Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік қасиеті


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан - 2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі айтылған.

ХХІ-ғасыр балаларының тәрбиесінің өзекті мәселесі ұлттық және жалпы адамзаттың мәдени мұралар арқылы қоғамда руханилықты қалыптастыру болып табылады [1] .

Мұндай аса жауапты міндеттердің баянды болуы үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы - мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуден бастау алуы қажет. Ерте жастан алынған рухани жасалым, адамның барлық өмірінде адамгершілік белгісін анықтап, ізгілік қасиеттерді, рухани болмысты бала бойына қалыптастырады.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне жүгінсек, «адамгершілік» сөзі: ар-ұжданның тазалығы, адамшылдық, ізгілік, қайырымдылық, мейірімділік, әділдік, шыншылдық, кішіпейілділік, имандылық, т. б. қарапайым адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде [2] .

Бүгінгі таңда жас ұрпаққа ғылыми білім берумен шектелу жеткіліксіз, оларды адамгершілікке тәрбиелеп, бала бойына ізгілікті, жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру керек.

Адамгершілік тәрбие мәселелері көптеген педагог ғалымдардың Я. А. Коменский, И. Г. Гербарт, А. Н. Кочетов, А. С. Макаренко т. б. еңбектерінде кеңінен қарастырылған.

Бүгінде, ұрпақ тәрбиесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналып отыр және де шешімін табудың мүмкіндіктері қарастырылуда. Білім беру және тәрбие саласындағы маңызды өзгерістердің іске асырылуын қатаң бақылау көзделуде. Бұл тұрғыда өткен кезеңнің тәлім-тәрбие мәселелерінің тарихын зерттеуге елеулі үлес қосқан отандық ғалымдар аз емес. Мәселен, қазақтың педагогикалық ой-пікірін ғылыми жүйеге келтіріп, бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануда белгілі ғалымдар Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, К. Құнантаева, А. Ильясова, Қ. Сейталиев т. б аса зор еңбек сіңірді.

Өз зерттеулерінде ғалым-зерттеушілер адамгершілік тәрбие берудің мақсаттарын, қағидаларын жүзеге асырудың жолдарын жан-жақты анықтап негіздеуге талпынған А. Я. Коменский балалар мен жастар мінезінде өзін-өзі билеу, кішіпейілділік, сыпайлық, ізгілік, жауапкершілік сапаларды тәрбиелеуді талап етті. Ол мектеп тәртібі жөнінде терең мәнді пікірлер айтқан. Оның еңбегінің маңыздылығы сонда, ол - орта ғасырлық мектептің жазалау тәртібіне қарсы болды, сонымен бірге, мұғалім балаларының тиісті мектеп тәртібін талап ете білуі керек деген тұжырым айтты.

Жеке тұлғаның рухани - адамгершілігін дамыта тәрбиелеу баланың мектеп табалдырығын аттаған сәтінен бастап жүзеге асырылса, онда қоғамның әлеуметтік қажеттігін өтейтін рухани бай тұлға қалыптасуына ықпал етеді. Бұл идея адам бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтарды дамытып, қалыптастыруды ғылыми және практикалық тұрғыда зерттеп, оның әдістемесін жасау мақсатын туғызды. Егер сабақтарда берілетін білімнің мазмұны мен әдіс - тәсілдері баланың өзін - өзі әрекетінің субъектісі ретінде тануына мүмкіндік туғыза отырып, оның жан - жақты дамуына бағдарланса, онда бастауыш сыныптан бастап, жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу жүзеге асады [3] .

Халықтық педагогика сан салалы, мазмұны бай. Оны халқымыз үзбей тәлім тәрбие ісінде пайдаланып келеді. Соның ішінде жеке тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеуде халықтық педагогиканың маңызы өте зор.

Халық педагогикасы - ұлттық тәжірибелер мен тағылымдардан туған бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері: ертегілер, жырлар, аңыздар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, мазақтамалар, мақал-мәтелдік сөздер, этнографиялық (мәдени-тұрмыстық), ұлттық салттармен дәстүрлер, рәсімдер, әдет-ғұрыптар, халықтық ойындар мен ойыншықтар, мерекеле мен тойлар, әулеттік тағылымдар мен тәжірибелер, үлгі -өнегелер - халықтық құнды мұра, тәлім-тәрбиенің баға жетпес қайнар көзі.

Ертегілер баланы қызықтырады. Сөзді тыңдай үйретеді, оның қиялын дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді, жан-дүниесін, мінез-құлқын қалыптастырады, дарын нышандарын өрнектейді [3] .

Зерттеудің мақсаты: Балабақшада балалардың адамгершілік тәрбиесін оқу-тәрбие үдерісінде анықтау.

Зерттеудің нысаны: Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік қасиеті.

Зерттеудің пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны.

Зерттеудің болжамы: Егер балабақшада балаларға адамгершілік тәрбиені ертегілер, ойындар арқылы берсек, онда балаларда жағымды қасиеттер толығымен қалыптасар еді.

Зерттеудің міндеттері:

- «Адамгершiлiкке тәрбиелеу» ұғымына анықтама бере отырып, оның мән-мағынасына, мазмұнын айқындау;

-Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың алатын орнын тексеру;

- Ұлттық дәстүрді пайдалану арқылы балаға адамгершілік тәрбие беру ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеудің әдістері: Ғылыми педагогикалық әдебиеттер, баспасөз материалдары, озат педегогикалық тәжірибелер, жаңа педагогикалық технологиялар, бақылау қорытындылары.

1 Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу - рухани тәрбиенің маңыздылығы

1. 1 Педагог - психологтардың адамгершілік тәрбиесі туралы ойлары

Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңбекке, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.

Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті. Мәдениеті жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады. Адамгершілік тәрбиесі балаларды адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдендіреді. Балалар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.

Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.

Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адаммен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.

Адамгершілік тәрбиесі балалардың моральдың сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.

Адамгеріпілік тәрбиесінің теориялық мәселелері Әл-Фараби, Ыбырай, Абай, т. б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.

Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген.

Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды. Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы қылықты, әділетшіл, шыншыл болу. "Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады". Абайдың қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын" дейді. Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі. Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі) .

Қазақ халқы - мәдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс- тәсілдері бар халық. Қазақ топырағында туып, білім алған, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған ұлы тұлғалар: Әбу Насыр Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, С. Торайғыров, М. Сералин, М. Әуезов, С. Мұқанов, С. Көбеев, Б. Момышұлы, М. Ғабдуллин, тағы басқа ойшыл ғалымдар мен ақындар ғылымның әр саласы мен әдебиеттің, мәдениеттің дамуына игі ықпал жасады [3] .

Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі - ұлтжандылық, халқы үшін адал қызмет ету. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын пида етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді. Мысалы, XVII-XVIII ғасырда өмір сүрген жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері Ақтамберді Сарыұлы:

Жауға шаптым тy байлап,

Жанды жүрек, қан қайнап.

Шепті бұздым айғайлап,

Ел-жұртты қорғайлап

Дұшпаннан көрген қорлықтан

Өлімге жүрміз бас байлап, - деп елінің бас бостандығы үшін жаумен жан аямай, кескілесе күресуге шақырады.

XIX ғасырда өмір сүрген Д. Бабатайұлы жігерсіз адамнан ерлік іс шықпайтындығын, ерік-жігердің, қажыр-қайраттың елі үшін күрестегі маңызын былай деп суреттеді.

Ер қолынан іс келмес, Жігерім болса жетем де,

Сұңқардайын түйілмей. Еліме барып ұл болам.

Буынып белін бекінбей, Жігерсіз болсам жетесіз,

Зердесі жігер қайнамай Қойынжайып құл болам . . .

Жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеу XIX ғасырдағы қазақтың ақиық ақыны, жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол жастарды ерлікке, Отан сүюшілікке, ар-намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ет, еліңді, жеріңді жаудан қасық қаның қалғанша қорға, әділет үшін, халық үшін өкінбей өлу азамат ердің ісі деген аталы сөздер өрнектеледі. Махамбет, Ақтамберді, Шал, т. б. ақын-жыраулар шығармасында ерекше сөз болатын ерлік, Отанын, елін, жерін жаудан қорғай білушілік, отбасы, ауыл-аймақ, ел намысын қорғау жолында жан аямаушылық сияқты ізгі қасиеттерді дәріптей отырып, жастардың бойына ұлтжандылық пен гуманистік қасиеттерді сіңіре аламыз.

Профессор М. Ғабдуллин өзінің "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" еңбегінде "Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені хақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды. Тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді" дейді.

Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой-пікірлерін оку-тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, бала-жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу - әрбір тәрбиеші ұстаздың басты парызы [4] .

Әскери ұлтжандылық тақырыптарына ой толғаған жауынгер жазушы, тәлімгер педагог Б. Момышұлы жас жауынгерлерді ерлік, ұлтжандылық, Отанын, елін, жерін сүю, ұлттар достығына тәрбиелеу қажеттілігін өз шығармаларының арқауы етті. Ол ұлттық дәстүрді, елжандылықты жастардың қанына сіңіруде мақал-мәтелдердің, батырлар жырларының, терме-толғаулардың мәніне тоқталады.

Ал жауынгер жазушы, фольклорист ғалым, Кеңестер Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин өзінің "Менің майдандас достарым" еңбегінде сұрапыл соғыстың бір толастаған кезінде тар окопта Ер Сайын, Ер Қосай, Қобыланды жырларын өзінің майдандас достарына әңгімелеп беру арқылы қазақ жастарын ерлікке қалай рухтандырғанын баяндайды. "Ерлік тәрбиеден туады" деп Бауыржан атамыз айтқандай, өзінің бар саналы өмірін жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу ісіне жұмсаған, қазақ халқының прогрессивті, педагогикалық ой-пікірлерін қалыптастырып, ұлт мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі - қоғам қайраткері, белгілі жазушы, аудармашы, ағартушы-демократ С. Көбеевтің өмірі мен педагогикалың мұрасын саралап қарастырсақ, оның жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді калыптастырып, оларды ұлтжандылыққа баулуда еткен еңбегінің мол екенін байңаймыз.

Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге қажетті негізгі адамгершілік қасиет, С. Көбеевтің пікірінше, ұлтжандылық болып табылады. "Туган елін сүю селімі туа біткен сезім болып табылмайды, оны адамға табиғат тарту етпейді. Елжандылықты қоғам мен жекелеген адамдар бойға сіңіріп, дамытып, тиісті деңгейге көтереді. Отбасы мен мектеп жастарды асқақ елжандылық сезімге тәрбиелеуге тиіс" - дейді ол. С. Көбеев баланың өз Отаны үшін қажетті азамат болып қалыптасуында ата-ананың алатын орны мен атқаратын мәнін зор бағалап, отансүйгіштік тәрбие негізі ана тілі екенін терең түсіндіре білді. Оның пікірінше, жас ұрпаққа білім беру өз ана тілінде жүргізілуі керек. Барлық ақыл-ойын, күш-жігерін аянбай жұмсап, өз өмірінің жарты ғасырдан астамын мектепте өткізген С. Көбеев халықтар достығы жолында жалынды жаршы бола білді, жастарды туған халқын құрметтеуге тәрбиеледі.

Еліміз егемендік алып, мемлекет ретінде қалыптасты. Экономикадағы, саяси-әлеуметтік, ғылым салаларындағы жетістігіміз мақтануға тұрарлық. Осы жетістіктер аясында жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу - әр педагогтың басты міндеттерінің бірі [5] .

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мәні, мазмұны және бағыттары

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында «білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпыадамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру мен дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалуы қажет» деп көрсетілген. Бұл міндетті шешуде адамгершілік тәрбиесін беру ерекшеліктері негізінде білім беру арқылы балалардың бойында дүниетанымдық көзқарас этикасын, адамгершілік білімділікті, адами қарым-қатынас, адами қасиеттер мен сезімдерді дамыту алға қойылады [5] .

Адамгершілік тәрбие дегеніміз - балалардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі ұстаздардың арнаулы мақсат көздеген қызметі.

Адамгершiлiк мәдениет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды.

Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк - адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады. Халықта: “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” деген мақал бар. Тәлiм - тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.

Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптастыру үшiн жүргiзiлетiн қатынастар аз емес, өте көп. Олар: дос- жарандармен, ата- анамен, бала мен ұстаздың арасында қарым- қатынас орнату, өзара сыйласу, қонақжайлылық, жолдастық, достық, туыстық қарым- қатынастар.

Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, «Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол». Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты. Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге. [6]

Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз - адамның жан дүниесiнiң ерекше қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге абырой, атақ, даңқ әкелдi. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру.

Адамгершілік қасиет мораль, этика, өнеге арқылы айқындалады. Мораль, этика, өнеге адамгершіліктің күретамыры болып табылады.

«Мораль - әлеуметтік шындықтың этикалық саналарын бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі. Мораль дегеніміз - адамдардың мінез-құлқының тарихи қалыптасқан принциптері мен ережелердің жинытығы. Бұл принциптер мен ережелер жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік, абыройлық пен абыройсыздық деген ұғымдардың тұрғысынан қаралып, адамдардың мінезі мен іс-әрекеттерін бағалаудың өлешушісі болып табылады. Бұлар адамдардың бір-біріне, қоғамға, мемлекетке, үй-іші адамдарының бір-біріне деген қарым-қатынастары ретке келтіріп отырады. Мораль қоғамнан тысқары тұра алмайды. Қоғам моральды туғызады, сақтайды, дамуына ықпал жасайды. Қоғамның дамуымен және экономикалық құрылыстың өзгеруімен бірге мораль да өзгеріп отырады. Керісінше, мораль адамның еңбекке деген көзқарасы арқылы қоғамның экономкалық дамуына әсер етеді. Моральдың қалыптасуына қоғамдық сана, саясат, құқық, көркемөнер, дін ықпал етеді.

Барлық заман мен барлық халықтарға бірдей жарамды ереже болмаса да, жалпыға бірдей кейбір моральдық ережелер бар. Мұндай ережелерді қоғам тәртібінің ең қарапайым ережелері деп атаймыз. Мысалы, барлық заманда табиғат апаты кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетіп отыру моральдық борыш - деп есептелінген. Өз балаларының алдында әкелік және аналық борышын орындамаған ата-аналарды, ата-анасы алдында өз борышын ұмытатын балаларды мораль атаулының бәрі де айыптайды, қоғамдық орындарда ең қарапайым тәртіпті сақтау, жасы кішілердің үлкендерді сыйлау ережелері барлық уақытта да болған. Адамдардың қарым-қатынас мәдениеті осы ережелер арқылы баянды етіледі.

Жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу дегеніміз - оларды жоғарыда айтылған мінез-құлықтың дағдылы ережелеріне үйрету. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - адамның моральдық қасиеттерін белгілі бір мақсатқа бағыттап қалыптастыру. Адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу арқылы - моральдық түсініктердің, әдеттердің және мінез-құлық мотивтерінің қалыптасуы бірлесіп жүзеге асады және мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қамтамасыз етеді [4] .

Адамгершілік тәрбиесінің жалпы міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқы мен тәртібін, адамгершілік сезімі мен сана нышандарын, адамгершілік түсініктері мен мінез-құлқын қалыптастыру болып табылады. Адамгершілік сезім адамгершілік түсініктерді меңгерудің негізінде туып, балалардың іс-әрекеті мен мінез-құлқынан, тәртібінен көрініс табады. Адамгершілік тәрбиесінің міндетін жүзеге асыру барысында баланың бойында енді дами бастаған адамгершілік сезімдерін пайдалана отырып, үлкенді сыйлауға, мәдени мінез-құлықтың қарапайым ережелерін, әдеті мен дағдыларын моральдық сапаларын, мінез-құлықтарын, өзін және өзгелерді әділ бағалай білу қабілетін дамытып, қарапайым да күрделі сезімдер мен қарым-қатынастар қалыптастыруға ықпал ете білуге үйрету көзделеді.

Баланың алғашқы адамгершілік түсініктерін аңғарып, мінез-құлқы мен тәртібін қалыптастыруда мектепке дейінгі шақ - ең жауапты кезең. Балалар үй ішіндегі жақындарымен қарым-қатынасында, оқу-тәрбие ісінде, тікелей өмір тәжірибесінде ненің жақсы ненің жаман екенін байқайды, жақсы мен жаманға үлкендер тарапынан берілген бағаны меңгереді. Адамгершілік тәрбие оқу-тәрбие үрдісінің барлық салаларында, яғни оқыту, білім беру барысында және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады. Адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өмірге келген күнінен басталады. Мектепке дейінгі жаста баланың бастапқы адамгершілік сезімдері мен ұғымдары, мінез-құлықтың ең қарапайым дағдылары қалыптасады. Баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-құлықтары келешекте ересек адамдармен және құрбы-құрдастармен қарым-қатынастарында көзге түседі. [26] .

Психология ғылымы да баланың айналадағы болмысты дұрыс түсінуі мектеп жасына дейінгі қалыптасатынын, олар өз айналасындағы адамдардың көзқарасы мен талпынысынан, мұраттарынан жастайынан-ақ үлгі алатынын дәлелдеді. Бірақ бұл өзгерістердің бәрі де өзінен-өзі немесе жүйкенің туа біткен заңдылық күші арқылы емес, әдейі мақсат көздеп ұйымдастырылған оқу-тәрбие үстінде іске асады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің нақты міндеттері:

1) балалардың үй-ішіне, жақындарына, құрбы-достарына, жалпы адамдарға, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез құлқының ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы шығармашылық белсенділігін қалыптастыру
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез - құлқын қалыптастырудың теориялық негіздіері
Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
Ересектер тобындағы балаларға арифметикалық, есептеу туралы түсінік беру
Рухани адамгершілік білім беру және тәрбие негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz