Шетел тілін қашықтықтан оқыту технологиясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Компьютерлік технологиялар негізінде қашықтықтан оқыту ... ... ... ... ...5
1.1 Қашықтан оқыту технологиясының маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Интерактивтік оқыту -- қашықтықтан оқыту жүйесінің негізгі ... ... ... ...7
1.3 Қашықтықтан оқытуда шет тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..12
2. Шетел тілін қашықтықтан оқыту ... ... ... ..., ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Шетел тілін оқытуда компьютерлік технологияны қолдану ... ... ... ... .15
2.2 Шетел тілін қашықтықтан оқыту технологиясы ... ... .. ... ... ... ... ... .18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қосымша

Кіріспе
Қазіргі таңда білім саласы саяси, эконо - микалық, мәдени, білім беру, техно - логиялық, ақпараттық және басқа да салаларда болып жатқан жаһандық эволюциялық үдерістерден тыс қала алмайды. Өйткені, бүкіл әлем өзара тығыз байланысты және адамның өмір сүру қызметін қамтамасыз ететін жаһандық салаларда түбегейлі өзгерістер орын алғандығы дәлелдеуді қажетсінбейді. Дамыған елдердің экономикалық ортасында табыстың шикізаттық көздерінен гөрі интеллектуалдық ресурстарға иек арту белең алып, жүзеге асты. Технологиялық ортаның үдемелі бағытта дамуына кең жол ашылды. 90-жылдардың басынан бастап high-tech технологиясы өндірістің көптеген салаларында алдыңғы орынға шықты. Алайда қазіргі кезде олар high-human, яғни, тех - нология жасау технологияларына орын беруде. Өйткені ақпараттық орта тым жедел даму кезеңін бастан кешіріп отыр. Осы байланысты әлемде қоғамның өз ақпараттық құрылымының жағдайына тәуелділігі айрықша анық байқалуда.
Курстың қысқаша мазмұны. Мультимедиалық өнімдермен жұмыс істеу тәжірибесі шетел тілін оқыту барысында бейне және аудио материалдарды қолдану, сол оқытылып жатқан тілдің табиғи жаратылысына жақынырақ келетін жағдаят туғызу арқылы студенттерге эмоционалдық әсер ету, сол арқылы оқытылатын тақырыпқа ынтасы мен қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Интерактивті видео тілдік және сөйлеу материалын шынайы жағ - даятта сипаттау үшін қолданылады, линг - воелтану нақтылықтарын көрсету, жаңа ақпарат беру және алынған білімді бекіту. Оқушылар барлық берілген тапсырмаларды қызыға, ынтамен орындайды. Алынған білім сапалы болады әрі, оқушының қобалжуы, қысылуы азайып, көп шаршамайды, сондықтан, жүйке жүйесіне түсетін жүктеме де азаяды.
Курстық жұмыстың өзектілігі: қашықтықтан оқыту барысында ақ - параттық-коммуникативтік технологияларды ағылшын тілі сабағында оқу құралы ретінде қолдану, оқыту процесін жетілдіреді, сапасын арттырады және тиімді.
Курстық жұмыстың мақсаты: қашықтықтан оқыту барысында ақпа - раттық-коммуникативтік технологияларды қол - дану студенттің интеллектуалды ой-өрісі - нің өсуіне игі әсер етеді.
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo қашықтықтан оқытуға қойылатын талаптарға тоқталу;
oo қашықтықтан оқытуда компьютерлік технологияларға тоқталып, оларға сипаттама беру;
oo компьютерлік технологиялар негізінде шетел тілін қашықтықтан оқытудың қалыптасуының негізі ретінде қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Қашықтықтан оқыту.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: компьютерлік технологиялар негізінде шетел тілін қашықтықтан оқыту.
Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау әдістері қолданылды.
Зертеу жұмысының теориялық маңыздылығы қашықтықтан оқыту барысында ақпа - раттық-коммуникативтік технологияларды ағылшын тілі сабағында оқу құралы ретінде қолдану студенттің шығармашылық өсуіне ықпал етеді.
Зертеу жұмысының практикалық маңыздылығы қашықтықтан оқыту барысында ақ - параттық-коммуникативтік технологияларды ағылшын тілі сабағында оқу құралы ретінде қолдану бақылау процесін автоматтандыруға қол жеткізеді.
Зерттеу көздері: педагог - ғалымдардың әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне сүйеніп жасалған.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жумыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорыгындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Компьютерлік технологиялар негізінде қашықтықтан оқыту
1.1 Қашықтан оқыту технологиясының маңызы
Соңғы 10 - 15 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.
Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады [1].
Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші -- адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасалуы тиіс. Білім саласындағы жаңа коммуникациялық технологиялар түсінігі компьютерлік техника және электрондық анықтамалық жүйелері мен адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен пайда болады. Оны оқыту әдіс-тәсілі уақыт талабына сай өзгеруде. Қазіргі уақытта дидактикада инновациялық оқыту кеңінен қолданылуда. Инновация - бұл жаңалықтардың таралуы және құрылуы. Қазіргі педагогиканың негізгі тенденциясы оқытуды өнеркәсіптік-технологиялық процесске айналдыру үшін дидактикалық жолын және құралын табу болды. Бұл ізденіс педагогикалық технология деген ұғымға әкелді. ХХІ ғасырда ақпарат жүйелерінің өркендеп, ғарыштап дамып келе жатқанын білеміз, өнеркәсіп пен ортаның дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстар табылады.
Сауатты өмір - дамудың жаңа фазасына енеді, бұл жаңа сауатты оқыту технологиясын құруға біртіндеп көшуді талап етеді. Оқытудың жаңа технологиясына көшу ұзақ уақыт алады. Компьютерлік технология білім ортасына ене отырып, оқыту процесін жақсарту үшін құралдар мен әдістерді қолдануға әкеп соқтырады. Негізгі базалық білім беру аймағында қызмет көрсету жағынан да қашықтан оқыту мүмкіндіктері үкімет тарапынан қолдау тауып жатыр. Осы технологияны пайдалану ауылдық жерлерді де жылдам ақпараттандыруға көмектесуде. Оқыту процесінде қолданылатын жаңа әдістердің бірі қашықтан оқыту әдісі болып табылады.
Қашықтан оқыту - ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу.
Мұғалімдердің алдын - ала дайындау және ұйымдастыру шаралары жүргізілмесе, программалық қамтамасыз етілмесе оқушылардың білімі жоғарламайды. Өйткені оқушының білімін, үлгерімін көтеруіміз үшін оқытушының біліктілігін көтеруіміз керек. Қашықтан оқыту бұл мұғалімнің біліктілігін көтереді, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады, ата-аналардың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертеді.
Қашықтан оқытудағы мұғалімдердің біліктілігін көтерудегі артықшылықтары:
экономикалық, оқытуға кететін жалпы шығыны 40% кемиді;
коммерциалық, қашықтан оқыту, технологиясы және оны қолдану болып табылады, оған деген сұраныс күннен-күнге өсуде;
педагогикалық, оқыту мативациялық, интерактивті, технологиялы және индивидуалды болып келеді;
эргономикалық, қашықтан тыңдаушылар және мұғалімдер айналысуға өзіне ыңғайлы уақыттың кестесін қоюға мүмкіндігі бар;
коммуникативті, электронды желілері арқылы байланысатын педагогтардың, тыңдаушылардың мамандықтар саны көбеюде.
Мұғалім оқушының ішкі жан - дүниесінің сырын ашып, оның симпатикалық ынтасының дамуына жағдай тудырып отырады. Қазіргі заманда білім жүйесінің заман талабына, уақыттың сұранысына қарай ғарыштап дамуы, әрбір педагогтан сабақты ғылыми жобада жасауын талап етеді. Сабақты ғылыми жобада жасай білген мұғалім оқушы жүрегіне жол тауып, оның сабаққа деген қызығушылығын арттырып, мұғалім мен оқушы арасында түсінушілік пайда болады. Мұғалімнің коммуникативті дамуы: оқушыларды тыңдау, олардың көзқарасын түсіне білу, сын жасай білу, әңгіме, ұйымдастыра білу керек. Әрбір мұғалімнің бойында шартты рефлекциялық қасиеттер қалыптасуы керек: балаларды оқытуды өзінің тәсілін жұмысында қолданып, қиын жағдайларда шешімін тауып, шыға білу керек. Қашықтан оқыту курсы осыған бағытталған. Қашықтан оқытуды екі негізгі бөлікке бөлуге болады: техникалық және дидактикалық. Оның құралы болып телекоммуникациялар, аудио және видео жазбалар, жергілікті және ауқымды компьютерлік желілер. Ұйымдасқан - дидактикалық құрылымда қашықтан оқыту оқытудың негізгі компоненті болып табылады, оқушылардың өз бетімен білім алуы.
Ақпараттық технология жақсы дамығанымен ол оқытудың басты құралы болып есептелмейді. Ол үшін оқу бағдарламасында және оқыту әдістеріне өзгеріс енгізу керек. Жаңа технологияны қолдану мұғалімдерге дайындық жұмыстарына көп уақытты керек етеді. Әрбір мұғалімнен ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды, алыс - жақын шетелдердің озық тәжірибелерімен танысуды және оның күнделікті өмірде қолдануды қажет етеді. Бұл оқыту құралының күштілігі соншалықты, онымен бірге басқа колледждермен оқытудың жаңа түрлерімен, оқыту әдістерімен алмасады. Колледжде телекоммуникация тақырыбын оқыту мүмкіндігі бар. Әдістемелік кешен, мұғалім мен оқушыға қажетті бағдарлама, қазақ тіліндегі оқулықтар мен көмекші құралдары жеткіліксіз. Пән мұғалімдерінің Интернетті осы уақытқа дейін аз қана пайдаланып, тіпті қолданбағандары да бар. Колледждер жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталғанымен, мұғалімдердің осы тақырып бойынша білімін жоғарылататын, яғни мұғалімдерді дайындайтын курстар жеткіліксіз. Ал, жалпы білім беру ісі жөнінен басқа озық елдердің тәжірибесін зер салып отыру, өзінің білімін жоғарылату, жаңашылдық, озат тәжірибе, компьютерлік коммуникацияны үйрену - әрбір пән мұғалімінің кәсіптік міндеті, қажетті парызы.
Қаншалықты барлық құралдар жеткілікті болғанымен, пән мұғалімінің білімі төмен болса, оқушылардың телекоммуникация жөніндегі білімі төмендеп, болашақта Қазақстандағы телекоммуникациялық ортаның дамуына әсерін тигізеді.
Білімнің қайнар көзі оқулықта. Кітапханалар, оқу кітаптарының жетіспеушілігінен оқушылардың білімдері толық жеткілікті емес. Қазіргі кезеңде оқулықтар теориясы, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларымен жобалау әдістемесі жасалуда.

1.2 Интерактивтік оқыту -- қашықтықтан оқыту жүйесінің негізгі
Қазіргі кезде республикалық жəне халықаралық деңгейдегі зерттеулер нəтижелері мен алдыңғы қатарлы тəжірибе көрсетіп отырғанындай, мамандарды сапалы дайындаудың бір жолы білім беру мазмұнының базалық жəне вариативті компоненттерін қамтамасыз ету болып табылады.
Білім беру мазмұны мен сапасына деген мөлшерлік талаптарды белгілейтін мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары кəсіптік білім беру стандарттарын дайындау бойынша инновациялық білім мазмұны ерекше қызығушылық тудырады. Өз кезегінде мемлекеттік стандарт əзірлеу барысында өмір талаптарына сəйкес білім өлшемдері мен сипатын жаңарту мүмкіндіктері ескерілуі қажет болды. Əлеуметтік-педагогикалық жүйе ретіндегі қашықтықтан оқытудың негізгі қызметі білім беру процесінің субъектілері арасында дəнекер болып табылатын электронды жəне телекоммуникациялық құралдардың көмегімен үздіксіз білім беруді іске асыру болып табылады. Бұл жүйеде субъектілер студент пен оқу процесін ұйымдастырушылар болады.
Инновациялық оқыту интерактивті оқыту жүйесін іске асыруды, оқытудың жаңа құралдары мен ақпараттық технологияларды пайдалануды көздейді. Бүгінгі таңда кəсіби оқыту педагогтарын даярлау қашықтықтан оқыту түрі арқылы да іске асырылады.
Интерактивтілік қашықтықтан оқыту жүйесінің негізгі сипаттамасы болып табылады. Белгілі ғалым Д.М.Жүсібалиеваның [2] зерттеулерінде интерактивтілік қашықтықтан оқыту түрінің принципі ретінде əрекет етеді.
Интерактивті оқыту деп оқытуға қатысушылардың бір-бірімен өзара əрекет етуін, оқытушы мен студенттердің арасында интерактивті оқыту құралдары арқылы электрондық жəне мультимедиалық оқулықтар, тізбекті ақпараттық жүйелер арқылы кері байланыстың болуын (электрондық пошта, əр түрлі режимдегі байланыс жүйесінде телеконференциялар) айтады.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Р.М.Дүзбаева интерактивті оқытуға тəн мынадай белгілерді бөліп көрсеткен:
oo студенттер өздеріне қолайлы уақытта, қолайлы жерде жəне қолайлы қарқынмен жұмыс істей алады, əркім пəнді меңгеру үшін жəне таңдап алған пəндер бойынша қажетті білімді алу үшін қанша оқығысы келсе, сонша оқи алады;
oo интерактивтілік оқытудың негізін модульдік принцип құрайды, студенттер меңгерген əрбір жеке пəн (оқу курсы) мазмұны бойынша белгілі бір пəндік аймаққа сəйкес келеді, бұл дербес немесе топ қажеттіліктеріне жауап беретін тəуелсіз оқу курстарынан оқу жоспарын құруға мүмкіндік береді;
oo оқыту негізгі кəсіби іс-əрекет пен оқытудың өзара бірлігінде жүргізіледі, яғни өндірістен қол үзбей оқуға мүмкіндік береді;
oo студенттердің білім беру мекемесінен қашықтығы (байланыстың сапалы жұмысы жағдайында) білім беру процесінің тиімділігіне кедергі болмайды;
oo оқыту процесінде оқытушы мен студент өздеріне қолайлы кесте бойынша жұмыс істейді;
oo оқытушының жаңа ролі мен қызметі айқын көрінеді;
oo студенттерге қойылатын талаптар дəстүрлі оқыту жүйесінен мүлдем басқаша болады;
oo интерактивтілік оқыту барысында жаңа ақпараттық технологиялардың барлық мүмкіндіктері пайдаланылады [3].
Тұлғаға бағдарланған технологиялық əдіс студенттердің танымдық қабілеттерін, олардың зияткерлік, эмоциялық дамуын, кəсіби бейімділіктері мен ұмтылыстарын, педагогикалық іс-əрекетке деген құндылық қасиеттерін аша түседі. Осыны ескере отырып, жоғары оқу орындарында тұлғаның шығармашылық ерекшелігі жеке қызмет етілуі мен іс-əрекеттің шыңдалуының көрініс табуы үшін тиісті жағдайлар жасалуда. Ең алдымен, білім беру бағдарламалары мен жеке оқыту үлгісін таңдау мүмкіндігі беріледі.
Білім беру жүйесіндегі реформалар мен қазіргі мектептің тұлғалық-бағдарлы оқытуға бет бұруы болашақ кəсіби оқыту педагогтарының даярлығына жаңа талаптар қояды. Білім беру жүйесі дамуының қазіргі кезеңі жаңа парадигмаға өтудің жолдарын іздестірумен, яғни білім берудің жаңа мақсатының жетістіктерімен, байланысты.
Жаңа парадигманың маңызды компоненті тұлғаның өзіндік даму тұжырымдамасы болып табылады. Өзіндік даму -- бұл ішкі жəне сыртқы əлеммен байланысу қабілетін қалпына келтіру. Тұлғаның əр түрлі саладағы икемділіктері мен қабілеттерін дамыту оның дербес ерекшеліктеріне, өзіндік талдау, өзіндік баға беру қабілеттеріне байланысты, мұның өзі əрбір студентке ерекше қатынас керек екендігін, оларға өзін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік жасау қажеттігін дəлелдейді. Сондықтан біздің зерттеуіміз болашақ мамандарды дəстүрлі формада даярлаумен қатар жаңа ақпараттық технологиялар негізінде жетілдіруді көздейді.
Ғылыми зерттеулерді оқып-үйрену жəне талдау педагогикалық бiлiм беру жүйесiнде болашақ кəсіби оқыту педагогының технологиялық даярлығы мəселесінің педагогика ғылымының теориясында өз алдына дербес проблема ретінде анықталғанын жəне ол үнемі зерттеп отыруды қажет екендігін көруге мүмкіндік берді.
Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім берудің кеңістігіне енуге бағыт алды. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тəрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда:
білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық жəне нарық жағдайларындағы білім беру бағдарламасының нақтылануымен күшейе түсуде;
ақпараттың дəстүрлі əдістері, ауызша жəне жазбаша, телефон жəне радиобайланыс қазіргі заманның компьютерлік құралдарына ығысып орын берді;
қоғамдық білім мен жаңа педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына жəне ғылымның рөліне мəн берілуде.
Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой- тұжырымдары былай сипатталады: бұрынғы алған білімдерін пайдалана отырып, есте сақтаудың негізінде ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу; білімнің статикалық үлгісінен ақыл-ой əрекетінің құрылым жүйесіне көшу.
Қазір республикада оқу орындарының педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сəйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің əр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға жəне тəрбиеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан əр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқыту процесінің ерекшеліктеріне орай таңдап, тəжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Қазақстан Республикасында дүние жүзінің дамыған елдері сияқты бірыңғай білімдік-ақпараттық кеңістік қалыптасып келеді. Ал білім беру саласын ақпараттандыру тек қана оқытуды ұйымдастыру формалары мен əдістерін жетілдіріп, өзгертіп қана қоймайды, сонымен қатар бүкіл оқыту процесін басқарудың жəне бақылаудың жаңа əдістерінің пайда болуына жағдай жасайды.
Дұрыс іске қосып, пайдаланған жағдайда ақпараттық технологиялардың мүмкіндігі мол, оқу- əдістемелік материал жинақталады, оқу материалының қолдану тиімділігі арттырылады, жеке бағдарламалармен жұмыс істеуге мүмкіндік туады, сабаққа дайындалу мен оны өткізудің тиімділігін артады, оқытушы өзі немесе студенттердің көмегімен оларға таратылатын дидактикалық материалды көбейтеді, студенттердің білім дəрежесін қадағалап, бақылауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі уақыт талабына сəйкес мемлекетіміздегі 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасына байланысты болып жатқан жаңа өзгерістер қоғам мен мемлекетіміздің алдына жаңадан туындап жатқан құндылықтарды ескере отырып, білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту мəселесін қояды. Нақтылы аса маңызды тұжырымдар мен құндылықтар ғана білім беру сапасын жаңа деңгейге алып шығатын қадамдар жасауға ықпал етеді.
Ақпараттандыру процесі, компьютердің оқу процесінде пайдаланылуы -- білім беру жүйесі реформасының негізгі буынының бірі.
Жаңа компьютерлік, ақпараттық техника мен технологияларды экономиканың барлық салаларында қолдана алатын мамандармен қамтамасыздандыру сəйкес салалар бойынша ақпараттық жүйелер мамандарын даярлауға əкеліп тірейді. Ол қазір республикамыздың жоғары оқу орындарында қолға алынған жəне əлі де нығайта түсу қажеттігі туындайды [4].
Заман ағымына сай адамдардың алдына жаңа қызметтік талаптар қойыла бастады, жұмыскер тек қана өндірістік міндеттерді жақсы атқарып қана қоймай, оған қосымша жобалай білуі, шешім қабылдауы жəне шығармашылық жұмыстарды да орындай білуі керек. Осы қабілеттер мен біліктер баланың жас кезінен қалыптасып, оқу жəне еңбек əрекеттерін орындау кезеңдерінде əрі қарай дамуы керек.
Бұрынғы оқыту технологиясының негізінен сөз арқылы мəлімет беруге сүйенетіні белгілі. Ал бірақ адам жадында кез келген мəлімет басқаша жинақы түрде сақталатынын ғалымдар анықтаған болатын, онда олар компьютерлік технологиялар арқылы оңай көрсетілетін көрнекі бейнелер, дыбыстар немесе схемалар тəрізді күйде орналасады екен.
Осыған орай болашақта электрондық кітапханалар ұйымдастырылып, онда оқыту процесінде қолдануға ұсынылған электрондық басылымдар, арнайы əзірленген оқу құралдары мен əдістемелік нұсқаулар болуы тиіс. Əрбір факультетте жалпы жəне кəсіби білім беретін пəндерден оқу-əдістемелік материалдардың мəліметтік базалары жиынтығын, қолда бар компьютерлік техникалар мен институттың компьютерлік орталықтардың тəжірибесін негізге алған деканат тəрізді ұйымдастыру- басқару бағдарламаларымен жабдықталған бөлімдер жұмыс істеуі қажет.
Білім беру үрдісін оқу-əдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етудің жаңа түрлері пайда болғандығын атап өту қажет. Олар -- гипермəтін түрінде ұсынылған дəріс материалдарының электронды нұсқасы немесе мультимедиалық курстар жəне интерактивтік оқыту бағдарламалары түріндегі электронды нұсқалар.
Осыған байланысты алдыңғы сапқа жаңа технологияларға сүйенген оқыту бағдарламаларының сапасы шығатынын тағы да айтқанның артығы бола қоймас. Оқыту бағдарламаларын дайындау педагогика саласында терең зерттеулер жүргізіп, оларды жаңа білім жүйесін қалыптастыруға бейімдеу ісін жолға қояды. Ақпараттық жəне коммуникациялық технологияларды өмірге енгізу процесі тəжірибе арқылы расталған ғылыми-əдістемелік жəне педагогикалық тұрғыдан басталуы тиіс. Осы күрделі, əрі қызық жұмысқа біздің педагогтар мен əдіскерлер де өз үлестерін қосуы керек [4].
Бұдан былай ақпараттық технологияларға жəне қашықтан оқытуға бағытталған Интернет тəсілімен білім алуды дамыту қажеттілігі туып отыр. Оның дайындалу мақсатына ақпараттандыру ісін дамыту мен оның бағыттарын анықтау мəселелері жатады, ол жаңа ақпараттық жəне коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім беру жүйесін жетілдіру ісіне біртұтас жүйелік көзқарасты қалыптастыру болып табылады.
Дегенмен, жаңа ақпараттық технологияларды өмірге енгізудің əлі де əлсіз жақтарына электрондық түрдегі оқу материалдарының аздығы, ал бар болған жағдайда оларды пайдалануға білікті мамандардың қажет ететіні жатады.
Сондықтан ақпараттың электрондық нұсқаларын əзірлеп жинақтау жəне оларды қолдану шараларын оңайлату (мамандар басшылығымен) істері ең өзекті мəселе болып табылады. Оның ішінде қашықтан оқыту процесін басқару мəселелері мен мəлімет базаларын пайдалануды шектеу (құқықтық қатынас жүйелерін анықтау) істері ерекше орын алып отыр. Қашықтан оқыту жүйесінде пайдаланылатын ақпараттық орта мүмкіндіктерін жалпы оқу процесінде қолдануды кеңітетін функциялар болуы керек. Осы бағытта мынадай жұмыстар атқарылуы тиіс (Қосымшаны қараңыз).
Қазіргі Қазақстан Республикасы жағдайында білім беру жүйесін ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктеріне сəйкестендіру жəне оның нəтижесіндегі білім беру мазмұнының ғылыми-теориялық деңгейінің артуы мен жоғары білім беруде оны жүзеге асырудың шамаға лайықтылығы арасындағы диалектикалық қайшылықты шешу мəселесі тұр.
Бүгінгі күні қоғам кəсіби білім беру жүйесінен өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, əр істе белсенді шығармашылық əрекет жасайтын, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүріп, еркін жұмыс істей алатын мамандарды даярлауды талап етіп отыр.
Сонымен, бұл жұмыстарды орындау үшін жергілікті компьютерлік желі корпоративтік білім беру ортасы болуы тиіс. Ол қашықтан оқыту жүйесін күндізгі кəсіби оқыту педагогтарына инновациялық-технологиялық даярлық беру кəсіби білім берудің жоғарғы сапасын ғана емес, сонымен бірге азаматтың қоғамның іргетасы ретіндегі білім берудің жаңа философиясын бейнелейтін білім беру парадигмасымен айырбасталады. Маманның кəсіби мəнге ие қасиеттерінің тұтасымен қалыптасу деңгейі неғұрлым жоғары болса, оның əрекетінің тиімділігі соғұрлым маңызды.

1.3 Қашықтықтан оқытуда шет тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру мәселелері.
Соңғы жылдары Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады.
Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына шектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курсы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек [5].
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі-ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту- тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруге игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
Шет тілді оқытудағы негізгі мақсат - шет тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру. Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру. Шет тілі- қазіргі заман талабына сай, қоғамның әлеуметтік, экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі болғандықтан әрбір жас азамат тың алдында шет тілін еркін игеріп, өзінің қоғамдағы орынын табуға, өзі өмір сүретін ортаға пайдасын тигізуге ұмтылуы қажет. Жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, интернет, компьютердің кеңінен қолданылуы, бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып, мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі; құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау.
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет [5].
Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет. Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.
Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт [6].
Қашықтықтан оқыту тәсілімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел тілі сабақтарын тиімді өткізу мақсатында коммуникативтік оқыту технологиясын қолдану
Шет тілін оқытуды жетілдірудің негізгі жолдары
Ағылшын тілін қашықтықтан оқыту технологиясы
Шет тілі және оны оқытудың әдістері
Компьютерлік технологияны пайдалану тәсілдері
Компьютерлік технологияның мүмкіндіктері
Жоғары сыныпта ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану
Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі
Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологиялардың рөлі мен орны
Компьютерлік технологияның түрлері
Пәндер