Мұхтар Əуезовтың шығармаларының бастауыш сыныпта оқытылуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мұхтар Əуезовтың шығармаларының бастауыш сыныпта оқытылуы
Мамандығы: Ағылшын тілі мұғалімі
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1 М.Әуезов шығармаларын мектепте оқытудың өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Жазушының шығармаларын оқытудың тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 1-4 сыныптардағы жазушының шығармашылығын оқыту жұмыстарын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

2 Жазушы шығармаларын оқыту әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.1 Кешкі дөң басы әңгімесін оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.2 Көксерек әңгімесін шығармашылық ойлау арқылы оқыту ... ... ... ... ... 24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .30

Кіріспе

Халқымыздың бүгінгі тарихында, мәдениеті мен әдебиетінде Мұхтар Әуезовтің алатын орны ерекше, оны бір сөзбен айтып жеткізу қиын. Аса алып тұлға - табиғат пен қоғамның айрықша бір көрінісі. Мұхтар Омарханұлы Әуезов қазақ мәдениеті мен әдебиеті үшін дара да күрделі тұлға. Ол - әлемдік тұлға.
Әлемнің жазушылары мен ғалымдары жоғары баға берген адамзаттың Әуезовінің шығармашылық мұрасын бүгінгі және болашақтағы ұрпаққа таныту - әдебиеттегі маңызды мәселелердің бірі. Себебі әдебиеттегі кесек тұлға Әуезов шығармашылығын мектепте оқыту мәселесі өте күрделі сала болғандықтан, терең білімпаздық пен аса ізденімпаздықты қажет етеді. Әр шығармасын оқыту үшін үлкен дайындық, терең эрудиция, үлкен жүрек пен сезім қажет. М.Әуезов шығармашылығын зерттеуші жазушы-ғалым Т.Жұртбайдың сөзімен айтсақ: Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолының өзі қазақ мәдениетінің рухани тарихындағы құбылыс. Ол сан-салалы және жинақтай зерттеуді қажет етеді, - деп ескертеді [1; 18].
Курстық жұмысының өзектілігі. Адамзаттың ақыл-ойының ғұлама жазушысы Әуезов шығармашылығын қалай оқыту керек, оны жастардың бойына қалай сіңіру керек, осы мәселе әрбір ұстаздың алдына қойғаан мақсаты болар еді. Бастауыш сыныпта жазушының шығармаларын оқыта отыра олардың Отанын, елін, табиғатын, ата-анасын қадірлеуге жол ашамыз. Табиғаттың болмысы мен адамзаттың қалауын жіктеп көрсете аламыз. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуміз. Жазушы шығармаларын балалар санасына тәрбиелілігін жеткізу, оқытудың әдістерін көрсету курсттық жұмысымыздың өзектілігі болып табылады.
Зерттеу нысаны. Мұхтар Әуезовтың өзiнiң балаларға арналған барлық шығармалары арқылы жас өспiрiмдердi көтерiңкi рухта тәрбеилеудi iске асырған және соның тамаша үлгiсiн көрсеткен. Балалар әдебиетiн жасауда заман ақын-жазушылар алдына үлкен талаптар қояды. Сол талаптарды орындаған әрi балаларды тәрбиелеуді басты нысан етіп алған - Мұхтар Әуезов жайлы зерттеу еңбектері мен әдістемелік кітаптар мен журналдар зерттеу жұмысының басты нысаны ретінде алынды. Соның ішінде Р.Нұрғалидің, сонымен қатар әдебиет әдістемелік кітаптарын атап айтқан орынды.
Зерттеу пәні. М.Әуезовтың шығармаларын әдістемемен байланыстырып оқыту
Курс жұмысының мақсаты. М.Әуезов шығармаларын бастауыш сыныпта оқытудың тәрбиелік мағынасын ашу
Зерттеу міндеттері.
- М.Әуезов шығармашылығын оқытуда оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып, олардың іс-әрекет түрлерін мақсатты қалыптастыру, дербес ізденуге баулу;
- Жазушының өлеңдерінің мәніне үңіле отырып, жас ұрпақтың білім алуға деген ынтасы мен іскерлігін, оқу-танымдық қажеттілігін қалыптастыруға жетелеу;
- Жазушының туындыларынан көрінетін адамзаттық-азаматтық тұлғасын ашу;
- Туған халқының тағдырына ортақтасу, мәнін аша отырып, өзіндік тұжырым - пікір жасау дағдыларына үйрену;
- Оқушыларды Отанын, өз халқын, елін, жерін сүюге баулу;
- М.Әуезовтың шығармаларын тәлім көзі, оның дидактикалық үлгідегі шығармаларында екендігін ескеріп, онымен жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың ынтасы, танымдық іс-әретін ұйымдастыру;
- Жаңа буынға Мұхтардың қазақ халқының көркем мәдениетін әлемге танытып, оның ежелгі дәстүрлерін дамытуға елеулі үлес қосқанын жаңаша көзқараспен түсіндіру.
Зерттеу болжамы. Егер мектепте оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын толыққанды оқытса, онда жеке тұлға бойыда адамгершілік-имандылық қасиеттері арта түсер еді, өйткені бүгінгі қоғамға өз-өзіне талап қоя алатын,адамгершілік қасиеттері бойына дарыған,бәсекеге қабілетті тұлға қажет. Жазушы адам бойындағы пәктік пен сұлулықты әділетсіздік пен азғындыққа қарсы қоя, жарыстыра суреттеу арқылы қазақ әдебиетіне классикалық психологиялық прозаның үлгісін әкелді. Осы тұрғыда қарастырылып отырған курстық жұмысы мектеп ұстаздарына көп септігін тигізетініне кәміл сеніміміз мол.
Зерттеудің жетекші идеясы. Бастауыш сыныпта М.Әуезов шығармларын оқыту үрдісінде оқушылар тыңдап түсіну арқылы мәтінді ауызша айту туралы жан-жақты теориялық білім бере отырып, мәтінді талдап түсінудің түрлі әдіс-тәсілдерін қолдану олардың өз ойын дұрыс, жүйелі түрде жеткізуге үйретіп, сөйлеу біліктері пен дағдыларын қалыптастырады.
Зерттеу әдістері. Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге, мемлекеттік құжаттарға, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; әлеуметтік-педагогикалық әдістерді қолдану, оның ішінде оқушылардың тыңдау арқылы сөйлеу дағдылары мен біліктерін бақылау әдістері анықтау, оқыту, бақылау; оқушы әрекетін талдау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Жазушы шығармашылығын оқытудың алдына бірнеше мәселелер де қояды. Ұстаздың әдебиетті оқыту пәлсапасы ой, ойлау, ойланту мәселелерінен тұрады. Әр сабақта оқушыға ой салу, ойланту ұстаздың әдістемесінің биік жемісі. Ол әдебиетті - ғылым, өнер пәні ретінде қарастырады. Байырғы әдістемемен оқытылып келе жатқан әдебиет пәніне жаңа бетбұрыс әкеліп, инновациялық технологиямен оқыту мәселесінқарастырып талдап көрсету мен әдістерін ұсыну оқыту әдістемесіне тың арнаға бұрады.
Зерттеудің теориялық маңызы. Курстық жұмысты зерттеу барысында көптеген ғалымдардың еңбектеріне сүйене келе М. Әуезовтің ағартушылық-педагогикалық көзқарастарының қалыптасуы өзгелерге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерімен белгілі. Адам баласының дүниеге келіп өсіп-өнуіне, сана-сезімінің қалыптасып өркендеуіне ықпалы айрықша әсер ететіндігін көрсеттік.
Зерттеудің практикалық маңызы. М.Әуезовтың шығармаларын бастауыш сыныпта оқыту жұмыстарын жүргізу мен әдіс-тәсілдерін нұсқап көрсету оқушылардың сабаққа деген қызуғушылықтарын, ынталарын арттырады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және бқлімшелерден, сонымен қатар қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 М.Әуезов шығармаларын мектепте оқытудың өзіндік ерекшеліктері
0.1 Жазушының шығармаларын оқытудың тәрбиелік мәні

М.Әуезов шығармашылығы - ХХ ғасырдың әсемдігімен, ғажайып әсерлілігімен сиқырлы, қайталанбас ұлы құбылысына айналды. Әуезов мұраларынан алатын тағылым ұшан-теңіз. Жазушы шығармаларында өз халқының тыныс-тіршілігін, қам-қарекетін, аяулы арманы мен нұрлы үмітін, тарихи болмысы мен бүгінгі бітімін терең ұғынып бере білген суреткер.
Ұзақ жылдарға созылған терең шығармашылық ізденістердің, қажыр-қайратының нәтижесінде күллі әлемге ұлы Абайды танытып қана қойған жоқ, қазақ халқы Абай жолы арқылы өзін де тереңірек түсініп таныды. Абай жолынсыз қазақ әдебиетін, халқымыздың рухани-көркемдік әлемін көзге елестету мүмкін емес деп халық жазушысы Ә.Кекілбаев бағалағандай, тек қазақ халқының ғана емес, көшпелі түркі жұртының өткені туралы ең алғашқы кең ауқымдағы шығарма.
М.Әуезов қазақ әдебиеті ғылымына өлшеусіз үлес қосқан ұлы қаламгер. Оның қаламынан сол уақыттың, қоғамның өзекті мәселелерін көтерген мақалалар, повесть, романнан бастап академик Р.Нұрғали тілімен айтқанда ...қазақ халқының ары, намысы, арманы, мәңгілік ғұмыры көрінетін 2,465 әйгілі Абай жолы эпопеясына дейін туған. Осы туындысымен қазақ өнерін, қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрі мен салтын, көзқарасын, философиясын, дүниетанымын әлемге танытқан. Қазақ әдебиетінің ғана емес, әлемдік әдебиеттің асыл мұрасы, жауһары болып танылды.
М. Әуезов ұлт, болашақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл аударды. Ол үшін ұлттық ойын түрлеріне ерекше көңіл бөліп, оларды ұтымды пайдалана білген. Ондағы мақсат - баланы тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, қиялына қанат бітіріп, ойын ұштау, сол арқылы бала өз бетінше әрекет етіп, оны қиын жерде дұрыс шешім табуға бағыттайды, яғни даярлайды. Бала жанына өнердің дәнін себеді. Оған тіпті фольклорлық дәстүрдің бірі - ойын-сауық саласын жатқызуға болады. Мұнда әлеуметтік терең мән-мағына бар. Онда ұлттық дәстүрдің, тұрмыс-тіршіліктің көрінісі, айнасы бар. Мұндай ұлттық ойындар - бағзы заманнан бері қалыптасқан, тәжірбиеден өткен дүние. Солардың бірнешеуін санамалап кетсек, олардың батырлық пен батылдыққа, мергендік пен ептілікке баулитын жақтарын көрген болар едік. Бала ойынмен өсіп-жетіледі. Ойын үстінде баланың қабілеті артып, ортамен қарым-қатынасқа түседі. "Қадама" деп аталатын ойынды көбінде ар балалар ойнайды. Бұл - көктемгі жер бусанып жатқан кезде жүретін ойын. Ойын тәртібі бірнеше бала ағаштан жарты метрлік қада жасап ұштап, оны ойын бастаушы жерге қадайды. Қалған балалар қадалған қаданы дәлдеп өз қадасын қадауға тиіс. Жерге терең бойлай кірген қаданы екінші баланың қадасы ұшырып түссе, қада - жеңген баланікі. Осылай ойын жалғаса береді. Бұл - баланың қол күшінің мықтылығы, дәл көздеп діттеген жерге тигізуі, сонымен қатар қада жасайтын ағашты таңдай білу. Ағаш қасиетін аңғару жағын жетік білген баланың үлесіне жеңіс тиеді. "Шілдік", "Қашар доп", "Жұмыртқа жұмыртқалау" оны оңтүстік өңірінің балалары "тұқым тумақ" деп те атайды. Ол ойын қазіргі Президентіміз Н.Назарбаев дәстүрге енгізген гольф ойынында ұқсас. Жерден қатарлас бірнеше ойық ұяшық жасап әр балаға өз ұяшығын белгілеп алып, ойын бастаушы допты домалатады. Доп кімнің ұяшығына тоқтап қалса сол ұяшыққа бір тас салынады. Ол бір жұмыртқа салған болып есептелінеді. Осылай ойын жалғаса береді. Түр жағынан, ойнау әдісінен де мазмұнға бай құрылған ұлттық ойынның бірі асық ойыны. Ұлы жазушы М. Әуезов сүйіп ойнаған ойын "Құс бау қағу" көбінесе жеті немесе тоғыз ешкі асығымен ойналады (қойдың асығы кішкентай, қолға сыйымды). Қолға барлық кенейді жинап, көтеріп алып лақтырып, қолдың сыртымен асықты қағып алады, қайта лақтырып жерге түсірмей түгел қағып алу керек. Қаққан кезде асықты төбесінен шүйіліп жерге біреуінде түсірмей түгел алу керек. Қолдағы асықты санап, жерге шашып жіберіп, лақтырылған асық жерге түскенше жердегі кенейді бір-бірлеп жинап алып, түсіп келе жатқан асықты сағып алу шарт. Екінші бір сүйікті ойыны "Әйзік". Ол да - асық ойыны. Алдымен әрқайсысымыз екі-үш кеней тігіп, сақаны иіреміз, кімдікі алшы тұрса, сол бала 20-30 қадам қашықтықтан әлгі кенейді дәлдеп атады. Сақа кенейге тиіп, алшы тұрса, кенейді түгел жинап алады. Сақа бүк түссе - сақа тиген кеней, шік түссе, сол кенейді ғана алады. Ал сақа тәйке түссе, құралақан қалады. Ұлттық ойынның көп тараған түрлері "Ақ сүйек", "Алтыбақан", "Санамақ", "Соқыр теке"т.б. толып жатқан ойын үлгілерін көптеп келтіруге болады. Ойынның түрлерінің ойналу кезеңдерінің өзі табиғаттың мезгілдеріне қарай белгіленеді. Қыс мезгілінде ойналатын ойынға "Шекемтас" жатады. Оның ойналу тәсілі жоғарыда аталған "Құс бау қағуға" ұқсас, бұл тек ұсақ біркелкі таспен ойналады. Тастың саны міндетті түрде бесеу болады.
Ұлттық дәстүрдің барлығы халықтық тәрбиеге жатады. Бала тәрбиесіне өз ана тілі ақыл-ойының дұрыс қалыптасуына, дамуына ұлт тіліндегі оқудың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты. М. Әуезов халықтық тәрбие көздерінің бірі - қобыз, сыбызғы, домбыра сияқты ұлттық аспапта орындалатын ән-күй өнерін қайта түлету деп біледі.
Қобыз біздің ұғымымызда бақсы қолында жүріп, аруақ шақыратын аспап ретінде дәріптеліп келді. Қобыз жайлы әңгіме болса, бақсы соның иесі ретінде айтылды. Өзінің "Біздің елдің салт-сауығы" деген 1948 жылғы №3 санында жарияланған "Жаңа өмір" журналындағы берілген мақаласында "Тегі сауық та - салттың түрі. Салтсыз ел болмағандай, сауықсыз да ел болмайды. Бірақ тарих жаңғырып, өнер-білімі өсе келе, есейіп, мәдениеттен жаңа буын, жаңа қоғам, өзінің сауығын да нәрлі, өнерлі етіп өзгертеді" деп жазады.
М. Әуезов елдің дәстүрлі сауығының өту мақсатының тарихын түсіндіре келіп, оны үш түрге бөліп анықтайды. "Олар -үй тұрмыста жеке адам және үй ішінің қызығынан туатын сауық, екіншісі - қоғамдық сауық, үшіншісі - мемлекеттік сауық-салт түрлері" деп мағлұмат береді де, бала туғанда, екі жас үйленгенде өтетін қуанышты тойларда берілетін көкпар тарту, құнан шабу, балуан күрес, бәйге, қыз қуу сияқты өнер сайыстарын бүгінгі күнгі халыққа білім беру саласында үйретіп, ұлттық өнерді дамытса артық болмайтынын айтады.
Сонымен бірге тіл мәселесі үзбей көтеріп жүрген мәселелердің бірі болды. 1957 жылы жастар алдында сөйлеген сөзі алғаш "Қазақстан мұғалімі" газетінде жарияланды. "Ана тілі әдебиетін сүйіңдер" деп аталатын мақаласында әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен ана тіліндегі әдебиеттің қадір-қасиетін ұғындыра білді.
М. Әуезовтің бай, ауқымды рухани мұралары халықтың өнеріне, тіліне, тәстүріне байланысты халықтың педагогиканың ұлттық тәрбиеге қатысты жақтары сөз болып өтті. Ұрпақ бойына мысқылдап енетін тіл, дәстүр, ұлттық өнер, танымға байланысты дүниелер бала бойына ана сүтімен бірге даритынын ұмытпағанымыз жөн.
М.Әуезовтің әлеуметтік-педагогикалық қызметі мен шығармашылығында ұлттық тәрбиенің негізгі кезеңінің үлгілері мен тәжірбиелері көп сөз болады. Оның басты көзі халықтың педагогикасы мен психологиясында жатыр. Осыған қарап ұлы суреткер Әуезов халық педагогикасын насихаттаушы дей аламыз. Оны психологиялық, педагогикалық мәнде жазылған шығармаларын талдағанда дәлелдей түсеміз.
Қалай болғанда да жастарға дұрыс тәрбие беру үшін олардың дүниетанушылық көзқарасын кеңейту үшін жазушы шығармалары тек өз кезі ғана емес, қазірдің өзінде де мәні зор. Сондықтан да ол талай жылдар талай рет басылып, мектеп оқушыларына ұсынылып келеді. Кітапқа енгізілген әңгімелер: еңбек сүюшілік, оқу, өнерге ұмтылушылық, отанын-елін сүюшілік, талаптылық, жігерлілік, ізденімпаздық, кіші-пейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық, тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуге керекті мәселелерді қамтиды. Бұларға жалқаулықты, қиянатшылдықты, надандықты, сотқар-лықты қарсы қойып, жастардың мұндай әрекеттерден аулақ болуына жол көрсетті. Мысалға бастауыш сынытарға енгізілген өлең, әңгімелердің балалардың жасына, сана-сезіміне лайықталынып, педагогика ғылымының міндетті түрде тәрбиешілерден талап ететін әдіс мәселесінің берік сақталынуы өз алдына, сонымен қатар жоғарғы аталып өткен оқу, еңбек, талап, мейірімділік, тағы басқа тақырыптарға арнаулы, қолға таяқ ұстатқандай әңгімелерді әдейі, саналы түрде таңдап алғандығын да көрмей кетуге болмайды. [3]
Оның шығармаларының тақырыбынан-ақ балаларды оқуға, өнерге, ұқыптылыққа, тазалыққа, мейірімділікке шақырған әңгімелер мен өлеңдер жиі кездеседі. Мәселен, ол Кел, балалар, оқылық деген өлеңінде жастарды білім алуға, өнер үйренуге шақыра келіп, білімді адамның сана-сезімі жоғары, ілтипатты, өнегелі болатынын, адам білім арқылы ғана мақсатыка жететіндігін, әзінің келешектегі жақсы тұрмысын қамтамасыз ете алатындығын, сөйтіп оқыған адамның өмір сүруі де, еңбек етуі де анағұрлым жеңіл және көңілді, сергек болатынын сөз етеді.
Тәрбие мәселесін сөз қылғанда, ерекше тоқтап өтуге керекті мәселенің бірі - Мұхтар еңбектерінде түрлі ел мәдениет майданындағы өзара достық қарым-қатынастарды да бейнелеп отырады. Мұхтар балаларға жақсы адамдарын үлгі етуі - оның жалпы адам баласының достық идеясын аңсағандығын көрсетеді.

1.2 1-4 сыныптардағы жазушының шығармашылығын оқыту жұмыстарын ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі "педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті" деп көрсетілуі, "Қазақстан-2050" стратегиялық бағдарламасында елбасының "біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек" деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында "Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту" өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.
Мектеп - еліміздің халыққа білім беру жүйесінің - күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.
Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.
Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.
Оқушының білім сапасын көтеру негізгі мақсат. Біз соңғы нәтиже сипатын, мектеп түлегінің білімділігі үлгісі арқылы құрдық. Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек. Көздеген мақсатымыздың нәтижесін көреміз, мұғалімнің кәсіби шеберлегін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңа парадигміне өту тәртібі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру.
Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет.
Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында "Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет" деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу - мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.
"Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет".Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.
Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз.
Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Себебі, мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын оятып, олардың қабілеттерінің дамуына жол ашады. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек.
Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі - ұлы еңбек. Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады, -- дейді халық даналығы. Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын.
Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдерқабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі[4,57,].
Шығармашылық ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады -- дей келе, шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.
Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті. ... Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы - қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті. Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері -- әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, қазақ баласының жаратылысы соны тілейді. Сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрлымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының үнемделуі[5].
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі.
Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте көп. Мысалы: тірек сөздер беру арқылы әңгіме құрастыру, өлең құрастыру, мысалдарды, ертегілерді сахналау, шығарма жазу, ертегі мазмұны бойынша сурет салу, т.б. Осы орайда 3 және 4-сыныптарында ана тілі сабағында баланың шығармашылық қабілетін дамытуда пайдаланған жұмыс түрлеріне тоқтала кетсем деймін.
Шығарма арқылы өлең жолын құрастыр. Бұл жұмысты екі тәсіл арқылы ұйымдастыруға болады.
а) жазушы шығармасының тақырыбына сай дайын өлең жолдарын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды тапсыруға болады.
Мысалы, Ана тілі Алматы Атамұра баспасы 2010 жылғы 3-сыныпқа арналған кітапта берілген М.Әуезовтың Кешкі дөң басында Ө.Тұрманжановтың Туған өлкем өлеңінде қайталанып тұрған:
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы - менің туған өлкем деген жолдар бар.
Оқушыларға осы дайын өлең жолдары ұсынылып, оны ары қарай жалғастыру тапсырылады. Тапсырма дұрыс орындалу үшін, ең алдымен, оқушылар құрастыруға тиісті Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда өлеңнің сызбасы түсіріледі:
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы - менің туған өлкем, -- ұсынылған жолдар.
Ұлан-байтақ жерлері бар
Өз өлкемді мақтан етем, -- оқушының аяқтауы, яғни бұл - жоспар, өлең ұйқасқа құрылады және бұл сызба бойынша өлеңнің бірінші, екінші, төртінші жолдары ұйқасуға тиіс.
ә) Дайын ұйқастар ұсынылады. Мысалы, Кеш тақырыбына арнайы төмендегідей ұйқас бойынша өлең құрастыру тапсырылады:
... дөң басы
... ансаған
... тау басы
... тамсанған
Оқушының тапсырманы орындауы:
Ұстаз еңбегі - оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі -- әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Әдебиет пәнінің әр сабағын - адам бойындағы асқақ арман, берік сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. ...Бұл пән жас қауымды мақсатты өмір сүруге үндейді, оны туған анасын сүюден Отанын сүюге, бүкіл адамзатты сүюге дейін жетелейді. Әдебиет пәнінің алдында тұрған осындай қасиетті мақсат ең алдымен сабақ процесінде, оның әр тақырыбында жүзеге асырылуға тиіс. Сондықтан әр сабақты, яғни әр сабаққа бөлінген 40 минутты тиімді етіп ұйымдастыра білу ісі мұғалімнен ерекше творчестволық жұмысты, ойлы да зерделі еңбекті талап етеді, - дейді Қ.Бітібаева. [6; 4-5].
Бұл көмек-нұсқаулар оқушыларды аса көлемді еңбек ішіне батырып жібермей, ең негізгі мәселелерді дөп басып табуға, алдарындағы проблемаларды жеңіл шешуге түрткі жасап отырады. Образдарға талдағанда топтап, жинақтап беру, образдардың негізінде жатқан жазушы проблематикасын ашу мақсатындағы проблемалық сұрақтарды, көмекке келетін дидактикалық материалдарды өте тиімді қолданады. Мәселен, Құнанбайлар әлемін мына проблемалар аясында қарастырған. Оқулықтағы жалпылама түсінікке емес, нақтылыққа назар аударған.
Мысалы реплика-диалог, интервью-сұхбат, монологтық баяндама, жазба жұмыстарының түрлері, әр түрлі салыстыру жұмыстары. Мәтіндегі жұмыстың сан алуандығы, әдеби пікір таластары мен пікірлерін қорғау жұмыстары да ұстаздың терең білімі мен жаңашыл ізденісін танытады. Ұстаз білім мазмұнына байланысты беруге ерекше көңіл бөледі. Қосымша материалдардың, ғылыми еңбектердің тақырыпқа сай ең негізгі деген түйінін үлестірме қағаздарға жүйелей тарата отырып, оны бірнеше топқа ыңғайлап беру, 5-7 минут аралығында оны меңгерту тәсілдерін сәттілік дер едік.
Ұрпақ санасына Әуезов тағлымын сіңіруді мақсат еткен ұстаз М.Әуезов туындыларын мектепте оқыту атты еңбегінде жазушы шығармашылығын оқытудың тиімді жолдарына дамыта оқыту, саралап, даралап оқытудың түрлерін алады.
Көркем мәтінді оқытудың барлық түрін төменгі сыныптан кіргізіп, оқушыны оқырман етіп жетелеу де мектеп мұғалімінің ең басты борышы, - деп Қ.Бітібаева талап қояды [7; 23]. Оны ұстаздың ұсынып отырған бағдарламасы мен оқыту технологиясынан да анық байқаймыз. Мәтінді құр оқытып қана қоймай, мәтінді талдауға оқушыны төменгі сыныптан жетелеу керек екенін ұстаз ескертеді. Мәтінге сұрақ қою, әңгімелесу, пікірлесу, мазмұндату әдістері арқылы жұптық жұмыстар түрлерін береді. Ұстаз сұрақ-тапсырмалар беріп, оқушылардың өз беттерімен оқып, жұмыс істеуін ұйымдастыруы үшін нұсқау-көмек түрін ұсынады. Берілген сұрақ-тапсырмалардың мазмұнына назар салсақ, әр оқушыға терең ой салып, ұжымдық пікірталас туғызады. Мәселен, Иса азамат батыр ма, әлде бейшара, әлсіз қорқақ жан ба? Өздерің Исаның орнында болсаңдар, не істер едіңдер? [8; 40]. Осы сияқты тапсырмалар үлгісі оқушыларды шығарманы талдап, ойын еркін жеткізуіне, көркем сөздің қуатын түсінуіне көп көмегін тигізеді.
Бастауыш сыныпта берілген әңгімелер Кешкі дөң басында, Кеш, әңгімелерінде табиғаттың түрлі құбылысын айшықты белгілермен көрсете білген. Ай мен күн, аспан, желге де жан бітіріп, бірде оларды адамзат тіршілігіне қарсы қоя суреттесе, бірде адамзат баласының табиғат әсерінен ләззат алып, жанына қуат дарытқан тамаша әсерін суреттейді.
Ақ боран көк пен жерді бір-біріне араластырған. Аспандағы ай, жұлдыз, жердегі қара-құрадан ешбір белгі жоқ, айнала аппақ болып тұтасып алған деп табиғаттың долы мінезге басқанын суреттесе Қаракөк тұңғиық аспан күн батысқа тақаған жерінде қызыл торғындай толқындатып, кейбір жерінде қызулы ерттің жалынындай жайнайды деген жайбарақат қалыптағы табиғат суретін береді. Жазушы шығармаларының, оның ішінде 20-жылдардағы шығармаларының барлығында адамның ішкі күйін, толғанысын табиғат құбылыстарымен қатар қоя суреттеу бар.
Әуезов шығармаларындағы табиғат суреті - автордың айтпақ ойына, идеясына жетуге айрықша ықпал ететін көмекші фактор.
Қайғылы етім әңгімесі жазушы шығармаларының 1936 жылғы Ескілік көлеңкесі атты еңбегіне Жетім деген атпен өзгертіліп басылады, жазушының бұдан кейінгі шығармалар жинақтарында да осы атпен басылған. Қайғылы жетім мен Жетім арасындағы айырмашылықтар Әуезов шығармаларының елу томдық толық жинағын әзірлеу барысында анықталып, сараланды.
Жетім әңгімесінде әке мен шешенің жылы алақанынан айрылған Қасымның енді он жасқа келгенде кәрі әжесінен айрылған аянышты халі суреттеледі. Әжесінің дүниеден өтуі кішкентай Қасымды есейтіп жібергендей. Әжесімен қоштасарда: Әжетай, мені кімге тастап кеттің?! Мені неге ала кетпедің, менің қаңғып қалғаным ба? деп зар жылап, жиылған жұрттың сай-сүйегін босатты .
Қасым жетімдіктің зарын енді тартты, сұм дұниеде тек жалғыз өзі ғана қалғандай сезінді. Келмеске кеткен әке-шешесін, әжесін түсінде коріп, олардың мәңгілікке жол тартқанын әзір мойындай қоймай, талай уақыт бойы тосумен, алысқа телмірумен болды. Баланы қолына алған Исаның көрсеткен қорлығы, қысастығы қазақ аулына таңсық емес жай. Жазушы көрсеқызарлық жасап, жетімнің бар малына иелік етуге құмартып, оны ешқашан таусылмайтын мол дәулет санаушылардың надандығын, кұңгірт ойлы пасықтығын жеріне жеткізе жазды. Анаға тән мейірбандық Қадишаның бойында жоқ, тұлдыр жетімге басқадан горі оның мейірбандық танытатын жоні бар еді, алайда, таяз ойлы, алдындағыдан әріні көре алмайтын, шайпау мінезді бейбақтың қатқан жүрегі жібімеді. Бала бойын ашу-ыза кернеп, ішкі арпалысы күшейді, ақыры соры қайнап, ауылдан безіп, тек әке-шеше қабірі басында тыншу көретіндей сезді. Тау ішін жалғыз кезіп келе жатқан балаға ертегі-әңгімелердегі жын-перілер елестеді. Қан жұтып, мұң арқалап келе жатқан Қасымды одан бетер сынай тұскендей, табиғат та сес көрсетіп, күн күркіреп жарқылдай түсті. Бұл ауыр сынға шыдай алмай бейкүнә сәби көз жұмды.
Өз жайымнан мағлұматында: Орыс жазушыларынан анық сүйетінім: Толстой, Достоевский. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту туралы
Ана тілі сабақтарында Абай шығармаларын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың әдіс-тәсілдері
Бастауыш мектеп оқушыларын әдебиеттік оқу сабақтарында Абай шығармалырын оқыту арқылы тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде Абай шығармаларының маңызы
М. Әуезовтің ой-пікірлері қалыптасуының даму жолдары
Абай еңбектерінің негізінде ана тілі оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыруын жетілдіру
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН БЕРУДЕ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АЛАТЫН РОЛІ
Мұхтар Әуезов шығармаларының ерекшелігі мен орта мектепте оқытылу мәселелері
Мұхтар Әуезов және балалар әдебиеті
Мұхтар Әуезов шығармаларын интерактивті әдістер арқылы оқыту әдістемесі
Пәндер