Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
«Құқықтық пәндер» кафедрасы
МҚТ пәнінен
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«Ішкі және сыртқы істер министрлігі»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2012ж.
Жоспар
1. Ішкі істер министрлігі
2. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Пайдаланылған әдебиетер тізімі
1. Ішкі істер министрлігі
Ішкі істер министрлігі (ІІМ), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, оған бағынатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ішкі істер басқармалары және қалалык, аудандық, ауылдық, көліктегі жол бойының ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары мен өзге де ұйымдары ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.
Ішкі істер органдарының бүкіл жүйесінің қызметіне лауазым бойынша ішкі әскерлердің қолбасшысы болып табылатын ІІМ басшылық жасайды. Оны Республика Премьер-министрінің ұсынуы бойынша Президенттік қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. ІІМ ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Ішкі істердің аумақтық органдары - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Ішкі істер департаменті (ІІД) және көліктегі, қалалық, қалалардағы аудандық (ҚІІБ, АІІБ), ауылдық, жол бойының ішкі істер бөлімдері ішкі істер органдары жүйесінің негізгі буыны, аталған органдар ішкі істердің өздерінен жоғары тұрған органдарына және жергілікті атқарушы органдарға тікелей бағынады.
Ішкі істер органдарының негізгі қызметі облыс аумағындағы қылмыстың, қоғамдық тәртіптік қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы ақпараттар жинау, есепке алу және оларды жүйелеу, мемлекеттік санақ (статистика) жүргізу, өзге мемлекеттермен ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
Ішкі істер органдарының бөлімшелері қызметінің ішкі қызметкерлерінің оңды тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға тәжірибелік, әдістемелік және консультативтік көмектер көрсету;
ІІМ облыстың әкімі мен мәслихатын, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың өзге де органдарын, мүдделі ведомстваларды қылмыстың, қоғамдық тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы және құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы құлағдар етіп отыру.
2. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүйесін басқаруды, сондай-ақ заңнамада көзделген шеңберде Қазақстан Республикасында қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, құқық қорғау қызметі саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік актілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері мен өзге міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырады.
Iшкi iстер органдарының қызметi заңдылық, дара басшылық, iшкi iстер органдары жүйесiнiң бiрлiгi, жариялылық, құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара iс-қимыл жасау принциптерiне негiзделiп құрылады.
Iшкi iстер органдарының өзге де мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, лауазымды адамдармен және азаматтармен өзара iс-қимылы.
Қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, жол бойының ішкі істер бөлімдері өздері қызмет көрсететін аумақта қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды тікелей қамтамасыз етеді.
Қалалық (аудандық) ішкі істер бөлімінің құрылымына кіретіндер: әкімшілік қызметтің кезекшілік бөлімімен қоса жедел-іздестіру бөлімдері (бөлімшелер, топтар), МАИ, алдын ала тергеу, анықтау бөлімдері, секретариат, штаб, кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі инспекция, полицияның аумақтық бөлімшелері.
Сонымен бірге бұларға: кәмелеттік жасқа толмағандарды қабылдап таратушы; әкімшілік тәртіп бұзуға қатысты ұсталғандарды арнайы қабылдаушы; медициналық айықтырғыш; қаңғыбастығы мен қайыршылығы үшін ұсталғандарға арналған қабылдап таратушы жоғарыда аталған Ішкі істер органдарына тікелей бағынады.
ІІM ішкі әскерлері маңызды мемлекеттік нысандармен арнаулы жүктерді тасымалдау кезінде оларды күзету және еңбекпен түзеу мекемелерін күзетуді жүзеге асырады; сотталған адамдар мен қамауға алынғандарды айдауылдайды; қоғамдық тәртіпті сақтауда Ішкі істер органдарына көмектеседі; апаттардың, өрттердің, дүлей апаттардың өзге де төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысады.
Криминалдық полицияның негізгі міндеттері. Қылмыстарды ашу, алдын алу, жою және тергеу; Ішкі істер органдарының қарауына жататын қылмыстар жөніндегі істер бойынша анықтауларды жүргізу, тергеу амалдарынан, ісін жалпы анықтаудан және соттан, қылмыстық жазасын өтеуден жалтарып жүргендерді, хабарсыз жоғалып кеткендерді іздестіруді ұйымдастыру мен жүзеге асыру.
Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері:
Қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік тәртіп бұзушылықтарды ашу, алдын алу және тоқтату, қылмыстарды ашу, анықтау мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған және тұтқындалған, тұратын орны, құжаттары жоқ адамдар ұсталатын орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету. Сонымен бірге кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қараусыздықты және құқық бұзушылықты ашу және тоқтату, жол қатынасы кауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау, бақылау, төлқұжат беру жұмысын жүзеге асыру.
Учаскелік инспекторлар және кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторлар күзет қызметін, лицензиялық және рұқсат беру жүйесін, табиғатты корғау және мал дәрігерлік полициясы, төлқұжат қызметі, жол полициясы бөлімшелері, Ішкі істер органдарының арнаулы мекемелері әкімшілік полициясы құрайды.
Әскери-тергеу органдарының негізгі міндеттері. Ішкі істер органдарының тергеуіне жататын әскери қызметшілер жасаған қылмыстар мен әскери қылмыстардың алдын алу, тоқтату, жою, ашу және тергеу болып табылады. Әскери тергеу органдарын - әскери-тергеу департаменті, тергеу, жедел-іздестіру, жедел-техникалық және өзгеде бөлімшелерден тұратын әскери-тергеу басқармалары мен гарнизондар бойынша бөлімдер құрайды.
ІІМ-нің әскери полициясы - ішкі әскерлерді құқықтың тәртіпті қамтамасыз етуге, әскери қылмыстар, сондай-ақ ішкі әскерлер мен әскери қызметшілер жасаған өзге де қылмыстар бойынша анықтау ісін жүзеге асыруға, олардың арасындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, олардың бетін ашуға, тоқтатуға, жоюға, әскери қылмыстарды ашуға, ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін іздестіруге арналған арнаулы орган.
Iшкi iстер органдарының осыған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар арқылы жүктелген мiндеттердi атқару үшiн өз құзыретi шегiнде:
- азаматтардан қоғамдық тәртiптi және қоғамдық қауiпсiздiктi сақтауды талап етуге, құқыққа қарсы iс-қимылдар мен iшкi iстер органдарының өкiлеттiгiн жүзеге асыруға кедергi келтiретiн әрекеттердi тоқтатуды талап етуге құқығы бар. Бұл талаптар орындалмаған жағдайларда тиiстi мәжбiрлеу шараларын қолдануға;
- қылмыс пен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған деп сезiктелген жағдайда азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ орындалуын бақылау iшкi iстер органдарына жiктелген белгiленген ережелердiң сақталуын тексеруге қажеттi басқа құжаттарды тексеруге құқылы.
Қазір Ішкісминнің ведомстволық басқаруында 3 жоғары және 3 орта кәсіптік оқу орындары бар, олар Академия; Қарағанды және Қостанай заң институттары; Ақтөбе, Семей және Шымкент заң колледждері.
Жоғары оқу орындарында мамандар даярлау «Юриспруденция», және колледждерде «Құқық қорғау ісі» мамандықтары бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің, заң күші бар «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес Ішкісмин оқу орындарына орта білімі бар, ішкі істер огандары қызметкерлеріне қойылатын талаптарға жауап беретін, әскери қызметке және оқуға денсаулығы бойынша жарамды, оқу орнына түсу жылының 31 желтоқсаны бойынша 17 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
ҚР Президентінің 2002 ж. 12 наурыздағы Жарлығымен[1] ҚР Мемлекеттік хатшысы -ҚР Сыртқы Істер министрінің құқықтық мәртебесі мен өкілеттігі айқындалды. ҚР Мемлекеттік хатшысы - ҚР Сыртқы Істер министрі ҚР Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын ҚР лауазымды тұлғасы болып табылды. ҚРМемлекеттік хатшысы - ҚР Сыртқы Істер министрі өз қызметін ҚРПрезидентінің тікелей басшылығымен жүзеге асырды. ҚР Мемлекеттік хатшысы -[[ҚР Сыртқы Істер министрі] ] ҚР Үкіметінің мүшесі болып табылды. ҚР Мемлекеттік хатшысы - ҚР Сыртқы Істер министрі ҚР Президентінің тапсырмаларына сәйкес мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырды: Сыртқы істер министрлігінің жұмысын үйымдастыру және басшылық жасау; ҚР сыртқы саясатының түжырымдамалық негіздерін әзірлеуді қамтамасыз ету және ҚР Президентіне тиісті ұсыныстар табыс ету; ҚР сыртқы саяси бағытын іске асыруды қамтамасыз ету; ҚР сыртқы экономикалық және инвестициялық саясатын үйлестіру және оны іске асыруды қамтамасыз ету; ҚР атынан мемлекетаралық келіссөздер жүргізу; ҚР орталық атқарушы органдарының халықаралық қызметін үйлестіру; Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрінің қүзіретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекет Басшысының қарауына ұсынылатын нормативтік қүқықтық актілердің жобаларын келісу; ҚР-да қызметін қоса атқаруға тіркелген шет е л д е р д і ң елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау; мемлекет Басшысы жанындағы мынадай органдардың қызметін үйлестіру: Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Кеңесі, Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия, ҚР Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын тапсыру жөніндегі комиссия, Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссия, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия, ҚР Президентінің мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Құрмет дипломын тапсыру жөніндегі комиссия; мемлекет Басшысының өзге де тапсырмаларын орындау. Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрінің қызметін ұйымдастыру-құқықтық, ақпараттық-талдау және өзге қамтамасыз етуді ҚР Президентінің Әкімшілігі және Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырды. ҚР Президентінің 2003 ж. 10 шілдедегі Жарлығымен[2] ҚР Мемлекеттік хатшысының құқықтық мәртебесі мен өкілеттігі айқындады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz