Мемлекеттің сыртқы функциялары


2018 Мемлекеттің пайда болуының алғышарттары
66 бет
1 Мемлекеттің пайда болуының ерекшеліктері
- Мемлекеттің пайда болуының себептері
1. 2 «Неолиттік төңкеріс» және мемлекет
1. 3 Мемлекеттің пайда болуы туралы негізгі теориялар
2 Мемлекет және оның жалпы сипаттамасы
2. 1 Мемлекет ұғымы, белгілері және оның өзге қоғамдық ұйымдардан ерекшелігі
2. 2 Мемлекеттің тарихи түрлері және оны жіктеудің алғышарттары
2. 3 Мемлекеттің негізгі қызметтері (функциялары) және оның түрлері
3 Мемлекет пен құқықтың арақатынасы
3. 1. Мемлекет пен құқықтың өзара байланыста болуының қажеттілігі
Қорытынды
Пайдаланылған дерек көздер тізімі
Кіріспе
Мемлекет қоғамдық институт тұрғысында қалай пайда болды? Бұл сұрақ бәрімізге де қызықты.
Мемлекеттің қоғамдық институт тұрғысында тамыр тартқан тереңі мен даму, жалғасу жолдары - қазіргі құқықтану ғылымының, оның ішінде мемлекет және құқық теориясының үлкен де күрделі, маңызды да мәнді мәселелерінің бірі болып табылады.
Бәрімізге белгілі жас мемлекетіміз - Қазақстан Республикасының өз алдына дербес отау тігіп, тәуелсіздік алғанына жиырма жылдың жүзі болды. Көптен күткен тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ топырағында мемлекеттік билік органдары қалыптасты. Тәуелсіздік алғаннан бергі жиырма жылда еліміздегі мемлекеттік билік органдарының тұрақты қалыптасуының өзі соңғы он жыл болар. Олай болса, отандық мемлекет және құқық теорияларында мемлекеттің пайда болуы туралы ғылыми зерттеулер өте аз деп реніш айтқанымыз орынсыз болар. Ендеше, неге болашақтан үміт күтпеске, еліміз тыныш, халқымыз аман болса келешекте ғалым, заңгерлеріміз мемлекеттің пайда болуы туралы әлі талай еңбектер жазары сөзсіз!
Бастапқы айта кететін жайт мемлекеттің мәні, құрылымы және қалыптасуы туралы сұрақ бір-бірімен едәуір ажыратылатын екі сұраққа бөлінеді: мемлекеттің пайда болуы және оның дамуы туралы сұрақтар осы мәселені қамти алады. Мемлекеттің пайда болуы туралы сұрақтарға қоғамда мемлекет деп аталатын құбылыстың қалыптасуы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің дамуы туралы сұрақ - мемлекеттің қайта өрлеуі мен оның бүгін көріп отырған нысандарға ие болуы қандай факторлардың әсерінен болғандығы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің мәні және құрылымын білу үшін міндетті түрде оның нысандары мен тарихи түрі зерттелуі қажет.
Мемлекеттің қалыптасуы туралы сұрақ аса күрделі және осы орайда заңгерлер ортақ пікірге келген жоқ. Осы сұрақ бойынша, әр түрлі жағдайларға және факторларға негізделген концепциялар мен көзқарастардың алуан түрі әрекет етеді. Әр түрлі жағдайларға мыналарды жатқызуға болады: нақты тарихи кезең, нақты құқықтық ілімнің туған жеріндегі, яғни мемлекеттегі тарихи құқықтық ахуал. Ал, субъективті белгілерге ілімнің негізін қалаушы заңгер - теоретиктің жеке ойы мен қандай да бір әлеуметтік топқа жатуын келтіруге болады.
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмiр сүрiп келедi. Жеке адамдар тиiстi мемлекеттiң азаматы болып, сол мемлекеттiң билiгiне, құқықтық тәртiбiне бағынып, өзiнiң iс-әрекетiн, мiнезi, тәртiбiн қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмасайды. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келедi - деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеу жасап келедi.
Ру дәуiрiнде адамдар тек даратылыстың даяр өнiмдерiн жинап қорек етiп, өмiр сүрген. Келе-келе адамдар өндiрiс құралдарын жасап алып, өздерi шаруашылыққа кiрiседi. Сөйтiп, жинау-терiмшiлiк шаруашылығынан өндiру шаруашылығына ауыса бастайды. Мал өнiмдерiмен күнелтуден диқаншылыққа ауысады. Диқаншылықтың нәтижесiнде отырықшылық қалыптасып, елдi мекендер, қалалар салына бастайды. Қалаларда қол өнерi пайда болып, ол мал шаруашылығы және диқаншылық сияқты табыс көзiне айналады. Экономиканың аталған салалары бiрiнен-бiрi бөлiнiп шығып, дербес өмiр сүре бастағаннан кейiн, бiрiнiң өндiрген өнiмiне бiрi мұқтаж екендiгi байқалады. Диқандарға мал өнiмi, малшыларға жер өнiмi, қолөнершiлерге тамақ қажет болады. Сөйтiп, соларға делдалдық жасайтын алыпсатарлар бөлiнiп шығады.
Құрал-саймандардың жетiлдiрiлуiне байланысты еңбек өнiмдiлiгi де өседi. Соның нәтижесiнде ортақ өнiм пайда болады. Рулық қауымда барлық жиналған, табылған өнiм ру мүшелерiнiң жалпы меншiгi болған едi. Ендi еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуiне байлансыт артық өнiм жеке адамдардың, жеке отбасыларының меншiгiне айнала бастайды. Сөйтiп, малға, жерге, қолөнер бұйымдарына жекелеген иелер пайда болады. Ақырында ру қауымының жалпы меншiгiнiң орнына жеке адамдардың меншiгi пайда болып, меншiктiң айрықша түрi - жеке меншiк қалыптасады. Жеке меншiктiң пайда болуына байланысты қоғам таптарға бөлiне бастайды. Бiр жағынан, құрал-жабдықтар, өндiрiлген бұйымдар, мүлiк-дәулет адамдардың бiр тобының қолына шоғырланады да, байлар пайда болады. Екiншi жағынан, кедейлер, жарлылар пайда болады. Сөйтiп, рулық қауым өзiне тән белгiлерiнен айрылып, құлдырайды. Оның орнына жеке меншiкке негiзделген, айрықша екi үлкен әлеуметтiк топтан тұратын қоғам қалыптасады. Мұндай жағдайда рулық қоғамдағы барлық ру мүшелерiнiң игiлiгiн көздеп, еркiн бiлдiретiн қауымдық билеу құрылымы өз мiндетiн, қызметiн атқара алмайды.
Меншiк иелерiнiң - байлардың айрықша мүдделерi болғандықтан, басқа ру мүшелерiмен, кедей-жарлылармен қатар отырып, мәселелердi тең негiзде шешуге бармайды. Содан байлар мен кедейлердiң арасында қайшылықтар пайда бола бастайды. Қоғамдағы осындай түбегейлi экономикалық-әлеуметтiк өзгеiстердiң нәтижесiнде қоғамды билеу, басқару жүйесi де өзгере бастайды. Рулық билiктiң орнын саяси билiк, саяси құрылым баса бастайды. Сөйтiп, қоғамның белгiлi бiр сатысында мемлекет пайда болады.
Өткен тарихты және елiмiздiң ұзақ ғасырлық тәжiрибесiн пайдалану, олардан сабақ алу тарихи қажеттiлiк болып табылады. Өйткенi, елiмiздiң өткен уақыттағы саяси-құқықтық тәжiрибесi, идеялары, ойлары мемлекеттiң қазiргi дамуы мен бағытына едәуiр ықпал етедi. Өткен тәжiрибелердi ескеру қателiктерге жол бермеуге көмектеседi. Яғни, “егер бiз мемлекет болғымыз келсе, өзiмiздiң мемлекеттiлiгiмiздi ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсiнгенiмiз жөн”, - дейдi елбасы Н. Назарбаев [1] . Осы тұрғыда тақырыпты зерттеу өзектi.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Мемлекеттiң шығу тарихымен айналысатын заңгер-ғалымдарымыздың қатарына Ғ. Сапарғалиев, А. Тәуекелов, А. Ибраева, С. А. Табанов, Қ. Д. Жоламан, А. Қ. Мухтарова, Н. Н. Веселовский, Л. Словохотов, С. Сабатаев, Ш. М. Шарипов, Е. Қ. Қаржаубаевтарды атауға болады.
Жұмыс барысында мемлекеттің пайда болуы хақындағы жинақталған білімді сараладым, сонан кейін қолдан келгенше өзім ой түюге әрекет жасадым.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты-мемлекеттің пайда болуының алғышарттарынның табиғатын ашу және де мемлекеттің жалпы сипаттамасын бере отырып, оның құқықпен арақатынасына талдау жасау болып табылады. Зерттеу жұмысының жоғарыда көрсетілген алдына қойған мақсатына жету үшін төмендегі міндеттерді шешу:
- мемлекеттің пайда болуының себептеріне талдау жасау;
- «Неолиттік төңкерістің» мемлекеттің пайда болуына әсерін айқындау;
- мемлекеттің пайда болуы туралы негізгі теорияларды саралау;
- мемлекет ұғымы, белгілері және оның өзге қоғамдық ұйымдардан ерекшелігін алып зеттеу;
- мемлекеттің тарихи түрлері және оны жіктеудің алғышарттарын талдау;
- мемлекеттің негізгі қызметтері мен оның түрлерін ажыратып көрсету;
- мемлекет пен құқықтың өзара байланыста болуының қажеттілігін сипаттап беру.
Диплом жұмысының негізгі объектісі мемлекеттің пайда болуының алғышарттары және мемлекет және құқық теориясындағы өзекті мәселелерінің бірі мемлекеттің пайда болуының ерекшеліктері, оның түрлері жалпы бағыттары құрайды. Сонымен қатар, мемлекеттің пайда болуы барысындағы оның құқықпен байланысы талданады.
Диплом жұмысының пәнін нақты мемлекеттің пайда болуының себептері, неолиттік төңкерістің оған әсері және мемлекет белгілері, түрлері және оның өзге қоғамдық ұйымдардан ерекшелігі құрайды. Сонымен қатар, мемлекеттің тарихи түрлері және оны жіктеудің алғышарттары талданады. Мемлекет пен құқықтың өзара байланысы көрсетіледі.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Жұмыстың басты арқауы болып отырған тақырып мемлекеттің пайда болуының алғышарттары жүйелі түрде және жан-жақты талданып отыр. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар тың мәліметтермен қазақ тілінде алғаш рет толықтырылып берілген. Сонымен қатар, мемлекеттің пайда болуы туралы теориялық негізді байлам- түйіндер берілген.
Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мемлекеттің пайда болуының алғышарттарына қатысты ізденістерді одан әрі тереңірек зерттеуге теориялық негіз қалайды және еліміздегі мемлекеттің пайда болуына қалыптасқан көзқарастар мен ой тұжырымдарды одан әрі байыта түседі.
Жұмыстың құрылымы және көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, 7 бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған дерек көздер тізімінен тұрады.
1 Мемлекеттің пайда болуының ерекшеліктері
- Мемлекеттің пайда болуының себептері
Алғашқы қауымдық құрылыстың ұзаққа созылған даму процесі біртіндеп, оның сапа жағынан өзгеруіне алғышарттар жасады. Еңбек құралдарының жетілуіне байланысты, өндірушілік дағдылар қалыптасып, еңбек өнімділігі, мәдениеттілік, адамгершілік негізінде дамиды. Қоғам мүшелерінің мүдделері әр түрлі болып, қарама-қайшылықтар туа бастайды.
Алғашқы қауымдық құрылыстан, сапалы жаңа өндіріске көшуде ең маңызды рөл атқарған қоғамдағы еңбектің бөліну процесі, себебі, әйел мен еркектің арасындағы еңбектің қызметі олардың табиғатына қарай белгіленгендігінде. Ең бірінші, үлкен қоғамдық еңбектің бөлінуіне мал бағумен, жерді игеру жұмыстарының бір-бірінен даралануы жатады. Келе-келе жерден кәсіпкерлік бөлінді. Кейіннен, белгілі адамдар тобы дараланып тауар айналымымен шұғылдана бастайды, оларға саудагерлер жатады.
Қоғамдық еңбектің бөлінуі және соған байланысты еңбек құралдарының жетілуі, еңбек өнімділігінің өсуіне түрткі болды. Осындай жағдайда жеке адамдардың өз өміріне қажеттілігінен артық өнімдер көбейіп, жеке меншіктің пайда болуына әкеліп соқтырды. Бай адамдар мен кедей адамдар пайда болып, олардың мүдделері бір-біріне қарама-қайшы келе бастайды. әр отбасы өзінің тәуелсіздік жағдайын жасауға ұмтылатын болды.
Бұл экономикалық жағдай рулық-тайпалық билікті құруға мүмкіндік бермеді. Қоғамдық билік мүдделері сәйкес келейтін адамдарды басқаратын қоғамға әлі икемделмеген еді. Сондықтан, қоғамқа өзінің әрбір мүшелерінің мүдделерінің ерекшеліктерін, басқамүшелерінің есебінен қамтамасыз ететін өкімет органдары қажет болады. Қоғамдық қатынастарды үйлестіру, мұндай жағдайда, өзінің тепе-теңдігін жоғалтады. Қоғам мүшелерінің экономикалық жағдайларына байланысты топтарға (кластарға) бөлінуі объективті түрде, бірінші жағынан үстем таптың мүддесін қорғай отырып, екінші жағынан, экономикалық тәуелді жақпен арадағы қарсылықты басып отыратын органдар құруды талап етеді.
Қоғамнан бөлініп шыққан мұндай органға мемлекет жатады. Ф. Энгельс осы жөнінде, мемлекеттің арқасында, экономикалық жағынан үстем тап, саяси үстем тапқа айналды, - деген болатын. [2, 157б] .
Мемлекеттің ерекше қоғамдық ұйым ретінде, алғашқы қауымдық құрылыстағы, өкімет құрылымынан айырмашылығы, қоғамдық жұмыстарды басқарумен тұрақты шұғылданатын арнайы органдардан тұратындығында.
Қоғамның мемлекеттік-құрылымындағы бірінші нысанына құл иеленуші, құл және құл иеленушіге бөлінген қоғам жатады. Олардың келісімге келмейтін мүдделерін үйлестірген құл иеленуші мемлекет болды. Оның құрамы, мазмұны, қызметі сол кездегі қоғам дамуының деңгейіне сәйкес келді.
В. И. Лениннің берген анықтамасы бойынша: «Мемлекет дегеніміз - келісімге келмейтін таптық қарама-қайшылықтың көрінісі және нәтижесі». [3, 59б] .
Ф. Энгельс мемлекеттіліктің пайда болуындағы оның негізгі үш нысанасын атаған: Афин - бұл өте таза, классикалық мемлекет нысанына жатқызылған. Себебі, мұнда мемлекет - тікелей рулық құрылымның ішінде дамыған, таптық қарама-қайшылықтың нәтижесі. Римде мемлекеттің пайда болуының тездетілуінде, римдік рулардың басқарушыларына (патрицаларға) қарсы шыққан, римдік рудан жеке өмір сүрген, құқықсыздар мен плебейлердің күресі үлкен әсер еткен. Ертедегі германдықтардың мемлекетінің пайда болуына маңызды әсер еткен. Ф. Энгельстің сөзімен, айтқанда басқа біреудің жерлерін жаулап алу болды, ал ондай жерлерге билік жүргізуге рулық қоғам қалыптаспаған болатын.
Мемлекет пен құқық сияқты әлеуметтік институт тұрақты болды ма, не болмаса қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде ғана пайда болды ма? Осы сұрақтарға жауап беру қажет. Тек осындай әдістемелік жағдай ғана тарихи принциптерді іске асыра алады және мемлекеттің пайда болуының себептерін, нысандарын, оның өзіне тән негізін, қоғам өміріндегі бұрынғы ұйымдастырылған нысандардан өзгешелігін көруге мүмкіндік береді.
Алғашқы қауымдастық қоғамды жақсы түсіну үшін, осы қоғамның дамуын, тарихи кезеңдерін сипаттайтын ғылымдарға көңіл аудару қажет. Басқаша айтқанда, бұл қоғамның бір орында тұрмай даму үстінде болғандығы және белгілі кезеңдерден өткендігі туралы олып отыр. Осындай кезеңдердің бірнеше түрлеріне, жалпы тарихи кезең «неолиттік» төңкерісті жатқызуға болады. «Неолиттік» төңкеріс ұғымын тарих ғылымға ағылшын археологы Г. Чайлд ХХ ғасырдың ортасында енгізген.
Алғашқы қоғам. Алғашқы қауымдағы билік оның ұйымдастырылуы және пайда болуының нысанына тоқталсақ, меншіктеу экономикасының өндіруші экономикаға өтуі әлеуметтік қоғамның, кластың пайда болуының, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуының алғышарты болып табылады. Мемлекет өндіруші экономиканы қамтамасыз ететін әлеуметтік университет болып табылады. Типтік және әмбебап нысандар мемлекеттің қалыптасуына себеп. Мемлекет алғашқы қоғамның саяси, құрылымдық және территориялық ұйымы.
Мемлекет және құқықты тануды мемлекеттің пайда болуынан бастаған дұрыс. Мысалы: адам қоғамының тарихында бұл әлеуметтік институт бұрыннан бар ма, әлде қоғамның даму сатысында қалыптасты ма? Тек қана осындай сұрақтар ғана мемлекеттің пайда болуының және мінез-құлқын тануға мүмкіндік береді.
Алғашқы қоғамдағы билікті де сөз ете кетсек, қазіргі таңда археология және этнографияның сапалылығының арқасында алғашқы қоғам, оның пайда болуы және даму сатысы туралы бізде құнды мәліметтер қоры бар. Егер ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдың басында қоғамның дамуы туралы тарихи білім шамамен ІІІ мыңжылдық дәуірді қамтыса, ал осыған дейінгі болған жәйттар алдыңғы тарих ретінде анықталса, онда енді ХХ ғасырдың басында көп аймақтардың тарихы 10-12 мыңжылдық дәуірінің тарихын оқуда.
Оған қоса, егер ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде негізінен тарихқа деген евро орталық көзқарас болса, яғни, Европаның тарихи білімдері қолданылып ал содан соң осы білімдер барлық әлемге таратылған болса, онда ХХ ғасырдағы ғылыми орбитаны ұғыну әлемдегі барлық жер шарының тарихына қатысты болды.
Алғашқы қоғамның бұл түсінігінде ең алдымен осы қоғамның дамуын ерекшелейтін білімді анықтап алу қажет. Басқа сөзбен айтқанда, бұл қоғамның өзі ешқашан статикалық болған емес, ол даму үстінде болды және кезеңдер бойынша дамып отырды. Осындай дәуірлердің бірнеше түрлерін атап өтейік: жалпы тарихи, археологиялық, анторпологиялық. Мемлекет және құқық теориясы үшін ең әдістемелік құндылық ол дәуірге бөліну болып табылады. Бұл ұғымды тарихқа ХХ ғасырдың бас кезінде ағылшын археологы Г. Чайлд енгізген болатын. Неолиттік төңкеріс - неолит дәуіріндегі меншіктеуден өндіруші шаруашылыққа дейін, яғни, аңшылықтан, терімшліктен мал шаруашылығы және егін шаруашылығы, металлургия, металл өндіруші, керамикалық өндріс шаруашылығындағы адам өмірінің барлық сферасында болған сапалы мақсаттық төңкеріс. Бұл дәуір 10-12 мыңжылдықтар шамасында жер шарының әр түрлі аймақтарында ( Таяу Шығыс, Месоамерика, Таулы Перу және тағы басқалары. ) басталды және бірнеше мыңжылдыққа созылды. [4, 89б] .
Бұл дәуір алғашқы қоғамда өмір сүрген адамдардың материалдық негіздерін, әлеуметтік және рухани ұйымдарды түбегейлі өзгерткеніне байланысты, ол төңкеріліс ретінде түсіндіріледі.
Бұл дәуір қандай алғашқы қауым туралы айтылып жатқаны, қандай уақыт аясында өмір сүргені, қоғамның рухани және әлеуметтік ұйымдары қандай болғаны туралы бізге нақты мәлімет бере алады. Мемлекет және құқық теориясы үшін меншіктеу қоғамында қандай билік органдарының формасы және қандай әлеуметтік жүйелер жұмыс жасағаны туралы, сонымен қатар қандай жүйелер өндіруші экономика қоғамында жұмыс жасағаны туралы толық ақпарат алатын мүмкіндік туды.
Біздің дәуірімізге дейінгі 40 мыңжылдықта өмір сүрген кроманьон адамы аңшылықпен, терімшілікпен, балық аулаумен, және де тағы басқа көптеген шаруашылықтармен айналысқан. Осы шаруашылықтар үшін ол шақпақ тастарды, сүйектерді, және басқа да қаруларды қолданған.
Кроманьондық адамдардың әлеуметтік ұйымы жанұялық қоғаммен меншіктеледі. Ол қоғамды - арасындағы беделі жоғары, астық алып келуде тәжірибесі мол, әдет-ғұрыптарды жетік білетін қоғам мүшесі басқарады. Жанұялық қоғамдағы адамдар бір - бірімен туыстық қарым-қатынаста болды. Жанұялық қоғамдар тек туыстық қарым-қатынас жағдайында ғана біріге алды. Бұл қоғам негізінде туыстық қатынас жатқандықтан мұндай әлеуметтік қоғамды туыстық қатар деп атайды. Бұл қоғамда қатаң жүйе бекітілген. Мұндай ұйым билік институттарында білді: билік жетекші және ақсақалдар кеңесі.
Мемлекеттің дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық қүрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс - әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін үйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш-қуатына сүйенетін басқару жүйесі.
- Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб елдерінде) мемлекеттің калыптасуы басым түрде қоғамдық меншікті қорғауға байланысты. Себебі бүл елдерде алғашқы қоғам ыдырау кезінде күрделі құрылыстар болды: ірі су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер қалыптастыру, құрғақшылықпен күресу. Міне осы күрделі жүмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: чиновниктер, ру, тайпа басшылары, король, императорлар болды. Король-императорлар жердегі қүдай дәрежесінде болды. Сөйтіп, бұлелдерде кебінесе мемдекеттік деспотизм орнады. Бүл елдердің экономикасы, әлеуметтік жағдайы, демократия өте бәсең дамыды. Мемлекеттік биліктің, қоғамдық меншіктің басында -абсолюттік монарх болды, одан төменгі - екінші дәрежедегі билік уәзір министрлердің қолында, одан төменгі билік - чиновниктерде болды. Осы сатылық биліктер - бәрі бірігітт қалың бұқараны қанауда болды. Қоғамдық меншікпен қатар жеке меншік те дамыды.
Шығыс типті (Азия типті) мемлекеттер кейінгі ғасырларда шығыс Еуропа, Африка, Оңтүстік Америка елдерінде де қалыптасты.
Сонымен, Азия типті мемлекеттердің калыптасу себептері:
-ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
-оны іске асыру үшін қүлдарды, жүмысшыларды жүйелі түрде топтастыру - біріктіру;
- барлык жүмысты бір орталыктан басқару.
Мемлекеттік басқару аппараты бұрынғы ру-тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат құралың бұқарадан алыстай түсіп, әділетсіздікті, қанаушылыкты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, XIX -XX ғасырларға дейін көп өзгермей сақталып келді (Қытай, Иран тағы басқалары, ) .
2. Еуропалық елдерде - мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі аркылы қалыптасты. Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті топтар мен таптар мемлекетгі өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер көбінесе демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты. Спарта аристократиялық республика болып қалыптасты. Мұнда құлдардың саны жергілікті халықтан бірнеше есе көп болып, жаңа мемлекеттік басқару аппараты құрылды. Жергілікті халықгың арасында қайшылыққа жол бермеу саясаты калыптасты. Республикада қатаң зандылық, құқықтық тәртіп орналды. Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Мұнда құл иелену көп дамымады. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Рим империясының біраз жерін Германия өзіне қаратып, феодалдық мемлекеттің дамуын тездетті. Осы типті мемлекеттер Еуропаның бірнеше елдерінде, Ресейде, Ирландияда, Азияда, Орта Азия елдерінде қалыптасты. [5, 127б] .
Мемлекеттің алғашқы қоғамдағы биліктен айырмашылығы:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz