Ветеринариялық мақсаттағы биопрепараттар мен диагностикалық заттарға қатысты заңнамалық қағидалар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКАРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМІЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Ветеринариялық мақсаттағы биопрепараттар мен диагностикалық заттарға қатысты заңнамалық қағидалар

Орындаған : Куатбек М.М.
Тобы: ВМ-503 Тексерген: Нуркенова М.К.

Семей - 2018 жыл
Жоспар
1.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. "Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттар қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар"
2.2. Ветеринариялық мақсаттағы биопрепараттар мен диагностикалық заттарға қатысты заңнамалық қағидалар
2.3. Техникалық регламенттерге анықтама және қолданылатын түсініктемелер, ережелері және ұйымдық-құқықтық нысан Заңнаманың қолдану саласы

III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мал шаруашылығының сәтті дамуы және адам саулығы ветеринариялық қызмет жұмысына байланысты және мал басын көбейту, өнімділікті артыру мақсатында мал ауруларын және өлімді болдырмау үшін алдын алу шараларын ұйымдастыру барысында пайдаланылатын биопрепараттармен жан-жақты танысу.
Біз өмір сүріп жатқан уақыт білімнің бүкіл саласы бойынша, соның ішінде фармацияда да жедел дамуда. Сонымен қатар, біздің уақытта дайын материалдарды оқып-үйрену ғана емес, әрбір маманның өзіндік ғылыи жұмыстарының да, соның ішінде фармацевтердің де ролі өсіп келе жатыр. Осымен байланысты қазіргі ғылымды жетілдіре меңгеру үшін бұрынғы заманғы тарихтық қазыналардың да үлесі көп. Фармация тарихының мағынасы әйгілі ғалымдардың фармацевтикалық ғылымды дамытудағы жетістіктері мен ролінің әлемдік прогресстегі деңгейін көрсетеді. Және де бір маңызды мәселе, өз мамандығының тарихын білу қазіргі уақытта оның жақсы дамуының бірден- бір белгісі және оның бәрі адамның өз қолында. Денсаулыққа әсер ететін қоршаған ортаны қорғау, бұқаралық- экономикалық, әлеуметтік және мәдени шарттарын зерттеудің нәтижесінде фармация ғылымы мен пәні дамыды. Әрбір фармацевтикалық пәнді оқып - үйрену, оның дамуының тарихи сараптамасынан бастау алады. Фармацевтикалық ғылым мен тәжірибенің жеке бағытындағы тарихпен бөлшектеп және нақты танысу - зерттелген материалды толық игеруге, жас маманның және студенттің шығармашылық мүмкіндігін жандандыруға ықпал етеді.
Мысалы: ХХ жүзжылдықтағы Қазақстандағы дәріханалық істің дамуы
ХХ ғасырдың басында қоныстанған селоларда, темір жол бекеттерінде дәріханалар пайда бола бастады. 1907 жылы Қостанай облысының Федоровка селосында, Челкар бекетінде жеке меншік дәріханалар ашылды.
Фармацевтер саны өте баяу, жылына 2-3 адамға артып отырды. 1910 жылы олардың саны 44 болса, 1915 жылы- 64 - ке жетті. Олардың ішінде 17-сі провизор әрі дәріхана иелері болды, 47-сі провизорлар көмекшісі міндетін атқарды. 1915 жылы бір фармацевтке 78000 адамнан келді. Революцияға дейінгі Қазақстанда фармацевтикалық кадрлар дайындау ісі болмады.
1917-1919 жылдары елде азамат соғысы жүріп жатты, аштық пен эпидемия тұрғындардың дәріханаларға келуіне әсерін тигізді.
1919 жылы кеңес үкіметі дәріханаларды жалпы халықтық етті. Олар уездік және губерниялық денсаулық сақтау бөлімшелерге берілді. Дәрімен қамтамасыз ету өте баяу жүрді, бір дәріхана 100 мыңнан аса адамға қызмет көрсетті.
Осы қиын уақытта фармацияның аса көрнекті қайраткерлерінің бірі Ахмет Раимбеков болды. Ол 1880 жылы Қарқаралы ауданының Катон селосында дүниеге келген. 1917 жылға дейін Семейде, Ақмолада фельдшер болып қызмет атқарған, революциядан кейін Қарқаралыда, Көкпектіде, Катон-Қарағайда дәріханаларды басқарды.
1921 жылы 10 маусымда Қырғыз денсаулық сақтау комитетінде фармацевтикалық бөлім құрылып, оны Я.К.Пикман басқарды.оның міндеті дәріханалық істі қайта құру болды. 1922 жылдың басына қарай Қазақстанда 33 фармацевт болды.
1922 жылы Қырғыз мемлекеттік медицина саудасы құрылып, оның мүшелері жергілікті жерлерде дәріханалық жүйелер мен емдік мекемелерді дайын дәрілік өнімдермен қамтамасыз етумен айналысты. Олар галендік өнім шығарумен айналысты. Бұл жұмыстардың жүргізілуіне Бесенғали Абдрахманов зор үлес қосты, ол 1914 жылы Воронежде фельдшерлік мектепте оқыған болатын. Ол Қырғыз мемлекеттік медицина саудасын басқарды. Оның басқаруымен дәріханалық мекемелер саны 1927 жылдың өзінде 127 - ге жетті.
1928 жылы Қазақ мемлекеттік медицина саудасы Қазақстандық дәріхана басқармасы болып өзгертілді, оның бірінші төрағасы Мәжит Мұхаметжанұлы Чумбалов болды. 1929 жылдың өзінде 47 селолық дәріхана мен бір дәріханалық қойма болды. 1931 жылы М.М.Чумбаловтың басқаруымен Семейде бірінші Қазақстандық фармацевтикалық мектеп ұйымдастырылып, Алматыда Орталықтандырылған дәріханалық қойма ұйымдастырылды.
Арнайы фармацевтикалық білімі бар, республиканың еңбек сіңірген фармацевті Қуанышбай Махмудович Умекенов болды. 1928 жылы Ташкентте медициналық техникумның фармация бөлімін аяқтап, ол қазақстанға оралып Қазақстандық дәріхана басқармасында қызмет атқарды.
Қазақстанда фармацевтикалық оқу орындары болмады, сондықтан оқығысы келгендерді Ташкенттегі фармацевтикалық техникумге жіберіп отырды. Сондай-ақ РСФСР-дің фармацевтикалық оқу орындарына да тыңдаушылар жіберіліп отырды. Бірақ бұл жолмен дайындалған фармацевтер саны әлі де жеткіліксіз болды. Сондықтан ҚазАССР Халық денсаулық сақтау коммисариаты 1931 жылы Семейдегі акушерлер мектебін фармацевтикалық техникум ретінде қайта өзгертті.
1934 жылы Қазақстандық дәріхана басқармасының бастығы болып Таминдар Гильмутдинович Жанұзақов тағайындалды. Ол 1895 жылы туған. 1919 жылдан бастап партия саласында қоғамдық қызмет атқарған. 1937 жылы жедел түрде Семейдегі фармацевтикалық техникумды аяқтады. Оның басшылығымен қозғалмалы дәріханалық мекемелер ұйымдастырылып, аналитикалық-бақылау зертханалары ашылды, алғаш рет Қазақстан аймағында фармацевтикалық фабриканы ашуды қолға алды.
Соғыс уақыт алдында республикада 313 дәріхана болды, оның ішінде 26-сы күні-түні жұмыс атқарды, жоғары білімді фармацевтер саны 51-ге жетті.
Ұлы Отан соғысы жылдары дәріхана қызметкерлерінің алдында тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесі тұрды. Эвакуацияланған фармацевтермен дәріханалар штаты толықты. 1944 жылдың 1 қаңтарында дәріханалық мекемелерде 291 эвакуацияланған фармацевтер қызмет атқарды, олар барлық кадрлардың 30% құрады.
Барлық облыстарда галендік-фармацевтикалық зертханалар кеңейтіліп, жаңадан үш зертхана ашылды. Алматы галендік-фармацевтикалық зертханасы дәрі-дәрмектерді көп мөлшерде шығара отырып, ол соғыс жылдары үлкен кәсіпорынға айналды. Ол ьжерде парафинді тазалайтын құрылғы жасалып, жаралыларға аса қажет парафин майының қосылыстарын жасап шығарды.
Қазақ мемлекеттік университетінің органикалық химия кафедрасында наркозға қажетті таза эфирді жасап шығару жолға қойылды.
Қазақстандық дәріхана басқармасының шешімімен Шымкент химия-фармацевтикалық зауодында дарминдік майды шығару қайта қолға алынып, негізгі азотты-қышқыл висмут пен никотин қышқылын шығару меңгерілді.
Бес жыл ішінде (1946-1950) 61 дәріхана, 752 дәріханалық бөлімше, 100-ден аса дүңгіршек, 2 аналитикалық-бақылау және бір галендік-фармацевтикалық зертхана, 44 аналитикалық стол ашылды.
Алғашқы ғалым-фармацевтер пайда болды. Олардың бірі Салкен Хасенұлы Субханберлин, ол 1914 жылы Павлодар облысының Баян-Ауыл ауданында дүниеге келген. 1933 жылы Семейдегі фармацевтикалық мектепті аяқтап, 1935 жылдан бастап 1938 жылға дейін оны басқарды. 1938-1941 жылдары Алматыдағы облыстық дәріхана басқармасын басқарып, одан кейін партия саласында қызмет атқарып, 1948 жылы Қазақстандық дәріхана басқармасының бастығы болды. Жоғары білімді ол И.М.Сеченов атындағы І Мәскеулік медицина институтының фармацевтика факультетінде білім алды. 1966 жылы кандидаттық диссертация қорғады (алғаш рет қазақ тілінде). 72 ғылыми еңбектің авторы, соның ішінде 13 ғылыми кітап пен монография, 300-ден астам медицина мен фармация туралы стаьялар, қазақ тілінде 14 көркем пьеса жазған. Қазақстанның денсаулық сақтау және медицина мұражайына оның есімі берілген.
Фармацевтикалық кадрлардың жеткіліксіздігінен 1951 жылы Қазақ медициналық университетінде фармацевтикалық факультет ашылды, оған 50 адам қабылданды. 1953 жылы Алматыда, Қостанайда, Оралда, Петропавл мен Шымкентте жыне Қазақстанның орталық қалаларында да ашыла бастады.
1965-1966 оқу жылында Алматы медициналық университетінің фармацевтика факультетіне 150 адам қабылданды.
Провизорлар мен фармацевтердің біліктілігін жоғарлату мақсатында Алматы институтында 1965 жылы фармацевтикалық пәндер кафедрасы ашылып, онда дәріхана меңгерушілері, химик-аналитиктер, бақылаушы-рецепторар мен фармацевтикалық инспекторлар біліктіліктерін жоғарлатты.

"Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттар қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар"
Жануарлар үшiн шығарылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттардың қауiпсiздiгi үшiн қысталаң болып табылатын өндiрiстiк операцияларға арналған үй-жайлар мен жабдықтарды шығарылатын өнiмнiң қауiпсiздiгiн бақылау мен қамтамасыз етудi жүзеге асыратын бөлiмше тиiстi түрде растауға тиiс. Әрбiр технологиялық учаске үшiн өндiрiс регламентiне сәйкес тиiстi тазалық сыныбы белгiленуi тиiс.
Жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды шығару кезiнде үй-жайлардан шығатын бүкiл ауаның тиiстi түрде өңделуiн және жұқпалы агенттердiң болмауын қамтамасыз ету қажет. Микроорганизмдерден жұмыс басқа үй-жайлардан бөлек бөлмелерде жүргiзiлуге тиiс. Микроорганизмдермен жұмыс жүргiзiлетiн үй-жайлар дайындық операциялары жүргiзiлетiн үй-жайларға қатысты келеңсiз қысымы болуға тиiс. Стерильдi жұмысқа арналған үй-жайлардың неғұрлым жоғары қысым деңгейi болуы тиiс.
Өнiмдi құюға арналған үй-жайлардың өнiмнiң стерильдi құйылуын қамтамасыз ететiндей жағдайы болуы тиiс.
Қоймаға қою аймақтары материалдар мен өнiмнiң (бастапқы шикiзаттың және орау материалдарының); аралық, өлшеп оралмаған және дайын өнiмнiң карантиндегi өнiмнiң, шығаруға рұқсат етiлген, кейiнге қалдырылған, қайтарылған немесе керi қайтарып алынған өнiмнiң) әр түрлi санаттарын тиiсiнше сақтауды қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi сыйымдылығы болуы тиiс.
Өнiммен жанасатын технологиялық жабдықтың бөлiктерi онымен реакцияға түспеуi, препараттың белсендiлiгiне ингибирлеушi әсер ететiн заттарды бөлiп шығармауы немесе абсорбцияламауы, өнiмнiң қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiндей дәрежеде әсер етпеуi тиiс. Жағармай заттары мен салқындатқыш сұйықтықтар өнiммен жанаспауы тиiс.
Дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды шығару және олардың сапасын бақылау үшiн пайдаланылатын жабдық оны жұмысқа, пайдалануға және қызмет көрсетуге дайындауды барынша жеңiлдететiндей болып құрастырылуы және орналастырылуы тиiс. Жабдық оны дайын өнiм сапасының нашарлауын және ластануын болдырмау үшiн пайдалану үшiн қолданылатын материалдармен ластанбауы тиiс.
Жабдық шығыс шикiзатының, материалдардың ағындарын оңтайландыратындай және персоналдың
Микробиологиялық және биотехнологиялық өнiмдердi шығаратын әрбiр кәсiпорында қамтамасыз ету жүйелерiн, технологиялық процестердi, барлық технологиялық жабдықтарды, процестердi және бақылау әдiстерiн қазiргi заманғы салыстырып тексеру жүргiзiлуi тиiс.
Дәрiлiк фитошикiзатты дайындау сатысында мiндеттi радиациялық бақылау жүргiзiледi. Дәрiлiк өсiмдiктердi сұрыптау, технологиясында көзделген оларды өңдеу және зертханалық бақылау өңезденудiң, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ветеринария ісін ұйымдастыру
Ауру малды емдеудің қағидаттары
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Биотехнология пәнінен зертханалық жұмыстар
Қазақтың ақбас сиыры
Мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық - санитарлық бақылауды ұйымдастыру
Сақау қоздырушысының зардаптылық қасиетін анықтау
Қазақстан Республикасындағы малдәрігерлік жүйе
Пәндер