Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық - педагогикалық іс-әрекет


Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық - педагогикалық іс-әрекет
Мамандығы: педагог-психолог
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық - педагогикалық іс-әрекеттің теориялық негіздері . . . 6
- Пробация» деген ұғымға анықтама (ол жайлы заң) . . . 6
- Еуропалық Одақтың пробация саласындағы тәжірибесі . . . 16
- Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдерді психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері . . . 19
2 Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық - педагогикалық іс-әрекетті эксперименталды түрінде зерттеу . . . 26
2. 1 Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық - педагогикалық іс-әрекеттін үлгісі . . . 26
2. 2 Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық - педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру . . . 36
2. 3 Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық-педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау . . . 44
Қорытынды . . . 53
Пайдаланған әдебиеттер . . . 57
ТІРКЕМЕ А . . . 59
ТІРКЕМЕ Ә . . . 61
ТІРКЕМЕ Б . . . 62
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. «Оның басты қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» жоспары Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі жаһандық кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін стратегиялық кешенді бағдарлама екені анық. Әсіресе, аталған жоспардың 33 қадамында «Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру. Осындай азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын және әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын жасау» көрсетілген.
Өзектілігі келесіде: қылмыс жасаған кәмелетке толмаған жасөспірімдердің саны көп және қылмыстың түрі аур емес болғандықтан оларға альтернитивты жазу түрін беруге жағдай жасайды, сонымен бірге қазақстан европодағы болып жатқан жаңа өзгерістерге де қосылғысы келеді. Кітапта осылай жазылып түр.
Пробация қызметінде сотталғандарды әлеуметтік жолмен түзету басты назарға алынады десек, пробация қызметінің міндетіне қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалардың орындалуын қадағалаудан басқа, тәрбиелік, психологиялық және әлеуметтік- құқықтық көмек көрсету түрлері де кіреді. Пробацияның мақсаты - жазатайым жаза басқандарды бірден кінәлап, қараламай, керісінше, оларға түзелуге мүмкіндік беріп, қоғамға қажет екендіктерін сезіндіру, жаңа қылмыстың алдын- алу болып табылады.
Кәмелетке толмаған сотталған жасөспірімдерді үнемі бақылауда ұстау, мұғалімдермен және ата- аналарымен тығыз байланыста оң ықпал ету бағытында үнемі жұмыстар жүргізілуі қажет. Пробация жүйесі осы кем- кетіктің орнын толтырып, шалыс басқан кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қоғамнан өз орнын табуына қол ұшын береді.
Зерттеу мақсаты. Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық - педагогикалық іс-әрекеттің теориялық негіздерін анықтау және әдістемелік нұсқаулар әзірлеу.
Зерттеу міндеттері:
- Пробация» деген ұғымға анықтама беру.
- Еуропалық Одақтың пробация саласындағы тәжірибесін зерттеу.
- Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдерді психологиялық - педагогикалық ерекшеліктерін анықтау.
- Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық - педагогикалық іс-әрекетінің үлгісін құрастыру.
- Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық-педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау.
Зерттеу нысаны: Кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық - педагогикалық іс-әрекеті
Зерттеу пәні: Пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық - педагогикалық іс-әрекеті
Зерттеу әдістері :
Мақсатқа жету және алға қойылған міндеттерді шешу үшін зерттеудің мынадай әдістері пайдаланылды: теориялық (талдау, синтез, түсіндіру, өңдеу, жалпылау, жіктеу), эмпирикалық (байқау, саулнама алу, әнгімелесу, тәжірибені зерделеу, эксперимент), социологиялық (тіркеу, түзеу), математикалық статистика әдістері: (орта арифметикалық) .
Зерттеу болжамы : егер пробациялық бақылаудағы кәмелетке толмаған жасөспірімдермен психологиялық - педагогикалық іс-әрекеті белгілі үлгі бойынша ұйымдастырса, сонда олардың әлеуметтенуы сәтті өтеді.
Егер тұлғаның балалық, жасөспірім шақтарында адамгершілік тұрғыдан қалыптасу уақытында әр түрлі, соның ішінде жағымсыз тәжірибелер жинақталмаса, онда кәмелетке толмағандардың соматикалық, психикалық және тұлғалық дамуындағы олқылықтар, сондай-ақ, олардың әлеуметтік тұрғыдан жетілмеуі - жоғарыдағыдай келеңсіздікке тікелей ықпал жасауы азаяды.
Зерттеу базасы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, пробация қызметі.
Бітірушілік жұмыс құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, тіркемелерден тұрады.
1. ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДАҒЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- «Пробация» деген ұғымға анықтама (ол жайлы заң)
Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 33-тармағындағы «Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру. Осындай азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын және әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын жасау» міндеттерін жүзеге асыру мақсатында қарқынды түрде жүзеге асырылып жатқан маңызды шаралардың бірі - пробация қызметін жетілдіру болып табылады.
Бүгінде «Пробация туралы» заң жобасы мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы қызу талқылануда. Заң жобасының негізгі мақсаты - еліміздегі қылмыстық саясатты одан әрі ізгілендіру, оны әлемдік стандартқа жақындату.
Жуырда Алматы қаласында өткен халықаралық семинарда да «Пробация туралы» жаңа заңды қабылдау аясында пробация қызметін жетілдіру және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды оңалтудың кешенді стратегиясының негізгі бағыттары зерделеніп, 2017 жылы пробацияның жаңа жүйесін енгізуді қамтамасыз ететін ұйымдастыру-тәжірибелік шаралар барысында халықаралық сарапшылардың ұсыныстары талқыланды. Семинарға оңтүстік облыстардың өкілдерімен қатар, пробация офицерлері, сотталғандарға тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету жөніндегі қызметкерлер, соттар, прокурорлар мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, Білім беру және Денсаулық сақтау басқармаларының қызметкерлері қатысты.
Семинарды ашқан ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары, әділет генерал-майоры Мейрам Аюбаев пробация қызметін одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі - жергілікті атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесе іс-қимыл жасаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, ол Қазақстанда жаңадан енгізіліп жатқан пробация қызметін одан әрі жетілдіруде халықаралық тәжірибелерге сүйенудің маңыздылығы туралы баса айтты. «Оның ішінде біз бүгін Нидерланд елінің тәжірибесіне ден қойып отырмыз. Оның басты себебі - аталған елдің халық саны Қазақстан халқының санымен шамалас. Алайда, бас бостандығынан айырылғандар саны 12 мыңның айналасында. Бұл көрсеткіш Қазақстандағы сотталғандар санымен салыстырғанда үш есеге дейін төмен», - дейді Мейрам Ақатұлы[1, 17б] .
Пробация саласында қырық жылға жуық тәжірибесі бар «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру» Еуроодақ жобасына шақырылған халықаралық сарапшы Бен Зенгриктің айтуынша, Нидерландыда пробация рәсімі қылмыстық процесс кезінде-ақ басталады екен. Мысалы, қылмыс жасаған адамды полиция ұстаған сәттен бастап күдіктінің әлеуметтік-психологиялық мәртебесін анықтау үшін дереу пробациялық офицерге хабарланады.
Жинақталған ақпаратқа қарап пробациялық офицер ұсталған адамның белгіленген тәртіпті бұзуға бейімділігінің қандай дәрежеде екенін анықтайды да сот жазасын шартты түрде немесе түзеу мекемесінде өтеуді белгілейді. Сондай-ақ, адам түрмеге түскен бірінші күннен бастап оның қоғамға қайтадан оралуына қатысты жұмыс жүргізіледі.
Бен Зенгрик Қазақстанда бір жылға жуық уақыттан бері «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру» Еуроодақ жобасы жетекшісінің орынбасары және Қазақстанда пробацияны жетілдіру жағынан кеңесші ретінде қызмет атқаруда. Ол - Нидерландыдан бастап Чехия, Румыния және Молдавияға пробация қызметін құру мен қалыптастыруға көмек көрсетіп келе жатқан білікті маман.
Халықаралық сарапшы Бен Зенгрик «кез келген қоғамды неғұрлым қауіпсіз қоғамға айналдыруға болады» деп санайды. Ол үшін бұрынғы сотталған адамдарды (қалыпты өмірге оралту) қатар, көптеген игі шараларды жүзеге асыру қажет. Қазір Қазақстанда пробацияның екі түрі, яғни үкімдік және постпенитенциарлық түрлері жұмыс істеуде. Халықаралық тәжірибеге сәйкес тағы да сотқа дейінгі және пенитенциарлық түрлерін енгізу жоспарлануда.
Бүгінде Парламенттің қарауында жатқан «Пробация туралы» заңды қабылдау - жаңа жетістіктердің бастауы. «Заңды жүзеге асыру - өте күрделі процесс. Сондықтан да осы заңның бастамашысы мен тәжірибеге сену керек. Әрбір адам - практик. Сондықтан да соттармен, полиция қызметкерлерімен және басқа да құқық қорғау саласының мамандарымен жұмыс істегенде пробацияның қылмыстық саясат жүйесіндегі рөлін түсіндіру міндет», - деп атап өтті семинар барысында Бен Зенгрик.
Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу мерзімі Пробация қызметі заңды күшіне енген сот үкімін, қаулысын орындауға қабылдаған күннен бастап есептеледі.
Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп жатқандарға пробациялық бақылауды олардың тұрғылықты жері бойынша Пробация қызметі жүзеге асырады.
Сотталғанның оқудан және жұмыстан бос уақытта тұрғылықты жерін тастап кетпеу міндеттерін орындауын бақылау үшін Пробация қызметі сотталғанмен бірге оның тұрғылықты жерінде болу кестесін құрады.
Пробация қызметі пробациялық бақылаудағы бас бостандығын шектеуге сотталған адамды есепке қою кезінде:
1) сотталғанның тұрғылықты жерін, денсаулық жағдайын, білім деңгейін және еңбекпен қамтылғандығын, сондай-ақ оған ұсынылатын әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды;
2) сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек беру, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртібін түсіндіреді, сондай-ақ оның тіркелу үшін Пробация қызметіне келу күндерін белгілейді;
3) сотталғанға сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін және мәжбүрлі еңбекті орындау, оларды орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылау шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін түсіндіреді.
Бас бостандығын шектеуге сотталған әлеуметтік-құқықтық көмек алудан бас тартқан кезде тиісті акті ресімделеді.
Сотталғандарға пробациялық бақылау:
1) қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға қол сұғатын, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында әкімшілік құқық бұзушылықты және жаңа қылмыс жасағанын немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығын анықтауға ІІО-ның қолда бар есептері, сондай-ақ ҚСжАЕК аумақтық басқармаларының есептері бойынша сотталғандарды ай сайын тексеру;
Қоғамнан оқшалауға байланысты емес жазаға тартылғандар тарапынан қайта қылмыс жасауын болдырмау, әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу, жазасын өтеуден бас тартқандарды іздеу «Пробация» алдын алу шарасының мақсаты болып табылады. 2014 жылдың 11 наурызынан бастап 19 наурызға дейінгі аралықта «Пробация» республикалық жедел алдын алу шараларын өткізу бойынша бірлескен жоспарға Мамлют ауданы ҚАИБ қызметкерлері мен ІІБ ӘПБ бірлесіп келесі жұмыстар өткізілді[2, 42б] . .
Қылмыстық атқару инспекциясында есепте тұрған 19 адам тұрғылықты жері және жұмыс орны бойынша тексерілді. Арнайы контингенттер 100 пайыз тексерілді. ҚАИБ есепте тұрған сотталғандармен әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ІІБ есептері бойынша тексерістер жүргізілді.
Сотталғандарды кешкі уақытта қаланың көңіл көтеру орындарында, адам көп жиналатын жерлерде бірлесіп тексеру жүргізілді. Құқық бұзушылықтар жоқ. ПІШ өткізу барысында 6 жазасын өтеу тәртібінің бұзылғаны анықталды. Үш сотталушыға жазасын алып тастау және бас бостандығынан айыруға өзгерткені туралы жазбаша ескерту жасалды. Жазасын өзгертуге 1 материал сотқа дайындалды. Қайта қылмыс жасау және құқық бұзушылыққа бейім сотталғандармен жазасын өтеу тәртібі, сотпен белгіленген міндеттер және құқық бұзушылықтың салдарын түсіндірумен профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді. Әңгімелесу нәтижелері сотталғандардың бақылау істері материалдарына енгізілді.
Осы орайда жуырда Алматы қаласында Молдова Республикасының білікті маманы Владимир Попа қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері арасында пробация қызметі бойынша оқыту тренингін өткізді. Қазақстанда тұңғыш рет өткізіліп отырған тренингке Орталық Азиядағы Penal Reform International (Халықаралық түрме реформасы) халықаралық ұйым өкілдері де атсалысты.
Аталған тренингті ұйымдастыруға айтарлықтай ықпал еткен PRI жобасының үйлестірушісі Ілияс Нұрмағамбетов қылмыстық атқару жүйесін ізгілендірудің Қазақстан үшін маңызы ерекше екенін атап өтті. Өйткені, кеңестік лагерлер шоғырланған Қазақстан он бес одақтас республика тараған соң түрме тұрғындарының саны бойынша Ресей мен Америкадан кейін әлемде үшінші орынға бір-ақ шықты. Алайда соңғы жылдары қарқынды жүргізіліп келе жатқан қылмыстық жазаларды ізгілендірудің нәтижесінде Қазақстанда сотталғандар саны 100 мың адамға шаққанда біраз азайды. Бұл көрсеткішті одан әрі жақсарта түсу үшін жүргізіліп жатқан жұмыстардың ең сүбелісі де осы - пробация қызметі. 2010 жылдың тамыз айында Елбасының «Қазақстан құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Осы Жарлықты іске асыру шаралары ретінде 2011 жылдың 18 қаңтарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енді. Аталған заң талаптарын жүзеге асыру мақсатында. онша ауыр емес және ауырлығы орташа экономикалық қылмыс жасаған адамдарды қамауға алу шараларын қолдануда шектеулер белгіленген болатын. Ал, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 9 қарашада қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңынан кейін түзеу мекемелерінен біраз адам босатылып, Қылмыстық атқару инспекцияларының қызметіне күшейтілген нормалар енгізілген еді. Бүгінде кеңінен қанат жайып келе жатқан пробация қызметі арқылы осы үрдістен болашақта үлкен нәтиже күтуге болады Тренинг басталар алдында біз ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары, генерал-майор М. Аюбаевпен пікірлесіп, пробация қызметі бойынша республикада атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан болатынбыз. «Пробация қызметі Қазақстандағы жаңа қызметтердің бірі. 2012 жылдың 28 ақпанында заң қабылданып, қылмыстық инспекция құрамында пробация бөлімшелері құрылған болатын. Ал 2015 жылдың басынан бастап жаңа Қылмыстық-атқару кодексінің талаптарына сәйкес пробация қызметі құрылды. Бүгінге дейін пробация қызметінің есебінен 41 мың сотталған өтсе, өткен жылдың тоғыз айында бұл көрсеткіш 36 мың болатын. Қазіргі сот тәжірибесінде «бас бостандығынан айыру» жазасы сирек қолданыла бастады. Оның бір себебі - пробация қызметі күдіктінің психологиялық портретін зерттеп, оның әрекетіне талдау жасайды да судьяға оны бас бостандығынан айырмайтын жазаға кесуге болатынына ұсыныс береді. Ары қарай қандай шешім шығаратынын сот өзі шешеді», - деді ол. Сотқа дейінгі пробация дегеніміз - іс әлі де қылмыстық тергеуде немесе сот қарауында жатса, үкім шығарылып, ол күшіне енгенге дейін айыпталушыға психоәлеуметтік баға беруге қатысты алғашқы іс-шаралар жүргізілетін кезең. Бұл кезеңде пробация қызметкері айыпталушының жеке басы жайлы, яғни, оның өмір сүру салты, достары, мектебі, отбасы жайлы мәліметтер жинақталған баяндама жасап, сотқа тапсырады. Бұл құжат процессуалдық материал немесе дәлел болып саналмайды, ол тек консультативтік сипаттағы құжат болып табылады. Бұл құжат айыпталушының әлеуметтік қайта бейімделу қажеттігін есепке алуға көмектеседі. [3, 26б] .
Пенитенциарлық пробация аясында тұтқындалған адамға психоәлеуметтік көмекпен қатар кеңес те беріледі. Пенитенциарлық мекемелердегі пробация қызметінің мақсаты - сотталушыларды бостандыққа шығуға дайындау. Сотталушы түзеу мекемесінің табалдырығын аттаған күннен бастап, ол бостандыққа шыққанға дейінгі кезеңде оларды әлеуметтік бейімдеу жұмыстары жүргізіледі.
Аудандық ІІБ-нің мәжіліс залында ұйымдастырылған кеңеске аймақ прокуратурасы, полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Жиын барысында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тәртібін қадағалап, түзеу жолға салу мақсатында атқарылған жұмыстар сөз болды. Сондай-ақ, кеңесте алдағы уақытта қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғаларға әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету және қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстар жандандыру мәселелері кеңінен талқыланды. Қоғамда өзінің түзу жолын таба алмай, болашақтан үмітін үзіп, шарасыздық пен жұмыссыздықтан ішімдікке салынып жүргендер аз емес. Осы қателіктерді көптеген қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандар жіберіп, қайта қылмыс жасап жатады. Яғни, керісінше теріс әдеттерге бейімделген адам өз адамгершілік қасиеттерін артқа тастап, қайта қылмыс жасауға бейім болады. Сондықтан, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету туралы Үкіметтің қаулысы бекітілген болатын. Бұл құжатқа сәйкес, пробация қызметі жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, сотталғандарға жұмыспен қамту, дәрігерлік көмек, орта және арнайы орта білім алу, жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіру немесе құжаттандыру секілді жан-жақты әлеуметтік көмек көрсетеді. Жаза басқандардың қоғамда өз орнын табуына бағытталған бірлескен жұмыстар алдағы уақытта жандана түспек. Ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп атқарылатын жұмыстар жөнінде жоспарлар құрылып, сотталған адамдармен күнделікті профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырады, тұрғылықты мекенжайларынан тексерулер жүргізеді. Пробация қызметі мен ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесіп атқаратын жұмыстары күшейтілген түрге көшіріліп, қатаң бақылауға алынды.
Еліміздің әр аймағында өткізіліп жатқан аталған тақырыптағы семинардың маңыздылығы - қоғамның қауіпсіздігін арттырудың нақты әдістерін зерттеуде екеніне тоқталған Бен Зенгрик генерал-майор Мейрам Аюбаевтың өз командасымен бірге пробацияның қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тиімділігін дәлелдеу әдісін тапқаны жайлы да айта кетті.
Сөз соңында «Қазақстан пробация қызметін жетілдіруде неге Нидерландының тәжірибесін таңдады?» деген сұрақты тарқата кетсек. Біріншіден, жоғарыда атап айтқанымыздай, Нидерланды халық саны жағынан бізбен шамалас. Екіншіден, бұл елде 100 мың адамға шаққанда сотталғандар саны 69-дан ғана келеді. Түрме индексі -175-орында.
Түрме халқын азайту есебінен мұнда бірнеше түрме жабылса, бірқатар түрмелерді Бельгия мен Норвегияға жалға берген. Осы жылы тағы да бірнеше түрмені жабу мүмкіндігі қарастырылуда. Нидерландыда қылмыстық жазаның үш түрі: бас бостандығынан айыру, қоғамдық жұмысқа тарту және айыппұл салу қолданылады. Алты айға дейінгі бас бостандығынан айыруды сот сотталушының қолдаухаты бойынша 1 күн қамауда ұстауды 2 сағат жұмыс есебінен қоғамдық жұмысқа ауыстыра алады. Мұнда пробация - Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құралған азаматтық қызмет. Пробация штатының 90 пайызы әлеуметтік қызметкерлерден тұрады және әр пробация қызметкеріне 25 сотталушыдан айналады. Сотқа дейінгі пробация құқық бұзушының жеке басын, кімдермен қарым-қатынас жасайтынын, отбасын, әлеуметтік жағынан тәуелділігін, өмір сүру салтын, қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен салдарын, мінез-құлқының қауіптілік дәрежесін зерттейді. Мұндағы басты мақсат құқық бұзушының жеке басын зерттеп, оның теріс әрекетке баруына не себеп болғанын анықтау болса, екінші мақсат - жинақталған ақпараттың негізінде құқық бұзушының психологиялық портретін жасау. Осындай жұмыстардың нәтижесінде күдіктінің рецидивке бейімділік деңгейі анықталып, сотқа жазалау түрлеріне ұсыныс жасалады. Барлық зерттеулердің нәтижесі бойынша сотқа дейінгі пробация сотқа өз баяндамасын ұсынып, өз тұжырымдарын белгілейді. Сотқа дейінгі пробацияның баяндамасын тыңдаған соң прокурор мен қорғаушының ұстанымын ескере отырып сот шешім қабылдайды. Сот жүз жағдайдың жетпісінде пробацияның пікірімен келіседі[4, 97б] . .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz