Медеу Сәрсекеевтің шығармаларының бастауыш сыныпта оқытылуы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Медеу Сәрсекеевтің шығармаларының бастауыш сыныпта оқытылуы»

Мамандығы: ағылшын тілі мұғалімі

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім . . . 5

І М. Сәрсекеевтің шығармаларын мектепте оқыту . . . 5

1. 1 Жазушының шығармаларының дидактикалық мәні . . . 5

1. 2 Қаламгердің шығармаларының мектеп мектеп оқулықтарынан орын табуы . . . 9

ІІ Бастауыш сыныпта жазушының шығармашылығын оқыту жұмыстары . . . 19

2. 1 3-сыныпта «Рәсім» әңгімесін оқыту . . . 19

2. 2 4-сыныпта «Ғажайып сәуле» әңгімесін шығармашылық ойлау арқылы оқыту . . . 23

Қорытынды . . . 28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Кіріспе

ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап, қазақ прозасының дамуына елеулі үлес қосқан қаламгерлер шоғырында ерекше орны бар жазушының бірі - Медеу Сәрсекеев. Зерттеу жұмысында көрнекті қаламгердің жазушылық шеберлігі мен көркем туындыларының идеялық-көркемдік ізденістері кеңінен ашылып, оның өзіне ғана тән қолтаңбасы айқындалады. Сонымен бірге, жазушы туындыларына арқау болған қоғам және адам мәселесі, суреткердің болмысына тән стильдік ерекшелік, тақырыптық шеңбер, сюжеттік-композициялық мәселесі кеңінен қарастырылады. Жұмыста М. Сәрсекеев шығармаларындағы өмір шындығы мен көркемдік шешімнің астасуы, кейіпкер бейнесін сомдаудағы өзіндік машық-мәнері сараланады, тәрбиеніл мәні ашылып, оқыту әдістері көрсетіледі.

Курстық жұмысының өзектілігі. Соңғы 50-60 жыл көлемінде қазақ прозасы бір жола шарықтап, әдебиет зерттеушілері мен әдебиеттанушы ғалымдар тарапынан жоғары бағаланып келеді. Осы әдеби даму үрдісіне өзіндік жазу стилімен келген дарынды жазушы М. Сәрсекеев шығармалары - өмірдің өзегінен алынып, айналадағы күнде көріп жүрген құбылыстарды өзіндік шұрайлы да құнарлы тілімен, оңтайлы тәсілдерімен тамаша бере білген шыншыл құндылық болып табылады. Осы тұрғыда, жазушы шығармаларын жүйелі түрде талдау арқылы идеялық-көркемдік ізденістер аясын айқындау, сол арқылы өскелең ұрпаққа тәрбиелік жолын көрсету курстық жұмысының өзектілігін танытады.

Зерттеу нысаны . Қазақ прозасындағы талантты жазушылар қатарынан табылатын Медеу Сәрсекеев шығармалары жайлы. Сонымен қатар жазушының шығармашылығы жайлы деректердің бір қатарын жазушының өзі жинаған баспасөз бетіндегі мақалаларды пайдалана отырып өзіндік шеберлік қырларын пайымдауға тырыстық. Сонымен қатар керекті әдістемелік кітаптары қолданылды.

Зерттеу пәні . М. Сәрсекеевтің шығармаларын әдістемемен байланыстырып оқыту.

Курс жұмысының мақсаты. М. Сәрсекеев шығармаларын бастауыш сыныпта оқытудың тәрбиелік мағынасын ашу.

Зерттеу міндеттері.

  • М. Сәрсекеевтің прозасын талдау барысында жазушының өмірден таңдап алған тақырыбын көркем шығармаға арқау етуіндегі ізденіс сипаты мен көркемдеуші -бейнелеуші құралдарды қолдану шеберлігін пайымдау;
  • Шығарма кейіпкерін қазақи болмыс, ұлттық менталитетке үйлестіре бейнелеудегі көркемдік детальдар мен бейнелеуші әдіс-тәсілдердің қызметін, авторлық дүниетанымы саралау;
  • Жазушының әдеби шығармаға көзқарасы мен танымдық талабы тұрғысынан қарастыра келе, жазушының бүгінгі әдеби процестен алар орнын, қаламгерлік шеберлігін, өзіндік машық мәнерін айқындау. Сондай-ақ, жазушы туындыларының қазақ әдебиетін дамытудағы үлесін бағамдау;
  • Өмір шындығын көркемдік шындыққа айналдырудағы жазушының уақыт талабына, дәуір келбетіне, заман тынысына зерделілікпен үңілудегі дербес қолтаңбасын айқындау;
  • Қаламгер шығармашылығындағы көркемдік әдіс-тәсілдер қыр-сырына талдау жасау. Стильдік даралығы мен сюжеттік-композициялық ерекшеліктерін саралау.

Зерттеу болжамы. Осы орайда, жазушы туындыларының идеялық-көркемдік табиғатын тек қазақ прозасының көркемдік жетісті ғана емес, әдебиет әлеміндегі дара сипатқа ие құбылыс ретіндегі зерттеудің қажеттілігін елеусіз қалдыруға болмайтындығын атап айтқан орынды. М. Сәрсекеевтің шығармаларын бастауыш сыныпта оқыту әдіс-тәсілдерін көрсету мектеп мұғалімдеріне өзіндік септігін тигізері хақ.

Зерттеудің жетекші идеясы. Бастауыш сыныпта М. Сәрсекеев шығармаларын оқыту барысында оқушылардың мәтінді түсінуі, жеткізуі, талдап әдіс-тәсілдерін қолданып өткізу оқушыға дұрыс ойын жеткізу дағдысын қалыптастырып, сабаққа деген қызыушылығын оятады.

Зерттеу әдістері. Негізгі мақсатқа қол жеткізуде шығармашылық тәжірибесінде өзіндік мәнерімен дараланатын М. Сәрсекеевтің қаламгерлік шеберлігін, дүниетанымын, нәр алған бұлақ-бастаулары мен шығармаларының сюжеттік құрылымын, ондағы көркемдік, оқыту әдіс-тәсілдерді қолданылу аясын пайдаланамыз.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Осынау өміршең үрдіс жалпы қазақ өнерінде де, соның аясында сөз өнерінде де өзінің тамырын тереңнен тартып, сабақтастығын үзбей жалғап келе жатқан орнықты дәстүр деуге болады. Бастауыш сыныпта қаламгердің шығармаларын оқытудың әр сатыларын көрсетіп, жаңаша бағыт ұсынуды курстық жұмысымыздың жаңалығына жатқыза аламыз.

Зерттеудің теориялық маңызы. Курстық жұмысты зерттеу барысында көптеген ғалымдардың еңбектеріне сүйене келе М. Сәрсекеевтің шығармашылығын оқыту өскелең ұрпаққа ұлттық тәрбие беріп, елімізбен мақтанып жүретін ұрпақ тәрбиелеуіне әсер ететіндігін айрықша көрсетіп өттік.

Зерттеудің практикалық маңызы. М. Сәрсекеевтің шығармаларын бастауыш сыныпта түрлі әдіс-тәсілдермен ұсыну оқушылар назарын аудартады, ынталандырады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және бөлімшелерден, сонымен қатар қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І М. Сәрсекеевтің шығармаларын мектепте оқыту

1. 1 Жазушының шығармаларының дидактикалық мәні

Көрнекті адамдардың санатында өзіміздің өңірден шыққан жазушы Медеу Сәрсекеевті атамауға болмайды. Жазушыға жүрегін сыздатып, жанын жалаулатып жазған шығармасы қаншалықты ыстық, аяулы болса, шығармашылық еңбек үшін қажетті уақыт та соншалықты қымбат. Шығармашылық тұлға үшін уақыттан асыл нәрсе жоқ. Бірақ оның қадірі мен қасиетін өмірде көргені көп, түйгені мол, дүние танымы бай, эстетикалық тұрғысы биік қаламгер ғана білмек.

Біздің білуімізше қаламгер М. Сәрсекеев те - осындай, шығармашылық тұлға. Әр шығармасының дүниеге келуінің рахаты мен «тәтті азабының» өзі өшпейтін сырға, өлмейтін жырға толы. Мұның бәрі - отбасы мен Отан алдындағы міндеттер ел игілігі үшін төгілген тер, есептеуге көнбейтін, қайта оралып келмейтін, орнын толтыруға болмайтын арайлап атқан таңдар мен қызарып батқан күндер, қаламгер өмірінің келісті тұтас бір дәуірі. Ол еңбек жолы ғана емес, өмір белестері, шығармашылық өмірбаян кезеңдері[1, 56б] .

Оның әдеби мұрасынан қазақ елінің бастан кешкен оқиғалары, алуан түрлі адам тағдырлары мен мінездері көрініс тапты. Шығармашылық сапары екінші дүниежүзілік соғыстың зардабы, қиыншылығы тұстас келіп жазушының көп қырлы туындыларының өзекті тақырыбы болды. Көркем көріністі, кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор.

Ең алдымен осы тақырып төңірегінде - Семей өңірінен шыққан талантты жазушының өмірі мен шығармашылығын халыққа танытуды мақсат тұтсақ, Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі ауыл адамдарының еңбектегі ерлігін болашақ жастарға үлгі етуге тырыстық.

Осы таңдағы қазақ фантастикасы қай орбитаға шықты? Міне, осы сауал төңірегіндегі әңгіме қозғаудың иіні біраздан бері келгенге ұқсайды.

Соңғы жылдары бұл жанрда жас жігіттер жиірек көріне бастады. Демек, дүниеге өзіндік көзқарасы бар, болашаққа деген өзіндік ой-толғамы бар, ертеңгі күнді өзінше барлағысы келетін жас буынның әдебиеттің қасиетті шаңырағының босағасынан аттау сәтінің куәгеріміз. Рас, қазір «тісқаққандар» қатарына қосылып қалған Т. Сұлтанбеков, Ш. Әбдіраманов, А. Машанов, М. Сәрсекеевтер де оқта-текте «шаң беріп» қалады. Бірақ оқырман қауым атын бірі біліп, бірі біле бермейтін жастардың фантастик саласында тегеуріндеп келе жатқанын қуанышпен атап өту парыз[2, 89 б] .

Солардың бірі - Рысбек Баймаханов. «Сүмбіледен келген балалар», «Қара қақпан» повестері, сонымен қатар «Қаратауға қонған жұмбақ кеме, «Кездейсоқ қателік», «Арыстанның аузына тығылған қарақшылар», «Кеңістіктердің кездесуі», «Топырақ-төбеде болған оқиға» әңгімелерінде ол өз кейіпкерлерін космос төңірегіндегі сан қилы құбылыстар, планетадағы шымшытырық уақиғалар арасында көрсетеді. Бұл шығармалардың әр-қайсысын оқысаңыз да, енжар қала алмайсыз. Оның үстіне, фантастиканың талабы - ғылыми-фантастикалық идеялар мен әдеби-көркем нормалардың қос-егіз қатар жүру талабы. Ең қиын міндет - осы. Біздің қуанатынымыз - жас жазушының сол міндет биігінен көрінуге тынымсыз талпынысы

Төрт аяғы тайпалған жорға фантастиканы қазақ әдебиетінен көрдім деп айту қиынырақ болар. Ондай-ондай ішінара шалыс басқан, мүлт еткен жерлер Р. Баймахановтан да табылады. Автордың негізгі кемшіліктерінің бірі - фантастикалық идеяның жазушыдан молынан табылары-ақ. Бірақ ол идеялар шығарманың бүкіл тынысымен үндесіп жатса - құба-құп. Мәселен, «Күн жүйесінен шығу» тарауында («Қарақ қапан» повесінде) көп дүниесінде мектеп оқушыларына мәлім, оның үстіне бүкіл оқиғаға қосымша импульс беріп, әрлендіре қоймайтын оқиғаларды шығармаға күштегендей етіп қосудан бойды аулақ салған жөн . . .

Қазақ қауымына жақсы мәлім, орыс тіліне де аударылып, жұртшылық тезінен өткен деректі хикаяттары туралы: «Өмірлік мұраттарымыз жаңарған соң өткен тарихымызға деген бұрынғы көзқарас түбірімен өзгерді. Күні кеше құнды болған жайттарға сыпыра жаңару жүруде. Кезінде жұртшылыққа ұсынылған, мақтау-мадақ көрген кейбір шығармалар қате түйсікпен марапатталған деген желеумен қайталанатын болды. Алайда сол туындыларды бүгінгі талапқа қабыспайды деп жадымыздан сызып тастауға бола ма? Жоқ ұмытуға болмайтын да жайттар бар, кешегі тарихымызға да тергеу жасағанда жадымызда сақтарлық құндылықтар аз емес . . . »- деген тұжырым айтады сексен жастың өріне таяған кексе жазушы Медеу Сәрсеке.

Баршамызға белгілі әңгіме - қысқа, нұсқа, қиын жанр. Сонысына қарамай бұл көп қырлы шеберлікті қажетсінеді. Медеу Сәрсеке - бұл жанрдың табиғатын барынша жетік білетін сөз зергерлерінің бірі. Қып-қысқа әңгімелері-ақ қаламгер өзінің үлкен концепциялы суреткер екенін таныта алды. Ол әңгіме арқылы туған жерге деген сүйіспеншілікті, қарапайым да еңбекқор ауыл адамын, оның адами қаситтеріндегі ұлылық пен адамгершілік игіліктерді жырлап келеді[3, 53б] .

Медеу Сәрсеке - қазақ әдебиетінде ғылыми-киял жанрының өрістеуіне мол үлес қосқан каламгер. Оның «Көрінбестің көлеңкесі», «Жетінші толқын», «От және атом» атты қиял-ғажайып хикаяттары бар. Қаламгер каламынан туган «Жаңғырык» және «Көмбе» романдарын окырман кауым өте жылы кабылдаған. «Взрыв» деп аталған алғашқы романы Мәскеу мен Алматыда екі мәрте көп таралыммен орыс тілінде жарык көрді.

М. Сәрсеке есімін күллі бұрынғы Одаққа және шетел окырманына танытқан еңбегі - «Сәтбаев» ғүмырнамасы. Ұлы ғалым өмірін ұлыктауға М. Сәрсеке 45 жыл ғұмырын сарп етіп, осы уақытта ұзын саны 10 кітап дүниеге әкелген. Сол кітаптардың ең көлемдісі - «Қазактың Қанышы» мен «Қаныш елі».

Қазір Семей каласының әкімі жанындағы «Ақсакалдар кеңесі» мүшесі болып, қоғамдық істерді сәтті шешуге өз үлесін айтарлықтай косып келеді.

Суреткердің арнасынан аса асқақтамай, бүлкілдеп ағатын мөлдір тұмадай әңгімелерінің табиғатында адами, табиғи тазалық, адамгершілік көрінеді. Жазушы талай қаламгер ат ізін салған белгілі тақырыптың өзінен бұрын байқалмаған бедер тауып, безендіре біледі. Ол бедер белгілі тақырыптың сан қатпарлы астарына мейлінше еркін бойлатуымен, өмір-құбылыстың терең шыңырауларынан шым-шымдап сыр суыртпаған сонылығымен тәнті етеді.

Тек көркем проза тілінде ғана сомдалған қазақтың тарихи тұлғалары бүгінгі таңда тұтас галереяға айналған. Этностың қордаланған тарихы бар мәдени - рухани жады дейтініміз осы. Міне, қазақтың осындай текті дәстүрінің соңғы кезде өрісін ұзартқан тегеурінді туындыларының бірі жазушы Медеу Сәрсекеев.

Автор Қаныш Сәтбаевтың ізімен жүруғе, ол болған орындарды көзімен көруге айрықша мән бергені байқалады. Әсіресе, Қ. Сәтбаевтың көзін көргендермен сырласып, үлы түлғаның өмір майданындағы болмысын тану үшін, дәлірек айтқанда, үлы түлға бейнесін сомдау үшін үрымтал пайдалана білген. Бүл ретте, тарихи деректер, айғақтар, естеліктер, архив материалдары авторлық баяндауды жандандырып, бас қаһарманның өсіп - жетілу жолдарын, ғылыми - кәсіби шыңдалу кезеңдерін барша ақиқатымен аша түсуіне себепші болып отырады. М. Сәрсекеевтің алғаш Қанаң туралы қалам тартуы мен соңғы роман - эссесінің арасында аттай отыз алты жыл өтіпті. Осы уақыт ішінде Қанаң жайында үлкенді - кішілі жеті кітап жариялап, бүл кітаптары әлемнің жүз он екі еліне тарапты. Ұлы тұлғаны ұлықтауға қатысты еткен еңбек, тер төккен осындай - ақ болса игі.

Сөз соңында, М. Сәрсекеев роман - эссесінің идеологияшыл қыспаққа ұшырамай, жал - құйрығы күзелмей, авторлық ой - тұжырымдар түншықтырылмай, толық нұсқасында жарық көруі және көз қуанып, көңіл сүйсінетіндей болып басылуы, ең алдымен тәуелсіздігіміздің шапағаты екеніне шек жоқ. Сонымен бірге, «Атамұра» баспасының да елдік іске шынайы жанашырлықпен, кәсіби біліктілікпен, шығармашылық жауапкершілікпен қарап, кітапты биік талғам деңгейінде басып шығарғанын атап өткен жөн. Фантастика. Аса қиын да, өте күрделі тақырып. Жалғыз ауыз сөздің аясы мейлінше кең. Бұл ұғымның қазақ сана­сындағы түйсік-түсінігі кенеусіз ауқымды, мақсат-мұраты шыңырау тұңғиық. Термин төркіні саналатын гректерде бұл атау - көзге елестету өнері дегенді түсіндірген. Осы тұрғыдан пайымдап, зерделер болсақ, қазақ халқының да ежелден арманшыл, ойшыл, қиялшыл екеніне көз жеткіземіз. Айғақ деректі аласұрып іздемей-ақ қояйық. Тілге тиек ретінде баба­лары­мыздың асыл мұрасы - қиял-ғажайып ертегілерін айтсақ та жетіп жатыр. Халық қиялынан туған хайуанаттар жайлы қиял-ғажайып, тұрмыс-салт ертегілерінде фантастика жанрының негізгі элементтері кездеседі. Бұған ең алдымен «Ер Төстік», «Қырық өтірік», «Керқұла атты Кендебай» тәрізді жауһар жәдігерлерімізді атар едік. Фантастиканың ғылыми жағынан дамып, қалыптасқанға дейін мифологиялық және діни шығармаларда орын алғанын көрсетеді[4, 78б] .

Дүниедегі ең шапшаң, ең ұшқыр құбылыс - қиял. Ал адамзаттың бүгінгі таң­дағы зор жетістіктері мен игілікті істерінің дені адам қиялының жемісі саналса керек. Қазіргі әдебиеттегі фантастика жанрына берілген тұжырымдама біраз жайдан хабар жеткізгендей. «Фантастика - әдебиеттің өмір шындығын қиял тұрғысында әсірелеп бейнелейтін түрі». Демек, ғылымның дамуымен байланысты жұрт қиялынан туған көркем туындылар да дүниеге келе бастайды. Он сегіз мың ғаламның жұмбағы мен құпиясына жіті үңілген сайын адам қиялына да қанат біте түскені баршаға мәшһүр.

Жалпы ғылыми-фантастикалық әде­биет ағылшын философы Ф. Бэконның «Жаңа Атлантида» кітабынан басталады. ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда планетааралық сапар туралы, кейінірек келешек жайында ғылыми-фантастикалық шығармалар жазылғаны мәлім.

Қазақ ғылыми-фантастикасының көк­жиегін кеңейтуге өзіндік үлес қосқан Төкеңнің «Көгілдір мұнаралар», «Жоғалған планета» туындысы да кезінде жұрт назарын аударып, талғампаз оқырман ықыласына бөленген-ді. Қаламгердің тәржіма саласындағы еңбегі де елеулі. Ол қазақ ақындарының өнернамасын орыс оқырмандарына танытуда маңдай терін біршама бұршақтатқанын естіп-білдік. Талантты аудармашы Кенен Әзірбаев, Нұрхан Ахметбеков, Қадыр Мырзалиев, Дүйсенбек Қанатбаев т. б. ақындардың көптеген өлең-дастандарын орыс тілінде сөйлеткен. Ол аударған венгр жазу­шысы Крянгенің «Өжет әтеш» пен М. Светловтың «Мальчик-Кибальчиш» спек­такльдері республикалық балалар қуыршақ театрының сахнасынан түскен жоқ.

Әңгіме арасында жазушының жары Қарлығаш апай оның баспа жүзін көрген туындыларының басын қосып, қазақ-орыс тіліндегі толық бір томдығын әзірлеп жатқанын айтқан-ды. Қаржының тапшылығы қол байлауда. Әйткенмен де Жазушылар одағынан үміт күтетінін жеткізген. Несі бар, орындалмайтын қиялдағы арман емес қой. Біздің де келешектен күтеріміз көп. Дүниеден озғанына жиырма жыл болған қаламгердің осы мерзім ішінде бірде-бір кітабы қайталап басылмапты

Қазақ әдебиетінің үлкен жанашыры, белгілі қазақстандық орыс жазушысы әрі аудармашы Алексей Брагин «Қазақтан шыққан дарынды шебер аудармашы екеу болса, сөз жоқ, оның бірі - өзіміздің Төлеу Шаханов еді», ал фантастиканың жілігін шағып, майын ішкен Абдул-Хамит Мархабаев «Ол - қиял тұлпарының жалынан ұстаған қаламгер» деп биік бағалаған жазушы есімі әрдайым өз оқырмандарының жүрегінде.

Демек, қандай бір туындыдан да жазушының не айтқысы келгенін, оны не себепті көтергенін және қаншалықты айта алғанын, сондай-ақ, айтпақ ой-идеясын қалай жеткізгенін көреміз. Жазушылар шығармаларында тақырып ортақ, меңзер идея ұқсастығы кездесе береді. Ең бастысы - алған тақырыпты игере білуде, идеяны шеберлікпен жеткізе білуде. Шығарманың жақсы-жамандығының, шынайлылығының негізгі өлшемдері де - осы айтылғандар. Шығарманың өзіндік бет-бедері, салмағы мен құны да содан аңғарылады.

Көркемдік-шеберліктен туады десек, суреткер шеберлігі ең алдымен өмір шындығын жіті көріп, түсінуден, сан-алуан адамдардың мінез-құлқы мен қимыл-әрекетін, психилогиялық ерекшелітерін танып білу қабілетінен көрініс табатыны белгілі. Осы тұрғыдан келгенде, М. Сәрсекеев қаламгер үшін нағыз шеберлік мектебі болып саналатын әңгіме мектебінде әбден шындалған, өз тақырыбы, өз қолтаңбасы бар дара суреткер[5, 63б] .

1. 2 Қаламгердің шығармаларының мектеп мектеп оқулықтарынан орын табуы

Балалар әдебиетінде 1957 жылдан бері қарай ғылыми-фантастикалық тақырыптағы шығармалар пайда бола бастады. М. Сәрсекеевтің “Ғажайып сәуле”(1959), “Жетінші толқын”(1964) повестерін атауға болады. М. Сәрсекеевтің аталған шығармалары техника тетіктерінің әр алуан жүйесінен мағлұмат береді.

«Балдырған» журналының шығуы бастауыш мектептің I-II класс оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шығармалардың көптеп басылуына игі әсерін тигізді. Журнал бетінен балалар әдебиеті тақырыбына жазатын жас авторлар көріне бастады. Егер бұл журналдың алғашқы номері он мың данамен ғана шыққан болса, қазір оның бірнеше жүз мың оқушысы бар. Бұл журнал ата-аналар мен балалар бақшаларын-дағы тәрбиешілерге де өте қажет құралға айналды. «Қазақтың бөбектер әдебиетін өркендетуде «Балдырған» журналынын атқарған айтулы еңбегін мақтанышпен атауға болады. Қазір 1-4 кластардағы «Ана тілі» кітабын ашсаңдар, «Балдырғанда» басылған талай-талай тамаша өлендер мен әңгімелердің окулыққа тұрақты кіргенін көресіндер. Мұндай бақыт кез келген шығармаға бұйыра бермейді»-деген академик жазушы Сәбит Мұқанов.

«Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерін одан ары өкрендету, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оларға медицналық қызмет көрсетуді жақсарту шаралары туралы» деген КПСС Орталык Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінін, 1959 жылғы 21 майдағы қаулысынын балалар әдебиетін өркендете беруде ерекше маңызы болды. КПСС Орталық Комитеті мен Министрлер Кеңесінің бұл жылдар ішінде балалар әдебиетін өркендету жайында алған қаулы-қарарларында, балаларға дұрыс тәрбие берудің, оларға үнемі қамқорлық жасаудың, біздің елімізде Бүкілхалықтық іс болып саналатыны айтылған. Көп жанрлы кеңес балалар әдебиетінің тақырып молдығы, идеялық мазмұнының байлығы және конфликт проблемасын ашу ісі ерекше айтылған. Балалар әдебиетінде кеңес шындығын типтік образдар арқылы көрсету міндеттері қойылған. Міне, бұл -коммунизмнің болашақ құрылысшыларын тәрбиелеуде жасалған нағыз әкелік қамқорлық[6, 45б] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕДЕУ СӘРСЕКЕЕВТІҢ ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫШЫ РОМАН - ЭССЕСІН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ
Семей бөлімшесінің мүшесі ретінде Орынборда Қазақстанды зерттеу жөніндегі қоғамда жауапты қызметкер атқарған алғашқы қазақ әйелі
М. Әуезовтің ой-пікірлері қалыптасуының даму жолдары
Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік, философиялық мәні. Лирикалық проза. Мемуарлық шығармалар
Мұхтар Əуезовтың шығармаларының бастауыш сыныпта оқытылуы
Араб-парсы деректерін орта мектепте тарих пәніне оқыту барысында пайдалану әдіс-тәсілдері
Абай еңбектерінің негізінде ана тілі оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыруын жетілдіру
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН БЕРУДЕ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АЛАТЫН РОЛІ
Фараби шығармаларындағы есептердің бастауыш сыныптағы тәрбиелік мәнін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz