Жаңа қоғам мұғалімінің бейнесі, оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі


Курстық жұмыс
Тақырыбы:«Жаңа қоғам мұғалімінің бейнесі, оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі»
Мамандығы:музыка мұғалімі
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім . . . 6
І Заманауи мектеп - заманауи мұғалім . . . 6
1. 1Жаңа қоғам мұғалімі . . . 6
1. 2Мұғалімдерге қойылатын негізгі кәсіптік талап . . . 8
ІІ Педагогикалық үрдісті ұйымдастыру . . . 14
2. 1 Педагогикалық процес құрылымы . . . 14
2. 2 Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру . . . 20
Қорытынды . . . 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30
Кіріспе
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық- ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, ұстаз жүгі - ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу - бұл нағыз шеберлік емес пе?! Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.
Курстық жұмысының өзектілігі. Мұғалімінің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес Елбасымыз Н. Назарбаев: «Ұстаздықтың алдына қойған міндет өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру жəне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту. Ол үшін ішкі қайта құру қажет: құрылымдық, қызметтік, құндылық. Жаңа ұрпақ мұғалімдерінің, андрагогика мен акмеологияның, психологиялық-педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті- білім жүйесінің ішінен қайта құрудың мүмкіндіктерін іздестіру. - адами рухани бастаулардың тазалығын тексеру. Мұнда этика мен адамгершілік дүниені біртұтас қабылдауға бағытталған рух философиясының рухани ісі. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Қазіргі заман мұғалімі - рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға.
Зерттеу нысаны. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауы туралы жазылған мақалалар мен ой пікірлерді негізге ала отырып жаздық.
Зерттеу пәні . педагогика
Курс жұмысының мақсаты. Педагогикалық үрдістің ғылыми-әдістемелік сипатын ашып, іс-тәжірибе тұрғысынан қарау
Зерттеу міндеттері.
- Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін талдауда, өзімдік ерекшеліктерін байқату.
- Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлерін өз тәжірибесінде қолданыла алуын қалыптастыру.
- Өз бетінше жұмыс істеуін күшейту, өзінің іс-әрекеттеріне педагогикалық шеберлікті қалыптастыру қызығушылығын ояту.
- Мұғалімдердің кәсіби дайындау мазмұнын сипаттау
- Педагогтердің ғылыми-әдістмелік негіздерін жасау
Зерттеу болжамы . Жақсы тәлімгер - бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға тиіс. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады
Зерттеудің жетекші идеясы. Жаңа қоғам мұғалімінің бейнесі, оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлін айқындау
Зерттеу әдістері. Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге, мемлекеттік құжаттарға, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; әлеуметтік-педагогикалық әдістерді қолдану, оның ішінде оқушылардың тыңдау арқылы сөйлеу дағдылары мен біліктерін бақылау әдістері анықтау, оқыту, бақылау; оқушы әрекетін талдау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жақсы тәлімгер - бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп есептелетіндігін ашып көрсету, педагогикалық шеберлік пен үрдіс қағидаларын көрсету зерттеу жұмысының жаңалығына жатқызылады. Педагогикалық мамандықтың мәні оның өкілдері арқылы жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекет негізінен көрінеді. Бұл әлеуметтік әрекеттің ерекше түрі, ол жинақталған мәдениет пен тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беруге және қоғамда нақты әлеуметтік роль орындауға даярлық негізінде жеке бастың дамуына жағдай тудыруға бағытталған.
Зерттеудің теориялық маңызы. Мұғалім - барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі екендігін толықтай түсіну. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты - саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», - деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. [1, 26] «Педогогтік шеберлік - дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет - баланы құрметтеу.
Зерттеудің практикалық маңызы. Оқушылар алдында мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, жүріс-тұрысы, өзіндік қағадалары мен педагогикалық шеберлік жолдарын талқылау, көру, үйрену. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және бөлімшелерден, сонымен қатар қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Заманауи мектеп - заманауи мұғалім
- Жаңа қоғам мұғалімі
Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» - деп Сократ айтқандай егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуына табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау - басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.
Сапалы білім - ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету -мұғалімнің басты міндеті.
Осы міндетті шынайы өз мәнінде атқару мақсатында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының үшінші (негізгі) деңгей бойынша оқып алған сертификаттың жауапкершілігі зор екенін түсіндім. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру[2, 46бет] .
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді.
Сабақтардағы басты өзгерістер бұрынғы өткен дәстүрлі сабақтардан айырмашылығы көбінесе оқушылардың топпен біріге отырып жұмыс жасауында және оқушылар жаңа тақырыпты проблемалық сұрақтар арқылы тақырыпты өздері ашуы және мақсат қоя білуінде. Сондай-ақ басқада өзгерістер әрі қарай үй тапсырмасынан бастап, сабақтың әр кезеңдерінде де, сабақты қорыту барысында да көрініп отырды. Оқытудың осындай идеяларын ұстанған сабақтарда оқушылар өз ойын еркін айтатын болғандықтан, әртүрлі пікірлер пайда болады. Олардың қандай да болмасын - мүмкін, қате немесе толымсыз - ойларын шыдамдылықпен тыңдап, оқушыларды сенімділікке бастауды өзімнің басты міндеттерімнің бірі деп есептеймін. Осы жоғарыда айтылғандардың негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу - оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп, жан - жақты білім алуына көмектеседі[3, 89 бет] .
Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де - білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде.
Ұлағатты ұстаздың осы сөзінде терең мағына жатыр. Сол үшін де қазіргі ұстаз - ертеңгі болашақ кепілі. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік туын бекем ұстап, өздерінің білімдері мен тәрбиесін келер алдыңғы буынға тапсыру міндеті тұр.
Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы - ақпараттандырылған, жан - жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт сомдауы. Сапалы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек. Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруі шарт.
Жаңа үлгідегі мектеп мұғалімі қандай болу керек деген сұраққа оның кәсіби шеберлігі жөнінде жалпы орта мектепте мұғалімдерге қойылатын талаптарды басшылыққа ала отырып, негізгі талаптарды толықтыра отырып, жаңа реформалық үлгідегі талаптарды ұсынамыз. Бұл үшін мұғалімге педагогикалық мәселелер бойынша пәннің теориясы мен әдістемесі, педагогика саласы бойынша оның әдіснамалық негізін, ғылымның, танымның теориясы, әдістерін меңгеру оның кәсіптік сапаларының қалыптасуы мен зерттеушілік қызметінің қалыптасуына өз себептігін тигізеді. Сонымен, білім реформасы инновациялық-дидактикалық іс-әрекетті инновациялық әдістерді және технологияларды, педагогикалық іс-әрекетті субъектісінің дамуы мен өздігінен дамуына бағыт беретін талаптарды түзейді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қазіргі мектептерге зерттеушілік-шығармашылығы талаптарын толық меңгерген, қызығушылықпен баланың жеке тұлға болып дамуына өз үлесін қоса алатын, баланы өздігінен өмірге жетелейтін ақыл-кеңес бере алатын мұғалім қажет.
Заманауи сабақ оқушыдан нені талап етеді?
- Оқуда жетекшілікті қабылдау
- Оқуда жетекшілікті іздеу
- Өз оқуы үшін жауапкершілікті өзіне алу
- Өздігінен басқара оқуын көрсету
- Өз оқуын бағалау және оқуды жалғастыру үшін қажетті оқудағы қажеттіліктерді анықтау
- Өз оқуын бірізді бағалау және оқудағы қажеттіліктерді анықтау
- Оқу үрдістерін түсінудің жоғарғы деңгейін және оқуды басқарудағы автономиялықты көрсету
- Жаңа идеялар мен үрдістерді әзірлеуге тұрақты қызығушылығын және оқу үрдістерін түсінудің жоғарғы деңгейін көрсету
- Сабақтың мақсатына жетуде тапсырмалардың дұрыс орындалуын
- Мектеп өмірінде алған білім - біліктерін пайдалана отырып, ситуациялық жағдаяттарды шеше алу
- Берілген тақырыптағы жүйеленген тапсырмаларды нақты орындай алу
- Алты деңгейдің де тапсырмасын берілген мерзімде орындап шығу
- Өз оқуын, уақытты тиімді ұйымдастыру және жеке немесе топтарда басқару арқылы ұйымдастыра алуы қажет
- Өзінің оқу үрдісін, қажеттіліктерін ұғыну
- Қол жетерлік мүмкіндіктерді анықтау
- сәтті оқу үшін кедергілерден өтуі
Заманауи мұғалім - бүгінгі қоғамның да, қазіргі заман мектебінің де сұранысы. Педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері - сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушының пәнге қызығушылығын және танымдық ізденімпаздығын арттыру. Осыған орай мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі - сабақтың жаңаша оқыту түрлерін дамыту болып табылады. Жас ұрпақты тәрбиелеуде оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім арту, талап ету арқылы жауапкершілікпен жетілдіруге болатынына еңбек жолымда көзімді жеткіздім[4, 56бет] .
Жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы ең алдымен мұғалімге байланысты. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырады.
Елбасымыз: "Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады”, - деген болатын.
XXI ғасыр - ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу - әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім - барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер - информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту,
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі заман мұғалімі жаңа технологияны меңгеріп, оны қолданыста кең пайдалана білуі керек.
1. 2 Мұғалімдерге қойылатын негізгі кәсіптік талап
«Мұғалім мамандығы - барлық мамандықтың анасы» - дегендей, ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Сондықтан, жаһандану үрдісінде шығармашылық ізденістегі әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі-ұстаз.
Ахмет Байтұрсынов өз сөзінде : «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек», - деген пікірі маңызды деп есептеймін. Себебі, әрбір мұғалім өз пәнін сүйетін, әрбір оқушының жүрегіне жол таба білетін, оқушыларды өздігінен білім алуына және сабаққа жеген қызығушылығын арта түсінуіне жол аша білетін өз ісінің шебері болуы тиіс[5, 103 бет] .
Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен есептеледі. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Әрине, бұл мәселені шешудің кілті- ұстаздардың қолында.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев : «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылар, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға жүктелетін міндет ауыр», - деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату - екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сол себептен, ұстаз болу - жүректің батырлығы деп бағалауға болады.
Қазіргі ақпаратты қоғамда мұғалім бейнесі де, оны оқушылардың қабылдауы да үлкен өзгеріске ие болып отыр. Қоғамның жылдам өзгеруінен болар, үнемі жаңашылдықты, өзгерісті мұғалімдер де, жас ұрпақ та талап етіп тұрады. Қазіргі оқушы білім беруші ұстазының тек ақпаратты жеткізуші, тәрбиеші ғана емес, сонымен қатар, жаңашыл қөзқарасты тұлға, кеңесші, қолдаушы, олардың жан дүниесін түсінетін жантанушы ретінде көргілері келеді. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оның ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру - мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады. Мектеп оқушылары үшін мұғалім олардың еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне еліктейді. Сондықтан да жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай ұстаздар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады. Осылайша, заманауи мектеп мұғалімі қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерід шеш білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру үрдісін басқара алатын, бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет.
Мұғалімдік қызмет әрбір оқушының, жас ұрпақтың, қоғам мен мемлекеттің тағдыры үшін жауап беретіндігімен сипатталады.
Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема - жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру.
Ендеше, ХХІ ғасырддың нағыз ұстазы, яғни заманауи педагог бейнесі ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, ізгілігі мол, әр іске жаңашылдықпен, улкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын, өмір бойы білім алуға дайын, ақпаратық технологияларды толық меңгерген толыққанды құзырлы тұлға[6, 78бет] .
ХХІ ғасырда, бүкіл ғаламдану заманында, соның ішінде білім беру саласындағы өзгерістердің орын алуына сай мұғалім алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің салмағы зор болып отыр. Қазіргі мұғалімдер рухани байлықты бойына жинаған, заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан- жақты дамыған маман.
Мұғалім бұрын информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы болса, қазіргі заманда керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz