Ақша жүйесі және оның элементтері


Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті
Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті
Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасы
Арбашова Арай Маханбетиярқызы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Ақша жүйесі және оның элементтері
Ғылыми жетекші: Тобылов Қ. Т.,
аға оқытушы, э. ғ. к.
Қостанай, 2018
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5
1. 1 Ақшаның экономикалық мәні мен қызметтері . . . 5
1. 2 Аша жүйесінің элементтері және ақшаның түрлері . . . 7
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ . . . 11
2. 1 Қазақстан Республикасының ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы . . . 11
2. 2 ҚР заңдастырылған ақша белгілері . . . 12
2. 3 Қолма - қол ақшасыз айналым және есептесу жүйесі . . . 21
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2018 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫ . . . 26
3. 1 2018 жылға және орта мерзімді перспективаға арналған нысаналы бағдар . . . . . . 26
3. 2 Ақша-кредит саясатының негізгі қағидаттары және 2018 жылға арналған бағыттары . . . . . …27
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 33
КІРІСПЕ
Ақша ежелгі заманда пайда болған. Ақшаның негізін тауарлы шаруашылық құрайды, ал оның негізін қоғамдық еңбектің бөлінісі құрайды. Еңбек бөлінген соң (алғышқы бөлінісі: егіншілік пен мал шаруашалығы) адамдар арасында айырбастау қажеттілігі туындайды, яғни сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі- тауар пайда болады.
Бірақ кез келген зат тауар емес. Оны тауар деп айту үшін оның екі қасиетті болуы жөн: тұтыну құны жіне айырбас құны. Тауардың тұтыну құны міндетті түрде көрінсе, ал айырбас құны ақшаға теңістірілген жағдайда көрінеді.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ ақша жалпылылама эквивалент. Ақша - жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауарлардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірішулер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғаты емес. К. Марк айтқандай: ″ Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген ″
Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиеттінің бірігумен көрініс табады:
- жалпыға бірдей айырбасталу;
- айырбас құнының дербес формасы;
- еңбектің сыртқы заттық өлшемі.
Жалпыға бірдей айырбасталу формасы - кез келген материалдық құндылыққа айырбасталу мүмкіндігінің көрсететі. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты (кәсіпорындар, жер, орман, жер асты сатылады) бұл формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасында ақша тікелей тауарларды өткізумен байланысты емес. Бұл формада олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т. б. арқылы қолданады.
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі формасында ақша тауарды өндіруге жұмсалған еңбектін өлшеу мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.
Қоғамның дамуымен байланысты алтынның төлем құралы ретінде рөлі жылдан-жылға азаюда, себебі алтынның өндірілуі жалпы өндіріс көлемінен қалуда (демографиялық өсумен байланысты) . Сол себептен алтын ақшалар орнына қағаз ақшалар келді.
Жекеленген елдердің ішінде бүгінгі күнде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қолдану құралы болып, алтын белгілері - (қағаз белгілері) қағаз және несие ақшалары қызмет атқарады.
Әр бір мемлекет өзінің заңңамасына сәйкес ақша жүйесін бекітеді, яғни қандай ақша белгілері айналымда жүретінін. Егер мемлекеттің ақша жүйесі тұрақты дамып отырса, онда сол елде ақша айналымы да тиімді жүргізіледі. Демек, кәсіпорындар да, халықта өздерінің тіршілігін жетілдіріп отырады.
- ақшаның экономикалық мәнін ашу, қызметтерін анықтау;
- ақша жүйесінің құрылымын белгілеу;
- ҚР ақша белгілерін қарастыру;
- ҚР ақша айналысын жүргізу нысандарын қарастыру;
- ҚР ақша жүйесін жетілдірудің бағыттарын анықтау.
1 АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Ақшаның экономикалық мәні мен қызметтері
Нарықтық қатынастың кез келген субъектісінде, қаңдай да болмасын өндірісті бастаудан бұрын оның ақша түрінде капитал болуы керек. Капиталды айналымға жібермесе, ол капитал болудан қалады. Ол кәсіпкер рыноктан өндіріс ресурстарын алу керек (шикізат, материалдар, машиналар, жұмысшы күшін және т. б. ) .
Алғашқы қағаз ақша 1260-1263 ж. ж. Қытайда пайда болды. Капитализм кезінде қағаз ақшаның алғашқы партиясы 1690 ж. Англияның Солтүстік Америкадағы Массачусетс колониясында шығарылған болатын жене ол алғашқыда солдаттарға жалақы төлеуге арналған. Ресейда алғашқы қағаз ақшалар (ассигнация) 1767 ж. шығарыла бастады.
"Монета" атауы (латынның "монес" ақылшы деген етістігінен шыққан) б. д. дейінгі V ғ. Юноны - Монеталар ордасында (храм) Римде ұйымдастырылган алғашқы тенге (монета) сарайынан шыққан (Юноны - Ақылшы) .
Ең ауыр металл теңге (монета) заңды түрдегі құндылығы 10 талерлік шведтің мыстан құйылған теңгелері саналады. Олар XVIII ғасырда да соғылды, олардың әрқайсының салмағы 19 кг 710 грамға теңелетін.
Құндылығы жағынан ірі теңге 1654 жылы шығарылған 200 махурлы үндінің алтын теңгесі болды. Оның салмағы 2 кг 177 гр, диаметрі 136 мм құрады.
Шынымен, газет пен уақ монеталар арасында қандай да бір байланыс бар ма? Қызығы сол, баршаға таныс "газет" сөзі өзінің шығу тегі жағынан XVI ғ. Венеция Республикасында соғылған "газета" деп аталған уақ мыс монеталарға қарыздар екен. 1566 ж. Венецияда алғашкы баспа басылымы ("Жазба ведомстілері") жарық көрген кезде, оның құны бір газет болып белгіленіпті. Соған дағдыланудың күші соншалық, монета атауы басылым атауына нық бекіп қалған. Сөйтіп, уақ тиын деген мағынадағы "газета" деген итальян сөзі басқа тілдерге де ауысқан.
Ресурстарларды сатып алудан капитал қозғалысынын бірінші сатысы басталады. Ақша капиталының өндіруші капиталға айналуы болады. (ақша - тауарлар - өндіріс факторлары) .
Ақша - ол баршаға бірдей эквиваленттік қызмет көрсететін ерекше тауар. Ақша барша тауарларға тікелей айырбасталатын "тауарлардың тауары".
Ақша өзінің бірқатар функциялары арқылы капитал қозғалысының процесіне:
1) құндылық өлшемдері;
2) айналым құралдары;
3) қазына мен жинақтауды құру құралдары;
4) төлем құралдары;
5) әлемдік ақша ретінде қызмет көрсетеді.
Ақша құн өлшемі ретінде. Барлық тауарлар өздерінің құндарын ойша пайымдаудағы ақшамен яғни, санадағы ақшамен есептейді. Баға - тауар құнының мөлшер көрсеткіші. Тауарлардың нарықтық бағасы, өз құнының мөлшерімен әрқашанда сәйкес келе бермейді.
Ақша айналым құралы ретінде. Ақша тауарлар алмасуында делдалдық рөл ойнайды. (Т-А-Т) : тауар сатуды жүзеге асырып (Т-А), тауар өндіруші түскен ақшасына өзіне қажетті басқа тауарды сатып алады (А-Т) . Айналым құралы болып тек нақты ақша алынады.
Ақша қазына мен жинақтауды құрайтын құрал ретінде. Егер тауар өндіруші тауарын сатып болған соң ұзақ уақытқа дейін басқа тауар сатып алмаса, сол әрекетімен ол ақшаны айналымнан шығарады, оны жинақтап, қазына жасайды.
Қазына түрінде ақша жинау нарықтық құбылмалылықтан өзін қорғау үшін әрбір тауар өндірушінің белгілі бір ақша қорын жасауға тырысуымен анықталады. Оның үстіне қазына құру құралының функциясын тек толық бағалы және нақтылы ақша ғана: монета және құйма түріндегі алтын мен күмістер орындай алады. Қазына жинау, мұнан басқа, "қазынаның эстетикалық формасы" деп қабылданатын алтын мен күмістен жасалынған сәндік заттар түрінде жүзеге асырылады. Әрине, қағаз ақшаны да жинауға болады, бірақ олар құнсыздануға ұшырауы мүмкін.
Елдің орталық банкінде сақталатын мемлекеттік (ұлттық) алтын қорлар формасындағы қазына жинауды жеке адамдар және мемлекет жасайды.
Қазына нарықтық экономика жағдайында байлық жинау формасы ретінде ("қозғалыссыз жатқан", "мүлгіген тыныштықтағы" ақшалар) қосалқы рөл атқарады, себебі, ең бастысы -айналым, ақша қозғалысын жылдамдату.
Ақша төлем құралы ретінде. Тауарларды қолма-қол қаражатқа сату және сатып алу міндетті емес. Сатып алушының қолында ақша ұдайы бола бермейді, сатушы кейде болашақ тауарларын сату жөнінен келісім жасайды. Жалпы алғанда, әртүрлі себептерге байланысты тауарларды сатып алу-сатуды несиемен жүргізудің, яғни төлем мерзімін ұзартудың қажеттілігі туады.
Тауарларды несиеге сатқанда айналым құралы болып ақшаның өзі емес, оның бейнесіндегі қаржыгерлік міндеттеме жүреді. Міндеттеме мерзімі өткен соң қарыз алушы несие берушіге міндеттемеде көрсетілген сомманы телеуі тиіс. Қарызгерлік міңдетгемені өтеу құралы рөлін ойнай отырып, ақша төлем құралы функциясын орындайды. Бұл функция несиеге сатып алынған тауарлардың төлемі кезінде ғана емес, сонымен бірге басқа да міндеттемелерді өтеу кезінде: мысалы, жалақы төлеу, қарыз ақшаны қайтару, салықтарды төлеу кездерінде де жүзеге асырылуы мүмкін.
Ақша - бұл, бәрінен бұрын, нарықтық игіліктердің экономикалық құндылығының әмбебап өлшеуіші (есептегіш бірлігі) . Алайда ақшаның жалпыға бірдей есеп бірлігі деп саналуының себебі, ол кез келген сатылатын игілікке төлем құралы ретінде пайдаланылады. Ақшаның "төлемдік" функциясы ақшаның бірінші теориялық және практикалық проблемасы - өтімділік проблемасын тудырады.
Әлемдік ақшалар. Ақша бұл функцияны ел аралық экономикалық байланыстарға қызмет көрсету процесі кезінде орындайды. Мұндай жағдайда ақша әлемдік рынок айналымына түседі, бұл ретте ол мыналардан көрінеді:
Халыкаралык, төлем құралы ретінде - елдер арасында туындайтын қарызгерлік міндеттемелерді өтеу кезінде;
Шет елден қолма-қол ақшаға тауарлар сатып алу кезінде;
Байлықты бір елден екінші елге көшірудің жалпыға бірдей құралы ретінде - әскери контрибуция төлеу, сыртқа зайымдар беру кезінде.
Әдетте әлемдік ақша рөлінде алтын жүреді, алайда бүгінгі заманымыздың жағдайында алтын өзінің халықаралық есеп айырысу құралы мәртебесінің монополиясын жоғалта бастады. Әлемдік ақша ретінде біртіндеп еркін айналыстағы валюталар кеңінен қолданылуда.
1. 2 Ақша жүйесінің элементтері және ақшаның түрлері
Әр елдің өзінің калыптасқан ақша жүйесі болады. Ақша жүйелері өздерінің елдегі экономикадағы рөлін өзінің аткаратын негізгі қызметтері аркылы орындайды.
Телем құралы функциясындағы қағаз ақша қозғалысы (тауарлар мен игі қызметтерге біз ақша төлегенімізде) - "ақша айналымы" деп аталады.
Ақша айналымы мемлекеттік ақша жүйесінің заңды бекітілген формасында жүзеге асады. Оның басты элементтері болып: негізгі ақша құрылымынын болуы ("теңге", "доллар" және т. б. ) ; заңды төлем құралы болатын мемлекет бекіткен ақша түрлері (әртүрлі құндылықтағы "банкнот" және "қазыналық билеттер") ; ақша шығару (эмиссия) жүйесі, яғни ақша айналымының мақсаттары үшін заңмен бекітілген ақша шығару тәртібі; ақша айналымы қызметімен байланысты "қаржылық" мемлекеттік аппарат секторы.
Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалык мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп коймай, сол сияқты қаржы және несие катынастарына да қызмет етеді.
Ақша өте ертеректе пайда болды, сондықтан да ақша өз даму барысында бірнеше түрлерге бөлініп әртүрлі сипаттарға ие болды. Мысалы, ақша, өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: нағыз (толық бағалы) ақшалар және құндык белгілер (толық бағалы емес акшалар) .
Қағаз ақшалар (қазыналык билеттер) - бюджет тапшылығы жабу мақсатында қазынамен шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген бағамы бар кұнның белгісін білдіреді.
Қағаз ақшалар тек кана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің каржы жетіспеушілігіне байланысты түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді болып келеді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуы, эмитентке деген сенімнің төмендеуі және төлем балансының колайсыздык жағдайы жатады.
Несиелік ақшалар - тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болады. Олардың пайда болуы ақшаның төлем құралы қызметін аткаруымен де байланысты келеді. Бұл ақшалардың экономикалық мәні - ақша айналымын икемді етуі; нағыз ақшаларды үнемдеуі; колма-колсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасауымен сипатталады.
Сонымен, нағыз акшалар - бұл номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін металл ақшаларды білдіреді. Мұндағы металл ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалады. Металл ақшалардың монета түріндегі формасы - бұл олардың соңғы формасы болып табылады.
Алғашқы монеталар VII ғ. б. э. б Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардын, пайда болуы IX - X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен қатар, күміс монеталар да коса жүреді. Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі де алған. Металл айналысына өтуге және алтынның ақша қызметін атқаруына, оның қымбат бағалы металл ретіндегі мынадай қасиеттері себеп болған: оңай бөлінетіндігі және қасиетін жоғалтпай бірігетіндігі, сақталғыштығы арқасында толық бағалы ақшалар барлық бес кызметті де бірдей атқарады.
Ал, алтын айналысы тұсында кұнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған. Алтын өндірісі тауар өндірісі артынан ілесе алмағандықтан да айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.
Жоғары кұнды алтын акшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады. Алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымы ынталандырмады.
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысуының мынадай өзіндік себептері болған:
- металл акшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
- металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни казынаға қосымша табыс алу мақсатында металлдық құрамын төмендету барысында бүлінуі;
- бағалы металдарды өндірудің қағаз акшаларды шығаруға карағанда өте қымбатқа түсуі;
- эмиссиондык табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың құны арасындағы айырма) алу мақсатында казынаның қағаз ақшаларды шығаруы;
Жай банкнота - бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылатын Орталық банктің билеттерін білдіреді. Бірақ та олар металлға алмастырылмайды, яғни өз кезегінде банктің активтерімен ғана қамтамасыз етіледі.
Қазіргі айналыста жүрген Орталық банктен шығатын банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.
Қазіргі кезде банкноталардың эмиссиялануының келесідей үш жолын бөліп көрсетуге болады:
- шаруашылықты банктік несиелеу жолымен;
- мемлекетті банктік несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің орнына банкноттардың шығарылуы барысында;
- активті төлем балансы бар елдерде (Германияда, Жапония және т. б. ) ресми валюталық резервтерінің өсуі жолымен.
Бюджет тапшылығын жабу максатында қағаз ақшалардың шығарылуы. Сонымен, алтын айналысы бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болып, соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.
Нағыз ақшаның орынбасарлары (құндық белгілері) - номинальдық құны нақты құнынан, яғни олардын, өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшаларды білдіреді.
Оған мыналар жатады:
- құнның металлдық белгілері - арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т. б. монеталар;
- құнның қағаздан жасалған белгілері.
Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінеді:
- қағаз ақшаларға
- несиелік ақшаларға.
Қағаз ақшалар - бұл нағыз акшалардың өкілдері болып табылады. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болған. Бұл қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардын айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты болды.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: векселъ банкнота, чектер, және несиелік карточкалар.
Вексель - белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың жазбаша қарыздық міндеттемесін білдіреді.
Вексельдің екі түрі болады:
- жай вексель
- аудармалы вексель.
Жай вексель - борышқордың қарыз берушіге берген төлеу туралы сөзсіз міндеттемесі ал аудармалы вексель (тратта) - вексель берушінің (трассанттың) қарызды алушыға (трассатқа) белгілі соманы белгіленген мерзімде үшінші бір тұлғаға (ремитентке) төлеу туралы бұйрығынан білдіреді. Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссаментке (басқа біреуге аударуы туралы қолына) байланысты айналыста бола алады. Аудару туралы қолдардын көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант, вексель бойынша бірлескен түрде жауап береді.
Жай вексель мен аудармалы вексель - коммерциялық вексельдің түрлері болып табылады.
Сонымен қатар, вексельдің мынадай түрлері болады: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.
Қаржылық вексель - белгілі бір соманы қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.
Қазыналық вексель - бұл қаржылық вексельдің бір түріне жатады. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.
Достық вексель - кейіннен банкте оларды есепке алу максатында бір біріне беріледі.
Бронзалық вексель - нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.
Вексельдің келесідей өзіне тән қасиеттері бар:
- абстрактылық, яғни вексельде мәміленің нақты түрі көрсетілмейді;
- даусыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылғанға дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге тиістігі;
- айналымдық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі, вексельдік міндеттемелерді өзара есепке алуға мүмкіндік жасайды.
Банкнота - қазіргі уақытта вексельдерді қайта есепке алу жолымен Орталык банктен шығарылатын, несиелік айналыс құралы қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде, тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем кұралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие:
М (міндеттеме) - Т (тауар) .
Сонымен ақша, айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде анықталады.
Ал егер, айналыстағы акша массасы тауар массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануы инфляция жол береді.
- тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем міндеттемелері; мемлекетке қатысты каржылық міндеттемелер; банктік ссудалар, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер; сақтандыру міндеттемелері;
- әкімшілік және сот алдындағы және баскадай міндеттемелер.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2. 1 Қазақстан Республикасының Ұлттық ақша жүйесінің қалыптасуы
КСРО ыдыраған соң ақшаны дезинтеграциялау процесі өте күрделі жүргізіліп бұрынғы кеңес мемлекеттерінің меншікті ұлттық валюталарын еңгізумен аяқталды.
КСРО республикаларының егемендігі жарияланғаннан кейін барлық 15 Ұлттық банктер бір-біріне тәуелсіз түрде орталық банктер ролін атқара бастады. Мұндай салдардың біріне несиелік экспанциялау жатты. Мысалы, Украина Ұлттық банкі 1992 ж. маусымда несие беру көмегімен кәсіпорындардың міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды өткізді. Бұл мысалды ТМД елдердің көптеген орталық банктері қайталады. Ресей қолма-қол рубльді шығаруда монокомитетке айналғанымен де кейбір КСРО ның бұрынғы республикалары өздерінің ішқі тұтыну нарығын басқа республикалардың сатып алушыларынан «қорғау» мақсатында өздерінің валюталарын айналысқа шығаруға тырысты. Мұндай жағдайлар, Украина, Литва, Латвияда және Әзірбайжанда болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz