Құқық жүйесі және заңнама жүйесінің арақатынасы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
2023 Құқық жүйесі және заңнама жүйесінің арақатынасы
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1 Құқықтың жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...10

1.1 Құқық ұғымы, белгілері және
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

1.2 Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың
маңызы ... ... ... ... ... ... ...16

2 Құқық жүйесі мен заң
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..24

2.1 Құқық жүйесінің түсінігі мен құрылым және заң жүйесінен
айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

2.2 Құқық жүйесі мен заң жүйесінің
арақатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

3 Заң - қазіргі заманда мемлекеттің ең жоғарғы нормативтік
актісі ... ... ... ... ... 39

3.1 Заң - нормативтік- құқықтық актілер
жүйесінде ... ... ... ... ... ... .. ... ... .39

3.2 Қазақстан республикасының нормативтік актілерінің түрлері, оларды
жүйеге келтірудің
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 51

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59

Пайдаланылған дерек көздер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61

Кіріспе

Адамзат қоғамның даму процесінде бір – бірімен байланысты миллиондаған
қарым – қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескеріп жатады. Бұл обьективтік
диалектикалық процесс. Осы процесті реттеп – басқару барысында қоғамдағы
қатынастардың обьективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да,
жүйелері де ескеріп, жаңарып, дамып отырады.
Сондықтан, құқық қоғамдағы нормативтік актілердің тек жиынтығы ғана
емес. Ол қоғамның, әр саласына сәйкес обьективтік, диалектикалық даму
процесі арқылы қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл
күрделі құқық процесі сала – салаға, жүйе – жүйеге бөлінумен шектелмейді.
Сонымен бірге қоғамның салалық – жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын,
қатынасын реттеп – басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін
жаңарып, кемшіліктерін толықтырып құқықтық нормаларды қоғамның, обьективтік
процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл
процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылыққа құқықтың
құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс. Қоғамда құқық жасаушылық барысында
қабылданып, қалыптасқан құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде
бір – бірімен тығыз байланыста болады. Оларды жеке бөліп алып қарауға
болмайды және қабылданған құқық нормалардан қалыптасқан нормативтік
құқықтық кеісімдер хаос пен ретсіздікке болмайды. Олардың барлығы жеме –
жемге келгенде мемлекетте бір жүйелі құқықты құрайды. Осыған орай әр
мемлекеттің құқықтық бірнеше жағдайларға байланысты қалыптасады. Атап
айтқанда халықтың этникалық ерекшеліктері, мемлекеттің экономикасының өсу
дәрежесі, қоғамдағы саяси, әлеуметтік жағдайлар, әдет – ғұрып, дін және
басқа да қоғамдық қатынастардан туындайтын факторлар тікелей әсерін
тигізеді. Бірақ, қандай экономикалық саяси жағдайлар болмасын мемлекеттің
құқық жүйесі бір бағытта дамып отыруы қажет, олардың арасында қарама –
қайшылықтар болмауы тиіс. Міне, осыған байланысты құқық жасаушылықпен
шұғылданатын мемлекет органдардың негізгі міндеттері құқықтық жүйеге ғылыми
тұрғыдан талдау жасап, зерттеп отырып, олардың арасындағы кемшіліктер мен
қарама – қайшылықтарды тез арада жойып отыру болып табылады.
Бұл ретте тақырыптың өзектілігі сол, мемлекетте құқық қоғамдағы нақты
мәселелерді реттеп, құқық жүйесі мен заң жүйесінде қайшылықтарды болдырмау,
адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі
құқықтық мемлекеттің басты шарасы болуында. Себебі, құқықтық мемлекет — тек
парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге
адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, тендігін қорғайтын,
демократияны қалыптастыратын күш. Міне, қоғамның алдында тұрған осы мүдде-
мақсатты орыңдау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық
нормаларды орындау, сол арқылы зандылыққа, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға
үлес қосу адамдардың міндеті. Құқықтық мемлекет екі жақты жауапты
объективтік процесс.
“Құқықты қоғам жасайды, заңды мемлекет жасайды” деген тұжырым – заң
мен құқықты ажыратудың қажет екенінің белгісі. Құқықты қалыптастыратын
қоғам. Құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқық
қалыптасуының объективтік барысын формальді заң шығару қызметімен
шатастыруға болмайды. Құқықтың жасалуы- қоғамдық қатынастардың өздігінен
шынайы қалыптасып, адамдардың және олардың бірлестіктерінің байланысты
әдеттегі, бірыңғай жолмен, үлгілерімен, белгілі көлемде жүріп отыруына
байланысты. Мұнда шындық, әділдік, дұрыстық- құқық қалыптасуының негізгі
принциптері болып табылады.
Демек, заң шығарушылықтың алғы шарты, оның тиымды болуының негізі –
құқықтың жасалуы. Заң шығарушылық неғұрлым құқықтың талаптарын (әділдікті,
шындықты) толығынан ескеретін болса, соғұрлым заң құқыққа сәйкес болады.
Мұндайда заңды құқықтық заң деп айтуға негіз бар.
Біріншіден, құқықтық заң қоғамдық қатынастарды жөнге салып, реттеуге,
дамытуға атсалысады, екіншіден, құқықтық заң әділдікті, адамгершілікті
баянды етеді, үшіншіден көпшіліктің еркін білдіріп, халықтық сипатқа ие
болады. Сондықтан құқық пен заңды айырудың және олардың арақатысын дұрыс
анықтаудың зор адамгершілік мәні бар. Сонымен қатар бұл мәселенің
практикалық мәнін де естен шығармаған жөн. Заңның құқық талаптарына сай
келуі оның сапасын көтереді. Демек, бұл жағдайды заң шығаратын орган
ескеруі қажет. Құқықтық нормалар мен заң бабының ара қатынасы. Заң (басқада
нормативтік құқықтық актілер) нормативтік акт болып саналады. Оның құрлымы
ерекше. Заң баптардан тұрады. Бір заңда бірнеше ондаған баптар болуы
мүмкін. Ал заңның бабы бір немесе бірнеше құқықтық нормалардан тұруы
мүмкін. Егер заңның бабында бір норма болса, баб пен норма сәйкес келеді,
бапта екі норма болса, әрине баптың мазмұны норманың мазмұнынан кем болады.
Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 34 бабы екі құқықтық
нормадан тұрады;
Әркім Қазақстан Республикасының Конституция және заңдарын сақтауға,
басқа адамдардың құқықтарын бостандықтарын, абыройымен ар намысын
құрметтеуге міндетті.
Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.[1].
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Мемлекеттегі құқық жүйесі мен заң жүйесінің
негізін және арақатынасын анықтауға деген талпыныс, бұл ғылым саласында
зертеулер жасауға әкелді. Қоғамның құқық жүйесі мен заң жүйесін зерттеуінің
барысы бірнеше жылдардың дамуын басынан өткерді. Зерттеу жұмысын жазу
барысында ізденуші заң ғылым саласындағы белгілі ғалымдар Ғ. Сапарғалиев,
Т. Ағдарбеков, Д. Жоламан, Рене Давид, Г.Марченко және т. б. қоғамдағы
құқық жүйелері мен заң жүйелері туралы сөз еткен болатын. Олар өз
еңбектерде құқық жүйесі мен заң жүйесін өзіндік ерекше құқықтық институт
ретінде қарастырды.
Бұл орайда зерттеудің теориялық негізін Қазақстан Республикасының
Конституциялық құқығы, Мемлекет және құқық теориясы, Қазақстан
Республикасының мемлекеті мен құқығының тархы, халықаралық құқық, тарих
және тағы да басқа ғылыми идеялар құрды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты құқық жүйесі мен жаң
жүйесінің ұғымы мен түрлерінің, құрлымының ерекшеліктеріне тоқтала отырып,
оның мемлекеттің құқық жүйесі мен заң жүйесін қалыптастыру мен дамытуда
тигізетін әсерін ашып көрсету және тәуелсіз мемлекетіміздің құқық жүйесі
мен заң жүйесін қалыптастырудағы негізгі ұстанған бағытының мәселелері
бойынша ізденістер жасау, жинақталған материалдар негізінде ұсыныстар
жасау.
Алға қойылған мақсаттарға сәйкес дипломдық жұмыста мынадай міндеттер
алға қойылды:
- Құқықтың жалпы сипаттамасын беру;
-  Құқық ұғымы, белгілері және мәнін анықтап, сипаттау;
- Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың маңызына сипаттама беру;
- Құқық жүйесі мен заң жүйесінің мәнін көрсету;
- Құқық жүйесінің түсінігі мен құрылым және заң жүйесінен
айырмашылығын анықтау;
- Құқық жүйесі мен заң жүйесінің арақатынасын көрсету;
- Заң - қазіргі заманда мемлекеттің ең жоғарғы нормативтік актісі
екендігінің сипатын беру;
- Заңның нормативтік- құқықтық актілер жүйесіндегі орнын қарастыру;
- Қазақстан республикасының нормативтік актілерінің түрлері, оларды
жүйеге келтірудің әдістеріне де тоқталу.
Зерттеудің объектісі және пәні. Зерттеудің объектісі құқық жүйесі мен
заң жүйесінің мәні, арақатынасы және еліміздің заң жүйесінің ерекшелгі
болып табылады.
Зерттеу пәніне құқықтың жалпы сипаттамасын бере отырып оның ұғымы,
белгілері, әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың маңызы, құқық жүйесінің
түсінігі мен құрылым және заң жүйесінен айырмашылығын, құқық жүйесі мен заң
жүйесінің арақатынасы, сонымен қатар Қазақстан республикасының нормативтік
актілерінің түрлері, оларды жүйеге келтірудің әдістері жатады.
Жұмыстың теориялық- әдіснамалық негізін өркениеттік көзқарас құрайды.
Жұмысты зерттеу барысында бақылау, сипаттау, салыстыру сияқты таным
әдістері; талдау, синтездеу, ұқсату (аналогия), тарихи, логикалық, сондай-
ақ пәлсафаның диалектикалық, метафизикалық таным әдістері қолданылды.
Тәжірбиелік маңыздылығы және негізгі қағидасы.
Жұмыстың барысында құқық жүйесі мен заң жүйесін оқытып, беру кезде
әдістемелік тірек болатын мағлұматтар жиналды; бұл екеуінің арақатынасын
оқытуда тарихи маңызды орын алған ерекше белгілері ұсынылған.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы құқық жүйесі мен заң жүйесінің мәні мен
арақатынасы, заңның нормативтік- құқықтық актілер жүйесіндегі сипаты
монографиялық деңгейде қарастырудан көрінеді.
Тақырыптың жаңашылдығы құқық жүйесі мен заң жүйесінің мәні мен
арақатынасын жан- жақты сипаттап беруден көрінеді. Жұмыс барысында құқық
жүйесінің түсінігі мен құрылым және заң жүйесінен айырмашылығы болмысына
беру жаңашылдық көзқарас. Заңның нормативтік- құқықтық актілер жүйесіндегі
орнын жеке дара пайымдау да жаңашылдық.
Құқық жүйесі мен заң жүйесінің мәні мен арақатынасы бар немесе
болғандығын анықтап, сипаттама беруде тарихи, дәстүрлік материалдарға
сүйеніп мемлекеттік тілде зерделеніп жазылған.
Қазақстан республикасының нормативтік актілерінің түрлері, оларды
жүйеге келтірудің әдістерінің алатын орны тиянақталған.
Еліміздегі құқық жүйесі мен заң жүйесін қолдану аясындағы мәселелер
көрсетіліп, оны зерттеуге талпыныс жасалған.
Жұмыстың ерекшелігі Қазақстан Республикасында құқық жүйесі мен заң
жүйесін қалыптастыру жолдарын жаңа қырларын тануға, ашуға және оның маңызды
екендігіне тұрарлық жақтарына назар аударады.
Дипломдық жұмыс құрлымы жағынан, ол кіріспеден, үш тараудан, жұмыс
бойынша соңғы қорытындыдан, пайдаланған дерек көздер тізімінен тұрады.

1 Құқықтың жалпы сипаттамасы
1. Құқық ұғымы, белгілері және мәні

Құқық (ағылш. 1. law (ғылым); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның
күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп
ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. [2, 78б]. Құқықтың түсініктері
бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері:
- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-
қатынастарды реттеп, басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік,
мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп
басқару.
Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:
• біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік
дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;
• екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан
қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында
қабылдап бекіту.
Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет
қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы
дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің
шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып
отырады.
Осы құқықты түсінуде әртүрлі теориялар бар және оларға мына негізгі
теорияларды айтуға болады: табиғи, тарихи, реалистік, социологиялық,
нормативтік, психологиялық, материалистік теориялар.
Табиғи теория - бұл теорияның мазмүны көне дәуірде қалыптасқан.
Теорияның мазмұны — адамдардың табиғи және мемлекеттің өмірімен байланысты
құқықтары. Табиғи құқықтарын ешкім шектей немесе жоя алмайды — деп
түсіндірген. Цицерон — табиғи бостандыкқа, Құқыққа қарсы келетін
мемлекеттік заң болуға тиіс емес — деген. Табиғи теорияны орта ғасырлардың
ғалымдары: Локк, Руссо, Монтескье, Гольбах, Радишев және тағы да басқалары
өте жақсы дамытқан. Дамыған елдерде табиғи әлеумеггік норма мен басқарады.
Тарихи теория - бұл теорияның окілдері Құқық адамдардың рухани сана-
сезімінің даму процесінен өмірге келіп, қалыптасады деп түсіндіреді. Оған
мемлекеттің қатысы жоқ - деп уағыздаған. Адамдар субъективтік жолмен табиғи
бостандықтар мен Құқықтарды жоя алмайды, тек қоғамның даму процесінен
қалыптасқан қатынастарды ретгейтін, басқаратын нормалардың шығуын тездету
керек деп тусінген. Бұл теорияның - өкілдері: Густав Гуго, Карл Савиньи,
Фридрих Пухта, Штиль т.б.
Реалистік теория - құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері
арқылы өзгеріп, ескеріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдайлардың
әсері мол болады — деп уағыздаған. Бұл теорияны құқықтың бірлігін, дамуын,
оның мемлекетпен байланысын, субъектілердін құқығының міндеттері болатын
және мемлекеттің бақылауын қостайды.
Әлеуметгік теория - XX ғасырда қалыптасқан теория. Бұл теория Құқықгық
қатынасты, адамдардың Құқықтық тәртібін жан-жақты ғыдыми түрғыдан зерттеуді
жақгайды, Өкілдері Эрлих, Леон Дюги, С.М.Муромцев, Г.Н.Шершеневич, Р.Паунд.
Құқықтың әлеуметтік мазмүнын зерттеуге көңіл бөледі, Құқықтық мемлекетті
жақтайды.
Нормативтік теория - құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым-қатынасын
реттеп, басқарыл, адамдардың мүдде-мақсатын орындау деп түсінедІ. Зан,
ғылымы құқықтың жеке өзін саясат пен идеологияға қоспай зерттеуді жақтайды.
Құқықтың белгі-нышандарын жақсы зерттеуді, құқықтык мемлекетті жактады.
Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай сатылап зерттеуді, бақылауды
ұсынады. Бұл теорияның, өкілдері; Р.Штаммлер, Г.Кельзен, П.И. Новгородцев.
Психологиялық теория - XX ғасырдың басында жақсы дамыған теория,
Теорияның негізгі мазмүны: құқық адамдардың психикасының ішкі қүрылысвінда
қалыптасып, олардың сыртқы іс - әрекетіне, жүмысына әсер етуі. Адамнвің
ішкі сана-сезімі мен сыртқы тәртібінің, мінезінің, іс-әрекетінің байланысын
Петрижицкий этикалық сана депатайды. Бұл теория Құқықты екі түрге бөледі:
жеке түлғалық (автономдық) және оң жағымды (позитивтік). Жеке тұлғалық
құқық - жеке адамының ішкі үятынаы қалыптасатын елегізу, қатты қиналу. Оң
жағымды позитивтік Құқық – басқа адамның беделіне, абыройына сенушіліктен
қалыптасатын психикалық көзқарас.
Материалистік теория - құқық саяси-экономикалық үстемдік жүргізетін
таптың мүдде-мақсатын қорғайтын нормативтік актілердің жиынтыгы. Құқықгың
мазмұны екі элементтен тұрады деп түсіндіреді: экономикалық базис пен
үстемдік таптың мүддесі.[3, 101б].
Бұл теорияның тарихи даму процесін үш кезеңге бөлуге болады: Бірінші
кезеңі - Марксизмнің құқықтың мазмұнын түсінуі және оның қоғам дамуындағы
маңызы; екінші кезеңі - құқықтың болашағына марксизмнің көзқарасы; үшінші
кезеңі - марксистік көзқарасты бұрмалау.
Бірінші кезеңде марксизмнің қүқыктың мазмүнын түсінуі дүрыс еді -
Құқықтың экономикалық базиспен және таптық күреспен тығыз байланысты болуы.
Екінші кезенде - буржуазиялық мемлекет пен құқық теориясының мазмунын бір
жақты зерттеп, оның прогрестіх рөлін, маңызын дүрыс түсінбеді. Қоғамның
болашағын Құқықтық мемлекетпен байланыстырмады. Үшінші кезенде одағының
басшылары марксизмнің мазмұнын сорақы түрде бормалап, өздерініңәкімшілік-
әміршілік, тоталитарлық саясатын қорғау үшін пайдаланды.
Марксизм жай теория қалпында қалмай, оны социалистік мемлекеттердің
басшылары субъективтік жолмен ондаған жылдар социализм моделінс айналдыруға
тырысып бақты. Бірақ одаы ешқандай нөтиже болмады.
Ендігі кезекте құқықтың түсінігін және мазмұны ашатын болсақ құқық
әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге өмірге келіп,
қоғамды реттеп, басқарып отырды.
Құқықтың мазмұны, түсінігі - адам қоғамын басқарудағы құқықтық
нормалардың ішкі тұрақты, амалы мәні, маңызы. Бұл түсініктемеде құқықтың
құндылығын, маңыздылығын айрықша көрсетіп отыр.
Құқық - мемлекет шығарған немесе бекіткен, орындалуы мемлекеттік
аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп
ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ
мазмұндары біреу-ақ.
Құқықтың мазмұнының негізгі элементтері:
-әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
-мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретін, ара қатынасын
реттеп, басқарып отыру.
- халықаралық қатынастарды реттеп, басқару.
Құқықтың екі түрлі ғылыми түсінігі болады: біріншісі – құқықтың
объективтік түсінігі қоғамның объективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың
қалыптасуы; екіншісі - құқықтың субъективтік түсінігі объективтік
қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді
уақытында қабылдап, бекіту.
Ал, осы құқықтың негізгі қағидалары:
1. Қоғамдағы әртүрлі мүдде - мақсаттарды нормативтік жүйемен реттеп-
басқару;
2. Адамдардың, ұйымдардың бостандығының іс-әрекетінің деңгейін,
шеңберін норма арқылы анықтап отыру;
3. Адамдардың, ұйымдардың ара қатынасыңдағы келіспеушілікті шешудің,
реттеудің негізгі түрлерін белгілеп отыру;
4. Мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен нормативтік актілерінің
орындалуын бақылап отыру.
Құқықтың мазмұны дегеніміз - қоғамдағы катынастарды реттеп, баскдрып
отыратын нормативтік актілердің ішкі құрылысы.[2, 80б].
Құқықтық теңдік жалпылама түрде айтылады, іс жүзінде қатынастардың
субъектілері нақты белгілі болмагандықтан, теңдік нормалар да абстракты
түрде жазылады. Құқықты дұрыс орындамаса кінәлі субъектілер жауапқа
тартылуы керек. Міне осы кезеңнен бастал заңның кезеңі, мемлекеттің жұмысы
басталады.
Құқық-үстем таптың және қоғамның заңға айналдырылған мүддесі. Бұл
мүддені заңға айналдырушы және оны орындаушы мемлекеттік аппарат.
Мемлекеттік құқық арқылы өзінің жоғарғы және жергілікті органдарының
жүйесін, құзырын, өзара қарым-қатынастарын бекітпей ішкі және сыртқы
міндеттерін іске асыруы мүмкін емес. Міне осы мәселелерді мемлекет құқық
арқылы, нормаға сүйене отырып іске асырады. Мемлекетке қажетті қоғамдық
қатынастар Құқық негізінде ғана орнай алады. Бұл мемлекет пен Құқықтың
қатынастарды реттеудегі көздейтін басты мақсаты. Сөйтіп Құқық Құқықтың
тірегі, оның күш-қуаты, абыройы мемлекет. Құқық нормалары адамға бостандық
беріп қана қоймай, сол бостандықты қамтамасыз ететін күшке сүйенеді.
Құқықтың негізгі белгі-нышандары:
Құқықтық нормаларды мемлекеттік органдар ресми түрде алыптастырады;
әлеуметтік нормалардың басқа түрлерін қоғамдық ұйымдар қабылдайды,
мемлекеттін оған қатысы жоқ.
Құқықтық нормалардың мемлекеттің барлық аумағына, барлық халықтарына
және барлық ұйымдарға занды күші болады.
Құықтық нормалар жеке адамдардың және қоғамдық мүдде- мақсаттарды
қамтиды; басқа нормалар жеке ұйымдардың, ірлестіктердің мақсатын қамтиды.
Құқықтық нормалардың орындалуын мемлекеттік органдар ақылап отырады;
басқа нормаларға мемлекеттің қатысы жоқ, олардың орындалуын ұйымдар,
бірлестіктер бақылайды.
Сонымен, құқық дегеніміз адам мен қоғамның объективтік құрылысымен
байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды
реттейтін, ресми құжаттарда формальды түрде анықталған, мемлекеттің күшімен
қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы.
Қоғамның өмірінде белсенді жұмыс атқаратын құқықтың функциялары. Оның
бағыттары толып жатыр. Ең күрделі бағыты мемлекетпен бірлесіп жұмыс жасау.
Өйткені мемлекеттің жұмысының мазмұны, бағыты нормативтік актілерде
көрсетіліп, анықталып отырады. Құқықтың негізгі функцияларының түрлері:
Қоғамның әр саласына сәйкес құқықтың, экономикалық, әлеуметтік,
мәдениеттік, тәрбиелік, экологиялық, қаржылық және тағы да басқа
функциялары болады.
Мемлекеттік биліктің үш түріне сәйкес құқықтың да үш функциясы болады:
заң шығару, занды орындау, занды қорғау.
Құқықтың бұл екі топтағы функциялары мемлекеттің функцияларымен сәйкес
келеді. Сонымен бірге Құқықтың өзіне тән екі міндеттері болады: қоғамдағы
қарым-қатынастарды дұрыс реттеп, орындалуын тездету және қатынастардың
байланысын бақылап, қорғап отыру. Міне осы міндеттерге сәйкес құқықтың
өзіне тән екі функциясы болады: реттеу және қорғау.
Құқыктың реттеу функциясы - нормативтік актілер арқылы қоғамдық
қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. [4,
83б]. Бұл функция екі әдіс-тәсілмен орындалады:
біріншісі - құқықтық нормада қатынастың орындалу жолдарын, бағытын
көрсету;
екіншісі - нормативтік актіде субъектілерге толық бостандық беру,
дұрыс орындалу бағытын көрсету.
Құқықтың қорғау функциясы - нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-
қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Бұл
функцияның әдіс-тәсілдері:
-қоғамдағы қатынастардың дұрыс орындалуын бақылау;
-құқықты нормада тыйым салудың себептерін көрсету;
-жауапкершіліктің түрін көрсету;
-жасаған қателіктері үшін субъектілерді жауапқа тарту. Құқықтың
функциясы дегеніміз - адамдардың іс-әрекет іне,мінезіне, тәртібіне
нормативтік актілердің жасайтын ықпалы мен әсері, сол арқылы қатынастардың
дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз ету.
Құқықтың мазмұнына, нысанына, белгі-нышандарына, функцияларына,
қағидаларына жан-жақты түсінік беруді аяқтап, енді құқықтың қоғамдағы
құндылығына қысқаша тоқтала кетейік. Құқықсыз қоғам дұрыс, прогрестік
жолмен жақсы дами алмайды. Құқық пен мемлекет қоғамды дағдарысқа ұшыратпай,
дұрыс басқарып, дамытып келеді. Бұл объективтік процесс. Құқықтың
әлеуметтік құндылығы:
Құқық адамдардың іс-әрекетінің, жұмысының нақты келісімді, түрақгы,
жақсы орындалуын қамтамасыз етеді. Құқық қоғамдық тәртіпті дамытып,
нығайтып, қоғамдық мүдде-мақсаттың жақсы орындалуына мүмкіншілік жасайды.
Құқық адамдардың өзара қатынасын дұрыс реттеп, дұрыс басқарып олардың
мінезінің, тәртібінің, сана-сезімінің, іс- әрекетінің жақсаруына
мүмкіншілік жасап, сол арқылы қоғамның дамуын жақсартып отырады.
Құқықтың құндылығы адамдардың бостандығын, теңдігін қалыптастырып,
қорғауында. Құқық пен бостандық бір-бірімен тығыз байланысты. Құқық
бостандықтың, теңдіктің шеңберін, шекарасын үнемі анықтап, бақылап отырады.
Құқық қоғамдағы әділеттікті жақтап, бақылап отырады. Сондықтан халық
арасына кең тараған мақал бар: "Құқық қағаз жүзіндегі әділеттік, бостандық,
теңдік". Құқық пен әділеттік байланысының, бірлігінің тереңцігі сонда, егер
қоғамдағы барлық жүйелері әділеттікке қатаң бақылау жүргізсе.
Құқық қоғамдағы барлық прогрестік дамудың негізгі құралы. Азаматтық
қоғамды, демократиялық мемлекетті құрудың бірден-бір даңғыл жолы. Бұл дүние
жүзінің мемлекеттерінің тәжірибесінен қалыптасқан шындық.
Құкық халықаралық прогрестік қатынастың, байланыстың қайнар көзі-
бұлағы. Дүниежүзілік экологияны жақсартудың құралы.
Сонымен, құқық қоғамда зор қызмет атқарады. Ол қоғам өмірінің барлық
салаларына, жеке адамның өміріне өзіне тән өдістерімен дұрыс жағымды әсер
етеді. Құқықтың саяси қызметі мемлекет органдарының қалыптасу, қызмет
істеу, атқару тәртібін анықтаудан, саяси партиялардың, бірлестіктердің,
ұжымдардың ұйымдастырылуына жол ашудан, азаматтардың құқықтарын
пайдалануына мүмкіндік туғызудан байқалады. Құқық қоғамдағы барлық
кәсіпорындардың жұмысын тікелей реттеп, жөнге салып отырады. Демек, құқық
саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, тәрбие құбылыстың барлық салаларын
реттеп, жөнге салып отыратын құрал болып есептеледі. Құқық мемлекетті,
қоғамды, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау қызметін де жүзеге асырады.
Осыларға қоса құқық заңды бұзудың, алдын алу қызметін де атқарады.
Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты қоғамдағы бостандықты нормативтік
тәртіпте қамтамасыз етуіне және кепілденуінен, әділеттілікті
қалыптастыруынана, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен
кетушіліктерді жоя отырып қоғамдағы экономикалық және рухани факторлардың
әрекет етуіне мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.
Құқықтың құндылығы – бұл құқықтың азаматтардың және жалпы қоғамның
әлеуметтік қажеттіктері мен мүдделерін қамтамасыз ету құралы мен мақсаты
ретінде қызмет ете алу қабілеті. Құқықтың әлеуметтік құндылығының
төменгідей негізгі көріністерін атап өтуге болады:
1) құқық адамдардың әрекеттеріне ұйымдастырушылықты, тұрақтылықты,
үйлесімділікті дарыта отырып, олардың бақылауын қамтамасыз ететін
осы арқылы ол қоғамдық қатынастарға реттеушілік элементтерін енгізе
отырып, оларды өркениеттті құбылысқа айналдырады;
2) құқық тұлғалардың ерекше мүдделерін үйлестіру арқылы олардың жүріс
тұрысы мен қызметіне әсерін тигізеді, яғни, құқық жеке мүдделерді
басып жаншымайды, керісінше, оны қоғамдық мүддемен үйлестіреді;
3) құқық тұлғаның қоғамдағы бостандығын көрсетуші және анықтаушы болып
табылады жіне осы бостандықтың шегін, шамасын анықтайды;
4) құқық әділеттілік идеясын көрсету қабілетіне ие, яғни, құқық
материалдық игіліктердің, дұрыс және әділетті бөлінуінің талаптарын
орнықтырады, барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігін бекітеді;
5) құқық қоғамдық дамудың тарихи кезектілігіне сәйкес қоғамның
жаңаруының қайнар көзі болып табылады; әcipece, оның құндылығы тоталитарлық
режимдердің құлауы мен жаңа нарықтық механизмдердің бектілуі жағдайларында
өсе түседі;
6) құқықтық тәсілдер халықаралық және ұлтаралық сипаттағы мәселелерді
шешудің негізгі және жалғыз құралы болып табылады.
Құқықтың мәні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды
реттеуден, нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете
отырып, демократияның, экономикалық бостандыктың, тұлға бостандығын жүзеге
асырылуынан көрінеді.
Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:
1) формальдык - кез-келген құқықтың ең алдымен peттeyшi екендігі;
2) мазмұндық - осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.
[5, 107б].
Құқықтың мәнін түсінуде келесі тәсілдерді бөліп атауға болады:
таптық, буның шегінде құқық экономикалық үстемдік құрушы таптың заңда
көрініс тапқан мемлекеттік еркін білдіретін, мемлекетпен кепілденген заң
нормаларының жүйесі ретінде анықталады;
жалпы әлеуметтік, бұның шегінде құқық қоғамдағы әртүрлі таптардың,
әлеуметтік топтардың арасындағы келісімнің көpiнici ретінде қарастырылады.
Құқықтың объективтік және субъективтік мағынадағы түсінігіне де
тоқтала кетсек, олардың әрқайсысын өзіндік маңызға ие.
Объективтік құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған,
мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті,
формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. Объективтік құқық - бұл нақты
бip мемлекеттен белгілі бip кезеңдегі заңнама, заң әдеттері, заңды
прецеденттер және нормативтік шарттар. Оның объективтілiгi жеке тұлғаның
еркі мен санасынан тәуелсіз болып, оған тиесілі болмауынан көpiнic табады.
Субъективтік құқық - бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға
бағытталған, заңды мүмкін жүріс-тұрыстың шамасы. Субъективтік құқықтар
ретінде адамның нақты құқықтарын (еңбек етуге, білім алуға және т.б. құқық)
атауға болады, олардың cyбъeктивтілігі тұлғамен байланыстылығынан, оған
тиесілігінен және оның санасы мен еркінен тәуелділігінен көрінеді. [5,
108б].
Сонымен құқық дегеніміз жалпыға міндетті, мемлекетпен қамтамасыз
етілген, нормативтік ережелердің жиынтығы деп сипаттама бере отырып, әрі
бұл осы құқықтың белгілері болып табылатынды. Ал, құқықтың құндылығын
құқықтың азаматтардың және жалпы қоғамның әлеуметтік қажеттіктері мен
мүдделерін қамтамасыз ету құралы мен мақсаты ретінде қызмет ете алу
қабілеті деп есептеу дұрыс.

1.2 Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың маңызы

Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық
қатынастар негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтар мен жеке адамдар іс-
әрекеттерін реттейтін талаптар. Әлеуметтік нормалардың үш ерекшеліктері
бар:
1) қоғамдық маңызы бар іс-әрекеттерге ынталанудан шығады (мақсат, ой-
арман, рухани құндылық т.б.);
2) белгілі бір жүйеге сәйкес келетін, міндетті түрде орындалатын
тәртіптің түрі мен шегін көрсетеді;
3) қоғамдық ұйғарымның (санкцияның) негізі болуы керек.
Әлеуметтік нормалардың мәнін ғылыми жолмен түсіну үшін, ең алдымен,
оларды қоғамның тарихи дамуының жемісі деп ұғыну керек. Марксизм ілімі
адамдардың іс-әрекеті мен әлеуметтік нормалар арасындағы байланыстың өте
күрделі диалектикалық сырын ашып, қоғам дамуының негізі экономикалық өмірге
тәуелді екендігін ғылыми дәйектілікпен дәлелдеп берді. Әр түрлі қоғамдық
экономикалық формациялардың өздеріне тән әлеуметтік нормалары қалыптасады
да, олардың құрамы мен элементтерінің арақатынастарында ерекшеліктер
болады. Бір қоғамдық-экономикалық формацияның қалыптасуына сәйкес
әлеуметтік нормалардың кейбір компоненттерінің өзгеріп отыруына қарамастан,
тарих сахнасына шыққан жаңа ұрпақтар оны дайын күйінде қабылдап, болашақ іс-
әрекетінің қажетті құралы ретінде пайдаланады. Әрбір қоғамдағы әлеуметтік
әртүрлі саланы қамтып, олардың жиынтығы сол қоғамдағы әлеуметтік
нормалардың тұтас жүйесін құрайды.
Әлеуметтік нормалар қоғам алдындағы тарихи міндеттерін атқару үшін,
олардың негізгі компоненттері қоғамның белгілі бір даму кезеңіне сәйкес
келуі қажет. Қоғамның дамуының белгілі бір кезеңінде кейбір әлеуметтік
норма мен қоғамдық тәжірибе туғызған нормалардың араларында сәйкессіздік
болады. Мұндай сәйкессіздік, әсіресе, діни нормалар мен адамдардың
күнделікті іс-әрекеттерінен айқын көрінеді. Кең түрде алғанда әлеуметтік
нормаларға дәстүр, әдет-ғұрып, моральдық және Құқықтық нормалар, саяси,
діни, эстетикалық қағидалар және ұйымдастыру техникалық ережелер жатады.
Әлеуметтік нормалардың компоненттері бір-бірімен тығыз байланысты. Жеке
адамдардың әлеуметтік нормаларды қабылдап, ішкі сенім-ниетіне айналдыруы-
қоғамдық тәрбиенің ең бір маңызды саласы. Әлеуметтік нормаларды қабылдауға
бейімдеу жолдарының бірі – нормаларды саналы түрде меңгеру, бұл процестің
екінші практикалық жағы - сол нормаларды сыртқы талаптан адамның ішкі
қажеттілігіне, нормасына, дағдысына айналдыру. Тарихи қалыптасқан
әлеуметтік және қоғамдық ұйымдар туғызған нормалар жаңа қоғамдық
қатынастарды жетілдіруге, болашақ адамдардың санасының қалыптасуына ықпалын
тигізеді.
Қоғамдағы әлеуметтік тәртіптің дамып, нығаюына сан-қырлы құбылыстар
мен толып жатқан факторлар өздерінің әсерін тигізіп жатады. Оларды үш топқа
бөлуге болады:
- табиғи құбылыстардың, факторлардың, уақиғалардың тигізетін әсерлері:
демографиялық процестер, халықтың миграциясы, адамдардың өмір сүруінің
ұзаққа созылуы, егіннің жақсы өнім беруі т.б.;
- нормативтік актілердің ерікті түрде жақсы орындалуы;
- адамдардын өзара қатынастарын өздерінің сапалы орындауы.
Қоғамдағы катынастарды реттеп, басқаратын нормаларды төрт топқа
бөледі:
- табиғи нормалар - ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тәжірибеден өткен
ұсыныстар. Мұндай ұсыныстарды ғылыми нормалар деп те атайды;
- ғылыми зерттеуден өткен, тексерілген техникалық және табиғи
ережелер, инструкциялар;
- әлеуметтік нормалардың көпшілігі осы топқа жатады;
- құқықтық нормалар. [6, 158б].
Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отыратын
негізгі құрал - әлеуметтік нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай,
біркелкі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл объективтік процесс.
Әлеуметтік нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп,
диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Әлеуметтік нормалар
арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып
жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жанаруы прогрестік жолмен дамып
жатады.
Әлеуметтік нормалардың белгі-нышандары:
-Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің, мінезінің, тәртібінін
қоғамдық ережесі. Жеке адамдар, ұжымдар, бірлестіктер, одақтар, ұйымдар осы
ережеге сәйкес өмір сүруге, жұмыс жасауға тырысады.
-Әлеуметтік нормалар - қоғамдық дәрежедегі ереже, бұл нормаларды
дұрыс, жақсы орындау бар азаматтардын, барлық ұйымдардың негізгі міндеті,
орындамаса халықтың сөгісіне, сынына душар болады, жауапкершілікке
тартылады.
- Әлеуметтік нормалар жай ғана ереже емес, ол қоғамдық міндетті
түрдегі ереже. Ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындалуға тиіс ереже. Бұл
қасиет қоғамның миллиондаған жылдар даму тәжірибесімен тексеріліп,
сарапталып, қалыптасқан нормалар.
Осы көрсетілген белгі-нышандары, ерекшеліктері арқылы әлеуметтік
нормалар қоғамды басқарудың, қатынастарды реттеудің негізгі құралына
айналды. Әлеуметтік нормалардың негізгі түрлері:
-құқық нормасы;
-моральдық нормалар - жақсы - жаман, дұрыс-бұрыс, -әділеттік-
әділетсіздік, достық-қастық, инабаттылық парасаттылық, -адамгершілік т.б.
қасиеттер;
- саяси нормалар;
-эстетикалық нормалар;
-қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже- қағидалары;
-адамгершілік нормалары - олар адамдарды жақсылыққа, инабаттылыққа,
парасаттылыққа, әділеттілікке, адамгершілікке тәрбиелейді;
-әдет - ғұрып нормалары - адамдардың көне дәуірден қалыптасқан жақсы
касиеттері мен жақсы іс-әрекеттері;
-салт-дәстүр нормалары - әр ұлттың, әр халықтың өздерінің
ерекшеліктерінен қалыптасатын дәстүрлері болады. Мысалы: той өткізу,
үйлену, ат шаптыру, көкпар тарту, қыз қуу т.б. дәстүрлері;
-діни, имандылық, инабаттылық нормалар. [6, 160б].
Осы әлеуметтік нормалар біріге келе - адамдардың қоғамдық өмір
сүруінің ережесі деп аталады, Әлеуметтік норма – қоғамдағы адамдардың,
ұйымдардың, ұжымдардың ара қатынасының, іс- әрекетінің, мінез-тәртібінің
ережесі. Әлеуметтік нормалар өздерінің дербестігімен бірге өзара тығыз
байланыста дамиды. Себебі, олар бір экономикалық базисты, бір қоғамдық
саясатты, бір әлеуметтік тұрмысты, бір мәдениетті, бір мүдде-мақсатты
қорғап, дамытады.
Әлеуметтік нормалардың мазмұнын екі тұрғыдан түсіну керек: біріншісі -
қоғамдық мүдде-мақсатты орындау, іске асыру бағыты; екіншісі - жеке
адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, дамыту бағыты. Бұл объективтік бірлестік.
Өмірде біржақты әлеуметтік норма болмайды.
Әлеуметтік нормалардың өмірге келу себептері қоғамның объективтік даму
процесінде жаңа қарым-қатынастар қалыптастырады. Бүл объективтік процесс.
Сол арқылы жаңа Құқықтық норма қабылданады. Бұл субъективтік процесс.
Әлеуметтік норма - қоғам қабылдаған адамдардың мінез-құлқының, іс-
әрекетінің, тәртібінің ережелері мен оларды реттеп-басқару нормалардың
жиынтығы.
Құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың ең күрделісі, ең көлемдісі,
ең маңыздысы. Құқық адамзаттың әділдік және азаттық идеяларына негізделіп,
көбінесе зандарда баянды етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар
жүйесі.
Көне заманнан ғалымдар құқықтың мәні мен мазмұнын түсінбекші болып,
оған сан қилы анықтамалар берген. Оның түсінігі мен мәнін анықтаудың үш
пікірін айтуға болады:
1) нормативті тұрғыдан карау бойынша - құқықты заң нормаларының жүйесі
деп санау;
2) социологиялық тұрғыдан қарау бойынша - құқықты реттелетін қоғамдық
қатынастармен ұқсас деп санау;
3) философиялық тұрғыдан қарау бойынша - құқықты бостандық пен әділдік
деңгейімен байланыстыру.
Құқыққа социологиялық және философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең
түсінік болып, оған құкық нормаларымен қатар құқықтық сана, құқықтық
қатынастар да жатады. Құқықтың үш тірегі бар: қоғамның материалдық деңгейі,
мемлекет және имандылық. Адамзаттың өмір сүруі өндіріске, қоғамның
экономикалық жағдайына байланысты. Өндіріс - экономика тиімді, нәтижелі
болу үшін оны ұйымдастыру, оның дамуына қажетті жағдай жасау. Бұл мүдде-
мақсатты шешуде құқық өте зор жұмыс атқарады. Соның нәтижесінде құқыктың
өзі де өзгереді, дамиды, өндірістік қатынастарды реттеуге бейімделеді.
Құқық нормаларының талаптары өздігінен жүзеге аспайды. Оларды іске
асыру үшін, талаптарын орындау үшін мемлекет түрлі әдістермен сан алуан
қызмет атқарады. Егер Құқықтық нормалардың талаптары орындалмаса, бұзылса,
мемлекет кінәлі жеке және заңды тұлғаларға тиісті шаралар қолдана алады.
Сөйтіп құқық нормалары мемлекеттің күшіне. сүйеніп, жүзеге асырылады.
Құқыктың тірегі, оның күш-қуаты, абыройы - мемлекет.
Құқықтың тағы бір тірегі - имандылық. Имандылықтың өзі де адамдар
арасындағы қатынастарды реттейтін күш, бірақ оның талаптары заң емес.
Имандылықтың ең күшті құралы — жұртшылықтың пікірі. Құқық та теріс
қылықтарға тыйым салады, кінәлі адамдарды жауапқа тартады. Құқық
имандылықтан нәр алады, неғұрлым Құқықтың нормалары имандылық талаптарға
сәйкес келсе, соғұрлым олардың, сапасы да, абыройы да жоғары болады.
Сонымен, құқық нормалары арқылы мемлекет имандылық талаптарына ресми мағына
береді, соның нәтижесінде қоғамдық қатынастарды реттейді. Құқық құзыретінің
шеңбері имандылықтың шеңберінен анағұрлым кең. Құқықтың белгі - нышандары;
- Құқық жазылған нормалардан тұрады. Құқықтық норманы мемлекеттік
органдар қабылдайды, бекітеді, басқа нормаларды қоғамдық ұйымдар қабылдайды
Нормативтік дегеніміз - адамдардың ой жүйесін, қоғамдық өмірін тәртіптеп,
соның нәтижесінде белгілі ережелерге бағындыру.
- Құқық әділдік және бостандық идеяларын білдіреді. Бостандық -
адамнан ажыратылмайтын қасиет. Тек бостандық болса ғана адам лайықты өмір
сүре алады. Әділеттік ерте заманнан келе жатқан әлеуметтік, моральдық,
принцип және норма.
- Құқықтың бейнелейтін объектілері болады. Олар - билік, мемлекет,
қоғамдағы тәртіп. Әділдік, бостандық, демократия солар арқылы жүзеге
асырылады.
- Құқықтың формальды анықтылығы. Заңдарда бекітілген нормативті
нұсқаулар ерекше қасиетке ие болады. Ол формальды анықтылық. Оның
белгілері: айқындығы, бір мағыналылығы, қысқалығы. Бұл құқық субъектісінің
не нәрсені істеуге болу, болмауын білуіне ыңғайлы, қолайлы.
- Құқықтық нормалар қоғамдағы қатынастардың басым көпшілігін реттеп,
басқарады. Басқа нормалардың үлесі аз.
- Құқықтық нормалардың орындалуы ерікті-еріксіз түрде жүргізіледі.
Басқа нормалар тек ерікті түрде орындалады.
Әлеуметтік нормалар құқықтық норманың дамуына, орындалуына, нығаюына
өте зор әсер етеді, ықпал жасайды. Жаңа заңның жобасы алдымен көп уақыт
әлеуметтік нормалар саласында жан-жақты тексеріліп, содан кейін мемлекеттік
заңға айналады. Заңды, жаңа норманың жобасы дұрыс талқылап, бекітуге,
қабылдауға да өмірлік тәжірибе көп әсер етеді. Заң қабылданып, оны орындау
процесінде де көп жылдық әлеуметтік нормалардың тәжірибесі көмек береді.
Әлеуметтік нормалар бір-бірімен тығыз байланыста дамып, өзгеріп,
жаңарып нығайып отырады. Әсіресе бұл байланыс құқықтық нормалар арасында
тығыз түрде дамиды. Өмірлік тәжірибеден қалыптасқан норманы моральдық норма
дейді. Бұл нормалар жалпы қоғам көлемінде тексеріліп, қабылданады. Мысалы,
не жақсы - не жаман, не дұрыс - не бұрыс деген ұғымды қоғам береді, өмір,
тәжірибе қалыптастырады.
Құқық пен моральдың арақатынасы өте күрделі процесс. Ол процесс төрт
компоненттен тұрады: бірлігі, айырмашылықты бірлесуі, дербестігі. Енді осы
компоненттерге жеке-жеке тоқталайық:
Құқық пен моральдың бірлігі:
- екеуі де әлеуметгік нормаға жатады;
- екеуі де бір саясатқа бағынады, сол саясатты орындауға үлес қосады;
- екеуі де бір мүдде-мақсатты орындауға қатысады;
- екеуі де адамгершілікті, әділеттікті, тендікті, бостандықты
жақтайды.
Құқық пен моральдын айырмашылығы:
- Құқықтық нормаларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Моралдық
нормаларды ешқандай орган бекітпейді. Оларды қоғам, ұйым қабылдауы керек.
Сонда ғана ол нормалар жақсы нәтиже береді;
- құқықтық норма ерікті орындалмаса, еріксіз орындалады.
Моральдық норма тек ерікті түрде орындалады; т.б.;
- құқықтық норма заң немесе заңға тәуелді нормативтік акті болып
бекітіледі. Моральдық норма ешқандай жазылмайды;
- құқықта занды жауапкершілік болады. Моральда жоқ т.б.
- Құқық пен моралдың өзара бірлестігі:
- олар бірлесіп зандылықгы, тәртіпті корғайды;
- бірлесіп тәрбие жұмысын жүргізеді;
- бірлесіп инабаттылықгы, парасаттылықты, дамытады т.б.
-. Құқық пен моралдың өзара дербестігі:
- құқық зандылықты жақтаса, мораль этиканы, эстетиканы қорғайды;
-құқықта тыйым салу болса, мораль да болмауы мүмкін;
- құқық құпия жұмыс жүргізуге, іс-әрекет жасауға рұқсат берсе, моралъ
бұл істерге қарсы т.б. [7, 267б].
Құқық әлеуметтік нормалардың басқа түрлерімен де қарым-қатынаста,
байланыста олар бір-біріне күнделікті жәрдем көрсетіп отырады.
Құқық пен әдет-ғұрып - әдет-ғүрып көне дәуірден тәжірибеден өткен,
қоғамға пайдалы нормалар, олардың біразы Құқықтың негізіне айналды.
Азаматтық, отбасы Құқықтарына көптеген нормалар кірді. Азаматтық қоғамның
көптеген қарым-қатынастарын әдет-ғүрып нормалармен реттеп - баскарады.
Мемлекет пен кұқық әдет-ғұрып нормаларға жан-жақты көмек көрсетіп отырады.
Біраз нормаларды қабылдап, мемлекеттік күші бар нормаға айналдырып отырады.
Құқықпен салт-дәстүр - әр халықгың, әр ұлттың өздерінің салт-
дәстүрлері болады. Мемлекет пен құқық оларға үнемі көмек көрсетіп, көп
мәселені бірлесіп шешіп жатады. Әр ұлттың салтдәстүрінің дамуына, мемлекет
пен құқық барлық жасайды.
Құқық пен корпоративтік нормалар - қоғамдық ұйымдардың,
бірлестіктердің, одақтардың, партиялардың ұжымдардың мүшелерінің
арақатынастарын реттеп, басқаратын нормалар. Ол нормалар азаматтық
қоғамның, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани дамуына көп
үлес қосады, Олар мемлекеттік органдармен көпшілігінде бірлесіп жұмыс
жүргізеді.
Құқық пен діни нормалар - діни нормалардың адамдарды, әсіресе жастарды
инабаттылықта, парасаттылыкта, адамгершілікте тәрбиелеуде өте зор іс
атқарады. Сондықтан діннің ашық өмір сүруіне толық бостандық беріліп отыр.
Діни мекемелер заңды тұлға болуға құқысы бар, діни мейрамдарға да
мүмкіншілік берілді.
Осы жоғарыда көрсетілген әлеуметтік нормалардың барлығына Қазақстан
Республикасының Конституциясы занды түрде мемлекетпен бірге тәуелсіз,
демократиялық, егеменді қоғам құруды - негізгі міндетіміз деп жариялап
отыр. Егерде құқық пен басқа әлеуметтік нормалардың арақатынасында
келіспеушілік немесе қайшылыстар болса өзара келісімге келіп, бір-біріне
зиян келтірмей реттеулері керек. Екі жақты бақылауға алып дұрыс, әділ
шешімін табуға міндетті. Қатынастардың барлық түрлерінде бірінші орында
жеке адамның бостандығы және қоғамның мүдде-мақсаты болуға тиісті.
Техникалық нормалар - адамдардың табиғатпен, техникамен дұрыс қарым-
қатынас жүргізу ережелері. Қазіргі заманда ғылыми-техникалық прогресс
уақытында техникалық нормалардың маңызы өте зор. Табиғатпен байланыста,
қоғамның барлық саласында техникасыз өмір жоқ. Сондықтан адамдардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің алдындағы кезек күттірмейтін
мәселелерінің ең күрделісі.
Техникалық нормалардың түрлері: кұрылыс жұмысында техниканы қолдану
нормалары; өндірістегі, ауыл - шаруашылығындағы техника қолдану нормалары;
үй-жабдығындағы техника нормалары т.б. саладағы техникаларды қолдану
нормалары. Техниканың барлық түрінде жеке-жеке қолдану ережесі болады, соны
жақсы оқып білу керек. Табиғатты, адамды қоршаған ортаны жақсы біліп,
сактау керек. Экологияны жақсартуға үлес қосу керек. Техникалық нормалар
"адам - ұжым", "адам - табиғат", "Адам - машина", "адам - өндіріс", "адам -
техника" т.б, арасындағы қатынастарды реттеп-басқарады. [6, 163б].
Құқықтану мамандарына бұл қатынастарды жан-жақты зерттеп, техникалық
нормалардың қоғамдағы атқаратын рөлін анықтап, гуманизациялық маңыз-сапасын
үнемі жақсартып отыру заңгерлердің негізгі міндеттерінің бірі. Бүл проблема
қазіргі ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде Құқықтың ең күрделі, ең
маңызды жүйесіне айналып отыр. "Техникалық" норма деген Құқықтың бұл
жүйесін шектеуі мағынада көрсеткендей. Құқықтың бұл жүйесінін шеңбері өте
кең, қоғамның барлық саласындағы қарым-қатынастармен байланысып жатады.
Техникалық нормалардың түрлері мен бағыттары:
-Техникалық нормативтік актілер, оның өзі бірнеше түрге бөлінеді:
өндірістік, ауыл-шаруашылық, әскери, т.б. техникалық нормалар.
-Технологиялық нормативтік актілер, мұның да бірнеше түрлері бар.
-Экологиялық техникалық нормалар.
-Табиғат, адамды қоршаған ортаны қорғайтын техникалық нормалар.
-Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар.
-Халықтың денсаулығын сақтау бағытындағы техникалық нормалар.
-Мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, ұжымдарда пайдаланатын
техникалық нормалар.
-Адамның еңбегін жеңілдететін, қорғайтын нормативтік актілер.
Міне қоғамның осы негізгі салаларында техниканың, технологияның
маңызы, рөлі жылдан жылға қарқынды түрде өсуде. Осыған сәйкес техникалық
нормалар да көбеюде. Ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде бұл процесс осы
қарқынды түрде дамып, қоғамның барлық саласын, бағытын қамтуға тиіс.
Сондықтан бұл процесті сапалы дамыту үшін Құқықтық нормаларды уақытында
қабылдап, оның бұл бағыттағы қатынастарды басқарып, реттеу жұмыстарын
жақсартуды талап етеді.
Құқықтың маңызы, рөлі, әсері нормативтік актілер арқылы ғылыми-
техникалық, технологиялық, экологиялық процестің сапасын көтеріп, еліміздің
әлеуметтік, экономикалық жағдайын жақсарту, Бұл үшін мемлекет техникалық,
технологиялық, өндірістік, санитарлы – гигиеналық нормаларды, ережелерді
қабылдап, оларды жан-жақты тексерістен өткізіп, стандартты сертификат беруі
керек. Стандарт - заттың (техниканың) нормативтік сапасы мен сипаттамасы
туралы мемлекет бекіткен заңды акт. Осы стандарт арқылы техникалық норманың
сапасы тексеріліп отырады.
Техникалық норманың күрделі саласы - табиғатты қорғау нормалары.
Адамды қоршаған ортаны таза ұстау, оның табиғи дамуына зиян келтірмеу,
экологияны жақсарту ғаламдық проблема. Сондықтан дүние жүзіндегі барлық
мемлекеттер бұл мәселеге зор көңіл бөліп, осы бағыттағы нормативтік
актілерінің сапасын жақсартуда. Біріккен Ұлттар Ұйымы да (БҰҰ) бұл
проблеманы қатаң бақылауға алып отыр.
Техникалық норманың екінші маңызды саласы — халықтың денсаулығын
сақтау. Осы бағытта мемлекеттер көп жұмыс жасауда: адамдарға арналған азық-
түліктің, дәрі-дәрмектің, медицинада қолданылатын техниканың сапасын
жақсарту; еңбектің кауіпсіздігін, адамның рухани сана-сезімін, білімін
көтеру т.б.
Қазіргі заманда техникалық, технологиялық, экологиялық процестерді
жақсарту тек құқықтық норманың ғана міндеті емес, сонымен бірге бұл
ғаламдық проблемаға әлеуметтік нормалардың барлық саласы және қоғамдағы
барлық ғылымдар үлес қосуы керек, Бәрі бірігіп ғылыми-техникалық норманы,
стандартты т.б. жұмыстарды жасап, қатаң бақылауға кірісіп отыр.
Сонымен қоғамдағы бірқатар қарым-қатынастарды реттеп, басқарып
отыратын негізгі құрал - әлеуметтік нормалар. Әлеуметтік нормалар ерте
заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы
дамып, нығайып келеді. Әлеуметтік нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың
өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның
өзгеруі, жанаруы прогрестік жолмен дамып жатады. Сол әлеуметтік нормалар
ішіндегі құқықтың маңызы ерекше, себебі ол мелекеттің негізгі реттеуші
құралы.

2 Құқық жүйесі мен заң жүйесі
2.1 Құқық жүйесінің түсінігі мен құрылым және заң жүйесінен
айырмашылығы

Құқық жүйесі – бұл құқықтың өзінің құрылымы, оның салаларға,
институттарға бөлінуі. Құқықтың жүйелік құрылымы оның белгілі бір
байланыстағы көптеген элементтерден құралған біртұтас құрылым екендігін
білдіреді. [8, 203б].
Құқық жүйесінің негізгі сипаттары:
1) оның алғашқы элементі болып құқық нормалары табылады, олар, өз
кезегінде, бірге отырып, ірі құрылымдарды – институттарды, салаларды
құрайды;
2) оның элементтері бір-біріне қайшы келмейді, іштей үйлескен, тығыз
байланыстылыққа ие; бұл құқық жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етеді;
3) ол әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық діни, мәдени, тарихи
факторлармен тығыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЗАҢ БОЙЫНША НОРМА ЖҮЙЕСІ
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Құқық нормаларын талқылау ұғымы
Мемлекет жəне құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Құқық жəне діни нормалар
Халықаралық құқықтық көптеген жаңа нормалары
Мемлекеттің құрылым нысаны
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ
Құқықтың пайда болуы туралы
Пәндер