Қаңлы тайпаларының материалдық мәдениеті



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:

Қаңлы тайпаларының материалдық мәдениеті

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2013ж.

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Қаңлы тайпаларының материалдық мәдениеті
2. Қаңлы тайпаларының саяси тарихы
3. Археологиялық ескерткіштері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Б. з. б. IIIғ. Қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Мемлекет аты алғаш
Қытай жылнамасы Шы Жи-Дауан Лежуанда (Тарихи жазбалар-Ферғана тарауы)
жазылған Қаң жүй го деген атаудан алынған. Қаң жүй- қаңлы (орыс
әдебиетінде кангюй), го — мемлекет деген мағына­ны білдіреді.
Ғалымдардың көпшілігі қаңлылардың түркі тілдес халық болғандығына
күмән келтірмейді.
Қаңлы мемлекетінің б. з. б I ғасырында дәуірленген кезеңінде
халқының саны 600 мың адамды құрап, әскерінің саны 120 мыңға жеткен.
Байланыс жасаған елдер – Қытай, Рим, Кавказ т. б. Қаңлы бейлеушісінің
жеке иелік шекарасы Каспийдің солтүстік жағалауына дейін барған, оларға
Арал теңізі мен Еділ өзенінің төменгі ағысының екі арасында билік құрған
сармат-алан тайпалары­ның одағы түгелдей қарап, тәуелді болған. Қаңлы
мемлекеті өз алдына дербес саясат ұстанып, көрші елдердің сырт жауларына
қарсы тойта­рыс беруіне көмектесіп отырған. Қаңлы патшасы өзі мекендеген
солтүстік өңірді (Талас өзенінің аймағы) жеке басқарады.Қаңлы тайпасында
билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік
ақсақалдардың, ру басшылары мен көсемдердің қолын­да болған.
Тайпа халқы негізінен мал шаруашылығымен және суармалы егіншілікпен
айналысты. Басты байлығы мал болды. Көбінесе жылқы, қой, оған қосымша сиыр,
түйе және ешкі өсірді. Ал егіншілер дәнді дақылдар еккен және бау-бақша
өсірумен де айналысқан. Жерді тас, металл кетпендермен өңдеді, сондай-ақ
сүйектен жасалынған егіншілік құралдары да пайдаланылды. Жиналған өнім
жерден қазылған ұралар­да немесе қыш құмыраларда сақталды. Көптеген
бөгендер мен тоғандар тұрғызылды.Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы
болды. Елік, арқар, киік және су құстары — үйрек, қаз ауланды. Ет, балық
және дәнді дақыл өнімдерімен қатар тамаққа жабайы алма, алмұрт, өрік,
долана, пісте жемістері, тау жуасы пайдаланылды.
Негізгі бөлім
1. Қаңлы тайпаларының материалдық мәдениеті

Қаңлылар - Қаратау өңірі мен Сырдарияның орта саласын мекен етті.
Ежелгі саяхатшылар Қаңлы тайпалық бірлестігін көшпелі ел әрі қалалары бар
ұлкен мемлекет ретінде сипаттап жазады. Сыр өзенінің орта ағысы (Шаш,
Отырар, Қаратау) аймағын мекендеген қаңлылардың мәдениеті тарихи
әдебиеттерде Жетісай, Қауыншы, Отырар, ал кейін Қаратау мәдениеті деп
аталады. Атақты тарихшы С.П.Толетов кезінде археологиялық және жазба
деректерге сүйене отырып, бұл өңірдің материалдық және рухани мәдениеті сол
кез үшін өте жоғары болғанын ерекше атап көрсетті.
Қаңлыларда қолөнер кәсібі өте жоғары дәрежеде өркендеген. Қаңлылардың
тегі хұн, түрік тілдес халықтар болғандықтан, олар өз тілінде, яғни түркі
тілінде сөйлеген.Қаңлылардың тұрғын үйлері көшіп-қонуға қолайлы киіз үйлер
және топырақ пен ағаштан, тастан жасалған тұрғын үйлер, адамдар жиі
орна­ласқан елді мекен, қалалары болған. Археологтардың мәлімдеуіне
жүгінсек, қазіргі оңтүстік Қазақстандағы ежелгі орта ғасырдағы көптеген
қалалардың іргетасы сонау кангюлер (қаңлылар) дәуірінде пайда болған деген
пікір бар.Қаңлы жұрты пайдаланған киіз-текемет, кілем-сырмақ қатарлы
төсеніш және үй қабырғаларына ілінетін тұс бұйымдар, киетін — кимешектер
өздері өсіріп отырған мал өнімдері мен мақта мамықтарынан жасалатын болған.
Олар қой жүнінен киіз текеметтер, төсеніштер жасаумен қатар, киізден
қалпақ, кебенек-шекпендер жасап киген. Қарапайым халық қой терісінен тон
сияқты сырт киімдер тігіп киген. Ал жоғарғы жіктегілер түлкі, қасқыр, ілбіс
және басқа да аңдар терісінен қымбат бағалы тымақ, ішік, тон сияқты киімдер
тігіп киген.Қаңлы елінде заң мен діни нанымдар өзара ұштастырылып
атқарылған.
Қаңлылар — отқа табыну, дінге сыйынатын арнаулы кесенелер салған.
Табиғат күштеріне, ата-баба аруағына сиынған. Сонымен қатар қаңлы­лар
жұлдыздар арқылы түрлі болжамдар жасап отырған. Қаңлыларда музыкалық
аспаптар болған, би билеген.
Қауыншы және Отырар-Қаратау мәдениеті деп археологтар атайтын үлкен
ескерткіштері сақталған.
Зираттардағы сияқты, өліктер киімімен, жеке пайдаланатын заттарымен
қоса жерленген. Кабірлерге тамақ салып, су құйылған керамика ыдыстар бірге
салынған. Еркектердің қабірлерінен қару- жарақтар (семсерлер, қанжарлар,
жебелердің ұштары, садақтардың сүйектен жасалған бастырмалары), әйелдердің
қабірлерінен көбінесе әшекей заттары: моншақтар, айналар, сырғалар, киімге
тігілген қалақдылар табылды28. Жерлеу жарақтарынан алынған материалдарға
салыстыра отырып жасалған талдау қабірдің мерзімін біздің заманымыздағы I
мыңжылдықтың бірінші жартысы деп белгілеуге негіз береді. Отырар алқабы мен
оған жақын аудандарда Көк-Мардан, Қыркескен, Мардан қорымдары зерттелді.
Мұнда да жерлеу құрылыстарының алуан түрлі екені аңғарылды. Марданкүйік
(Қоңыртөбе) қаласының орны маңындағы қорымды зерттеген кезде аса күнды
материал алынды. Қаланың өзі біздің заманымыздағы I мыңжылдықтың бірінші
жартысында пайда болған29. Оның шығыс жағында көлемді зират орналасқан.
Төбесі тапталып, опырылып калған сопақша төбеге қазу жұмыстары жүргізілді.
Оның биіктігі 2,5 метрге жетеді, көлемі 35x45 м. Онда төбенің төбесінен 0,4
метрден 1,5 метрге дейінгі терендікте жатқан қабірлер бар екені анықталды.
Негізінен өлік тікбұрышты етіп қазылған қабір шұнқырларына жерленген.
Шұнқырдың төменгі жағына шикі кірпіш қаланған, сағаналар да шикі кірпішпен
жабылған. Жүзге тарта қабір тазартылды. Олардың ішінде 12 жағдайда керамика
ыдыстарға жерлеу анықгалды. Негізінен, бұлар — балалар, жасөспірімдер. Ал
ересектер қабір шұңқырының түбіне, киімімен, жеке керек- жарак заттарымен
(сәндік заттар, кару) қосып жерленіп, керамика ыдыстарға (құмыраларға,
саптыаяқтарға) тамақ салып, су құйып қойған. Жерлеу ғұрпы мен қоса салынған
құрал-саймандарға жасалған талдау Қоңыртөбе қорымының аршылған қабірлерінің
негізгі бөлігін отырықшы қаңлы тайпалары мәдениетінің соңғы кезеңіне
жаткызуға және оның мерзімін біздің заманымыздағы III—V ғасырлар деп
белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаңлыларда табиғатқа, ата-баба аруағына табыну сияқты діни ұғымдар
болды. Олар сонымен қатар аспан денелеріне де айға, күнге, жұлдыздарға
табынған. Б.з. бұрынғы І ғасырдың ортасында үйсіндер мен қаңлылар арасында
ұзаққа созылған соғыстар басталып, әлсіреген қаңлы мемлекеті өзінің өмір
сүруінің соңғы жылдарында Түрік қағанатының құрамына енеді.
2. Қаңлы тайпаларының саяси тарихы

Ертедегі алуан түрлі жазбаша деректемелерде Қаңлы елінің аты 5.3.6. XIV
ғасырдан бастап мәлім болғанымен, Орта Азиядағы б. з. б. IV ғасырдың
аяғындағы оқиғаларды жақсы білетін антик авторлары қаңлыларды тоқталмайды.
Сырдария бойыңдағы аймақта Қан үйі б. з. 6. ΙΙΙ, дұрысында,ΙΙ ғасырда
көтерілген деп жорамалдауға болады. Бұл сол кезеңдегі көшпелілер
үстемдігінің күшеюінен болған еді. Егер б. з. б. II ғасырдың екінші
жартысында Чжан-Цянь Қаңлы жерлерінің оңтүстігінде юечжиге, ал
солтүстігінде ғұндарға тәуелді екенін айтса, біздің заманымыздағы I ғасырда
мұндағы жағдай өзгереді. Егер Чжан- Цянь юечжи әскерін 100-200 мың, ал
қаңлы әскерін 90 мың деп хабарлаған болса, Цань-Хань-Шу енді қаңлы әскерін
120 мың, юечжи әскерін 100 мың дейді14. Бұл кезенде Орта Азиядағы қос өзен
аралығында юечжилердің негізгі бөлігінің оңтүстікке, сол жағалаудағы
Бактрияға ығысуы, жерге отырықшылық орын алып, жеке-жеке бес иелікке
бөлінгенін, мұның өзі қаңлымен салыстырғанда олардың әлсіреуіне әкеп соқпай
қоймағанын, ал қаңлылардың алдынан оңтүстік пен батысқа экспансия үшін
мүмкіндік ашылғанын атап өткен жөн. Сол кезде (б. з. б. II ғасырдың аяғы —
I ғасырдың басы), қаңлылардың жоғарыда аталған тәуелді бес иелігі пайда
болса керек, ол өзіне Янцайды (Арал-Каспий өңіріндегі сарматалан тайпалар
одағы), Яньды (Орал өңіріндегі сармат тайпалары) бағындырып алды. Қытай
жөнінде қаңлы билеушілері өздерін тәуелсіз, тіпті батыл ұстаған, бұл
жөнінде б. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаңлы мемлекеті. (б.з.д. 3 – 1-ғасыр)
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
Ежелгі қаңлылар
Үйсін және қаңлы тайпаларының тарихы
Қыпшақтар орыс және европалық ортағасырлық деректерде
Ежелгі Қаңлылар мемлекеті
Қаңлы мемлекетінің саяси-экономикалық және шаруашылық дамуы
Ғұндар, сақтар, қаңлылар, үйсіндер тарихы
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Түркеш кағанаты
Пәндер