Жалпы, сенімгерлікпен басқару не мәміледен (шарттан), не әкімшілік акт пен сот шешімін және мүлікті сенімгерлікпен басқару шартын қамтитын аралас негізден туындайды деп бекіткен жөн.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару түсінігі тікелей заңнамадан туындайды. Мүлікті сенімгерлікпен басқару қатынастары әрекет етуші азаматтық заңнамада ҚР АК 44-тарауының нормаларымен реттеледі. Ол "мүлікті сенімгерлікпен басқару" 883-894-баптар.
Мүлікті сенімгерлікпен басқаруды белгілеу кезінде сенімгер басқарушы, егер шартта немесе заң актілерінде өзгеше көзделмесе, өзінің иеленуіне, пайдалануына және билік етуіне берілген мүлікті пайда алушының мүддесі үшін өз атынан басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару:
1) мәміле (атап айтканда, шарт бойынша, өсиетті орындаушы (сенімгерлікпен басқарушы) тағайындалған өсиет бойынша) ;
2) сот шешімдері (банкроттық, әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың мүлкіне қорғаншылық белгілеген кезде және заң актілерінде кезделген басқа жағдайларда) ;
3) өкімшілік акт (кәмелетке толмаған, қайтыс болған адамның мүлкіне қорғаншылық белгілеген; кәсіпкер мемлекеттік қызметке кірген кезде және заң актілерінде көзделген басқа жағдайларда) негізінде пайда болады (белгіленеді) .
Кейбір заңды актілерде мүлікті сенімгерлікпен басқаруға катысты жекелеген нормалар бар. Мәселен, жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заңы. Бұл заң ақшамен сенімгерлік трасталық операцияларды жасау мүмкіндігін көздейді (аталған заңның 30-бабы) Қазақстан Республикасының 17 сәуір 1995 жылғы Заңы аталған қызметті лицензиялауды көздейді [14, б. 25] .
Жергілікті нормалар Қазақстан Республикасының 20 маусым 1997 жылғы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Заңында бар. Зейнетақылық активтерді басқару жөніндегі қызмет те лицензиялауға жатады. Қазақстан Республикасының 21 каңтар 1997 жылғы "Банкроттық туралы" Заңы да мүлікті сенімгерлікпен басқаруға қатысты. Сенімгерлікпен басқару туралы нормалар Қазақстан Республикасының өзге де заңды актілерінде бар.
Заңға сәйкес нормативтік актілер де бар. Мәселен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекелендіру Департаментінің 22 қазан 1998 жылғы қаулысымен бекітілген, кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін сенімгерлікпен басқаруға беру ережелері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 каңтар 2000 жылғы 99 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлікпен баскаруға беру тәртібі туралы ережелер және т. б. әрекет етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz