Ақшаның пайда болу негіздері


Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Ақшаның пайда болу негіздері
Мамандығы: Экономика, 1 курс
Студент: Өміртай Кәмшат
Оқытушы: Асилова А. С
Алматы- 2018
Мазмұны
Кіріспе 3
I Ақшаның пайда болуы . . . 4
1. 1 Ақшаның шығуы туралы пікірлер және айырбас формалары ………. 4
1. 2 Ақшаның шығуы және дамуы . . 5
II Ақшаның экономикадағы рөлі . . . 8
1. 1 Ақшаның жаңа формасының пайда болуы 10
1. 2 Ақшаның функциясы мен мәні . 10
Қорытынды 12
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 13
Кіріспе
Ақшаны табу - табандылық,
Сақтап қалу - ақылдылық,
Ал оны жұмсау - өнер.
( Б. Авербах)
« Ақша » сөзі бәріміз үшін таныс сөз. Себебі, ақша өміріміздегі қажеттіліктерді пайдалануға, сатуға және айырбастауға ықпал ететін тауар не символ. Оның көмегімен тауардың бағасын анықтап, сатып алу оңай. Ақша бұрыннан танымал тауар болып есептеледі және ол жоғарғы экономикалық өсу процессінде пайда болған. Қазіргі таңдағы жалпыға ортақ қолданыста жүрген доллар, еуро және т. б резервті валюталар XX ғасырда пайда болған. Бірақ, біз бұл уақытқа дейінгі өнімді сату, айырбастау үдерісін әлде қайда бұрын пайда болғанын жоққа шығара алмаймыз. Себебі, ақша түсінігі әр елде әртүрлі болып есептеліп, тауар құны сол елдегі көпке ортақ заттармен айырбасталып жүрді. Кез келген мемлекеттің экономикасы мен нарығының тілі болып ақша есептеледі. Дұрыс ұйымдастырылған және нақты жоспарланған ақша системасы мемлекеттің әлеуметтік жағдайы мен тұрақты реттелген экономикасында елеулі рөл ойнайды. Күнделікті адамдар жұмсаған ақшалар тек өздерінің емес, өмір сүріп жатқан мемлекетінің дамуына үлкен ықпал жасайтынын біреу білсе, біреу білмес. Экономика сферасындағы талпыныс барынша көп қаражат табу мен бәсекелестікке бағытталған. «Ақша» сөзіне «әрекет етпеу» сөзі қарама- қайшы болып есептелінеді. Себебі, әр секунд сайын дүние жүзінде тауар алмасу немесе қажеттіліктерді өтеу барысында ақша өз рөлін ойнауда. Менің өзіндік жұмысымның мақсаты- ақшаның пайда болуы мен оның әрекет ету негіздері туралы баяндау.
I Ақшаның пайда болуы
1. Ақшаның шығуы туралы пікірлер және айырбас формалары
Ақша- адам ойлап тапқан нағыз маңызды заттың бірі. Себебі, экономиканың құрылысы осы ақша негізінде жүреді. Ақша ұзақ уақыттар бойы кері және ілгері үдерістер барысында пайда болған. Ақша эволюциясы тауар өндірісі эволюциясының негізгі бөлігі болып табылады. Ақша қалай пайда болды? Бұл сұраққа ғалымдар екі пікір негізінде жауап берді. Біріншісі, рационалдық. Бұл екі адам арасында ортақ келіссөздер нәтижесінде пайда болған деп қарастылатын пікір. Рационалдық пікірді қолдаушылар өкілі болып Аристотель, К. Р. Макконелл болып табылады. Екіншісі, эволюциялық. Бұл теория ақшаны уақыт өте келе, көптеген тауар айырбасы нәтижесі мен экономикалық даму барысында біртіндеп пайда болған деп есептейді. Нақты қай пікірдің дұрыс екендігі анықталмағанмен, көпшіліктің пайымдауынша эволюциялық теория шындыққа жанасатын пікір деп қарастырылады. Тауар айырбасы дамуы төмендегі формалар нәтижесінде қалыптасты.
1. Кездейсоқ форма. Бұл айырбас формасы бойынша тауар кез келген затқа айырбасталып, нақты бағасы болмаған.
Формуласы: Тауар = Тауар
2. Толық форма. Бұл айырбас формасы бойынша тауар айрықша және жалпыға мәлім затқа айырбасталды. Мысалы, өз заманындағы ерекше мәлім тауарлар сиыр, мал, тері, металл.
Формула: Тауар «А» =
3. Жалпы форма. Бұл форма ерекшелігі жалпыға ортақ тауар болып бір тауар болмаған. Уақыт өте келе, заман талабына сай болып бір эквивалент тауар түрін екіншісі басқан.
Формула: Тауар= Ақша= Тауар
2. Ақшаның шығу және даму тарихы
Зерттеушілердің пайымдауынша жалпыға ортақ эквивалент ақша б. э. д 2 -3 мыңжылдықта пайда болған. Алғашында ол айырбас сауда ретінде қалыптасқан. Мысалы, малшы үшін мал, егінші үшін түрлі дәнді- дақылдар, аңшы үшін аң терісі болған. Ежелгі Германия жерінде ақша рөлін мүйізді сиыр, Мексика жерінде қант және баобаб өнімдері, Ежелгі Русьте құндыз терілері, Перу мен Боливияда бұрыш болса, Моңғолияда шай болып есептелінген. Ал ең әйгілі ежелгі заман валютасы болып теңіз бақаршақтары болған. Олар Африка, Үндістан және скиф жерінде айрықша танымалдылыққа ие болған. Бірақ, ақша рөлін атқарған бұл тауарлар мәңгі емес, оңай бұзылатын және өзге тауарға айырбастауға ыңғайсыздық тудырды. Уақыт өте келе, адамның санасының дамуы арқасында бәріне ортақ эквиваленттің пайдалануы дұрыс деген шешімге келді.
Көптеген тауар айырбасы барысында тауардың әр түрлі болуы ыңғайсыз болғандықтан жаңа валюта болып металлдар қолданыла бастады. Маңызды металдар болып күміс және алтын есептелінді. Себебі, олар уақыт өте келе бұзылмайды, оңай бөлінеді, көп уақытқа дейін сақталады. Бірақ, ең маңыздысы олардың - сиректілігі. Жер шарында олар аз мөлшерде кездесіп, бағалы металдар болып табылады. Осы металлдардан тиындар жасалынды. Тауардың көбеюі және айырбас саудадағы тауарлардың құнының сәйкес болмауы көптеген мәселер мен қолайсыздықтар тудырды. Осы себепте металлдарды өндіру арқылы қолданысқа тиындар шықты. Алғашқы тиындар б. э. д V ғасырда Ежелгі Римде пайда болған. Олар алтын, күміс, қоладан жасалынды. Негізгі қолданыстағы монета болып қола құймасы есептелінді. Қола, алтын және күміс монеталарының көп қолданысқа ие болуы ақшаны уақтау кәсібінің (меняльное дело) өркендеуіне алып келді. Елде пайдаланылатын металдарға байланысты биметаллизм және монометаллизм термині қалыптасты. Әр елде қолданылған тиындар әртүрлі болды. Мысалы, Ежелгі Қытайда ортасы тесік тиындар қолданылса, Ежелгі Рим, Грекияда өз билеушілері бейнеленген тиындар болды. Биметаллизм дегеніміз елде ақша ретінде 2 металдың қолданылуы. Биметаллизм XVI-XVII ғасырларда Батыс Еуропа елінде қолданыста болды. Металдар ретінде алтын және күміс рөл атқарды. Бірақ, биметаллизм өндірісте тұрақсыздыққа бой алдырып, адамдар арасында түсініспеушіліктерге алып келді. Осы орайда, оның орнын монометаллизм басты. Монометаллизм дегеніміз - ақша ретінде бір ғана металдың қолданылуы. Әрине, бұл рольді алтын атқарды. Мысалы, Ұлыбританияда барлық ақша системасы, тауар бағасы алтынмен есептелінді. Ұлыбритания отарлы ел болған болғандықтан алтынмен есептелетін жүйе өзге елдерге де ықпал жасады.
Тиындардың ақша рөлін ойнауы көп мемлекеттің экономикалық тұрақтылығы мен нарықтағы қарама - қайшылықтардың азаюына әсер етті. Бірақ, оңай пайдаға кенелгісі келетін адамдар жалған тиындарды сапасыз металл қоспаларынан жасады. Тиынның түпнұсқасын ажырату үшін мемлекеттің дәрежеде расталған дөңгелек тиындардың шетіне түрлі белгілер басылды. Осылайша, олар адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды үш мың жылдан аса байланыстырды. Бірақ, уақыт өте келе құрлықаралық, құрлықішілік сауда байналыстары кезінде тиындарды тасымалдау үлкен қолайсыздық пен шығынға ұшыратты. Себебі, тиындардың салмағы ауыр және үлкен тасымалдау көлігін қажет етеді. Олардың орнын қағаз ақшалар басты.
![]()
Ежелгі Грек монеталары
Қағаз ақшалар ғалымдардың пікірінше Ежелгі Қытайда пайда болған. Уди патша 4 мыс ақшаны бір қазыналық билетке теңесін деген жарлық шығарады. Олар алғашында бұғының терісінен жасалынды. Бірақ, бұл билеттер халық арасында танымалдылыққа ие болған жоқ. Себебі, бұғы терісінен жасалған билеттерді пайдалану тиімсіз әрі жануардың жойылу қауіпін төндірді. Уақыт өте келе қытайлықтар бұл идеяны IX ғасырда қайта жаңғыртты. Ол кезде қағаз ақшаны «ұшатын ақша» деп атады, өйткені олар жел тұрғанда оңай ұшатын, салмағы жағынан металл ақшадан әлдеқайда жеңіл болды. Қағаз ақшалар сертификат түрінде берілді. Ол Қытай елінде танымал болып, ұзақ уақыт бойы қолданыста болды.
Қытайда пайда болған ақшалар саудагерлер мен жиһангерлер арасында үлкен сұранысқа ие болды. Марко Поло өз еңбектерінде қағаз ақшаның пайда болуы мақсатқа жету үшін талпынған альхимиктерге таптырмайтын дүние деп айтып оны жоғары бағалаған. Бірақ, қағаз ақшаны шығару оңай болғандықтан, халық арасында байлыққа жету үшін жалған ақшалар жасалына бастады. Ол кезде қағаз ақшаның құндылығы алтын қорымен сәйкес болуы керектігін ешкім ойламады. Сондықтан, XVI ғасырда қағаз ақша құнсызданып, гиперинфляцияға алып келді.
II Ақшаның экономикадағы рөлі
1. Ақшаның жаңа формасының пайда болуы
Еуропада қағаз ақшаның пайда болуы XVIII ғасырдағы Франциямен байланысты. Ресейдегі алғашқы қағаз ақшалар 1769 жылы Екатерина II тұсында шығарылды. Алғашында олар күміспен 1 де 1 қатынасында айырбасталып жүрді. Карл Маркс: « Алтын адамдар арасындағы сауда қарым -қатынасы кезінде үлкен ауырпалықтарды бастан өткерді, ол қысқарды, қоры азайды, тіпті жіңішкеріп бір түйір қағазға айналды» деген. Қағаз ақшалар 2- і топқа бөлінеді: қазыналық және банктік. Қазыналық дегеніміз мемлекет тарапынан берілетін жай қағаз ақша. Ал банктік дегеніміз кредиттік ақшалар. Оларға вексель, банкнот және чек жатады. XII ғасырда пайда болған вексель, алғашында саудагерлер арасында есептеу жүргізу кезінде қолданды. Қағаз ақшаны құны үнемі көтеріліп не түсіп отырады. Себебі, ол жай қағаз болғандықтан өзіне тән құн, сапа, баға категориясында металл ақшалардан төмен болып тұрады.
Ұзақ ғасырлар нәтижесінде адамның ой- өрісінің дамуы арқасында жаңаша идеялар пайда болып, ұлы ашылулар басталды. Жаңа технологиялардың пайда болуы ақша жүйесіне өз ықпалын жасады. Ақшаны енді тасымалдау оңайға түсті. XX ғасырдың басында ақшаны телеграф арқылы жіберуді 80 % адам пайдаланды. Компьютер ойлап табылғанымен, ол арқылы ақша жүйесін пайдалануды ешкім ойға алмаған. Себебі, жай компьютер осышама маңызды ақпаратты ендіру өте үлкен тәуекелді қажет етті. 1944 жыл. Доллар, халықаралық сауда қарым - қатынасына жаңашыл идеялар алып келіп, әлемдік валютаға айналды. Дәл осы жылды заманауи жаһандану процессінің алғышарты деп қарастыруға болады. Себебі, әлі күнге дейін әлемдік нарықта өз күшін жоғалтпай, көп елдің экономикасын өзіне тәуелді етуде. 1952 жылы алғашқы банктік кредиттік карточка ойлап табылады. 1972 жылдан бастап компьютерлердің жұмыс жасау процессі артып, қаржы саласы мен нарықтық экономикаға ене бастады.
XX ғасырдың 60 - 70 жылдары АҚШ - та алғаш рет Bank of America компаниясы электронды автоматизицияланған жүйені орнатуды қолға алды. Бұл жүйеде электрондық құралдар арқылы чекті басып шығару, есепті көру қызметі жасалынды. Осылайша үлкен тәжірибелер мен жұмыстар нәтижесінде электрондық ақша қолданысқа енді. Электрондық ақша дегеніміз- виртуальды ақша түрі. Оны тек арнайы банк жүйесіндегі ақпараттарды көрсетеді. Электронды ақшалардың қолма - қол ақшалардан айырмашылығы оның ақпараттық жүйеде өз иемденушісі болады. Электронды ақша жүйесінде ұлттық ақша деген түсінік болмайды. Бұл ақшаның қолайлы тұстары өте көп. Арнайы карточкалар арқылы кез келген жерде затты сатып алуға, керек кезде қолма - қол ақшаларды банкомат жүйесінен алуға немесе өзге адам карточкасына ақша аударуға болады. Ең бастысы, ол жоғалған жағдайда қайта жасатуға болады.
АҚШ - тың долларына бәсекелес бола алатын еуро 2002 жылы Еуропа мемлекеттер арасында сауда - саттық жүйесіндегі қарым - қатынас валютасына айналды.
![]()
АҚШ доллары мен еуро
2. Ақшаның функциясы мен мәні
Адам ақшаны ойлап тапқаннан бері оның табиғаты мен заңдылықтарын түсінуге қызығушылықтары артты. Себебі, ақшасыз адам бала өмір сүре алмайды, күнделікті ішер асымыз, киер киіміміз және басқа да маңызды қажеттіліктер ақшаның көмегі арқылы орындалады. Бұны ешкім жоққа шығармас. Ақшаның мәні мен фунциясы экономика мен нарықтық жүйенің негізін қалайды. Төмендегі факторлардың экономикаға әсері туралы айтайық.
1. Тауарға қойылған бағаға қарап, ақшаның мәні мен функциясын түсінуге болады. Нарықтың шарты бойынша тауарға баға оның белгілі категориялары арқылы қойылады. Олар (категориялар) сапасы, тұтынушының сұранысы, ұсыныстар және бәсекеге қабілеттілік. Осы көрсеткіштер арқылы өндірушер тауардың бағасын арттып немесе төмендете алады. Тұтынушы тауарды сатып алу арқылы оның бағасы мен сапасына нарықта өз ықпалын жасай алады. Онымен қоса, тұтынушы өз тарапынан өндірушінің тауар бағасын төмендетіп, өнімнің белгілі категорияларға сай болуын қадағалай алады.
2. Әр түрлі нарықтық шарттарға байланыста ақшаның мәні мен функциясы өзгеріп тұрады. Қазіргі таңда ақшаның маңызы барлық сала бойынша артуда. Себебі, кез келген өнімнің тұрақты өтуі және сапасының артуы ақша айналымына қатысты. Ақша айналымы неғұрлым ауқымды болса, ел экономикасың дамуы тездетіледі.
3. Экономика ақша мәнін түсіну арқылы шығыстарды реттей алады.
Өндірілген тауар, сатылған өнімнің шығысы арқылы түскен пайданы және кірістің қорытындысын алуға болады. Яғни, кез келген елде жоспарлы түрде ұйымдастырылған экономика шығыстар арқылы пайда есебін ұлғайта алады.4. Елдің шаруашылық кәсібі мен мемлекеттік органдардың жұмыс жасауына ақша үлкен ықпал жасайды. Ақша арқылы адамның қызығушылығын арттырып, өнімнің тиімділігін жоғарылатуға болады. Ал, ақша туралы дұрыс түсініктер күрделі ситуациялардан шығарып, рационалды тұрғыдан ресурстарды үнемдеуге көмектеседі.
5. Ақшаны дұрыс қолдану өнімнің кірістері мен шығыстарын реттеуге көмектеседі. Ысырапшылдықпен қолданылған ақша шығыстарды көбейтіп, қаражат кірісін азайтады.
Осылайша ақшаның мәнін түсіну мемлекеттің экспорты мен импортының реттілігіне ықпал жасайды.
Ақшаның функциясы оның тұрақтылығы, нактылығы және өзгерістерге көп ұшырамауында. Ақшаның рөлі: бағаның өлшемі, ұсыну құралы, төлем құралы, жинау қоры. Кез келген өндіруші тауарды сатылымға қою алдында оны бірнеше шарттар арқылы бағалайды. Мысалы, өндірілген өнімге жұмсалған қаражат, оны сатуға кеткен қаражаттан көп болмауы керек. Себебі, өнім үстінен міндетті түрде пайда көрілуі керек. Пайда дегеніміз тауарды сатуға кеткен ақшаның, шығаруға кеткен ақшадан көп болуы. Бірақ, ол пайда тым көп не аз бола алмайды. Өнімге кеткен ақшадан бөлек, оны жасауға кеткен уакыттың маңызы зор. Одан бөлек өнімді жасайтын еңбек күштері өз үлесін толықтау алу керек. Бірақ, тауарды тым қымбат ұсынуға да болмайды. Себебі, дәл осы тауарды шығаратын өзге өндірушілермен бәсекелестік болу керек. Осы шарттар орындалу арқылы өнімнің бағасын нақты қоюға болады. Сонымен бірге, тұтынушы тауарға сұраныс жасау
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz