ҚР әділет органдарының қызметі: құрылымы, маңызы, мақсаттары мен міндеттері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

2041 ҚР әділет органдарының қызметі: құрылымы, маңызы, мақсаттары мен міндеттері

Мазмұны

Кіріспе

1 Құқыққорғау органдарындағы әділет органдары

1. 1 Құқыққорғау органдарындарының жалпы сипаттамасы

1. 2 Құқыққорғау органдарындары жүйесіндегі әділет органы

2 Қазақстан Республикасының әділет органдарының қызметі: құрылымы, маңызы, мақсаттары мен міндеттері

2. 1 Қазақстан Республикасындағы әділет органдарының құрылу тарихы

2. 2 ҚР әділет органының жүйесі: ҚР нотариаты, ҚР АХАЖ (АХАТ) азаматтардың хал актілерін тіркеу, ҚР Адвокатурасы

3 Қазақстан Республикасындағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама

Қорытынды

Пайдаланған дерек көздер тізімі

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан қазіргі таңдағы тарихи дамуында қиын қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, дүниежүзілік қоғамдастықпен танылған егеменді ел атанды. 1995 ж. 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда бірауыздан қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген жаңа азаматтық қоғам және президенттік басқару нысанымен демократиялық және құқықтық мемлекет пайда болды, саяси бостандықтар бекітілді. Экономиканы реформалау жүзеге асырыла бастады - сан алуан меншік түрлері негізделді, нарықтық қатынастар қалыптасты, заңдылық - халықаралық құқыққа сәйкестендірілген нормативтік құқықтық база жетілдірілді. Бір сөзбен айтқанда, тек қана хронология бойынша емес, сонымен қатар мазмұны бойынша да емес қазақ халқының, Қазақстан Республикасының тарихындағы жаңа кезеңдер басталды.

Қазақстан Республикасының Конституциясында біздің ел өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары деп бекітеді. Конституция бойынша Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі болып табылады. Халық мемлекеттік билікті тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады. Заңдардың жобалары мен мемлекет өмірінің басқа да маңызды мәселелерін талқылауға қатысады. Сондай-ақ, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелері бойынша заңдар мен шешімдер қабылдау үшін де халық республикалық референдумға қатысады. Біздің еліміздің негізгі Заңын, яғни ҚР Конституциясын сақтау ҚР Әділет органдарына жүктелген.

«Әділет» сөзі латын сөзінен аударғанда «әділет, әділдік» - барлық сот кеңселерінің жиынтығын, әділ шешім орнату бойынша барлық іс-әрекеттерді, сонымен қатар сот ведомстволарын білдіретін термин. Әділет органдарының басты міндеті - әділеттілікті орнату, құқықтық мемлекет құру, мемлекеттік қызметтерді атқару бойынша іс-әрекет.

Зерттеу объектісі мен пәні - Қазақстан Республикасының әділет органдарының қызметі: құрылымы, маңызы, мақсаттары мен міндеттері болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік механизміндегі әділет органдарының ролін көрсету. Қоғамда болып жатқан өзгерістер құқыққорғау органдарының жүйесіне де өз әсерін тигізді. Құқыққорғау органдарының барлық жүйесі реформалануда. Әділет органдары да нақты реформаларға тап болды.

Осы дипломдық жұмыста әділет органдарының Құқыққорғау органдары жүйесіндегі ролін көрсеткім келді, Қазақстан Республикасының әділет органдарының қызметі: құрылымын, маңызын, мақсаттары мен міндеттерін ашып, Әділет органдарына қабылданатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы ақпараттық анықтама жөнінде айтқым келді.

Дипломдық жұмыстың міндеті. Жоғарыда келтірілгендерден шыға отырып, келесі сұрақтарға жауап беруге тырысамын:

1. Құқыққорғау органдарына жалпы сипаттама беру.

2. Құқыққорғау органдары жүйесіндегі әділет органының ролін анықтау.

3. ҚР әділет органдарының құрылу тарихын қайта қарастыру.

5. Әділет органдарының құқықтары мен міндеттері.

Қазақстан Республикасының құқыққорғау органдарының жүйесіндегі маңызды роль әділет органдарына тиесілі. Басқа құқыққорғау органдарынан ерекшелігі әділет органдары қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды ашуда және тергеуде, не істерді сотта қарағанда қатыспайды. Бірақ та, әділет органдары, бұл құқықтарды қорғау бойынша мемлекеттік шаралардан тыс тұрады дегенді білдірмейді.

Әділет органдары мемлекет пен қоғам өмірінде өте маңызды роль атқарады. Өтпелі кезеңдегі қоғам мен мемлекеттің жаңа құрылысында әділет органдарына маңызды талаптар қойылады. Әділет органдарының қызметтерін дұрыс ұйымдастыру демократиялық және құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам қалыптастыру процесіне мәнді әсер тигізуі мүмкін.

Әділет органдары қызметі саласында басымдылығы болып адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін, қазақстандық қоғам мен мемлекеттілікті тұрақты дамытатын, ұлттық заңдылықтардың жаңа ұрпақтарын қалыптастыру табылады.

Зерттеудің әдістері қоғамдық ғылымдарға ортақ жалпы және арнайы танымдық әдістер жүйесі: диалектикалық, функционалды талдау, жүйелеу, синтездеу және т. б. әдістер басшылыққа алынды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Осы дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, тараулардың бөлімшелерінен, қорытындыдан және пайдаланған дерек көздер тізімінен тұрады.

Дипломдық жұмыстың нормативтік негізін 1995 ж. Конституция, 2002 ж. 18 наурыздағы «Әділет органдары туралы» ҚР Заңы және ҚР басқа да заңдық актілері, ҚР ратификацияланған халықаралық актілері мен шарттары құрайды.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы Қазақстандағы заң жоғары оқу орындарындағы юриспруденция мамандығы бойынша мамандарды дайындауды қамтамасыз ететін оқу пәні ретінде, дәрістер жүргізуде, семинар сабақтарын өткізуде қолданылуға ұсынылады.

1 Құқыққорғау органдарындағы әділет органдары

1. 1 Құқыққорғау органдарындарының жалпы сипаттамасы

Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалыпты дамуы, экономиканың, мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.

Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгілейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптарын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.

Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау - бақылау және қадағалау қызметі деп аталады.

Құқық қорғау қызметін құқық қатынастары субъектілерінің санасы мен мінез-құлқына заң жүзінде ықпал ету шараларының көмегімен құқықтық нормаларды сақтау және дұрыс қолдану жағдайларын қамтамасых ету жөнінде заңға және белгіленген рәсімге сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық-пайдалы қызмет деп сипаттауға болады.

Құқық қорғау қызметіне тән белгілер:

- құқық қорғау міндетінің болуы;

- құқық қатынастарының субъектілеріне ықпал етудің арнаулы заңдық шараларын қолдану;

- заңмен қатаң түрде регламенттеу;

- белгіленген рәсім - іс жүргізу тәртібі болып табылады.

Құқық қорғау қызметінің мақсаты - құқық пен міндетті қорғау - олардың қолдану пәрменділігін қамтамасыз ету, нормаларды сақтау және олардың сақталмағаны үшін жауапкершілік шараларын қолдану.

Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.

Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады.

Құқық қорғау қызметi туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңының 3-бабына сәйкес Құқық қорғау органдарына өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының прокуратура, iшкi iстер, қаржы полициясы органдары, қылмыстық-атқару жүйесi, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет, кеден органдары жатады.

Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.

Полиция органдарының қызметі. Ішкі істер органдары қоғамдық тәртіп сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамның және азаматтың

Полиция - Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан Полиция министрлігі жүйесінде толып жатқан полициялық органдар құрылған. Олар: 1) қылмысты істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады; 2) патруль полициясы - көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды; 3) жол полициясы - жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды; 4) әкімшілік полициясы, оның міндеті - әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу; 5) полицияның арнайы отрядтары - күзетілген маңызды объектілерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған және т. б.

Заң бойынша - полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы өтініштерді, хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге; қару сатып алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат беруге; кәмелетке толмағандардың панасыздығы мен құқық бұзуларын анықтауға; шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуы кезінде ережелерді сақтауға бақылауды жүзеге асыруға және т. б. міндетті.

Заң полицияға: құқық бұзулар жасағаны жөнінде сезікті азаматтардың құжаттарын тексеруге; әкімшілік құқық бұзулар туралы хаттамалар жасауға; заңда көрсетілген жағдайларда азаматтарды ұстауға және қамауға алуға; бас бостандықтарынан айыру орындарынан босаған адамдар тұрғысында бақылауды жүзеге асыруға; қылмыс жасаған адамдардың ізіне түсу кезінде азаматтардың тұрғын үйлерінде ұйымдар орналасқан бөлмелерге кіруге, оларды тексеруге және т. б. құқық береді.

Қазақстанның полициясы басқа еларалық келісімдер негізінде басқа елдердің полициясымен өзара әрекеттестікте жұмыс істейді. Қазақстан өз аумағында қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге, ұстауға және ҚР-на беруге көмектесетін халықаралық полиция ұйымының - Интерполдың мүшесі болып табылады.

Полиция министрлігінің полициялық органдарынан басқа Қаржы полициясы агенттігінің жүйесінде қаржы полициясы, ал қарулы күштерде - әскери полиция жұмыс істейді.

2001 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Салық полициясы академиясы» мемлекеттік мекемесінің атауы «Қаржы полициясы академиясы» мемлекеттiк мекемесі болып өзгертілді.

2002 жылғы 4 шiлдеде «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Қаржы полициясының құқықтары төмендідей: салықтарды төлемеуге байланысты құқық бұзуларды анықтау және болдырмау; салықтар төлеуден жалтаратын адамдарды іздестіруді жүзеге асыру; салықтық құқық бұзушылық пен мемлекеттітке келтірілген залалдарды өтеу жөнінде шаралар қолдану; салық қызметі органдарындағы жемқорлық фактілерінің алдын алу, анықтау; алдын ала тергеу, анықтау жүргізу; өзінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу.

Кеден, таможня (түркі тілінде тамға - таңба, белгі сөзінен шыққан) - тауардың және көлік құралдарының, мүлік пен басқа да заттардың кеден шекарасы арқылы өтуі тәртібін қамтамасыз ететін, кеден режимдерін қолданатын, кеден төлемдерін өндіріп алатын, кеден бақылауын жүргізіп, кеден рәсімдемесін жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Әдетте, тауарлар мен мүліктер алып өтілетін, сондай-ақ, адамдар шет елге баратын және шет елден келетін сапарларында өтетін шекаралық бекеттерде, әуежайларда, теміржол вокзалдарында, теңіз, өзен кемежайларында құрылып, орналасады.

Кеден қызметінің нышандары саудамен бірге пайда болды. Сыртқы сауда байланыстары туралы мәліметтер Ежелгі Мысырда б. з. б. 3-мыңжылдық ескерткіштерінде кездеседі. Керуен сақшыларын ұстауға жұмсалатын шығынды болашақтағы кеден алымдарының арғы тегі іспетті ерекше алымдар ауыстырды. Белгілі бір иеліктердің қожайындары керуендердің тоналудан қорғалуына кепілдік беріп, тиісінше ақы алды. Қазына үшін ақша табудың мұндай тәсілдерін мемлекет пайда болған кезде бірте-бірте қалалар да қабылдады. Қалалардың өсуіне байланысты әкімшілік пен полицияға қажеттілік туды. Оларды ұстау үшін түрлі салықтар мен алымдар, солардың ішінде саудадан, тауарларды алып өтуден, сондай-ақ, сауда жасау кезінде аялдаған болса, қоймаларды пайдаланғаны үшін алымдар белгіленді. Кейін қоймалар теңіз кемежайларында да осындай мақсатпен салына бастады, оларда кірелік және әкелім баждары алынды. Мысалы, Ежелгі Грекияда б. з. б. 6 ғ-да кіре тауарларына салынған кірелік баждар олардың құнының 1/10 бөлігін құрады, ал одақтастар үшін - 1/100 бөлігін, Грекияға тәуелсіз қалалардан 1/20 бөлігін құрады.

Мысырда б. з. б. 4 ғасырда үкімет Александрияға азық-түлік әкелуді және өз ісмерлерінің бұйымдарын әкетуді қатаң тәртіпке келтірді. Кіре тауарлардан ел аумағындағы түрлі бекеттерде алым жиналды. Карфагенде б. з. б. 3 ғасырда кеден баждарының маңызды болғаны соншалық, қолбасшы әрі әмір Ганнибал өзінің Рим империясымен жүргізген соғысына жұмсалған барлық шығынды осы баждармен жауып отырды. Ал Римнің өзінде кіре тауарларға салынатын бажды одан да ерте енгізген болатын, баж алымы мұнда қазынаны толтыратын басты бастау-көзге айналған-ды. Кеден ережелері мұнда ішкі мемлекеттік құқықтың ғана емес, сонымен бірге халықаралық құқықтың да тақырыбы болды. Сол замандардағы басқа мемлекеттерде де баждар алым-салық ретінде пайда болып, кейіннен қазына үшін ақша табудың қолайлы амалына айналды, түрлі елдердің сыртқы экономикалық қызметінің маңызды бөлігін құрады.

Орта ғасырлар кезеңінде Кеден ісінің даму барысы күрделі де қайшылықты болды. Орта ғасырлардың басында баждардың ынсаптылық табуы нақ сол Рим империясында Қытай жібегінің пайда болуына мүмкіндік берді. Осындай ынсапты алымдардың көмегімен 3 - 4 ғасырларда Армения да саудаға қамқорлық жасады. Ал герман халықтарында шіркеу иелері ғибадат мерекелері кезінде сауда жасағанда өлшеуіш аспаптарды пайдаланғаны үшін ақы алуға бұдан әлдеқайда ерте бейімделген болатын. Кейінірек Еуропадағы ірі жер иелері дін қызметшілерін осы міндеттен босатып, тауарларға салынатын баж алымын жинау үшін өз бишікештерін тағайындай бастады.

Баж жинаушылар Еуропа мемлекеттерінде жоғары мәртебеге ие болды. Мыс., француздарда 499 жылы олар король бишікештеріне теңестіріліп, епископтармен және графтармен бірдей дәрежеде болды, ал Ұлы Карл тұсында графқа бағындырылды, ол сонымен бірге корольдің аға кеден бишікеші деп саналды. Кейін 1249 жылы Фрайбург қаласында кеден бишікештерін қызметке тағайындау және ол өз міндеттерін адал атқармаса, қызметтен босату құқығы азаматтардың өздеріне берілді.

19 ғасырда Рейнде 64 кеден бекеті , Эльбада - 35 , Дунайда, Төменгі Австрияда - 77 кеден бекеті болды. Тіпті өзеннен кешіп өтуге болатын жерлерде де сол жердің иелері көпір салып, олардан көлікпен және жаяу өткені үшін ақы алды.

Сонымен қатар орта ғасырлардағы қалалардың өкімет орындары шет жұрттық тауарлардың басы артық ағылып келуінен кеден шаралары арқылы қорғануға тырысты. Парижде 12 ғасырда қалаға әкелінген барлық шетелдік тауарларға ғана емес, сонымен бірге Францияның басқа қалаларынан жеткізілген көптеген тауарларға да баж салынды. Ал мемлекеттер мен князьдіктер арасындағы экон. байланыстардың ұлғаюына байланысты 12 - 13 ғасырларда Кеден саясатында Еуропа мемлекеттерінің сыртқы шекараларында ортақ жүйе жасауға ұмтылушылық күшейді. Бірігу мен орталықтандыру үрдісі осыған жол ашуға тиіс болды. Алайда, 1707 жылы Англия мен Шотландия арасындағы кеден мүлдем жойылды, 1823 жылы бекеттер де жойылды. Ал Францияда кеден бірлігі тек 1790 жылы ғана басталды. Австрия өзінің кеден саясатын тек 1775-1851 жылы ғана тұжырымдады, ал Германияда кеденнің бірігуі 1888 жылға дейін созылды.

19 ғ-да Англия сауда еркіндігін бірінші болып жариялады, жергілікті буржуазия тауар әкетуге қандай да болсын сыйлық пен бажды жоюды, тауарлардың шекарада екі жаққа да еркін алып өтілуін жақтап бой көтерді. Сонан соң Франция қолдампаздық кеден тарифтерін қабылдап, еркін сауда бағытын ұстады. Ал Германияда Пруссия бастаған 18 мемлекет кеден одағын құрып, ішкі кеден қалқаларын жойды. Еуропаның басқа елдері де осылай етті. Сөйтіп, 19 ғ-дың 60 - 70-жылдары еркін сауда принципі салтанат құрды, мұның өзі Кеден тыйымдары мен шектеулерінің қамқорлығынан біржолата шыққан ірі монополиялардың үстемдік құруына әкелді.

АҚШ-та кеден-тариф саясаты бүгінгі күнге дейін Америка рыногін қолдампаздықпен қорғаудың іргетасы болып отыр және ол кей реттерде Кеден мөлшерлемелерінің жоғары деңгейінен гөрі импорт жолына қойылған тым елеулі кедергіге айналды. 20 ғ-дың 30-жылдары мұның өзі көптеген елдерде күрт дипломатиялық наразылықтар туғызды және АҚШ-тың сауда серіктестері жауап шаралар қолдана бастады. Мысыр, Англия өз тарифтерін алғашқылардың бірі болып көтерді, сонан соң өз отарларын Кеден қорғанымен бөгеді. Экономикалық дағдарыс қызған шақта (1929 - 33) АҚШ өзінің кеден саясатын қайта қарауға, сауда серіктестеріне Америка өнеркәсібіне зиян келтірмейтіндей кеңшіліктер жасауға мәжбүр болды. Қысқасы экспорттық экспансия одан әрі жалғасып, импорт шектеле берді. 1957 жылы Еуропа экономикалық одағы құрылуына байланысты жағдай айтарлықтай өзгерді. «Ортақ рынок» елдері америкалық бәсекелестеріне кеден-тариф саясаты мәселелері бойынша да бір майдан болып қарсы шықты. Сөйтіп, олар өз серіктестерінің рыноктарына өнімді бажсыз әкелу құқығын алды.

Ресейдің сыртқы саудасының дамуында 1724 жылы Петр қабылдаған қолдампаздық кеден айыппұлы зор рөл атқарды. Ресей өнеркәсібінің мүдделері үшін мұнда өндіру игерілмеген немесе игеру жаңа ғана жолға қойылған тауарларға жоғары баж салынды. Петр мирасқорлары Ресей тауарларының әкетілімін көтермелеу саясатын жалғастыруға тырысты. Ал шет ел тауарларының әкеліміне қойылған қатаң шектеулер көп ұзамай ресейлік өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік берді. Дамыған Еуропа елдері арасындағы қатынастарда еркін саудадан агрессиялық қолдампаздыққа көшуі 19 ғ-дың аяғында Ресейдің өз көршілерімен кеден қатынастарына да әсерін тигізді. Мыс., 1893 ж. Германия үкіметін тез арада сауда шартын жасасуға итермелеу мақсатымен Ресей үкіметі қосарлы кеден тарифі туралы заң шығарды, бұл заң бойынша Ресей тауарларының әкелімі мен транзитіне жеңілдіктер бермейтін елдердің тауарларына басқа елдер үшін белгіленген жай мөлшерлемелерден гөрі 15 - 30% жоғары баж салынды. Германия дереу Ресей тауарларына салынатын бажды 5%-ға дейін көтерді. Бұған жауап ретінде Ресей Германия тауарларына салынатын бажды 100% -ға өсірді. Осындай жарты жылдық кеден соғысының нәтижесінде, қалай дегенмен, екі жақты сауда шартына қол қойылды.

Қазан төңкерісі кезінде Ресейдің кеден жүйесі күйреді. Алайда, 1918 ж. Қаржы халкоматында кеден алымдары департаменті жұмысын қайта бастады. Ол сәл кейін кеден бақылауы бас басқармасы деп аталып, Сауда және өнеркәсіп халкоматына бағындырылды. Бұл халкомат 1920 жылы Сыртқы сауда халық комиссариаты болып қайта құрылды. Кеден ісін басқарудың барлық міндеттері осы халкоматтың қарамағына көшті. 1924 жылы КСРО ОАК-нің Төралқасы КСРО-ның Кеден Жарғысын бекітті. Одақтас республикаларда Бас кеден басқармасының бөлімшелері құрылды.

Қазақстанда екі кеден округі - Жетісу кеден округі (Алматы және Талдықорған облыстарының аумағында) мен Зайсан кеден округі (Семей мен Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында) пайда болды. Басқа аймақтарда осыған ұқсас құрылымдар мен кеден бекеттері құрылды, олар шекара арқылы әкелінетін және әкетілетін жүктерді бақылап, рәсімдеді. 1964 жылы жаңа кеден кодексі бекітілді. Онда КСРО аумағында кеден ісін басқару Сыртқы сауда министрлігіне жүктелді. Бірақ бұл жүйені реформалаудың ең түбегейлі кезеңі 1986 жылы басталды, осы жылы Бас кеден басқармасы КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік кеден бақылауы бас басқармасы болып қайта құрылып, оған дербес мемлекттік орган мәртебесі берілді. Алайда, өзгеріс шамалы болды, өйткені бұл жүйені қайта құру үшін заңнамалық база жоқ еді, Кеден жүйесін ішкі және сыртқы саудада нарықтық қатынастарға көшудің пісіп-жетілуі жағдайында халықар. өлшемдер бойынша қажетті стандарттарға дейін одан әрі дамытуға ділгерлік туды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
Прокуратура органдарын ұйымдастырудың құқықтық негізі және принциптерінің өзекті мәселелері
Құқық қорғау органдары пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Прокуратура құқық қорғау органы ретінде
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық және діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздері
Құқық қорғау органдары туралы
ҚР-ның орталық атқарушы билік органдарының негізгі қызметтері мен мақсаттары
Құқық қорғау органдары жайында
Қазақстан Республикасы органдар жүйесіндегі прокуратураның орны мен рөлі
Еліміздегі прокурорлық қызметті ұйымдастыруды тиiмділеуде прокурордың құқықтық жағдайын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz