Халықаралық құқық субъектілік құқық



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
2013 Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы
69 бет
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1 Құқық туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..8
1.1 Құқық ұғымы,
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 8
1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3 Құқықтың жалпы әлеуметтік мәні, құқық
салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2 Құқықтық
норма ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..36
2.1 Құқықтың қайнар
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .36
2.2 Құқықтық норманың ұғымы, түрлері,
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
3 Құқықтық қатынастардың пайда болуы және
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
3.1 Құқықтық қатынастардың түсінігі және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
3.2 Құқықтық қатынастың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...67
Пайдаланған дерек көздер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 69
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .71

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен
байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды
реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз
етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған
пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде
“неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура
келеді:
1) Құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік
құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген
жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық
ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды
түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар
құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.
3) Құқық – қай қоғамның болмасын мүшелерінің ара-қатынастарының
бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген қатынас моральдық және заңды тұрғыдан
құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз
кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де
себептерге байланысты.
Осы дипломдық жұмысты таңдап алғандағы негізгі мақсатым, аталған құқық,
құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдарына терең үңіле отырып талдау.
Зерттеудің міндеті. Белгіленген мақсаттан шыға отырып, мына төмендегідей
міндеттер туындайды:
- Құқық ұғымын, белгілерін және нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың
орнын ашу;
- Құқық нормаларының мазмұнын ашу;
- Құқықтық қатынастардың түрлерімен, құрылымымен толық танысу.
Енді құқық нормасына келер болсақ, құқықтық норма заңда ресмилендірілген
нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген,
қоғамдық қатынастарды реттейтін билік.
Ал құқықтық қатынас бұл – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі
қатынастар.
Ғылыми зерттеудің құрылымы. Жұмыс үш тараудан тұрады, әр тарау 2 бөлімді
қамтиды. Құқық туралы түсінік атты 1-ші тарауда құқық ұғымы жайлы жалпы
түсінік пен оның белгілері және нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың
алар орны жайлы сөз етіледі.
Құқық ұғымы жайлы түсінік бергенде, оның жалпы мәнін ашуға тырыстым. Заң
ғылымында құқық термині бірнеше мағынада қолданылады. Құқықты ресми түрде
танылған қоғам мүшелерінің әрекет ету мүмкіндігі деп қарастырса, келесіде
құқық деп құқық нормаларының жүйеленген жинытығы деседі. Ендігі ретте
құқықты оқу пәнінің ұғымы ретінде қолданылады делінеді. Осыдан өзге
ғалымдар құқыққа субъективті де, объективті де тұрғыда анықтама беруге
тырысады.
Міне, осындайлық құқық терминіне анықтама беруден бастап, бұл бөлімде
сонымен қатар оның өзіне ғана тән белгілерін аштым.
Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны – бөлімінде нормативтік
реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұратындығы, олар
әлеутеммік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінетіндігі жөнінде сөз
қозғалды. Осыларды аша келе І тарау мағынасы ашылды.
Құқықтық норма атты ІІ тарауда Құқықтық қайнар көздер және құқықтық
норманың ұғымы, түрлері және оның құрылымы жайлы айтылды. Аталған
бөлімдерде құқық пен мораль ара-қатынасы жөнінде, құқықтың құқықтық норма
тудыратыны және ол нормалар жазбаша нысанда болатыны жөнінде, құқықтық
нормаларға жалпы және айрықша белгілер тән болып келетіндігі жайлы ауқымды
дәлелдер келтірілді. Сонымен қатар, құқық, құқықтық норма жөнінде сөз
еткенде міндетті түрде олардың қайдан бастау алатынын, яғни қайнар көздер
жайлы айтылуы тиіс. Сол әдетінші, мен де осы бөлімде құқық негіздерін 4
түрге бөліп қарастырдым.
Құқықтық қатынас атты ІІІ бөлімде құқықтық қатынас түсінігі мен белгілері
және заңды айғаққа қатысты ғалымдардың тұжырымын келтіре отырып, диплом
тақырыбын ашуға тырыстым.
Зерттеудің әдістері қоғамдық ғылымдарға ортақ жалпы және арнайы танымдық
әдістер жүйесі: диалектикалық, функционалды талдау, жүйелеу, синтездеу және
т.б. әдістер басшылыққа алынды.
Бұл дипломдық жұмысым заң ғылымына қатысты елеулі еңбектерін жазған
ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жазылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы Қазақстандағы заң жоғары оқу
орындарындағы юриспруденция мамандығы бойынша мамандарды дайындауды
қамтамасыз ететін оқу пәні ретінде, дәрістер жүргізуде, семинар сабақтарын
өткізуде қолданылуға ұсынылады.
Сонымен қатар, бұл еңбек құқықтық норма түсінігін игеруге көмекші құрал
ретінді жараса екен деген ойдамын. Және де аталған тақырып менің алдағы да
еңбектерімнің арқауы болар деген сенімдемін.

1 Құқық туралы түсінік
1.1 Құқық ұғымы, белгілері

Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның
күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп
ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ
мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және
адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп,
басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік,
мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың,
ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.
Республикамыз өз тәуелсіздігін алып, небір қиыншылықтарды артқа тастап,
бүгінгі күнде экономикасы дамыған мемлекетке айналған тұста да елімізде
ақсап жатқан кейбір келесі мәселелер бар екендігі да жасырын емес.
Ел болған соң, соңғы кездері жалпы халықтық құқық бұзушылық теріс
әрекеттерінің қоғамда өршіп, оның алдын алудағы құқықтық тәрбие берудің
кемшін тартып отырғаны қоғамдағы өзекті мәселеге айналуда. Қазақта ел
боламын десең-бесігіңді түзе деген нақыл сөз бар. Осы сөз арқылы айтылған
бабалар аманатындағы жауапкершілікті ата-анаға ғана тиісті деп емес,
қоғамдағы әрбір адамзат баласының саналы ұрпақты тәрбиелеудегі, білім
берудегі қағидалы мақсаты деп түсінгеніміз жөн шығар.
Сондықтан да қоғам болашағы құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра
қарап отырған шағымызда ұлттық дәстүрлі ерекшелігімізді негізге ала отырып,
жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесін жалпы білім беру мазмұнында қарастырудың
маңыздылығы бүгінгі күні өз қажеттілігін танытып отыр.
Себебі күнделікті күйбең тіршіліктің құрығына түсіп, өз ар-ұжданын,
ұятын, намысын бір сәттік дүниенің жалған қызығына айырбастап, заңды
сыйламау арқылы қоғамда құқық бұзушылықтың кең өршіп отырғаны ойланарлық
жағдай. Осының өзі жас ұрпақтың, одан қала берсе жалпы халықтың құқықтық
санасын жетілдіру идеясын қуаттайды.
Бұл идея тек халық арасында айтылып қалмай, билік тізгінін ұстаған
лауазым иелерін ойлантқаны да көңілімізге сенім үмітін ұялатады. Олай
дейтініміз, қоғамда орын алған құқық бұзушылық сипаттағы келеңсіз
құбылыстарға үн қатып, оған білім беру мекемелері арқылы құқықтық насихат
жүргізу іс-шарасы ұйымдастыру жұмыстары Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым Министрлігі тарпынан арнайы қолдау тапты [1].
Құқық терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде
және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір
адамның құқықтық мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
Заң ғылымында құқық термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден,
құқық термині бірнеше мағынада қолданылады. Құқық – ресми түрде
танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау
мүмкіндігі. Мысалы, адамзаттардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік
иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық
мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда құқық түсінігі
субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады [2].
Субъективтік (тұлғалар) құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру
мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық
мүмкіндіктері.
Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез-
құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа
тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер
пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол
құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне
бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.
Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңи негізде мүлікке ие болуға
хақылы. Ол мүлікті өз иелігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін
пайдалануда қоғамның, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек.
Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған:
Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де
қызмет етуге тиіс (6 бап) [3].
Субъективтік (тұлғалық) құқықтық міндет – құқықтық мүмкіндік берілген
құқық тұлғасының заңи мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық
тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу
нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы (міндетті
орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі [4].
Екіншіден, құқық дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген
жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке
адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке
нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Құқық туралы
Конституция былай дейді: Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық
Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық
актілердің, Республиканың халықаралық шарттың және өзге де
міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және
Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. (4 бап).
Үшіншіден, құқық термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады.
Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, әкімшілік
құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық құқық,
қаржылық құқық тағы басқа. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық
қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық
құқық – мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық
нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық – қылмыс жасауға, жазалауға
байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Төртіншіден, құқық термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың
жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты құқық жүйесі деген
түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі
қалыптасуда.
Құқық пәндерін оқып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі
жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың
өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінің белгісі.
Құқықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де түрлі
болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың
мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну
қажеттілігі туады. Азаматтарға сан-қилы құқықтар мен бостандықтар беріліп,
оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік
орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда,
мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады [5].
Әрине, құқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір текті
болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты тараптық және жалпы
әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кең орын алып келді. Маркстік ілім
құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді.
Бұл ілім бойынша құқық – үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап,
мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы
барлық адамдардың еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын құрал болып
саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін айтады.
Бірақ Маркстік ілім құқықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге
тырысады. Әрине құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-ашық тек құл
иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңдегені
белгілі. Бірақ, бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы
мемлекеттерге теңеуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін
болса, ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап,
жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық
азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау
керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай
жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз.
Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың
қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетін немесе белгілі бір топқа
артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық
әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін
қанағаттандыруға бағытталған.
Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама
беруге болады.
Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) – жалпыға бірдей міндетті,
мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін,
заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің
жиынтығы.
Енді, құқықтың негізгі белгілерін қарастырайық [6].
Жүйелілігі. Құқық – бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір
бөлігі – табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты
әлеуметтік талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи
құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталған
құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Қазақстан Республикасының
Конституциясында былай деп жазылған: Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. (15 бап) [7].
Құқықтық жүйенің екінші бөлігі – мемлекеттегі қолданылатын барлық
заңдардың жиынтығы. Құқықтық жүйенің үшінші бөлігі – субъективтік
(тұлғалар) құқықтар. Осы айтылған бөліктер бірімен-бірі табиғи түрде
байланысты, бірінсіз басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы,
тек әр адамның өмір сүруге құқығы бар деп жарияланса, оның жүзеге асырылуы
қамтамасыз етілмесе, адамның өз өмірін сақтауға, қорғауға мүмкіндігі
болмаса, аталған құқық қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Адам
өзіне қажетті рухани және мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді
әрекет жасауы қажет. Адамның әлеуметтік-құқықтық талаптарының мағынасы –
оны мемлекеттің тануы, қорғауы қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.
Нормативтік сипаты – құқықтың негізгі белгілерінің бірі. Құқық
қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида – тұлғалардың мінез-
құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, қоғамдық қатынасқа қатысушылар өз
іс-әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа бейімдеулері
қажет. Сондықтан құқықтың нормалары – тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-
құлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай
дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.
(Қазақстан Республикасының Конституциясының 19-бабы) [8]. Тұлғалардың мінез-
құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға
бағыттап, жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады,
бассыздықтан қорғайды.
Формальдық анықтылық – құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқықтың
мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді [9].
Құқықты, оны құратын заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын,
жалпы алғанда, мемлекет.
Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды.
Заң - ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атынан жасалатын
болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже, қағида заң шығарушының
тұлғалардың мінез-құлқы туралы ойын анықтап, түсінікті түрде тұжырымдайды.
Қағидада артық сөз болмауы керек, оның әрбір сөзінің әлеуметтік мәні
болады, себебі ол қоғамдық қатынасқа қатысатын тұлғалардың мінез-құлқын
анықтау арқылы олардың тағдырына әсер етеді.
Құқықтың енді бір белгісі – мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемлекет
құқық қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе,
олар тек қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның
органдары тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай
жасайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша елімізде
азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда
көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген
нормаларға сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы
көтеретін ақыға беріледі. (25-бап) Егер азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарына қол сұғылса, мемлекет оларды қорғайды. Заңды бұзғандар
құқықтық жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына келтіріледі
[10].
Құқықтың тағы бір белгісі – адамдардың еркін білдіруі. Қазақстан
Республикасының Конституциясында жазылғандай, мемлекеттік биліктің бірден-
бір бастауы – халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және
еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды
мемлекеттік органдарға береді. (3-бап) [11]. Сонымен халық заңдарды өзі
тікелей қабылдай алады. Мұндай жағдайды заң тікелей халықтың еркін паш
етеді. Оған мысал, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халқының
Конституцияны қабылдауы. Конституция – құқықтың өзегі, ұйтқысы. Олай болса,
Қазақстанда қалыптасып келе жатқан құқық бүкіл көп ұлтты халықтың еркін
білдіреді, ойын жүзеге асырады десек, ешбір асыра сілтеу болмайды. Халықтың
ойын, еркін мемлекет органдары да тиісті нормативті актілер қабылдау арқылы
жүзеге асырады. Халық Президентті сайлайды. Ол халық атынан әрекет жасап,
өз өкілеттігінің шеңберінде нормативті актілер – заң күші бар жарлықтар,
жай нормативті жарлықтар, қаулылар қабылдайды. Президенттің нормативті
актілері Қазақстан құқығын қалыптастыратын бастау болып есептеледі. Құқықты
құратын нормалар тек бір адамның немесе әлеуметтік топтың еркін білдіріп,
мүддесін ғана қорғамайды. Ол – халық үшін қызмет істейді.
Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық
қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.
Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-
қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда
айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін,
қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма –
құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге
болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың
бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады
Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.
Құқық мазмұнының негізгі элементтері:
- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік,
мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп
басқару.
Құқықтың екі түрлі түсінігі болады: біріншісі – құқықтың обьективтік
түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың
қалыптасуы; екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік
қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді
уақытында қабылдап бекіту.
Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-
қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.
Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет
қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы
дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің
шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып
отырады
Сонымен, қорыта келе айтарым, құқықтық норманың түсінігін ашпастан бұрын
құқық ұғымын ашу керек екен. Ал құқық ұғымы – бұл ресми түрде танылған жеке
және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі.

1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны

Адам қоғамында сан алуан қатынастар, яғни байланыстар туындайды. Осы
қатынастарды реттеу, тәртіптеу ережелер, қағидалар, нормалар негізінде
болады. Норма дегеніміз мінез-құлықтың, жүріс-тұрыстың мөлшері, үлгісі,
эталоны.
Нормативтік реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан
тұрады. Олар әлеуметтік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінеді.
Қоғамның әлеуметтік нормалары дегеніміз қоғамдық қатынастарды реттейтін,
қоғамдық пікір күші ықпалымен немесе мемлекеттің мәжбүрлеуімен қамтамасыз
етілетін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы, жүріс-тұрыстары ережелерінің
жүйесі. Әлеуметтік нормаларға жататындар құқық нормалары, мораль (имандық,
өнеге) нормалары, қоғамдық ұйымдар (корпоративтік) нормалары, әдет-
ғұрыптар, дін нормалары және тағы басқа.
Әлеуметтік-техникалық нормалар – техникалық құралдарды пайдалану, қолдану
ережелері; санитарлық-гигиеналық нормалар; агрономиялық нормалар және тағы
басқа.
Әлеуметтік нормалар белгілеу және қамтамасыз ету тәсілдері бойынша
ерекшеленеді. Мысалы, құқық нормаларын мемлекет белгілейді және қамтамасыз
етеді, имандылық, әдет-ғұрып нормалары қоғам өмірінен туындайды және қоғам
пікірімен, адамның сана-сезімі арқылы қамтамасыз етіледі, діни нормалар
діннен туындайды және Алла тағаланың күшімен, адам сана-сезімімен
қамтамасыз етіледі [12].
Жасалу тәсілі бойынша нормалар саналы және стихиялық (сұрапылдық) түрге
бөлінеді. Баяндау және көріну тәсілдері бойынша нормалар ауызекі және
жазбаша түрге бөлінеді. Мысалы, құқық нормалары әрқашан да жазбаша, ал
өнегелік нормалар ауызекі болады.
Әдет-ғұрып дегеніміз, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, дағдыға
айналған географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи
қалыптасқан, жазылмаған мінез-құлық қағидасы. Әдет-ғұрыптар ұрпақтан-
ұрпаққа ауысып, адамдардың сана-сезіміне ананың сүтімен, қауым өмірінің
үлгісімен сіңіп, адамдардың мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін бағыттап
отырады. Мысалы, қазақ даласында, қазақ халқында әдет-ғұрыптар, дәстүрлер
құқықтың қайнар көзі болған.
Қазіргі заманда әдет-ғұрыптар әр түрлі дәрежеде сақталған. Негізінде әдет-
ғұрыптар отбасы, туыстық қатынастарды реттейді.
Құқық пен мораль тығыз байланыста. Осы екі құбылыстың жалпылама
ерекшеліктерін және айырмашылықтарын көрсету қажет.
Жалпылама ерекшеліктері құқық пен мораль экономикалық базиске жасалған
қондырма болып табылады, қоғамдық қатынастарды реттейді, әлеуметтік-
экономикалық мүдделердің ортақтығына (бірлігіне) негізделеді.
Құқық пен мораль көпшілік жағдайларда ерікті түрде жүзеге асырылады және
жүзеге асырылуының ішкі кепілі – адамның ар-ұяты мен намысы [13].
Құқық нормаларының талаптары моральдық талаптарға негізделеді. Мысалы,
Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында былай айтылған: Неке
мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына
қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі
парызы. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-
анасына қамқорлық жасауға міндетті [14].
Бұл талапта құқық нормасының талабы және мораль нормасының талабы бірдей
көрініс табады.
Кейбір құқық салаларында моральдық талаптардың ықпалы аздау. Мысалы,
салалық құқықта, азаматтық құқықта, қаржылық құқықта және тағы басқа. Ал
отбасы, қылмыс, халықаралық құқықта моральдың маңызы өте зор [15].
Енді құқық пен моральдың айырмашылығына тоқталу қажет.
1. Құқық мемлекетпен бірге, қатар пайда болады, ал мораль мемлекеттен
бұрын пайда болады. Құқық жазылған нормалардан тұрады, ал мораль күрделірек
құрылым және жазылмаған ережелер, талаптардан тұрады. Құқық мемлекеттік
мәжбүрлеудің болу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі, ал мораль дағды арқылы
немесе қоғамдық пікір күшімен қамтамасыз етіледі. Нормативтік реттеу
жүйесінде құқық ерекше орын алады. Бұның себебі құқықтың айрықша
белгілеріне байланысты.
2. Құқықты социологиялық және философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең
түсінік болып, оған құқық нормаларымен қатар қатынастар да жатады.
Құқыққа, ерекше әлеуметтік құбылыс ретінде, жалпы және айрықша белгілер
тән.
1. Құқық жазылған нормалардан тұрады. Нормативтік тек құыққа тән жағдай
емес. Ол адамның табиғатымен байланысты және кез-келген әлеуметтік ұйымға
тән. Нормативтік дегеніміз, адамдардың ой жүйесін, қоғамдық өмірін
тәртіппен, соның нәтижесінде белгілі ережелерге бағындыру.
2. Құқық әділдік және бостандық идеяларын білдіреді. Әділдік пен
бостандыққа адамзат ежелден ұмтылып, оларды армандаған. Әділдік – адамның
игілігіне бағытталған жағдай, ол басқа адамның мүддесіне зиян келтірмейді,
қоғамға пайдалы. Осы талаптарға сай келетін адамның әрекеті әділ болып
саналады.
Марксизм-ленинизм негізін қалаушылар әділдікті тек таптық мүдделермен
байланыстырады.
Бостандық – адамның ажыратылмайтын қасиет. Тек бостандық болса ғана адам
лайықты өмір сүре алады, барлық өзіне тән шығармашылық мүмкіндіктерін аша
алады [16].
1. Құқықтың бейнелейтін объектілері болады. Олар – билік, мемлекет,
қоғамдағы тәртіп. Солар арқылы әділдік пен бостандық жүзеге асырылады.
Әрине, әділдік пен бостандық шектелсе де, сол аталған құбылыстар арқылы
жүзеге асырылады. Құқықтың нормалары мен мемлекет органдарының арасында
қайшылық, үйлеспеушілік болуы мүмкін. Заңдарда адамдардың құқықтары мен
бостандықтары жарияланғанымен, мемлекет органдары олардың жүзеге асырылуын
қамтамасыз етпеуі мүмкін.
2. Құқық адамның іс-әрекетін реттейді, оның ойына, сезіміне әсер етеді.
Егер адам заңдарда әділдік пен бостандық баянды етілетініне көзі жетсе,
оларды орындау қажет деп есептейді. Мұндай жағдайда адам өз еркімен заң
талабын орындайды. Заң талабын бұзса, кінәліге мәжбүрлеу шаралары
қолданылады.
3. Құқық заңдар түрінде қалыптасады. Заңдарда адамдардың еркі баянды
етіледі. Адамдардың еркін заң шығаратын орган ресмилендіреді. Сондықтан
құқық – мемлекет таныған адамдардың еркі. Егер құқық әділдік пен
бостандықты паш етсе, ол жалпы халықтық құқық деп саналады.
4. Құқықтың формальды анықтылығы. Заңдарда бекітілген нормативті
нұсқаулар ерекше қасиетке ие болады. Ол – формальды анықтылық. Оның
белгілері: айқындығы, бір мағыналылығы, қысқалылығы. Бұл құқық
субъектісінің не нәрсені істеуге болады, нені болмайтындығын білуіне
ыңғайлы, әрі қолайлы. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлау – қылмыс [17].
Құқықтың жүйелілігі - оның тағы бір қасиеті. Заңдарда жазылған құқықтық
нормалар өзара байланысты, үйлесімді болады. Құқықтың нормалары тек осындай
негізде жазылып, қалыптасса ғана құқық өзінің борышын орындауға қабілетті
болады.
Құқықтың тағы бір қасиеті – оның өзгермелілігінде. Қоғамдық өмір сүрісіп
қалмай, құбылып өзгеріп тұрады. Соған сәйкес құқық нормалары да өзгерген
қатынастарды лайықты түрде реттеу үшін өзгеріп тұруы қажет. Осыған
байланысты ескірген заңдар күшін жояды, жаңа заңдар қабылданады. Құқық
біркелкі қалыпты түрде адамдарға қолданылады. Осының өзі құқықты
теңсіздіктің баянды етілетінін байқатады. Адамдар әртүрлі: біреу әлсіз,
біреудің қабілеті мол, екіншісінікі кем, біреудің отбасы бар, біреу бойдақ.
Адамдардың мұндай айырмашылығын заң ескере бермейді. Сондықтан заң
адамдарды іс жүзінде теңдестіре алмайды.
Әрине өмірдің кейбір салаларында, мысалы, саяси құқықтармен пайдаланғанда
барлық азаматтардың жағдайы бірдей [18].
Құқықты мемлекет қорғайды. Құқықтың барлық нормаларының талаптарын
адамдар өз еркімен орындай бермейді. Соған байланысты мемлекет құқық
талабын бұзғандарға мәжбүрлеу тәсілін қолданады. Мұндай қорғау болмаса,
құқық жоқ деп есептеу керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа
жолдауында он жыл біздің конституциямыздың мерей тойы, осы он жыл ішінде
еліміз тұрақты экономикалық дамуда, деп көрсетті.
Сонымен, ел Президенті ерекше атап өткендей, әрекет етуші конституцияның
потенциалын ары қарай да максималды түрде қолдану керек. Бүкіл әлем
демократия мен заңдардың сақталуы ажырағысыз деп мойындайды.
Конституция мемлекеттің негізгі заңы және ол сол мемлекеттің құқықтық
жүйесінде приоритетті жағдайды иеленеді. Конституция құрамына мемлекет және
құқықтың әлеуметтік сфералары саясаттың, экономиканың, қоғамның мәнін
анықтайтын базалық идеяларды білдіреді. Конституцияда мемлекеттік реттеудің
мәні мен шектері бекітілген, мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі
бастаулары анықталған, ұлттық және халықаралық құқықтардың ара-қатынасы
көрсетілген.
ҚР-ның Конституциясымен ҚР-да Президенттік басқару формасы анықталған
және мемлекеттің басты қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары және
бостандықтары.
Республика қызыметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси
тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму;
қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін
демократиялық әдістермен,оның ішінде республикалық референдумда немесе
Парламентте дауыс беру арқылы шешу [19].
Мемлекетіміздің құқықтық-демократиялық даму жолында өркендеуінің
бірден-бір ұйытқысы - тәуелсіз еліміздің Конституциясына он жыл толды.
Тарих үшін бұл уақыттың бір ғана сәті екендігіне қарамастан, еңсесін
тіктеп, таяуда ғана тәуелсіздік алған еліміз үшін бұл оқиғанын маңызы
ерекше. Себебі, Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы,...,-
деп басталатын ата заңымыз біздің ата-бабаларымыздың аңсап кеткен
егемендігі мен тәуелсіздігіне қол жеткізуінің куәсі іспетті. Тарихи сонау
тереңде жатқан қазақ елі үшін тәуелсіз ел болып, еліміздің мемлекет болып
бой көтеруі - үлкен жетістік екені даусыз.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына дәстүрлі
жолдауында Конституциямыздың әлеуетін барынша пайдалану қажеттігі, оның
әлемдегі демократиялық қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келетіні
танылып отырғандығын және Конституцияда берілген құқықтарды айқын пайдалану
жайында ғана болуға тиістігін атап көрсетеді.
Бүгінгі елімізде жүргізіліп жатқан сот реформасындағы оң өзгерістер
біртіндеп жүзеге аса бастағаны және соның арқасында сотқа деген халықтың
сенімі күннен күнге артып келе жатқанын айта кетпесе болмас. Көптеген
заңдар қабылданып, өзгерістер енгізілді, әрине алда, шешімін табуға тиіс
басқа да келесі мәселелер бары белгілі. Дегенмен, басшылыққа алып, бағдар
беретін негізгі заң өз әлеуетін әлі жоғалтқан жоқ. Мәселе оның орындалуына
қатысты болуға тиіс.
Сондықтан, Қазақстанның әл-ауқаты мен тұрақтылығының, демократиялық
жолмен дамуының іргетасы болған Конституцияны құрметтеу және оны сақтау-
әрбір азаматтың борышы. Еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығының кепілі-
Конституция.
Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамдық тіршілік тынысын
реттеуші және қазақ халқын басқа мемлекеттерден қалмай биік шыңға жетелеуші
және ол шынайы демократиялық құжат екеніне көзіміз жеткен секілді. Еліміз
Конституцияға бағынғанда ғана ол бізге қызмет ететіндігін ұғынуымыз қажет
[20].
Корпоративтік нормалар (қоғамдық ұйымдардың нормалары) дегеніміз қоғамдық
ұйымдардың қызмет атқаруда мақсаттарына жету үшін жасалған жарғыларында,
ережелерінде, шешімдерінде бар болатын, белгіленген жүріс-тұрыс ережелері.

1.3 Құқықтың жалпы әлеуметтік мәні, құқық салалары

Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама
беруге болады: Құқық бұл-жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен
қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да
ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы. Құқық
бірнеше бөліктен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі –табиғи құқықтың
мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік талаптармен
анықталады.
Құқықтық әлеуметтану теориясы өте күрделі. Сондықтан ол осы уақытқа дейін
өз деңгейінде қалыптаса алмай келеді, өйткені, ғалымдардың арасында бұл
мәселе бойынша қалыптасқан ортақ ой-пікір әлі жоқтың қасы. Ой салыстыру,
таластар әлі күнге дейін қызу жүріп жатыр.
Әлеуметтанушылардың пікірінше, құқық әлеуметтануы жалпы әлеуметтанудың
белгілі бір саласы болып табылады. Құқық әлеуметтануы, әлеуметтік
юриспруденция ұғымдары әртүрлі мағынада болып, олар әлеуметтану мен құқық
ғылымдарына қолданылады. әлеуметтік құқықтың юриспруденция ұғымы құқық
ғылымдары дамуының әлеуметтік бағытымен белгілеп анықтаса, құқық
әлеуметтануы (юридикалық әлеуметтану) ұғымы жалпы әлеуметтану ғылымынң жеке
саласындағы әлеуметтік-құқықтық зерттеулерді белгілеп анықтайды. Сонымен,
бұл екі ұғымның мазмұны мен көлемі жағынан бірдей, екеуі де жалпы
әлеуметтанудың қоғамдағы құқықтың саласымен айналысатын өз алдына жеке
бөлімдеріне қолданылады. Біздің пікірімізше, қазіргі құқық әлеуметтануы
құқықыты негізінде үш мағынада қарайды.
Біріншіден, құқық –бұл міндетті түрде орындалатын әлеуметтік ережелердің
жиынтығы.
Екіншіден, құқық белгібір қызметті атқаруда адамның, қоғамның
мүмкіншілігі, бостандығы, егемендігі болуын қамтамасыз етеді. Мысалы, еңбек
етуге, демалуға рұқсат беруді айтады.
Үшіншіден, құқық куәлік ретінде де қолданылады. Мысалы, машина жүргізу
құқықығы, т.б.
Құқық ғылымының да жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтану бөлімі бар. Осыған
орай жалпы құқықтық ғылым мемлекет пен құқықты қондырманың бір түрі ретінде
қарап, оларды қоғамның барлық салаларымен, әсіресе, экономикалық
құрылымымен тығыз байланыстылығын, оған белсенді түрде әсер етіп отыратынын
көрсетеді. Әлеуметтану ғылымы жеке қоғамдақ және гуманитарлық (оның ішінде
құқықтық) ғылымдармен тығыз байланыс қатынастарда болып, олардағы
құбылыстарды, үдерістерді, көкейтесті мәселелерді, ой-пікірлерді, істің
мәні мен мазмұнын әлеуметтану тұрғысынан жан-жақты, терең зерделеуге,
тұжырымдауға тырысады.
Ал, жалпы құқық ғылымы осындай әлеуметтік теориялық негіздеуді, яғни оның
теориялық заңдылықтарын, әдістемелік нұсқау бағдарламаларын, құқықтық
құбылыстар мен процестерді зерттеудің ғылыми әлеуметтік әдістерін әр
уақытта қажет етіп отырады, оларды кеңінен қолдануға тырысады.
Жоғарыда көрсетілгендей, осындай жалпы әлеуметтану мен жалпы құқық
ғылымының тығыз байланыстары, әсіресе, әлеуметтану құқық ғылымына кең
енуіне (кіруіне) байланысты әлеуметтанудың арнаулы салалық теориясы- құқық
әлеуметтануы пайда болды.
Құқық әлеуметтануы құқықты біртұтас, бірыңғай жүйе, ерекше бір әлеуметтік
құрылым ретінде қарайды. Ал, мұндай құрылым әр уақытта әлеуметтік шеңберде
қаралуы тиіс. Осыған орай құқық әлеуметтануы құқықтың қоғамдық қатынастар
жүйесінде алатын орны мен атқаратын қызметін (функциясын), оның шығуы мен
дамуын, өзгеру тетігін, құқықтық (юридикалық) ережелердің құрылымын,
олардың қоғамдағы адамдарға, топтарға, жіктерге, т.б. пайдалылығын,
тиімділігін, басқа да қоғам салаларымен, құбылыстармен байланыстарын,
ықпалын зерттейді.
Құқық әлеуметтануы әртүрлі қоғамдық қатынастар жүйесінде, яғни құқық пен
құқықтық сананың әр уақытта таптық сипатта болатынын, ақыр аяғында құқықтық
экономикалық қатынастармен шарттас, тікелей байланыста, дұрысы, оларға
біршама тәуелді екенін көрсетеді, сонымен қатар қоғамда құқықтық реттеудің
көмегімен әлеуметтік қорғауды, бақылауды қамтамасыз етуді және қоғамдық
өмірді ұйымдастыруды зерттейді.
Қоғамдық қатынастар жүйесінде құқықтық әлеуметтік ережелердің дамуы,
қоғамдық тәртіпті қолдау, тілек-талаптарды реттеуші сала ретінде талданады.
Ол құқықты, құқықтық сананы және құықтық шығармашылықты қалыптастыру
үдерісі ретінде және құқықтық, юридикалық ережелерді қоғамның барлық
деңгейінде әлеуметтік тәртіпке айналдыру үдерісі ретінде қарастырылады.
Осыларға орай жалпы құқық деген не, оны әлеуметтік тұрғыдан қалай түсіну
керек, деген заңды сұрақтар туады. Жоғарыда көрсетілгендей, құқық – алуан
түрлі нормалардың (ережелердің), бұйрық-жарлықтардың, талап-тілектердің
жиынтығы.
Норма деген термин латын тілінен алынған ұғым, ол ереже (яғни, мөлшер,
шама деген мағынаны білдіреді. Жай тілмен айтқанда ереже сөзі басқарушы
деген жалпылама мағынада қолданылады.
Әлеуметтік ереже дегеніміз, белгілі бір адамдар ұжымының мүддесін көздей
отырып жасалған және бекітілген, әрі адамдардың бір-біріне өзара
қатынасының тиісті тәртібі. Бұл тиісті, міндетті тәртіп қоғам тарапынан
жасалған алуан түрлі іс-шаралармен қорғалып, сақталынып отырады.
Құқықтық ереже әлеуметтік ереженің бір түрі. Құқықтық нормаға әлеуметтік
норманың барлық белгілері, қасиеттері кірген. Сондықтан құқықтық ереже
әлеуметтік ережені қайталап отырады. Бұл екеуінің арақатынасы бүтін мен
жартыға тең. Сонымен, жоғарыда көрсетілгендей, құқық ережесі дегеніміз
мемлекет шығарған және бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен
қамтамасыз етіліп отырылатын жалпыға бірдей мінез-құлық тәртібінің ережелер
жиынтығы.
Құқықтық ереженің сапалы болуы, оны жасайтын адамның өрісімен танымына,
мақсатына байланысты. Оның шығатын көзі – мемлекет. Сондықтан құқықтық
ережелер жалпыға бірдей міндетті, тиісті тәртіп бола отырып, қоғамдағы
адамдардан, олардың алуан түрлі таптары мен топтарына, жіктерінен оны
бұзбауды, сақтауды, орындауды, қорғауды талап етеді. Жалпыға міндетті
ережелерге айнала отырып, құқық ережесі әлденеше құбылыс, үдерістермен
ықпалдасып, қайталанып отыратын қоғамдық қатынастармен байланыста болады.
Осы қайталанатын қатынастар, бір жағынан құқық ережесімен реттеліп отырса,
екінші жағынан қайталанатын қатынастар құқық ережелерін жалпыға міндетті
ережеге айналдырады.
Құқықтық ережелерді орындамаушылық, тәртіп бұзушылыққа қарсы мемлект
тарапынан еріксіз, мәжбүр ету, т.б. шаралары қолданылады.
Сонымен, өзінің түрі жағынан құқық – бұл ережелер жүйесі, ол мемлекеттің
белгілеп орнатуы, көндіруі немесе санкциясы арқылы жүзеге асырылып отырады.
Құқықтық және нақтылы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерін айыра білу
қажет, өйткені, қоғамдағы ережелер (нормалардың) ондағы индивидтердің
(адамдардың), әлеуметтік топтардың, жіктердің мұң-мұқтажы, талап-
тілектерінің жанама түрде байланысты болады, ал ресми қабылданған құқықтық
ереже (норма) қоғамда құқық жүйесінің жалпы өмір сүруін қамтамасыз ететін
бірден бір шарт болып есептеледі.
Алуан түрлі мекемелердің, ұйымдардың, әлеуметтік топтардың, индивидтердің
және т.б. әрқайсысының өзіне тән ерекше талап-тілегі, мұң-мұқтажы, мүддесі
болғандықтан қоғам әр қилы Әлеуметтік кеңістіктегі күштердің жиынтығынан
тұрады десек, қателеспеген болар едік. Сондықтан бұлардың әрқайсысы
әлеуметтік өмірде әртүрлі орында, ортада, жағдайда болып, әлеуметтік
ресурстарда (мысалы, экономикада, саясатта, өнерде, т.б.) теңсіздікте
болады. Әлеуметтік ресурстардың негізгі бір түрі құқықтық ресурс деп
аталады. Осыған байланысты әлеуметтанушы мынандай мәселеге ерекше назар
аударуы мүмкін. Қандай кезеңдерде немесе жағдайларда болмасын, кейбір
әлеуметтік жағдайы біршама жоғары және көптеген әлеуметтік ресурстармен
қамтамасыз етілген жеке адамдар мен топтар әрекет, қызмет етіп отырған
құқықтық ережелерді (нормаларды) шектеуге мүмкіншіліктері бар ма,
қолданыстағы, яғни, олардың жұмысын біршама тоқтата ала ма немесе кейбір
құқық ережесі (нормасы) басқа бір адамдардың, топтардың мұң-мұқтажына,
талап-тілегіне қарсы тұрып, кедергі келтіре ала ма немесе қоғамда жоғары
тұрған адам немесе топ бола ма, т.б.
Құқықта бекітілген құқықтық актілер ережелердің (нормалардың) жиынтығы
десек, онда құқық таза (яғни, юриспруденция) ғылымына жатады да әлеуметтік
сипаты болмайды.
Құқық саласы-өздерінің реттейтін біртектес қоғамдық қатынастардың ортақ
болуы арқылы біріккен құқықтық нормалар мен институттардың бөлектенген
тобы. Сондықтан оларды жіктеп дербес топтарға бөлу қажет.
Мемлекеттік немесе конституциялық құқық – құқықтың жетекші саласы болып
табылады. Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасының қоғамдық
құрылысы мен саясатының, Қазақстан азаматтарының құқықтық жағдайын,
бостандықтары мен міндеттерін, Қазақстанның мемлекеттік органдарының
жүйесін бекітетін мемлекеттік – құқықтық нормалардың жиынтығын құрайды.
ХХI-ғасырдың бірінші он жылдығы Қазақстанда конституциялық құрылыстың
жаңа кезеңімен атап өтілді. 2007 жылғы 21 мамырда Қазақстан
Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Заң қабылданып, онда ел үшін қағидаттық маңызды жаңалықтар жарияланды. Бұл
ретте уақыт тезінен өткен мемлекеттік құрылыстың Қазақстандық үлгісінің
өлшемдері негізінен сақталды.
Конституциялық реформа барысында осы үлгі аясында Парламент палаталарының
рөлі мен ықпалын арттырған билік қатынастарының жүйесі жаңғыртылды, олар
бүгінде мемлекеттегі істің жай-күйіне бұрынғыдан да үлкен жауапкершілік
алады.
Азаматтық қоғам институттарының жан-жақты дамуы, мемлекет пен қоғам
қатынастарының үйлесімділігі бағдарының нәтижесінде мемлекеттік және
қоғамдық институттардың неғұрлым белсенді өзара іс-қимылына конституциялық
тыйымдар мен шектеулер алып тасталды, бүгінде біздің елдің ішкі жағдайы мен
қажеттіліктеріне толықтай сай келетін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі
жаңартылды.
Сот төрелігін іске асыру кезінде соттардың тәуелсіздігін нығайтуға
бағытталған сот-құқықтық реформаның жаңа кезеңіне конституциялық деңгейде
қарқын берілді. Өлім жазасын қолдану аясы қысқартылып, адамдардың өлімімен
ұштасатын террористік қылмыстармен және соғыс уақытында жасалған аса ауыр
қылмыстармен ғана шектелді, бұл Қазақстан жағдайында өлім жазасының іс
жүзінде жойылғанын білдіреді. Соттың қамауға алуға санкция беруі енгізілді,
прокуратура мен соттың тергеу жүргізу мүмкіндігіне конституциялық тыйым
алып тасталды.
Жүргізілген реформа осылайша мемлекет пен қоғам институттарын одан әрі
демократияландыруға бағытталған. Конституцияда танылған осы жүйелі
шешімдердің барлығы Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасында одан
әрі іске асуға тиіс.
Норма түзушілік қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында қолданыстағы
заңнаманы жүйелеу, заңнама салалары бөлігінде одан әрі топтастыру; оны
ескірген және қайталама нормалардан арылту, құқықтық реттеудегі
олқылықтардың орнын толықтыру, қолданыстағы құқықтағы ішкі қайшылықтарды
жою; заңдардағы сілтеме нормаларда анық баяндалуы керек. Конституцияға
сәйкес заңнамалық актілер қабылдана алатын мәселелер тобы шеңберінде
тікелей қолданылатын заңдарды қабылдау практикасын кеңейту жөніндегі
жұмысты жалғастыру қажет.
Нормативтік құқықтық актілерді бағалаудың халықаралық стандарттары
енгізілетін болады, бұл азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін
неғұрлым толық ескеруге, құқық нормаларының тиімділігін, үнемділігін және
ұтымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік және қоғамдық институттардың күш-жігері елдің Негізгі заңының
барлық конституциялық айқындамаларда қамтылған жасампаз әлеуетінің жүзеге
асырылуы төңірегінде шоғырлануы тиіс.
Заңнаманы жетілдіру процесінде және құқық қолдану қызметі барысында
Конституцияның үстемдік принциптерін және төменгі деңгейдегі актілердің
жоғары деңгейдегі актілердің нормаларына сәйкестігін бұлжытпай сақтау
қажет.
Елдегі заңдылық режимін және құқықтық жүйенің тұрақтылығын да, сонымен
қоса қолданыстағы Конституция шеңберінде ұлттық құқықтың қарышты дамуын да
қамтамасыз ететін жүйелі шаралар қажет. Құқықтық саясатқа кешенді көзқарас
барлық нормативтік-құқықтық базаны мемлекет дамуының жалпы стратегиясы
тұрғысында, оның ішінде нәтижелілік, ашықтық және есептілік принциптерінде,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін
қамтамасыз ететін мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін жасау жөнінен
жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Конституциялық құқық — Қазақстан Республикасы құқық жүйесі салаларының
бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін
білдіреді және басқа құқық жүйесінін нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі
тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың
ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің
болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін
қоғамдық қатынастар оның пәнін құрайды.
Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық
құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам
құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен
тікелей байланысты жүргізіледі.
Конституциялық құқық пәнін білмейінше, оның нормаларын қолдану саласында
анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді талдау кезінде, ең
алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол
үшін, реттеудін, нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын
белгілеу қажет.
Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастар аясы мейлінше
кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық,
әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық
құқық нормалары аталған салаларды барлық көріністері бойынша және жан-жақты
реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана
реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси,
экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды.
Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп
аталатын белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және
қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық-құқықтық қатынастарды реттеу
үшін төмендегідей: 1) міндеттеу әдісі; 2) тыйым салу әдісі; 3) рұқсат ету
әдісі; 4) тану әдісі қолданылады. Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға
сияқты, жеке тұлғаларға да қатысты, олардың барлық қызмет саласында
қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабында:
Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және
бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне
қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін
қамтамасыз етуге міндетті деп жазылған. Қазақстан Республикасы
Конституциясынын, 6-бабы бұл әдісті қолданудың тағы бір мысалы болып
табылады. Яғни: Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам
игілігіне де қызмет етуге тиіс. Аталған қағида мемлекеттік меншікке
сияқты, жеке меншікке де қатысты. Тиісінше, конституциялық норма
мемлекеттік органдарды да, жеке меншік иелерін де меншікті тек өз мүддесіне
ғана емес, сондай-ақ қоғам мүддесіне де пайдалануға міндеттейді.
Конституциялық құкықта тыйым салу әдісі де кең қолданылады. Бұл әдіс,
көбіне мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады.
Тыйым салу әдісі азаматтарға қатысты шектеулі жағдайларда ғана қолданылады.
Әкімшілік құқық-мемлекттің басқару аясында мемлекет органдарын
ұйымдастыру және олардың атқарушы-өкім ету қызметінің барысында пайда
болатын қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті басқару органдарының
құрылымы мен құзіретін белгілейді.
Осылайша, прокурорлық қадағалаумен қатар атқарушы биліктің уәкілетті
лауазымды тұлғаларының заңда көзделген әкімшілік мәжбүрлеу шаралары
жағдайларын қолдана отырып, бағынысты емес субъектілерге – азаматтар мен
ұйымдарға қатысты жүзеге асыратын, әкімшілік заңнамамен реттелетін қызмет
салаларындағы заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету мақсатындағы әкімшілік
қадағалаудың болуы заңдылық.
Яғни азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қатаң сақтау
кезіндегі әкімшілік қадағалаудың міндеті әкімшілік құқықтық режимді
сақтауды қамтамасыз ету.
Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жетілдірудің перспективалы бағыттары:

- бақылау-қадағалау органдарының жүйесін оңтайландырумен;
- кәсіпкерлерге ғана емес, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтық қатынастар субъектілері
Халықаралық құқық субъектісі
Жеке тұлғаларадың халықаралық құқықтық субектілері
Халықаралық ұйымдар
Жеке тұлғалардың азаматтық құқықтық субъектілігі
Қазақстан Республикасы- халықаралық құқық субъектісі
Халықаралық құқығының негіздері
Халықаралық құқық қайнар көздері
Азаматтық-құқықтық қатынастар ұғымы
Халықаралық құқық
Пәндер