Жануарлар дүниесінде психиканың дамуы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Ладыгина-Котс эксперименттері және жоғарғы омыртқалылар ойлауының сипаты»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2013ж.


Жоспар

  1. Ладыгина-Котс эксперименттері және жоғарғы омыртқалылар ойлауының сипаты.
  2. Жануарлар дүниесінде психиканың дамуы
  3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Ладыгина-Котс эксперименттері және жоғарғы омыртқалылар ойлауының сипаты

Жан-жануар затты тек белгілі бір сыртқы ахуалмен, биологиялық жағдаймен қатысты қабылдайды, ол кезде затқа деген субъективті көзқарас пен заттың өзінің ара жігі ажыратылмайды: "Заттың өзі шимпанзе үшін тіршілік етпейді, - деп жазады антропоидтердің "интеллектін" зерттеуші ғалым Н. Н. Ладыгина-Котс. "Тек тарихи кезеңге дейін өмір сүрген адамның өміріне араласқан, еңбектің және шығармашылықтың нәтижесінде адамдардың ата-бабаларының қоғамдық ұйымында пайда болған зат шимпанзе үшін зат ретінде тіршілік етпейді және өзіндік мағынаға ие болмайды. Қамауда болғанда шимпанзе әдетте адамдардың қолданатын заттарын қолданудан қашқақтайды. Ол шар, трапеция сияқты ойын заттарын қолдануын қолданады, бірақ бүл заттардың бәрін быт-шытын шығарып, олардың сынықтарын ұя салу үшін", яғни инстинктивті әрекетте қолданады. Зат, сонымен, маймыл үшін дербес объективті анықтылыққа ие болмайды, маймыл затты не болмаса қорек заты ретінде, не болмаса конструктивті әрекетінің инстинктивті формасы үшін материал ретінде, не болмаса төнген қауіп туралы сигнал ретінде қызмет етеді.

Жан-жануардың психикасы жануардың тікелей ортаға ену, яғни зат алмасу үдерісі жүре алатындай ортаға ену қызметін атқарады. Бейімделуші ретіндегі жан-жануардың мінез-құлқының типін анықтайтын дәл осы зат алмасуда оның психикасының мәні жатады.

Жан-жануар үшін заттардың объективті жағдайы және объективті байланыстары өмір сүрмейді. Ол үшін өмір сүретін тек оның өзінің ағзасы және ортаның тиісті компоненттерінің байланысы ғана. Жан-жануар өзі өмір сүретін ортада бағдар алуға дағдыланады және бүл бағдардың мәні оның өзінің ағзасының ортаға енуінде, табиғатпен тұтастануында, онымен бірігуінде болып табылады. Психика не бары осындай тура, табиғи, биологиялық байланыс каналы ғана.

Мұндай каналдың болуы өздігінен жан-жануар енді табиғаттан бөлініп шықты дегенді білдірмейді. Психиканың пайда болуымен жан-жануар табиғат циклінен бөлек ешқандай тіршілік кызметінің циклін бастамайды. Ағза - орта жүйесінде психика толығымен қызметтік рөл атқарады. Қызметтің бейімделуші формасына бейімделуші интеллект сәйкес келеді.

Тура осы мінез-құлық формасында, тіршілік әрекеті типінде жануарлар мен адамның психикалық әрекетін, маймылдың "интеллекті" мен адамның интеллектін ажыратудың объективті өлшемі жатыр. Жануар мен адамның психикасына олардың тіршілік әрекетінің типіне қатысты талдаусыз, абстрактылы тұрғыдан қарастыру адам мен маймылдың интеллектісінің тең екендігі туралы ғылыми негізсіз қорытындылар жасауға әкеліп соқтырады.

Абстракты түрде алынған психиканың өзін зерттемей, субъективті түрде сананың өзін өздігінше зерттемей, ал керісінше, субъектің тіршілік әрекетінің объективті әдісін зерттеу гносеология мен психологияның шын мәніндегі ғылыми дамуының жолы болып табылады. Дәл осы объективті тіршілік әрекетінде танымның шын мәніндегі ғылыми теориясын, жалпы идеалдылық теориясын құру үшін қажетті және жеткілікті нәрсенің бәрі берілген. Бұл жерде материализмнің бүкіл Маркске дейінгі гносеологиясы жіберген қате және осы қатемен идеализм бет ажарын сатқан тар шеңбер алынды. Дәл осы шешуші жағдайды диалектикалық материализм позициясын ұстанбай психиканы, сананы, танымды зерттеушілердің бәрі түсінбеді.

Қазіргі заманғы буржуазиялық психология үшін жоғары сатыдағы жануарлардың "интеллектісін" зерттеу, жануардың бүкіл тіршілік әрекетіне қатысты талдаусыз олардың "ақыл деңгейінің қабілеттеріне" байланысты эксперименттерді қарастыру жалпы ережеге айналды. Адамға ұқсас жануарлардың психикасын зерттеуші танымал ғалым В. Келер былай деп жазды: "Шимпанзенің саналы мінез-құлқы тура адамның мінез-құлқындай" және "ол сондай-ақ адамға ғана тән мінез-құлықтың формасын көреді"1. Горилла, шимпанзе, орангутанды зерттеген Иьркс өзінің адамдарға ұқсас маймылдардың мінез-құлқына арналған кітаптарының біреуін "Адам дерлік" деп атады. Басқа бір кітабында ол мынандай қорытындыға келеді: егер шимпанзеде попугайдың дыбыс тітіркендіруші қабілетіндей қабілет болса, онда ол сөйлей алатын еді.

Шын мәнінде жоғарғы сатыдағы жануарлардың интеллектісі мен адамның интеллектісін теңестіру мағынасыз, өйткені жануарлардың "интеллектуалдық" әрекеті тек биологиялық стимулдарға байланысты болады. Тіптен егер жануарлардың психикасын тек оның формальды, "техникалық" жақтарынан ғана қарастыратын болсақ, онда бұл жағдайда да оның биологиялық детерминделгендігін көреміз.

"Сан алуан түрлі өсімдік және жасанды материалдармен жасалған көптеген ондаған мың манипуляцияларды талдау нәтижесінде, - деп жазады Н. Н. Ладыгина-Котс, - шимпанзенің әрекетінің негізгі формалары, олардың спецификасы және оның еркін нақты әрекетінің ерекшеліктері де анықталды. Біздің биологиялық мәліметтер негізінде алынған, антропоидтердің табиғи шарттардағы өміріне қатысы бар бұл ерекшеліктер шимпанзенің нәрселермен болған әрекетінің әрбір формасының биологиялық шарттығын айқындады. Қолдану интенсивтілігі, келу жүйелілігі, әрекеттің түрлі формаларының құрылымы мен динамикасының айырмашылығы маймылдың мінез-құлқының қалыптасуындағы өмір салтының, ортаның шарттарының ерекше рөлін оның психикасының детерминділігін оның тіршілік ету шарттарымен дәлелдей отырып, айқындап берді" .

Шимпанзенің психикасы оның мінез-құлқының сол уақыттағы орта жағдайының ерекшеліктеріне тікелей қосудың құралы болып қалады. Жануар өзін қоршаған табиғи ортамен тікелей біріктірілген, теңестірілген болып қалады. Оның "импульсивті мінез-құлқы сыртқы және ішкі ортаның шарттарын қиюластырудан шығатын импульстерге толық тәуелді, яғни субъектінің мінез-құлқы әрбір берілген сәтте қоршаған өзекті жағдайға тікелей және міндетті түрдегі тәуелділігі арқылы жүзеге асып отырады. Демек, субъект импульсивті мінез-құлық актілерінде оған ықпал ететін өзекті ортаның шарттарының құлы болып қала береді" .

"Ең алдымен өзінділігі, субъектінің және оның актілерінің мінез-құлық үдерісіне енуі, оның қандай да бір үздіксіз абсорбциялылығы бұл импульсивті мінез-құлықтың психологиялық спецификасы болып табылады".

Жануардың мінез-құлығы мен тіршілік әрекетінің өзі қоршаған табиғи орта жағдайына тегіс үйлеседі. Мінез-құлық тікелей осы өзекті ортамен детерминделеді және субъектінің өзі осы өзінің мінез-құлқынан тыс шықпаған, демек, ортамен болған табиғи байланысынан да шыққан жоқ деген сөз. "Жануар, - деп жазды Маркс, - өзінің тіршілік әрекетімен тікелей теңестірілген. Ол осы тіршілік әрекетінің өзі" .

Әрекет құралының қоғамдық табиғаты - осы құралдың жануардың "құралынан" негізгі айырмашылығын білдіреді. Кейбір хайуанаттардың әрекеттері қару сипатына ие (бұл - маймылдың таяқты жемге қол жеткізу үшін қолданғаны сияқты, капуциннің тастарды жаңғақты шағу үшін қолданғаны сияқты және т. б. баршаға танымал мысалдары) . Бірақ хайуанат үшін құрал мығым, тұрақты объективті мағынаға ие болмайды, ол оны кездейсоқ қолдану жағдайымен тығыз байланысты. Операция біте сала, құрал сол мезетте ол үшін құрал қасиетінен айырылады.

Хайуанаттар үшін құрал - жай ғана зат, адам үшін - ол белгілі бір объективті мағынасы бар зат. "Шимпанзеде, - деп жазады Н. Н. Ладыгина-Котс, - затты уысынан шығарып алатындай қауіпті жағдай туған кезде оны сақтау, жасыру, оған таласу әрекеттері қалады. Сонымен бірге біз оның бұйымды бүтін сақтап қалу үшін күтіп ұстауды білмейтінін байқаймыз. Шимпанзе үшін заттың өзі бұйым болғаны үшін емес, ұялық әрекетке немесе (көбінесе) оны құрту үшін қолданатын материал ретінде маңызды болуы керек'".

Затты қолдануы оның объективті қасиеттерімен емес, оның объективті логикасымен емес, хайуанаттардың өзінің белсенділігі логикасымен анықталады. Адамның заттың объективті қасиеттерін қабылдауы затты қолданудың қоғамдық әдісін меңгеруімен, оның қоғамдық мағынасымен үйлеседі. Бұл тұрақты объективті қоғамдық мағынаның болмауы шимпанзенің психикасын тәжірибе үшін "бекітіп тастаған". " . . . Құрал, - деп жазады Н. Н. Ладыгина-Котс, - шимпанзеде тұрақты мағынаға ие болмайтындығын айта кету керек: көбінесе оны айырбастап алатындай басқа ештеңе болмаса да, шимпанзе қажеттілігі біткен соң өзінің құралын жойып жіберіп отырған" .

2. Жануарлар дүниесінде психиканың дамуы

Жануарларда түрлі иіс сезу, дәм сезу қабықтары пайда бола бастайды. Ми қабығының құрылымы неғұрлым күрделі болса, жануарларда дағдының қалыптасуы да тез және оңай болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі оқушының психикалық дамуына оқу әрекетінін тигізетін әсері
Элементарлы сенсорлы психика сатысы
Жануарлар психикасының негізгі түрлері
Психиканың пайда болуы және дамуы
Іс-әрекет психологиясы
Психиканың қалыптасуы мен даму жолдары
Психиканың пайда болуы және дамуы туралы жалпы түсінік
Жасөспірімдердің психикасы мен санасының дамуын анықтау
ІС-ӘРЕКЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ
Сана және санадан тыс кұбылыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz