Керей атауына қатысты тұрақты тіркестердің тарихи-лингвомәдени ерекшелігі


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 99 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті

Гуманитарлық факультет

Филология кафедрасы

ӘОЖ

Сыздықова Гүлнәр Жұмабекқызы

Тақырыбы: «Керей» атауына қатысты тұрақты тіркестердің тарихи-лингвомәдени ерекшелігі

6М020500 «Филология»

Филология мамандығы бойынша гуманитарлық ғылым магистрі дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация жұмысы

Ғылыми жетекші: ф. ғ. д. Ш. Б. Сейітова

Кафедра меңгерушісі: Төлебаева Қ. Т.

Семей қаласы, 2017 жыл

Диссертация жұмысы

Тақырыбы: «Керей» атауына қатысты тұрақты тіркестердің тарихи-лингвомәдени ерекшелігі

Мамандығы: филология

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ ОРТА ЖҮЗ КЕРЕЙ ТАЙПАСЫНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ТАРИХЫ МЕН ШЕЖІРЕСІ

1. 1 Орта жүз тарихына қысқаша сипаттама . . . 6

1. 2 Орта жүз ру-тайналарының орналасуы . . . 19

1. 3 ХVІІІ және ХІХ ғасырлардағы керей тайпаларының орналасуы . . . 24

1. 4 Керейлердің ХІХ және ХХ ғасыр басындағы орналасуы . . . 25

2 КЕРЕЙ АТАУЫНЫҢ ТАРИХИ-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

2. 1 Керей атауының тарихи сипаты . . . 32

2. 2 Керей этнонимінің тарихи-лингвистикалық сипаты . . . 48

2. 3 Керей атауының этимологиялық ерекшелігі . . . 53

2. 4 Шығыс Қазақстан аймағындағы ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің таксондық жіктелуі . . . 56

2. 5 Керей тайпасына қатысты қалыптасқан тұрақты тіркестер . . . 64

2. 6 Шығыс Қазақстан аймағындағы кәсіпке қатысты ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаттамасы . . . 69

2. 7 Шығыс Қазақстан аймағындағы этнонимдердің этномәдени уәжділігі . . . 74

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 81

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 82

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда ұлт мәдениетін жаңғыртып, тануда, әсіресе бұрынғы кеңестік жүйеде өмір сүрген сан ұлттар тарихын зерделеу, тарих қойнауынан тіл арқылы жеткен мәдениеттің мәйегін таразылау, салмақтысын, сапалысын сол ұлттың рухани арқауы ету өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны сөзсіз. Ел егемендігінің оң өзгерістері қазақ қоғамында тың серпін туғызып, елдің рухани жадынан ұмыт бола жаздаған ата мұраға - төл тарихымыз бен мәдениетіміздің, әдебиетіміз бен өнеріміздің асыл қазыналарына қайта үңілуге мол мүмкіндіктер алып берді. Халқымыздың елдігін, ұлан-байтақ жеріміздің тұтастығын сипаттайтын аталы да кестелі сөздердің ұлт болмысына сай сыр-сипаты ашыла бастады.

Халқымыздың ежелден дәріптеп, қастерлеп келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып отырған қазақ ескіліктерін құрайтын рухани құндылықтардың бірі - ата-баба шежіресі, аңыз-әпсаналардан аршып алынған мағыналық бірліктер, ел ішіндегі көзі қарақты, көкірегі ояу саналы адамдардың аузынан, мұражайлардан, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған, жинастырылған тілдік материал жаңа сапада, «ұлт пен мәдениет» сабақтастығында зерттеу нысанына айнала бастады.

Осымен байланысты ХХI ғасыр тіл білімінде тілді тек қарым-қатынас құралы емес, сонымен қатар ұлттың мәдени ақпараты жинақталған код ретінде қарастыратын бағыт қалыптасып, тіл білімі ғылымының дамуы антропоөзектік бағытта жүргізілген зерттеулермен толығуда. Бұл тектес зерттеулерге дәйек болатын кез келген халықтың ерекшелігі, менталитеті тілінен көрініс тауып, оның барлық деңгейлерінен байқалатыны мәлім. Осы тұрғыдан мазмұны ұлттық, тұлғасы сан алуан тұрақты тіркестердің күрделі табиғатын толық біліп, жете түсіну, оның толып жатқан сан-салалы мәселесін әлі де жан-жақты зерттей түсудің мәні ерекше.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Шығыс Қазақстан аймағын қоныстанған тайпалардың бірі- керей тайпасы деп саналса, керей тайпасына қатысты тарихи деректер, олардың орналасуы, рулық құрамы, этимологиялық ерекшелігі, тарихи-лингвистикалық сипаты, жіктелуі жайлы қарастырылуы жұмыстың өзектілігін көрсетеді. Бұл аймақта көптеген тұрақты тіркестер тарихи оқиғалар мен белгілі бір жағдаяттарға қатысты кісі есіміне байланысты жасалып, уақыт өте келе тұрақты тіркес дәрежесіне көтерілген. Ру-тайпа, оның құрамы, еліне байланысты айтылған қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты теңеулер, бойына ақпараттық мән жинаған тұрақты тіркестер- бүгінгі күнге дейін ел аузында сақталған.

жүздегі алты

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - Орта арыс елдің бірі - керей, яғни Шығыс Қазақстан аймағында қоныстанған осы ру-тайпаға қатысты қалыптасқан атаулар мен тұрақты тіркестердің тарихи-тілдік табиғатын, уәждену ерекшелігін қарастыру. Ру-тайпа атауларынан, тарихи тұлға есімдерінен қалыптасқан тұрақты тіркестерді таксондық тұрғыдан жіктеу, тарихи-лингвистикалық сипатын анықтау. Осы мақсаттарды шешу үшін мынадай міндеттер қойылды:

- Шығыс Қазақстан аймағындағы этнонимдердің тарихи сипатына шолу жасау;

- Керей тайпасына қатысты тарихи мәліметтерге тоқтала отырып, негізгі ерекшеліктерін қарастыру;

- Керей тайпасының ХIII-ХIХ ғғ. орналасу ерекшелігін қарастыру;

- Керей атауына қатысты тарихи-лингвистикалық сипатын қарастыру;

- Керей атауының этимологиялық ерекшелігін қарастыру;

- Керей атауына қатысты қалыптасқан тұрақты тіркестердің таксономиялық жігін анықтау;

Зерттеу жұмысының нысаны. Орта жүз руларының бірі - керей атауының шығуы туралы әртүрлі пікірлер бар. Бірнешеуі қатар жарыса қолданылып жүрген балама атауы бар ру-тайпа, ұлыс пен халықтарды жиі кездестіруге болады. Әртүрлі еңбектердегі керей атауларының берілу сипатын топтастырғанда он шақты аталым екендігі көрінді.

Зерттеу пәні. Қазіргі қазақ тілі

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Керей атауына қатысты мәліметтерді тарихи, тарихи-лингвистикалық тұрғыдан қарастыру, атау сөздердің, ру атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің мазмұны, құрылымы, жүйесі, негізі - осыған дейін қазақ ономастикасы мен диалектологиясында да арнайы зерттеу нысанына айналмаған, тың тақырып. Сондықтан керей атауы, оған қатысты қалыптасқан тұрақты тіркестер алғаш рет зерттеу нысанына айналып отыр деп нық айта аламыз. Аталмыш атауларға, тұрақты тіркестердің мазмұн межесіне тірек, негіз - ұлттың өміріндегі әртүрлі құбылыстар, күнделікті тұрмыс-тіршілік әрекеті нәтижесінде туындайтын сан алуан жағдаяттар. Тұрақты тіркестерде рудың, оның бір тармағының, табының сипатын ашатын, табиғатын тап басып танытатын, тапжылтпас ақиқат, ақпараттық мән болатындығы дау тудырмаса керек.

Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық маңызы. Жұмыстың баса айтылуға тиісті деген теориялық маңызына, алдымен, мынаны айтар едік: қазақ халқының ұлттық дүниетанымы, менталитеті, мәдениеті, білім қоры, табиғаты, болмысы туралы бұрынғы Кеңес дәуірі заманында қырқылып қалған мәліметтер мен деректердің орнын толтыру: ұлттық мәні бар, мазмұны бар деректерді сүзгіден алып шығып, ұлт болмысын танытатын ақпарат көзі ретінде зерделеу. «Ру», «жүз», «тайпа», «шежіре», «арғын», «найман» т. б. ұғымдар мен атауларға, этноқұрылымдық жүйе мен төл мәдениетіне сәйкес ұлт тарихы, ұлт құндылығы деп қарастырылды. Осы жұмыстың кейбір теориялық мәселелері мен талдамалары қазақ лексикологиясы, диалектологиясының теориялық жақтан толықтырылуына белгілі дәрежеде өз үлесін қосады деп ойлаймыз. Зерттеу барысын және ұстанымдары мен нәтижелерін қазақ лексикологиясы, этнологиясы, этимологиясына қатысты кейбір мәселелерді зерттеуде пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы. Жұмыс нәтижесі болашақта этнолингвистикалық сөздік жасау ісіне материал бола алады.

Зерттеу барысында қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

  • қазақ халқының шежіреге қатысты этнолингвистикалық ерекшеліктері айқындалады; шежірелерді түрік көшпелі жұртының тарихты баяндау принципіне айналған құбылыс ретінде қарастыру; әр ауданға қатысты жинақталған материал негізінде облыстық, республикалық, халықаралық семинар, дөңгелек үстел, конференция жұмыстарына қатысып, мақала әзірленеді және баспасөз беттерінде мақала жарияланады.

Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Керей атауына қатысты уәжділік үрдісі мен лексика-грамматикалық модельдерін айқындауда аналитикалық-синтетикалық, кейбір мағыналық бірліктердің екінші деңгейлік мағынасын қарастыруда тарихи-салыстырмалы тәсіл қолданылды. Зерттеу барысында диахрондық-синхрондық сипаттау, салғастыру, жүйелеу, топтау, семасиологиялық, этнолингвистикалық талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Магистрлік диссертация кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ ОРТА ЖҮЗ КЕРЕЙ

ТАЙПАСЫНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ТАРИХЫ МЕН ШЕЖІРЕСІ

  1. Орта жүз тарихына қысқаша сипаттама

Ата-текке қатысты қария сөздерде Орта жүз елдері үш Арыстың ортаншысы Жанарыстан (біраз шежірелер оны тек Бекарыс деп таниды) тарайды. Және көп нұсқада мұсылманшылық негізімізге бейімделіп реттестірілген жіктелістің әсер-ықпалы айрықша байқалып жатады. Ол ыңғай бойынша ел аралаған алты қожа қөптен бала көрмей зарығып жүрген Жанарыстың үйіне келіп қонады. Кетерінде үй иелерінің қонақжай пейілдеріне риза болған қожалар осы шаңыраққа перзент тілеп бата береді. Сонан кейін көп ұзамай Жанарыс отауында бірінен соң бірі алты ұл дүниеге келеді. Оларға сол аяғы құтты қожалардың құрметіне орай Қарақожа, Аққожа, Ақтанқожа, Дарақожа, Есімқожа, Қасымқожа деп ат қояды. Қарақожадан - Арғын, Аққожадан - Найман, Қоңырат, Ақтанқожадан - Қыпшақ, Даракожадан - Тарақты, Есімқожадан - Қерей, Қасымқожадан -Уақ туыпты делінеді. Енді бір нұсқаларда қүллі Орта жүз бір Қарақожадан таралады. Ол бойынша Қарақожаның бәйбішесінен Нұржан деген қыз, екінші әйелінен Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, үшінші әйелінен Керей, Уақ туады. Тарақты шежірелерінің сипаттауы бойынша, Нұржан қыздың ұзатылып барған адамы жаугершілікте қайтыс болады да, ол үйіне қайтып келіп отырғанда, Қарақожаның көптен бала көтермей кеткен бәйбішесі босанып, Тарақты туады. (Бір шіжереде ол Жолдыбай деп аталып, Тарақты оның баласы Нияздың қосымша аты еді деп те түсіндіріледі) . Қарақожа қартайып дүниеден өткесін, оның шаңырағына ие болар сүт кенжесі Тарақты ең үлкең ағасы -Арғынның қолында тәрбиеленеді. Қария сөздерде Тарақтының есейе келе бүкіл Орта жүзге «ноқта ағасы» атануының бір қисыны да осыдан - оның әрі кенже, әрі бәйбіше баласы болуынан деп түсіндіріледі. Сондай-ақ көп шежірелерде ол арғыннан бөлінген бір тап және, соның «ноқта ағасы» деп те тұжырымдалады.

Тағы бір шежірелер бойынша Жанарыстан Сармантай туады. Оның бәйбішесінен - Ақсұпы, Қарақожа, тоқалынан - Тумабай (Қоянбай), Жарғақ, Ақсұпыдан -Қоңырат, Найман, Қарақожадан - Арғын, Қыпшақ туады. Тумабайдан (Қоянбайдан) - Қерей, Жарғақтан - Уақ тарайды. Осы тектес тағы бір нұскаға сүйенсек, Жанарыстан (Бекарыс) - Сармантай, Шомак, Шомақтан - Ақтанқожа, Қасымқожа, Қарақожадан-Арғын, Тарақты, Жүсіпқожадан - Найман, Нағанай (одан - Нақат, одан - Орынбай, одан - Моларбай (Қоңырат), Ақтанқожадан - Қыпшақ, Қасымқожадан - Керей, Уақ . . .

Шежірелер сарынындағы осы іспеттес әрқилы нұсқаларға назар аударған кезде, ондағы қожаларға қатысты сөздердің еш ақиқатқа үйлеспейтіндігі өз-өзінен түсінікті. Себебі тарих ғылымы бұл халықтардың Ұлы Далаға ісләм діні келместен талай заман бұрын ат дүбірлетіп, байрақ желбіреткен қабырғалы ел болғанын алға тартады. Дегенмен шежірелеріміздің көбіне тән бір ерекшелік - «мен мұны бір кезде әлдебір ақсақалдан естіген едім (не жазып алған едім), ол кісі арабша хат таныған, үлкен молда еді» деген сыңайдағы уәжге құлай беріліп, сол қолындағы нұсқаға имандай сенетіндігі. «Көне деректерге сүйенсек, не кей шежіредегі дәйектерге назар аударсақ, мәселенің мәнісі былай болғаны дұрыс сияқты» деген әңгімеге де көп құлақ қойыла бермейді мұндайда. Жауап біркелкі. «Жоқ, ол қате, менікі дұрыс» . . .

Әйтсе де әр тайпалар мен рулардың бастапқы шығу тегіне қатысты тарқатуларда біріне-бірі қайшы шығып жататын шежірелеріміз кейіннен тармақталатын рулар мен аталарға келгенде, кәдімгідей үндестік танытады. Оларды салыстыра қарап отырғанда, кімнің кімнен тарайтындығына қатысты деректерді біршама реттестіріп алуға әбден болады. Осы орайда бабаға, түп-текке қарай ата тергеу үстінде, бір жағынан ақиқатқа үйлесуі әбден мүмкін делінетін пікір де өз-өзінен көлденеңдер еді. Ол-бүгінде қазақ атанып отырған жұрттардың (олар ұзын-сонар тарих көшінде қаншама қым-қиғаш араласуларға түспеді десеңізші) заманалар тұңғиығына кеткен сонау көне дәуірлерде бір кіндіктен өсіп-өнуі де ғажап емес деген иланым. Шынында да қай шежіреге көңіл салмайық, онда таратылған ата-тек тізбегін жоғары қарай қуаласаңыз, түптің түбінде әйтеуір бір жеке адамға, алып бәйтеректің діңгегі боп тұрған дербес тұлғаға келіп тіреліп жатады. Осындайда өз-өзінен ойға ежелден келе жатқан - барша адамзат Адам ата мен Хауа анадан таралады дейтін аңыздың да оралатыны бар. Кім білсін, адам қиялы дүниеге әкелген осы аңызда да ақиқаттың бір ұшығы жатпасын?!

Өз дәуірінің ғажайып шежірешілері Фазылалла Рәшид-әд-дин (1247-1318 ж. ж. ), Қадырғали би Қосыі ұлы Жалаири (1530-1605 ж. ж. ), Әбілғазы ханн (1603- 1664 ж. ж. ) дәйектеулері де осы ыңғайдан өрбілетіні бар. Олар Амур өзенінен Ақ (Жерорта) теңізге дейінгі алып кеңістікті жайлаған бүкіл түрк-монғол тектес елдердің баршасы Түрк атты бір адамның, одан бері келсе Оғыз хан әулетінің үрім-бұтағы деп тізбектейді.

Қазақ шежірелерінің көбіне тән бір ерекшелік - оларда халық басынан өткен ұзақ тарих тым келтелені ұсынылып жатады. Өз ата тегін тізбектей алатын кай қазақтан жөн сұрамаңыз, дені саусақтарын бүгіп отырып-ақ, бері келсе - он екі, ары кетсе - он жеті, он сегіз атадан-ақ Қыпшақ пен Найманның, немесе Жал- айыр мен Адайдың . . . нақ өзіне шығып жатады. Егер тарихтың ұзына бойғы көшін байыптауда негізге алынып, әр адамның ғұмырын отыз жылға шақтайтын қа- рапайым есепке сүйенсек, ол діңгектеріміздің өмір сүрген уақыты тым ары кеткенде ХІІ-ХІІІ ғасырға әзер ілінер еді.

Демек, қазақ шежіресіндегі бір замандарда жеке-жеке ел болған Керей, Қоңырат, Қаңлы . . . сынды көп жұрттардың атауларынан тікелей кейін келетін ұрпақтарды көбіне-көп баяғыда өткен бабалар атының үзіліп барып қайта жалғасқан, ататек тізбесі деп қабылдаған мақұл. Әрі одан бергі ұрпақтарда да талай-талай келтеленіп қалған тұстардың бар екендігі даусыз. Сондай-ақ бір аталарға жалқы-жалқы боп қана ілесу, не мүлде үзіліп қалу, ары кеткенде арифметикалық өрістеулер ғана тән болса, бір аталар еселенген геометриялық өрістеулерді бастан өткерді. Қаншама қырғын жойқын зұлматтар да килікті. Алайда түп-тегі бір кіндіктен таралады делінетін қазақ елі «мың өліп, мың тіріліп» жүріп, бүгінде 10 миллионнан асып отыр.

Халқымыздың ұлықты шежіресін жазу орта ғасырда өмір сүрген Қадырғали Жалайырдың еңбегінен бастау алары күмәнсіз. Ал Шоқан Уалиханов пен Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхамеджан Тынышбаев, Сәрсен Аманжолов еңбектерінен кейінгі жерде халқымыздың шежіресін шын мәнінде ғылыми зерттеу нысанасы дәрежесіне көтеріп, сол жылда ғұмырын арнаған ғалымдардың бүгінгі таңда көптеген шоғыры бар.

Көптеген ғалымдардың Орта жүзге қатысты зерттеулерінде жүздердің бастапқы шығу төркініне, қазақ ұлтын құрап отырған үлкен тайпалар мен рулардың гинезисіне, этникалық құрамы мен олардың өзара бірігу процесіне кеңінен тоқталады. Мұндай мағлұматтарды аңыз - әңгімелер арқылы зерделеп, таңба - ұрандар арқылы дәлелдеп береді.

Шежіреде рулық кестелер жеке -жеке алынып, үлкен және кіші аталар бойынша таратылған. Әрине, бұл шежірелік кестелерді толық әрі дәл деп ұғынуға болмайды. Оны авторлар белгілі бір үлгі - нұсқа, кестелер келешекке толығып, түсіп ұалған, ұмыт болған ұрпақтармен жалғасып отыруы тиіс деген пікірлерде болғандығын көреміз.

Еліміз дербестікке қол жеткізгелі жерімізге көз алартушылар пайда болған тұста қазақ жерінің ежелден нықты ру - тайпаларының байырғы мекні екені бұл да бұлтартпас айғақ деп түсінгеніміз, тарихи танымымыздың жаңғыруына себепті салдар деп құққанымыз абзал.

Біз жұмысымызды зерделеу барысында көптеген зерттеушілердің Орта жүздің ру - тайпаларына қатысты монографияларын салыстыра отырып, ғалымдардың пікіріне, жасаған түйіндеріне баса көңіл аударамыз. Қарастырып отырған проблемамыздың ауқымдылығына байланысты, біз Орта жүздің ірі тайпаларының бірі керейлерге тоқталамыз.

Керейлер ерте заманнан келе жатқан түркі тілдес тайпалардың бірі. Әйгілі Шығыс зерттеушісі ғалым Г. Е. Грумм - Гржимайло: керейлер ІХ ғасырдан бастап тарихқа әйгілі болған десе, [1. 100-б. ] Н. А. Аристов; керейлердің жан саны Х ғасырда 900 мың адамға жеткен дейді. [2] Г. Н. Потанин керейді сары үйсіннің ұрпағына апарады. [3]

М. С. Мұқанов зерттеулерінде нақты ғылыми деректерді келтіре отырып, көне Керей мемлекетінің негізін салушы Керей батырдың бір кездері Моңғолияның Солт - Бат бөлігінде басшылық етті. Бірақ ХІІ ғасырда Шыңғыс ханның сансыз көп әскерінің соққысына жығылғын деп тұжырымдайды. Ғалым керейлердің шежірелік нұсқасының тамыры Х ғасырда, мүмкін өте ерте кезеңге кетеін шығыр деген екі ұшты пікір келтіреді. [4] М. С. Мұқанов жоғарыда келтірілген ғалымдардың ғылыми түйіндеріндей, нақты керейлердің шығу кезеңін көрсетпейді.

Сонымен қатар керей халының шығу тегі жөнінде ғалымдардың ортақ пікірі жоқ. Мәселен, В. В. Бартольд, В. Я. Владимирцев, Н. А. Аристов, Н. Н. Поппе, С. В. Киселев керейлерді моңғолдар деп келтіреді. [5, 106-бб. ] Ал бұған қарсы ғалымдардың зерттеулерінде керейлерді түріктер деп дәлелдейді. Оған Рашид - ад - дин мен Әбілғазы Баһадүр - ханды қолдайтын С. А. Козин, С. Аманжолов, Ә. Х. Марңұлан, И. Қабышұлын жатқызамыз. [6]

М. С. Мұқанов өз зерттеулерінде жоғарыда аталған ғалымдардың "керейлерді моңғолдардың шығаруының басты себебін, олардың көршілес мекендеуін негізге алғандығынан", - деп түсіндіреді. Сонымен қарай, оның бұл пікрге қарсы өзіндік нақты дәлелі мен тұжырым айтады. Ғалымның пікірінше: "Егер жүздеген жылдар бойы тайпада түркілендіру процесі жүргізілсе, әрине, оның мәдениетінде, тұрмысында, тілінде және т. б. көзге түсерліктей элемент қалмас еді". Ғалым бұл пікірін дәлелдеу үшін тарихи әдебиеттегі көшпенділердің екі түрлі баспанасын басшылыққа алады. Бұл қалмақ және қазақ киіз үйі. Моңғол халқында қалмақ киіз үйі болғандығы белгілі, ал қазақ жерінеде тіршілік еткен керейлерде көп жағдайда казақ киіз үйі кездесетіндігін М. Мұқанов басты назарға алады. Жоғарыда келтіргенге сүйене отырып, ғалым, "ХІІІ ғасыр басында Шыңғыс ханның көп әскерінің соққысынан Солт. Қазақстаннан қашқан керейлер Моңғол тайпасынан болса және содан кейін жүздеген жылдар бойы "түркілендірілсе", бұл жағдайда олар тілінде, мәдениеті мен тұрмысында моңғолдың элементін сақтап қалған болар еді, " - деп өз ойын тұжырымдай түседі. Бірақ түп негізі түріктерден шыққан керейлердің тілі, материалдық және рухани мәдениеті, қазақ халқы мәдениетінің құрамдас бөлігі болып тұрды деп, ғылыми түйін жасайды. [7]

Біз мұндай пікірді С. Аманжоловтың да зерттеулерінен көре аламыз. Ғалым шежірелік нұсқаға және ғалымдар келтірген аңыздарға сүйене отырып, керейлердің түркі тайпасы екендігіне еш күмән жоқ деген өзіндік пікірін келтіреді. Мәселен, Моңғолия тарихын жазған Санак Сесенның, Моңғол халықтарын үш топқа, яғни моңғолдарды "еке - моңғолдар" деп, татарларды "су - моңғолдар", ал керейлерді керей деп атағанын келтіреді. Бұдан, С. Аманжолов керейлер ешқашан моңғол болмаған және моңғол деп аталынбаған деп өзіндік тұжырымын жасайды. [8]

Академик Ә. Х. Марғұлан керейлер мен үңгіттердің моңғол дәуіріне дейін мәдениеті жоғары болғаны, көне түрік жазуларын пайдаланғандығы жөнінде; "Алтай, Жоңғар даласында, Енесейде Орхон жазуы бар құлып тастап жиі кездеседі. Олардың көбін жазған керей мен үңгіттер. Моңғол дәуіріне дейін бұлар және наймандар тегіс несториян дінін қабыл еткен елдер. Бұл әсіресе олардың крест таңбасында ашық көрінеді. Бұл таңба қазақ керейлерде осы күнге дейін сақталған. Мұндай крест таңбасы бар құлпы тастар Енесай даласында көп . . . ". [9] Осы туралы өзге де зерттеулерде кездеседі. [10]

Ж. О. Артықбаев зерттеуінде деректерге сүйене отырып: "орта жүздегі Уақ - Керей сияқты рулар Тәуке ханның кезінде Кіші жүздегі Жеріру сияқты беріккен. Орта жүдің басқаруына қарағанда әлсіз болғаны мен, барлығынан да байлығы асқан" деп келтіреді. [11]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Найман моңғол тілінде сегіздік - сегіз тайпаның одағы деген сөз
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДЕГІ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІНІҢ КОГНИТИВТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
Ақ және қара түр - түс атауларының тұлғалық дамуы
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының ономастикалық кеңістігінің лингвомәдени сипаты
Көшпенділер тарихи трилогиясындағы жалқы есімдердің ағылшын тіліндегі аудармасында берулі жолдарына талдау жүргізу
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктер (салғастырмалы талдау)
Фразеологиялық бірліктердің топтастырылуы
Аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулардың лингвомәдени мазмұны
Тіл біліміндегі концепт ұғымының сипаты
Ағылшын-қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің лингвомәдени аспектісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz