Каллиграфиялық дағдыны қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
________________ КОЛЛЕДЖІ

Тақырып: "Каллиграфиялық дағдыны қалыптастыру"

Орындаған:_______________
Тобы: ________________
Қабылдаған:_______________

Шымкент 2018

Жоспар
I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1.Жазуға үйретудің тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4
2.2. Көркем жазудың мақсаты, міндеті, принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
2.3. Жазудың графикалық дағдыларын қалыптастырудағы психо физиологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13
2.4. Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жұмыстары ... ... ... ... ... ... ...
19
2.5. Бастауыш сынып оқушыларын көркем жазуға үйретудің әдіс-тәсілдері ... .
21
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
24
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
25

Кіріспе

Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кезеңдегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Қазақстан Республикасы Конституциясы Білім туралы заңы-осының кепілі.
Халық мұғалімі-жас өрімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы-балаларды өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі деген тұжырым бұған айқын дәлел. Адам ата - анасынан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды - дағы, Сондайдан білген, көргені көп болған адам білімді болады -- деген ұлы Абай.
Оқушыны мәнерлі жазуға баулуда оқытудың бастауыш буынының алатын орны ерекше. Соның ішінде оқушылардың жазуына каллиграфиясына тоқталатын болсақ, ол тек мектеп қабырғасында, ал бастауыш сыныптпрда сауаттылықтың алғы шарттары әріптерді үйретуден басталады. Әріп элементтерін дұрыс, әрі таза жазу ережелерін сақтағанда ғана оқушыда мәнерлі жазу дағдысы қалыптасады.Сондықтан жазу сабағы 1-сыныптан бастап осы талапқа сай өтуі тиіс. Бастауыш сыныпта сауаттылықты және мәнерлеп жазу машығын жете меңгерген оқушы жоғарғы сыныптарда да сол бағытпен келеді. Сондықтан өзім оқушының сауатты жазуына ерекше көңіл бөліпіп, жазуға үйретуде 3 нәрсені басшылыққа алу керек.Біріншісі- әріптерді мәнерлі жазуға және жеке әріптерді өзара құрастыра білуге үйрету, екіншісі- әріп элементтерін дұрыс жазуға дағдыландыру, үшіншісі- жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият болуға қалыптастыру. Оқушының әдемі жазуы, оның қаламсапты дұрыс ұстап, партада өзі дұрыс отыра білуіне байланысты.
Әр сабақ сайын Қане, балалар, оқушы қалай отыру керек, қаламсапты қалай ұстаймыз? деген ережені ескертсек, оқушы партада дұрыс отырып, дәптерін терезеге қарай сәл қисайтып, қаламсапты үш саусағын біріктіре ұстап жаза бастайды. Жазу барысында мұғалім оқушылардың жазуына үнемі көңіл бөліп, қаламсапты ұстауды үйрету керек.
Қазақ бастауыш мектептерде оқыту ісінің негізін қалаған ағартушы ғалымдар (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы және т.б.) әдістемелік еңбектерінде оқушылардың сауат ашу кезеңінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баса назар аударды. Сауат ашу кезеңіндегі оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т. Шонанұлының, Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың еңбектерінде қозғалды.
Осы еңбектерді негізге ала отырып, әрбір бастауыш сынып мұғалімі көркем жазудың әдістемелік теориясын меңгеруге тиіс. Осы тақырыпты курс жұмысыма арқау етуіс де - осы талаптан туындап отыр.

2.1. Жазуға үйретудің тарихы

Ерте кезде адамдар тасқа, ағашқа т.б. заттарға жазуды бастаған. Заман дами келе түрлі жұмсақ материалдар: папирус, қағаз, қаламсап пайда болды.
Өте ерте кезде адамдар тасқа сурет салу арқылы өз ойын білдірді. Бұл жазудың қалыптасу тарихының алғашқы кезеңі еді.
Мәселен, бес жүз мың жыл бұрын өмір сүрген Египет фараоны Наршер өзінің жеңістерін тасқа суреттер арқылы қалдырғысы келеді.Алайда, бұл жеткіліксіз еді. Осы кезде жазудың бір түрі - иероглиф пайда болды.
Иероглиф сөзі киелі таңба деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі кезде иероглифпен Қытай мен Жапония елдері жазады. Қытай иероглифтері өте ерте кезде пайда болған.
Қытайлықтар үшін иероглиф тек белгі емес, сонымен қатар сурет болып табылады. Олар жазуды оқи отырып, оның бейнесін көре алады. Екі мың жыл бұрын өмір сүрген финикиндіктер тек дауыссыз дыбыстарды ойлап тапқан. Олардың тілінде сол әріптермен сөйлеуге болатын еді. Финикин елінің жазуымен басқа да елдер танысып, соның негізінде ертедегі грек елі алфавит ойлап табады. Бұл алфавитте дауысты және дауыссыз дыбыстар болды. Әр елдің алфавитінің пайда болуы ұзаққа созылды. Ерте кезде Грек елінің ғалымы Пеламед алғаш 16 әріп жасаса, уақыт өте жазу дамыту үшін 36 т.б. әріп қосып осылайша грек елінің алфавиті пайда болды.
Славян халықтарына келетін болсақ, қазіргі кезде олардың өз алфавиті бар. Алайда ерте кезде Славян елінің өз жазуы болған жоқ. Х ғасырдың екінші жартысында Греция елінен шыққан ағайынды Кирим және Мефодий ұлы Моравия ( қазіргі Чехословякия елінің территориясы ) еліне келіп славян елінің жазуын қалыптастыруымен айналысты. Олар славян тілін жақсы білгендіктен, славян алфавитін жасау қиынға соққан жоқ. Бұл славян елдерінің оқуы мен жазуына мүмкіндік берді.
Қазақ алфавитінің шығу тарихына тоқталсақ Қазан төңкерісіне дейінгі оқулықтарды екі түрге бөліп қарастыру қолға алынып келеді.
1. Ы.Алтынсарин құрастырған орыс алфавитіне негізделген оқулықтар.
2. Араб алфавитіне негізделген оқулықтар.
Ы.Алтынсарин жаңа оқулық жасау мәселесімн 60 - жылдардың басында - ақ шұғылданды. 1879 жылы басылып шыққан Қазақ хрестоматиясының негізін К.Д.Ушинский сияқты озық ағартушылардың оқулықтары негізінде жасаудың мақсат етіп қойды және қазақ дыбыстарын орыс әріптермен таңбадау мүмкіншілігін қарастырып, сол ойын осы Христоматияда жүзеге асырды.
Білімін көтеретін, тақырыбы оларды ызықтыратын кітаптарды қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығаруды ұсынды.
Ал А.Е. Алекторовтың, А.В. Василевтің әліппелері орыс алфавитін қазақ қауымына ұсыну, соның негізінде жұртшылықтың сауатын ашу ниетінен жазылған еңбектер болатын.
А.Е.Алекторовтың өзінің К мудрости ступенька атты еңбегінде: В этих школах совсем непримимы учебные книги известных нашых педагогов Бунакова, Ушинского, Водовозова, Пехомирова и Корфа: материалы их обращается в совершенно неудобоваримую пищу там, где учатся дети киргизов
Бұл әліппелерде қазақ дыбыстарының орыс дыбыстарына ұқсастарын береді де, тек қазақ тіліне ғана тән ң, і, ұ, ү, тәрісдес дыбыстарды әліппенің сонына қояды. Екі тілде бірдей кездесетін, ашық естілетін жуан дауыстылар мен созып айтуға келетін с, ш тәрізді дауыссыздар алдымен беріледі. Шұғыл дауыссыздар кейінге қалдырылады. Осыдан кейін араб алфавитіне негізделген әліппелер де шыға бастады. Соның бірі - Нұрбаевтың Қазақша әліппе оқулығы. Мұнда автор талдау жинақтауда негізделген дыбыстың ұсынғанымен араб, әліпбиі қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкес келмейтіні анық болатын.Сонымен бірге әліппедегі жаттықтырулардың кейбірі татар әдістерімен берілді.
А.Байтұрсыновтың ағарту, сауат ашу төңірегінде атқарған қызыметі айрықша. 1912 жылы Орынборда басылған Оқу құралдарына А.Байтұрсынов қазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды, оларды негізделген әріптермен меңгертуді көздеген. Әлипбиді қазақтың төл дыбыстық артикуляциясына дәл келтіре отырып, меңгертуді нысана еткен. Әліппеде бірте - бірте жеңілден күрделіге қарай меңгерту принципін ұстанған.
Мысалы: алғашқы сабақта а, р, з, дыбыстарын өтуді ұсынса да оқыту барысында базалық үш әріпті бірден көрсетуді қолдамайды. Әуелі жеке дыбыстарды қайталап айттырып, содан соң әріпті көрсетіп ғана оқытуды ұсынады.
Алғашқы сабақта бір - екі буынды сөздерден аспайды.Екінші сабақта л - таңбасы да осы әдіспен меңгертіледі .Әрбір сабақта А.Байтұрсынов көрнекілік, жүйелілік, ғылымилық, түсінуде қолайлылық қағидаларын ұсынған. Бұл принциптер әлі күнге маңызын жойған жоқ.
З.Ерғалиұлының 1910 жылы шыққан Қазақ әліппесі - ол жалпылама оқуды уағыздамай жаңаша оқытуды насихаттайды.Мұның құрылым ерекшелігі, автор әріпті белгілі жоспармен жеке - жеке сабақтарға бөлген. Бір бетте 4 сабақтың жоспары берілген. Қазақ оқулықтарында әліппені дыбыстық жүйеде келтіруге бағытталған алғашқы оқулық - Қ.Серғалиннің Қазақша әліппе кітабы болды. Мұнда дыбыс әріпті, буынды, үйрету күнделікті сөйлеу тәжірибесіне байланыстырылды.
Сол сияқты тағы бір оқулық А.Байділдиннің Жаңа әліппе туралы еңбегі. Мұнда алдымен а, т, н, әріптері, одан соң тиісінше р,о, қ әріптеу өтілуге тиіс болды. Бұл әліппеге де тән нәрсе - оқу - жазуға үйрету, оқушыларға таныс, жеңіл сөздерден басталған. Мысалы: ат, ата, ана, атан, тана , аттан т.б. 1929 жылы латын әліпбиін қабылданғаннан кейін ана тілінде оқулықтар шығару ісі біршама ілгеріледі. Соның бірі Ғ. Мүсірепов пен А.Байділдиннің 1929 жылы шыққан Қызыл әскер әліппесі. Мұнда алдымен а және ш әріптері таныстырылып, содан кейін осы әріптерден құралған ат, ата,атта, тат буындары өтіледі. Бір ерекшелігі - мұнда әрбір сабақта жеке бір дыбыс, таңбалары ғана емес, белгі бір үйретілетін сөздерді құрайтын екі немесе бірнеше дыбыс таңбалары бар мезгілде өтіледі. Жоғарыда аталған әліппелердің ортақ кемшілігі - буын түрлерінің ауыр - жеілдігі ескерілмеуі және дыбыстардың орын тәртібі түбегейлі шешілмегендігі болды. Мысалы: А. Байділдиннің Әліппесінде әріптердің реті а, т, н, р, о, қ, д, ж, л, м болып келсе, Ғ. Мүсірепов пен А.Байділдиннің Қызық әскер әліппесінде а, т, б, л, с, н, ж, у, д, о, г болып келеді. Мұнда үйретілетін күнделікті сөздерге қатысты әріптерге көңіл бөлінген сияқты. Ғ.Мүсіреповтің (1930), Ө. Тұрманжанов пен Ш. Сарыбаевтың (1931), Б.Майлиннің (1931), А.Әлібаевтың (1934)т.б. әліппелерінде дыбыстық әдістің қайтадан күш ала бастағаны байқалады. Бұл әліппелерде дыбыстардың орын тәртібі түбегейлі шешілмегенмен, авторлардың бірқатары дидактикалық қағидаларды ескеріп отырғаны көзге түседі. Басқа ғылымдар сияқты көркем жазуды оқытуда да ғалымдар арасында талас - тартыс болды. XIX ғасырдың басында пайда болған темір қаламсап тек XIX ғасырдың екінші жартысында мектепке қолданысқа түсті.XIX ғасырдың аяғында үйректің қанатынан жасалған қаламсапты пайдалануды тиімді деп санады.
Алғашқы кезде жазуға үйрету көптеген қиындықтар туғызды. Көркем жазуға үйрету көшіру әдісі, механикалық жаттығулар арқылы үйретілді. Бірнеше айлар бойы оқушылар алфавит бойынша әріптерді, буын, сөйлемдерді көшірді. Бірақ бұл әдістің еш нәтижесі болмады.Яғни, графикалық сауаттылық ескерілмей, тіпті өз жазғандарын оқи алмайтын жағдайлар да болды. Тек Петр I жазудың шрифтіне назар аударды.Орыс халқы Европалық шрифпен, яғни латын әріптерінің үлгісімен жаза бастады. Жазу оңайырақ болғанымен, көркем жазуға үйрету ұзаққа созылды.
Уақыт өте келе көркем жазу пән ретінде бастауыш мектепке енгізілді. XIX ғасырда көркем жазу өнер пәндерінің циклінде оқытылды. Бұл пәннен дәріс берген сурет, сызу пәндерінің мұғалімдері еді. Бұл кезде әдемі және тез жазу маңызды болды.XIX ғасырдың ортасында көркем жазуға байланысты бірнеше әдістемелер шыға бастады: В.Половцев Шапшан жазу курстары, П.Е.Баранцевич Шапшан жазуға жетелеу, П.Е.Традобоев қызмет іс - қағаздарын әдемі жазудың үлгісін шығарды.Осыған қарамастан, XIX ғасырдың ортасына дейін жазу мен оқудың арасында байланыс болмады.Яғни, алфавиттік ретпен оқытылды. К.Д.Ушинский оқи отырып жазуды ұсынды.Яғни, алфавиттік ретпен емес, оқу ретімен жазып үйренді. Оқи отырып жазу нәтиже берді және оқушылардың қызығушылығын арттырды. Бұл әдіс қазіргі кезде де мектептерде қолданылады.
Көркем жазу пәні педагогика, гигиена, физиология,психология т.б. пәндермен байланысты. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында көркем жазу пәні бойынша түрлі әдістемелер жарық көрді . Соның ішінде И.Е.Евсеевтің еңбегінің маңызы зор.Оның Көркем жазуды оқытудың әдістемесі атты еңбегінде: көркем жазудың тарихы, әр әдістің қолдану реті т.б. жазылған.Сонымен қатар В.Гербача және Ф.В.Грекованың әдістемелері де үлкен қызығушылығын тудырды. Көркем жазуды тек әдіскерлер ғана емес, гигиенистер - А.С.Вирениус, В.И.Бывалкевич те зерттеді. Өткен жүз жылдық аяғында профессор Ф.Эрисман мектеп партасын жасады.
Көркем жазуға үйретуде: тік жазу керек пе, әлде көлбеу жазу керек пе деген сұрақтар пікірталас тудырды.Бір кездері көптеген елдерде соның қатарында Ресей елінде де тіке жазу енгізілді. Алайда бұлай жазу ұзаққа созылған жоқ. Себебі тіке жазу оқушының денсаулығына ( қабырғаның қисық болуы т.б. )әсер ететіндігі дәлелденді.Көлбеу жазу тез әрі қолайлы болғандықтан енгізілді. 1969 жылдан бастап республика мектептері оңайлатылған жаңа жазу шрифтісіне көшірілді. Оңайлатылған алфавиттегі әріптердің басым көпшілігі өзінің сызылуы жағынан байланыстырып жазуға ыңғайластырылған.
Байланыстырып жазуды қалыптастыру үшін мұғалім мына төмендегілерді ескеруге тиіс:
а) қолжазба әріптерінің биіктігі мен ені 2:1 қатысына сай болу керек ( үш негізгі элементтентұратын ж, м, т,ф, ш, щ, ы, ю әріптерінен басқасы).
ә) жазу оң жаққа қарай 65° көлбеу болуға тиіс, әріптер мен әріп элементтерінің көлбеулігі бірдей болу керек.
б) дөңгелек немесе жартылай дөңгелек элементтері бар әріптерді сөз ішінде басқа әріптермен байланыстырудың негізгі екі әдісі бар: үстіңгі және астыңғы.
азуға үйрету жүйесінде әр түрлі әдістер: көшіре жазу әдісі, сызықтық әдіс,ритмикалық әдіс, генетикалық әдіс, Карстер әдісі кеңінен қолданылды.
Көшіріп жазу әдісі -бойынша мұғалім дәптерге қарындашпен жазады немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді.Ал, оқушылар оның үстінен басып жазады.XIX ғасырда бұл әдіс мектептерге енгізілді.Бірақ бұл әдістің қолданылуы ұзаққа созылған жоқ.XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында алдынғы қатарлы И.Е.Евсеев, Ф.В.Греков т.б. әдіскерлер сын айтты. Олардың айтуы бойынша бұл әдіс түсіне отырып жазуға емес, механикалық жазуға әкеп соғады деді. Бұған қарамастан Д.А.Писаревский,И.Н. Боголюбов сияқты әдіскерлер көркем жазуға үйретудің алғашқы кезінде немесе оқушылармен жеке жұмыс жасағанда пайдалы екендігін мойындады.Д.А.Писаревский бұл әдістің жазуды қайта қалыпқа келтірген кезде пайдалану керектігін айтты. Көшіру әдісінің кемшіліктерін ескере отырып, оны әрқашан қолдануға шек қойылды
Сызықтық әдіс- арқылы оқушыәріптің көлемін, пішінін, арақашықтығын, көлбеулігін дұрыс жазуды үйренеді.Әріптің біркелкілігін сақтау үшін арнайы торкөздер пайдаланылды.
1857 жылы Германияда графикалық торкөздер пайда болды. XIX ғасырдың аяғында Германияда бұл торкөзді пайдалануды алып тастады.Себебі, бұл көздің жанарына және оқушылардың өздігінен жұмыс істей алмауына әкеліп соқтырды.
Ресейде суретші мұғалімдер көркем жазу пәнінен дәріс бергендіктен олар жазуды сурет пәніндегідей көмекші торкөздер арқылы қалыптастыруға тырысты.Революцияға дейінгі Е.В.Гурьянов, Ф.Г.Голованов,Е.Н.Соколова бұл әдістің тек нашар жақтарын айтты. Мұндай торкөздерге әріпті жазу дәптерді тік қою арқылы жүзеге асады. Ал, бұл қолдың дұрыс емес қозғалуына әкеп соғады.
Генетикалық әдіс- көркем жазуда әріп элементтерін жазып үйренуді талап етеді. Балалар әріп таңбаларын алфавит ретімен жазып үйренбейді, алдымен оңай әріптерді жазып үйренеді, соңынан біртіндеп жазылуы күрделі әріптерді таңбалауға үйретеді. Генетикалық әдіс өте ерте кезде пайда болды.И.Е.Евсеев бұл әдісті XVI ғасырда неміс суретшісі Дюрер қолданғанын жазды. Көркем жазуға үйретуде Песталоцци қолданған. XIX ғасырда бұл әдіс Европа елдерінің мектептерінде қолданысқа түсті.Бұл әдісті орыс елінің мектептерінде пайдаланудың нәтижесі зор болды. И.Е.Евсеев, Ф.В.Греков т.б. бұл әдістің механикалық жаттығулардан әлде қайда тиімді екенін айтты. Алайда, әдіскерлер әріпті оқудан бөліп жазуға болмайтындығын түсінді.Сондықтан генетикалық әдіс оқудың ретімен әріпті жазып оқудан кейін пайдаланылды.Соңғы кездері бұл әдісті әдістемелерде әліппе кезеңінен кейін және әріпті қалыпқа келтіруде пайдалануды ұсынған.
Тактикалық немесе ритмикалық әдіс.Ритм - бүкіл жазу элементтерінің лайықты үйлесімін табуға көмектесетін амал. Тактылау (санау) - қозғалысты бір қалыпты жетілдіріп, оқушылардың жазу қарқының жеделдетуге әсер етеді, жазу процесінде жасалатын қол қимылдарының дұрыс та айқын болуын дамытады, сыныптың бір мезгілде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.Алайда, бұл әдістің бірнеше кемшіліктері бар екендігі дәлелденді.Үнемі қолдану арқылы оқушыларды жалықтыратындығы, жұмысқа қызығушылығын төмендететіндігі айтылды.

2.2. Көркем жазудың мақсаты, міндеті, принциптері

Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты - балаға хат таныту, оқу мен жазуды үйрету.Сауат ашу - аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс.Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементтерін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу жаза,оның жазуға машықтандыру міндеті де тұр.Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы қалыптасады.
Көркем жазу пәнінде әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы болуға тиіс. Мектепке алғашқы келген күнней бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр - салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез - құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Бірақ бұл үрдіс баяу қалыптасады.Мұндай мақсатқа жету көптеген талаптарды орындаумен тікелей байланысты.
Көркем жазу пәнінің алғашқы сабақтарында оқушылардың жеке басына және мектепке қойылатын гигиеналық талаптар мен сынып жиһаздарының дұрыс орналасуы, тақта мен парта арасындағы қашықтықтың сақталуы, жарықтың дұрыс түсуі, партаның оқушы бойына сәйкес болуы немесе оның жазу кезіндегі ыңғайлылығы, оқушының партаға дұрыс отыра білуі, дәптер мен көру арақашықтығын сақтауы, жазу құралдарын тиімді пайдалануын ескеруі шарт. Осыдан кейін осы талаптардың сабақта орындалуы, әріп формалары мен арақашықтығы біркелкі болуы ескерілуі.
Әріптің көлемі біркелкі болуы I, II сыныптарда аса назар аударылады Мәселен, 1 сыныпта кіші әріптің биіктігі 4 мм, жұмыс жолының көлемі және жоғарғы сызығынан аспау керек. Бос әріптің биіктігі 8 мм, жоғарғы жағы---- жұмыс жолының сызығына жетпеу керек.
2 - 3 сыныптарға арналған дәптерлер арақашықтығы 9 мм болатын бір түзу сызықпен сызылған.Кіші әріптің биіктігі - 3 мм, бас әріптің биіктігі 7 мм. Көркем жазуға үйренудің принциптері жалпы дидактикалық принциптерге сүйенеді.
Жазуды үйренуде мына принциптерді сақтаған жөн:
1. Көрнекілік принципі: мұғалім тақтаға, дәптерге таблицаға көрнекіліктер арқылы жазып көрсетеді.
2. Сапалылық принципі: мұғалім басына не үшін қиғашынан жазады, әріптерді қалай басқарады, әріптердің биіктігі қандай болу керек екенін түсіндіреді. Қиғашынан жазу тер әрі ыңғайлы.
3. Қайталау принципі: жаттығу орындау кезінде пайдаланады. Жазылған нәрсеге міндетті түрде анализ беріледі. Баланың жазған жазуын дұрыстығын тексеріп отырды.
4. Генетикалық принципі, алғашында жеңіл әріптер, содан соң салынуы қиын әріптер мысалы а, о, ш, т, п, н, ... қолы жаттыққаннан кейін қ. ж. б. в. ф т. с. с
5. Жеке дара ерекшелігін ескеру принципі; оқушылардың көз нашарлығы, бас ауруы, жүрек ауруы. т. б ескеріп отыруы қажет. Барлық бала бірдей емес, олардың жас ерекшеліктері, ойлау қабілеттері әр түрлі Сондықтанда жазу каллиграфиялары әр түрлі. Біреуі өте жақсы, енді біреулері өте нашар жазады. Нашар жазатын оқушылармен жеке жұмыс жасау талап етіледі.
Каллиграфикалық жазуды қалыптастырудың негізгі әдістері:
1. Мұғалім жазу үлгісін өзі тақтаға қайта - қайта жазып көрсетуі тиіс.
2. Әуеде жазу. Ұстаз әріпті әуеде жазып көрсетеді. Бала қолдың қозғалысынан әріптің дұрыс формасын ұғады. Бұл әдіс оқу процесін жандандырады.
3.Көшірмесін түсіру әдісі. Жазылған әріптің үстінен басу.
4.Дайын үлгіден көшіру әдісі. Бұл еліктеу. Оқушы өз жазғанын ұстаздың жазғанымен салыстырады.
5. Әріпке анализ жасау әдісі. Мысалы: а әріпі бір дөңгелектен және бір ілмешектен тұрады.
Балалардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру үшін мынадай жаттығуларды пайдаланған жөн.
1. Ғажайып алаң. Тақтаға әріп жасырылады. Мұғалім жасырылған әріптің әрбір элементтері бойынша сипаттап айтады да, ал оқушылар қандай әріп екенін айтады. Мысалы: Түйе өркешін қарайық, ұқсайды оған қай әріп? Жаңа әріпті өту үшін 2 сағат беріледі. Бұл жаттығуды 2 - сағатында өткен өте тиімді.
2. Әріпті тап. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады оқушылар қалған элементін тауып жазып көрсетеді. Барлық әріпті өткеннен кейін, сабағымыздың басында көркем жазу болады. Сол кезде пайдаланған тиімді. Бұл жаттығудың мақсаты білген білімдерін әрі қарай төселдіру дағдыларын қалыптастыру.
3. Орнын белгіле. Тақтаға немесе дәптерге алдын ала сөздер жазылады. Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің байланысу орнын белгілейді. Бұл жатттығуды қазақ тілі сабағында пайдаланған жөн.
Бұндай жаттығулар жас жеткіншектің ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырады. Оқушының каллиграфиялық дағдысына көп әсер беретін, ол- алғашқы кезде, алғашқы рет қаламсап ұстап, әріп жазған кезі. Әдемі сұлу жазудың фундаменті 1, 2 - сыныпта қаланады. Сол кезде жазуын жөндемесе сол қалпында қалып қоюы мүмкін. Кейін жөндеу қиын болады.
Оқушының қолы неге нашар болады?
Мұғалімнің қолының үлгісі. Оқушы ұстаздың жазуын көшіреді.
Мұғалімнің әлеуметтік жағынан оқытудың жоқтығы. Мұғалім әр оқушыға жазудың кемшілігін, оны қалай жөндеу керектігін түсіндіріп отыру қажет.
Әдемі жазуды қалыптастыруына мұғалім ғана емес, оқушының жеке ерекшеліктері де әсерін тигізеді.
1. Оқушының әдемі жазуға деген ынтасы.
2. Оқушының жай жазуы. Тез жазып үлгеремін деп жазу каллиграфиясын бұзады.
3. Нашар жазуға түрлі аурулар себеп болады: невроз, көз ауруы, ревматизм т. б. Бұл оқушыларға мұғалім жеңілдік жасайды.
Қорыта келе "Ғылым қалғып кетсе, қараңғылық бас көтереді" дегендей, заман талабына сай жаңа технологиялармен жұмыс жүргізу алдымызда отырған бала тәрбиесіне зор ықпал ететіні белгілі. Қазіргі мынау заман талабына сай ақпараттық технологиялардың даму қарқынының басымдылығы соншама барлық жазу үрдісі компьютермен қамтылған. Көркем жазу емлесі біз үшін, болашақ жастарымыз үшін ешқашан қалыс қалмау қажет. Қарыштаған заманда біз қалыптасқан көркем жазу сауаттылығын ұмытпауымыз керек! Көркем жазу, өзіндік жазу жазбалары-сауаттылықтың нышаны.
Көрнекілік принципі - жазуға, әсіресе көркемжазуға үйренудің негізі Яғни, сабақта түрлі таблицалар тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне т.б. жазуды сабақта пайдалану. Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я.А. Коменский, К.Д.Ушинский т.б. Осы принцип негізінде Я.А.Коменский алғашқы оқытудың методикасын жазды.
К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалардың заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.
Көркем жазуда оқушыға түсіндіру, тапсырма беру көп қиындық тудырады. Бұған қоса мұғалімнің жазу үлгілеріне жазып көрсетуі қолтаңбаның дұрыс қалыптасуына әсерің тигізеді.
Оқушылардың түсіне отырып жазуының маңызы зор.Мәселен, оқушылар көлбеу жазудың не үшін керектігін түсіне отырып жазу керек. Сонымен қатар көркем жазудан алған оқушылардың білімдерінің кейбіріне ереже ретінде қарау керек. Мысалға, оқушылар гигиеналық талаптарды, әріп элементтеріне қойылатын талаптарды білу керек. Ережелерді оқушыларға біртіндеп үйретіледі. Ең бірінші ереже - гигиеналық және әріптің солдан оңға қарайкөлбеу жазуы.
Екінші ереже - элемент, әріп, сөз арасындағы қашықтықтың сақталуы. I, II сыныпта оқушылар бұл ережелерді қайталап, өз айтқандарын көрсете білуі керек. Түсіне отырып жазу оқушылардың өзінің немесе өзгенің қатесін түзетуге үлесі зор.
Қайталау принципі бойынша жаттығулар жазу арқылы жазу дағдылары автоматтандырылады. Барлық дағдылар жаттығу жасау барысында жалдам орындалады немесе беки түседі.
Бірақ барлық жаттығуларды орындау барысында дағдылар қалыптаса бермейді.Орындалатын жаттығуда көзделген мақсатқа сай іс - әрекеттер жасалыну тиіс.
Жаттығу немесе қайталау - дағдысы қалыптастырудың ең ескі түрі жаттығуды қайталап орындату нәтиже бермейді. Ол үшін жасалған жаттығуға анализ жасау, салыстыру арқылы қорытындылып отыру керек. Қайталау принципін демалыстан келген кезде қолданған пайдалы. Ол арқылы оқушылар ұмытып қалған дағдыларын қалыпқа келтіреді.
Көркем жазу дағдыларын игерту оқушылардың ерекшеліктерін ескеруді талап етеді: қолдың қимылы, нерв жүйесі т.б. 6 жасар баланың жазу дағдыларын игеру қиынға түседі.Себебі, олар баяу қимылдайды.
Қарапайымнан күрделіге қарай жүру принципі немесе бірте - бірте күрделену.Мәселен, 6 жасар бала әріп элементтерін әріпті, содан кейін сөз жаза бастайды. Бірақ біз олардан бір сөзді үзіліссіз жазуын талап ете алмаймыз.Бұл 6 жасар балаға қиындықтуындайды. II сыныпта оқушы үзіліссіз жазуды үйренеді. Онайдан қиынға қарай жүру әріптің формасымен жұмыс істеу барысында қалыптасады. Әріптерді бірнеше топқа бөліп қарастырамыз. Бірінші топқа - жазылуы оңай әріптер кірсе, екінші топқа қиын әріптер жатады.Әріптерді бұлай топтау арқылы жазу гигиеналық принцип болып табылады.
Оқушыларды көркем жазуға үйрете отырып, олардың жеке дара ерекшелігін ескеру керек: оқушылардың жазу қабілеттерін білу, көзінің көру қабілетін ескеру, қимыл - қозғалыстарын ескеру қажет.
Мұғалім оқушының дұрыс отыруын, дәптерді орналастыруын, қаламсапты ұстауын, әріптің формасын , тез немесе баяу жазуын байқап отыру керек. Мұның бәрі мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс істеуіне, ата - анасына кеңес беруін,үйге тапсырманы дұрыс беруіне көмектеседі. Көркем жазуда оқу мен жазуды байланыстыра алу маңызы К.Д. Ушинскийдің оқу мен жазуды байланыстыра жүргізу принципі мектеп тәжірибесінде өз нәтижесін көрсете білді.

2.3. Жазудың графикалық дағдыларын қалыптастырудағы
психофизиологиялық ерекшеліктері

Оқушыларды дұрыс әрі көркем жазуға үйрету үшін оның қалыптастыру жолдарын білу керек.Яғни, психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Жазу дағдыларын қалыптастыру және оны дамытып отырудағы негізгі шарттардың бірі әрі бастысы оқушылардың жазба жұмыстарын орындау кездегі психологиялық ерекшеліктерін айқындау болып табылады. Сынып оқушылары - ның біреуінде немесе әрбір оқушыда жазба жұмыстарын орындау барысында әр тірлі психологиялық өзгерістер болып отыруы мүмкін. Ондай психо- логиялық өзгерістерді байқамау салдарынан орындалған жазба жұмыстарының нәтижесі де әр деңгейде болады.
Жазба жұмыстарын орындау, жазу дағдыларын қалыптастыру, дамыту мақсатында психологиялық анализ жасауды көпшілік педагогтар қолдап отырса да, психологтар да, методистер де жазу жұмыстарына арналған шын мәніндегі методологиялық сипаттаманы бере алмай отыр.Осыдан келіп оқушылардың көркем әрі сауатты жазудағы кемшіліктері мен жазу жылдамдығын арттыру барысындағы жазу айқындығының төмендеуінің себебтері ашылмай отыр.
Жазу өте күрделі процесс. Ол адамның ми іс - әрекетімен және антомия - физиологиялық құрылымымен байланысты. Мәселен, Р.Е.Ленвиной,Ж.И.Шиф, С.М.Блинкова, А.Р. Лурия т.б. еңбектерінде адамның ми қыртыстарының бұзылуы оның жазу және сөйлеу тіліне кері әсерін тигізетіні дәлелденген.
Көркем жазуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есімдікті бастауыш сыныпта оқытудың тиімді жолдары
Сауатты жазуға үйрету мәселелері
КӨРКЕМ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕСІ МАЗМҰНЫ
Әріптерден сөз жасау
Бастауыш сынып оқушыларының көркем жазу дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру жолдары
Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар
Бастауыш сыныпта жазу мен тіл дамыту жұмыстарының ұйымдастырылуы
Сөзді дыбыстық - әріптік талдауды оқытудың теориялық аспектілері
Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптар
Сөздерден сөйлем құрау
Пәндер