Қытай халық құрамындағы түркі тілдес халықтар
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
Педагогика-психология
кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Қытай халық құрамындағы түркі тілдес халықтар
Орындаған: Сағындықова Э. М.
Тексерген:
Орал, 2014ж.
Жоспары
Кіріспе
1. Қазақтар
2. Ұйғырлар
3. Сарыұйғыр
4. Қырғыздар
5. Доңбий қырғыздар
6. Өзбектер
7. Татарлар
8. Туа
9. Тәжіктер
10. Салар
11. Уйгу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қытайда түрік тілді жеті ұлт, тоғыз түрік тілі бар. Жер шары картасына
қарағанда олар Шығыс бойлықта 74°-126°, солтүстік ендікте 35°-50° өңірлерде
тұрады. Атап айтсақ, негізінен, Қытайдың батыс-солтүстік бөліміндегі Шыңжаң
автономиялы өлкесіне Чінхай, Гансу өлкелеріне қоныстанған. Бұдан тыс
Қытайдың шығыс-солтүстігіндегі Хайлонжаң өлкесінің Фууи ауданында бар.
Қытайда түрік тілінде сөйлейтін ұлттардың жалпы жан саны 10 миллион
шамасында. Олар: қазақ, ұйғыр, қырғыз, өзбек, татар, сала, уйгу ұлттары.
Тоғыз түрік тілі: қазақ тілі, ұйғыр тілі, Шыңжаң қырғыз тілі, доңбий қырғыз
тілі, өзбек тілі, татар тілі, туа тілі, сала тілі, уйгу тілі (сары ұйғыр
тілі деп те аталады). Енді осы халықтардың орналасу жағдайы мен тіл-жазу
қолдану ахуалына қысқаша тоқталайық.
1. Қазақтар
Қытайдағы қазақтар, негізінен Шыңжаң Ұйғыр автономиялы өлкесінің
солтүстік территориясындағы Іле Қазақ автономиялы облысына қарасты үш
аймаққа шоғырланған. А) Іле аймағы. Іле аймағына қарасты Құлжа қаласы.
Құлжа ауданы, Нылқы ауданы, Күнес ауданы. Тоғызтарау ауданы, Текес ауданы,
Шапшал ауданы, Қорғас ауданы қатарлы қала. 7 аудан бар: Ә) Алтай аймағы.
Алтай аймағына қарасты АлтайАлтай ауданы, Алтай қаласы, Шіңгіл ауданы,
Бұлылғай ауданы, Буыршын ауданы. Қала ауданы қатарлы 7 қала, 7 аудан бар.
Б) Тарбағатай аймағы. Тарбағатай аймағына қарасты 1 қала, 7 аудан бар.
Олар: Шәуешек қаласы, Тарбағатай ауданы, Қобық ауданы, Дөрбілжін ауданы,
Шыйху ауданы, Тола ауданы, Шағантоғай ауданы, Сауан ауданы. Енді осы Іле
Қазақ аймағына қарасты аймақ аудандардан тыс қазақтар Шыңжаңның Санжы
облысына қарасты Морый қазақ автономиялы ауданы мен Шонжы. Жемсары, Пуқаң,
Мичуан, Құтыбий, Манас аудандарында, Бұратала Монғол облысына қарасты
Буратала, Арасан, Жың аудандарында, Қумыл аймағына қарасты Баркөл Қазақ
автономиялы ауданы мен Ататүрік ауданында, Шиханзы қаласы, Қарамайлы қаласы
және Үрімжі қаласы ауданында орналасқан. Қытай қазақтары ежелден осы
жерлерде қоныстанып келеді. Тағы бір бөлік қазақтар Қытайдың Гансу (Кеңсу)
өлкесінің Ақсай Қазақ автономиялы ауданы мен Чінхай өлкесінің Хайший Моңғол-
Тибет-Қазақ автономиялы облысына орналасқан. Бұлардан басқа Пекин қаласында
қызмет, оқу бабымен тұратын 400-дей қазақ бар. Қытайдағы қазақтардың жалпы
жан саны 1987 жылғы санақта 987 мың болса, қазір мөлшермен 1 миллион 250
мыңнан астам болып, әлем қазақтары жан санының 10 пайызын құрап, Қытайдағы
6 пайызы ұстайтын 56 аз санды ұлтты жан саны жағынан 16-орында тұрады.
Шамамен 99,5% қазақтар өз тілінде сөйлейді. Қытай қазақтары 1965 жылға
дейін араб жазуына негізделіп, А.Байтұрсынұлы жасаған қазақтың төте жазуын
(қытай қазақтары көне жазу деп атайды) қолданып келді де, 1965-82 жылдар
аралығында латын жазуына негізделіп жасалған жазуды (қытай қазақтары жаңа
жазу деп атайды) қолданып, 1982 жылдан бастап қайтадан 1965 жылғы қазақтың
төте жазуына көшті. Қазір осы жазуды қолданып отыр. Көп қазақтар латын және
төте жазуды (арабша жазуды) оқып, жаза біледі. Бір бөлімдері осы күнде
Қазақстан қолданып отырған кириллица жазуын оқи біледі. Қазақтар шоғырлы
отырған өңірлерінде ана тілінің қаймағы бұзылмаған.
2. Ұйғырлар
Қытайдағы ұйғырлардың жан саны 1990 жылғы санақта 6 миллион. Олар
негізінен, Шыңжаң Ұйғыр автономиялы өлкесінің оңтүстік бөлігіндегі Хотән
аймағы, Қашқар аймағы, Ақсу аймағы, Қызылсу Қырғыз облысына және Үрімжі
қаласы, Қумыл аймағы, Турпан аумағына қоныстанған. Бір бөлімдері Солтүстік
Шыңжаңдағы Іле Қазақ автономиялы облысының Құлжа қаласына орналасқан.
Бұлардан тыс Қытайдың Хунан өлкесінің Тауяан қаласында ұйғырлар тұрады.
Хунан өлкесіндегі аз санды ұйғырлардан басқа ұйғырлардың басым көпшілігі өз
тілінде сөйлейді. Жазу қолдану тарихы қазақтармен ұқсас.
Ұйғыр мағынасы ынтымақтасу, бірлесу деген сөз. Саны 7 214 431 (ҚХР-
ның 1990 жылы төртінші реткі жалпы демографиялық халық санағының
қорытындысы). Шынжаңда орналасқан. Аз сандысы ішкергі Қытайдың Хұнан
өлкесінің (провинция) Тауюан, Чаңды аудандары мен Хынан өлкесінің Миянчи
ауданы, Жыңжоу қаласы қатарлы жерлерге қоныстанған. Ұйғыр халқы негізінен
отырықшы, егін шаруашылығымен айналысады, сонымен қатар олардың мақта егу,
бағбаншылық тәжірибелері мол. Қаладағы ұйғырлар сауда-саттық кәсіптерімен
шұғылданады. Кілем тоқуға шебер, жібек кездеме тоқу, кестелі тақия тігу,
әртүрлі бәкі, пышақ жасау, қас тасынан ою-өрнек ою сияқтыларды тамаша
істейді.
Тарихта ұйғыр ұлтының қыруар мәдени мұрағаттары қалғаны белгілі.
Мысалы, олардың Он екі мұқамы және әйгілі ұйғыр емшілігі болған. Бұдан
басқа Юсуп Қас Қажип, Мақмұд Қашқари, Ахмед Югнақи мұралары ұйғыр
мәдениетіне зор әсерін тигізген. Алайда, бұл тарихи тұлғалардың мұрасын
түркітілдес ұлттарына ортақ деп тануымыз қажет. Сонымен бірлікте бір топ
әйгілі ақын-жазушылардан ұйғыр халқының әйгілі төңкерісшіл жалынды ақындары
Лүтбұлла Мүтәліп, Әбдірейім Назар, Зүннің Қадыр сынды ақын, жазушыларымен
бірлікте қытай тілі жазуын жетік білетін оқымыстылардан: Гуанюнши,
Лумиңшан, Шалабан, Хұйшанхайя, Чиюлилерді атауымызға болады. Ұйғырлар Х
ғасырдың соңынан бастап ислам дінін қабылдай бастады. ХV ғасырға келгенде
ұйғырлардың барлығы ислам дініне кіріп болған. Ұйғыр тілі алтай тілі
жүйесіндегі түркі тілдер тобына жатады. Жергілікті тілден 3 түрі бар. Олар
Орталық жергілікті тіл (Іле, Тұрпан, Қашқар қатарлы кең таралған
аудандардағы тіл), Хотан жергілікті тілі және Лопнор жергілікті тілі, ең
өлшемді тіл — Орталық жергілікті тіл негізінде дамыған. Ұйғырлар тарихта
түркі жазуын, хұйқу жазуын пайдаланды. Ислам дініне кіргеннен кейін араб
жазуын қолданды. Қазіргі кезде араб жазуы үлгісіндегі ұйғыр тілі жазуын
(төте жазуды) мектеп, баспа, радио, теледидар және үкімет органдары да
кеңінен қолданып отыр. Сондай-ақ, А.Байтұрсынұлының ғылыми тапқырлығының
жемісі — төте жазуды пайдалану арқылы Қытайдағы ұйғырлар түрлі саладағы
кәсіптерінің дамуын жеделдетті.
3. Сарыұйғыр
ҚХР-ның Гансу өлкесі, Жаң-йе қаласының Сунан сарыұйғыр автономиялы
ауданындағы Каңло, Ымныңғол, Миңхуа, Хуанңчың, Мати ауылдарына және Жючюан
қаласының Сарығдоруақ ұйғыр автономиялы ауылына қоныстанған. Бұдан тыс ҚХР-
ның Ланжоу секілді ірі қалаларында да сарыұйғырлар шашыраңқы түрде
кезігеді.
Қытайдағы 2000 жылы өткен 5-ші кезекті мемлекеттік халық санағында
сарыұйғырлардың саны 13 719 адам болған.
Сарыұйғырлар — байырғы Орқон ұйғырларының ұрпақтары. Олар түрік тілді
және моңғол тілді екі топтан тұрады. Түрік тілділер өздерін ақ йұғұрлар деп
атаумен бірге, өздерінің шығысындағы моңғол тілді йұғұрларды қара йұғұрлар
деп те атайды, ал моңғол тілділер өздерін шира йоғұр (сары йұғұр) атаумен
бірге, батысындағы түрік тілді ағайындарын хара йоғұр (қара йұғұр) деп те
атайды.
Тағы бір қызықты жайт, сарыұйғырлардың тибет тілді банта руын
Қарамөрін өзенінен батысқа қарай қоныстанған сарыұйғырлар мен моңғолдар
чаған йоғұр, чаған нойон отоқ деп те атайды. Мұндағы чаған-ақ деген
мағынадағы моңғол сөзі. Демек, банталар ақ йұғұрлар немесе ақ нойон отоқ
деп те аталады. Этникалық тибеттер оларды банта хор деп атайды.
Ақ, қара, сары деп бөлінген сарыұйғыр топтары туралы қазіргі кезде
нақтылы деректемелер сақталғанымен, ақ йұғұр деп Жючюан қаласының
Сарығдоруақ ауылын қоныстайтын негізінде найман руынан тұратын түрік тілді
сарыұйғырлардың аталатындығын жеткізетін деректер де бар. Сунан аудандық
сарыұйғыр мәдениетін зерттеу кеңсесінің директоры, белгілі жазушы,
фольклоршы Ежин Темір мырза Сарыдоруақ ұйғырларын хораңгыд руының
босқындарынан қалыптасқан деп есептесе, Сали Янюй яғлақарлар мен
хораңгыдтардан құралады деп есептейді. Қазір аталған сарыұйғыр топтары өз
ана тілдерін мүлдем ұмытуға жеткен. Бірнеше жыл бұрын автономиялы ауылдың
ұлтшыл азаматтары түрік тілді сарыұйғыр зиялыларының жәрдемімен тіл
курстарын ашқан болса да, үйренушілердің қатары бастапқы 280 адамнан күрт
азайып, соңғы есепте нәтижесіз қалғаны тағы бар.
Орыстың белгілі шығыстанушысы Г.Н.Потанин 1886 жылы Елдің шығысын
қоныстанушылар шира йоғурлар (шира-ёгуры), батысын қоныстанушылар қара
йоғұрлар (хара- ёгуры) деп аталғандығын жазған. Қазір Қытайда қалыптасқан
дағды бойынша, йұғұрлар шығыстық және батыстық деп бөлінеді, моңғол тілді
шығыстық топтарының ғылыми әдебиеттердегі жалпы қауым тарапынан мойындалған
аты ұйғырлар, ал түрік батыстық топтарының аты сарығ йұғұрлар деп аталып
жүр. Дей тұрғанмен, мұндай бөліністі әр екі тараптың халқы да біркелкі
қабылдамайды, қайта жалпыұлттық есім ретінде сарыұйғыр немесе йоғұр аты жиі
айтылады.
Қытайда 1911 жылғы төңкерістен соң Қытай Республикасы тұсында
Гансудағы жергілікті әкімшілік Хуаңфан атап келген йұғұрларды сары бажақтар
(хуаң хуаң фан) мен қара сары бажақтар (хей хуаң фан) деп айырып атай
бастады. Мұның алдыңғысы моңғол тілді, ал соңғысы түрік тілді йұғұрларды
көрсетеді.
1949 жылы қыркүйекте ҚХАА-ның бірінші дала армиясы Хыши дәлізін азат
етті. ҚХР алғаш жарияланған тұстағы деректерде йұғұрлар (сарығ ұйғыр) деп
жазылатын. 1954 жылы ұлт зиялылары мен халық өкілдерінің қатысуымен өткен
кеңестен соң, бұрынғы аттар күшін жойып, йұғұр (немесе, йоғұр) дегенге
негізінен жақын (Юйгу) деген жаңаша ат өмірге келді. 1954 жылы 20 ақпанда
Сунан сарыұйғыр автономиялы ауданы, 11 сәуірде Жючюан аймағына қарасты
Сарығдоруақ автономиялы ауылы құрылды.
4. Қырғыздар
Қырғыз ұлты туралы бір-біріне ұқсамаған бірнеше түсінік бар: 1)
таудағы көшпенділер; 2) ұлы таудағы оғыздар; 3) қырық тайпа; 4) қырық қыз
қаратлыларды қамтиды. Саны 1 415 49 (ҚХР-ның 1990 жылы төртінші реткі жалпы
демографиялық халық санағының қорытындысы) адам. Олар негізінен Қызылсу
Қырғыз автономиялы облысында өмір сүреді. Бұдан басқа қырғыздардың біраз
бөлігі Іле Қазақ автономиялы облысының Текес, Монғұлкүре аудандарына,
Тарбағатай аймағының Дөрбілжін ауданына, Бай, Үштұрпан, Иыңсар аудандарына,
Ташқорған Тәжік автономиялы ауданына, Үрімжі қаласына, Оңтүстік Шынжаңның
Қашқар қаласына шашырап орналасқан. Ішкергі Қытайдың Хилоңжяң өлкесінің Фую
ауданында аз санды қырғыздар тұрады. Бұлар будда дінінің ішіндегі лама
дініне сенеді. Тілі де Шынжаң өлкесінде тұратын қырғыздардан көп
парықталады. Олардың басым көбі мал шаруашылығымен, егін шаруашылығымен
және шағын кәсіпкерлікпен айналысады.
Қырғыз халқы арасында кең таралған мәдени мұралар өте мол. Дүниеге
әйгілі ең ұзақ тарихи эпос — Манас дастаны бар. Оны тұтас жатқа білетін
әйгілі манасшы Жүсіп Мамай ақсақал әлі тірі. Бұдан басқа тағы да Ер
Төстік, Құрманбек дастандары да бар. Қырғыз әйелдері кесте тігу, сырмақ
сыру қолөнеріне шебер келеді. Қомыз — қырғыз ұлтының 3 ішекті музыкалық
аспабы. Ұлттық дене тәрбие қимылдары да өте көп, сахара тұрмысына сән
беретін Көкпар ойыны көрермендерін өзіне ерекше баурайды. Қырғыз тілі
алтай тілі жүйесіндегі түркі тілі тобына жатады. Қызылсу өзенінің оңтүстігі
мен солтүстігіндегілердің тілінде парық болады. Бұлардың ру-тайпаларға
бөлінуінің себебі — олардың өлшемді тілі солтүстік жақтағы қырғыздардың
тілі негізінде дамыған. Олар ежелден бері түркі жазуын қолданған. Қырғыздар
ХVІІІ ғасырға келгенде, ислам дініне әрең кірген. Араб жазуын пайдаланды.
Бүгінгі таңда қырғыздар төте жазуын қолданады.
5. Доңбий қырғыздар
Доңбий қырғыздарының жан саны 1 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz