Халықаралық құқықтағы адам құқығы: ұғымы және маңызы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

2024 Халықаралық құқықтағы адам құқығы: ұғымы және маңызы

Мазмұны

Кіріспе . . . . . .
6
Кіріспе . . . . . .: 1 Адам және халықаралық құқық . . .
6: 8
Кіріспе . . . . . .: 1. 1 Адам құқығының ұғымы. . . .
6: 8
Кіріспе . . . . . .: 1. 2 Халық және азаматтық туралы түсінік . . .
6: 13
Кіріспе . . . . . .: 1. 3 Халықаралық құқықтағы босқындар мәселесі. Баспана түсінігі . . .
6: 28
Кіріспе . . . . . .: 2 Халықаралық құқықтағы адамның негізгі құқықтары және оларды жүзеге асыру жолдары . . .
6: 42
Кіріспе . . . . . .: 2. 1 Адамның әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтары . . .
6: 42
Кіріспе . . . . . .: 2. 2 Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі . . .
6: 59
Кіріспе . . . . . .: Қорытынды. . ………. .
6: 65
Кіріспе . . . . . .: Пайдаланған дерек көздер тізімі . . . . . .
6: 68

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың маңыздылығы. Адам құқықтары мен бостандықтары тек қана бір мемлекеттің ісі емес, бүкіл халықаралық бірлестіктің субъектісі болып табылады. Адам құқығы облысы жөнінде жалпы танылған халықаралық нормалар қазір ұлттық заңдарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Сондықтан да мемлекет ішіндегі адам құқын қорғау механизмі, халықаралық құқық нысандарымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты. Адам құқығын қорғау жөнінде нормалар қабылдаған халықаралық ұйымдар, адам құқығының бұзылмауына жол бермеуге нақты механизмдер қарастырды. Егер мемлекет ішінде құқықтық көмек құралдары болмаған жағдайда, халықаралық құқық көзқарасы бойынша, әрбір адам өзінің мемлекетінің халықаралық шарттары бойынша, адам құқығы мен бостандығын қорғау мемлекетаралық органдарынан көмек алуға болады. Адам құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау жайында, қоғамдық тәртіпті сақтауда, адам құқықтары мен бостандықтарын, адам денсаулығы мен ар абыройын қорғау негізінде заңда көрсетілген жағдайда ғана шектеледі. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын саяси ниетпен шектеуге жол берілмейді.

Қоғамның демократиялық деңгейі, тек қана Конституцияда жарияланған қандай да бір құқықтар мен бостандықтардан көрінбейді, сонымен қатар қандай деңгейде азаматтар сол құқықтар мен бостандықтарды пайдалана алуында.

Өкінішке орай, зейнеткерлердің, кәмелетке жасы толмаған балалардың, тағы сол сияқты халықтың қорғаусыз қабатының қазіргі жағдайлары қиын. Әскерге шұғыл шақыру, әскери қызметкерлердің қорғау жүйесі дұрыс қамтамасыз етілмеген. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жабылуы, мектептер, ауруханалардың және мәдени объектілердің қысқартулары, адамдардың дұрыс білім алу, дем алуға, емделуге мүмкіндіктерін шектеп тастады.

Көбінесе қазіргі кезде іс-тәжірибеде қылмыстық іс жүргізуде адам құқықтары мен бостандықтарының көп бұзылуының оқиғалары кездеседі. Адам ар абыройын қорлайтындай негізсіз ұстау, қамау оқиғалары аз емес. Адам құқық саласындағы әрекет ететін заңдарды білген жағдайда азамат өзінің Конституциялық құқықтарын қорғауға мүмкіндік алады.

Негізгі заңда көрсетілген Конституциялық қағидаларды өмірдің іс-тәжірибесіне араластыру үшін, республиканың әр азаматы өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғауда құқықтық көмек алуға, қосымша құқықтық механизмдер құру қажет. Қажетті түрде адам құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін заңдардың жедел түрдегі билік басындағы саяси күштеріне тәуелсіз әрекет етуін қамтамасыз ету қажет.

Адамдардың әрбір ұрпағы өздерінің ұлы қазыналарын, яғни құқықтары мен бостандықтарын әрқашанда белсенді түрде қорғап, сендіру керек. Республикада адам әдет-ғұрпын, құқықтары мен бостандықтарын бағалау әлі де жеткіліксіз. Сондықтан да адам құқықтарын ұлы қазына ретінде тек қана сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде басшылыққа алуға әлі көп уақыт керек.

Осы дипломдық жұмысты таңдап алғандағы негізгі мақсатым , халықаралық құқықтағы адам құқығына терең үңіле отырып, қазіргі кезеңдегі айтулы келеңсіздіктер мен олқылықтардың орнын алу жолдарын қарастыра отырып, осы құқықтар мен бостандықтарды қорғауды жүйелі түрде ұйымдастыру үшін қандай мәселелер шешілуі керек екендігін талдау.

Зерттеудің міндеті. Белгіленген мақсаттан шыға отырып, мына төмендегідей міндеттер туындайды:

- адам құқығының ұғымын ашу;

- халық және азаматтық туралы түсініктің мазмұнын ашу;

- халықаралық құқықтағы босқындар мәселесімен толық танысу;

- халықаралық құқықтағы адамның негізгі құқықтары және оларды жүзеге асыру жолдары ережелерін игеру.

Зерттеудің әдістері қоғамдық ғылымдарға ортақ жалпы және арнайы танымдық әдістер жүйесі: диалектикалық, функционалды талдау, жүйелеу, синтездеу және т. б. әдістер басшылыққа алынды.

Ғылыми зерттеудің құрылымы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланған дерек көздер тізімінен тұрады.

Зерттеу жұмысын жазу барысында отандық ғалымдар Ж. О. Құлжабаеваның, М. А. Сарсембаевтың, Ғ. Сапарғалиевтың, Е. А. Лукашеваның, А. А. Мишиннің және т. б. ғылыми жұмыстардағы теориялық тұжырымдары негізге алынды.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы Қазақстандағы заң жоғары оқу орындарындағы юриспруденция мамандығы бойынша мамандарды дайындауды қамтамасыз ететін оқу пәні ретінде, дәрістер жүргізуде, семинар сабақтарын өткізуде қолданылуға ұсынылады.

1 Адам және халықаралық құқық

1. 1 Адам құқығының ұғымы

Заң адам құқығын, оларды пайдаланушы жеке тұлғаны мемлекеттің теріс пайдалануынан қорғауы тиіс деген қағида 1690 жылы Джон Локктың "Басқару туралы екі трактаты" еңбегінде алғаш рет шыққан.

Джон Локк заттардың табиғи тәртібіне байланысты бірінші орында мемлекет құқығы емес, адам құқығы тұруы тиіс деп ойлаған. Өз еңбегінде Джон Локк ағылшындарға билікті сыйлаушы кезең 1688 жылғы Революция нәтижесінде пайда болған құқықты көтерді. Ұлы Британияның жазылмаған Конституциясы нақты басымдылығын, француз саясаткер философы Монтескье 1748 жылғы "Заңдар жаны туралы" шығармашылығында өзара заңшығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтары құзіреттерінің айрықша бөлінуін анықтады және түсіндіріп берді. 1762 жылы Жан Жак Руссо адам құқығының революциялық қабілетін айтты: "Адам тәуелсіз болып туылады, бірақ бүкіл жерде шынжырмен байлаулы". Кейінірек Америкада, бүкіл Еуропада демократиялық революциялар басталды. 1776 жылы 4 шілдеде Филодельфияда Американың тәуелсіздік Декларациясы қабылданды. Томас Джефферсонның бұл құжатында Дж. Локк, Монтескье және Руссоның интеллектуалды ықпалы көрінеді. Адам құқығының оларды өкіметтің қорғау міндетін салтанатты қабылдап, хабарлап, он үш Америка Құрама Штаттарының делегаттары жариялады:

- біз өз айқындылық ақиқаты деп ойлаймыз. Бүкіл адамдар тең жаратылған және жаратушы мен бөлінбейтін құқықтар берілген, соның ішінде бостандық, өмір сүру және бақытқа ұмтылу құқығы кіреді;

- осы құқықтары қамтамасыз ету үшін адамдар үкімет құрады, әділетті үкімет басқарылатындардың келісіміне негізделеді;

- егер қандай да бір мемлекет құрылымы осы құқықтарды бұзса, онда халық оны өзгертуге немесе қысқартуғажәне жаңа құрылым орнатуға құқылы. Олар халықтың игілік іс-әрекеттерін және қауіпсіздігін өте жақсы қамтамасыз ететін қағидаларға негізделуге тиіс. Саяси қатынаста XVIII ғасырдың соңғы он жылдығы адам құқықтарын бекітуде қолайлы уақыт болды. Бастилияның құлауынан кейін бірнеше апта өткен соң, 1789 жылы 27 тамызда халық жиналысы Лафайеттің құжаттар жобасы адам және азамат Декларациясы ретінде қабылданды. Көбі, оның ой-желісі философ Руссоның және Филадельфиялық тәжірибенің жалғастырушысы ретінде танылды.

Француз Декларациясы "жоғарғы тәңір алдында және оның игілік еркімен төмендегідей адам және азамат құқықтарын" растады және жариялады [1] . Адамдар тәуелсіз және тең құқылы болып туылады және қалады.

1 Қоғамдық өзгешеліктер тек қоғам қажеттіліктерінің пайдасын ойлау негізінде ғана жүргізіледі.

2 Бүкіл саяси бірлестіктердің мақсаты табиғи және бөлінбейтін адам құқықтарын қамтамасыз ету. Мұндай бостандық, жеке меншік, қауіпсіздік және езгілікке қарсылық.

3 Егеменділіктің қайнар көзі халыққа тікелей байланысы бар. Ешқандай да корпорация, бірде-бір жеке дара осы қайнар көзден шықпайтын билікті иемдене алмайды.

4 Бостандық басқаға зиян келтірмейтін бүкіл нәрсе істеуге мүмкіндік беруден тұрады. Сондықтан да адамның табиғи құқықтарын жүзеге асыру шекарасы басқа да қоғам мүшелерінің дәл сол құқықтарды пайдалануды қамтамасыз ететінділігі. Шекараларды тек заңмен ғана анықтауы мүмкін.

5 Заң тек қоғамға қауіпті әрекеттерге тиым салады. Заңмен тиым салынбаған нәрсенің бүкілі рұқсат етіледі және заңмен рұқсат етілмеген әрекетке ешкім де мәжбүрленуі тиісті емес.

6 Заң - жалпы ерікті білдіруші. Бүкіл азаматтар оның құрылуына тікелей немесе өздерінің өкілдері арқылы қатысуға құқылы. Ол барлығы үшін, өзінің қорғаушылығын көрсеткенде не жазылғанда тең болуы тиіс.

7 Ешкім де айыпталуға, қамауға немесе тұтқынға тартылмай, егер заңмен көрсетілген және заңда жазылған тәртібін сақталу жағдайымен жүзеге асырылмаса. Сондай заңсыз бұйрықта шығарған, жүзеге асырған оны орындау туралы бұйрық берген кімді-кім жазаланады, бірақ заң күшіне сәйкес шақырылған немесе ұсталған әр азамат сөзсіз бағынуы керек, қарсылық көрсеткен жағдайда ол жауаптылыққа тартылады.

8 Заң тек дәлме-дәл даусыз қажетті жазаларды орнатады. Заң күшін тиісті қолдану шығарылғанға және жарияланғанға дейін құқық бұзушылық жүзеге асырылса жазаланбайды.

9 Әр адамның кінәліліге белгілі болғанға дейін кінәсіз деп болжаланады.

10 Ешкім де өз пікірін білдіруде ыңғайсызданбауы керек, діни пікірдің өзінде де, өйткені мұның сипаты заңмен белгіленген қоғамдық тәртіпті бұзбайды.

11 Ойларын және пікірлерін тәуелсіз білдіруі адамның қымбат бағалы құқығының бірі.

12 Адам және азаматтар құқығын қамтамасыз ету қарулы күштерді пайдалануды керек етеді.

13 Қарулы күштерді және әкімшіліктерді қаржымен қамтамасыз ету үшін жалпы алымда қажет, ол бүкіл азаматтардың жағдайына байланысты бөлінуі керек.

14 Барлық азаматтардың өздеріне өкілдері арқылы мемлекеттік алымдардың қажеттілігін белгілеуге, оны алуға әркім келісім беруге, оның шығындалуын бақылауға және ол бөліктің мөлшерін, негізін алу тәртібін және ұзақтығын анықтауға құқықтары бар.

15 Қоғам әр лауазымды тұлғадан оған сеніп тапсырған басқару саласына байланысты есеп беруді талап етуді құқылы.

16 Құқықтық пайдалануды қамтамасыз ету және билікті бөлу жүргізілмеген әр қоғам конституциясына ие болмайды.

17 Меншік қасиетті әрі қол сұғылмайтын құқық болғандықтан, алдын-ала және әділетті түрде орнын толтыру шартымен тек заңмен белгіленген, қоғамға аса қажетті реттерден басқа кезде ешкімді де ол құқығынан айыруға болмайды.

Өздері мойындаған және жариялап отырған бастамалар негізінде Франция Конституциясын бекіте отырып Ұлттық жиналыс құқықтардың теңдігі мен еркінділігіне зиян келтіретін, бекітулердің күшін жояды. Американың Тәуелсіздік Декларациясы, Францияның адам және азамат құқық Декларациясы XVIII ғасырдың интеллектуалдық және құжаттық негізін құрады және кейінгі екі ғасырда адам құқықтарын қорғау заңдылықтарын жүзеге асырды. Қазіргі таңда адам құқықтарының конституциялық кепілі кең ауқымда тараған. Бір зерттеудің көрсетуі бойынша, адам құқығын және негізгі бостандықтарын 1788 жылдан 1948 жылдар аралығында қабылданған Ұлттық Констиитуцияның 82 пайызы 1949 жылдан 1975 жылдар аралығында қабылданған ұлттық конституциялардың 93 пайызы ескірілген. Бүгінгі таңда адам құқықтарын қорғау қағидасы жүзден аса ұлттық конституцияларда бекітілген [2] .

1789 жылғы француздық "адам және азамат құқығы" декларациясынан кейін көптеген ел конституцияларында осы екі субъектілердің құқықтық жағдайына байланысты нормалар пайда бола бастады.

Адам құқығы - бұл тұлғаға тумасынан берілетін одан бөлінбейтін құқықтар. Бодандық және тәуелділіктен құтылу үшін буржуазиялық революционерлер монархтан және шіркеуден олардың негізгі құқықтарын мойындауды талап етті. Ал қазіргі уақытта мұндай талаптар тоталитарлық және авторитарлық мемлекеттерде қойылып отыр.

Адамнан бөлінбейтін, аластатылмайтын құқықтар қатарына әдетте - өмір сүруге құқық, бостандыққа құқық, меншікке құқық, отбасылық құпияға құқық және тағы басқа құқықтар жатады. Соңғы жылдары бұлардың қатарына кейбір "үшінші" және "төртінші" ұрпақ қосылып жүр. Мысалы, мәдениет жетістіктерін қолдану құқығы, таза қоршаған ортада өмір сүруге құқығы және т. б. құқықтар. Бұл құқықтарды мемлекет өз актілерімен және өз әрекеттерімен бере де, ала да алмайды деп есептеледі.

Азамат құқығы керісінше тұлғаның белгілі бір мемлекетке саяси қауымдастыққа жатуына байланысты болады. Саяси қауымдастықтың мүшесі ретіндегі азаматтың құқықтары мемлекеттің актілері және әрекеттері арқылы қамтамасыз етіледі және беріледі. Мысалы, оларға сайлау құқығы, саяси партияға бірігу құқығы және тағы басқа құқықтар жатады. Тағы осы топқа кейбір әлеуметтік-экономикалық құқықтарды кіргізуге болады. Олар тегін білім алу құқығы, тегін медициналық білім алу құқығы және т. б. құқықтар.

Бұл құқықтар азаматтарға мемлекеттердің материалдық мүмкіндеріне, сол елдегі демократияның даму деңгейіне елдегі әдет-ғұрыпқа байланысты беріледі.

Адам құқығы мен азамат құқығының арасында бір бекіп қалған шекара жоқ. Олардың болуы тек жалпы теориялық деңгейде жүргізіледі. Екеуі де Конституцияда жазылып мемлекетпен және оның органдарымен қамтамасыз етілуге тиіс. Азамат және адам құқығын айыру қалыптаспаған тоталитарлы-социализм мемлекеттерінде құқықтары басқаша болуы орныққан. Ондай елдерде азамат құқығы мен еңбекші құқығы деп бөлуге қалыптасқан. Кейбір елдердің Конституцияларында белгілі әлеуметтік-экономикалық құқықтар тек еңбекшілерге ғана беріледі.

Адам құқықтары туралы халықаралық құқықтың негізгі қағидалық нормалары дүние жүзіндегі көп елдермен мойындалып, қабылданғанымен тұлғаның қоғамдағы нақты жағдайы сол елдегі құқықтық жүйеге байланысты болады.

Демократиялық құқықтық жүйе жағдайында адам мен азамат құқығының, қоғам мен мемлекеттен тұлғаның жоғары тұруынан туындайтын жеке көзқарас қалыптасқан. Мұндай жүйеде саяси және жеке құқықтар мен бостандықтарға көп көңіл бөліп әлеуметтік-экономикалық құқықтарға көп көңіл бөлмейді. Бірақ қазіргі уақыттағы жаңа конституцияларда (Бразилия, Италия, Перу және т. б. ) әлеуметтік-экономикалық құқықтар аумағы әжептәуір кеңейтілген, кейбір конституцияларда мысалы, Үндістанда мұндай құқықтар үкімет әрекетін бағыттаушы ретінде қарастырылады, ал басқаларында, мысалы, Америка Құрама Штатында көптеген әлеуметтік-экономикалық құқықтар туралы мүлдем айтылмайды. Оларды соттық талаптар, шешімдер арқылы қорғау мүмкін емес болғандықтан, олар нағыз мағынасында құқық деп қарастырылмайды.

Адам құқығы туралы социалистік тұжырымдама ұжымдық қағидалардан бастау алады. Бұл тұжырымдама бойынша мемлекет, қоғам, ұжым адамнан жоғары тұрады. Бұл тұжырымдама қолдаушыларының айтуына қарағанда адам қоғамда өмір сүреді және одан бос болу мағынасыз, мүмкін емес, сондықтан адамның әсіресе азаматтың құқықтары тек қауымдастықта жүзеге асырылып мемлекетпен қамтамасыз етіледі. Айтылған тұжырымдама бойынша адамға құқықтар мен бостандықтар тек мемлекетпен ғана беріледі, ал табиғи құқықтар негізінде мүлдем мойындалмайды. Социалистік тұжырымдама керісінше адамның әлеуметтік-экономикалық құқықтарына көп көңіл бөледі.

Мұсылмандық құқықтық жүйеде адам құқығына деген көзқарас тұлғаның діни-нанымына, жынысына байланысты болады. Мұсылмандардың мұсылман еместердің алдында артықшылықтары болады. Оларға берілген құқықтар көлемі көп болады. Мысалы, 1973 жылғы қабылданған Сирия Конституциясы бойынша ел Президенті тек мұсылман адамы ғана бола алады [3] . Классикалық мұсылман құқығы бойынша ер адам әйел адамға қарағанда жоғары тұрады. Мысалы, кейбір елдерде әйелдерге сайлау құқығы берілмеген, әйел мұрагерлер ерлер алатын мұраның жартысын ғана алады. Иранның 1979 жылдан бастап тәжірибелік түрде пайдаланып 1996 жылы күшіне енген Қылмыстық Кодексі бойынша әйел адам қоғамдық жерлерде бет пердесіз көрінсе, онда ол 74 қамшы соққысымен жазаланып отыруы мүмкін, күйеуіне сенім сақтамағаны үшін оны таспен соққылап тастауы мүмкін. Бірақ, ол үшін үш куәгердің болуы қажет. Мұсылмандық құқықта адам құқықтары көп тоқталмай, оның Алла Тағаланың алдында мұсылмандар қауымы алдындағы міндеттеріне ерекше көп көңіл бөлінеді.

Классикалық мұсылман құқығында әйел адамдарға да кейбір кепілдіктер беріледі. Мысалы, ерлі-зайыптылар ажырасқанда күйеуі балаларын қамтамасыз етуге міндетті болады. Сонымен қоса классикалық мұсылман құқығы бойынша ол тек мұсылман адамдары арасында ғана қолданылады. Классикалық мұсылман құқығы бұрынғы күйінде кейбір елдерде ғана сақталған. Қазіргі уақытта көп елдерде оларға жалпы азаматтық нормалар мен қағидалар, халықаралық құқық әсерінің астына түсіп өзгерістерге ұшырады. Бірақ барлық мұсылмандық елдерде заңшығарушылықтың қайнар көзі болып шариғат есептеледі.

Кәдімгі құқықтық жүйеде тұлғаның құқықтық мәртебесі оның белгілі бір тайпа, руға тиістілігіне байланысты. Кәдімгі құқық нормалары тайпа ақсақалдарының естерінде сақталып тек өз тайпаларының мүшелеріне тарады [4] . Құқық зерттеушілердің айтуына қарағанда тұлғаға берілген құқықтар мен бостандықтарды ол тек қана өз тайпасында ғана жүзеге асыра алады.

Адам бір тайпаның бөлігі ретінде қарастырылады, ол адам тайпадан тыс өмір сүре алмайды.

Адам құқықтары мен бостандықтары - дүние жүзілік қауымдастық игерген, мойындаған және тиісті халықаралық құқықтық актілерде бекітілген және заңдық жағынан қамтамасыз етілген әрбір адамның құқығы ретінде мойындалған, ешкім де еркін шектеп немесе тиым сала алмайды. Адам өзінің табиғи құқығы мен бостандығының қайнар көзі, сондықтан да олар шектелмеуі тиіс. Қазақстан Республикасы адам құқығы мен бостандығын қай елдің азаматтығы екендігіне қарамастан мойындайды, кепілдік береді әрі қорғайды. Адам құқығы оның міндетімен байланысты. Сондықтан олардың жүзеге асырылуы нақтылы жағдайға қатысты адамға берілген құқық оның мүмкін болған мінез-құлық түрі мен өлшемінен сипат алады. Адам бостандықтары ешқандай жағдайларға байланысты болмайды. Ол оның еркінің нәтижесі.

Адам мен азаматтардың құқықтары тепе-тең емес, Республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтары Қазақстан мемлекеті мойындайтын әрі кепілдік беретін өз азаматтарының белгілі мінез-құлқының заңдық мүмкіндіктерін білдіреді. Адам құқықтары мен бостандықтары және азамат құқықтары мен бостандықтары өзара байланысты болғанмен, дәл келмейді.

Біріншісі, бастаушы және жан-жақты категория, ал екіншісі, қоғам мен мемлекеттік даму деңгейін көрсетеді. Алайда, кез-келген жағдайда құқықтар мен бостандықтар атауы Қазақстан Республикасының Конститиуциясының басты категориясына жатады. Адамды қазақстандық қоғамның ең қымбат қазынасы ретінде бекітуге бағытталған. Адам және азаматтар құқықтары мен бостандықтары серпінді түрде кеңейе түсуде. Өркениетті мемлекеттердегі адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары толық көлемде Республика Конституциясында бекітілген [5] .

1. 2 Халық және азаматтық туралы түсінік

Кез келген мемлекеттегі халықтардың құқықтық жағдайы оның ішкі заңдарымен айқындалады. Бұдан мемлекеттердің осы саладағы ынтымақтасу мүмкіндіктері мен мүдделілігі болмай қалады деген ой тумауы керек.

Кез келген мемлекеттің халқы нақты кезеңде қандай да бір мемлекеттің аумағында өмір сүріп жатқан индивидтердің жиынтығын көрсетеді. Халықтың құрамы, әдетте, өзінің азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан құралады. Сондай-ақ, «аралас мәртебесі» бар халықтар санаты да болуы мүмкін, яғни олар екі азаматтығы бар адамдар болып табылады. Тар мағынадағы «халық» ұғымынан басқа, кейде бұл сөзді кең мағынада талдау да кездесіп қалады, атап айтқанда, жер жүзіндегі барлық тұрғындарды халық деп атайды.

Халықаралық құқықта азаматтық мәселелерін реттейтін шарттық және әдет-ғұрыптық нормалар жүйесі бар. Мысалы, оларға азаматтық мәселелері жөніндегі халықаралық-құқықтық нормалар, шетелдіктердің, қос азаматтығы бар адамдардың (бипатридтердің), азаматтығы жоқ адамдардың мәртебесін айқындау жатқызылады. Халықаралық-құқықтық реттеу мәселелерінде адам құқықтары жөніндегі ынтымақтастық проблемалары мен перспективаларына айрықша орын беріледі. Мұнан өзге, халықаралық құқықтағы болып жатқан барлық өзгерістер тікелей немесе жанама түрде болсын, халықтар мәселесіне ықпалын тигізіп отырады. Мәселен, мемлекет қылмыстылықпен күрес жүргізудегі ынтымақтастық мәселелерінеде өз әрекеттерін үйлестіру кезінде бір мезгілде қылмыскерді бір-біріне беру туралы мәселені де шешіп отырады. Егер мемлекет ғарыштық зерттеу саласында ынтымақтастық жүргізсе, онда ғарыш кемесі экипажының апат, бақытсыздық немесе мәжбүрлі түрде қону жағдайларына көмектесудің құқықтық проблемалары туындайды. Мемлекеттер, өкінішке қарай қарулы жанжал жағдайында болса, онда соғыс құрбандарын қорғау мәселесіекі жақты келісе отырып, шешіледі. Соғысушы елдермен шекаралас мемлекеттер үшін босқындарды баспанамен, азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз ету мәселелері туындайды. Халықаралық-құқықтық нормалардың мемлекет халқының жағдайына жанама әсер етуі әр түрлі болатыны сөзсіз, осыған орай халықаралық құқықтағы сапалық өзгерістердің ішкі заңдарға әсер дәрежесі мен сапасы да артып келеді.

Сонымен, халықаралық құқцықта жеке мемлекеттер халқының жағдайына халықаралық құқықтың ықпал етуінің екі бағыты байқалуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық құқықтың қағидалары
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мемлекетшілік және халықаралық құқық кепілдіктері
«Азаматтық құқық бойынша әрекетқабілеттілік ұғымы»
Азаматтық құқықтағы құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері
Коллизиялық норманың құрылысы
Құқық нормаларын қолданудың тәжірибелік ерекшелігі
Адам құқығын қорғау
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ТАЛДАУ МЕН СИПАТТАМАСЫ
Қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz