Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка және оны пайдалану жолдары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыс

Тақырыбы:« Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка және оны пайдалану жолдары»

Мамандығы: Музыка мұғалімі

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім . . . 6

1 Мектепке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру . . . 6

1. 1 Музыкалық тәрбие әдістері және негізгі бағыттары . . . 6

1. 2 Мектепке дейінгі ұйымдарда музыка сабағында өткізілетін іс-әрекет және жұмыс түрлері . . . 14

2 Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары . . . 21

2. 1Балалар бойындағы шығармашылық қабілет . . . 21

2. 2 Мектепке дейінгі мекемеде АКТ арқылы музыкалық-дидактикалық ойындарды қолданудың жолдары . . . 25

Қорытынды . . . 30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 33

Кіріспе

Әуен адамды шаттыққа бөлеп мұң зарын сейілткен. Музыканың әсер ықпалының күштілігі соншалық, ол адамдардың мінез - құлқымен салт-дәстүрінде өзгерте алады. Сөзіміз дәлелді болу үшін қытайлық тарих танушы, музыка зерттеушісі Сыма Цяньның мына пікірін еске алайық: «Дүниеге келген адам өміршең рухты, жүрек пен сананы еншілеп туады. Ал қайғы мен шаттық, ашу мен қуаныш болса туа бітетін қасиеттер емес, мұның бәрі де сыртқы әсерге деген адам сезімінің өзгеруі ғана, адам бойындағы сезімді қалыптастыратын да сол сыртқы әсерлер». Әуен - рухани қазына. Рухани қазынаның мөлдір бастау бұлағынан нәр ала білген бала адамгершілік пен асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өседі.
«Әнге әуес, күйге құмар бала - жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» М. Әуезов.

«Туғанда дүние есігін ашады өлең» - деп Абай атамыз жырлағандай шыр етіп дүние есігін ашқан нәрестеге өмірінің алғашқы күндерінен бастап - ақ музыка әсер етеді. Ең алғашқы анасының әлдиі, бесікке таянып айтқан ананың бесік жыры бөбектің жанын тынышталдырып тәтті ұйқыға кетуіне әсер етеді. Нәрестенің дүниеге келуімен байланысты ырымдар «Шілдехана», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару» т. б. бәрі де әнсіз, өлеңсіз, жырсыз өтпеген. Бала өмір бойы ән ырғағына бөленіп жүреді. Міне, осындай сыртқы ортаның әсерінен бала бойында әдемілікке, әсемдікке деген сезім күй қалыптасып, эмоциялық әсер нәрестені ерте бастан музыкаға баулуға, эстетикалық тәрбиенің белсенді көмекшісі етуге мүмкіндік туғызады. Ана әлдиін бойына сіңіріп өскен сәби тәй-тәй қадам басқаннан-ақ балабақша есігін ашады.

Курстық жұмысының өзектілігі. Әуен - адам өмірінің серігі, эстетикалық тәрбие негізі болып табылады. Музыкаға деген сүйіспеншілік, баланың музыкаға жетік болу қабілеттері туа бітпейді, ол өсу, даму процесінде қалыптасады. Музыканың адам өміріндегі мәні ерекше. «Ол жоқ жерде, адам тірлігі де жоқ» деп Ю. Фучек өте тауып айтқан. . Сол балаға музыкалық эстетикалық тәрбие бере отырып, жан-жақты жеке тұлғаны дамытудың алғашқы баспалдағы балабақшада жалғасады. Ән айту - музыкалық тәрбиенің аса маңызды құралы және баланы жан-жақты жарасымды жетілдіру міндеттерін шешуде елеулі роль атқарады.

Ән айту бала организміне жайлы тиіп, сөйлеу қабілетін жетілдіруіне, тыныс алуына, дауыс аппаратын шынықтыруына көмектеседі. Сондықан да балабақша өміріндегі ән және оның күнделікті қолданылуын көрсету мен пайдалану жолдарын нұсқау курстық жұмыстың өзектілігіне жатады.

Зерттеу нысаны. Мектепке дейінгі балалық шақ қиялдың дамуы үшін сензетивтік кезең. Бір қарағанда мектепке дейінгі балалардың шығармашылық дамуы негізі. Балалардың қиялы ересектердің қиялынан бай деген ұғым таралғандығы туралы мәліметтерді қарастыру ғалымдардың пікірлеріне жүгіну, солардың ішінде Л. И. Муканованың «Балалардың музыкалық қабілетін арттыру жолдары атты мақаласын басты нысанға алдық.

Зерттеу пәні . Музыка

Курс жұмысының мақсаты. Музыкалық ырғақты қимылдарды жүргізу баланың бойында естуді, есте сақтауды, икемділік пен шапшаңдықты, зейінді, іскерлікті, балалардың дене бітімінің сұлу да, сымбатты болып қалыптасуына негіз болатын дарындылықты ашып көрсете отыра музыканын пайдалану жолдарын көрсету.

Зерттеу міндеттері.

  • Музыка тыңдауда балалар әр түрлі образдағы музыкалық шығармаларды тыңдап, мазмұнын, сипатын, көңіл-күйін ажырата білу
  • Жалпы музыканың күйін сезінуге, көркем образдың дамуын қадағалауға бейімделу жолын анықтау;
  • Музыканы жасаушы композиторлар, авторлар туралы туралы алғашқы мағлұмат алады. Балалар музыкалық аспаптарын ойнау жолдарын ұғыну;
  • Музыкалық аспаптарды танып білуге, аспаптарды ойнау әдіс-тәсілдерін үйренуге, олардың тембрлерінен ажырата білу;
  • Жеңіл әндерді аспаптарда ойнап, ырғақтық бейнесін бере отырып, ойнауды меңгеру.
  • Музыкалық есту түйсігін, шығармашылық қиялын жетілдіру; Ырғақтық сезімін, динамикалық есту қабілетін дамыту.

Зерттеу болжамы . Қиялдың шығармашылық қызметі адамның тәжірибесінің әр түрлілігіне байланысты. Баланың тәжірибесін кеңейту оның шығармашылық қызметінің нақты негіздері деп педагогикалық қорытынды жасауға болады. Бала көп естіп, тыңдап көрсе, меңгерсе, соншалық оның тәжірибесі молаяды, қиялдың қызметі бірдей жағдайларда маңызды және өнімді болады.

Зерттеудің жетекші идеясы. Мектепке дейінгі мекемедегі музыканын орын алуы, бала өміріне әсерін талқыға салу.

Зерттеу әдістері. Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге, мемлекеттік құжаттарға, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; әлеуметтік-педагогикалық әдістерді қолдану, оның ішінде оқушылардың тыңдау арқылы сөйлеу дағдылары мен біліктерін бақылау әдістері анықтау, оқыту, бақылау; оқушы әрекетін талдау;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Шығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Жақсы ән мен сазды музыканың - жан азығы. Әсем ырғақты жан тербетер ән, музыка тыңдаған адамның жүрегі жай тауып ерекше сезімге, қуанышқа бөленеді. Осыларды ескере отыра меткепке дейінгі буынның музыканы меңгеруі мен пайдалану жолдарын ашып көрсету курстық жұмыстың басты жаңалығына жатқызылады.

Зерттеудің теориялық маңызы. Баланың шығармашылық қабілеттің дамуының екінші жағдайы балаға алдын ала дамуға жағдай жасау. Керекті жағдайда тиімді дамуға әртүрлі шығармашылық қызметке ынталандыратын ортамен баланы мүмкіндігінше қамту қажет .

Зерттеудің практикалық маңызы. Қимылды және дидактикалық ойындар баланың музыкалық есту, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Нота сауатының бастапқы элементтерін қызғылықты формада меңгеруге көмектеседі. Осы қызмет түрлерін нақты да, жүйелі жүргізудің нәтижесінде балалардың бойында жалпы музыкалық қабілетін, дамытып қалыптастырады

Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және бөлімшелерден, сонымен қатар қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Мектепке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру

1. 1 Музыкалық тәрбие әдістері және негізгі бағыттары

Өнер түрлерінің әрқайсысы адамға әсер етудің спецификалық құралдарына ие. Музыка болса, бала өмірінің ең басында әсер ету мүмкіндігіне ие. Музыка ең бір бай әрі әсерлі эстетикалық тәрбие құралы, оның аса үлкен эмоциялық әсері бар, адамның сезімін тәрбиелейді, талғамын қалыптастырады.

Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер музыкалық қабілеттерінің дамуы музыка мәдениеті негізінің қалыптасуы екенін айтады- яғни, музыкалық тәрбиені мектепке дейінгі жастан бастау керек. Балалық шақта музыкалық әсердің тақыр-таза болуының кейін орнын толтыру өте киын. Музыка табиғи ырғақты сөзбен пара-пар. Сөйлеу үшін сөздік орта қажеттілігі сияқты, музыканы жақсы көруі үшін балада түрлі дәуірлер мен стильдердегі музыкалық шығармаларды қабылдай білу тәжірибесі болуы тиіс, оның ырғағына үйренуі, яғни көңіл күйін тани білуі тиіс. Әлеуметтік оқшауланушылыққа ұшырған баланың ақыл-ой дамуында кедергі болады, ол өзін тәрбиелегендердің тілі мен дағдыларын меңгереді, солармен ғана қарым-қатынас жасайды. Және ол балалық кезінде қандай дыбыстық ақпаратты бойына сіңірсе, оның болашақ саналы сөйлеу және музыкалық ырғақтылығында тірек етер ақындық және музыкалық тілі де осы болады. Сондықтан да жасынан бесік жырын тындап өскен, санамақ айтып, ертегі тыңдап, ойын-күлкі арасында өскен бала көпшілік бақылауға қарағанда, неғұрылым шығармашылықты, музыкалық дамыған болатындығы осыдан кейін түсінікті болады. Музыкалық даму жалпы дамуға ештеңемен алмастыра алмайтындай әсерін тигізеді: адамның эмоциялық аймағы қалыптасады, ойлауы жетіледі, өнердегі және өмірдегі сұлулыққа сергектігі тәрбиеленеді.

Музыка мектепалды баласының өмірінде педагог әрекетінің белсенді ұйымдастырушылығы арқасында қолданыс табуы тиіс. Балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуы көбіне музыкалық жетекші мен тәрбиешілер жұмысының түйісуіне байланысты болады. Музыкалық жетекші мен тәрбиешілер әрекеттестігінде балалардың музыкалық дамуы бойынша жұмысты бірлескен жоспарлау олардың ұғымдары мен әрекеттерінің жалпы мағынасын қалыптастыруларын салыстыруға бағытталған инициатива алмасу қажет.

Балабақша өмірінің барлық жағына белсене қатыса жүріп, музыка жетекшісі ата-аналар арасында музыкалық - эстетикалық білімді белсене насихаттау тиіс. Егер ата-аналар музыкалық тәрбиенің маңыздылығын түсінетін болса, олар балаларын отбасында, музыка үйірмелерінде, студияларында, балалармен бірге концерттерге, музыкалық спектакілдерге барады, жан- жақты музыкалық әсерлермен байиды, олардың музыкалық тәжірибесі кеңейді.

Музыкалық тәрбие бойынша жұмыс істейтін педагогтер жұмысының басты жетістігі барлығын бірыңғай шығармашылық командаға біріктірігіп, жұмыс жасау білігін жүзеге асыру болып табылады.

Оқу-тәрбие жұмысында ұлттық мектептің негізгі ерекшеліктері оқушыларды өз халқының ғасырлар бойы қол жеткізген табыстарына ұмтылуға тәрбиелеу, ұрпақты ата-баба салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен қайтадан табыстыру.

Музыка өнері әрбір оқушының әсемдік әлеміне үйірсек болып қана қоймай, оны қорғауға және рухани мәдени деңгейін көтеруге жағдай жасайды. Сол себепті әрбір қоғам мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғамның объективті қажеттілігі және заңдылығы болуы керек. Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық, этикалық және адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше. Музыка тәрбиесі жастарды өнер құндылықтарын жасауға қатыстыра отырып, олардың бойында белгілі адамгершілік-эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады. Тәрбиедегі басты мақсат: қоғам мүшелерін әлеуметтендіру болатын, яғни өнер адамның тек қана рухани өмірінің құрамдас бөлігі болып қоймай, әлеуметтендірудің аса пәрменді құралы болып табылады.

Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келген халықтық қазынаны, оның таңдаулы үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру, нақтырақ айтқанда, олардың көркемдік, музыкалық, эстетикалық талғамы мен мәдени деңгейін жоғарылату - басты міндет. Ұлттық өнерге оқушыларды жастайынан баулу олардың адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дұрыс қалыптасуына, мәдени дәстүрге деген сыйластық сезімін дамытуға әсерін тигізіп, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттырады. Оқушылардың әсемдікті түсіне білу қабілеттерін арттырады.

Ұлы Абай өмір шындығын дәл бейнелеу жөнінде поэзия мен музыканың рөлін былайша суреттеді: әсемдік сыры, биік мұратталғандары, көркем шарттары, шығармадағы дарындылық пен шеберлік ән мен күйді орындаудағы дәстурлер, т. б. мәселелерді көтере келіп, эстетикалық сезімдердің дамытудың нақты жолдарын қарастырды. Абайдың түсінігінше, баланы жастайынан көркемдікке баулуды үлкендер неғұрлым ертерек ойластыруы қажет, өйткені бесіктегі нәрестенің өзі ананың әлдиі, құлағына жеткен ән-күйдің әуезді үні арқылы сұлулық пен көркемдіктен хабардар болып жатады.

Осы орайда бесік жыры оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың алғашқы сатысы болып табылады.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қиял-қабілеттерінің эстетикалық сезімін, талғамы мен көзқарасының мәдениетін, ой-өрісін кеңейтіп, айнала-қоғам және өзін қоршаған орта өміріндегі әсемдік пен сұлулықты сезініп, бойына сіңіре білуге тәрбиелеуде музыка жанрлары орасан зор рол атқарады.

Қазіргі заман талаптарына сай жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда балалар фольклоры жанрын пайдалану басты мәселелердің бірі. Оны қалыптастыру - өте күрделі де ұзақ үрдіс, яғни оқушылардың бойына бірден қалыптаса қоймайды деген сөз. Сондықтан да ол сәбидің дүние есігін алғаш күндерінен басталуы тиіс. Осы тұрғыда балалардың эстетикалық мәдениетін дамытуда қазақ фольклор жанрын пайдаланудың маңызы зор, солардың бірі - балаларға арналған әндер, бесік жырлары.

Ұлы Абай:

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең,

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,

Ойлансаңшы, бос қақпай елең-селең, -

деп, адам өміріндегі өлеңнің алар орнын терең топшылаған. Академик М. Әуезов адамзат мәдениетінің алтын қорына дүние жүзі халықтарының қосқан үлесін сөз ете келе: «Гректер атақты храмдардың, египеттіктер пирамидалардың, қытайлықтар фарфор бұйымдары мен мәрмәрдан жасалған адам мүсіндерінің, итальяндықтар әсем әуенді музыка шығармаларының, француздар сурет өнерін үлгі етсе, көшпелі қазақ елі аса-бай өлең-жыр мұрасын қалдырды…» деп жазса, Швейцарияның кемеігер педагогы И. Г. Песталоцци: «Бала тәрбиесі - оның дүниеге келген күннен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі жанұядан басталып, мектепте одан ары қарай жалғастырылуы шарт», - деген қағиданы ұсынды. «… Қазақ баласының шыр етіп жерге түскенінен ер жеткенге дейінгі бар ғұмыры өлеңге толы, оның алғашқы еститіні ана әлдиімен айтылатын бесік жырының әуені», - деп өзінің «Қазақ халық әдебиеті» атты еңбегінде Х. Досмұхамбетов балаларға арналған ән-жырдың бала өміріндегі тәрбиелік ықпалының зор екендігі туралы атап көрсетеді.

Қазақ балалар әндерінің қай-қайсысын алмасақ та өнегелі өсиет пен ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез-құлыққа, салихалы ақылдыққа насихаттап отырады. Адам баласы тарихында ауыз әдебиетінің алтын ұрығы - жыр-өлеңнің бірінші бастамасы - «Бесік жыры» десек, бұнда қазақ қауымының балаға деген ең ізгі сүйіспеншілігі, тілегі, халықтың шешендігі мен арманы бейнеленген.

Өз елінің дінін, рухани мәдениетін білген адам, біртіндеп әлемдік мәдениетті үйренеді. Ендеше, бұл қасиет бала тербеткен ананың әлдиімен, әженің ертегісімен, отбасында айтылып отырылатын мақал-мәтел, жұмбақ, аңыз-әңгімелерімен бала бойына дарытылып, сол арқылы ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраға деген қызығушылық танытып, сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Демек, аталған жұмыс баланың шыр етіп дүниеге келген кезінен бастап, жас ерекшелігіне байланысты біртіндеп күрделеніп отырылуы керек. Сондықтан жастарға эстетикалық тәрбие беру ісінің мазмұнды, деректі, ұғынықты келуі әрбір ән мен күйдің көкейге қонымды, әсерлі болуын қажет етеді.

Оқушы күнделікті өмірде музыкамен етене араласады. Мұны салыстырмалы түрде алғанда үш жүйеге бөлуге болады:

1) музыка сабағында ұжымдық тапсырмаларды орындауы (бірігіп күй тыңдауы және музыкалық шығармаларды талдауы) ;

2) өз бетінше қатысуы;

3) музыканы кездейсоқ тыңдауы.

Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби «Музыкалық идея оны жүзеге асыратындай әрекет ету қабілетінсіз іске аспайды, музыканы көп тыңдау, жаттығу түрлерін бір-бірімен салыстыру, әуенді талдау, әрбір тонның дыбыстық әсерін мұқият есептей білу арқылы музыкалық қабілетті дамытуға болатындығын айта келіп, тәрбиелеу барысында тәжірибе жинақтаудың рөлі зор екенін атап көрсетеді» т. б. өзгерісін бақылап, сезінуге үйренеді. Оқушы эстетикалық сезім мен эмоциялық көңіл күй арқылы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді.

Оқушы өз жауабын жолдастарының жауаптары мен салыстыра отырып, пікірінің дұрыстығына немесе жаңсақтығына көз жеткізеді. Сол арқылы оның музыка жөніндегі ойы мен талғамы қалыптасады.

Музыкалық шығарманы талдау әңгімелесу әдісі арқылы жүргізіледі. Көркемдеу құралын, көркем бейнелердің жасалу жолдарын сабақтың тақырыбы ретінде алынған белгілі бір мәселе төңірегінде талдау оқушы танымын кеңейтіп, сөздік қорының молаюына жол ашады. Талдау үшін музыкалық құбылыстарға тән ұғымдардың қалай аталатынын білу қажеттігі туындайтындықтан, бұларды түсіндіріп отыруды мұғалім басты мақсат етіп қояды. Бұл ретте оқушылардың музыкалық сөздік дәптерінің болғаны жөн. Себебі, оқушы бұл ұғымдарды күнделікті өмірде аса көп пайдалана бермейтіндіктен, тез ұмытуы мүмкін. Сөздік дәптер арқылы әр сабақ сайын оқушының сөздік қоры молайып, талдау мүмкіндігі кеңейе түседі.

Талдау, үйретудің алғашқы сатысында музыкалық екі шығарманы салыстыру оқушыға өз ойын жеткізу жеңілдігін тудырады. Мысалы, ән және күй жанрдың ортақ белгілері (нық, жігерлі, екпінді) талдау мен қатар, тиісті айырмашылығы (бірі жеңілдеу, екіншісі ауырлау болса бірі жоғары, екіншісі төмен регистрде орындалуы) арқылы тыңдаушылардың белгілі бір тобына арналатындығы анықталады. Оқушы осының бәрін әсерлене тыңдай отырып, талқылауға белсене қатысады. Мектеп оқушыларына аспаптық музыканы талдау біртіндеп күрделене береді. Мектеп бағдарламасының осылайша құрылуы оқушылардың көркемдік талғамын музыкалық қабылдауына жол ашуымен бірге, олардың өзіндік пікірін айта алатындай деңгейге жеткізеді. Музыкалық шығармада адам сезіне әсер етудің қайнар көзі музыкалық тақырып болып табылады.

Тақырып шығарманың мазмұнын түсінуде басты рөл атқаратындықтан, оның басталып, аяқталуын анықтай алу дағдысын әдетке айналдырған жөн. Мұндай дағдының болмауы шығарманы түсінбегендігі десе де болады. Сондықтан шығарманы тыңдап, талдауда оқушы музыкалық тақырыпқа барынша зейін қоя мән беріп, сол арқылы көңіл күйдің (жігерлі, сергек, сабырлы, ойлы, қайғылы) өзгерістерін бақылауға үйреніп шығарма болмысынан саналы түрде түсіну сатысына қарай ауысады.

О. Апраксина : «Музыканы оқушылармен бірге талдау, дұрыс бағытта болуы шарт» - дейді. Талдау барысында музыка тілінің элементтерін түсіндірумен шектелмей, ол элементтердің көркем шығармадағы рөлін анықтауға күш салған жөн. Әрине, оның рөлін әр оқушы өзінің түсінігіне, тәжірибесіне сүйеніп анықтайды. Мұғалім оқушыға шығарманың мазмұнын композитордың ойымен барынша жақындата түсіндіруді басты мақсат етіп қоюы қажет.

Тыңдауды неден бастау керек? Бұл - музыка тыңдауға үйретудің күрделі де маңызды мәселесінің бірі.

Жалпы қабылдау процесі жөнінде О. Апраксина : «…кез келген қабылдау күрделі үрдіс, оған түрлі сезім мүшелері қатысады, нәтижесінде күрделі шартты рефлекторлық байланыстар жиынтығы түзіледі». «Музыкалық қабылдау - оның мәні шындықтың көркем бейнесін музыкалық шығармадан ести алу және оның мазмұнын көркемдік бірлік ретінде сезіне отырып бастан кешіре білу қабілеті» - деп атап көрсетті.

Музыкалық шығарманы талдап, тыңдаудың екінші жағы - музыканы ойнап көрсету. Мұғалім шығарманы өзі орындайды немесе үнтаспадан тыңдатады. Бастауыш сыныптарда музыкалық шығарманы мұғалім өзі орындап көрсеткені тиімді. Бұл сыныптарда өтілетін музыкалық шығармалардың көлемі шағын болғанымен, орындау үлкен шеберлікті қажет етеді. Бір шығарманы әртүрлі аспапта ойнап көрсету, мәнерлі орындау. Ойнатуға мұғалімнің мүмкіндігі жетпеген жағдайда музыкалық шығарма үнтаспадан тыңдатылады. Оны қалай түсінуге болады? Күрделі шығармадан үзінді орындаған симфониялық оркестрдің құрамындағы сан қырлы аспаптардың бояуын ешқандай да орындау ауыстыра алмайды. Оратория, кантата, опера, симфониядан алынған үзінділерді үнтаспадан тыңдатқанда ғана сабақ мақсатына жетеді. Қай жағдайда да, орындаушы - шығарма мазмұнын жеткізуші.

Шығарманы тыңдап болғаннан кейін оның мазмұнын түсінуге бағытталған сұрақтар жүйесін сабақтан бұрын жан-жақты ойластырып алу қажет. Бұл мәселеде мұғалім белгілі бір материалды талдау арқылы оқушыларға нені меңгертетінін өзі анықтап алады. Қойылытын сұрақтар жүйесін дайындауда тағы бір ескеретін мәселе, сабақ өтілетін сыныптың жалпы музыкалық жабдықталу деңгейі. Осы екеуін ескере отырып, нақты сұрақтар жүйесі дайындалады. Олар анық, қысқа, нақты, дұрыс жауапқа бағыттау арқылы оларды жалпы нәрседен ең бастысын қорытындылай білуге үйретеді.

Тәжірибелік көркем бейнелеу іс-әрекеттері барысында :

- оқушылардың көркемдік білім негіздерін игеру және олардың бейнелі ойлау қабілеттерін дамыту;

- балалардың көркемдік образдар жасау және шығармашылық іс- әрекеттерінде әдеби шығармалардан, фольклордан әсерлі сюжеттерді немесе тарихи оқиғаларды көрсете, ұлттық музыканы естірте отырып, туған жер тарихымен, халық өмірімен, тұрмыс-салтымен мәдени дәстүрлерімен байланысты тақырыптарды мейлінше оңтайлы пайдалану.

Өнерді эстетикалық мәнде қабылдау саласында:

- оқушылардың өнерді эстетикалық қабылдауын жүйелі қалыптастыру, шығарма мазмұнын талдай және бағалай білу дағдыларын дамыту;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен таныстыру
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка
Балалар музыкалық аспаптарын ойнау жолдарын ұғыну
Мектепке дейінгі педагогика ғылымы. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу
Эстетикалық тәрбиенің ерекшеліктері
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың 9 тіршілік әрекетін ұйымдастыр
Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан 6 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «біз мектепке барамыз» бағдарламасы
Көптілді білім - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі
Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz