Күздік көбелек - кеміргіш көбелектер тобының өкілі. Оның биологиясының ерекшелігі, зиянкестердің систематикасы, таралуы, биологиясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Орман, жер ресурстары және фитосанитария факультеті

Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Күздік көбелек - кеміргіш көбелектер тобының өкілі. Оның биологиясының ерекшелігі, зиянкестердің систематикасы, таралуы, биологиясы

Орындаған: Зейнел Е. Е.

Тобы: ЗР-308Қ

Тексерген: Искендирова Р. А.

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі жалпы сипаттамаКөп қоректі қабыршақ қанаттыларға сипаттамаТүн көбелектеріКүздік көбелекке сипаттамаҚыстауы. Зияндылығы. Табиғи жауларыЕсептеу әдістемесі мен күресу шаралары
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Энтомология - жер бетінде, топырақ арасында, суда, ауада таралған жәндіктердің тіршілігін зерттейді. Ауыл шаруашылық дақылдарына насекомдармен қатар жануарлар дүниесінің басқа топтарының (нематодтар, кенелер, жалаңаш шырыштар, кемірушілер) өкілдері де зиян келтіреді.

Жәндіктерді ғылыми түрде зерттеу XVII ғасырда басталды. Энтомологияның негізін салушылар италян биологы М. Мальпиги (1628 - 94), голланд натуралисі Я. Сваммердам (1637 - 80) және француз табиғат зерттеушісі Р. Реомюр (1683 - 1757) болды. XVIII ғасырдың бас кезінде француз энтомологы Ж. Дюфурдың зерттеу жұмыстары арқасында жәндіктерді салыстырмалы анатомия тұрғысынан зерттеу жақсы дамыды. XVIII ғасырдың II жартысында орыс ғалымы П. С. Паллас Энтомологияға көп еңбек сіңірді.

XIX ғасырдың ортасында «Энтомология» зоологияның жеке саласы болып шықты. Қазіргі кезде Энтомологиялық зерттеулер негізінен екі бағытта жүргізіледі. Жалпы Энтомология жәндіктердің құрылысы мен тіршілігін, олардың жекелей дамуы мен эволюциясын; ал қолданбалы Энтомология (ауылшаруашылық, орман, медицина, мал дәрігерлік болып бөлінеді) ауылшаруашылық дақылдары мен өнімдерінің, орман ағаштарының зиянкестерін, паразиттерді, қансорғыштарды, ауру тарататын жәндіктерді зерттейді. Бұдан басқа Энтомологияның ішінде колеоптерология (қаттықанаттыларды зерттейді), лепидоптерология (қабыршаққанат-тыларды), мирмекология (құмырсқаларды), т. б. салалары бар.

«Ауылшаруашылық энтомологиясы» ауыл шаруашылық дақылдар мен жайылым өсімдіктерінің және орман ағаштарының зиянкестерін зерттейді. Энтомологияның негізгі міндеті - зиянды насекомдар мен басқа организмдердің зақымдау салдарынан ауыл шаруашылығы өсімдіктері өнімінің шығынын мүлде болдырмау немесе оны мейлінше азайту.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянды жәндіктерден ойдағыдай қорғаудың негізгі шарты - оларды бір-бірінен ажырата білу. Одан кейін олардың тіршілік әрекеттерін, яғни биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін жете білу керек. Сонда ғана зиянкестерге қарсы күрес шараларын дер кезінде тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік туады.

Негізгі бөлім

Қабыршақ қанаттылар , көбелектер (гр. Lepidóptera, көне грекше- қабыршаққанат) - жәндіктер класының бір отряды. Бұлардың қазба қалдықтары бор кезеңінен белгілі.

Жер шарында кең тараған. Қабыршақ қанаттылырдың 200-ге жуық тұқымдасқа бірігетін 140 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 3 мыңнан астам түрі кездеседі.

1-сурет. Күздік көбелектің жұмыртқасы

Екі жұп қанаттары болады, олардың беттерін ұлпа қабыршақ басып жатады (отрядтың аты осыған байланысты қойылған) . Бұл қабыршақтар көбелектің қанаттарын алуан түске құбылтып тұрады. Қабыршақтарының құрылысы, ондағы пигмент түсі әрбір түр, жүйеленімдік топта әр түрлі болады. Қанаттары бір-бірімен ілмек арқылы жалғасады. Қанатының түсі арқылы күндіз ұшатын көбелектер өз түріне жататын көбелектерді ажыратады, сондай-ақ қанатының түсі мен оның бетіндегі өрнегінің қорғаныштық та маңызы бар. Қабыршақ қанаттылырдың денесінің ұзындығы 3 - 8 мм-ден 200 - 300 мм-ге дейін ең ірісі - Оң түстік Америкалық қоңыр көбелек (жайған қанатының ұзындығы 30 см-дей), Еуропа көбелектерінен - емен көбелегінің қанаты 12 - 15 см. Аузы гүлдің шырынын соруға бейімделген, ұзын тұмсыққа айналған. Тыныштық күйде ол шиыршықталып оралып жатады. Кейбір түрлерінде мұндай тұмсық жетілмеген. Денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Басында бір жұп фасетті көздері, көзшелері және иіс, дәм сезу қызметін атқаратын мұртшалары орналасқан. Бұлардың көру органы жақсы жетілген. Дәм сезу органдары тек аузында емес, кейде аяғында да болады. Кеудесінде үш жұп аяқтары және екі жұп қанаттары бар. Құрсағында 2 - 5 қос «жалған» аяқтары болады.

Қабыршақ қанаттылыр түрленіп дамиды, яғни жұмыртқадан дернәсіл сатысына өтіп, одан қуыршаққа, қуыршақтан ересек түрге айналады. Қабыршақ қанаттылырдың дернәсілі - жұлдызқұрт. Қабыршақ қанаттылырға ғана тән ерекшелік - жұмыртқасының әр түрлі пішінді болуы.

Қабыршақ қанаттылыр өсімдіктің гүл шырынымен, жемістердің тәтті нәрімен, т. б. қоректенеді.

Көптеген түрі кеште, түнде ұшады. Түнде ұшатын жоғары сатыдағы Қабыршаққанаттылырда есіту органы болатыны анықталған.

Көп қоректі қабыршақ қанаттылар ға қоңыр көбелектер немесе түн көбелектері (Noctuidae) тұқымдасының бірқатар түрлері мен қан көбелектері (Pyralidae) тұқымдасының біраз өкілдері жатады. Көп қоректі қоңыр көбелектер кеміргіш қоңыр көбелектер және жер үстілік немесе жапырақ кеміргіш қоңыр көбелектер болып 2 топқа бөлінеді.

Түн көбелектер. Көбелектер орташа мөлшерлі, жайылған қанаттары - 20-45мм. . Толық денелі. Көп түрлерінің түстері сұрғылт қоңыр. Алдыңғы қанаттарында өздеріне тән суреттері бар. Суреттердің пішіндеріне қарап үкі көбелектердің түрлерін анықтауға болады. Көбелектер негізінен ымырт түсе және түнде ұшады. Құрттары ұзынша жолақтары бар сұрғылт қоңыр немесе жасыл түсті болады. Үш жұп кеуде аяқтарынан басқа 3-5 жұп құрсақ аяқтары болады.

2-сурет. Күздік көбелектің жұлдызқұрты

Кеміргіш көбелектер топырақтың жоғарғы қабатында жасырын өмір сүреді. Олар қоректеніп топырақ деңгейінде күздік, жаздық астық дақылдары, жүгері, қызылша, картоп, мақта, темекі, көкөніс, бақша т. б. дақылдарының мүшелерін кеміріп зақымдайды. Түн көбелектердің ең қауіпті түрлері: күздік - Agrotis segetum Schiff. жєне лепті - A. exclamations L. Түн көбелектердің жұлдызқұрттары соңғы жастарында топырақ астында қыстайды. Жұлдызқұрттарының 6 жастық кезеңі болады. Көктемде олар қуыршақтанады. Ересек жәндіктері жұмыртқаларын сабақтың негізіне, төменгі жапырағына, топырақ бетіндегі өсімдік қалдықтарына салады. Жылына 3-4 рет ұрпақ береді.

Күздік көбелек (Agrotіs segetum) - күздік дақылдар, мақта, қант қызылшасы, күнбағыс, жүгері, т. б. өсімдіктер көгінің аса қауіпті зиянкесі.

Ресейдің европалық бөлігінің Қиыр солтүстігінен басқа аймақтарының барлығында, Күнгей Кавказ бен Орта Азияда, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында таралған. Қанаттарының өрісі 40 - 50 мм, денесінің ұзындығы 18 - 22 мм; алдыңғы қанаттары қоңыр немесе қара түстес, артқы қанаттары ашық сұр. Жұлдызқұрттары жұмыртқадан шығар кезде ақшыл, бас бөлімі қоңырлау, ұзындығы 52 мм-ге жетеді. Олар 6 рет түлейді. Қазақстанда Күздік көбелектер оңтүстікте жылына 3 рет, оңтүстік шығыста 2 рет, ал шығыста 1 рет жұмыртқалап көбейеді.

3-сурет. Күздік көбелек қуыршағы

Жұмыртқасы жарты шар тәрізді, диаметрі 0, 5 мм, үстіңгі жағындағы қырларының саны 16-20. Жаңа салынған жұмыртқаның түсі сүттей ақ, 2-3 күн өткен соң оның сыртқы қабығында қызғылт шеңбер пайда болады. Жұлдызқұрт шығар кезінде жұмыртқа қараяды. Күздік көбелектің денесінің ұзындығы 18 - 22 мм. VI жасар жұлдызқұрттың ұзындығы 52 мм-ге жетеді. Қазақстанда күздік көбелектер оңтүстікте жылына 3 рет, оңтүстік шығыста 2 рет, ал шығыста 1 рет жұмыртқалап көбейеді. Қуыршақтың ұзындығы 20 мм шамасында, түсі қызыл-қоңыр.

Қыстауы. Дамуы аяқталған жұлдызқұрт фазасында топырақтың тығыздығы мен жұмсақтығына қарай 5-25 см тереңдікте қыстайды. Көктемде орташа температура 10 С-тан жоғары көтерілгенде жұлдызқұрттар 5-6 см тереңдікте жер бесік жасап, сонда қуыршаққа айналады. Қуыршақтың дамуы ауа-райы жағдайына байланысты 2-4 жетіге дейін созылады.

Күздік көбелектің зияны. Көбелек ұрғашылары арамшөптердің түбіне 400 - 500 жұмыртқа салады. Ересек жұлдызқұрттар тереңдігі 10 - 25см топырақта қыстайды. Көктемде өсімдіктер көктей бастағанда, отамалы дақылдар көшеттеріне қауіп төндіреді. Жас жұлдызқұрттардың даму кезеңі мақта, қант қызылшасы, жүгері, бұршақ, темекі, бау-бақша, т. б. өсімдіктердің көктеген және көшеттер отырғызылған кездеріне сәйкес келеді. Жұлдызқұрттардың екінші, үшінші ұрпақтары жүгеріні, жоңышқаны, картопты, жазғы егістіктерді, түйнек және тамыр жемістілерді зияндайды. Күздік көбелектің жұлдызқұрттары топырақ деңгейіндегі сабақтарды, тұқымын, жас өскінін кеміреді, тамыр жемістерде, түйнектерде кеміріп, қуыс жасайды.

4-сурет. Күздік көбелектің картопты залалдауы

Күздік көбелекті есептеу әдістемесі

Күздік көбелектерге есептеу жүргізу мақсатында оларды бақылау үш кезеңге бөлінеді: көктемдік, жаздық және күздік бақылау.

• Көктемдік бақылау күз кезінде көбелектің саны ең көп балған егістіктерге жүргізіледі. Топырақ зерттеу әдістемесінің қарапайым түрі қолданылады: 50x50см, сынама тереңдігі 15-20см. Нақты нәтижелерге жету үшін 50-ден кем болмайтындай жұлдызқұрттар жинайды. Жұлдызқұрттарды арнайы ылғалдандырылған топырағы бар ыдысқа салып, олардың даму динамикасына бақылау жүргізеді.

• Жаздық бақылау жүргізу барысында дақылдар мен көкөніс алқаптарының кем дегенде 10% қамтылу қажет. Топырақ сынамасының тереңдігі 5см. 1м² жерде 0, 2 жұлдыз құрт табылған жағдайда зақымдану мөлшері әлсіз, 0, 4-0, 6-орташа, 0, 8- болған жағдайда жоғары болып саналады.

• Күздік есептеу қыстап қалған жұлдызқұрттар санын білуге бағытталған. Олардың санын, жас мөлшерін және физиологиялық жағдайы анықталады. . Топырақ зерттеу әдістемесінің қарапайым түрі қолданылады: 50x50см, сынама тереңдігі 15-20см.

Табиғи жаулары. Күздік көбелектің жұлдызқұрттары саңырауқұлақ, бактериялық және вирус ауруларымен жиі ауырады. Қазақстанда олардың жаппай қырылып қалуына себепші болатын гранулез вирусы едәуір тараған. Ал бұл түрдің табиғи жауларының ішінде өте кең таралғандары браконид тұқымдасына жататын апантелес пен рогас деп атайтын паразит насекомдар. Олар көбелектің жұлдызқұрттары мен қуыршағында паразитті тіршілік етеді. Ал оның жұмыртқаларында трихограмма деп аталатын жарғақ қанатты насеком паразиттік тіршілік етеді.

5-сурет. Ересек күздік көбелек

Көп қоректі түн көбелектерімен күресу шаралары. Суармалы жерлерде күздік көбелек пен жабайы көбелектің жұлдызқұрттарына вегетациялық суару, әсіресе қолдан жаңбыр жаудыру өте қатты әсер етеді. Ерте мерзіммен терең етіп зябь жырту - өнімді жинап алғаннан кейінгі кезеңде жұлдызқұрттарды аяқсыз қалдырып, қыстауға кетпей тұрып-ақ олардың едәуір шамада қырылуына себепші болады. Отамалы дақылдар егісінің қатар аралығын баптау - жұлдызқұрттардың қуыршаққа айналу кезінде, сонымен қатар жұмыртқалау және жұмыртқадан жұлдызқұрттың шығу кезеңінде популяцияның біраз бөлігін құртуға мүмкіндік туғызады. Әсіресе егістегі және оның маңайындағы арам шөптермен күресудің маңызы зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БИOЛOГИЯ САБАҒЫНДА ПАЙДАЛЫ НАСЕКOМДАРДЫҢ БИOЛOГИЯСЫН OҚЫТУ ЕРЕШIЛIКТЕРI
Қабыршақ қанаттылар, көбелектер
Ересек аралар - қорғансыз жәндіктер
Алма жемірі көбелектің систематикалық орны
Бақша дақылдарының зиянкестері және олармен биологиялық күрес шаралары
Қызанақ дақылы жайлы
Көп қоректі зиянкестер.Шегірткелер және оның негізгі түрлері
Астық дақылдарына зиян келтіретін кеміргіш бунақденелердің таралуы, биологиясы, зияндылығы және оларға қарсы қолданатын кешенді қорғау шаралар жүйесі
Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында бақша дақылына зиян келтіретін бунақденелілердің таралуы, биологиясы, зияндылығы
Күздік көбелектердің құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz