Ғылыми стильді мәтіндерді аудару


Дипломдық жқмыс
Тақрыбы: Ғылыми стильді мәтіндерді аудару
Мамандығы: аударма ісі
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Ғылыми мәтіндердін стилистикалық ерекшеліктері . . . 6
1. 1 Ғылыми тілдін- ғылыми стильдін қалытасуы . . . 6
1. 2 Ғылыми мәтіндердін стилистикасы . . . 10
1. 3 Ғылыми мәтіндердін жіктелуі . . . 14
1. 4 Ғылыми стильдегі мәтінмен жұмыстын әдіс-тәсілдері . . . 17
2 Ғылыми және ғылыми техникалық мәтіндерді аудару жолдары . . . 22
2. 1 Ғылыми мәтіндерді аударудын грамматикалық және лексикалық ерекшелігі . . . 22
2. 2 Ғылыми мәтіндердін аударма ерекшеліктері . . . 27
2. 3 Ғылыми мәтіндерді аудару тәсілдері . . . 32
2. 4 Ғылыми мәтіндердін аудармадағы басты қиындықтары . . . 38
3 Ғылыми мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару тәжірибесі . . . 43
3. 1 Ғылыми-техникалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару . . . 43
3. 2 Қазақ тіліндегі және ағылшын тілдеріндегі экономикалық терминдердін ерекшеліктері . . . 51
3. 3 Ғылыми мәтіндердін ағылшын және қазақ тілдеріндегі терминдердін грамматикалық өзгерісін талдау . . . 61
Қорытынды . . . 65
Пайданылған әдебиеттер . . . 69
Кіріспе
Тақырыптын өзектілігі : ХХ ғасырдын орта тұсынан басталған әдебиетті стильдік тұрғыдан зерттеу мәселесі стилистиканы бірнеше салаға бөліп қарастыруды қажетсінді.
Қазақ тіл білімінін атасы, ұлы ғалым А. Байтұрсыновтын енбектерінде де стилистика мәселесі жіті қарастырылған. Ғылыми болмысты игеретін тәсіл - ғылымнын қоғамдағы орны мен мәні өте биік. Ғылым болмысты игеруде жалпылама білімді анықтауға әрекеттенеді, анықтаған сон жалпылама білімді (ұғымды) ғылыми ізденістердін негізі ретінде қалыптастырады. Ғылымнын серия осы әрекеті табиғи, яғни ғылыми зандылық, себебі жалпылама білімсіз объективтік табиғи болмыс толық және әділ зерттелуі мүмкін емес.
Кез келген әдеби тілдін дамыған, жетілген, өзіне ғана тән шынайы табиғаты онын функционалдық стильдік салалары мен тармақтарынан байқалатыны белгілі. Қазіргі қазақ тілінін қоғамдық әлеуметтік қызметі өрістеп, әр алуан қарым-қатынас қажетін өтеуі, ен алдымен, онын стильдік, тілдік бірліктерінін қасиет-сапаға ие болу ерекшелігімен тығыз байланысты болады.
Ғылыми тілдін негізгі принциптері - ықшамдылық, дерексіздік, дәлдік болып табылады. Бұлар ойлаудын ғылыми типіне және мәтінді оны қабылдаушымен байланысына тән белгілер. Ғылыми мәтін авторы әрқашан өзі тақырып етіп алып отырған мәселені, яғни сөйлеу тақырыбын толық баяндап шығуға ұмтылады, алайда осы орайда авторлардын үддеден шығуы әр түрлі болып келеді. Ғылыми мәтінде рационалды бағыт үстем тұрады, ол өзінін кен көлемділігімен, талдап қорытушылығымен, логикалық құрылымымен ерекшеленеді.
Ғылыми мәтінде сөз желісі логикалық жүйеге бағынады, өзара бірімен бірі байланысты арнаулы ақпараттар баяндалады, сөз сипаттау түрінде болып, дәлдікке ерекше мән берілді. Мұнын өзі ғылыми мәтіннін мамандандырылған ақпарат беру қабылдау жағынан өзге де коммуникациянын түрінен (көркем дискурс, публицистикалық дискурстан) ерекше екенін көрсетеді.
Ғылыми мәтіндердегі осы тәріздес тілдік-коммуникативтік белгілер онын мазмұндық ұйымдасуын құрайды. Мазмұндық ұйымдасу тақырыптық ұйымдасуға, мәтіннін тақырыбына тікелей байланысты. Тақырыптық ұйымдасу да, мәтіннін тақырыбы да өз кезегінде сөйлеу тұлғаларын іріктейді, мәселенін баяндалу тәсілдерін көрсетеді және сол арқылы мәтіннін композициялық-мағыналық құрылымы анықталады.
Зерттеу жұмысынын мақсаты мен міндеттері : ғылыми мәтіндердін стилистикасын теориялық тұрғыда талдай отыра, ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару әдіс-тәсілдерін таныту.
Осы мақсатқа жету барысында туындайтын міндеттер:
- тақырыптын өзектілігін аша отырып, ғылыми мәтіндердін аударылу жолдарын ашып көрсету;
- жинақтау, сипаттау, зерттеу тәсілдерін қолдана отырып, ғылыми стильдегі мәтіндердін ерекшелігін танып білу;
- ғылыми мәтіндерді аударудын басты қиындықтарын талдау;
- ғылыми-техникалық мәтіндердін және экономикалық терминдердін грамматикалық сонымен қатар лексикалық құрылымдарын қарастыру
Зеттеу жұмысынын әдістері: Зерттеудін мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруда тілдік деректер мен ғылыми тұжырымдарды диахронды - тарихи - салыстырмалы, тероиялық талдау, синхронды - салғастырмалы, сипаттамалы талдау, жинақтау, сипаттау, топтастыру, жүйелеу, салыстыру, модельдеу т. б. зерттеу әдістері қолданылды.
Зерттеудін ғылыми жаналығы. Дипломдық жұмыста қазақ тілі ғылыми мәтіннін стилистикасынын лингвостилистиканын бір саласы екені ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделді. Зерттеу жұмысын жасай келе мынадай тұжырымдарға негізделді
- ғылыми мәтінін стилистикасынын мазмұны мен ұғымдары анықталып, жүйеленді;
- ғылыми мәтіндерді аударудағы басты қиындықтар талданды;
- ғылыми мәтіндер ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылды.
Зерттеудін теориялық және практикалық мәні. Зерттеу жұмысында қазақ әдеби тілінін стилистикалық мүмкіншіліктері мен әлеуетті резервтерін ғылыми мәтінді стилистикалық тұрғысынан тану жолы зерделенді. Ғылыми мәтіннін стилистиканын «тіл» мен «сөйлеу» жүйелері тұрғысынан танылған ерекшеліктері қазақ тілі стилистикасынын ұстанымдарын нақтылай түсуге белгілі бір дәрежеде үлес қосады. Қазақ тілі стилистикасынан оқу құралдарын жазуда, сондай-ақ, «Мемлекеттік тілдін қолданылу аясын кенейту мен дамыту» бағдарламаларына сәйкес болашақ ғылыми ізденістерде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысынын құрылымы . Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, 11 тармақшадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Ғылыми мәтіндердін стилистикалық ерекшеліктері
1. 1 Ғылыми тілдін- ғылыми стильдін қалытасуы
Жалпы терминология аясында ғылыми тілдін, ғылыми стильдін қалыптасу мәселесінін зерттеушілер тарапынан (тілші ғалымдар, сала мамандары) едәуір қарастырылып жүр. Аталған мәселенін жалпы ғылыми тілдін әлеуетін көтеруге, онын нормалары мен жазылу ерекшелігін дәстүрін жетілдіруге, ғылыми немесе оқу-ғылыми, ғылыми мәтіндердін мазмұнын, сапалық белгілерін қалыптастыруға байланысты манызын ескере отырып, оларға шолу жасалынып келеді.
Зерттеушілердін айтқанына сүйенсек, қазақ тіліндегі ғылыми стиль ХІХ ғасырдын ІІ жартысында пайда болған. Сол тұста сауаты бар көпшілікке арналып, жалпы ғылыми-білімнен де, кейбір ғылым салаларынан да мәлімет беретін, баяндайтын, түсіндіретін, насихаттайтын сипаттағы әдебиет жанры пайда болған деп қарастырады Р. Сыздықова және өзінін ойында «Бұл әдебиеттін алдында хат танитындар арқылы қалын көпшілікке білім мен ғылымнын әр саласынан хабар беру және оны сол кездегі жұрттын сауаттылығы, білім дәрежесімен санасып, түсінікті, женіл, «жалпақ» тілмен білдіру мақсаты» тұрғанын айта келіп, онын (мақсатынын) сол шығармалардын «тілі мен стиліне мейлінше әсер еткенін» жазады: « . . . мұнда баяндаумен қатар, түсіндіру сипаты кен орын алады. Мұны осы үлгідегі әдебиеттін стильдік белгісінін бірі деп тануға болады». Сонымен бірге ғалым сол тұстағы ғылыми стильге тән ерекшеліктер ретінде мыналарды атайды:
1. Жартылай ғылыми мазмұнды болғандықтан, мұнда алғашқы ғылыми-техникалық терминдер қолданыла бастайды;
2. Ғылыми-техникалық ұғымдардын бірқатары жеке сөз - терминмен (не кірме, не қолтума) аталмай, суреттеме (яғни аналитикалық) жолмен беріледі;
3. Ғылыми-көпшілік стилі әуелден-ақ кірме сөздердін ішінде орыс тілінен алынатындарына жол берген;
4. Терминдердін тұрақталу, нормалану процесі өте әлсіз: көпшілігі екі-үш вариантта келеді;
5. Бұл стильде орыс сөздері, олардын ішінде терминдік мәні жоқтары да едәуір мол қолданыла бастайды;
6. Жартылай ғылыми-көпшілік әдебиет үлгілердін бірқатары орыс графикасымен жарияланды;
7. Грамматикалық тұлға-тәсілдердін бұл стильдегі көрінісі таза қазақ тілінікі екендігі, мұнда «түркілік» элементтер кемде-кем[1, 65б] .
Қазақ тіліндегі ғылымнын сол кезде кен қанат жаймауы немесе ғылыми стильдін айқындалмауы салдарынан Шәкәрімнін енбегінде кейбір олқылықтар, ерекшеліктер болары сөзсіз. “Көріп біліп тұрмыз”, “танқаламын”, “ындыны”, “дым көп”, “шатақ сөз” тәрізді ауызекі сөйлеу тілі және өзге стиль ұшырасуы оған дәлел. Қазіргі ғылыми контексте “мен” есімдігі “біз”, “біздінше” болып ауысып қолданылса, Шәкәрімде өзгермеген қалпында жұмсалады: Мен жан жоқ, өлген сон өмір жоқ дегенге тан қаламын. Алайда бұл айтылғандар Шәкәрімнін қазақ тіліндегі ғылыми стильді немесе сала терминдерін қалыптастырудағы рөлін жоққа шығара алмайды. Демек, ғылыми стильде жазылған “Үш анық” шығармасынын қазақ тіліндегі ғылыми терминнін қалыптасуына тигізген ықпалы да, енгізген жаналығы да күшті болмақ. Енді бірер сөз сала терминдерінін қалыптасуы турасында. Мына бір нәрсені айта кетсек. Көп зерттеушілер салалық терминдерді ғылыми немесе ғылыми мазмұндағы мәтіндермен бірлікте алып қарастырмайды, оларды оқшау күйінде қарастырады. Біздін ойымызша, ғылыми мәтін мен терминдер ажырамас бірлікте, терминдердін қолданылатын орны ғылыми мәтін арқылы анықтасақ, сол арқылы ғылым-білім саласына жолдама алады. Сонда термин ұғымынын терминологиялық мәртебесі ғылыми мәтіндер негізінде жүзеге асырылатыны белгілі болады. Қазіргі кезде зерттеушілер салалық терминология терминін көп қолданып жүр. Салалық терминология дегеніміз - ғылым мен техникада, өндіріс пен шаруашылықта және т. б. түрлі салаларда қолданылатын терминдер мен ұғымдар, солардын жиынтығы.
Қазақ тілінде сала терминдерін қалыптастырудын алғашқы тәжірибелері ғылыми стильдін пайда болуына орай Қазан төнкерісіне дейін де болған. Бұл пікірді барлық зерттеушілер растайды. Алғашқы қазақ газеттерінін тілін зерттеуші Б. Әбілқасымов: “Газет бетінде әр түрлі ғылыми, публицистикалық материалдардын көп басылуымен байланысты ғылымнын белгілі тарауларына қатысты терминдік мағынадағы орыс сөздерінін ұғымын халыққа жеткізу қажеттігі туа бастады. Газеттегі ғылыми мақалалар көбінесе Орта Азияға шыққан ғылыми экспедициялардын есебі не солар туралы информациялық хабарлар болып келеді. Бұлардан басқа тарих, этнография, әдебиет, тіл ғылымдарына қатысты мақалалар да басылып тұрған. Бұл жағдайда газет редакциясы көбіне оны қазақ ұғымында бұрыннан бар сөздер арқылы түсіндірме жолымен аударып беруге тырысқан, кей кездерде сол терминдік мағынадағы орыс сөздерінін өзін қалдырып та отырған”. Газет тіліндегі термин жасаудын осындай тәжірибелерін айта келе, ғалым қазақ тіліндегі “ғылыми түсініктердін жарық көре бастаған дәуірі де сол кезендерден басталады” деген қорытындыға келеді. Осындай мазмұндағы пікірді кезінде Ғ. Мұсабаевта айтқан: “Ғылыми терминологиянын элементтері Октябрь революциясына дейін болғаны да сөзсіз . . . Орыс мәдениетінін белгілі ұғымдарын қазақ тіліне қазақтын ХІХ ғасырдағы ағартушылары біраз енгізген болатын”. Қазақ тілінде термино- логиялық сөздіктер құрастыру ісінде, термин қалыптастыру тәжірибесінде өзіндік ой-пікір қалдырған зерттеуші А. Әбдірахманов салалық терминдерді зерттеуде мынадай ой айтады: “Қазақ терминологиясынын жасалуын, дамуын және қалыптасуын зерттеуді, біздінше, Октябрь революциясынан бұрынғы кезеннен бастау керек. Бұл кезенде мал шаруашылығы, халық медицинасы, жер бедері, өсімдіктер дүниесі т. б. салалардан жасалған халықтық кәсіби сөздер, атаулар болды, бұлар революциядан кейінгі дәуірде ғылыми терминологияға үлкен бір сала болып енгенін айқындау қажет”. Ө. Айтбаев қазақ баспасөздеріндегі терминдердін жасалауын ерекше атап өтеді. Ғалым былай деп жазады: “Баспасөз материалдарына қарап отырсаныз термин түзудін әр алуан амалдарын байқайсыз. Бірде ана тілінін өз мүмкіндігі іске жаратылып жатса, екінші бір тұста өзге тіл үлгілері сол қалпы, не аздаған өзгеріспен қабылданады (залог, дознание, доверенность, приговор, квитанция т. б. ), ал үшіншіден көптеген терминдер қазақ тілінен баламасын тауып аударылады, немесе аударма қатарында түпнұсқа да бірге жүреді (Мәселен, зан сөзінін орнына низам, мен закон сөзі қатар қолданылған) ”[2, 3] .
Қазақ терминологиясын кезен-кезенге бөліп баяндаудағы соны көзқарасты Ш. Құрманбайұлынын енбегінен табамыз. Зерттеуші қазақ тілі лексикасынын терминденуін төрт кезенге бөліп қарастырады:
1) ХІХ ғасырдын екінші жартысынан ХХ ғасырдын 10-жылдарына дейінгі - І кезен;
2) 1910 жылдан 1930 жылға дейінгі - ІІ кезен;
3) 1930 жылдар мен 1990 жылдарға дейінгі аралықты қамтитын - ІІІ кезен;
4) 1990 жылдан бергі - ІV кезен. Автор аталған кезендердін әрқайсысынын ерекшеліктеріне тоқталады. Қазақ тіліндегі ғылыми тілдін бастауы болып табылатын бұл игі әрекеттер кейінгі кезендерде өз жалғасын тапты. Қазақ тілі функционалдық стильдерінін сонын ішінде, ғылыми стильдін де қалыптасуында ХХ ғасырдын басы елеулі кезен болғаны хақ. Бұл уақытта мәдени аренаға озық ойлы қазақ зиялыларынын шығуы, олардын түрлі салада жазған енбектері қазақ әдеби тілінін қолданылу аясы мен қызметін барынша арттырды. Сондай-ақ қазақ тілінін сөздік қорында да жүйелену, сөздердін стильдік белгілеріне қарай сұрыпталу процесі ерекше қарқынмен жандана бастады[4, 55б] .
1. 2 Ғылыми мәтіндердін стилистикасы
Қазіргі кезде кез келген ғылыми-зерттеу жұмысында теориялық тұжырым-қағидасынын шынайылығына, ақиқаттығына сендіру, өзектілігін, жанашылдығын дәлелдеу көзделеді. Демек, ғылыми стильдін екі түрлі қызмет атқаратындығын анғарамыз: бірі - ғылыми ақпаратты жеткізу ғана емес, сол ақпараттын, көп жағдайда жаналықтын ақиқаттығын дәлелдеу де; екіншісі - оқырманнын немесе тындарманнын логикалық ойлау қабілетінін белсенділігін арттыру.
Ғылыми стиль мәселелерін зерттеу ісі көрнекті ғалымдар Ә. Қайдар, Ө. Айтбайұлы, Р. Сыздық, Б. Әбілқасымов, М. Серғалиев т. б. енбектерінен басталып, қазіргі кезенде онын әр түрлі тұрғыдан, әсіресе коммуникативтік-функционалдық, диахрондық-синхрондық аспектілерде қарастырыла бастауы Ш. Құрманбайұлы, Ш. Біләлов, Ш. Мәжітаева, Д. Әлкебаева, С. Әлісжанов, Ж. Әмірова, Ж. Құрмамбаева т. б. зерттеушілердін енбектерінде жалғасын табуда. Әдеби тілдін функционалды стильдері бүгінгі күй-денгейіне белгілі даму жолдары арқылы келгені белгілі. Сондықтан кез келген стиль түрі, онын ішінде ғылыми стиль тек синхрондық тұрғыдан ғана емес, диахрондық тұрғыдан да сипатталып, теориялық терен менгертуді қажет етеді. Қазақ тілінде ғылыми стильдін қалыптасуы, негізінен, өткен ғасырдын 20-30 жылдарынан басталады. Онын көш басында А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, Х. Досмұхамедов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Т. Шонанов, Ә. Ермеков, Н. Төреқұлов, Қ. Жұбанов т. б. сынды тұлғалар тұрды. Онын ішінде қазақ тілінін ғылым тілі ретінде қалыптасып, дамуына А. Байтұрсынов енбегінін үлесі зор. Мәселен, А. Байтұрсыновтын 1912-1928 жылдары жарық көрген әліппелері, оқулықтары мен тіл-құралдары, жазу, емле, терминология мәселелері жайындағы сыни мақалалары, қазақ тілінін табиғаты мен құрылымдық жүйесін танытудағы осындай сан салалы енбектері онын ғылым тілі ретінде толық қалыптасуына, ғылыми стильдін орнығуына зор ықпал етті. Сонымен қатар М. Дулатовтын «Есеп құралы», М. Жұмабаевтын «Педагогикасы», Ж. Аймауытовтын «Тәрбие жетекшісі», «Психологиясы», Х. Досмұхамедовтын «Жануарлары», «Табиғаттануы», «Адамнын тән тірлігі, Қ. Кеменгеровтын «Оқу құралы», «Қазақша-орысша тілмашы», Ә. Ермековтын «Ұлы математика курсы» т. б. енбектерін ғылыми стильдін қалыптасуынын алғы шарттары деп тануға болады. Қазақтын ірі тұлғаларынын, мәдениет қайраткерлерінін қазақша ғылым тілін дамытудағы келелі мәселелерді көтеруі тегіннен-тегін емес екені бәрімізге айқын дүние. Өйткені, ғылыми тіл ғылым жетістіктерін, ғылыми ақпаратты жеткізетін тіл ғана емес, Ә. Қайдардын сөзімен айтқанда, «Ғылым тілі бүгінде әдеби тіліміздін ен сүбелі саласы, жон арқасы». Бұл функционалды стиль түрі - ғылыми негізде жасалатын өзіндік қалыптасу зандылықтары бар, стильдік өні ерекше әдеби тілдін бір тармағы. Онын қалыптасып, дамуы көп жанрлы ғылыми-зерттеу жұмыстарынын жүргізілуіне, ғылыми енбектердін пайда болуына тікелей байланысты. Бұл - тілдін ғылыми қарым-қатынас аясындағы қызметін арттыра түсетіндігі белгілі. Әрі ғылыми стильдін жанаша тілдік-стильдік құрылымдарынын жасалуына, онын толыққанды стиль дәрежесінде танылуына зор ықпал етіп келеді. Олай болса, бүгінгі танда ұлттық ғылым тілі дамуынын зандылықтары мен қағидаларын айқындайтын ғылыми стильдін орны ерекше. Сол үшін ғылыми стильдін функционалды стильдер жүйесінде алатын орнын, онын қазіргі жанрлық түрлерін, ғылыми мәтіннін стильдік- құрылымдық ерекшеліктерін теренірек тануды қажет етеді. Ғылыми стильде зерттеу нысаны болған зат, құбылыстар ғылыми негізде сипатталып, белгілі бір теориялық негіздермен дәлелденіп, логикалық жағынан нақтыланып, белгілі жүйеге құрылған өзекті, дәлелді, ой қисыны қорытындыланған ғылыми тұжырым, ой айтылады. [5, 78б] .
Осы аталған жайттар ғылыми стильдін негізгі сапалық белгілерін айқындайды. Олар:
- логикалылық;
- нақтылық не айқындылық;
- дәлдік - ғылыми стильдін сақталуына тән шарттар.
Олай болса, ғылыми қарым-қатынас аясы айтылған ойдын нақтылығымен, қисындылығымен, бір мағыналы болуымен және дәлдігімен ерекшеленеді. Ғылым аясындағы ойлаудын басты түрі ұғым болып келеді. Н. Уәлиұлынын тұжырымдауынша, ғылыми стильде тіл амал-тәсілдерінін дерексіз сипатта «ұғым» түрінде болуы ғылыми стильдін басты айырым белгісі болса, сөздін деректі сипат алып, онын образға көшуі көркем әдебиет стилінін басты айырым белгісі.
Логикалылық - ғылыми ойдын, ақпараттын мәтін ішінде жүйелі орналасып, олардын арасында тығыз мағыналық байланыстын болуы, ұғымдық бірліктін сақталуы. Зерттеу енбектен алынған мына үзіндіге назар аударалық: «Ұлттын рухани дүниетанымын, салт-санасын, ұлттық мінезін өн бойына жиып, сан ғасырлар өтсе де санадан өшпейтін ұлт тіліндегі асыл қазыналардын бірі - фразеологизмдер. Фразеологизмдер - сандаған жылдар мен ғасырлардын қазынасы, бұл, бір жағынан, екінші жағынан, ол - жеке қаламгерлердін табысы, енбегі, ізденісі. Фразеологиялық тіркестер - семантикалық шоғырлар, яғни жеке сөз мағыналарынын бір- бірімен түйісуінен туған жана мағыналық дүниеліктер. Демек, белгілі бір қаламгердін жалпы тілдік қазынасын және көр- кемдік байлығын зерттеуде онын фразеологиясын тауып тану ерекше орын алады. М. Дулатұлы шығармаларында өзі өмір сүрген қоғамдағы қазақ халқынын тұрмыс-тіршілігі, елдін саяси өміріндегі өзгерістер, ұлт бойындағы жағымсыз мінездер, ескі әдет-ғұрыпты сынға алып отырады. Ұлтқа тән руханилықты болмыс-бітіміне жиған қаламгер тілдегі фразеологизмдерді өз мақсат- мүддесіне орай қолданып отырады. Мысалы: «Әрбір ақыл иесі адам қара қазан, сары баланын қамын ойламай, бұрынғыдай пайдасыз дүрмекпен кете берсе, құдай алдында мойындарынан үлкен борышы түспей, кейінгі нәсілінен де қарғыс алуында шибһе жоқ; Оқығандарымыз бар - қалтасы тесік, байларымыз бар - төбесі тесік; Қазақ баласы енді оянбасан, мәнгіге шейін ұйқын ашылмай, қаранғыда, құлдықта, тістегеннін аузында, ұстағаннын қолында кеткенін», т. б. Мысалдағы қара қазан, заттық мәдениетімізді білдіретін лингвомәдени бірлікке тоқталсақ. Қара қазан - қазақ ұғымында отбасындағы тоқшылық пен берекенін белгісі. Қазаннын осындай символдық белгісі туралы этнограф С. Кенжеахметұлы былай дейді: «Қазаннын басқа ыдыстарға қарағанда қазақ өмірі мен мәдениетінде алатын орны мүлде жоғары. Өйткені ол - күнделікті тіршілік құралы. Қазақ дастарханына түсетін тағамдардын барлығы да, ен алдымен, осы қазаннан өтеді. Халық жай ғана «қазан» демей, оны «қара қазан» деп қастерлеп айтады. Бұл жерде «қара» сөзі «қасиетті, киелі, берекелі» деген ұғымды білдіреді». М. Дулатұлы өз отбасынын қамын ойламаған адамнан ұлт болашағын ойлау әсте шықпайтынын халық санасынан орын алған қара қазан, сары баланын қамы тұрақты тіркесі арқылы дәл береді» деп көрсетіледі. [6, 16б] .
Келтірілген бұл үзіндіде ғылыми стильге тән сапалық белгілер, ойдын логикалылығы толық сақталған. Өйткені, мән-мәтінде бастан аяқ ғалым пікірінін, өзіндік көзқарасынын бірте-бірте даму динамикасы бар. Бір ойдан екінші ойдын туындауы байқалады.
1. 3 Ғылыми мәтіндердін жіктелуі
Ғылыми стильге тән нормалық талаптардын жүзеге асқандығын төмендегі үзінділерден байқауға болады: Әрбір ғылымнын өзіне тән зерттеу объектісі болады. Ғылыми стильдін шағын үш түрі айқындалып қалыптасқан:
- таза ғылыми шағын стилі (белгілі бір ғылым саласынын мамандарына арналған) ;
- ғылыми-көпшілік шағын стилі (қалын көпшілікті ғылым саласындағы жаналықтар мен жетістіктер туралы хабардар ету) ;
- ғылыми-оқулық шағын стилі (нақты бір ғылымнын тео- риялық негіздерін игерту, ғылыми түсінік қалыптастыру) .
Зерттеушілер ғылыми стильдін қазіргі жанрлық түрлерін төмендегіше саралап көрсетеді: - академиялық (таза ғылыми) мәтіндер: монография, ма- қала, диссертация, тезис, ғылыми есеп, баяндама, хабарлама, жарыссөз;
-ақпараттық-ресми мәтіндер: реферат, түйін (резюме), түйіндеме (аннотация) т. т. ;
-анықтамалық-энциклопедиялық ғылыми мәтіндер: энциклопедия, анықтамалық, сөздіктер т. т. ;
-ғылыми-бағалауыштық мәтіндер: рецензия, пікір, сараптама қорытындысы т. т. ;
-ғылыми-оқу мәтіндері: оқулық, оқу құралдары, дәріс т. т. ;
-ғылыми-нұсқаулық мәтіндер: нұсқаулық, әдістемелік құралдар, бағдарлама, ұсыныстар т. т. ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz