Мемлекеттің басқару нысаны және Қазақстан республикасының басқару нысанының өзіндік сипаты


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

2043 Мемлекеттің басқару нысаны және Қазақстан республикасының басқару нысанының өзіндік сипаты

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

1 Мемлекет нысанының түсінігі және мазмұны . . . 9

1. 1 Мемлекетті басқару нысаны және оның түрлері . . . 9

1. 2 Мемлекет құрылымының нысаны . . . 15

1. 3 Мемлекеттің саяси жүйесі және ерекшеліктері . . . 18

2 Қазақстан Республикасының басқару нысаны . . . 20

2. 1 Хандық биліктен президенттік институтқа дейін… . . . 20

2. 2 «Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясы (1990ж) және «ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» (1991 ж) конституциялық заңының Қазақстандағы бақару нысанының қалыптасуындағы рөлі . . . 30

2. 3 Президенттік Қазақстан - демократиялық, егеменді, әлеуметтік, зайырлы мемлекет . . . 42

3 Шет елдердің басқару нысандарының ерекшеліктері . . . 53

Қорытынды . . . 62

Пайдаланылған дерек көздер тізімі . . . 65

Кіріспе

Мемлекет деген ойдан туған абстракция емес. Ол қоғамда нақтылы материлизацияланған құбылыс. Тақырыптың өзектілігі сол, билік жүргізу барысыныда халық өз мүдделерін қорғайтын мемлект ұйымдастырды. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына және арнайы нысанға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің нысанында қалыптасуына қоғамда демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады. Нысан мәнді, мән нысаналы. Мемлекеттің мәні қалыптасқан, қабылданған нысаннан өзінің көрінісін табады. Мысалы, құлиеленуші мемлекеттердің мәні үстем, қанаушы таптың саяси билігінің диктатураса, оның нысаны - шексіз монархия. Осыған байланысты мемлекет және құқық теориясында мемлекет нысанының үлкен маңызы бар. Мемлекеттің нысаны даму кезеңдерінде өзгеріске ұшырап, бір сападан бір сапаға өтетін болса, оның тетіктері де өзгеріске шалдығады.

Мемлекеттің нысаны дегеніміз мемлекетте билік жүргізуді ұйымдастырудың арнайы сыңарларының мәндік жиынтығы. Мемлекеттің нысаны негізінде үш сыңардан тұрады: Мемлекеттің басқару нысаны; Мемлекеттің құрылымы; Саяси режим.

Мемлекеттің басқару нысаны деп қоғамда жоғары мемлекеттік биліктің ұйымдасуын және оған халықтың тікелей қатысуын айтады. Мемлекеттің басқару нысаны монархия және республика болып екіге бөлінеді.

Монархияда мемлекеттік билік тек қана бір адамның қолында болады, билік тұқым жалғастыру арқылы беріледі. Монархия екі түрге бөлінеді: Абсолюттік (шексіз), және конституциялық (шектелген) .

Республикада жоғары мемлекеттік биліктің қалыптасуы сайлау арқылы бір мерзімге дейін құрылады. Монархиямен салыстырғанда республика жоғарғы сатыда прогрессивтік басқарудың нысаны болып табылады. Республиканың мынадай сипаттары бар:

  1. Мемлекет басшысы сайлау арқылы өклеттікке ие болады.
  2. Мемлекет басшысы өзінің функцияларын арнайы белгіленген мерзімде атқарады.
  3. Мемлекет басшысымен қатар жоғарғы өклеттік орган өзінің функцияларын атқарады.

Республиканың үш түрі бар: президенттік, парламенттік, аралас және Кеңестер республикасы. [1, 58б]

Осылардың ішінде Қазақстан республикасының басқару нысаны Конституция бойынша Президенттік республика. Президенттік республикада АҚШ, Қазақстан, Ресей президент мемлекет басшысы, үкімет президенттің алдында жауап береді, ол мемлекеттің жоғарғы лауазымдарын тағайындайды және олар президенттің өкілі болып саналады (мысалы, Қазақстанда әкімдер) . Мемлекет басшысы, парламент шығарған заңдарды бекітеді. Теориялық мағынада президент парламентті тарқатуға құқы жоқ. Бірақ, практикада көптеген елдерде бар (Қазақстан) . Президенттік республикада заң шығарушы орган- парламент ең жоғарғы орган болып табылады. Парламент президентті және үкіметті сайлау құқына ие. Олар билікті іске асыруда парламенттің алдында жауапты. Егер парламент үкіметке сенімсіздік білдіретін болса, қызметін доғарылуы тиіс. Мұндай жағдайда президент парламентті таратуға құқы бар. Өзге басқару нысандарын Қазақстандық басқару мен салыстыра отырып талдау, оның оң және теріс жақтарын анықтау жұмыстың негізгі бөлімінде жоспарға сәйкес қаралды.

Осы жұмыстың ғылыми зерттелу деңгейі. Заң ғылымы салаларының зерттеліп, танылмаған қырлары көптеп саналады. Соның ішінде Қазақстан Республикасының басқару нысаны толық ізденіс, зерделеуге тұрарлық жақтарының бірі оның өзіндік ерекшеліктермен қалыптасып келе жатқандығы. Ол осы күнге дейін мардымсыз зерттелген десе де болады, оны ғалымдардың еңбектерінен байқауға болады, оған бірден бір себеп Қазақстанның тәуелсіздік алып, президенттік республика ретінде қалыптасып отырғанына азғана уақыттың өтуі, Сондықтан әлі де көп бөлігі тек мақала, автореферат түрінде қарастырылған.

Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Жұмыстың негізгі идеялары мен қағидалары елімізді дамыған 50 елдің қатарын жеткізетін жақсы, халық мүдделерін толық қанағаттандыратын билікті басқару нысанына қол жеткізуге және оған ұмтылуға септігін тигізері сөзсіз. Бұл жұмыста қазіргі уақыттағы президенттік басқару мәселесіндегі ерекшеліктер, оның мәні нақты деректер келтіру арқылы, тарихи салыстыру арқылы беріліп отыр.

Дипломдық жұмыстың зерттелу объектісі, еліміздің өзіндік басқару нысаны, оның өзге мемлекеттердегі басқару нысанынан ерекшелігі және оның Қазақстан үшін маңызы мен тарихи сабақтастығы, ал пәні елімізің басқару нысаны.

Дипломдық жұмысты жазудағы мақсатымыз, Қазақстан Республикасының Конституция бойынша басқару нысанын анықтап, тарихи маңызын ашып және президенттік республиканың демократиялық, егеменді, әлеуметтік зайырлы мемлекет ретіндегі өзгешелігін көрсетіп, шет елдер басқару нысанымен оны салыстыра кету деп отырмын. Себебі, құқықтық, демократиялық мемлекет құру мақсатында қазіргі елімізде елдің басқару нысанын жетілдіруде соңғы кезде елеулі өзгерістер орын алуда. Осы жұмыста алға қойған мақсатқа жету үшін мына міндеттерді шешу қажет:

- мемлекеттік нысаны ұғымын мен мазмұнын анықтау;

- Қазақстан Республикасының басқару нысанын жан-жақты қарастыру;

- Шет елдердің басқару нысандарының ерекшеліктеріне сипаттама беру;

- Президенттік билікке дейінгі тарихқа шолу жасап, елеулі деген мәселелеріне көңіл бөлу болып табылады.

Дипломдық жұмысты жазуда біз мына әдістемелерді кеңінен қолдандық: тарихи- салыстырмалы, талдау, жүйелеу, саралау.

Жұмыстың тақырыбын ашу барысында пайдалануға негізгі әдебиеттер ретінде: Сапарғалиев Ғ. «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы», Ағдарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы», Амандықова С. К. «Қазазакстан Республикасының Конституциялық құқығы», Табанов С. А., Оразова А. Ә. «Күрделі заманның өтпелі кезеңдеріндегі қазақ қоғамы ата заңдарының (конституцияларының) тарихи - құқықтық сабақтастығы», Қопабаев Ө. Қ. «Шетелдердің Конститутциялық құқығы», Жоламан Қ. Д., Мұхтарова А. Қ., Тәукелев А. Н. . «Мемлекет және құқық теориясы» алынды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады: тақырыптың өзектілігі мен жұмыстың мақсаты белгіленетін кіріспеден, жұмыстың мазмұнын ашатын үш негізгі бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Мемлекет нысанының түсінігі және мазмұны

1. 1 Мемлекетті басқару нысаны және оның түрлері

Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттер көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет (Мысыр), Англия, АҚШ мемлекеттерінің философтары Аристотелъ, Монтескье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.

Тәуелсіз Казақстанда екі жылдан кейін, 1993 жылғы Конституциясының орнына екінші 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл соңғы Конституция мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың саяси жүйесі құрылды.

Мемлекеттің тарихи даму процесінде оның нысанына бірнеше жағдайлар әсер етеді, Бірінші жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы теңізге, мұхитқа шықса, бұл екі жағдайда екі мемлекеттің нысаны екі түрлі болады. Аралда орналасқан мемлекеттердің континенттік мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық режимдері күштілеу екені байқалады. Шығыс мемлекеттерде бірінші ірі цивилизациялардың дамуы ұлы өзендермен байланысты болды: Қытайда - Хуанхэ, Египетте - Ніл, Вавилонда - Тигр және Евфрат, Үндістанда - Ганг. Шығыс мемлекеттерде - монархия, Еуропада - шектелген монархия немесе республика құрылған. Ежелгі демократиялық республикалар Жерорта теңізінің жағасында орналаскан мемлекетгерде болғаны жақсы белгілі. Қазақстанның географиялық жағдайы, екі - Ресей және Қытай сияқты ірі мемлекеттермен көршілес болуы, теңізге қашықтығы және ашық жолдың жоқтығы мемлекеттің дамуына едәуір нұқсан келтіріп отыр[2, 132б] .

Мемлекеттің кұрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерін тигізеді. Ежелгі - феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның қалдықтары көп уақытқа дейін сақталып келді (Ману заңдарында, Салистік жинағында - Салическая правда), Орыс мемлекетінің жинағында - Русская правда) . Кейін алғашкы қоғамның ыдырау процесінде ол қаддықтар жойылады да мемлекеттің нысаны қатты өзгереді. Мысалы, Үндістанның мемлекет құрылысы туралы қатаң қағида болған: патшаның әділетті болуы, жеке меншікті бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан акылдарын тыңдауы міндетті болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдің феодалдық мемлекетінде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдері көпке дейін сақталып келді. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-катынастар шиеленіскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс кезінде көбіне мемлекетті басқару бір адамның қолында болады: Наполеон, Рузвельт, Гитлер, Пиночет, Ал мемлекетгің экономикасы жақсы дамыған кезде, жағдай тыныш уақытта демократиялық әдістер жақсы қолданатыны мәлім (Греция, Рим, Швейцария, Бельгия) .

Мемлекеттің құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерін тигізеді. Ресей, Үндістан, Америка, Мексика мемлекеттері көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан олардың мемлекеттік құрылымдары федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бір ұлттық мемлекеттер, бірақ біреулері тұтас мемлекет, екіншілері, мысалы, Германия федерация. Бұл жағдайды анықтау үшін Германияның мемлекеттік процесін және тарихын жақсы білу керек, XIX ғасырда Пруссия мен Австрияның гегемония үшін күресі Пруссияның жеңісімен аяқталды. Бірақ феодализм кезеңінен Германияның капитализмге көшкенімен, буржуазиялық мемлекеттін қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондыктан қазір де немістер бірнеше тәуелді мемлекеттерде тұрады; ФРГ, Швейцария, Австрия - олар федерацияға жатады.

Қазақстан жерінде көне дәуірден қазақтын арғы атасы - түріктер, бергі атасы - қыпшақтар өмір сурген. XV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзінің тәуелсіз мемлекеті болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы XX ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазіргі Конституциясы біртұтас, бөлінбейтін мемлекет болып жарияланды, мемлекеттің нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастар және абыройы күшті адамдардың істері де әсер етеді. Отарлық мемлекеттердің басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерінің нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси-мемлекеттік құрылысы, олардың демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі объективтік процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкіл Еуропа континентіне, Жапония жөне Скандинавия мемлекеттеріне өзінің шектелген конституциялық монархиясын үлгі ретінде сыйлағаны белгілі. Ал АҚШ өзінің көрші мемлекеттеріне және посттоталитарлық мемлекеттерге президенттік республикасының әсерін тигізді. Франциядағы Де Голль құрған парламенттік республика да кейбір мемлекеттерге әсерін тигізді.

Республиканың мемлекеттік құрылысына саяси күшті адамдардың қызметі және жүргізген саясаты өсерін тигізеді: Гитлер, Рузвельт, Шыңғысхан, Абылай, Петр Бірінші, Ататүрік және басқаларын еске алсақ дұрыс болады. Лениннің саясаты бір континенттің мемлекеттеріне 70 жылдан аса уақытқа үлгі болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың мемлекеттерінің тарихына ықпал жасағаны мәлім.

Мемлекеттің дамуына діни факторлары да әсерін тигізеді. Мұсылман, католик, христиан, буддистік мемлекеттердің өздеріне тән нышандары бар. Сонымен, мемлекеттің сыртқы формасын анықтау үшін кеп фактілерді терең зерттеу керек[3, 147б] .

Оқу әдебиетінде мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді: басқару нысаны, мемлекеттің құрылымының нысаны және саяси режим. Ал, негізінде, мемлекеттің нысаны тарихи кезеңмен және әрбір мемлекеттің ерекшеліктерімен байланысты екені мәлім. Сондықтан мемлекеттің әрбір нысанының кеп варианттары бар. Мемлекеттердің дамыған кезінде осы үш элементтерінің біреуі бірінші орынға шығады. Қазіргі Ресейде мемлекеттің екінші элементі - Ресей федерациясынын негізгі қағидаларын сақтау үшін Шешен республикасымен соғыс әдісін қолданғаны белгілі. Бұл Ресей федерациясының мықтылығын көрсету, негізгі принциптерін сақтау үшін істелген саясат. Бұл мемлекеттің құрылым нысанын бірінші орынға қойып отыр. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы соғыс кезінде федерацияны сақтау мақсаты мемлекеттің негізгі нысаны болды. Фашистік режим құрылған кезде мемлекет нысанының саяси режимі бірінші орынға шығады. Бейбітшілік кезде экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны мемлекеттің сырткы жағдайын белгілейді.

Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика екі түрге бөлінеді.

Монархия - жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі, тиюі. Сондықтан оның билігі - мұралық билік. Тақтың кешуінің екі әдісі бар: шығыс және кейбір Еуропа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға беріледі. Ал көпшілік Еуропа мемлекеттерінде еркек адамдарға да, әйел адамдарға да беріле береді (Ресей, Данйя, Англия) . Монархияның озбырлық жолмен де көшуі мүмкін; Наполеон, Каролингтердің тұқымдары, Чандрагупта, Вильгельм Оранский. Соңғы Англияда мемлекеттік тәңкеріс ұқсас даңқты революциясынан кейін заңцы патшаның қолынан билікті алғаны белгілі. Монархияның көшуінің үшінші түрі бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланды (Малайзия) . Тарихта екі монарх болған мемлекеттік басқару формасы да кездескен (Спарта) . Тоталитарлық жүйеде Коммунистік партияның басшысының билігі монархтың билігінен де күшті болды. Сонымен, монархтың билігі көбіне мұрагерлік билікке жатады, ол өзінін қызметіне қүдайдан басқа ешкімнің алдында жауапты емес, ол мемлекеттің басшысы, құқыктың қайнар көзі, оның атынан сот, мемлекеттің атқару функциялары жүзеге асырылады, ол әскерді басқарады, мемлекеттің атынан шарт құрады. Монархтың бірнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны асырау, мемлекеттің міндеті. Мысалы, Англияның короліне 1660 жылдан бастап цивилдік қағазбен парламент мұктажына керек ақшаны беретін болды. Корольдердің сарайлары киімдері, әскерлері мемлекеттің міндетінде болды. Корольді асырау мемлекетке өте ауыр болса да, көп мемлекеттер корольден және монархиядан басын тартқысы келмейді. Қазіргі Англияның королі - Елизаветаның мұра жалғастыратын балаларының абыройы өте күшті болмады, екі баласы және қызы некесін бұзып ажырасып кетті. Бірақ 1997 жылы Англияның азаматтарынан "Король Англияға керек пе?" деп сұрастырғанда, 66 проценті "монархия да, король де сақталсын" деп жауап берді[2, 78б] .

Монархия екіге бөлінеді: шексіз және шектелген монархиялар. Шексіз монархия - монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектелмейді, жоғарыда айтылған биліктің бәрі соның қолында; Бірақ шексіз монархияның да бірнеше түрлері бар. Ең бірінші шексіз монархия - Шығыс деспотиясы (Египет, Вавилон, Қытай, Жапония) . Монархтың қолында өте күшті экономикалық функциялары жиналған, ал бұл билік осы айтқан мемлекеттердің географиялық және ерекше экономикалық жағдайларымен байланысты. Мысалы, Египет мемлекетінде номдардың бәрін фараон біріктіріп, Ніл өзенінде суару жұмыстарын басқаратын. Монархтың осындай қиын экономикалық қызметі өте күшті биліктің қажет екенің туғызды. Сондықтан, фараондардың биліктері шексіз болатын: ол Ра құдайдың тұқымы, таққа отырған кезден оған пирамида салады, ол экономикалық, каржы, заң шығару, діни, сот, әскери қызметтерің басқарған. Тарихта кездескен шексіз монархияның екінші түрлері көне дәуірдегі мемлекеттерде болған. Оған Рим империясы жатады. Бұл шексіз монархия республиканың орнына келді. Императордың да билігі өте күшті, бірақ оны күшейтетің жағдайлар саяси факторлерге байланысты болған. Орта ғасырларда шексіз монархия феодализмнің соңғы кезінде пайдаболды. Ең күшті феодалдық шексіз монархияларға Людовик ХІҮ, Петр Бірінші, Екатерина Екінші, Елизавета Бірінші, Фридрих II, Әдемі Сулейман монархиялары жатады. Людовик ХІҮ мемлекетті 55 жыл басқарды (1661-1715) . Оның "мемлекет деген-мен" - сөзі бүкіл Еуропаға мәлім болған. Версаль сарайын салдырды, қаржыны өзі жұмсады, заңды өзі шығарды, парламентті жинамай мемлекетті, әскерді де, сотты да өзі басқарды. Ол өмір бойы көрші мемлекеттермен соғысьп, сыртқы саясатын толық өзі жүргізді. Бірақ феодализмнің шексіз монархияларының мемлекетке істеген жақсылықтары да көп еді. Қазіргі жаңа ғасырларда шексіз монархиялар ете сирек кездеседі (Бруней, Оман) .

Монархиялардың көбі шектелген монархияларға жатады. Бұл монархияда монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен шектеледі. Шектелген монархия шығыс мемлекеттерінде кездеседі, мысалы, Үндістан. Үндістанның патшасы екінші кастаға жататын критерилерге, ол брахмандардың айтқан акылдарын және олар құрған Кеңесін сыйлауға тиісті. Патша брахмандардың жеке меншігіне тиісуге құқығы жоқ, оларды өлім жазасына кесе алмайды, заң шығару немесе сот функцияларын олардың Кеңесі қатыспаса атқара алмайды.

Орта ғасырларда Еуропа мемлекеттерінде сословиелік-өкілдік монархиялар пайда болды. Еуропа қоғамында үш сословие қалыптасқан болатын: шіркеу қызметкерлері, дворяндар және қала тұрғындары, басқаша айтқанда - буржуазия. Осы сословиелер өздерінің мүдделерін қорғайтын сословиелік органды құратын, ол Парламент, Кортес, Бас штаттар деп аталатын. Бұл органдар қалыптасқан кезде салық жинауға келісімін беретін, одан кейін қызметің күшейтіп, заң шығару ұсынысты қолына алды, кейін заң шығару билігін езіне қаратты. Жапония мемлекетінде императордың билігін сегун деген әскери қызметкерлер шектеген болатын, бұл баскару форма "сегунат" деп аталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару нысаны
Мемлекеттің құрылымдық нысаны мемлекет нысаны ретінде
Мемлекеттiң басқару нысандары
Мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат
Мемлекет басқару нысаны ретінде
МЕМЛЕКЕТТІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Мемлекет басқару нысаны
Мемлекет қоғамның ресми өкілі
Мемлекет нысанының элементтері
МЕМЛЕКЕТ НЫСАНДАРЫ МАЗМҰНЫ, ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz