Афаризмдер мен фразеологзмді аудару


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Дипломдық жұмыс

Тақрыбы:Афаризмдер мен фразеологзмді аудару

Мамандығы: аударма ісі

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Афоризмдер мен фразеологизмдердің лингвистикадағы орны . . . 6

1. 1 Қазақ және ағылшын елінің афоризмдері мен фразеологизмдерінің классификациясы . . . 6

1. 2 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі тұрақты тіркестің конотативті мағыналары . . . 14

1. 3 Қазақ және ағылшын тіліндегі афоризмдер мен фразеологимздердің ұқсастығы . . . 22

2 Афоризмдер мен фразеологизмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері . . . 27

2. 1 Ағылшын тіліндегі афоризмдерді қазақ тіліне аудару мәселесі . . . 27

2. 2 Фразеологизмдердің көркем шығармалардағы қызметі және оларды аударудың жолдары . . . 32

2. 3 Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің қазақ тіліне аудару ерекшелігі . . . 36

2. 4 Ағылшын тіліндегі афоризмдер мен фразеологизмдердің семантикалық құрылымдарының ерекшеліктері . . . 41

3 Ағылшын көркем әдебиетіндегі тұрақты тіркестер мен нақыл сөздердің қолданылуы . . . 45

3. 1 Ағылшын жазушысы Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» романындағы афоризмдер . . . 45

3. 2 «Робинзон Крузо» романындағы фразеологизмдер . . . 50

Қорытынды . . . 57

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 61

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Жалпы, тіл білімінде афоризмдер мен фразеология мәселесі көп зерттеліп келеді десек те, әрбір әдеби тіл кезең ерекшелігін ашатын оның бай фразеологиялық қоры мен афориздердің құрамы туралы арнайы зерттеулер жүргізілген емес. Яғни біздің бұл тақырыпқа арнайы баруымыздың себебі, әдеби тіл дамуының ұлттық кезең сипатын танытатын алғашқы көркем шығармалардағы фразеологимдер мен афоризмдер ғылыми тұрғыдан зерттеу нысаны болған емес. Бұл - бір. Екіншіден, шындығында, әдеби тілдің ілгері дамуына азды-көпті үлес қосқан іріл-ұсақты кез келген қаламгердің аты аталып, шығармалары тілі жағынан да ғылыми айналымға енуі тиіс деген филологиядағы пікірлерді (профессор Б. Кенжебаев) ескеріп, алға тартар болсақ, зерттеу нысанының өзектлігі де осыдан анық көрінетіні сөзсіз.

Фразеологизмдер мен афоризмдерді бір тілден екінші тілге аудару мәселесі аса қажет, әрі барынша қиын проблема екенін сол еңбектерден және көркем әдебиетте қолданылып жүрген фразалық тіркестер табиғатынанақ тануға болады. Ғылымда фразеология мен афоризм мәселесі сөз бола бастаған уақыттан-ақ оны екінші тілге аудару жайы қарастырылып келеді. Аударма ел мен елдің арасына дәнекер болатын аса зор мағыналы құрал. Аудармамен шұғылданған бірде-бір зерттеуші фразеология мен афоризм мәселесін аттап өте алған емес. Тіркестердің аудармасын тікелей тексермегенмен, аудармашы-зерттеуші өзінің саласына қатысты тұстарда афоризм мен фразеология аудармасына байланысты пікірінайтып отырған. Бұл тұста ескеретін бір жайт, сол айтылған пікірлердің бәрі біркелкі емес екенін және ондай пікір қозғаушылар әрқилы ғылым өкілдері екенін есепке алған жөн. Жалпы аударма проблемасы жөнінде айтылып жүрген тұжырымдарды екі топқа бөлуге болар еді. Бірі әдебиетшілер тарапынан айтылған, екіншісі тілші ғалымдар ұстанған пайымдаулар. Бұл екі ағым өкілдері қызу қарқында қарсы дау айтысқанмен, кейін аударма теориясының өзіне ғана тән, өзіндік сырларына тереңірек үңіліп, көп жағдайда келісімге келген. Мұның өзі белгілі дәрежеде аударманың ғылым ретінде қалыптасып, әрқилы проблемаларын алға тартқанын танытады. Сонда да болса, біз аударма мәселелерін әдебиетшілер мен тілшілер қауымдаса тексеріп жатыр деп айта алмаймыз. Ғылым болған соң оның даулы, даусыз мәселелері толып жатады.

Көркем шығармада тілдің сөз байлығы мейлінше мол жұмсалып, әр алуан ой мен сезімді білдіретін тілдік мүмкіндіктерді кеңінен пайдалану орын алады. Яғни мұнда көркем тіл үшін икемділігі мол фразеологизмдер мен афоризмдер жинақталады. Осы арқылы өз кезегіңде әдеби тілдің дамуын жетілдіре, толықтыра түседі.

Шешендік нақылдар мен толғаулар - тіл маржаны, ақыл ойдың дариясы, кір шалмас ғұмырлы өсиеті.

Афоризм дегеніміз - белгілі бір оқиғаға байланысты тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және жұртшылық қабылдап елге тараған белгілі, үлгілі ойлар, тұжырымдар. Белгілі шешендер мен шешен билердің сөздері жазылып сақталмаған. Бізге тек ұзын ырғасы, желісі жеткен[1, 24б] .

Фразеологизмдер мен афоризм сөздер тыңдаушының эстетикалық сезімін оятып қана қоймайды, сөздің мағынасын күшейтіп нәр беріп, тәлімдік және білімдік қызмет те атқарады. Онда айтылмақ ой ұйқасымды афоризм сөздерге, терме тақпаққа, мақал - мәтелге құрылып, аз сөзге көп мағына сыйғызу көзделеді. айтылатын ойлар тыңдаушының санасын өсіріп, ақыл - ойын жетілдіруді, елін - жерін сүюді, ел қорғаған ерлерін қадірлеуді, батырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуді мақсат етеді.

Қазіргі таңда, әсіресе жаһантану заманында ізгілік, әдептілік сияқты ұлттық тағылымдар аяқасты болып, өктемдік, дөрекілік етек алып отырған кезде өткен ғасырлардағы ой толғамдардың бала тәрбиесіне берер білімдік те, тәлімдік те тағылымдарының мол екені даусыз.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Талай ғасырдан өтіп, ұрпақтан - ұрпаққа жетіп, халықтың рухани байлығына айналып отырған фразеологизмдер мен афоризмдер бүгінгі күннің де маңызды тәрбие құралы екенін атап, ағылшын елінің фразеологизмдер мен афоризмдерді қолдануын корсету.

Осы мақсатты ескере отырып мынадай міндеттер туындайды:

- Қазақ және ағылшын тіліндегі афоризмдер мен фразеологимздердің ұқсастығын қарастыру жəне олардың конотативті мағыналарын зерттеу;

- Афоризмдер мен фразеолоизмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселесін жəне аудару жолдарын қарастыру;

- Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің қазақ тіліне аудару ерекшеліктерін, семантикалық құрылымдарының ерекшеліктерін белгілеу;

- Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» романының негізінде афоризмдер мен фразеологизмдерді мысал ретінде алып талдау.

Жұмыстың теориялық және практикалық мәні. Жалпыхалықтық тілдегі фразеологизмдер мен афоризмдерді зерттеу олардың тілдік табиғатын теориялық тұрғыда тереңірек түсініп, теориялық зерттеудің, пайымдаулардың шеңберін кеңейте түседі. Әр типтегі фразеологиялық бірліктерді қарастырудың тәсілі мен әдісін нақтылай түсуде шамалы болса да әсерін тигізеді.

Іздену барысындағы байқаулар, қорытындылар мен тұжырымдар әдеби тіл үлгілеріндегі тұрақты сөз орамдарын қарастырудың теориялық мәселелерін айқындай түсуге септігін тигізеді.

Жұмыста пайдаланылған әдістер. Диплом жұмысын жазуда осы тектес зерттеулерде қолданылған сипаттама, аналитикалық талдау әдісі, тілдік фактілерді сипаттау әдісі, калька тәсілімен аудару қолданылады.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, 9 тармақшадан, қорытынды мен пайданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Афоризмдар мен фразеологимздердің лингвистикадағы орны

1. 1 Қазақ және ағылшын елінің афоризмдері мен фразеологизмдерінің классификациясы

Қазақ әдеби тіліндегі көркемдеу, әсірелеу тәсілінің ішінде фразеологизмдер мен афоризмдердің алатын орны ерекше. Афоризмдер мен фразеологизмдер - қандай да болмасын жанрдағы шығарма тілін жандандыратын, астарлап, бейнелей суреттеудің тұрақты орны бар құралы.

Афориздердің жіктелуіне келетін болсақ, олар махаббатқа байланысты, достыққа байланысты, ізгілікке, адамгершілікке, табиғатқа, басшылыққа тағы да басқа адам баласына ой салатын, тәрбие беретін бағыт-бағдар сілтейтін түрлері көп екендігін атап өткіміз келеді.

Ал, осы тұста, фразеологизмдерге келетін болсақ, оларды танып, білуде мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, қолдану тиянақтылығы сияқты белгілерге сүйене отырып, академик І. Кеңесбаев қазақ тілі құрамындағы фразеология құбылыстарын ең негізгі үлкен екі арнаға бөліп қарастырады:

1. Фразеологиялық тіркестер

2. Фразеологиялық түйдектер[2, 36б] .

К. Аханов жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралдарында В. Виноградовтың классификациясын негізге ала отырып, қазақ фразеологизмдерінің түрлерін былай жіктейді:

1. Фразеологиялық тізбек

2. Фразеологиялық тұтастық

3. Фразеологиялық сөйлемшелер

4. Фразеологиялық бірлік [3, 57б] .

М. Балақаев., Т. Қордабаев тіліміздегі тұрақты тіркестерді төмендегідей классификациялады:

1. Фразалық тіркестер

2. Идиомалық тіркестер [4, 28б] .

Зерттеуші Г. Смағұлова қазақ фразеологиясындағы мағыналас қатарлардың топтарын былай анықтайды:

1. Сезім жағдайы немесе жоғары эмоциялы фразеологизмдердің мағыналас, тақырыптық түрлері;

2. Адамның жеке басына тән қасиеттері туралы жасалған мағыналас фразеологизмдер;

3. Сезім әрекеттеріне қатысты жасалған фразеологизмдердің тақырыптық, мағыналас топтары;

4. Адамның жағымды, жағымсыз қимыл, әрекеттеріне негізделген мағыналас фразеологизмдер қатары;

5. Адамның сөйлеу дағдысы түрлерін сипаттайтын мағыналас тіркестер тобы.

6. Адамның сыртқы түр-әлпеті, жас мөлшері жөнінде қалыптасқан мағыналас тіркестер;

7. Адамның қоғамдағы әлеуметтік жағдайы, орны, тұрмысы туралы айтылатын тіркестер;

8. Табиғат құбылыстары, ауа-райына қатысты жасалған мағыналас топтар;

9. Киім, тамақ, денсаулыққа байланысты туған мағыналас фразеологизмдер;

10. Уақыт, кеңістік, өлшемге негізделген мағыналас фразеологизмдер қатары;

11. Адамның физикалық қалпын бейнелейтін фразеологизмдердің мағыналас ұялары;

12. Тілек, бата, ырым, садақаға байланысты айтылатын мағыналас фразеологизмдер;

13. Еңбек, өмір, тағдыр, дүние туралы айтылатын мағыналас тіркестер[5, 19б] .

Осы ғалымдардың жіктеулерін негізге ала отырып, қазақ және ағылшын тілдеріндегі уақыт, кеңістік өлшемге байланысты фразеологиялық бірліктердің іштей топталуына назар аударайық. Мұндай фразеологиялық бірліктер қазақ әдебиетінде көптеген авторлардың қолданыстарында көрініс табады. Мысалы: М. Әуезовтың «Абай жолы» романынан: «Сол бір ықылымнан бергі көп буындар тіршілігінің үнсіз куәсі осы мола «Сол күндегі елдің анандай иен көшін бастаған әруағымыз - Кеңгірбай!», « Бүгін мынау Абай тап бір ет асым жапа-жалғыз өзі сөйледі»»[6, 47б] . Тағы да басқа Ә. Нұрпейісовтің «Сең» шығармасынан: «Соңыра жазатайым мұз жарылса да, машина тұрқынан екі жағына құлаштан астам озып шыққан бөренелер қармалап ұстай қалатын амал-тұғын»[7, 23б] .

Қазақ тілі фразеологизмдерінің жіктелуі туралы мәселемен айналысқан ғалымдардың ішіндегі бірден бірегейі - Ә. Қайдар. Ә. Қайдар қазақ тіліндегі фразеологизмдерді төмендегідей үлкен алты топқа жіктейді:

І. Атаулы фразеологиялық бірліктер: құрамында екі, үш немесе одан да көп атаулы компоненттер бар (зат есім+зат есім, сын есім+зат есім, сан есім+зат есім) . Мысалы, қоян жүрек, қара шаңырақ, жеті түн.

1. Лексико-морфологиялық классификация. Мұнда фразеологиялық бірліктер құрамындағы сөздердің қандай сөз табына жататындығын қарастырады.

2. Етістікті фразеологиялық бірліктер - зат есім мен етістіктің тіркесуі нәтижесінде пайда болған. Мысалы, малтасын езу, құлақ миын жеу.

3. Әр түрлі сөз таптарынан құралған фразеологиялық бірліктер. Мысалы, шыбын шаққандай көрмеу, мойны жар бермеу, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс.

ІІ. Синтаксистік классификация

ІІІ. Құрылымдық-типологиялық классификация

ІҮ. Тақырыптық классификация

Ү. Семантикалық классификация

ҮІ. Стилистикалық классификация Уақыт, кеңістік, өлшемге негізделген фразеологизмдердің анық мысалдарын Ә. Қайдардың классификациясындағы пәндік-тақырыптық топтамасынан көруге болады. Ол тақырыптық классификациясын келесі топтармен анықтайды:

1. Зоонимикалық фразеологиялық бірліктер көшпелі қазақ халқының жануарлар әлемімен тығыз байланысты болғанымен түсіндіріледі. Кеңістікке, уақытқа, өлшемге негізделген сөздер зоонимикалық фразеологиялық бірліктер арқылы беріледі. Мысалы, қозы-көш жер, ат шаптырым жер, ит қайтқанда келді.

2. Соматикалық фразеологиялық бірліктер адамның дене мүшелері атауларын қолдану - бас қатыру, бастан құлақ садақа, бетіне салық қылу.

3. Өсімдіктер әлемі ұғымымен байланысты фразеологиялық бірліктер Мысалы: бетегеден биік, жусаннан алас; аузын қу шөппен сүрту.

4. Сандық фразеологиялық бірліктер. Мысалы, алты аласы, бес бересі жоқ[8, 56б] .

Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің шығу тегін, классификациясын зерттеуші ғалымдар өте көп. Олардың қатарында: Шадрин Н. Л., Смирницкий А. И., Руденко С. А., Смит Л. П., Кунин А. В., Алехина А. И., т. б. . А. В. Куниннің пайымдауынша, ағылшын тіліндегі фразеологизмдерді төмендегідей топтауға болады:

1. Искондық ағылшын фразеологизмдері; мысалы: bite off more than one can chew - көрпеңе қарай көсіл.

2. Тіл ішіндегі байланыс нәтижесінде пайда болған фразеологиялық бірліктер (американдық варианттар ағылшын вариантына ауысу) ; мысалы: sit on the fence - байқаусыз, елеусіз болу

3. Тіларалық байланыс нәтижесінде пайда болған фразеологиялық бірліктер (яғни, басқа тілден енген фБ) ; мысалы: Homeric laughter - Гомер күлкісіндей.

4. Шетелдік формаға негізделген фразеологиялық бірліктер - басқа тілде де дәл сол қалпында қолданыла беретін халықаралық сөздер болуы мүмкін. мысалы: corpus delicti - қылмыс құрамы.

Искондық ағылшын фразеологизмдері келесі топтарға бөлінеді:

1. Ағылшын халқының салт-дәстүріне байланысты фразеологиялық бірліктер: baker’s dozen - саудагердің айлығы (ағылшынның ежелгі салты бойынша саудагерлер айлық ақшаның орнына 12 нан алып отырған. Ал он үшінші нанды саудагердің пайдасына берген) ;

2. Ағылшын халқының тұрмыс-тіршілігіне байланысты фразеологиялық бірліктер: play fast and loose - отпен ойнау (ағылшын жәрмеңкесінде сиқыр ойын ойналған) ;

3. Ағылшын жазушыларының, оқымыстыларының атымен байланысты фразеологиялық бірліктер: The admirable Crichton - оқымысты, үлгілі адам, оқымысты күйеу (атақты шотланд ғалымы Джеймс Крайтонның есіміне байланысты) ;

4. Ертегі, мысалдардан алынған фразеологиялық бірліктер: the whole bag of tricks - сумка толған қулық, яғни, шексіз қу;

5. Әзіл-қалжыңға байланысты фразеологиялық бірліктер: drop the pilot - ақылды кеңесшіден бас тарту;

6. Ағылшын халқының наным-сеніміне байланысты айтылған фразеологиялық бірліктер: a black sheep - отбасын масқаралаған опасыз адам;

7. Астрологияға байланысты фразеологиялық бірліктер : be born under a lucky star - бақытты болып туылу;

8. Болжамдарға байланысты фразеологиялық бірліктер: halcyon days - қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныш заман;

9. Тарихи жағдайларға байланысты фразеологиялық бірліктер: the curse of Scotland - картадағы тоғыздық қызылайыр - Шотландия қырсығы. Жоғарыда келтірілген фразеологизмдердің ішінде уақыт, өлшемге негізделген түрлерінен мысалдар келтірілген: baker’s dozen, the whole bag of tricks.

3. Тіларалық байланыс нәтижесінде пайда болған фразеологиялық бірліктер көбінесе мифтер мен аңыздар арқылы басқа тілден енген фразеологиялық бірліктер: The sinews of war - соғысқа арналған ақша, қажетті қаржы Gilded youth - алтындай жастар Американдық варианттардан ағылшын тіліне енген тұрақты тіркестер, біздің байқауымызша, уақыт және өлшемге негізделген: Time is money - Уақыт - ақша. (Advice to a young Tradesman) Ships that pass in the night - Қас-қағым сәтте өтіп кетті. (Genry Longfello) The almighty dollar - ұлы, құдіретті доллар. (Washington Irving)

4. Басқа тілден енген фразеолозизмдер ағылшын тілінде көптеп кездесе бермейді. Көбінесе француз және латын тілдерінен енген сөздер қолданылады: Bon ton - тәрбиелі, инабатты. Persona grata - маңызды адам.

Мұндай фразеологизмдердің ішінде уақыт, өлшем, кеңістікке негізделген қолданыстар ездеспейді. Кунин А. В. фразеологизмдердің қатарына Шекспиризмді де қосып қарастырды. Яғни, Шекспирдің қолданысындағы тұрақты тіркестер. The be-all and end -all (“Macbeth”) - өмірдің мәні, өмірдің бүкіл мағынасы. Шекспиризмдердің ішінен біз уақыт, кеңістік, өлшемге негізделгенін бөлек алып қарастырамыз: By way of …humoring him to the top of his bent. (Ch. Dickens) Бұл мысалдағы to the top of his bent тіркесі қалағанынша, толығымен ұғымына сәйкес келеді

Colia: Well said: that was laid on with a trowel. (“As you like it”) Бұл мысалдағы was laid on with a trowel тіркесі түймедейден түйедей ету ұғымына сәйкес келеді. Шекспирден басқа да авторлардың осындай фразеологиялық бірліктерді орынды қолданғанын көреміз. Ол тұрақты тіркестердің қазақ тіліндегі баламасын дәл таба алмасақ та, уақытқа, кеңістік пен өлшемге негізделгенін мағынасынан аңғару қиын емес: How goes the enemy? (Nicholas Nickleby) - біздің жауымыз - уақыт қалай жүреді?- Сағат қанша болды?- деген мағынада. Мұнда автор уақытты жауға теңеп тұр[9, 73б] .

Қазақ тілінда мұндай қолданыс жоқ. Қазақтың нақтылы уақыт пен кеңістік туралы түсінігі көптеген фразеологизмдерге арқау болды. Уақытқа негізделген фразеологизмдер таң қылаң бергенде, таң құлан иектенгенде, т. б. тіркестер арқылы беріледі:

О. Бөкейханов «Ұйқым келмейді» шығармасында «Екінді өтіп, қас қарая, омартадағы бар жұмысты ыңғайлап тастаған қожайындар кешкі асқа жиналды. »

Екі елдің афоризмдері мен фразеологимдерін салыстыра келе, үш түрлі сипатқа тоқталып өткенді жөн көріп отырмыз. Қазақ тіліндегі уақыт, кеңістік, өлшемге негізделген фразеологизмдердің жеке өзін жоғарыда келтірілген ғалымдардың жіктеулерін басшылыққа ала отырып, қарастыратын болсақ, төмендегідей классификация жасауға болады:

1. Уақытқа негізделген :

А) Күн, түн, тәуліктік нақты уақытты сипаттауға негізделген; Екінді өтіп, қас қарая, омартадағы бар жұмысты ыңғайлап тастаған қожайындар кешкі асқа жиналды. О. Бөкеев «Ұйқым келмейді» [10, 38б] .

Ә) Адамның дене мүшелері арқылы сипатталатын

2. Кеңістікке негізделген:

А) Ұзындық, қашықтыққа негізделген деректі; Атаған кісілерімен оқшауланып бөлініп алып, бір топ салт атты ымырт жабыла бергенде Оспан қорасынан тай шаптырым жердегі кәрі аруақ - Кеңгірбайдың биік, шошақ моласына келіп, ат тұмсықтарын тіресті. М. Әуезов «Абай жолы»

Ә) Ұзындық, қашықтыққа негізделген дерексіз . Сол үшін де Абай тым құрыса қиялымен басқа өмірге, өзі сүйген басқаша көңіл мекеніне кетуге тырысады. М. Әуезов «Абай жолы»

2. Өлшемге негізделген:

А) Шапшаңдық, жылдамдыққа негізделген тұрмыстық (мал атауларымен байланысты) ұғымдағы; Сонда мына пәни жалған шыбыш ешкінің құйрығындай бір сермеуге де жарамай шолтаң етіп өте шықпай қайтер дейсің. Ә. Нұрпейісов «Сең»

Ә) Адамның, малдың дене мүшелері арқылы сипатталатын. Сәменнің қолындағы жіңішке қамшыны алды да, өзінің сегіз өрме, бұзау тіс дырау қамшысын ұстатты.

Ағылшын тіліндегі уақыт, кеңістік, өлшемге негізделген фразеологизмдерді А. В. Куниннің классификациясына сүйене отырып, төмендегідей топтастырамыз:

1. Уақытқа және өлшемге негізделген шекспиризмдер: The be-all and end -all (“Macbeth”) -өмірдің мәні, өмірдің бүкіл мағынасы.

2. Өлшемге негізделген американдық: Time is money - уақытты ақшамен өлшеу;

3. Кеңістікке негізделген өзге тілден енген дерексіз тіркестер: The golden mean - алдында емес, соңында емес, ортасында болу, бақытты, алтын орта. Қорыта келгенде, қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдердің қолданысында айтарлықтай ұқсастық бар десек те, олардың жіктелуін ғылыми тұрғыдан алып қарастырсақ, мүлде ұқсамайтынын байқаймыз.

Ағылшын тіліндегі фразеологизмдерді А. В. Кунин 4 топқа бөліп қарастырса, Ә. Қайдар қазақ тіліндегі фразеологизмдерді 6 топқа бөліп топтастырады. Куниннің классификациясында өзге тілден енген сөздерге баса назар аударылады, ал Ә. Қайдар өз классификациясында ұлттық наным-сенімдерді, халықтың әлеуметтік-экономикалық, тарихи өмір бейнесін назарға ала отырып топтастыруға тырысқан.

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі уақыт, кеңістік, өлшемге негізделген фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылу мүмкіндігіне және ерекшелігіне қарай топтастыруға тырыстық. Жүйелеу кезінде екі халықтың тарихи, әлеуметтік, ұлттық ерекшеліктері, наным-сенімдері, тілдік ерекшеліктері назарға алынды. Афоризмдер мен фразеологизмдердің екі тілдегі классификациясын қарастыру, толығымен зерттеу - болашақта үлкен ізденісті талап етеді.

1. 2 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі тұрақты тіркестің коннотативті мағыналары

Қазіргі тіл білімінде ерекше дамып келе жатқан когнитивті лингвистиканың негізінде тілді - адам дүниетанымының кілті, адам санасында ғалам туралы түсінікті құраушы, таным модельдері арқылы ашылатын білімнің коды, шындық пен шындықты игеруші сана арасындағы дәнекер, сондай-ақ сана қызметінің нәтижесі деп қарайтын когнитивтік көзқарас жатыр.

Тіл білімінің қазіргі даму кезеңі құрылымы әртүрлі тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеуге деген қызығушылықтың артуымен сипатталады және функционалды, прагматикалық, когнитивтік, антропоцентристік, лингвомәдениеттану және басқа да парадигмалардың қатар өмір сүруімен ерекшеленеді. Осы парадигмалардың ортасында жеке тұлға мен адам қызметінің әлеуметтік жағына деген қызығушылықты арттыратын антропоцентрлік әдістеме тұр. Аталған бағыттардың зерттеу нысаны - тіл мен мәдениет.

Коннотативтік лингвистика тіл мен сол тілдің иесі адам санасын тұтастықта қарастырып, тілдік білімді адам миының жемісі, күрделі ассоциативті-вербальды құрылым, болмысты рух пен ой бірлестігінде танытушы жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделеді. Конннтативтік үрдістің негізгі айырым белгісі тілді жаңаша зерттеуде жаңа тәсілдер еңгізуде ғана емес, таза танымдық бағдарының жаңалығында, тілді танымдық тұрғыдан қарауында[11, 49б] .

Бұл бөлім теңеуге логика-философиялық және лингвистикалық тұрғыдан мағлұмат беріліп, ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің мағына қалыптасу негіздері және мағыналық-тақырыптық топтары анықталып, екі тілдегі фразеологиялық теңеулердің концептілік құрылымы мен коннотативтік мағынасы топталып қарастырылып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары, әр тілге тән ерекшеліктері айқындалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие мақсаты – жан – жақты дамыған гармониялық тұлғаны қалыптастыру
30- жылдардағы қазақ басына төнген нәубетті оқыту
Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Жазушы Бауыржан Момышұлының ‟Ұшқан ұя повесі тілінің лексика - фразеологиялық ерекшелігі
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ТІЗБЕСІ
Жазушы Ақан Нұрманов Құланның ажалы романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелігі
Одан кейін сіз оқушыларға топта талқылау үшін сұрақ қоясыз
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Сөйлемнің дәлме-дәл аудармасы
Сөйлемді сөзбе сөз аудару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz