Сақтау шартының нысаны мен мерзімі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Шарт туралы жалпы ережелер . . . 6
2 Сақтау шарты туралы жалпы ережелер . . . 13
2. 1 Сақтау шартының түсінігі және элементтері . . . 13
2. 2 Сақтау шартының нысаны мен мерзімі . . . 20
2. 3 Сақтау шартының пәні . . . 23
2. 4 Сақтау шартының мазмұны . . . 26
3 Сақтаудың жекелеген түрлері . . . 38
3. 1 Ломбардта сақтау ұғымы мен маңызы . . . 38
3. 2 Құндылықтарды банкте сақтау . . . 41
3. 3 Көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау . . . 46
3. 4 Ұйымдардың киім ілгішінде сақтау . . . 48
3. 5 Қонақ үйде сақтау . . . 50
3. 6 Даулы заттарды сақтау секвестр . . . 52
Қорытынды . . . 54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 59
Қосымшалар . . . 61
Кіріспе
Қоғамды демократияландыру еліміздің негізгі және басым міндеттерінің бірі. Қазір соған сәйкес қоғамдық өміріміздің барлық кең көлемді реформалары жүзеге асырылып отыр. Бұл мақсатта бізден алғашқы кезекте еліміздегі құқықтық жүйені жетілдіруді қолға алуды талап етеді. Демек, қазір қолданылып жүрген құқықтық, нормативтік құжаттарды еліміздегі азаматтық қоғамның босағасын бекіте түсу үшін де оны осын заман талабына сай жетілдірудің мезгілі жеткен іспетті [1] .
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту» деп көрсетілген. Мұнда «шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажетті» - деп көрсетілген [2, 3б. ] .
Бүгінгі күні сақтаудың жекелеген түрі бойынша кәсіпкерлік қызмет түрі жүзеге асырылып жатыр. Азаматтық құқықта сақтаудың алтын орны ерекше.
Сақтау және сақтау шартына тоқталмас бұрын, жалпы шарт дегеніміз деген не - деген сұраққа жауап беретін болсақ «шарт» - бұл көне құрылымдардың бірі. Шарт ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтық икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шартты (contractus) рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарыстырады [ 3, 303 б. ] .
Сақтау қызмет көрсетудің ерекше түрі ретінде өзіндік құқықтық қорғалуға мәжбүрлейтін үлкен тарихқа ие. Себебі бұл ежелгі римдік мәдениетшілерден келе жатқан тәжірибе. Азамат өз үйінен шығып, қоғамдық орындарға барғанда-ақ заттарды сақтауға беру қажеттілігі жиі туындайды. Мұндай жағдайларда азамат үшін шарт еркіндігі, біз бұған мән бермесек те, елеулі түрде шектеледі. Білім беру, дәрігерлік, өзге де мекеме ұйымдарда, театрлар мен т. б. жерлерде сырт киімді гардеробқа өткізу талабы белгіленуі мүмкін. Дүкендерде (сауда кәсіпорындарда) сөмкелерді, қол сандықтарды, кейстер мен өзге де ұқсас заттарды өткізуді талап ете алады.
Субъектілік қатарындағы айырмашылықтарға, мазмұнындағы кейбір ерекшеліктер мен нормативтік бекітілуіне байланысты сақтау шартының бірнеше түрлері бар. Яғни, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде сақтаудың мынадай жекелеген түрлері көрсетілген: ломбардта сақтау; құндылықтарды банкте сақтау; көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау; ұйымдардың киім ілгішінде сақтау; қонақ үйде сақтау; даулы заттарды сақтау - секвестр.
Сақтау шартын кейде бір жақты шарт деп атайды, өйткені реалды ақысыз сақтау шартын бекіткеннен кейін міндеттердің негізгі сақтаушыға жүктеледі, ал жүк беруші негізінен құқылы субъект ретінде көрінеді. Бірақ мұндай сәттерде де сақтау шартының толықтай біржақты сипаты туралы айтуға болмайды. Ал егер сақтау шартының ақылылығы мен (немесе) консенсуалдығы туралы сөз қозғалса, онда сақтаудың біржақтылылығы туралы пікірлер орынсыз болары анық. Сақтаушының шығындары, ол өз қажеттіліктері үшін жалға алатын және соның бос аландары сақтау қоймалары ретінде пайдаланатын, қойма үшін төлейтін жалға алу ақысынан құралуы мүмкін. Мұндай жағдайда шығындар нақты жүк берушінің заттарын сақтауға берілген алаңға пропорционалды үй-жай үшін жалға алу ақысын жалпы сомасынан есептелуге тиіс. Қойманы белгілі бір тауарларды сақтауға бейімдеуді өтінген клиент жүк берушілердің сұраныстарын ескере отырып, сақтаушы желдеткіш, жылыту жүйелеріне және т. б. орнату бойынша шығындар жұмсауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтаушының шығындары қажетті деп танылуға тиіс. Бірақ, оларды жекелеген жүк берушімен өтеу қажетті деп танылуға тиіс. Бұл қажетті шығындар деген түсініктің біртектес емес болып табылатындығын куәландырады. Кейде ол айқын және іс жүзінде қажетті шығындарды қамту мүмкін. Ал егер сақтаудың сапасын жақсартатын қосымша шаралар қолдану бойынша жүк берушінің тілегі білдірілсе және ол сақтаушымен келісілсе, олардың қатарына кәдімгі жағдайларда ұсынылмауы мүмкін болатындары да жатқызыла алады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты сақтау шартының жекелеген түрлерін теориялық тұрғыдан қарап, ерекшеліктерін қарастыру. Соның ішінде құндылықтарды банкте сақтау мен ломбарда сақтауға көбірек көңіл бөлу қарастырылып отыр. Осы жұмысты жазу барысында алға қойған міндеттерім: біріншіден, шарт ұғымын ашу; екіншіден, сақтау шартына, соның ішінде оның ұғымы мен элементеріне, пәніне, нысаны мен мазмұнына тоқталу; үшіншіден, сақтау шартының жекелеген түрлерінің ерекшеліктерін қарыстыру; төртіншіден, сақтау шарты бойынша туындаған дауларды қарастыру.
Құрылымы жағынан дипломдық жұмыс кiрiспеден, негiзгi төрт бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшадан тұрады.
Кiрiспе бөлiмде тақырыптың өзектiлiгi, дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндетi, теориялық және тәжiрибелiк тұрғыдан маңыздылығы сипатталады.
Жұмыстың негізгі бөлімінде мынадай сұрақтар қаралған: бірінші бөлімде, шарт туралы жалпы ережелер; екінші бөлімде, сақтау шарты туралы жалпы ережелер, оның ішінде сақтау шартының түсінігі мен элементтері, нысаны, мерзімі, пәні, мазмұны; үшінші бөлімде, сақтаудың жекелеген түрлері; төртінші бөлімде, сақтау шарты бойынша даулар қарастырылған.
1 Шарт туралы жалпы ережелер
Шарт көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттар өзінің бастауын Рим құқығынан алады. Онда шарт - дегеніміз бұл екі немесе одан да көп тараптардың қандай да болмасын міндеттемені бекітуі туралы келісімі. Римде міндеттеменің ең көп кездесетін қайнар көзі шарт (contractus) болады. Контракт теримині орыстың шарт терминінің синонимі. Бастапқыда ол тек шартқа қатысты ғана емес басқа міндеттемелерге қатысты да қолданылды [4, 49 б. ] .
Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.
Азаматтық кодекстің 378-бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады. Мұндай айқындама шарт-мәмілені меңзейді. Сондықтан да, осы баптың 2-тармағы мәміле нормаларына мынадай сілтеме жасайды: «шартқа екі жақты және көп жақты мәмілелер туралы ережелер қолданылады». Сонымен бірге, «мәміле» ұғымы «шартқа» қарағанда кең, өйткені, мәміле бір жақты болуы мүмкін.
Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтық кодекстің тиісті баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады. Мысалы, шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгеше туындамаса, жалпы шарттардың ережелері қолданылады [3, 304 б. ] .
Шарт еркіндігі. Азаматтық заңның негізгі бастауларының бірі Азаматтық кодекс айқындаған шарт еркіндігі болып табылады [5] .
Азаматтық кодекстің 380-бабына сәйкес азаматтық құқықтың субъектісі шарт жасауда еркін болады . Ол атап айтқанда:
1) шартты жасау не жасамау;
2) шарт бойынша серікті жақты таңдау;
3) шарттың түрін таңдау;
4) шартқа белгілі бір не басқа жағдайларды өзінің қалауынша енгізу.
Тараптар зандарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады. Ең бастысы, ол заңға қайшы келмесе болғаны (АК-тің 380-бабының 2-тармағы) .
Шарттың түрлері. Шарттың әрқилы болып келуі азаматтық құқықта оларды топтастыруға жол ашады. Шарттарды топтастыру олардың негізгі белгілеріне орай жүргізіледі (өзіне тән шарт белгілері) [3, 304 б. ] .
Біржақты және екіжақты шарттар. Біржақты шарт деп бір жақта тек құқық, ал екіншісінде тек міндет болатын шартты айтады. Оған өсиет қалдыру шарты жатады, борышкор қарызын қайтаруға міндетті, ал несие беруші оны талап етуге құқылы. Шарттардың көбі екіжақты болып келеді (сату-сатып алу, мүліктік қарыз, жеткізу, шарттау, мердігерлік, тасылмалдау және т. б. ) . Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушы сатылған затты сатып алушыға тапсыруы керек, бірақ одан ақша төлеуді талап етеді, ал, сатып алушы заттың құнын төлеуге міндетті, және затты өзіне беруді талап ете алады.
Шарттарды біржақты және көп жақты деп бөлудің тәжірибелік маңызы зор. Азаматтық кодекстің 284-бабында тараптардың өзара міндеттерді орындауы және қарсы талаптары қарастырылған; өз міндетін орындатудан бас тартуға немесе тоқтатуға қарсы талап берген жақтың құқығы бар, оны толықтай не бөлектей жүзеге асыра алады, ал тиісінше орындамаған жағдайда келген заладдың орнын толтыруды талап ете алады.
Шарт ақылы және ақысыз болып бөлінеді. Ақылы шарт бойынша өз міндетін атқарған жақ ақысын алуға, не қарсы талап қоюға құқылы (мысалы, тапсырылған затқа, атқарылған жұмысқа, істелген қызметке ақша алады, тапсырған мүлкінің кұнын алады) . Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай, немесе ешнәрсе бермей ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады (АК-тің 384-бабының 2-тармағы) .
Консенсуалды (келісім) және нақты шарт. Консенсуалды шарт дегеніміз әржақтың келісімі бойынша жасалатын шарт. Бұл шарт олар келісімге келген бойда күшіне енеді де әржақтың құқықтары мен міндеттері туындайды (мысалы, сатып алу-сату, мүлікті жалдау, мердігерлік және т. б. ) .
Нақты шарт дегеніміз заттарды тапсыруы сәтінде ғана күқықтар мен міндеттер туғызатын шарт болып табылады (мысалы, займ шарты) .
Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт. Әдетте міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттерді алатындар - сол міндеттемеге қатысушылар. Алайда азаматтық айналымда басқа да түрлі міндеттемелер кездеседі, кейбір міндеттемелер мен талап құқығын міндеттемеге не тікелей өзі, не өзінің уәкілі арқылы қатыспайтын үшінші жақ алады.
Үшінші жақтын пайдасына жасалған шарт - бұл тараптар несие берушіге емес, шартта және борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқығы бар үшінші жақ үшін жасалған шарт (АК-тің 391-бабы) .
1994 жылы қабылданған Азаматтық кодексте шарттың мынадай жаңа түрлері бар: жария шарт, қосылу шарты, алдын ала жасалған шарт, аралас шарт.
Коммерциялық ұйыммен жасалған жөне өз қызметінің си-патына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе, кыз-мет көрсету жөніндегі оның міндетгемелерін белгілейтін шарт - жария шарт деп танылады (АК-тің 387-бабының 1-тармағы) . Одан ұйымдарға бөлшек сауда, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана, банк қызметін көрсе-ту және т. б. жатады. Аталған ұйымдардың тұтынушыларға тауар беруде, қызмет көрсетуде, жұмысты орындауда бас тартуына жол берілмейді. Шарт жасауға міндетті тарап оны жасасудан жалтарса, екінші тарап шарт жасасуға мәжбүр ету туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы (АК-тің 399-бабының 4-тармағы) .
Коммерциялық ұйым жария шартты жасауға қатысты бір тұлғаға басқа тұлғалар алдында, егер заңда немесе нормативтік актілерде өзгеше көзделмесе, ешқандай артықшылық беруге құқығы жоқ. Шартта көрсетілген талаптар, мәселен, тауарлардың, қызмет көрсету мен жұмыстардын, құны тұтынушылардың бәріне бірдей болады. Тұтынушылардың кейбір категорияларына жеңілдік беруге зандармен жол беретін жағдайлар есептелінеді (АК-тің 387-бабының 2-тармағы) . Ондай тұтынушыларға, мысалы, мүгедектер, соғыс ардагерлері және т. б. жатады.
Қосылу шарты - ережелерін тараптардың біреуі формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда белгіленген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдайтын шарт (АК-тің 389-бабының 1-тармағы)
Алдын ала жасалған шарт - әр жақтың алдын ала жасалатын шартта көзделген жағдайларда мүлік беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт жасауға міндеттенетін келісімі (АК-тің 390-бабының 1-тармағы) . Алдын ала жасалатын шарт негізгі шарт үшін заңдарда белгіленген нысанда, ал, егер негізгі шарт нысаны белгіленбесе, жазбаша түрде жасалады, ал тиісті ережелердің сақталмауы оның жарамсыз болып қалуына әкеп соқтырады. Алдын ала жасалатын шартта негізгі шарттың мәнін, сондай-ақ, басқа да елеулі жағдайларын белгілеуге мүмкіндік беретін ережелер болуға тиіс.
Аралас шартта заңда немесе басқа да нормативтік құжаттарда көрсетілген әртүрлі шарттардың элементтері болады. Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келісімімен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті бөліктері қолданылады (АК-тің 381-бабы) . Мысалы, аралас шарт деп мүлікті сақтауға бергенде оны ақысыз пайдалану құқығын қамтитын шарттарды және т. б. айтуға болады [3, 307 б. ] .
Енді шарттың мазмұнына келетін болсақ, шарттың мазмұны - бұл жасалған шарт жағдайларының жиынтығы. Жалпы ереже бойынша, тиісті шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында, шарт ережелері тараптардың өз қалауы бойынша белгіленеді.
Шарттың ережесі заңдарға сәйкес қолданылатын нормамен көзделген реттерде, егер тараптардың келісімімен өзгеше (диспозитивтік норма) белгіленбесе, тараптар өздерінін келісімдерімен норманың қолданылуын жоя алады немесе сол нормада көзделгеннен өзгеше жағдайды белгілей алады.
Егер шарттың ережесін тараптар немесе диспозитивтік қалып белгілемеген болса, тиісті жағдайлар тараптардың қатынастарында қолданылатын іскерлік қызметтің өрісіндегі әдеттегі құқықтармен белгіленеді. Азаматтық кодекстің 393-бабының 1-тармағына сәйкес, тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі.
Шарттың мазмұны шарттардың үлгі ережелерімен де айқындалуы мүмкін. АК-тің 388-бабына сәйкес, шарттың мазмұнында үлгі ережелерге сілтеме болмаған жағдайларда, осындай үлгі ережелер, егер шарттың ережесін тараптар немесе диспозитивтік қалып белгілемеген болса, тараптардың қатынастарына іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар ретінде қолданылады [3, 308 б. ] .
Шарт әр жақтың келісімі болып табылатындықтан, ол бір жақтың келісім жасауға ұсынысы мен екінші жақтың ондай ұсынысты қабылдау нәтижесінде жасалады. Шарт жасау кезіндегі екі кезең бекітілген. Азаматтық кодекстің 395-бабының 1-тармағына сәйкес, бір жақтың шарт жасауға ұсынысы - оферта арқылы шарт жасау (бірінші кезең) және екінші жақтың ұсынысын қабылдауы (екінші кезең) оның акцептісі болады.
Жолданған офертаны алған тұлға оны қабылдауға келісім бергенде, яғни, акцепт болғанда шарт жасалды деп есептеледі. Заңға сәйкес шарт жасау үшін әр жақтың келісімінен басқа мүліктерді де тапсыруы керек, мүліктер тапсырылған сәттен бастап шарт жасалды деп есептеледі, яғни, сатып алушыға мүліктерді жеткізу ұйымдастырылады. Егер шарт заңға сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтуге жатса, егер заңда басқаша көзделмесе, ол тіркеуден өткен сәттен бастап жасалды деп саналады.
Шарттың нысаны мәміленің нысаны туралы жалпы ережеге бағынады. Аталған шарттың түрі заңмен белгіленбеген болса, онда шарт келісім жасау үшін қаралған кез келген нысанда жасала береді. Егер тараптар белгілі бір нысанда шарт жасасуға уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрі үшін бұл нысан талап етілмесе де, шарт уағдаласқан нысан берілген кез-ден бастап жасалды деп есептеледі.
Азаматтық кодекстің аталған бабына сәйкес, біріншіден шарт жасасу туралы бір немесе бірнеше накды жақтарға жаса-лған ұсыныс жеткілікті дөрежеде айқын болып, ол қабылдан-ған жағдайда осыны жасаған жақтың (акцепт) өзін сонымен байланысты деп есептеу жөніндегі ниетін көрсетсе, оферта деп танылады.
Екіншіден, оферта шарттың елеулі жағдайлары енгізілуі тиіс, және шарт жасау үшін сол елеулі жағдайлармен келісуі жеткілікті.
Үшіншіден, оферта оны жіберген жақ пен алушының қолына тигеннен бастап оларды өзара байланысты етіп кояды. Офертаны қабылдаған тұлға оны өзіне жолдаушы жаққа белгілі бір уақыт өткенше басқа біреуге ұсыныс жасамай тұра тұруды міндеттейді және де офертамен келіскен тұлғамен оферта жіберуші шарт жасауы тиіс. Егер офертаны қайтарып алу туралы хабар офертаның өзінен бұрын немесе онымен қатар келсе, оферта алынбаған болып есептеледі [3, 310 б. ] .
Жоғарыда атап өткендей шарт бұл екі жақты келісім. Ол өзінің бастауын сонай Римнен алады. Яғни, шарт бұл кінделікті жасалатын құбылыс. Мысалы дүкенге барғанда, автобусқа мінгеде және тағы да басқа жағдайларда азаматтық құқықтық қатынастарға кездесеміз. Оларсыз қандай да бір әрекет жасау мүмкін емес. Кез келген адам мұндай қатынастармен күніне бірнеше рет кездеседі десек артық айтқандық емес.
2 Сақтау шарты туралы жалпы ережелер
2. 1 Сақтау шартының түсінігі және элементтері
Сақтау шарты бойынша бір тарап (сақтаушы) оған екінші тараптың (жүк берушінің) берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйінде қайтаруға міндеттенеді [6, 26 б. ] .
Сақтау мәселесін баяндайтын бірқатар теориялық зерттеулер атап өтілгендей сақтау қызмет көрсетудің ерекше түрі, соның ішінде қызмет көрсетулердің ішінде азаматтық-құкыктық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етіле алатын кең таралған түрлерінің бірі табылады.
Қазіргі қоғамда сақтау бойынша қатынастардың кеңінен таралуын толық түсінуге болады. Азамат өз үйінен шығып, қоғамдық орындарға барғанда-ақ заттарды сақтауға беру қажеттілігі жиі туындайды. Мұндай жағдайларда азамат үшін шарт еркіндігі, біз бұған мән бермесек те, елеулі түрде шектеледі. Білім беру, дәрігерлік, өзге де меке ұйымдарда, театрлар мен т. б. жерлерде сырт киімді гардеробқа өткізу талабы белгіленуі мүмкін. Дүкендерде (сауда кәсіпорындарда) сөмкелерді, қол сандықтарды, кейстер мен өзге де ұқсас заттарды өткізуді талап ете алады.
Жалпы пайдаланыстағы орындарда (базаларда) саудамен айналысатын кәсіпкерлер базарларға тиесілі үй-жайларда сақтау қызметін пайдалана алады. Жалпы кіші қәсіпкерлік субъектілеріне (сауда фирмаларына) өз тауарларының сақталуын қамтамасыз ету үшін сақтаумен кәсіби түрде айналысатын субъектілердің қызметтерін пайдалану тиімдірек болып табылуы мүмкін. Бұл аталған кәсіпкерлерге қайта үй жайларының кұрылысына (оларды сатып алуға) оларды жалға, күзетуге, сондай-ақ қойма жабдыкқтарын сатып алуға қомақты соманы жіберуге мәжбүр болғанның орнына өзінің айналым қаражаттарын жұмсамауға мүмкіндік береді [7, 208 б. ] .
Сақтау қажеттілігі заңдардың талаптарына сәйкес туындайтын жағдайлар да орын алады. Мысалы, арестке алынған мүлікі, мұраға қалдырылған мүлікті, кеден қоймаларындағы мүлікті және т. б. сақтау жүзеге асырылады.
Заттардың белгілі бір түрлері тек тиісті жағдайлары бар, заттардың сақталуын камтамасыз ете алатын (соның ішінде ұрлаудан сақтай алатын), оларды беру мен сақтауға кабылдаудың тиісті режимін қамтамасыз ететін сақтаушылармен ғана сақтала алады. Әрине, мұндай жағдайларда да заттарды сақтауға беру қажеттілігі туындайтын болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz