Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық негіздері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

2051 Қазақстан Республикасының сот жүйесі

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

1 Қазақстан Республикасының Территориясындағы Сот жүйесінің даму тарихы . . . 9

  1. 1 Ежелгі замандағы дәстүрлі құқық және сот билігі . . . 9

1. 2 Ресей құрамындағы билер соты . . . 11

1. 3 Қазақ ССР-індегі Сот билігі . . . 11

1. 4 Тәуелсіз Қазақстандағы сот реформасы . . . 12

2 Сот билігі - мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде . . . 19

2. 1 Сот билігі: ұғымы, мәні, билік бөлісу жүйесіндегі орны . . . 19

2. 2 Қазақстанда сот билігін жүзеге асырушы - соттар, оның жүйесі . . . 22

2. 3 Қазақстан Республикасының сот билігін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың құқықтық негіздерін жетілдіру . . . 32

3 Қазақстан Республикасы сот билігінің конституциялық кепілдіктерді қамтамсыз етуі және судьяның құзыреті . . . 41

3. 1 Судья ұғымы: қалыптасуы мен даму кезеңдері және қазіргі жағдайы . . . 41

3. 2 Судьялардың құқықтық жағдайы . . . 44

3. 3 Сот төрелігін Конституциялық принциптері мен өзге де қызметтері . . . 47

3. 4 Сот жүйесінің даму мәселелері. Алқабилер институты . . . 50

Қорытынды . . . . . . …… . . . 57

Пайдаланылған дерек көздер тізімі . . . … . . . 61

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялағаны белгілі. Республикада мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.

Осы Конституциялық тұжырымға орай мемлекеттік биліктің барлық институттарының үйлесімді істеуі ерекше маңызға ие болады, себебі билік тармақтарының келісе, түсінісе атқарған іс-қимылы ғана мемлекетің, қоғамның, адам мен азаматтың өзара қарым-қатынасында пәтуаластыққа, баянды ынтымақтастыққа қол жеткізеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арналған жолдауында: - «Алайда біздің бүгін қоғамымыздағы саяси реформаның қарқыны экономикалық өзгерістеріміздің ауқымынан біршама кейіндеп қалғанын мойындауымыз керек»- деп көрсете келе, мемлекетіміздің саяси жүйесін демократияландырудың бірнеше негізгі бағыттарының ішінде бірінші кезекте сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту, құқықтық реформа жүргізу мәселелерін айтады [1] .

Сондықтан да Қазақстан мемлекеттігінің қазіргі қалыптасуы, дамуы және жетілуі жағдайында, ең алдымен, мемлекеттік биліктің барлық тетіктерінің жан-жақты жұмыс істеуіне қол жеткізетін аса маңызды құрал ретінде сот билігі тармағының рөлі мен маңызын жаңа сапада зерттеу қажеттігі туып отыр, бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының Негізгі заңының 1-бабында жарияланған конституциялық негіздеменің «лайықты жүзеге асуын қамтамасыз ететін қажетті фактор да болуға тиіс» [2] .

Демек, тәуелсіздікке қол жеткізген егеменді Қазақстандағы сот құрылысы, сотта іс жүргізу, сондай-ақ судья ісіндегі кәсіпқойлықты, тәуелсіздікті дамыту мәселелерін кешенді зерттеудің ғылыми-құқықтық және теориялық-тәжірибелік тұрғыдағы өзектілігі мен маңыздылығына баса көңіл бөлу керек, бұл жерде қазір қолданылып жүрген Конституцияда көрініс тапқан идеялар, қағидалар мен ережелер және болашақтағы болжамды істер мен жаңа ағымдар, соның ішінде қоғамның дамуы мен мемлекетті басқарудың логикалық, ғылыми-теориялық негіздерімен және парасат-пайымды қажеттіліктерімен тікелей байланысты қоғамдық қатынастарды құқықтық жолмен реттеуді жақсартуға бағытталған заңдылықтарды жетілдіру саласындағы жаңа бағыттар ескеріліп, негізге алынуға тиіс.

Дипломдық жұмыстың басты мақсаттары мен міндеттері:

- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бір саласы сот тармағының жүйесі мен қызметін жетілдірудің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін зерделеу;

- мемлекеттік билік мақсаты болып табылатын адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін мейлінше толық түрде жүзеге асыратын құрылымдар ретіндегі сот органдарының мәні мен олардың іс-тәжірибесін зерттеу;

- дипломдық жұмыста зерттеліп отырған мәселелер негізінде сот билігі конституциялық-құқықтық жағынан жан-жақты дамып және сол арқылы биліктің бөліну принципінің тиімділігін қамтамасыз етіп отырған демократиялық құқықтық мемлекетте аталған биліктің жұмыс істеуінің оң тәжірибесін зерттеу;

- Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесін кешенді түрде жан-жақты зерттеп талдау, судьяның құқықтық жүйедегі орнын айқындау;

- Сот жүйесінің даму мәселелері мен алқабилер институтын айқындау.

Жоғарыда аталған мәселелерді зерттеудің басты мақсатын айқындай келіп, бұл мәселелерді теориялық-құқықтық тұрғыда жүзеге асырудың негізгі міндеттері мыналар:

- сот жүйесі органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық-құқықтық негіздеріне талдау жасау және оларды құқықтық мемлекет пен демократиялық азаматтық қоғамды қалыптастыру міндеттерін ескере отырып, жан-жақты дамыту;

- сот құрылысы, сотта іс жүргізу жүзеге асыру жөніндегі қолданылып жүрген заңдардың теориялық-құқықтық идеяларын, қағидалары мен ережелерін онан әрі дамыту;

- Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесіндегі судья мәртебесінің ерекшелігін анықтау;

- мемлекеттік биліктің заң және сот билігі тармақтарының арасындағы өзара қарым-қатынастарды сапалық жағынан жаңа деңгейде үйлестіру;

- мемлекеттік биліктің сот және атқарушы тармақтарының арасындағы өзара қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін зерттеп, айқындау.

Зерттеудің объектісі мен пәні. Тәуелсіз егеменді Қазақстан Республикасындағы сот құрылысын, сотта іс жүргізуді, сот төрелігін жүзеге асыру принциптерін дамытудың өзекті мәселелері зерттеу жұмысының объектісі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы сот реформасының жай-күйін нақты іске айналдырудың конституциялық-құқықтық негіздері, сол сияқты 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясының идеялары, қағидалары мен ережелері, барлық мемлекеттік билік құрылымдарының қарым-қатынасының сапалық жағынан жаңа жағдайлары, нысандары мен әдістерінің болжамды болашақтары зерттеу жұмысының пәні қызметін атқарады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың сот механизмі, оның ерекшеліктері белгіленіп отыр.

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері. Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 12 ақпандағы жарлығымен бекітілген «Сот-құқықтық реформасы Мемлекеттік бағдарламасы», осы бағдарламаның екінші кезеңін орындау барысында өткізіліп жатқан шаралар, сол сияқты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың сот-құқықтық реформаны жүзеге асыру жолдарын көрсеткен еңбектері; әсіресе сот құрылысына, сотта іс жүргізуге, сот төрелігін жүзеге асыру принциптеріне айрықша көңіл бөле отырып, мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлу принципінің теориясы мен тәжірибелеріне арналған ғалым-заңгерлердің еңбектері зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздерін құрайды.

Осы жұмысты жазу кезінде көптеген арнаулы ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, мемлекет пен құқық теориясы мен тәжірибелеріне, Қазақстан Республикасының конституциялық құқығына, шетелдік мемлекеттердің конституциялық құқығына арналған әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдарының мағлұматтары пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Мемлекеттік биліктің үш тармаққа бөлінуінің теориясы мен тәжірибесін жетілдірудің өзекті мәселелерін ескере отырып, зерттеудің қорытындылары заң ғылымының бірқатар салаларын одан әрі дамытуға, жаңа әдістемелік оқу құралдарын дайындауға, заңгерлерді даярлауға, сол сияқты Қазақстан Республикасында жалпы құқықтық білім беру жұмыстарын ұйымдастыруға оң әсер етеді, тиісінше қолданысқа ие болады.

Дипломдық жұмыстың құрылым. Еңбек кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған дерек көздер тізімінен тұрады.

1 Қазақстан Республикасының Территориясындағы Сот жүйесінің даму тарихы

  1. 1 Ежелгі замандағы дәстүрлі құқық және сот билігі

Жыл санауымызға дейінгі 6-5 ғасырдан бастап Алтай тауынан Қара теңізге дейінгі аралықтағы байтақ өлкеде мемлекет құрған Сақ, Ғұн, Үйсін, Түргеш, Қарлұқ, Қарахан, Алтын Орда, Дешті Қыпшақ конфедерациясында хандық құрған Қазақ елінің өзінің қоғамдық құрылысына, әдеп-ғұрпына лайықты заңы соған бейімделген сот билігі, билеғр ережесі /кодексі/ болған.

Үш мың жылдық мәдениеті мен тарихы бар. Қытай мемлекетінің бұдан 2200 жыл бұрын жазылған «Ханнама» деген құжаттық жылнамасында қазақ сотының ереже үлгілеріне қатысты мынадай деректер бар: «Сақ, Үйсін елдерінде күннің құны бір түйе немесе 11-12 кез мата, құлдың құны бір атан немесе бір ат болады екен. Осы елдің заңына бағып алған баланы құл етіп сатып жіберуге, кепілге қоюға болмайды. Әрі оны ауыстыратын құн емес, сүтақы деп аталады», -делінген. Сонымен қатар: «Ғұндар мен Үйсіндер ағасы өлсе оның әйелін інісі, інісі өлсе жесіріне ағасы әмеңгерлік ететін заңдары бар. Бұл олардың тұқым-жұрағатының құрып жоғалуының алдын алуды, сондай-ақ, рулық түзімді қорғауды көздеген әлеуметтік заң, жарғы еді. Оларда табиғатқа табынған, жазбаша іс-қағаздарға бой ұрмаған бейресми заңдары бартын. Мәселен қылмыс түріне қарай өлімге үкім ету, айыбы үшін мал-мүлкін алу, тәнін кесу сияқты жазалары бар еді»-деп жазылған. Бұл заң жарғылары жыл санауымыздағы 18-19 ғасырдағы билер ережесінен өзінің жалғасын тапқан. [3]

Біздің жыл санауымыздағы 500 жылдары тарих сахнасына Ғұндар мен Үйсіндердің тікелей ұрпақтары ретінде шыққан Түріктер бұрыннан келе жатқан билер ережесін, заң, жарғыларды одан сайын нығайтты. Бұған Евразия тарихының атасы Лев Гумилевтың «Көне Түріктер» деген еңбегінде аталған заң ережелері дәлел. Бұлар да 18 ғасырда жасалған «Жеті Жарғы» заңдар ережесінен сол қалпында орын алған. Түркі тектес халықтарға ортақ «Оғызнама», «Китабу дәдәм Коркут» деген тарихи әфсаналарда 9-10 ғасырларда ғұмыр кешкен Қорқыт Қарақожа ұлының салттық жарғылары да сақталып, бізге жеткен. Ол қазіргі Қазақ жеріндегі Жетісу, Ұлытау, Ертіс өңірлерінде хандық құрған инал, Көлеркен, Қаңлықожа деген үш ханға бас уәзір болған ірі қоғам қайраткері. Қорқыттан қалған заң жарғылардың бізге жеткен мазмұны: «атамекенді жер ұйық деп білу, оны жаудан қорғау, жер-суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау-жанжалды ақылмен шешу, кінәліні жазасыз қалдырмау» туралы үзінділер.

Түркілерден кейін қазақ жеріндегі бірнеше ұсақ хандықтарға бөлінген ұлыстардың басын біріктіріп, үлкен империя ұрағн Шыңғысханның қоғамдық дәуірінде көшпелі қоғамға тән әдет-ғұрыптық заңдар одан сайын кемелдене түсті. Шыңғысханға бас уәзір болған Майқы би қазақтың Үйсін тайпасынан сайланған еді. Сегіз ғасырдан бері сақталып келе жатқан «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген аталы сқзге қазақ халқы мұрагер болып отыр.

«Монғолдың құпия шежіресі» мен әйгілі тарихшы Рашид-Ад-Диннің «Жамиғат-ат-тауарих» деген құнды еңбегінде Майқы би қалдырған мемлекеттік құқық зыңының жеті түрлі ережесі көрсетілген. Олардың қысқаша мазмұны: 1) Адам құны туралы; 2) Жесірлер мен неке туралы; 3) Жер иелігі мен бөлісі туралы; 4) Ұрлық туралы; 5) Барымта туралы; 6) Дау-шарлар туралы; 7) Мал құны туралы заң жарғыларына сипаттама берілген. Осыған лайықты сот билігі болған.

1456 жылы жеке хандық ретінде мемлекет болып құрылғаннан кейінгі Қазақ елінің тарихында және заң жарғылары мен билер ережесінде «Қасым ханның қасқа жолы» деген жарғының алар орны ерекше. Қасым хан мемлекеттің ішкі-сыртқы саяси жағдайын, халық бұқарасымен билер сотының іс жүргізу байыбын жете қарап, ежелден келе жатқан әдет-ғұрып, ереже тәртіпке маңызды өзгерістер енгізді мұндағы басты-басты заң ережесінің бес қағидасы:

  1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері) ;
  2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза) ;
  3. Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат) ;
  4. Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік)
  5. Жұртшылық заңы (мүлік тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бөкеуіл, тұтқауылдардың міндеті) .

Бес түзілімнен тұратын осы жарғыны қазіргі Қазақстан Республикасының сот құрылысындағы іс жүргізу инстацияларының атқарып отырған заң жүйесімен салыстыра қараса, бір-бірінен алшақ кетпейді. Бұдан кейін «Есім ханның ескі жолы» деген атаумен тарихта қалған заң ережесі өмірге келді. (1600-1650 жылдар) . Мұндағы Қасым ханның «Қасқа жолына» қосылған жаңа заң ережесі.

«хан болсын, ханға лайық заң болсын,

Би болсын, би түсетін үй болсын

Абыз болсын, абыз сайлау парыз болсын [4, 71б]

Батыр болысн, жарық жолы мақұл болсын»- деген саяси-әлеуметтік, әскери және сот істеріне қатысты төрт салаға бөлінген. 17 ғасырдың соңында Әз Тәуке хан үш жүздің ұлы билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бимен кеңесе отырып, билер сотының тәжірибесі, кесімді биліктер, шежірелік мәні бар. Шешендік сөздер үлгісін жинақтап бекітті. Әрбір руға билік жүргізген билер мен батырлардың саяси рөлін, іргелі елдермен дипломатиялық және сауда қатынасын нығайтуға арналған заңдар мен жазба актілер қосылды. Бұл заң ережелері тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енді.

1. 2 Ресей құрамындағы билер соты

Қазақ елі Ресей империясына қараған 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың басында билер сотымен қоса Ресей мемлекетінің заңдары да біртұтас қолданылды. Патшалық Ресей қазақ қоғамындағы осы дәстүрлі заңдарды өз мүддесіне пайдалануға тырысты, қазақтың жерін отарлау саясатымен бағындыра бастады. 1786 жылдың 23 желтоқсаны күні екінші Екатерина қырғыз (қазақ) даласында шекаралық сот құруға жарлық берді. Сол кездегі Орынбор генерал-губернаторы А. О. Игельстромның жасаған жобасы бойынша қазақтың тайпалық одағындағы әрбір ру басшылары жергілікті ру сотының төрағасы болып бекіді. Төрағаның хатшылық молда атқарса, алты қазақ старшыны кеңесші, екі орыс, екі татар халқынан төрт адам бақылаушы болып тағайындалған.

Қазақ даласын басқару жөніндегі Сперанскидің 1822 жылы 22 маусымда жарық көрген «Выписка из устава о сибирских киргизах» деген жарлығының бес тарауы қазақ даласын басқарудағы сот жүйесіне арналған. 1867 жылы 11 шілдедегі «Выписка из проекта положения об управлении Семиречинской и Сырдарьинской областей» деген мемлекеттік құжаттың «Устроства суда» деген тарауындағы сот істерін қарайтын ереже баптарында «Қазақ халық сотының» атқаратын міндеттері көрсетілген. Мәселен Жетісу, Сырдария облыстарына арналып жасалған сот істеріне қатысты ережедегі қылмыстық іс қарау бөлігі мен халық сотының атқаратын міндеті- билерді сайлау мен билердің дәстүрлі әдеп-ғұрыптарға сай сот істерін жүргізу тәртібін бекіткен 1868 жылы 21 қазанда жарық көрген «Выписка из временного положения об управлении Уральской, Тургайской, Акмолинской, Семипалатинской областях» деген Ресей жарлығында қазіргі батыс, орталық, солтүстік, шығыс Қазақстан облыстарындағы құрылымдары жүйеленді. 1884 жылы 18 тамызда Омбы қаласында дала генерал-губернаторы, генерал-лейтенант Колпаковскидің бекітуімен жарияланған «Правила для руководства чрезвучайных периодических сьездаз для разбора взаимных притензии киргиз Семипалатинской и Семиреченской областей по делам, подлежащих ведению этих сьездов» деген ережеде аталған екі облыстың арасында өрбіген қылмыстық, азаматтық істер жөніндегі дауларды дәстүрлі құқық заңдары мен империя атынан шыққан заң нормаларына сәйкес шешіп отырған.

Бұл ереже үлгілеріне 1865 жылы мамыр айында Семейде өткен халық сотының сьезі, 1869 жылы 16-19 тамыздағы Верный мен Тоқмақ уезі арасында өткен төтенше сьезде 1885 жылы мамырдағы «Қармола ережесі» 1887 жылы 23 тамызда Қапалда өткен «Абакум» төтенше сьезінің қаулылары дәлел [5, 26б] .

1. 3 Қазақ ССР-індегі Сот билігі

Пролеториат диктатурасы орнаған 1917 жылдың 24 қарашасында Халық комиссарлар кеңесі Ресейдің сот жүйесін реформалаған «Сот туралы декреті» шықты. Бұл жарлық буржуазиялық-капиталистік қоғамға тән барлық сот құрылыстарын, соның ішінде қазақтың билер сотын да жойды. Алайда билер сотының өз дәрежесінде іс жүргізетін бірден бір сот инстанциясы екенін дәлелдеген белгілі мемлекет, қоғам қайраткері заңгерлер: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Барлыбек Сыртанов, Ахмет Бірімжановтың қазақ еліне тән құқықтық жүйе, сот құрылымы туралы ұсыныстары мемлекет тарапынан еленбеді. 1919 жылдың 10 шілдесі күні жаңа үкіметтің «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декреті шықты. 1993 жылдың 11 сәуірі күні БОАК-тың қаулысымен РСФСР құрамында қырғыз (қазақ) бөлімінің Жоғарғы соты құрылды. БОАК-ың төрағасы М. Калинин, хатшысы Т. Сафронов қол қойған «РСФСР Жоғарғы соты қырғыз бөлімінің ережесі туралы» 268 тарихи құжаты шықты.

Бұл құжаттағы ережелер кеңестік дәуірдегі Қазақ сотының негізгі құрылымы ретінде 1936 жылға дейін маңызды роль атқарды. 1937 жылы 26 наурызда қабылданған «кеңестік социалистік Қазақстанның жаңа Конститутциясында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. 1959 жылы Қазақ СССР-інің Жоғарғы кеңесі «Сот құрылымы туралы» жаңа заң шығарып, Қазақ ССР-інің Жоғарғы соты жанынан Пленум құрылды. Осы уақытқа дейін бұл құзырлы міндетті РСФСР Жоғарғы соты атқарып келген болатын. Пленум республика аймағында сот істеріне бақылау жасайтын ең жоғарғы инстанция болды [6] .

1. 4 Тәуелсіз Қазақстандағы сот реформасы

Егемен Қазақстандағы сот билігінің тәуелсіздігін жетілдірудің жолдарын іздестіруде он жылдай уақыт өтті. Бұл уақыт тек қана сот билігін ғана емес, жалпы, еліміздің тәуелсіздігін бекітудің, мемлекеттік билікті нығайтудың заңдастырылған жолдарын іздестіру жылдары болып тарихқа енді. Бұл мезгілді шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады:

Бірінші кезең Республиканың тәуелсіздік алуына байланысты. Бұл жылдар мемлекет билігін, оынң ішінде сот билігін партия және басқа да ұйымдардың ықпалынан шығаруға бағытталған құқықтық реформалардың концепциясы жасала бастады. 1993 жылы қабылданған республика Конститутциясында сот билігі Конститутциялық сотқа және Жоғары төрелік сотқа, сондай-ақ заң бойынша құрылатын төменгі соттарға тиесілі екені көрсетілген, сот билігінің өзге мемлекеттік биліктердің қатарында екендігіне кепілдік берілді. Аталған Конститутция судьялардың сайлануы мерзімін он жылға дейін ұзартты.

Бұл кездері Жоғарғы сот және облыстық соттардың судьяларын Қазақстан республикасының Жоғарғы кеңесі, ал аудандық (қалалық) соттардың судьяларын облыстық кеңестер сайлайтын.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 12 ақпандағы қаулысымен бекітілген «Қазақстан республикасындағы құқықтық реформаны мемлекеттік бағдарламасын еліміздегі сот құрылымын реформалаудың жаңа бағыттарын анықтап, соттар туралы және судьялардың мәртебесі жөнінде жаңа заң қабылдануына алғашқы қадам жасалды;

Екінші кезең 1995 жылғы 30 тамызда референдумда қабылданған мемлекеттің аңа Конститутциясының дүниеге келуінен басталды. Жаңа Конститутция бойынша сот құрылымына тек республика Жоғарғы соты және жергілікті соттар жататындығы белгіленіп, бұл соттар тұрақты судьялардан тұратын болды. Сөйтіп бұрынғы Конститутциялық сот және Жоғарғы төрелік сот таратылды. Судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алғаш рет олардың сайлануының және тағайындалуының тәртібі бекітілді.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының төрағасын, алқа төрағалараны және судьяларын Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесіне негізделген республика президентінің ұсынысымен Сенат сайласа, ал облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын, алқа төрағаларын және судьяларын Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесі бойынша республика президенті тағайындайтын болды.

Республиканың аудандық (қалалық) соттарының төрағалары мен судьяларын әділет біліктілік алқасының кепілдемесі негізінде Әділет министрінің ұсынуы бойынша республика Президенті тағайындау тәртібі бекітілді;

Үшінші кезең 2000 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен байланысты. Жарлықпен республикадағы соттар қызметін материалдық- техникалық және өзгедей қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет құрылып, сот билігі атқарушы биліктің ықпалынан толығымен шығарылды.

Бұл Жарлық жалпы қоғам және соттар үшін үлкен прогрессивтік және тарихи маңызы бар, сот тәуелсіздігі туралы көптен айтылып келе жатқан проблеманы шешкен айтулы құжат болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қaзaқcтaн Рecпубликacындa coт билiгiнiң кoнcтитуциялық нeгiздeрi
Сот түсінігінің теориялық негіздері жайлы
Қазақстанның сот билігінің өзекті мәселелерін анықтау
Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің ұйымдық - құқықтық қағидалары жəне оларды жүзеге асырудағы мəселелері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ БИЛІГІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Сот билігінің конституциялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі
Қазақстанның сот жүйесінің құрылу тәртібі мен мәселелерін анықтау
Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz