Қабілет және нышан


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

КОЛЛЕДЖІ

Тақырып: Қабілет

Орындаған:

Тобы:

Қабылдаған:

Шымкент 2018

Қабілет

Қабілет - дегеніміз адамның белгілі бір іс-әрекетті орындау барысында көрінетін индивидуалды ерекшеліктері. Ол - адамның бір іс-әре-кетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті.

Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туыс, қоғамына да тигізетін пайдасы зор. Яғни, адам неғұрлым қабілетті болса, ол соғұ-рлым қай істі де табысты орындап, сый-құрметке бөленеді. Иә, адамдар үшін өз қабілетін жақсы істерге, ел игілігіне жұм-сағаннан артық бақыт жоқ. Тек есте болатын бір жағдай, кейбір адамдарда ерекше бір көзге түсетін бірнеше де қабілет кездеседі. Бұл - Жаратқан Иеміздің сол адамға берген несібесі. Бірақта біз оны күндемей, өз бойымыздағы қабілетті танып-біліп, оны бағалай, баптай білуге тиістіміз. Өмірде кездесетін бір сәтсіздіктен соң: «Менің бойымда еш қабілет жоқ, бәрібір мен бұл істі атқара алмаймын», - деген сары уайымға салынып, түңілмегеніміз, өз қабілетімізді одан әрі жетілдіре түскеніміз жөн.

Қабілет

Қабілеттілікті қалай таниды? Ұлы ойшыл Кіші Сенека: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі», - депті. Ол рас. Сол себепті әрдәйім өз ісіңе сын тұрғысынан қарап, одан қорытынды шығара білуің қажет. Сірә, сондықтан да шығар, Дельфий храмында: «Өз бойыңа өзің үңіл» деп жазылып қойыпты. Мұны психологтар көпке дейін айтып та, жазып та жүрді. Мұнан туатын қорытынды: әрбір адамның өмірдегі бағыт, бағдары да, іс-әрекеті де, бәрі-бәрі өзінің бойына үңілуден басталады.

Қабілеттілік - адамның мінез-құлқын реттеп, оның тіршілік етуіне қызмет етеді, психикалық әрекеттің негізіне, шарты-
на айналады. Қабілет-тілікті анықтайтын қаси-еттер: сезімталдық, бай-
қағыштық, аңғарымпаз-дық, зеректік, ойлампаз-дық, көрегендік, зерделі-лік, идеяларды оңай туындата алушылық, сөз саптау еркіндігі, тұтас қабылдауға, ұғымдарды салыстыруға (алыстату, жақындату, қиыстыру, т. б. ), топшылауға бей-імділік және тағы да басқалар. Тек есіңізде болсын, өз қабілетің өз ырқыңа көнеді. Саллюстий айтпақшы: «Әр адам өз тағдырын өзі шешуге тиіс». Ал адам қабілетінің қайнар көзі ешқашанда таусылмайды. Адам қабілеттілігінің артуына байланысты оның дарындылығы мен данышпандылығы да айқындала түседі. Осыған орай психолог-мамандар былай деген: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі», - деген сөз оның іс-әрекететінің өлшемі. Әрине, ауыз ашпай тұрып ән сала аласың ба, дауысың келе ме - жоқ па, білу қиын. Өмірден өз орныңды табу жөнінде де тап солай. Сіз қабілетіңізді, талантыңызды дәл индикатордай өлшейтін, сізді адам қатарына қосатын қолайлы жағдайға тек еңбегіңіз арқылы, еңбек-кер ұжымның ішінде жүріп сарыла істеген шығармашылық қызметіңіз арқылы ғана жете аласыз».
Қабілеттің дамып, қалыптасуы.

Бұл үрдіс әртүрлі деңгей-де өрістеп отырады. Он-ың алғашқы деңгейін репродуктивтік, екінші деңгейін шығармашылық деп атайды. Мұндағы репродуктивтік деңгей - жұрттың бәріне ортақ оқи, жаза, есептей білу, шығармашылық деңгей - арнайы қабілеттіліктің танылуы. Әрбір адам баласы өз бойындағы қабілеттің дамып, қалыптасуындағы алғашқы деңгейінде оқу, білімді игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде жүзеге асыруда икемділік көрсететін болады. Екінші деңгейде жаңа бір заттар мен туындыларды жасай алатын мүмкіндігін байқатады. Қабілеттің қандай түрі де еңбекпен дамып, қалыптасады. Ешкім маңдай терін тамшылатып еңбек етпейінше, оның бойындағы қабілет ешқандай мән-маңызға ие бола алмайды. Өйткені, қабілет ойлау, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, қажыр-қайрат, ұшқыр қиял тәрізді адамның жан қуаттарының сан түрлі жақтарымен тығыз байланысты. Қабілетті адам шығармашылықпен іс атқармаса, тіпті талантты болса да өз қабілетінен айырылып қалады. Адам баласы күнделікті тұрмыс-тіршілігінде бар уақытын тамақ ішіп, ұйықтап, арақ-шарапқа салынып өткізбей, қандай да болмасын, бір жұмыспен айналысатын болса, әр күнгі ісін, қызметін, шаруасын тыңғылықты тындырып отырса, өз бойындағы қабілетін өлтіріп алмай, дамытып, қалыптастырып отырады. Бұл өмір тәжірибесі дәлелдеген ақиқат. Ғалымдар, психолог мамандар адамның қабілеттілігін түр-түрге бөліп, жіктеп талдап жатады. Біз енді оның кең танылғанына ғана тоқталсақ.
Қабілеттілікті жіктеу

  1. Адамның кәсіби қызметінің түрлеріне қарай:инженерлік қабілеттілік, ғылыми қабілеттілік, көркемдік қабілеттілік.
  2. Адам психикасының үш түрлі қызметіне қарай:коммуникативтік қабілеттілік, регулятивтік қабілеттілік, танымдық (когнитивтік) қабілеттілік. Іштей сарапталуына қарай танымдық қабілет-тіліктің өзі мынандай түрлерге бөлінеді: білімді жинақтау (оқып-үйрену), білімді түрлендіру, жадта сақтау (шығармашылық, яғни креативтік), білім-ді қолдануға қажет интеллектуалдық қабілет-тілік.

Қабілеттің түрлері

  • Оқу және творчестволық
  • Ой өрістік және арнайы (умственные и специальные)
  • Музыкалық (Техникалық -Бір музыкалық аспапта ойнау немесе ән айту) , ( Есту-Музыкалный слух)
  • Сурет салу (художественно-изобразительные)
  • Физикалық (физические способности)

Қабілет және нышан.

Адамның кейбір өзгешеліктері ана құрсағында жатқанда-ақ дамиды. Мәселен, баланың ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Мұны анатомиялық нышан дейді. Нерв жүйесінің анализаторлардың ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан дейді. Нышанның енді бір түрі қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Мәселен, баланың есту анализаторының жетім дамуы музыкалық қабілет үшін көру анализаторының өзгешелігі сурет қабілетінің көрінуіне себін тигізеді. Бірақ нышан қабілет дамуының бірден-бір шорты бола алмайды. Ол -адамның ішкі мүмкіндігінің көрсеткіші. Егер адамның туысынан нышаны болса да, дұрыс тәрбие көрмесе, яғни белгілі әрекетпен айналыспаса, оның қабілеті айтарлықтай дамымайды. Әрбір қабілетке арнаулы нышан сәйкес келеді деп ойлау да қате. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық дейді. Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса ол ерте көзге түсетін болады. Дарынды баланың қабілеті әдетте ерте ашылатынын біз зерттеу жұмыстарынан байқап жүрміз. Дарынды балалар мектептің оқу бағдарламасын ерте меңгереді. Бес-алты жаста ондай балалардың білгенінен, өзінен екі есе үлкен балалардың білгенінен артық болады. Кейде олар тіпті мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері де кездеседі.

Қабілеттің ең жоғарғы дәрежесін - талант деген сөзбен белгілейді. Талант - бір әрекетті творчестволықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі. Адамның таланты музыкада, әдебиетте, ғылымда, техникада т. б. әрекеттерде көрінеді. Таланттың дамуы еңбек ете білумен, еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты. Қабілет адамның әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайда бірге болады. Өйткені адамның белгілі әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар бейімділік әрекеттің бір саласына, әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады. Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктер оның келешек қабілетінің көрсеткіші болып та табылады. Мәселен, екі-үш жасар баланың музыка үніне қулағының елеңдеуі, онда музыкалық кабілетке байланыстн табиғи негіздің бар екендігін көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабілеттілік және оның түрлері
Қабілет туралы түсініктер, оның түрлері
Қабілет және оның түрлері
Қабілет жөнінде түсінік туралы
Мектеп оқушыларының қабілетін оқу-тәрбие үрдісінде дамыту жолдарын теориялық негіздеу және оны іс жүзінде қарастыру
Қабілет жайлы түсінік
Қабілет және тұлға даралығы
Қабілет
Қабілет және дарындылық психологиясы
Қабiлет туралы жалпы түсiнiк
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz