Музыка сабағында оқушының шығармашылық белсенділіктерін үйірмелер арқылы дамытудың түрі мен әдіс-тәсілдері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Музыка сабағында оқушының шығармашылық белсенділіктерін үйірмелер арқылы дамытудың түрі мен әдіс-тәсілдері
Мамандығы: Музыка мұғалімі
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1. Балалардың музыкалық қабілеттерін қалыптастырудың жағдайлары ... ... ..6
1.1 Музыканы оқытудың әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2 Музыканы оқытудағы перспективтік, сабақтастық және пәнаралық байланыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

2 Өскелең ұрпақты үйірме жұмыстары арқылы өнерге баулу ... ... ... ... ... ... 18
2.1 Мектептегі сыныптан тыс үйірмелерді ұйымдастыруда музыкант-педагогтың ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2 Балаларды музыкалық аспаптарда ойнауға үйретудің, негізгі әдістері ... .22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Кіріспе
Қазіргі таңда жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру ісі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Тәлім-тәрбиенің негізгі бөлігі болып табылатын эстетикалық тәрбиенің балалардың әсемдікті түсініп, ұға білуі және олардың дүние танымының қалаптасып дамуы жолында атқарар маңызы зор.
Музыка мектептері мен жалпы білім беретін мектептер, балалбақшалар мекемесіндегі әуесқой оркестрлер мен ансамблдердің жұмысы оқушыларды және мектепке дейінгі жас бүлдіршіндерді әсемдік әлеміне жетелеп, оларға эстетикалық тәлім-тәрбие берудің бірден-бір тиімді тәсілі болып табылады.Сондықтан да бұл жағдай мектеп, балабақшаларда әуесқой оркестрлер мен ансамбльдер үйірмесін батыл түрде ұйымдастырып, оларды оқу процесінде және сыныптан тыс жүргізу барысында кеңінен пайдалану қажеттігін тудырады.Баланың шығармашылық қабілетін қалыптастыру даму бағытыңдағы іс-әрекетке көшу заман талабы.
Курстық жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде балалардың музыкалық қабілетін жан - жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде, себебі осы кезеңде балалардың музыкалық қабілетін дамыту мүмкіндіктері мол. Ғалымдардың пікірінше табиғи жаратылысында музыкалық қабілетінің алғашқы шарттары 50 - 60% байқалған. Баланың музыкалық ерекшеліктері жаратылысынан шығармашылық, ізденімпаздық сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл - ой қабілетін дамыту, оның нақты бағыттарын айқындау ең алдымен оның жас және дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты. Балалардың толыққанды музыкалық тәрбиесін қарапайым музыкалық түсініктерді қалыптастырудан бастау қажет.
Зерттеу нысаны. Музыканы оқыту білім беру мазмұны мен мақсатын дұрыс анықтаумен ғана шектелмейді. Оқыту мақсаттарына қандай амал, жолдармен жету керектігі музыкалық білім беру дидактикасындағы ең маңызды мәселе болып табылады. Себебі білім берудің тиімділігі әрдайым оқыту әдістерін дұрыс таңдауға тікелей байланысты болатындығын көрсетіп кеткен мақалалар мен тәжірибелңк жұмыстард пайдаландық.
Зерттеу пәні. Музыка
Курс жұмысының мақсаты. балаға музыканың құдретті күшін таныту, сүйтіп білімгерлердің санасын еркіне әсіресе олардың сезімі мен ұшқыр қиялына пайдалы әсер ету.

Зерттеу міндеттері.
* Дыбыстаудың дұрыс тәсілін үйрену жолдарын көрсету;
* аспапты пайдалану және сақтау ережесін, ойнау тәсілдерін, нота аттарын және пернедегі,клавиштегі орындарын анықтау;
* әр түрлі музыкалық аспаптардың жоғары және төменгі дыбыстардың орналасуын айтып өту;
оқушылармен жаппай өткзілетін музыкалық тәрбие, үйірме түрінде өткізілетін музыкалық жұмыстарды қарастыру
* мұғалімнің зерттелетін материалды меңгертуге бағытталған, түрлі дидактикалық тапсырмаларды шешу бойынша оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оқыту жұмысының амалы
* білім мазмұнының белгілі бір бөлігін жеткізуге бағытталған және нормативтік жоспарда көрініс тапқан, оқу жұмысының нақты формаларында жүзеге асырылуы мақсатындағы оқыту мен іс-әрекеті үлгісі
* оқу процесінің жетекші міндеттеріне, мақсаттарына сай пәннің мазмұнын меңгертуді ұйымдастыру амалдары
Зерттеу болжамы. Мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетін бейнелейтін оқыту процесінің екі жақты сипаты оқыту әдістерінің де дәл осылай екі жақтылығын анықтайды.
Зерттеудің жетекші идеясы. Әр жас топтарында жас ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі формада өткізіледі.
Зерттеу әдістері. Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге, мемлекеттік құжаттарға, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; әлеуметтік-педагогикалық әдістерді қолдану, оның ішінде оқушылардың тыңдау арқылы сөйлеу дағдылары мен біліктерін бақылау әдістері анықтау, оқыту, бақылау; оқушы әрекетін талдау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Аталған әдісті қолдануда мұғалімге нақты жағдайға сәйкес ең қолайлы, тиімді, қажетті жақтарын таңдай білу міндеті жүктеледі. Педагогикалық бақылау және баға беру тәсілдері музыка сабақтарында оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін есепке алуды қолданылатын әдіс. Олар оқушылардың музыкалық даму барысында түзетулер енгізуде қосымша роль атқарады. Бақылау мен тексеру оқу процесінің өзінше жеке элементі болып шет қалмауы, керісінше білімділік, дамытушылық, тәрбиелік, талпындыру функцияларын атқарып отыруы тиіс.
Зерттеудің теориялық маңызы. Педагог-музыкант өз сабағында білім берумен шектелетін білікті маман ғана емес, музыкалық тағлымдық жұмыстарды жүргізуші, мерекелік кештерді, концерттерді, түрлі үйірмелерді, сабақ пен сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды байланыстырушы бола білуі қажет.
Зерттеудің практикалық маңызы. Оқушылармен жаппай өткізілетін музыкалық тәрбие беру жұмыстары балалардың білімділігіне байланысты. Арнайы дағдыны талап етпесе де, олардың музыканы білуге деген ықыласы болу керек. Бұл салаға лекция-концерт, көпшілікпен бірге театрға бару,музыкалық кештерді ұйымдастыру, жүргізу, карнавалдар, конкурстар, байқаларды өткізу кіреді
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және бөлімшелерден, сонымен қатар қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Балалардың музыкалық қабілеттерін қалыптастырудың жағдайлары
1.1 Музыканы оқытудың әдістері

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде балалардың музыкалық қабілетін жан - жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде, себебі осы кезеңде балалардың музыкалық қабілетін дамыту мүмкіндіктері мол. Ғалымдардың пікірінше табиғи жаратылысында музыкалық қабілетінің алғашқы шарттары 50 - 60% байқалған. Баланың музыкалық ерекшеліктері жаратылысынан шығармашылық, ізденімпаздық сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл - ой қабілетін дамыту, оның нақты бағыттарын айқындау ең алдымен оның жас және дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты. Балалардың толыққанды музыкалық тәрбиесін қарапайым музыкалық түсініктерді қалыптастырудан бастау қажет.
Баланың музыкалық даму процесі музыкалық қызметтерді ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Сәбилік шақтан бастап музыкалық қызығушылықтарын дамыту - тәрбиешінің міндеті.
1 - 2 жаста бала ересек адамның әнін тыңдай отырып дауыс интонациясына уілдейді, былдырлайды.
2 жаста бала қарама - қарсы сипаттағы әндерге шаттанып қуанады, немесе сабырлы күй танытады. Алақандарын шапалақтап, аяқтарын топылдатады. Кейде әннің жеңіл буындарын әй - әй, топ - топ буындарын қайталайды.
3 - 4 жаста шағын әндерді ересектердің көмегімен орындай алады. Дербес әрекет етуге ұмтыла отырып билеуге, ойнауға талпынады.
5 жас - баланың көп білуге құштар кезеңі. Неге?, неліктен?, деген сұрақтарды көп қояды. Бала жетекшінің қойған талаптарын, ән, пьесалардың көңілді, қуанышты, сабырлы сипаттарын сезіне отырып, пьесадағы қарама - қарсы екі бөлімді, музыкалық аспаптар тембрін, қол ұстасып ән айту, жеңіл би қимылдарын орындай алады[1].
6 жас - балаларды мектепке дайындау кезеңі. Балалар музыкалық шығармаға сипаттама бере отырып, эстетикалық көзқарасын қалыптастырады. Ән, би, ойындарды орындауда шығармашылығы дамып, музыкаға деген ынта - ықыласы айқын көріне бастайды.

Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты - музыка өнері арқылы баланың өмірге деген көзқарасын, Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, өз халқының өнерін, салт - дәстүрін жоғары бағалай білетін парасатты азамат тәрбиелеу.
Білім берудің ең төменгі сатысы - мектепке дейінгі кезең және тұлғаның даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастырудың ең қуатты кезеңі. Бұл сатыдағы баланың есте сақтау қабілеті, қабылдауы төмен болғанымен білуге құштарлығы зор болады.
Даму ортасының негізінде тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі білім беру мекемесі, баланың тұлғасын дамытуда оның жеке ерекшелік мүмкіндіктерін ашып, таным белсенділігін қалыптастыру мақсатында мынадай міндеттерді шешуі шарт.
Баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау;
- Әр балада оның жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашып, олардың өмір сүруге қажетті салаларға орнығуына мүмкіндік көрсету;
- Әр баланы тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуге және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдарды іздестіру;
- Әр баланың тұлғасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз ететін қарым - қатынасты орнату;
- Тұлғаға әсер етудегі белсенді әдістерге бағдар жасау;
- Ойын арқылы оқыту, білім беруді ізгілендіру технологиясында қарапайымдылық, кішіпейілділік, өзара түсінушілік сезімдерін баулиды.
- Оқытудың ақпараттық технологиялары арқылы мультимедиялық құралдарды пайдалану.
Отбасында ата - аналарға педагогикалық білім өте қажет, себебі ата - ана бала тәрбиесінің мақсат, міндеттерін айқын түсінбей бала тәрбиесінің жолдары мен амалдарын ойдағыдай іске асыра алмайды.
Ата - аналармен әңгіме кезінде өсіп келе жатқан сәбидің мүмкіндіктері зор, бірақ олар шексіз емес екендігін олармен бірге өткізілетін тренингтерде ескерту қажет.
Баланың мүмкіндіктерін ескермей дамуды жеделдетуге болмайды, сондай - ақ даму барысында кідірісте болмау қажет. Сондықтан ата - ана ерте сәбилік және мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық дамуының көрсеткішін білуі маңызды[2].
Музыканы оқыту білім беру мазмұны мен мақсатын дұрыс анықтаумен ғана шектелмейді. Оқыту мақсаттарына қандай амал, жолдармен жету керектігі музыкалық білім беру дидактикасындағы ең маңызды мәселе болып табылады. Себебі білім берудің тиімділігі әрдайым оқыту әдістерін дұрыс таңдауға тікелей байланысты болады.
Әдіс термині гректің metodos, яғни ақиқатқа, күтілетін нәтижеге қол жеткізудің жолы, амалы деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық әдебиеттерде әдіс ұғымына берілген көптеген анықтамаларды кездестіруге болады. Жалпы алғанда оқыту әдістері білім берудің мақсаттары мен міндеттерін шешуге бағытталған жолдар және амалдар жиынтығы болып табылады.
Оқыту әдістері келесі үш белгімен сипатталады. Олар: оқыту мақсаты, меңгерту амалы және оқыту субъектілерінің өзара әрекеттесу сипаты. Демек, оқыту әдістері төмендегілерді қамтиды:
- мұғалімнің оқыту жұмысының және оқушылардың оқу жұмыстарының өзара байланысты амалдары;
- олардың оқытудың түрлі мақсаттарына жетудегі жұмыстарының ерекшеліктері.
Мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістері - ақпараттандыру (мұғалім оқу материалын баяндайды, түсіндіреді); оқушыларға практикалық дағды, іскерліктерді үйрету; оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту; мұғалімнің оқушылардың танымдық іс-әрекетіне жетекшілік ету функцияларын орындауы.
Оқыту процесінің мәні және оқыту мақсаттарының көп аспектілігі оқыту әдістері ұғымын түсіндіруде сан түрлі трактовкалардың қалыптасуына ықпалын тигізеді:
- ...білім мазмұнын меңгертуді қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушының өзара байланыстағы бірізді әрекет ету жүйесі (Педагогикалық энциклопедиялық сөздік);
- ...білім мазмұнын меңгертуге тұрақты түрде жүргізілетін, яки мақсатқа қол жеткізетін оқушының танымдық және практикалық іс-әрекетін ұйымдастырудағы мұғалімнің бірізді әрекеті (И.Я. Лернер);
- ...мұғалімнің оқушының танымдық әрекетіне жетекшілік ету амалы (Т.А.Ильина);
- ...мұғалімнің зерттелетін материалды меңгертуге бағытталған, түрлі дидактикалық тапсырмаларды шешу бойынша оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оқыту жұмысының амалы (И.Ф. Харламов);
- ... білім мазмұнының белгілі бір бөлігін жеткізуге бағытталған және нормативтік жоспарда көрініс тапқан, оқу жұмысының нақты формаларында жүзеге асырылуы мақсатындағы оқыту мен іс-әрекеті үлгісі (В.В. Краевский);
- ... оқу процесінің жетекші міндеттеріне, мақсаттарына сай пәннің мазмұнын меңгертуді ұйымдастыру амалдары (Э.Б. Абуллин);
Жоғарыда келтірілген тұжырымдарды салыстырмалы түрде талдау, арқылы оларда мұғалім мен оқушының іс-әрекеті (оқыту процесінің мәні, оның екі жақты сипаты), оқыту процесінің нәтижесі (дамытушылық, білімділік, тәрбиелік) көрініс тапқанына көз жеткіземіз. Осы ретте музыканы оқыту әдістерін оқу процесінің жетекші міндеттері мен мақсаттарына сай музыка пәнінің мазмұнын меңгертуді ұйымдастыру амалдары деген анықтаманы негізге алуға болады. Себебі онда музыкалық білім мазмұны сияқты оқу процесінің негізгі құрылымдық компоненттері көрініс тапқан.
Мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетін бейнелейтін оқыту процесінің екі жақты сипаты оқыту әдістерінің де дәл осылай екі жақтылығын анықтайды. Осыған байланысты мұғалім тарапынан ақпараттық, басқарушылық, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, т.б. және оқушылар тарапынан білімді алу, меңгеру, тыңдау, бақылау, практикалық, лабораториялық жұмыстар орындау сияқты әдістерді атап кетуге болады.
Сөздік әдістер. Бұл әдістің көмегімен ақпараттар жеткізетін құралдар мұғалімнің сөзі және баспа сөздері болып табылады. Оларға әдістер жүйесінде жетекші орын алатындар кіреді: әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру,дискуссия, лекция, кітаппен жұмыс.
Көрнекілік әдістер әр түрлі суреттер, репродукциялар, кестелер, үлгілердің көмегімен табиғи түрде немесе символдық түрде бейнеленген қоршаған ортадағы құбылыстармен қылылығын, өнердің, қоғамдық сананың басқа да түрлерімен ұқсастығы мен айырмашылығын ұғындырады.
Талдап қорыту әдісі музыкалық сабақтарды ұйымдастырудың жетекші әдісі ретінде оқушылардың музыка өнеріне саналы қарым-қатынасын дамытуға, көркемдік ой-өрісін қалыптастыруға бағытталады. Музыкалық талдап қорыту әдісі, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру аиалдарының жиынтығы ретінде, олардың музыка жөніндегі негізгі білімін меңгертуде, жетікші іскерліктерін қалыптастыруда қолданылады. Бұл әдіс бірізділікті әрекеттерден құралады.
Бірінші әрекет оқушылырға тән бағдарламасының тақырыптарымен танысу, тереңдете меңгертуге қажетті музыкалық тәжірибесін белсенділікпен пайдалануға талпындыру мақсатын жүзеге асырады.
Аталған әдісті қолдануда мұғалімге нақты жағдайға сәйкес ең қолайлы, тиімді, қажетті жақтарын таңдай білу міндеті жүктеледі. Педагогикалық бақылау және баға беру тәсілдері музыка сабақтарында оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін есепке алуды қолданылатын әдіс. Олар оқушылардың музыкалық даму барысында түзетулер енгізуде қосымша роль атқарады. Бақылау мен тексеру оқу процесінің өзінше жеке элементі болып шет қалмауы, керісінше білімділік, дамытушылық, тәрбиелік, талпындыру функцияларын атқарып отыруы тиіс.
Музыкалық білім беру жетістіктеріне қол жеткізу оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдап алуға байланысты. Ол үшін келесі өлшемдерді негізге алуға болады:
- оқу материалының мазмұны мен жалпы мақсаттары;
- оқу пәнінің ерекшелігі;
- дидактикалық талаптар;
- оқушының жас ерекшелігі;
- оқушылардың музыкалық білім саласындағы теориялық, практикалық даярлық деңгейі;
- оқушылырдың музыкалық тәрбиелік деңгейі;
- оқушылардың жеке дара ерекшеліктері;
- мектептің әлеуметтік ортасы, материалдық-техникалық базасы;
- музыка пәні мұғалімінің кәсіби шеберлік және тәжірибе деңгейі.
Мектептегі оқытуды ұйымдастыру формалары педагогика тарихындаең пікірталасты проблеме болып келді. С.И. Ожеговтың түсіндірме сөздігінде форма - белгілі бір мазмұнымен шарттасатын түр, ұйымдастыру, құру, тип, құрылым, түзіліс деп пайымдалса, философиялық энцоклопедияда бұл термин мазмұнның іштей ұйымдастырылуы - деп тұжырымдалған. Ал, оқытуға келсек, форма - ол оқыту процесінің арнайы түзілімі. Бұл түзілім оқу процесінің мазмұнына, әдістеріне, тәсілдері мен құралдарына, оқушылардың іс-әрекет етуіне сипат алады. Яки оқытудың осындай түзілімі оқу материалын меғгеру барысындағы мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуінде көрініс алады. Олай болса, оқыту формасы деп белгілі бір оқу материалын және іс-әрекет ету амалдарын меңгеруде мұғалім мен оқушының өзара әрекет етуінде жүзеге асырылатын оқыту процесі бөліктерінің түзілімі мен циклдарын айтамыз.
Оқытуды ұйымдастыру формалары дидактика саласындағы түрлі өлшемдерге байланысты былайша жүйеленген:
- оқушылардың саны;
- оқу орны;
- оқыту дәрістерінің ұзақтығы.
Оқушылардың санына байланысты көпшілік, ұжымдық, топтық, микротоптық, жеке оқыту формалары; оқыту орны бойынша мектептегі, мектептен тыс ұзақтығына байланысты классикалық сабақ, қосарлы сабақ, қысқартылған сабақ және бастауыш сыныптарда қолданылатын қоңыраусыз еркін созылатын сабақтар болып бөлінеді.
Педагогика ғылымы мен практикасында уақыт талаптарына сәйкес сабақты өткізудің түрлі жолдары қарастырылып, оны жетілдіруде қыруар ізденістер жүзеге асырылды. Сабақта ұйымдастыруда оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру, ақыл-ойын дамыту, шығармашылықты өздік ізденіске баулу және т.б. проблемалар бойынша толассыз ғылыми ізденістер жүргізілді.
Өнер пәні ретінде ән-күй сабақтарын ұйымдастыру проблемалары жөнінде О.А. Апраксина өз еңбектерінде тұжырымды пайымдаулар жасады. Оның пікірінше, музыка мектеп пәні ретінде өзге сабақтармен ортақ ұқсастығы бар болуымен қатар, оған мынадай ерекшеліктер де тән:
1) Өзге пәндер сияқты музыка сабақтарының құрылымы психологиялық-педагогикалық заңдылықтарға сүйенеді;
2) Өзге пәндерді оқыту сияқты музыка сабақтары жалпы дидактикалық принциптерді ұстанады;
3) Музыка пәнін оқыту өзге пәндермен және ұйымдастыру формаларымен байланысты болады;
4) Ұйымдастыру формаларының әртүрлілігіне қарамастын, музыка сабағы бір тұтастықта болуы тиіс;
5) Өзге пәндермен ортақтастығы - онда негізгі оқыту әдістері де қолданылатындығында.
О.А. Апраксина музыка сабақтарының басқа да ерекшеліктерін ашып көрсетті:
- Бірінші ерекшелігі - музыка сабағы өнер сабағы. Себебі музыка өнері оқушының сезімі мен эмоциялық сферасын қамтитын болмысты бейнелейтін ерекше формасы. Музыкаға оқытуда танымдық процестің өзі тек ой-сананың әрекеті ғана емес, эмоция мен ойдың, сана мен сезімнің бірлігінде жүзеге асырылады;
- Екінші ерекшелігі - музыка адамның психикасына, моторикасына және физиологиялық процестерге кешенді түрде ықпал етеді. Яки адамды түрлі психикалық кейіпке түсіреді, оның бойында түрлі психикалық процестер мен физиологиялық процестер жүріп жатады;
- Үшінші ерекшелігі - міндетті түрде саналылық пен эмоционалдық бірлестік болуына байланысты, сабақтың әр элементі балалардың белсенді қызығушылықты қарым-қатынасын тудырады;
- Төртінші ерекшелігі - музыка сабағында эмоционалдық пен саналылықтың бірлігі ғана емес, көркемдік пен техникалық бірлік те орын алады. Сондықтан тыңдауға, ән салуға арналған репертуар мен қатар жаттығулар да көркем болуы тиіс. Тіпті унисонда орындалған бір дыбыстың өзі де әдемі, әрі көркем орындауды талап етеді. Ондай көркемдік орындаушылық техникасын меңгеруге тікелей тәуелді болады. Сондықтан оқу материалдары ретіндегі музыкалық шығармалардың мәнері образдылығы, көркемдік пен техникалықтың бірлігінде жүзеге асырылуы тиіс.
Сонымен, музыка сабақтары мектептегі өзге пәндермен ортақ белгілерін сақтай отырып, өзіндік ерекшеліктерін де сақтауы тиіс. Ондай ерекшелік, біріншіден, оқу материалы; екіншіден, оқушының танымдық, сондай-ақ оқушының жалпы жалпы және арнайы қабілеттерінің дамуы; үшіншіден, оқыту әдістері; төртіншіден, қолданылатын техникалық құралдар; бесіншіден, музыка пәні мұғалімінің тұлғалық, кәсіптік мүмкіндіктері арқылы көрініс табады[3].
О.А. Апраксина өнер пәні ретінде музыка пәнінің өзіне тән ерекшеліктерін және оқыту заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын білім беру, тәрбиелік, ұйымдастыру талаптарын былай қарастырады:
- музыка сабағының білім беру міндеттерінің нақты айқын болуы;
- музыка сабағының мазмұны оқу бағдарламасына, сабақтың мақсатына, оқушының даярлық деңгейлеріне сәйкес анықталуы;
- музыка оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдау;
- педагогикалық байланыстардың болуы;
- музыкалық білім беру педагогикасының ғылыми жетістіктерін пайдалану;
- жеке тұлғаның барлық сферасын дамыту;
- жалпыпедагогикалық іскерліктердің дамуы;
- музыкалық білім, іскерлік, дағдыларын меңгерту;
- музыкалық тәрбие міндеттерінің нақты қалыптасуы;
- музыкалық дүниетанымын дамыту;
- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру;
- музыканы оқытудың психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
- педагогикалық әдеп, оқушылардың адамгершілік сапа-қасиеттерін дамыту;
- музыка сабақтарын нақты жоспарлау;
- музыка сабақтарының белгіленген құрылымын сақтау;
- музыка оқытудың түрлі құралдарын қолдану;

Музыкалық білім беру педагогикасында музыка сабақтарын өзінің дидактикалық мақсаты, мазмұны және оқыту әдістемесіне қарай түрліше жүйелеу ұсынылған. Соңғы жылдары педагогикалық технология идеясының жандануы, білім беру саласына ғылыми-техникалық жетістіктердің ендірілуіне байланысты сабақ беруді жетілдіру, оны ұйымдастырудың тың жолдары іздестірілуде.
Музыкалық білім беру педагогикасының жанры - дегеніміз музыкалық-педагогикалық туынды ретіндегі сабақтың өзіне тән образын, эмоционалдық сферасын, музыкалық-педагогикалық құрылымдарын бейнелейтін мазмұны мен ұйымдастырылуының жиынтықты сипаттамасы. Сөйтіп, сабақтың музыкалық-педагогикалық поэма құрылымдарына сәйкес, ода, аңыз, фреска, вернисаж сияқты түрлі жанрларды тиімді пайдалана білуге болады. Сонымен бірге рондо, вариация, реприза сияқты музыкалық формалардың құрылымы музыка сабақтарының құрылымына сай келеді.
Музыка сабағы - музыкалық білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Оның мақсаттары мен міндеттері, мазмұны, әдіс-тәсілдері музыка сабағының типтері мен құрылымын анықтауға арқау болады. Басқа да оқу пәндері сияқты музыка сабақтары мұғалімнің жоғары музыкалық-педагогикалық даярлығын, оқушылардық педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін білуді, музыка сабақтарын ұйымдастырудың бұған дейін белгілі болған амал-жолдарын біліп қана қоймай, оның жаңа жолдарын іздестіруді, сөйтіп музыка сабақтарын оқыту тәжірибесін үнемі байытып отыруын талап етеді.
Музыка пәні мұғалімінің сабақтарды өткізуге даярлығы басты екі кезеңнен оқу пәнін жүргізудегі жалпы және әрбір жеке сабақты өткізуге даярлығынан құралады. Жалпы даярлық барысында мұғалім оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, қарым-қатынасын, бейімділіктерін және музыкалық даму деңгейлерін зерттейді. Музыка пәні мұғалімінің әрбір жеке сабаққа даярлығы да едәуір ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Бұл жұмыстың алғашқы кезеңінде оқу материалының мазмұны ойластырылады. Әрине, мұғалім тек бағдарламада қарастырылған оқу материалымен шектелмей, оқулықтарда, көмекші құралдарда берілген дидактикалық материалдарды мейілінше терең меңгеруі тиіс.
Музыка сабақтарын жүргізу үшін типтік бағдарлама негізінде құрылған күнтізбелік-тақырыптық жоспарда бірізділікпен жоспарланған тақырыптардаң білімділік, тәрбиелік мақсаттары, қысқаша мазмұны, сабақтың түрі, әдістері, қолданылатын көрнекіліктері, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары, білім жетістіктерін бақылау және тексеру формасы, әр тақырыптың өтетін мерзімі көрініс табады.

Музыка пәні мұғалімі сабақты жоспарламас бұрын, ең алдымен оқушылар белгілі бір тақырыпты зерделеу барысында, яки есте сақтау, білу оқу дағдылары және алған білімдерін түрлі ситуацияларды қолдану сияқты нәтижелерге қол жеткізуі керектігін нақтылап белгілеп алғаны жөн.
Жеке сабақтарды ұйымдастыру күнтізбелік-тақырыптық жоспардың негізінде жүзеге асырылады. Әсіресе, қызметін жаңа бастаған оқытушылар сабақтың мазмұнын, оқыту әдіс-тәсілдері нақтылы белгіленген конспект дайындаған дұрыс.
Оқытудың нәтижелерін бақылау мен тексеру оқыту процесінің міндетті компоненттерінің бірінен саналады. Оның мәні пән бойынша оқушылардың меңгерген білім деңгейлерінің білім стандартына сәйкес құрылған бағдарламалық талаптарға сай болуын анықтау болып табылады. Кеінгі кезде оқыту процесінде осы жұмысты тиімділікпен жүзеге асыруда педагогикалық диагностика жиі қолданылып жүр:
1) алдын-ала тексеріс, мұғалімнің сабақты өткізуге дайындаған жоспары, материалдары қаралады және түсіндірудің, бекітудің, оқушылардың өздік жұмыстарының тәсілдері, әдісі, формалары жөнінде әңгімелесу жүргізіледі;
2) ағымдағы тексеріс, сабақтардың жүргізілу барысы тікелей бақыланады, оқушылардың білімі, дағдыларының деңгейі, оқушылардың шығармашылық тапсырыстарды орындау сапасы тексеріледі. Бұндай тексерудің барысында оқушылардың ұжымдық топпен бірге және жеке орындайтын музыкалық іс-әрекеттері есепке алынады;
3) қорытынды тексеріс, жарты жылдықта немесе оқу жылының аяғында оқушыларға білім мен тәрбие беру жұмыстарының нәтижелері сарапталады. Оларды сабақ-концерт түрінде де өткізуге болады. Себебі музыка сабағында музыкалық іс-әрекеттер негізінен ұжымдық түрде жүзеге асырылатындақтан, тексеруді де ұжымдық формада ұйымдастыру мүмкіндіктері бар[4].
Дидактикалық тесттер оқыту нәтижелерін тексеру мен баға беруде кейінгі жылдары көптен қолданылуда. Оларды жалпылама төрт типке бөліп қарастырымыз:
- есте сақтауға және еске түсіруге тиісті мағлұматтар, фактілер, ұғымдар, заңдар, теория туралы білімдерді тексеру;
- зерделенген материалдарға өз бетімен сыни тұрғыдан баға беру іскерліктерін тексеру;
- алынған мағлұматтар негізінде білімдерін жаңа нақты ситуацияларды пайдалана білу іскерліктерін тексеру.
Оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерін тексеру, оқыту процесінің құрамдас бөлігі бола отырып, оқушылардың оқу жұмысын тек қана тексеру емес, тәрбиелік, дамытушылық қызметтер де атқарады.
Тексеру әдістерін таңдау иексерушінің алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне тікелей байланысты. Оқушылардың үлгерімі мен білім сапасын тексеруде, оның жүйелілігі мен тереңдігін қамтамасыз ету үшін, бұдан да басқа қалыпты емес түрлері, айталық, өздік баға беру, өзара баға беру сияқты әдістер қолданылады.

1.2 Музыканы оқытудағы перспективтік, сабақтастық және пәнаралық байланыстар

Мектептегі музыка сабағының жан-жақты жүйелі түрде өтуі үшін музыканың басқа пәндермен тығыз байланысын сапалы түрде өткізу-әрбір музыка пәні мұғалімінің басты міндеті.Қазіргі кездегі оқытудың жаңа кезеңінде,жалпы білім берудің түбегейлі өзгеріп, өз ұлттық өнеріміздің өткені мен бүгінгі дамуын жас ұрпаққа толық беру мүмкіндігіне қол жеткізіп отырған жағдайда музыкалық білім беруді тиімді ұйымдастыру арқылы саналы да, өнерлі, жан-жақты білімді, өз халқының мол мұрасын қастерлеп,жалғастыратын, отанын сүйетін азамат тәрбиелеуде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге болатыны мәлім.Жоғарыда айтылып кеткендей, ол үшін мұғалімнің өзі жан-жақты білімді, ғылымның әр саласынан-психология,педагогика,тіл мен әдебиет, философия, әлеуметтану, медицина, көркемөнер мен бейнелеу т.б. хабардар болуы керек.
Музыка сабағының ықпалы тартымды ,қызықты болып жасөспірімдердің музыка әлеміне,оның терең де сиқырлы түбіне бойлай түсуі үшін көркемсуреттің үлкен әсері бар.Көркемсуреттің негізгі әсері қазақ халқының ұлттық музыкалық өнерінде жар-жар, сыңсу,жоқтау тағы басқа әдеп-ғұрыптарда айтылатын музыкалық жанрлар осы халықтың өмірімен,тарихымен тікелей байланысты.
Қандай музыкалық шығарма болмасын адам тарихымен байланысты десек, бастауыш сыныптарда таныстырылатын музыкалық шығармалардың,әндердің, күйлердің шығуына себепкер өзіндік тарихын оқушыларға түсіндіру кезеңінде музыка сабағын тарих пәнімен тығыз байланыстырамыз.
Жалпыға білім беретін мектептердегі музыка пән тәрбие және оқытудың мақсаты-оқушылардың рухани өмірін байыту , музыкалық мәдениетті қалыптастыру, адамгершшілік қасиеттерін жоғарғы дәрежеге, музыкалық өмірдегі құбылыстарды бақылауға дұрыс бағыт беру болып табылады.мектептегі музыка сабағы тек қана музыка жөнінде мағлұмат беріп қоймай, ең бастысы - біздің өсіп келе жатқан жас ұрпақты жоғарғы идеялық - адамгершілікке және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудағы сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны
Оқушылардың танымдық белсенділігі күрделі процесс
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттырудағы музыка пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі
Сыныптан тыс музыкалық қызмет кіші сынып оқушыларының музыкалық мәдениетін қалыптастыру тәсілі ретінде
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшелігі
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
Бастауыш сынып оқушылары
Мектеп оқушыларының жеке басының азаматтығын қалыптастырудағы қоғамдық еңбек және кәсіптік бағдар берудің жолдары
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдары
Өсімдіктану курсы бойынша үйірме отырысының жұмыс жоспарын құру және өткізу
Пәндер