Қазақстан Республикасының Кеден қызметі: маңызы, мақсаты және міндеттері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

8001 Қазақстан Республикасының Кеден қызметі: маңызы, мақсаты және міндеттері

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

1 Қазақстан Республикасының кеден құқығының қалыптасуы мен дамуы және дербес құқық сала ретінде кеден құқығының жалпы сипаты . . . 8

1. 1 Кеден құқығының пайда болуы және даму кезеңдері мен даму жолдары . . . 8

1. 2 Құқықтық реттеудің пәні мен әдістері. Кеден құқығының жүйесі мен институттары . . . 11

1. 3 Қазақстан құқығының басқа салаларымен арақатынасы, қағидалары мен қайнар кездері . . . 18

2 Қазақстан Республикасының кеден органдарының қызметі мен міндеттері . . . 33

3 Кеден органдарының мемлекеттік органдармен, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылармен өзара қатынастары . . . 45

3. 1 Қазақстан Республикасының кеден органдарының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы . . . 45

3. 2 Кеден органдарының лауазымды қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі. . . ……… . . . 55

3. 3 Кедендік бақылауды ұйымдастырудың құқықтық мәселелері . . . 60

Қорытынды . . . 75

Пайдаланылған дерек көздер тізімі . . . 77

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі . Бүгінгі таңда еліміздің кедендік қызметінің қарқынды дамуы жаңа деңгейге түсуде. Қазақстанның сыртқы сауда айналымының өсуі, инвестициялық жағдайының жақсаруы, сондай-ақ Кеден кодексінің халықаралық стандарттарға сәйкестендіруі де осыған дәлел. Кедендік әкімшілік басқарудағы негізгі мәселесі кедендік заңнаманы халықаралық маңызды «құралдарға», яғни жаңартылған Киот конвенция нормаларына, Дүниежүзілік сауда ұйымының және Қазақстанның Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасымен құрылған Кеден одағының нормаларына негіздеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының кеден аумағы оның құрлықтағы аумағын, аумақтық және ішкі суды, сондай-ақ, оның аспанындағы әуе кеңістігін қамтиды. Ал кеден шекарасы - республика аумағының шектері, еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалар. Заңнамаға сәйкес шекарада құжаттарды тиісінше рәсімдейтін Кеден бақылауы Кеден органдарына жүктелген. Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарының шекарадан кесіп өтуі кезінде өткізілетін тауарлар туралы негізделген шешімдерді қабылдау үшін барлық қажетті ақпаратты бір жерде жинауға, олар туралы құжатта бар мәліметтерді нақты деректермен салыстыруға, деректердің осы екі түрі арасындағы кездейсоқ немесе әдейі жасалған сәйкессіздікті табуға, қателіктерді түзетуге және мемлекетке келтірілетін ықтимал зиянды болдырмауға, заң мен кеден ережелерінің бұзылуының себептері мен жағдайларын анықтап жоюға, оларға қатысты адамдарды анықтау шараларын қолдануға, бұл бұрмалаушылықтардың заңи бағасын беруге тиіс. Халықаралық қатынастар үшін ашылған әуежайлар мен кемежайларда, темір жол ст-ларында кеден шекарасы арқылы өткізілетін немесе автомобиль қатынасы бар жерлердегі өтуге рұқсат етілетін бекеттерде мемл. шекара арқылы өткізілетін тауарларды уақытша сақтайтын қоймалардың болуы міндетті. 2000 жылы 1 қаңтарда 94 осындай уақытша сақтау қоймасы және 22 кеден қоймасы құрылып, жұмыс істедіЕліміздің нарықтық экономикаға көшу барысында кеден органдары мемлекетіміздің сыртқы экономикалық қызметінің мемлекеттік реттеу құралы болып табылады. Бұл ретте мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің тиімділігінен экономиканың приоритеттік бағыттарының дамуы, кәсіпкерліктің, оның ішінде шағын және орта бизнестің қалыптасуы және жалпы, халқымыздың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты кеден органдарының қызмет көрсету деңгейіне тікелей байланысты.

Осымен бірге сыртқы сауданың өсуі және республикамыздың Дүниежүзілік Сауда Ұйымына, сондай-ақ бәсекелестікке қабілетті елу дамыған мемлекеттер қатарына ену мақсаты секілді факторлардың барлығы кеден ісінің, оның ішінде кеден органдарының реттеу механизмдері мен нысандарының жетілдіруін талап ететіні осы дипломдық жұмыстың актуальдығын айқындайды [1] .

Кеден одағы - бірнеше кеден аумақтарында кеден баждары толық жойылған кезде оны бір аумақпен алмастырып, сыртқа бірыңғай кеден тосқауылын жасау. Баждар және сауданы реттеу жөніндегі басқа да шектеу шаралары одақтың құрамдас аумақтары арасындағы бүкіл сауда бойынша немесе осы аумақтарда өндірілген тауарлар бойынша толық жойылады. Европа әкономикалық қауымдастығы, Орталық Африка Кеден және экономикалық одағы және басқалар осындай одақтардың үлгілері болып табыладыДипломдық жұмыстың өзектілігі осы жоғарыды аталып кеткен. Алайда кеден органдарына сыртқы экономикалық қызметті бақылау мақсатында кедендік әкімшілік жүргізу операцияларын жүзеге асыру құқығы берілген. Ал кедендік бақылау кедендік әкімшілік жүргізудің негізгі тиімді операциясы болып табылады. Яғни кеден ісін ұйымдастырудың негізгі элементі - кедендік бақылауды ұйымдастыру.

Осымен бірге кедендік қызметтің әрі қарай дамуының приоритеттік бағыттары ретінде кедендік әкімшілік басқарудың, оның ішінде кедендік бақылаудың қарқынды дамуын, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, сондай-ақ контрабанда мен кеден ісі саласындағы басқа да құқықбұзушылықтармен күресуінің жетілдіруін, кеден органдарының материалдық-техникалық базасын және кедендік инфрақұрылымының дамыту мәселелері осы дипломдық жұмыстың өзектілігін айқындайды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасы кеден органдарының жүйесін жан жақты қарастыру. Зерттеу жұмысының мақсатына қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылады:

  • Қазақстан Республикасының кеден органдарының жүйесін қарастыру;
  • Кеден органдарының өзге мемлекеттік органдармен, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен және кеден ісі саласындағы басқа да тұлғалармен өзара қарым-қатынасын зерттеу;
  • Кеден органдарындағы қызметті құқықтық реттеу мәселелерін айқындау.

Осыған орай, зерттеу жұмысының объектісі - кеден органдары өз қызметін жүзеге асыру барысында, яғни сыртқы экономикалық қызметінің қатысушылары мен кеден органдары арасындағы қарым-қатынастар.

Кеден тарифі - кеден баждары салынатын тауарлардың жүйелендірілген тізбесі; онда әр тауар (тауарлар тобы) бойынша салынатын кеден баждарының мөлшері көрсетіледі.

Орта ғасырлар кезеңінде Кеден ісінің даму барысы күрделі де қайшылықты болды. Орта ғасырлардың басында баждардың ынсаптылық табуы нақ сол Рим империясында Қытай жібегінің пайда болуына мүмкіндік берді. Осындай ынсапты алымдардың көмегімен 3 - 4 ғасырларда Армения да саудаға қамқорлық жасады. Ал герман халықтарында шіркеу иелері ғибадат мерекелері кезінде сауда жасағанда өлшеуіш аспаптарды пайдаланғаны үшін ақы алуға бұдан әлдеқайда ерте бейімделген болатын. Кейінірек Еуропадағы ірі жер иелері дін қызметшілерін осы міндеттен босатып, тауарларға салынатын баж алымын жинау үшін өз бишікештерін тағайындай бастады.

1 Қазақстан Республикасының кеден құқығының қалыптасуы мен дамуы және дербес құқық сала ретінде кеден құқығының жалпы сипаты

1. 1 Кеден құқығының пайда болуы және даму кезеңдері мен даму жолдары

Құқық мәселелері теориялық қайта қарауды қажет етеді. Заңды егеменді Казақстан қызметінің негізгі қағидаларына жауап беретін жаңа мазмұнмен толыктыру қажет. Пайда бола бастаған қазіргі құқық түсінушілік кұқықтабиғатының, оның мазмұнының, қүрылымының және мемлекеттік және қоғамдық өмірдің басқа да құбылыстарымен байланысының мәселелеріне жауап беруге көмектеседі. Барлық заңдық ұғымдардың дәл анықтамасын беру толықтай қоғамның құқықтық ұйымдарының "құқықтық жүйесі" ретінде, соның ішінде мемлекетте іске асатын және қызмет ететін барлық заңдық құралдарға, институттар мен мекемелерге әсер етеді.

Кеден құқығының пайда болуына Қазақстанның мемлекеттiк қызметiнде кеден саласының бөлiнуi әсер еттi. Кеден саласын монополиялық мемлекеттiк реттеудiң қажеттiлiгi iшкi сыртқы саясаттың құрлымы кеден саясатын анықтау арқылы кеден қызметiнiң арнайы органдарының, кеден iсiнiң құрылу жолдары арқылы кеден жүйесiнiң қалыптасуына алып келдi. Кеден iсi кеден саясатының мақсатқа жету құралы ретiнде, кеден территориясында арнайы әдiс-тәсiлдерi арқылы басқа кеден салаларының элементтерiмен байланыса отырып, мемлекеттiң монополиялық қызметiнiң құралы болып табылады. Кеден құқығының дамуының алғашқы кезеңi оның пәнiнiң тар болмауын және қоғамдық қатынастарды кедендiк реттеуiмен сипатталады. Кодификацияланған актiнiң қабылдануы құқықтық реттеуде кеден құқығының жаңа мазмұнын қалыптастырды. Еуропа кеден құқығының тәжiрибесi көрсеткендей, фискальды функцияның басқа экономикалық бiрiңғай нарықтың шараларымен салыстырғанда, рөлi төмен болуы тиiс [2] .

Кеден саласының құқық қорғау аспектiлерiне заңсыз есiрткi және заңсыз қару айналымдары, халықаралық терроризммен күресу жатады. Қазақстанның халықаралық саяси және экономикалық қатынастарының дамуы, елiмiздiң интеграциялық процесстерге тiкелей қатысуы кеден құқығының рөлi мен маңыздылығын арттырады. Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Ресей Федерациясы Мемлекетаралық кеңесi жанындағы Үкiмет басшылары кеңесiмен 1998 жылғы 24 қарашада “Кеден Одағы мен бiрiңғай экономикалық кеңiстiк құру және оның жүзеге асыру шаралары туралы келiсiм жобасы туралы” шешiм қабылданды. 1999 жылы 26 ақпанда мемлекет басшылары қабылданған Келiсiм (Қазақстан 1999 жылғы 24 маусымда ратификацияланған) Кеден Одағындағы өзара қатынасқа өзгерiс әкелмек болды, сондай-ақ интеграциялық процестердi күшейтiп, ұлттық кеден заңдылықтарының өзгеруiне себептiгiн тигiзбек болды. Қазақстанның кеден құқығының негiзгi ережелерi кеден заңдылықтарының құқықтық институттарына негiзделген. Кеден саласындағы қоғамдық қатынастардың пайда болуы кедендiк құқығы субъектiлерiнiң өзара қатынастарымен тығыз байланысты болады. Кеден құқығы материалдық, ұйымдастырушылық сипатқа ие. Кеден құқығы материалдық және процессуалдық бөлiмге бөлiне отырып, одан жалпы және ерекше бiлiмнiң негiзiн құрайды. Жалпы бөлiмде кеден саласының жалпы мәселелерi, кеден құқығының сипаттамасы, халықаралық кеден құқығы мен iшкi кеден құқығының арақатынасы, кеден қызметiн ұйымдастырудың негiздерi кеден саясаты және кеден iсi қамытылған. Ерекше бөлiмде кеден iсi мемлекеттiк басқарудың құралы ретiнде кеден құқығының институттары, кеден органдарының функциялары, Қазақстан кеден саласының халықаралық құқықтық аспектiлерi қарастырылған. Қазақстанда кеден құқығының пайда болу себептерi мынадан тұрады:

1. Қазақстан Республикасы жеке өз алдына егемендiк мемлекет болуы;

2. Қазақстан Республикасы өз саясатын және экономикасын тәуелсiз жүргiзуi;

3. Қазақстан Республикасы аумағында отандық өндiрiстiң пайда болуы.

Қайта құрудың соңына қарай Кеңес Одағындағы орталық органдардың билігі әлсіреп, керісінше, Одақтас Республикалардың құқықтары күшее түсті. Алдымен Ресей Федерациясы, Украина өздерінің егемендігін жариялады [3] .

Одақты реформалауға жаңа шарттың жобасы жасалып жатты. Осындай жағдайда 1990 жылы 25 қазанда Республиканың Жоғары Кеңесі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі туралы декларация қабылданды. Егемендік декларациясын қабылдау шын мәнінде үлкен тарихи оқиғаға, тәуелсіздікке жету жолындағы соңғы саты болып табылады. Сондықтанда кейінірек Егемендік декларациясы қабылданған 25 қазан Республика күні мерекесі болып бекітілді. 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ның атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.

Қазақ халқының ғасырлар бойы тәуелсіздік жолында жүргізген тынымсыз күрес дегеніне жетті.

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республиканың Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданып, тәуелсіздік салтанатты түрде жарияланды.

Кеңес дәуірінде қазақ елінде болған сүреңсіз жағдайды айтпай кете салмаймыз. Мұның өзі, әсіресе тоталитарлық жүйенің зардабынан болғаны анық. Сол кездегі түрлі саяси науқандар тәжірибесі (тәркілеу, ұжымдасты-

ру, қуғын-сүргін) ұлтымыздың басына қара бұрып үйірілді.

20-30 жылдарындағы қасірет қолдан жасалған халқымыздың 40 пайызынан астамын құртып жіберді. Ал Орталықтан Қазақстанды басқаруға жіберген Голощекин тұсындағы құғын-сүргін кезінде елін сүйген Алаш азаматтарының 60 мыңнан астам қудаланып, 20 мыңнан астамы өлім жазасына кесілді. Осындай қайғы-қасіреттің алдын болжап Қазан төңкерісінен кейін халқының нелер күніне үрейленген Мағжан Жұмабаев былай деп жазғанболатын:

Қалың елім, қалың қара ағашым,

Қайраты мол, айбынды ер Алашым.

Өзі-ақ құлар, сынын берме, сабыр қыл,

Ақымақтар байқамаған шамасын.

Қазақстанның тәуелсіздік алып, егемендікке ие болуы жаңа заңдарды қажет етті. Ұлттық қауіпсіздікке байланысты жаңа құқықтық инфрақұрылымдардың құрылуы жаңа басты бағыттар мен заң шараларының қабылдануына алып келді. Осында басты бағыттардың бірі-

кеден жүйесі.

Үшіншіден, кедендік әкімгерлікті жетілдіру мен кеден қызметі мамандарының осы заманғы талаптарға кәсіби сәйкестігін қамтамасыз ету жөнінде нақтылы, пәрменді және жүйелі шаралар әзірлеу қажет. Біз экономиканың ашықтығы, өңір елдерінің арасындағы кедендік кедергілерді азайту және өңірдегі сыртқы тарифтердің бірыңғай деңгейін белгілеу саясатын жүргізуге тиіспіз. Осы және басқа да мақсаттарға арнап, мемлекет соңғы жылдары өзіміздің кеден жүйесіне едәуір қаржы бөліп келеді. Кеден ісінің дамуының алғашқы кезеңі оның пәнінің тар болуымен және қоғамдық қатынастарды кедендік реттеумен сипатталынады. Кодефикацияланған актінің қолдануы құқықтық реттеуде кеден ісі пәнінің жаңа мазмұнын қалыптастырады. Еуропа кеден ісінің тәжірибесі көрсеткендей, фискальды функциясының басқа экономикалық бірыңғай нарықтық шекараларымен салыстырғанда, рөлі төмен болуы тиіс. Кеден саласының құқықтық қорғау аспектілеріне заңсыз есірткі және заңсыз қару айналымдары, халықаралық терроризммен күресу жатады [4] .

Кітапта Қазақстанның кеден саласының пайда болуының алғышарттар мен оның құрылымдық бөлімдерін кеден саясатымен кеден ісін, Қазақстан құқығының кешендік құқық саласы ретіндегі пайда болу және қалыптастыру жолдарын, оның дамукезеңдерін зерттеу, кеден құқығының құқықытық институттарын кеден ісі нормативтерінің жетілу жолдарын және халықыаралық кеден құқығының жетістіктерін ескере отырып, Республикамыздың кеден саясатының құралдарын, кеден саласындағы мемлекеттік басқаруда болатын мәселелерді шешуді қарастырған.

Еуропа Одағыны немесе ТМД елдерінің кеден заңдарына салыстырмалы талдау жасалған. Кеден саласындағы құқықтық қатынастардағы мәселелерді шешу мен реттеуге деген мемлекет талпынысының пайда болуына және соған арнайы құқықтық нормалардың қабылдануы, кеден құқығының пайда болуына әкелді. Жалпы кеден құқығының дамуының екі кезеңін атап

айтуға болады [5] .

1991 жылғы желтоқсаннан бастап 1995 жылдың шілдесіне дейін (кодификацияланған актінің қабылдануна дейін) 1995 жылдың бүгінгі күнге дейін Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызтан Республикасы және Ресей Федерациясы Мемлекетаралық Кеңесі Жанындағы Үкімет басшылары Кеңесімен 1998 жылғы 24 қарашада «Кеден Одағымен бірыңғай экономикалық кеңестік құру және оны жүзеге асыру шаралары мен келісім жобасы туралы» шешіім қабылданды.

Кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қолданылатын бірыңғай кедендік төлемдер жүйесін құру жолымен іске асырылатын кеден саясаты мемлекетіміз ретінде қарастыра отырып, жалпы мәселелерінің кеден саясатының мақсаттары мен кеден ісінің жөнге қойылуының және кеден саласының маңыздылығын байқауға болады [6] .

Кеден шекарасының жалпы ұзындығы 13 мың шақырым, Өзбекстанмен 2 мың шақырым, Түркістанмен 400 шақырым, Қытаймен 1700 шақырым, Теңіз Республикасымен 1700 шақырым алып жатыр.

Қазақстан 1992 жылдан Бүкіләлемдік кеден ұйына мүше бола отырып, Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болу мәселелерін қарастыруда. Кеден саласында психологиялық, әлеуметтік, физиологиялық және басқа да жағдайларды ескере отырып, таңдап алынған жоғары мамандар еңбек етуге тиіс.

Қоғам мен азаматқа өркениетті түрдегі қызмет ету үшін кеден саласына мемлекет тарапынан оның қажеттіліктеріне қызу көңіл бөлуге тұрарлық.

Қазақстан Республикасның кеден органдары-өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасында кеден саясатын іске асыруға қатысатын және кеден ісін тікелей асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді атқаратын мемеклекеттік органдар.

1. 2 Құқықтық реттеудің пәні мен әдістері. Кеден құқығының жүйесі мен институттары

Іс-шаралардың негізгі нәтижесі ретінде БҰҰ ДБ/БҰҰ ЕБ жобасы кеден органының аймақтың халқымен ынтымақтасу тетігінің жайғастырылғанын есептейді, және, жалпы, кедендік ережелер мен рәсімдер жалпыға қол жетімді болды. Жоба командасының жоспарларында брокерлік компаниялардың тарифтері және басқа да қажетті ақпаратты көрсетумен кедендік ресімдеудің негізгі кезеңдері мен рәсімдері туралы қысқаша кітапшалар әзірлеу бар. Еуропа елдерінің нормативті-қүқықтық зандық жүйелерінің объективті құқыктық заңдылықтарын қарастыра келе, құқық құрылымында әр тұрлі деңгейдегі, соның ішінде көп тұрғылы заңдық реттеуді қамтамасыз ететін екіншілік, кешендік бөлімдерінің қалыптасуын бөліп көрсетеді. Құқық әлеуметтік құбылыс және өзінің жүйесі бар. Құқық жүйесінің бір элементі ретінде негізгі және кешенді болып бөлінетін құкық саласы болып табылады.

Дәстүрлі немесе негізгі сала ретінде Конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, процессуальдық және басқа да салалардың Қазақстандық құқық жүйесінде орын алуы күмән тудырмайды. Дегенмен, объективті шындық қандай да бір қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа салалардың тайда болуының ғылыми негізделуін талап етеді. Егеменді Қазақстанның түзілуінен ішкі және кеден саясаты олардың құрамдас бөлігі болды. Оны іске асыру үшін мемлекеттің басқарушылык қызметі, арнайы өкілетті органдар, заңдық негіз керек [7] .

Кеден саласы Қазақстан үшін мемлекеттік егемендікті және тәуелсіздікті, оның экономикалық қауіпсіздігін, сонымен қатар егеменді мемлекеттің қызметіндегі қайтадан пайда болған ішкі саясат, экономика, қорғаныс және т. б. салаларын қамтамасыз етудін құралы ретінде болды.

Құқық өзіндік жүйесі, кұрылымы бар әлеуметтік құбылыс. Оның бір элементі - құқық салаларына бөлінуі. Олар өз ішінен негізгі және кешендік болып бөлінеді. Қазақстандық құқық салаларының ішінде Конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық басқа да құқык, салаларының орны ешқандай күдік туғызбайды. Жаңа құқық салаларының пайда болуы қоғам қажеттілігінен туындайды. Қазақстанның егемендік алуы ішкі және сыртқы саясатына жаңа мазмұн берді. Оның бірі - арнайы өкілді органдары бар белгілі бір заңдылық негізі бар кеден саясаты.

Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін, экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құралы ретінде кеден саласы пайда болды.

Алғашқы пайда болған кеден заңдылығының кедендік реттеуде мүлт кеткен жерлері де болды. Кеден саласына қатысты негізгі заңның қабылдануына дейін кедендік реттеудің өзін оңы ғылыми зерттеу жағдайында осы саланың бір институты ретінде қарастыруға болады. Сондай-ақ әкімшілік пәні менен әдістері кеден саласының кейбір мәселелерін қамтыған.

Жеке мемлекеттің құрылу кезінде кеден саласына қатысты бірнеше нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Негізінен кедендік тарифтік реттеуді қамтитын 1991 ж. 24 желтоқсандағы "Кеден тарифтері мен баждары туралы" ҚР-ң Заңы, Үкіметтік шешімдерімен, әкімшілік құкық бұзушылық туралы Кодекстің нормаларымен сәйкес келетін 1991 ж. 12 желтоқсандағы "ҚР-ң кеден комитетін құру туралы" Президент жарлығын айтуға болады.

Келесі кеден саласындағы маңызды қадам - "ҚР кеден ісі туралы" 1995 ж. 20 шілдедегі Заң күші бар Президент Жарлығы (бұдан кейін - "Кеден ісі туралы" Жарлық) - 1999 ж. 1 б шілдедегі Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Заңы (бұдан кейін - "Кеден ісі туралы" Заң) [8] .

Кедендік реттеу, бүгінгі тұсінігімізше, кеден құқық институттарының жиынтығы, "кедендік әкімшілік ету" ұғымын білдіреді.

Осылайша Қазақстандық кеден заңдылығы құрылымы бойынша әр түрлілік сипатқа ие болып, халықаралык кеден кұқығы нормаларына, конституциялық, әкімшілік қылмыс, қаржы, салық, қылмыс-процессуалдық құқық салаларына сүйенеді.

Кеден заңдылғына кіретін Үкіметтің, Кеден комитетінің, ҚР Ұлттық Банкінің нормативтік кұқықтық актілері қабылдануда. Кеден мөселелері бойынша ғылыми зерттеулер пайда бола бастады. Кейбір әкімшілік құқық мәселелерін қарастыратын ғалымдар: жаңа институттардың құрылу үрдісінде, мәселен қаржы, банк, кеден, салық, муниципалды және т. б. құқық салалары сияқты әкімшілік құқықтың нормалары басқару әдістемелік орталығы ролін атқарып, олардың нығаюына көмектесіп, кешендік институттар мен жеке құқык салаларына бөлінуін қолдауда деп атап керсетеді.

Кеден құқығының кешендік болуы Қазақстанның құкық саласын жаңа материалмен толыктыратын, ерекшелігі бар дербес сала ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан құқығының жаңа, кешенді салаларының пайда болуын қоғамдық және мемлекеттік өмірдің әр түрлі жүйелерінің қажетті деңгейде дамуымен байланыстыруға болады.

Ю. К. Толстой негізгі және кешенді құқық салалары арасындағы төмендегі айырмашылықтарды ажыратады:

1) Әр құқық саласы пәннің біртүтастығына ие, Кешендік салада пән біртүтас емес, сондықтан ол әр түрлі болып келеді.

2) Негізгі құкық саласының қүрамына басқа құқык, саласының нормалары кірмейді. Керісінше, кешендік құқық салаларының нормалары негізгі құқық салаларынан алынатын нормалардан тұрады.

3) Құқықтық реттеудің өзіндік жеке әдістемесі болмай жеке негізгі құқықтық сала бола алмайды. Ал кешендік құқық салалары құқықтың басқа салаларының әдістемелерін пайдаланады.

4) Негізгі құқық салаларының бүгінгі күнгі қалыптасқан құқық жүйесінде белгілі бір объективті орны бар болса, кешендік құқық салалары құқық нормаларын жүйелендірудің нәтижесі болып табылады, және құқық жүйесінде ешқандай орын алмайды. [9]

Құқықтық реттеудің пәні мен әдістемесінің болу шарты тек кешендік құқық саласы ғана емес, негізгі құқық салаларының басты аргументі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының кеден органдары
Құқық қорғау органдары туралы
Арнайы кедендік статистика
Орталық Кедендік орган
Кедендiк транспорт түрлерiн бақылау ерекшелiктерi
Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Кеден бақылауы органдарының рөлі. Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
ҚР әділет органдарының қызметі: құрылымы, маңызы, мақсаттары мен міндеттері
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеуін бақылау
Аткарушы билік органдарының түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz