Мектепке дейінгі ұйымда музыка сабағында қазіргі заманғы музыкалық технологияларды қолдана отырып, балалардың музыкалық қабілетін дамыту жолдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мектепке дейінгі ұйымда музыка сабағында қазіргі заманғы музыкалық технологияларды қолдана отырып, балалардың музыкалық қабілетін дамыту жолдары
Мамандығы музка мұғалімі
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1 Жеке тұлғаны қалыптастырудағы музыкалық мәдениеттің рөлі ... ... ... ... ... 6
1.1 Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2 Музыкалық тәрбие берудің маңызы мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2 Музыка сабағындағы шығармашылық қабілетті дамытуда тәжірибелік жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін анықтау ... ... ... ...21
2.2 Заманауи музыкалық технологиялармен оқушылардың шығармашылығын дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Кіріспе
Халықтың даналық мұрасын сақтаудың негізі халықтық тәрбиеде. Күнделікті өмір мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау, пайдалану үшін балалардың сезім-түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр, терең білімді азамат болуы керек. Осындай ұрпақтың өмірге деген эстетикалық көзқарасы оның қызметінің барлық саласында көрініп түрады. Ата-бабаларымыздың рухани мәдени мұраларының тарихи ескерткіштермен ғана шектелмейтіні мәлім. Аязды, аңызақ желді, қақаған қысы мен аптап ыстығы жеткілікті ұлан-ғайыр кеңістіктегі шаруашылық ұйымдастыру мен күнкөріске байланысты қалыптасқан қазақтың қол өнері, әуез аспаптары, тіпті қырыққа тарта жанрлары мен қосалқылары бар өте бай ауыз әдебиеті белгілі бір мазмұнға құрылатын күйлері, ақындық шешендік өнері, халық әуендері мен билері, ұлттық әдет-ғұрып, ізгілік, имандылық дәстүрлері қазақ ұлтының ақжанын сезілтіп оятатын құбылыстар. Музыка пәні арқылы тәрбие беру тек қана жекеленген нысандарды елестете ұғыну ғана емес, ол мәдениетті сезіну мен түсінудің негізі. Бұл өмірге деген эстетикалық қатынасқа тығысатын барлық үйреншікті заттарға, дағдылы әлемге жаңа қатынас орнатады.
Курстық жұмысының өзектілігі. Бүгінде еліміздің балабақшаларында тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің арасынан болашақ небір майталман өнерпаздар, әншілер, жазушылар, ақындар қайраткерлер бір сөзбен айтқанда талай-талай мамандьщ иелері шығуы әбден ықтимал. Бұлақ көрсең - көзің аш - демекші солардың бойындағы әлі бүршік жармаған небір адами қасиеттерін ерте бастан байқап, жақсы нышандарға қарай баулу ең алдымен ата-ана мен тәрбиешілердің сезімталдығы мен ізденімпаздығына көп байланысты. Осы маңызды міндетті орындау үшін жалпы музыкалык қабілетін дамыту керек. Бірінші мақсат музыкалық шығарманың сипатын сезіну, естігеніне бірге куану не күйіну, музыкалық бейнені түсіне білу. Музыка бөбекті толғандырады, қабылдаушылық қабілетін оятады. Екіншіден баланың тыңдау кабілетін арттыру, неғұрлым жарқын және түсінікті музыкалық құбылыстарды салыстыруға, баға беруге баулу. Мұның өзі ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап, ести білу мәдениетін, кейбір бейнелеу құралдарына ден қойып, еркін тыңдау қабілетін ояту. Мысалы балалар музыкалық дыбыстың ең қарапайым қасиеттерін (скрипка мен домбыраның дыбысын ажырата білу), музыканың ең қарапайым құрылымын (әннің бастамасын, қайырмасын, қарама-қарсы сипаттағы әннің бастамасының биязы жұмсақ орындалатынын, қайырманың жігерлі тез) орындалу айырмашылығын байқайды. Бара-бара балалардың өздері бар ынтасымен тыңдайтын және орындайтын сүйікті шығармаларының коры жи-нақталады, музыкалық талғамдарының алғашкы негіздері қаланады. Үшіншіден бала музыканы тыңдай отырып әнді, ойынды, көркем кейіпкерлерді, биді көз алдына елестете отырып өзінше қабылдайды.
Зерттеу нысаны. Оқытушылардың музыкалық тәрбиесінің тәжірибелік нәтижелілігі жоғары көтерілуінің қажеттілігінің алғы-шарттары олардың білімі мен музыкалық дамуы болып саналады. Жастардың жеке музыкалық дамуын бақылау, олардың өнер жолында ең жақсы дәрежеде өсуін қамтамасыз етуде мүмкіндік туғызады. Бұл мәселелерді көптеген ғалымдарымыз зерттеді. Қазақстандағы музыкалық сын саласында әр кезеңдерде белгілі музыка танушылары - Б.Ерзакович, М.Ахметова, А.Темірбеков, Л.И.Гончаров, З.Қоспақов, Б.Қарақұлов және А.С. Райымбергеновтар. Музыканы қабылдау, әрине күрделі процесс, осыған орай Д. Кабалевский былай деп жазды: Музыкаға деген қызығушылық музыкаға әуестену және оны ұнату, оның ғажайып сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт.
Зерттеу пәні. Музыка
Курс жұмысының мақсаты. Музыкадағы оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі басты мақсат - әрбір жас адамды қоғамның тірегі, рухани бай, мәдениетті, эстетикалық талғамы зор, өз Отанының елжанды азаматы етіп тәрбиелеу, дарындылығын дамыту болып табылады.
Зерттеу міндеттері.
oo Оқушылардың музыка ұлттық қазына арқылы қызығушылығын ояту;
oo шығармашылық қабылдау қабілетін дамытуды жүйелі түрде ұйымдастыру және халықтық мұра-орындаушылықты насихаттау.
oo музыкалық шығарламалардың мазмұны мен үлгісіне қатысты төл ерекшеліктері және қазақ халқының дәстүрлі музыкалық мәдениеті туралы білім қалыптастыру;
oo ән мен күйдің идеялық, эстетикалық мәнін түсіну, олардың сезім тербер дүниелі мазмұнын болжау;
oo оқу барысында (оқытушы мен оқушының қарым-қатынасы) еркін шығармашылық ахуал орнықтыру мақсат тұтылады. Ойдағыдай нәтижеге қол жеткізу үшін музыка мұғалімі ұдайы өзін-өзі шындап, дамытып отыру керек, жаңаша ізденіс үстінде болуы қажет;
oo басқа пәндермен байланыс жасау, шешендік өнерін дамытуға ден қою, тіл ұстарту мәселесіне көңіл бөлу
Зерттеу болжамы. Өнер баланың әлемді тануына, саналылыққа, халықтың мәдени мүрасы байлығынан рухани сусындауына, батылдық сезімдеріне, азаматтық, адамгершілік касиеттерге бір сөзбен айтқанда жан-жақты адам болып қалыптасуына тәрбиелейді. Балабақша бүлдіршіндерінің өнерге деген құштарлығын арттырудың бірден-бір жолы сазды әуен мен сиқырлы күй тыңдатып, әсіресе ұлттық аспаптардан домбыра мен қобыз үнін тыңдатып, олардың музыка сырын түсіне білуіне жол ашу, еліктіру. Күй - қазақтың рухани мәдениетінің аса маңызды саласы.
Зерттеудің жетекші идеясы. Ән айту, бастаған істі қорытындылау балаларды қызықтырып, онымен көбірек шұғылдануға шақырды. Мұның өзі оқушылардың нақты тапсырманы шешуге, ізденуге әкеп тірейді
Зерттеу әдістері. Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге, мемлекеттік құжаттарға, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; әлеуметтік-педагогикалық әдістерді қолдану, оның ішінде оқушылардың тыңдау арқылы сөйлеу дағдылары мен біліктерін бақылау әдістері анықтау, оқыту, бақылау; оқушы әрекетін талдау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Адамның тұлға болып қалыптасуы жолында халық музыкасының әсері ұлан-ғайыр. Музыка өнері тек эстетикалық құрал ғана емес, оның өзге сипаттары да бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Бұл турасында, орта мектеп бағдарламаларында осы тұрғыдан да зер салып, әдістемелік тәсілдеріміздің мазмұнын байыта түсуіміз керек-ақ. Сондықтанда жастардың тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін іздеу керек сияқты.
Зерттеудің теориялық маңызы. Мектепке дейінгі ұйымда баланың шығармашылық қабілеттің дамуының алдын ала жағдайын жасай білу. Керекті жағдайда тиімді дамуға әртүрлі шығармашылық қызметке ынталандыратын ортамен баланы мүмкіндігінше қамту.
Зерттеудің практикалық маңызы. Әрбір оқушының сана- сезімі, мінез-құлқы, мәдениеті, өмірге көзқарасы, музыкалық қабілеті бірдей болып келе бермейді. Олардың өзіндік ерекшелігі- тәрбиесіне, шыққан ортасына да байланысты. Демек, оқытушы өзінің тәрбие жұмысында әрбір оқушыға өз алдына жеке-жеке педагогикалық тәсілдер қолданады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және бөлімшелерден, сонымен қатар қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Жеке тұлғаны қалыптастырудағы музыкалық мәдениеттің рөлі
1.1 Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру

Тәуелсіз елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан ілгерілесу саясатты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-ахуалының артуын жүзеге асырудың аса маңызды құралы қоғамның барлық саласын, соның ішінде өнер саласында мәдениет пен білімді дамытуда аса маңызды рөл атқарды. Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім тұжырымдамасында (1996): "Тәрбиенің түп мақсаты - коғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшуі кезінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, өмірге икемделген, білікті, жанжақты мәдениетті жеке түлғаны тәрбиелеу" - деп өнер мен мәдеиетті дамытуға ерекше мән берілген. Тәуелсіз еліміздің дамуы үшін мәдени - рухани мұраның жетістіктерін келешек үрпаққа қалдырудың үлесі зор. Жоғарғы оқу орнының болашақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка және оны пайдалану жолдары
Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары
Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастыру
БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Көптілді білім - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі
Музыка мұғалімінің музыкалық - педагогикалық шеберлігі
Мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық аспапты қолдану жолдары
Инновациялық технологиялардың түрлерін талдау
Шығармашыл оқытушы музыка сабағында
Музыка сабағында мұғалімнің қолданатын шығармашылық әдістері
Пәндер