Фариза Оңғарсынова



Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген. 1967 жылы "Бұлбұл" деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді.
Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. "Маңғыстау монологтары" ақынның отыз жасындағы қолтаңбасы. Содан бері "Мазасыз шақ", "Мен сенің жүрегіңдемін", "Шілде", "Сенің махаббатың", "Дауа" сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты сан зерттейді. Олар не туралы? Махамбеттің мұңын сезгенде, қайратынан жыр жанығанда өршіл сарынға ерік береді. Міне, Фариза ақынның халқына ұсынған өр мінезді жырлары осы еңбектері арқылы белгілі болды.
Лирикалары. Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады.
Ақын – өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы – поэзия.

Көңілді, жайлы күнімді,
Азапты қайғы мұңымды
Өзімменен бөліскенің үшін,
Қатем мен жеңістерім үшін,
Менің мынау қиындау тағдырым болып
О, баста көріскенің үшін
Өлең, мен сені аялап өтем! –

деп толғайды. "Асау толқын" атты өлеңінде:

Тағдырыңды сенің тапсырдым сенімді ұрпаққа
Көз нұрың, болашағыңда – сол түбінде, елім
Келеді әйтеуір бір ұрпақ менің соңымнан – бар үміт сенде.
О, асау толқыным менің! –

деген жолдардан ақынның жастарға үлкен сеніммен, үмітпен қарайтыны анық байқалады.
Ақын жырында әйелдер бейнесінің көңіл күйі дауылды сезім болып жырланады, тек жай жырлау емес, қазіргі замана талабының биік өрісіне

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Фариза Оңғарсынова
Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге
келген. 1967 жылы "Бұлбұл" деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді.
Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазған жырлары
сандуғаш болып сайрады. "Маңғыстау монологтары" ақынның отыз жасындағы
қолтаңбасы. Содан бері "Мазасыз шақ", "Мен сенің жүрегіңдемін", "Шілде",
"Сенің махаббатың", "Дауа" сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты
сан зерттейді. Олар не туралы? Махамбеттің мұңын сезгенде, қайратынан жыр
жанығанда өршіл сарынға ерік береді. Міне, Фариза ақынның халқына ұсынған
өр мінезді жырлары осы еңбектері арқылы белгілі болды.
Лирикалары. Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп
жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен
трагедиясына дастандар арнады.
Ақын – өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден
мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі
досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы,
берер дәрі-дауасы – поэзия.
 
Көңілді, жайлы күнімді,
Азапты қайғы мұңымды
Өзімменен бөліскенің үшін,
Қатем мен жеңістерім үшін,
Менің мынау қиындау тағдырым болып
О, баста көріскенің үшін
Өлең, мен сені аялап өтем! –
 
деп толғайды. "Асау толқын" атты өлеңінде:
 
Тағдырыңды сенің тапсырдым сенімді ұрпаққа
Көз нұрың, болашағыңда – сол түбінде, елім
Келеді әйтеуір бір ұрпақ менің соңымнан – бар үміт сенде.
О, асау толқыным менің! –
 
деген жолдардан ақынның жастарға үлкен сеніммен, үмітпен қарайтыны анық
байқалады.
Ақын жырында әйелдер бейнесінің көңіл күйі дауылды сезім болып
жырланады, тек жай жырлау емес, қазіргі замана талабының биік өрісіне
лайықтап жырлау – Фариза туындыларының бір қыры.
Әйел – Ана тақырыбы. Әйелдер жан дүниесіне барлау жасауда ақын
жетістігі мол. Оны өзі де ашып айтады: "Адам деген күрделі жаратылыс қой.
Соның ішінде әйел халқының жан-дүниесі өз алдына бір әлем. Менің өз
жырларымды сол әйел жанының сан күйін мүмкіндігім жеткенше жеткізгім
келеді. Менің бұл тақырыптағы лирикалық кейіпкерім – әйелдер. Олардың
тағдыры, жан дүниесі, күлкісі мен көз жасы өлеңдерімнің арқауы", – дей
келе:
 
Өз-өзіммен өртеніп барам жанып,
Жүректен жас ағады тарамданып.
Менде жоқ қой бұл күнде тым болмаса,
Ақтарылар алдыңда саған барып.
Жасқа ғана толады жанар налып,
Мен үшін тұр дүние қараң қалып, –
 
деп, әйелдің мұң-қайғысын сыр ғып шертеді. Енді бірде ақын:
 
Мезгіл бұршақ жаныңа салып таңба,
Қайратыңнан қайысып, налып қалма,
Сені іздейтін аға бар тарыққанда,
Інілер бар дем берер жабыққанға.
Бір ақиқат – бәрібір жоғалмайсың,
Жоғалмайтын жоқтаушы халық барда, – дейді.
 
Демек, азаматтық, қоғамдық, әлеуметтік көркем тұжырым жалаң
публицистикалық шалқу дидактикалық толғаумен әсте терең ашылмақ емес,
қайткен күнде де поэтикалық бейне, тұлғалы образ, сөз суретінің құдіреті
бірінші қатарда, дәлірек айтқанда, ақындық сезім, қаламгерлік идея өзара
ажырамас диалектикалық тұтастықта көрінеді.
 
Мен даланың қызы едім,
Жазығында жатпайтын көз ілер қара.
Жазира менің жанымның өзі де дара.
Асқар көрмеген мен шіркін биік дегенді
Өлшеуші ем сонау аспанның өзімен ғана, –
 
деген шумақта қаламгердің шыққан, өскен ортасын дәл көрсететін поэтикалық
деталь, әдемі образды сурет жатыр. Сондай-ақ , ақынның биік арманы анық
көрінеді. Фаризаның беріліп, шабыттанып, аса құмарта, кең көсіліп жырлаған
табысты тақырыбы – махаббат, сүйіспеншілік тақырыбынан басқа да саяси-
әлеуметтік тақырыптарды әуелде публицистикалық толғау үлгісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фариза Оңғарсынова мен Эмили Дикенсонның өмірбаяны
Орта мектепте Фариза Оңғарсынова лирикасын оқыту
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ЛИРИКАЛЫҚ МОНОЛОГ
Ф.ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ
Туған дала
Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы
Оңғарсынова Фариза
Фариза Оңғарсынованың лирикасы
Фариза Оңғарсынованың поэзиясы мен поэтикасы
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗДЫҚ САРЫНЫ
Пәндер