Сауда желілерінің жалпы ұғымы


Мазмұны
2. 2 Қазақстан Республикасы сауда желілері қызметтерін реттейтін мемлекеттік органдардың құзыреттері . . .
2. 3 Сауда желілері қызметiн жүзеге асыру нышандары . . .
2. 4 Сауда желілеріндегі тауарлардың жекелеген түрлерiн сатуға қойылатын талаптар . . .
3. 3 Сауда желілерін мемлекеттік реттеумен байланысты мәселелер және оларды жетілдіру жолдары . . .
Кіріспе
«Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады» деді Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты халқына жолдауында [1] .
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұтынушылардың жеке пайдалануы үшін оларға тауарларды сату жөніндегі кәсіпкерлік қызмет бөлшек сауда желілеріне жатады. Бөлшек сауда желілері дүкендер, сауда үйлері, базарлар мен автоматтар, дүңгіршектер, автодүкендер, шатырлар, шығарылатын сөрелер арқылы жүзеге асырылады. Бөлшек сауда желілері дүкендері алаңдары, ассортименті, қызмет көрсету сапасы, техникалық жарақтандырылуы бойынша ерекшеленеді.
Бүгінгі күннің міндеті - ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге көшіру үшін жағдай және алғышарттар қалыптастыру, ол үшін кәсіпкерліктің ең көп таралған түрі сауданы, соның ішінде сауда желілерін дамытуға мемлекеттік деңгейде өз ықпалын тигізу нысандарын қарастыру қажеттігі туындап отыр.
Мемлекеттің сауда желілерін дамыту негізінде алдына қойған мақсаты Қазақстан Республикасының сауда саласын орнықты дамыту мен оның бәсекеге қабілеттігін жоғарылату үшін жүйелік және институционалдық негіз жасау.
Міндеттері - ішкі сауданы мемлекеттік қолдау жүйесін қалыптастыру (бірлесіп қаржыландыру, саланы кадрлық қамтамасыз ету) ;
- биржалық және электрондық сауданы жедел дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;
- сауда қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны сауда саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттарына сәйкес келтіру;
- көтерме сауда жүйесін халықаралық транзиттік желіге ықпалдастыру;
- Қазақстан аумағындағы қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті өнімдер өндірісін дамыту,
- экспортқа бағдарланған жаңа өндірістерді қалыптастыру және жоғары
технологиялық секторға шетелдік капиталды тарту үшін қолайлы жағдай жасау;
- сыртқы нарықтарға қазақстандық өнімді жылжыту үшін қолайлы жағдай жасау;
- ішкі саудаға қатысушыларға сервистік қолдауды (ақпараттық, талдау және өзге) ұйымдастыру.
Осы дипломдық жұмыс тақырыбының зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының сауда желілерінің қызметтерінің жүзеге асуы болып табылады.
Зерттеу пәні болып сауда желілерінің қызметтерінің жүзеге асуын мемлекеттік реттеу саясатын айқындау табылады.
Бұл жұмыстың мақсаты болып Қазақстан Республикасының сауда желілері қызметтерінің мемлекеттік реттелу нормативті құқықтық және экономикалық аспектілерін қарастыру табылады.
Осы қойылған мақсаттарға байланысты келесідей міндеттер алға қойылып отыр:
- Сауданы мемлекеттік реттеудің теоретикалық негіздерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы сауда желілерінің жағдайына және дамыуна сараптама жасау;
- Сауда желілер қызметтерін құқықтық реттеу механизмдері мен ішкі сауда саласындағы мемлекеттік саясатты саралау;
- Сауда желілер қызметтерін құқықтық реттеу механизмдері мен ішкі сауда саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мақсатында жасауға болатын шараларды ұсыну.
Дипломдық жұмыс құрылымы бойынша үш тараудан тұрады. Кіріспе, жалпы бөлім, негізгі және қорытынды бөлімнен.
Бірінші бөлімде сауда желілері қызметтерінің алғы шарттары ретінде сауданың дамуының тарихи аспектісі, ғасырдан ғасырға сауда мемлекеттің дамуына әсер ету нысандары, жағдайлары қарастырылған.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасы сауда желілері қызметтерін құқықтық реттелу механизмдері қарастырылған, оның ішінде сауда желілері қызметiн реттеудiң мақсаттары мен принциптерi, Қазақстан Республикасы сауда желілері қызметтерін реттейтін мемлекеттік органдардың құзыреттері, сауда желілері қызметiндегi сатып алу-сату шарты және сауда желілері қызметiн жүзеге асыруға қойылатын талаптарға толығырақ тоқталып өткен.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасы сауда желілері қызметтерін реттеуде мемлекеттің ішкі сауда саласындағы саясатын саралауға тырыстық, айта кетсек жасалған жұмыстарға сараптама жүргізу және мемлекет тарапынан жасалып жатқан және алға қойған мақсаттарды жетілдіру мақсатында мақсаттар мен міндеттер жоспарларын қарастырдық.
Жұмыстың нормативтік - құқықтық базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Iшкi сауда ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы, Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама және басқа сауда мен сауда желілері қызметіне қатысы бар заң актілерінің нормалары құрайды.
Қaзaқстaн егемендік aлып, мемлекеттік тәуелсіздігіміз өмір aқиқaтынa aйнaлa бaстaуымен қaтaр ұлтымыздың құқықтық, әл ауқатының арту мәдениетін тaнып білу және игеру, оны жaңғырту және пaйдaлaну күн тәртібіне қойылып отыр. Ол мемлекеттің саудасының дaму тaрихымен бaйлaнысты. Кез-келген қоғaмның дaму кезеңін тaлдaй отырып, бaстaпқы кезеңдегі экономиканың неден бастау алатынын aтaп өтпеуге болмaйды. Бұл жaлпы құқықтың орнығуынa, теориялық, тұрғыдaн түсінуге мүмкіндік береді.
Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс.
Іскерлік мәдениетінің деңгейін көтеру мен кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудың маңызы үлкен.
Ол үшін төмендегідей шаралар қажет:
• Шағын және орта бизнестің бірлестіктер мен кооперацияларға ұмтылысын көтермелеу, оларды қолдау мен көтермелеудің жүйесін жасау.
• Жергілікті бизнес-бастамаларды көтермелеу және мейлінше аз, бірақ қатаң реттеу есебінен ішкі нарықты дамыту.
• Бизнеске жасанды бөгеттер тудыратын мемлекеттік шенеуніктер үшін жаңа, әлдеқайда қатаң жауапкершілік жүйесін енгізуді қарастыру.
• Жаңа жағдайларды, соның ішінде біздің Еуразиялық экономикалық кеңістікке қатысуымызды, алда Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіретінімізді ескере отырып, отандық кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру және олардың мүдделерін қорғау мен ілгерілету үшін қажетті барлық шараны қабылдау.
1 Сауда желілері қызметтерінің алғы шарттары ретінде сауданың дамуының тарихи аспектісі
Ресейдің XVIII ғасырдағы зерттеуші ғалымы Георги қазақтардын саудасы туралы былай деп жазды: «Олар (қазақтар) өздерінің тұрмысына қажетті нәрселердің барлығын да Ресеймен, Бұхармен, Хиуамен және басқа да көрші елдермен сауда жасау арқылы алып тұрады» [2] .
Қазақтар мен Жоңғария арасында күшті сауда-саттық байланысы орнаған болатын. Алайда ол екі ел арасындағы соғыстар кезінде үзіліп калып отырды. Қазақтар түлкі мен қарсақ терісін жоңғарларға түйе және астыққа айырбастайтын. Жоңғар көпестері Ертіс өңіріндегі бекіністерге жиі келіп тұратын.
Кейде жоңғарлардың өздері де қазақ ұлыстарына астық әкеліп жүрді. Ал қазақтар Жоңғария аумағына түйе мен астық сатып алу үшін үнемі барып тұратын.
Қазақ-Ресей саудасы. Қазақтардың Ресеймен сауда жасайтын негізгі орындары шекара шебіндегі Орынбор, Троицк, Петропавл, Омбы, Семей және Өскемен бекіністері болды. Қазақтар базарға мал және мал шаруашылығы шикізаты мен аң терілерін алып баратын.
Ресейден әкелінетін тауарлардың негізгі түрі астық, жарма, кездеме маталар, шұға-мәуіті, иленген тері және металл бұйымдары болды. Қазақ-Ресей саудасының бірқатар өзіндік ерекшеліктері де бap еді.
Олар:
Біріншіден, сауданың айырбас жасау сипаты басым болды. Өйткені айналымдағы ақшақазақтарда аз еді. Сауда бірлігі болып ісек қой саналды.
Екіншіден, сауданың эквиваленттік тепе-тең балама бағалары болмады. Соның арқасында Ресейсаудагерлері аз уақыттың ішінде-ақ байып шыға келді. Мысалы, бағасы 75 тиын тұратын 18 метр кенепті. бір жылқы мен өгізге айырбас жасады. Ал ол жылқы мен өгізді Ресейге алып барып 12-15 сомнан сатты.
Үшіншіден, қазақ даласына сапасы өте төмен тауарлар алып келінді. Бұл жөнінде Ресейдің XVIII ғасырдағы белгілі зерттеушісі П. Паллас былай деп жазды: «Қырғыздардың (қазақтардың) саудаға ебі жоқ. Олар сапасыз тауарларды және қайдагы бір ұсақ-туйек заттарды айырбас жасау арқылы ала береді. Мұның өзі орыс көпестеріне қыруар мол пайда әкеледі».
Орынбор - Ресейдің қазақтармен сауда жасайтын ірі орталығы. Орынбор қазақ-орыс саудасының аса маңызды орталығына айналды. 1743 жылы Жайықтың сол жақ жағалауында Орынбордың түбінде қазақтармен және Орта Азия көпестерімен сауда жасау үшін арнайы Айырбас сарайы салынды. Жергілікті қазақтар оны «Ақ базар» деп атады [3] .
Ол кірпіштен салынған төрт бұрышты үлкен құрылыс болатын (әрбір қабырғасының ұзындығы 430 метр) . Оның ішкі жағында дүкендер мен қамба-қоймалар салынған еді. Оларда ерте көктем мен қара күзге дейін айырбас сауда қызу жүріп жататын.
Мұнда Орта Азиядан жібек, мақта-мата және шапан, кілем, төсеніш, көрпе, кептірілген жеміс, пісте, мал терілері, қаракөл елтірілері, ер-тұрман мен жүгендер, басқа да күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар әкелінген.
Қазақтар мүйізді ірі қара, қой-ешкі, жылқы, түйе, жүн-жұрқа, жылқының жалы мен құйрығының қылы, ешкінің түбіті, киіз, текемет, сырмақ, қой терісі, қаракөл елтірісі сияқты мал мен мүліктерді саудаға шығарды.
Ресей көпестері мақта-мата кездемелері, барқыт, шай, қант, темір, шойын, мыстан жасалған бұйымдар, самаурын сияқты басқа да тауарлар сатты.
Орынбордағы айырбас сарайында күн сайын сауда кезінде тәртіп сақтауды аға офицер басқаратын бір рота солдаттар қадағалап отырды. Қазақтармен сауда-саттықтың артуы Ресейде тоқыма өнеркәсібінің дамуына әсер етіп, ынталандыра түсті.
Орта жүз қазақтарының Ресеймен сауда-саттығының дамуы. Орта жүз қазақтарының Орынборға жетуі өте қиын болды, жол алыс еді. Сондықтан да қазақтардың 1743 жылы Үй шекара бекінісінде, 1745 жылы Орск бекінісінде сауда жасауына рүқсат етілді. Тап осы 1745 жылы Абылай сұлтан Сібір өкімет билігі орындарынан Жәмішев бекінісінде сауда орталығын ашуды сұрады.
Бұлай деп өтініш жасаудың себебі қазақтарда астық, шұға, пышақ, ат ауыздығы, балта сияқты заттар тым жеткіліксіз еді. Өз кезегінде Ертіс бойындағы бекініс тұрғындары жамандат, сібір күйдіргісі сияқты аурулардан жиі шығынға ұшырайтын жылқы мен сиыр малының санын қалпына келтіріп, көбейтуге мүдделі болды. Міне, сондықтан да генерал Киндерман Семей және Жәмішев бекіністерінде сауда-саттық жасайтын орындар ашуға рұқсат етті.
Қазақтар оған қой терісін, тұлыптар, түлкі мен қарсақ, ақбөкен терісін, киіз, текемет, қой, сиыр және жылқы апарып сатты. Саудаға қазақтармен қатар орыстар мен жоңғарлар да, Орта Азияныңсаудагерлері де қатысты. Бірақ жоңғарлардың әскери жорықтары кезінде бұл бекіністегі сауда-саттық уақытша тоқтап қалып жүрді.
1750 жылы қазақтар Троицкіде де сауда жасай бастады. Қазақтармен сауда жасауға Мәскеуден, Қазаннан, Туладан, Ростовтан, Ярославльден, Воронежден, Курскіден, Түменнен және басқа да қалалардан көпестер көптеп келетін болды.
1759 жылы тағы да Абылай сұлтанның өтініші бойынша Петропавл бекінісінде қысқы сауда орны ашылды. Қазақтар онда мал және мал өнімдерімен қатар ас тұзын да саудалады[4] .
Көшпелі қазақтар мен отырықшы орыс халықтарының арасында тұрақты сауда-саттық байланыстарын қалыптастырып, нығайта түсу үшін 1764 жылы шекара шебіндегі бекіністерде қазақақсүйектеріне сыйлық ретінде ақша үлестіріле бастады. Кейініректе шекара шебіндегі бекіністерде қазақтар мен Орта Азия саудагерлеріне арнап мешіттер мен керуен-сарайлар салу қолға алынды. Бұл кезде Петропавл және Семей қалалары ірі-ірі сауда орталықтарына айналды.
Қазақ-Қытай сауда-саттығы. Жоңғарлар талқандалғаннан кейін олардың орнын қытай көпестері басты. Орта жүздің мал өсіретін қазақтары Қытай қалаларына жылқы айдап апаратын болды. Оларды күміс бұйымдар мен қант-шайға, жібек матаға айырбастады.
Қытай үкіметі өз армиясы үшін жылқы сатып алуға мүдделі болды. Ал Қазақстанда жылқы Монғолиямен Шығыс Түркістандағы жылқыдан екі есе арзан еді. Қытайлықтар сауда-саттықты шекара аймағына өздерінің ықпалын күшейту үшін пайдаланды. Қазақстан Қытай үшін қолөнер бұйымдары мен шай өнімдерін өткізетін ірі рынокқа айналды.
1758 жылы Абылай сұлтанның өтініші бойынша Үрімші қаласында қазақтардың Қытаймен сауда-саттығы басталды. Сол жолы қытайлықтар 300-ге жуық қазақ жылқысын сатып алды. Мұның өзі екі мемлекеттің арасындағы тұрақты сауда-саттықтың бастамасы болды [5] .
Сауда-саттық негізінен бұрынғы Жоңғария аумағында жүріп жатты. Қытай жағынан сауда жасаушылар тек әскери қызметкерлер мен шенеуніктер еді. Қытайлықтардың арасында қарапайым тұрғындар саудаға араласқан жоқ. Қытай жағы қазақ тауарлары үшін монополиялық төмен баға белгілеп отырды.
Ал өздері саудаға сапасыз тауарлар ұсынудан танбады. Мұның өзі қазақ саудагерлерінің наразылығын туғызды. Тек Абылай ханның араласуы ғана кытайлықтарды саудадағы теңсіздіктерді қайта қарап, оны жоюға мәжбүр етті.
Қазақтардың Орта Азия мемлекеттерімен сауда-саттығы. Орта Азияның саудагерлері қазақ ұлыстарының аумағында баяғыдан бері сауда жасайтын. Олардыбұхаралықтар деп атайтын. Бұхаралықтардың сауда керуендері кең-байтақ қазақ даласын басып өтіп, сонау Орынбор мен Троицкіге дейін, сондай-ақ Батыс Сібірдің қалаларына дейін жететін.
Ортаазиялық тауарлар түрлі кілемдер, барқыт маталар, бақша дақылдарының өнімдері, күміс және алтын бұйымдардан тұратын. Уақыт өте келе ортаазиялық көпестер Сібірдің Түмен, Тобыл, Таражәне Омбы сияқты әр түрлі қалаларында тұрақты тұратын болып алды. Қазақтар мен жоңғарлардың көшіп-қонып жүрген далаларында, сондай-ақ татарлардың елді мекендерінде Ресейдің шығаратын тауарларымен де сауда жасайтын болды.
Олар көбінесе қазақ даласында Ресей мемлекетінің атынан дипломатиялық қызметтер де атқарды. Ресейге сіңірген қызметі үшін олар әскери міндет атқарудан босатылды, баж салығын төлемей-ақ сауда жасай беру құқығына ие болды. Бұхаралықтар ерекше ауыр қылмыс жасамаған жағдайда сотқа тартылмайтын.
Уақыт өте келе бұхаралықтар Петропавл, Семей және Өскемен қалаларына көшіп бара бастады. Орта Азиядан келгендер сауда-саттық жасаумен қатар көшпелі қазақтар мен отырықшы Сібір татарлары арасында ислам дінін уағыздаумен де белсене айналысты.
ХVІІІ ғасырда қазақтардың арасында құл саудасы кеңінен тараған жоқ еді. Қазақ қоғамындағықұлдық патриархалдық (үй ішілік) әрі көмекші сипатта болдьі. Мұның себебі - қазақтар өздерінің малын бағуды қүлдарға сеніп тапсыра алған жоқ. Сондай-ақ әскери жорыққа кеткен кездерінде ауылда көп құл қалдыру да қауіпті болатын.
Құлдардың қатарын толтырып отырудың негізгі қайнар көзі көрші халықтармен жүргізілетін соғыстар еді. Мәселен, қазақ даласындағы құлдардың саны Жоңғария мемлекеті жойылғаннан соң едәуір арта түсті. 1771 жылғы «Шаңды жорықтан» кейін Еділ қалмақтары қатарынан еріксіз құлдарға айналғандар аз болған жоқ. Ресейліктерден құлдықка түскендер Орта Азиядағы құл базарларында сатылатын. Сонымен қатар Орта Азиядан құлдыққа түскендер Орал, Есіл және Ертіс шекара шебіндегі бекіністерде сатылып кететін.
Көптеген құлдар Ресейдің Ірбіт жәрмеңкесінде сатылатын. Ересек құлдардың орташа бағасы 25 сомнан 50 сомға дейін, ал балалардың бағасы 10 сомнан 25 сомға дейін жететін.
XVIII ғасырдың аяқ кезінде Қазақстандағы құлдықтың бар екенін патша үкіметі де танып мойындаған. Мәселен, Жәмішев және Семей бекіністерінде жергілікті билік өкілдері жұмысшы күші ретінде құл сатып алып отырған. Сібір казактары қазақ ұлыстарынан тұтқын алып қүлға айналдыру үшін жиі-жиі қарулы жорықтар жасап тұрған.
Осындай бір жағдай туралы Қазақстанды зерттеуші, белгілі ғалым Г. Н. Потанин былай деп жазды: «1743 жылғы қарашада жүзбасы Дорохов 280 адамы бар отрядымен Қазақ ордасына шабуыл жасады. Теке көлінің жанында Әлімбет батырдың ұлысына жасаган шабуыл кезінде 42 ер және әйел адам тұтқынға түсті, көп адам соққыға жығылып, жарақат алды, 812 бас мая айдап әкетілді».
Әдетте тұтқындардың бір бөлігі жорыққа қатысқандарға таратылып берілетін, ал енді бір бөлігі өлкенің жоғары шенді шенеуніктерінің өздері арасында бөліске түсетін. 1822 жылы патша үкіметі шабуыл кезінде Қазақстанда құлдыққа адам алуға тыйым салды.
1859 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы Г. Х. Гасфордтың бастамасы бойынша Орта жүз қазақтарынан алынған 400-ге жуық құл бостандыққа жіберілді. Ресми құжаттарда күлдардың бар екені сол кезден бастап атап көрсетілмейтін. Құлдардың едәуір бөлігін дәулетті бай қазақтар «бала етіп» асырап алып та отырды [6] .
19 ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы - Қазақстанның жалпыресейлік экономикаға тартылуы. Банк және несие жүйесінің дамуы. Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының нәтижесінде аймактың экономикалық өмірінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асты:
- аймақ жалпыресейлік еңбек бөлінісі мен жалпыресейлік және дүниежүзілік рынокқа тартылды;
- ортақ салмақ, өлшем, ақша белгілері жүйесі орнады;
- ауыл шаруашылығының тауарлық салалары есті;
- тау-кен және өңдеу өнеркөсібі дамыды.
Қазақстанда капитализмнің алдыңғы қатарлы белгілері пайда болып дамыды:
- қалалар мен темір жолдар салынды;
- тауар-ақша қатынастары дамыды;
- көшпелі қазақтар шаруашылықтың жартылай көшпелі және
- отырықшы түрлеріне ауыса бастады;
- әлеуметтік жіктеліс тереңдеп, жаңа әлеуметтік топтар пайда болды (жұмысшылар, жатақтар, батырақтар және т. б. ) [7] .
Алайда Қазақстанға капиталистік қатынастар өте баяу енді, мұнда көпке дейін экономиканың артта қалған түрлері үстем болды. Қазакстан шаруашылық жағынан тек шикізат көзі тұрғысынан ғана игерілді. Өз кезегінде ресейлік өнеркәсіп орындары шығарған тауарларды өткізетін рынокқа айналды.
Сонымен қатар Орталық Ресейдің сауда-өнеркәсіп және монополистік буржуазиясының капиталы салынатын аймаққа айналды. Орыс, шетел және аз-маз жергілікті капитал негізінде тау-кен және мұнай орындарын игеретін акционерлік өндірістер құрыла бастады. Банк тораптары мен несие мекемелері құрылуы нәтижесінде капитал елдің шеткері аймақтарына да келіп жетті.
Қазақстандағы несие жүйесін барлық Ресей империясындағы сияқты Мемлекеттік банк бөлімшелері, акционерлік, коммерциялық банк филиалдары, өзара несие қоғамдары, қалалық қоғамдық банктер жүзеге асырды. Мемлекеттік және ірі коммерциялық банк бөлімшелері XIX ғасырдың 70-80-жылдары Оралда, Петропавл, Семей, Омбы, Верный қалаларында ашылды.
XX ғасырдың басында өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының дамуы ақша рыногын кеңейтіп, несие жүйесі ресурстарын ұлғайтты. Бұл кезеңде елкеде ірі коммерциялық банктердің бөлімдері: Орыс-Азия, Халықаралық коммерция, Орыс сыртқы сауда, Орыс сауда-өнеркөсіп, Сібір сауда, Еділ-Кама, Мәскеу көпестері банктері ашылды.
Қазақстан мен Қырғызстан аумағында 1914 жылы 44 банк мекемелері мен 345 несие және карыз жинақтау серіктестіктері жұмыс істеді. Өлке облыстары арасында несиелік мекемелер саны жағынан Ақмола облысы бірінші орынға шықты. Петропавл осы аудандағы сауда-өнеркәсіп қызметінің орталығына айналды. Мал, мал шаруашылығы өнімдері саудасы және үн тарту өнеркәсібінің ірі орталығы Семейде орналасты. Ал Орал және Қостанай Еділ өңірін мал өнімдерімен жабдықтап тұратын маңызды пунктке айналды.
Сауда өнеркөсіп топтары өлкенің бай табиғи ресурстарын игеруге ат салысты. Аймақта сауда өнеркәсіп өндірісімен салыстырғанда біршама жоғары деңгейде болды. Саудада орта және ұсақ сауда өнеркәсіптерінің үлес салмағы үлкен болды. Кішігірім бөлшек сауда дүкендері де сауда операцияларына белсене араласты. Қазақстан мен Қырғызстанда несие көлемі жағынан бірінші орынды - мал және ет саудасы, екінші орынды - нан, үшінші орынды өнеркөсіп тауарлары иеленді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz