Ислам діні және құндылықтары туралы бастапқы түсінік


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

1. Ислам діні және құндылықтары туралы бастапқы түсінік

2. Құндылықтардың алғашқы көрінісі

3. Құндылықтар және ғасыр өзгерістері

4. Уақыт құндылығы

5. Адамгершілік құндылығы

Қорытынды

Сілтемелер тізімі

тізімі

Қосымшалар

Кіріспе

Бүгiнгi күнi ислам дiнi жер шарының барлық құрлықтарында азды-көптi таралған. Мұсылмандардың саны 2 миллиард адам мөлшерiнде есептелуде. Әсiресе, Батыс халықтарынан исламды қабылдаушылардың саны тұрақты түрде өсуде. ХХ-ғасырда мұсылмандардың саны 7 есе көбейген. Халқының басым көпшiлiгi мұсылмандардан құралатын мемлекеттердiң саны 60 шамасында. Қазақстан халқының да 70 пайызы мұсылмандар. Елiмiз «Ислам конференциясы ұйымының» толық мүшесi.

Осындай жетістіктерге жетіп, исламның кең етек алып таралуының негізі болып оның құндылықтары болып табылады. Бұл құндылықтар өз кезегінде рахымшылдық құндылықтары, адамгершілік құндылықтары, уақыт құндылықтары, аманат құндылықтары, достық құндылықтары, әділет құндылықтары, бостандық құндылықтары, діншілдік құндылықтары, ар-ұят құндылықтары, қайырымдылық құндылықтары, адалдық құндылықтары, ынтымақтастық құндылықтары, т. б. болып жіктеледі.

Алайда бұл құндылықтар өзінің алғашқы сипатында сақталуда ма, әлде жоқ па деген сұрақ туады. Сондықтан ислам құндылықтары - тарихи әлеуметтік процесс ретінде кең мағынада анықталады.

Ислам діні және құндылықтары туралы бастапқы түсінік

Жаратушы ұлық тәңiр Аллаһ Тағалаға иманды және мойынсұнуды бiлдiретiн нағыз бiртәңiрлi (монотеист) тәухид нанымы негiзiнде пайғамбарымыз Мұхаммед Абдұллаһұлы (с. а. у., 569-632) тарапынан 609-632 жылдары аралығында адамзатқа түсiндiрiлген әлемдiк дiн. Ислам барлық болмыс пен фәни адам өмiрiндегi ең маңызды ұғымдардың бiрi. Ислами ұғымда бұл дiн абсолюттi құдiрет иесi Жаратушы тарапынан ең алғашқы адамнан ең соңғы адамға дейiнгi барлық адамзатқа және заманаға жiберiлген дiн. Ислам - ақыл иелерi мен күллi махлұқаттың (жаратылыстың) ұлық Жаратушының құдiретiне тәсiлiм болуының, мойынсұнуының және дүниедегi өмiрдi белгiлi бiр тәртiпке келтiретiн құдайы жүйенiң, яғни пенде мен Аллаһтың арасындағы байланыстың аты. Ислам сөзiнiң түбiрi арабшадағы «сәлиме», «силм» етiстiгi. Бұлар және осы түбiрден жасалған «сәлм», «сәлам», «әслеме» сөздерi сөздiкте бейбiтшiлiк, тыныштық, амандық, татулық, келiсiм, мойынсұну, тәсiлiм болу, берiлу, сәлеметтiлiк, сенiмдiлiк дегендi бiлдiредi. Қысқаша айтқанда, «сәлиме» етiстiгi бейбiтшiлiктi қалайтын бiр биiк күшке, билiкке бағынып, оны құрметпен қабылдай отырып, оған бас июдi, тыныштық һәм амандыққа берiлудi және осы мәртебенi жалғастыру үшiн қажеттi iстердi жүзеге асыруды бiлдiредi. Мұсылмандардың қасиеттi кiтабы Құран Кәрiмде жәннет туралы «дар әс-сәлам», яғни «тыныштық өлкесi» делiнген (Құран Кәрім 10/25) . Себебi, мұсылман ұғымындағы жәннет әр түрлi қауiп-қатерден ада, толық бақыт пен қуаныштың мекенi. Құран Кәрiмдегi Аллаһ Тағаланың есiмдерiнiң бiрi «әл-Сәлам», яғни әр түрлi кемшiлiктерден ада, толық бейбiтшiлiктi ұсынушы һәм өзiне мойынсұнылатын дегендi бiлдiредi. Ислам сөзi сенiм мен ұжданды да қамти отырып, бұларға қоса бейбiтшiлiк пен татулықты, жүгiну мен тепе-теңдiктi, әсiлi, тұтастай өмiр сүру салтын бiлдiредi. Ислам Құран Кәрiмде есiмдерi аталған барлық пайғамбарларға жiберiлген иләһи (тәңiрлiк, құдайы) дiндердiң ортақ аты. Себебi, тәңiрлiк уахидың (Жаратушының сөздерінің елшіге жеткізілуі, откровение - М. Б. ) бастаушысы һәм әлемдердiң жаратушысы бiр Аллаһ ғана. Сондықтан, Аллаһ Тағала тарапынан «ислам» деп аталған бұл дiн пайғамбарлар арқылы түрлi ғасырларда түрлi қауымдарға баян етiлген. Ең соңғы формасы Мұхаммед пайғамбарға (с. а. у. ) бiлдiрiлген. Құранның бiлдiруiнше, Аллаһ Тағаланың алдындағы бiрегей хақ дiн ислам ғана (3/19) және бұл дiнге сенушiлерге «мұслим» (мұсылман, бағынған - М. Б. ) есiмiн Жаратушының өзi берген (22/78) . Аяттарда өткен пайғамбарлар мен оларға иман еткендердiң барлығы да мұсылмандар едi делiнедi (2/128, 2/131-133, 2/135-136, 3/20 және 3/67) . Ал, «мұмин» (иман еткен, қазақшада - момын, М. Б. ) сөзi әр түрлi қорқыныштан және күмәннан амандықта болу дегендi бiлдiретiн «әмн» сөзiнен жасалған. Демек, мұмин өзiне аманат етiлген иман және құлшылық ету мiндетiн лайығынша атқарушы, Иесiне тәсiлiм болушы және қуанышқа жетушi адам. Ислам күллi ғаламдағы барлық махлұқтар мен заттар бағынатын өмiр сүру, тiршiлiк ету формасы. Сондықтан, барлық субстанциялар мен жәндiктердiң табиғи өмiрi ислам халiнде болады. Олардың iс-әрекеттерi мен тiршiлiгiнде бас көтерушiлiк, хаос, асылық байқалмайды. Барлығы да тәңiрлiк заң шеңберiнде өмiр сүредi. Ал, ақыл иесi адам баласы өз еркiмен исламды ұстанатын болса, онда оның өмiрiнде де табиғаттың өмiрiнде де ислам, яғни бейбiтшiлiк, тепе-теңдiк болады.
Ислам дiнiнiң негiзгi қағидасы Жаратушының бiрлiгi сенiмi болып табылатын «тәухид» нанымында. Құран Кәрiмде бұл қағида көптеген аяттарда «лә илаһа илла Аллаһ», яғни «Аллаһтан басқа тәңiр жоқ, құлшылық етуге лайықты тек Аллаһ ғана» деп түсiндiрiлген. Жер мен көктердегi нәрселердiң барлығын Аллаһ жаратқан. Ол - барлық нығметтердi жаратушы, әр нәрсенiң мөлшерiн (әл-қадар) белгiлеушi, өмiр берушi, өмiрдi жоюшы, шексiз күш-құдiрет иесi, толық үкiм қоюшы, билеушi, теңдесi, ұқсасы яки сыңары жоқ, тумаған һәм туылмаған, кем сипаттардан ада, еш нәрсеге мұқтаж емес, шаршамайтын, ұйықтамайтын, бiрегей көмек берушi, жасаушы, шексiз ғылым иесi Жаратушыны бiлдiредi. Мiне, осындай қасиеттерi бар тәңiрдi Құран Кәрiм көптеген есiмдерi және сипаттарымен бiлдiредi. Жаратушының ең көп кезiгетiн есiмi Аллаһ. Құран Кәрiмде екі мыңнан астам жерде аталады. Ал, жоғарыда аталған және тек Аллаһқа тән сипаттардың бәрiн яки бiрнешеуiн басқа бiреуге артқан адам Аллаһ Тағалаға «шiрк» келтiрген, яғни ортақ қосқан болады. Бұл мұсылмандық иманды зақымдайды.
Мұсылмандар Аллаһ Тағаланың мәлектерiне, барлық хақ кiтаптарға (сахифалар мен Тәурат, Забұр, Iнжiл және Құран), Құранда есiмдерi аталған пайғамбарлардың барлығына (Нұх, Идрис, Ибраһим, Мұса, Дәуiт, Иса, Мұхаммед т. б. ), ахирет күнiне, өлгеннен соң тiрiлуге иман етедi. Құран Кәрiм өзiнен бұрынғы хақ кiтаптардың растаушысы және Жаратушының ең соңғы үкiмi болып табылады. Құран Кәрiм араб тiлiнде 114 сүре және алты мыңнан астам аят болып түсiрiлген. Мұнда Жаратушының сипаттары, әлем мен адамның жаратылуы, құқық қалыптары, бұрынғы қауымдардың ғибратты қиссалары, ғибадаттар сияқты көптеген мәселелер туралы айтылады. Әлемдегi барлық мұсылмандар Мұхаммед (с. а. у. ) пайғамбарға түсiрiлген Құран Кәрiмдi өзгерiссiз күйiнде оқиды. Ал, Мұхаммед (с. а. у. ) пайғамбар да өзiнен бұрынғы елшілерді растаушы ең соңғы елші. Ислам дiнi өзiнен бұрынғы хақ дiндердi мойындау жағынан бiрегей мысал ретiнде әлемдiк универсалды дiн сипатына ие.

Ислам дiнiндегi ең маңызды ғибадаттардың бағзылары мыналар: Құран Кәрiмдi оқу және түсiну, ғылыммен шұғылдану, жиһад ету, намаз оқу, дұға ету, Рамазан айында ораза ұстау, зекет беру, Меккеге қажылыққа бару, iзгi амалдар iстеу, ізгілікті уағыздау, адал жолмен ризық табу т. т. . Ислам дiнiнде «бәййине», яғни дәйектi дәлел болмайынша бiреудi кiналауға, айып тағуға болмайды. Иман ету нақты дәлелдерге сүйене отырып сенудi, ал имансыздық, «шiрк» (Жаратушыға ортақ қосу - М. Б. ) және керi қағу - дәлелсiздiк пен бiлiмсiздiктi бiлдiредi. Олай болатын себебi Жаратушының барлығы мен бiрлiгiн дәлелдейтiн он мыңдаған айғақтарды көрмеу яки мойындамау тек дәлелсiздiктiң, махрұмияттың белгiсi ғана бола алады.
Құран Кәрiм аяттары бойынша мұсылмандар Аллаһ Тағалаға, Оның елшiсi Мұхаммедке (с. а. у. ) және мұсылман әміршілерге бағынуға мiндеттi (4/59) . Тек, Жаратушыға асылыққа болысуға болмайды. Мұсылмандардың iстерiн реттеушi басшы еркiн сайлау арқылы қызметке келедi. Ислам құқығында «биғат» деп аталатын дауыс беру азаматтардың ерiктi түрде ризашылық бiлдiруiмен болады. Қоқан-лоққымен яки күшпен жасалған биғат жарамсыз болып табылады. Басышының мiндетi аяттарда көрсетiлген қағидалар негiзiнде және кеңесе отырып елдi басқару. Кеңесе отырып басқару (шура - М. Б. ) исламдағы мемлекет басқару жүйесінің басым сипаты болып табылады (42/38) . Бұл басқару жүйесiнде өктемдiк бiр адамның яки бiр таптың немесе бiр рудың ғана қолында болуы мүмкiн емес. Шура деп отырғанымыз мемлекет басшысы мен әміршілердің, әкiмдердiң сала мамандары мен халықтың кеңес-ұсыныстарын ескеруi, санасуы, көпшіліктің бақылауында болуы.

Тыйым салынған нәрселер «харам», ал рұқсат етiлгендер «халал» болып табылады. Исламда негiзiнен халалдық үстем тұрады, ал харамдар аяттар мен Құранға сәйкес хадистерде бiлдiрiлген. Халал нәрселер адамзатқа пайдалы, зиянсыз және толық бостандық берiлген iс-әрекеттер мен заттарды бiлдiредi. Ал, харамдар, яғни тыйым салынған нәрселер, негiзiнен адамзатқа зиянды, жиiркенiштi қылықтар мен басқалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн амалдарды қамтиды. Харамдар қатарынан шiрк келтiру, жала жабу, ғайбатшылық, өсекшілік, фитнәшілік, жемтiктiң және доңыздың етiн жеу, зинақорлық, ұрлық жасау, естен тандыратын нәрселердi пайдалану, өтiрiк айту, адам хақысын жеу, бүлiк шығару, бұзақылық жасау сияқтыларды мисал етуге болады.

Бүгiнгi күнi ислам дiнi жершарының барлық құрлықтарында азды-көптi таралған. Мұсылмандардың саны 2 миллиард адам мөлшерiнде есептелуде. Әсiресе, Батыс халықтарынан исламды қабылдаушылардың саны тұрақты түрде өсуде. ХХ-ғасырда мұсылмандардың саны 7 есе көбейген. Халқының басым көпшiлiгi мұсылмандардан құралатын мемлекеттердiң саны 60 шамасында. Қазақстан халқының да 70 пайызы мұсылмандар. Елiмiз «Ислам конференциясы ұйымының» толық мүшесi.

Құндылықтардың алғашқы көрінісі

Біз тәрбие жөнінде сыр шерткенде адамзат санасына жат немесе тосын бір дүниені әңгіме етпейміз. Бұл -адамзат пайда болғаннан бері қолдынылып келе жатқан түсінік. Алайда адамзат тарихында тәрбиелік ұғымы бірден жарқ етіп көріне қойған жоқ. Ол дамушы қоғамдар мен сол ортада өмір сүрген жеке тұлағалардың кейінгі ұрпақтарына өмірден түйген тәжірибелерін өнеге ету негізінгде біртіндеп жетіліп келді. Әрине, діннен сәл де болса хабары бар адам бұл өсиеттердің барлығы тәрбиелікке шақырып, адамзатты игі істерге жетелейтінін айтқызбай-ақ ұғынады. Тіпті, тәрбиелік мәні бар істерге шақыру жолында пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с. а. ғ. с. ) өзі:

«Мен жақсы істерді жалғастыру үшін келдім» [1] - деген.

Алайда, Мысырда (ежелгі мәдениет ошағы) көпқұдайлық пайым қалыптаспай тұрып-ақ, рухани құндылық жағынан даму деңгейінің жоғары болғанын білеміз. Бұл бір жағынан Алла Тағаланың адамды жаратқан кездің өзінде-ақ, адам жанында тәрбие негізінің бірге жаратылатынын дәлелдесе, ал екінші жағынан адамның дүниеге келген кезінде тек жақсы қасиеттерге ие болатынын айғақтайды. Сондықтан жақсы мінездер адам жаратылысының негізі болса, жаман қасиет адам бойына жүре келе даритын жанама сипат болып отыр. Міне, жақсы қасиеттердің негізі осылай тереңде жату арқасында ғана өмірдегі жамандық қысымына қарсы күресіп келеді. Жамандық қаншама күшті болғанымен, жақсылықты ығыстыра алмайды. Өйткені, жақсылық - адам жаратылысы негізінде қалыптасқан дүние.

Мәдениет немесе өркениеттің жоғарғы деңгейі деп тек салынған құрылыстың сұлулығын немесе үлкендігін түсінбеуіміз керек. Өйткені, рухани құндылықсыз, ой-санасыз ондай алып құрылыстың тұрғызылуы мүмкін емес. Құрылысы жобасын жасау, оның материалдық заттарының құрамын анықтап, шыдамдылығын қамтамасыз ету сол қоғамдағы ой-сананың даму деңгейін көрсетеді. Бұл рухани құныдылықтарға деген ынтаның өскен сайын қоғамның алға жылжуы қарқындай түсетінін көрсетеді. Бұған мысал ретінде Ніл ақыны Хафиз Ибраhимнің айтқан мына бір қанатты сөзін келтіруімізге болады: «Қоғамдағы тұлғалар бойына тәрбие негізін терең сіңірген болса, онда ол қоғам мәңгі жасайды, ал керісінше тәрбиелі адамдар болмаса, онда ол қоғамның өмір сүруі алысқа бармайды».

Міне, біз өткенге осылай көз жүгірте қарап отырып, қоғамдағы тәрбиелік мәні зор құндылықтарды қалдырған ата-бабаларымыздың алдында бас иуіміз қажет. Егер (мысал ретінде) ә'ни папирусына жазылған ежелгі Египет перғауынының өлім жайлы кітабына көз салар болсақ (англия музейінде сақтаулы, 42 тармақтан тұратын кітап), онда сол заманның өзінде-ақ, діни-әлеуметтік өмірдің барлық саласын қамтыған тәрбие ұғымының негізгі жүйесі болғанын юайқаймыз [2] . Бұл кітаптың өткен бабаларымыз жөнінде мәлімет беретін мақтан тұтарлық дерек көзі екенін айта отырып, онда нендей дүниелерді қамтитынына көз жүгіртіп көрейік.

«Ә'ни папирусы ақиқат пен әділдікті өмірлерінің негізі етіп өткендердің о дүниеде құдай алдында өздерін қорғап сөйлегендері жайлы былай дейді: «Мен ешбір күнә жасамадым. Ұрлық істеу, біреуге қол жұмсау, өтірік айту, біреудің көз жасына қалу немесе біреудің басына қайғы әкелу, зина жасау, арамдықпен айналысу, біреуге алаяқтық жасау, егістік жердің бұзылуына себепші болу, біреуді тонау немесе қаралау дегенді білген емеспін, тек ақиқат үшін болмаса, ешнәрсеге ашуланбайтынмын, әйелдәі көзіне шөп салу, бірудің арманына қиянат жасау, шектеп шығып кету, ақиқат және әділдік істерді көрмеген қылық таныту, тәкәпарлық көрсету, біреулердің арсына от жағц, біреуге себепсіз сыртынан үкім шығару, мөлшерден тыс көп сөйлеу, тұнық суды лайлау, біреуді кекетіп-мұқату, омыраудағы всібидің тамағын аузынан жырып алу сияқты жаман әдеттерден өзімді әр кез алшақ ұстадым».

Папирустың келесі «Ну» парығана мынадай жолдарды оқуға болады: «Жамандық үшін қөызмет етпедім, жоғарғы шенділер қызметіне адал боп, қатерге жол бермедім, ешкімге зиянымды тигізгем жоқ, біреудің меншігіне қол сұқпадым, біреудің несібесіне ортақтаспадым, мойныма қан жүктегенім жоқ, зина жасап денемді былғамадым, бөгде біреудің жеріне иелік етпедім, таразыдан жегем жоқ, табынды жайылымнан қумадым, суды өз егістігіме бұрған жоқпын».

Тағы да сол «Ну» парағынан: « Ашыққанға ас щөлдегенгесусын, жалаңашқа киім бердім . . . т. б. ». Ал, набсани «ақиқат жаршысы» папирусында осы мағыналы тіркестер 42 тармақта да қайталанады. Папирустарға жазылған 42 тармақтың саны әділдікті жақтаушы жердегілерге өз сөздерін жіберіп тұрған 42 құдайдың санымен сай келіп отыр. Бұл папирустардың барлығында да діни құндылықтарды сыйлап, олырды өз бойында сақтау және ешқандай арам істерге араласпау жөнінде баса айтылған.

Жоғарыда көрсетілген тармақтар тәрбие құндылығын түсіну және бұл құндылықтың жеке адамдар мен халық өмірінде алатын орны өте жоғары екендігін көрсетіп отыр. Бұдан мыңдаған жылдар бұрын өткен бабаларымыздың тәрбие жөніндегі көзқарастарының біздің пайымымызбен сай келуі олардың әлі күнге дейін арамызда жүргеніндей елес тудырады. Әрине, қоршаған ортаның өзгешелігін ескермесек, адам қай кезеңде де адм болып қалмақ. Бұл оын мен уақыттың өзгеруіне қарамстан тәрбие құныдылығының тұрақты болатның дәлелдейді. Бұдан қайырымдылықтың алаяқтыққа, жақсылықтың жамандыққа ауысу мүмкін емес екені шығады. Яғни біздің адамдар немесе басқа дүниелер жөніндегі көзқарасымыз өзгергенімен, өміріміздегі тәрбие құныдылығы өз тұрақтылығын сақтап қалмақ.

Құндылықтар және ғасыр өзгерістері

Тәрбие кез келген қоғамда адамның іс-әрекетінің өлшемі болып саналаты-ны белгілі. Сондықтан тұрақты қоғам деп тәрбиелі адамдардың өмір сүретін қоғамын айтамыз. Ірі тәрбие құндылығының сақталуы сол қоғамның даму деңгейін, өзара байланысын және бір жүйеліліктің бар екендігін көрсетеді.

Ал адамның белгілі бір қоғам сатысында немесе жеке тұлға деңгейінде өз іс-әрекетін басқарып тұратын тәлімі болмайынша өмір сүре алмайтыны даусыз. Адам іс-әрекетінің басқаруда болуы - оның басқа тіршілік иелерінен айырмашылығын көрсетеді. Бұл кейбір ар-ұяттан безген жандарды ескермесек, адамзаттың о бастан-ақ өнегелі істерге жетелейтін санасы бар тіршілік иесі екендігін дәлелдейді. Сондықтан осындай ар-ұяттан безген жандарды көрген кезде Алланың адамзатты дене бітімі жағынан сұлу және жан дүниесі жағынан бай етіп асқан шеберлікпен жаратқан дегеніне күмәнмен қарай бастаймыз.

Кешегі Адам атадан бүгінгі күнге дейін тіршілік етіп келе жатқан адамзат жанының терең түкпірінде ғасырлар бойы жинақталған бай тәбие құндылық-тарының арқауы үзілмей келгені ақиқат. Тәрбиелі адам болу жолында әркімнің ата-ана тілін алмаудан, зұлымдық пен біреуге қиянат істеуден және өтірік айтудан өзін алшақ ұстап, керісінше әке-шешеге қайырымды болып, әділдік пен шыншылдық жолына ұмтылуның ешбір айыбы жоқ.

Бұл кешегі мен бүгінгі ескелең ұрпақтар арасындағы тәрбиеген деген көзқарастың әртүрлі екендігіне қарамстан, тәрбиенің тұрақтылығына айғақ бола алады. Алайда, мұндай абсолютті тұрақты тәрбие құндылығынан өзге құндылықтар да бар. Мысалы, жеңіл машина адамға қызмет көрсетумен ғана шектелсе, ақша өмірдегі қалаған затыңа жетудің жолы болып табылады. Бұдан әр заттың өзіне тән қасиеті бар екендігін көреміз. Сондықтан тура жолдан адасып, баяғы ескі сарынмен кете бермей абсолютті тәрбие мен жанама тәрбиенің ара жігін ажыратып алғанымыз жөн.

Соңғы кезеңде қоғамының барлық саласында айтарлықтай өзгерістер мен жаңалықтар болып жатқаны мәлім. Бұл өзгерістер мен жаңалықтар қоғамдағы жеке тұлғалар мен топтарға кейде дұрыс, кейде бұрыс әсерін тигізеді. Әрине, қоғамдағы бұл өзгерістердің адамзат тәрбиесі жөніндегі пікірге айтарлықтай қозғау салғанына күмән жоқ. Қазір тәрбиеге деген көзқарас өзгеру үстінде. Бұл, әсіресе ертеден келе жатқан ата-бабаның жөн-жоралғысы мен әдет-ғұрпына қарсы және мұның бәрін ескіліктің қалдығы деп түсінетін кейінгі жастар тарапынан айқын байқалуда. Алайда, өткен тарихсыз бүгінгі тарихты жасау мүмкін болмайтыны сияқты, кешегі ата-баба салтын-санасын ысырып тастап, оны жаңадан жасаймын деу ешбір ақылға сыймайды. Әдетте, қазіргі жастарөткен ұрпақтың салт-санасын көнерген түсінік деп қарайды. Олар мұның ғасырмен үндесіп, қазіргі қоғамдағы жеке тұлғалардың өміріне енген өзгерістер мен жаңалықтар нәтижесінде басқа қарынан танылып отырғанын сезінбеуде.

Бұл адамдардың тәрбие туралы түсінігінде (тіпті көптеген дамыған қоғамның өзінде де) ауытқулар пайда болып отырғанын көрсетеді. Бүгін адамға қажетті нәрсе - тәрбиенің керектігін түсіну. Ал, әсіресе қазіргі жастарға адмдар мен заттардың ақиқат құндылықтарын ұғынуы үшін өмір мен жалпы тіршілік жөніндегі дүниетанымдарын кеңейтіп, оған жиі назар аударулары керек. Әрине, қазіргікезде тәрбиеге деген ынтаның аздығы қоғамдағы салғырттықтың тууына себеп болып отыр және кейбір шектен шығып кетушылыктің арты қайғылы жағайларға ұрындырып жатқаны өтіік емес.

Дей тұрғанмен, жастардығ ұлттық тәрбиеге қырын қарап, оған қарсы шығуына өкпелемеген де дұрыс. Өйткені, бұл жастарға имандылықты насихаттап, сөзден іске көшу кезінде онсыз да болатын жағдай. Мұндай кезде соңғы толқын табыс әкелетін нәрсеге ұмтылып, өздеріне тура жол көрсететін дүниені қажетсінеді. Ал кейбір салт-санамыздағы тәрбиелік мәні бар құндықтарды теріске шағару себебі, ізашар буын өкілдерінің сөз бен іс-әрекеттерінің арасындағы сәйкессіздігінде жатыр. Мысалы, мен балама шылым шегудің зиянды екенін айтып, ал өзім керісінше шылым шегер болсам, онда айтып отырған насихатымның ешбір пайдасы жоқ. Немесе шыншыл болуды талап ету ешқандай ақылға сыймайтын дүние.

Тәрбиеге деген кейбір сынның шығуы қоғамдағы болып отырған соңғы өзгерістерге байланысты екенін жоғарыда айтып өттік. Дегенмен, осы өзгерістердің көпшілігі жастарға оқитын мектептерінен, абаратын клубтарынан, ата-анасы және араласатын басқа да орталарының ықпалынан болып отыр. Сондақтан біхге бүгінгі таңда ең ділгір нәрсе қоғамдағы тосы өзгерістерді ескеріп, балаларымызға мейлінше жақын болуға тырысу. Тіпті мүмкіндігінше оларға көмек беріге дайын тұруымыз керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік философиядағы Ислам құндылықтары
Сопылық ілімі және оның ерекшеліктері
Ислам мейірімділік пен қамқорлық діні
Қазіргі Қазақстандағы жастардың діншілдік мәселесі
Тасаууф ілімі
Көпэтностық қоғамдағы дін: толеранттылыққа жетудің жолдары
Түркілердің ежелгі сенімдері
Ұлттық діндердің рухани құндылықтары
Ислам құндылықтарының философиялық аспектілері
Қазақ руханиятындағы ислам құндылықтарын дінтану тұрғысынан талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz