Қаназдық (анемия) ауруы


1. Қаназдық (анемия) ауруы
Қаназдық (анемия) - қан құрамындағы эритроцит деп аталатын қызыл қан түйіршіктерінің азайып кетуі кезінде пайда болатын ауру. Оның пайда болуының түрлі себептері бар. Ол көбінесе басқа аурулармен қосарланып келеді немесе сол аурулардың симптомы (белгісі) болып табылады.
Қаназдықтың диагнозы қан талдауының нәтижесінде ғана белгілі болады. Ал себептерін білу үшін бірнеше рет қосымша анализ тапсыру керек.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының критерийі бойынша қаназдық көрсеткіші 40% деңгейден асып кетсе, елдегі жағдай аса қауіпті деген сөз. Қазақстанда шамамен 6, 5 миллионға жуық адам (41%) қаназдық ауруымен ауырады екен. Әсіресе, бүгінде бала туатын жастағы қыз-келіншектердің 45%-ы, жүкті келіншектердің 80%-ы аталмыш кеселге шалдыққан.
2. Балаларда қаназдық ауруы
Кейде қаны толық жеткілікті бола тұра, гемоглобині және қан құрамындағы эритроциттердің (қанның қызыл түйіршіктері) аз болуы да қаназдықтың пайда болуына әсер етеді. Қаны аз адамдар шаршағыш болып, әлсіреп, басы айнала беретін болады. Тіпті кей жағдайда, қанның құрамында темір тапшылығы баланың психикалық ауытқуларына да әсер етеді екен. Ол көп жағдайда білінбей жүреді, сондықтан дер кезінде ем қабылдаған дұрыс.
3. Гемоглобин туралы
Гемоглобин - қанды бояп тұратын қызыл дақ. Гемоглобин екі бөліктен тұрады: гемо молекуласы және глобин 4 түрлі ақуыз молекуласынан тұрады. Гемоглобин синтезі үшін темір (темір ионы) керек, темірге нәр беретін заттар - түрлі тағамдар.
Фолий қышқылы (Фолиевая кислота) . Бала организімінде темір жеткілікті бола тұра, қаназдық бола береді. Гемоглобин синтезі үшін фолий қышқылы қажет. Сондықтан оны дәрумендер қатарына жатқызады.
4. Анемияны анықтау
Эритроциттер құрамы мен гемоглобин құрамын тексергеннен кейін дәрігер анемияның ненің әсерінен болғанын анықтайды. Гемоглобин синтезі тек темірдің жетіспеушілігінен ғана емес, ақуыздың да жетіспеушілігінен де орын алып жатады.
Фолий қышқылы тек қан айналымының дұрыс жүруіне ғана пайдалы емес, сонымен қатар, іште жатқан баланың да дамуына зор ықпал етеді. Балаларға да Фолий қышқылы қажет. Ол емшек сүті, сиыр сүті, жануарлар еті, жасыл жемістердің, жаңғақтардың құрамдарында бар.
Анемия қай кезде өршиді? Бала темірді, фолий қышқылын, ақуызды қажетті мөлшерде тамақ құрамынан ала алмағандықтан анемия пайда болып, ауру өршиді. Өнеркәсіп көп орналасқан экологиясы нашар қалаларда, көп жағдайда, 3-6 жас аралығындағы балалар қаназдыздық ауруымен жиі ауырады.
5. Гемоглобиннің қалыпты мөлшері
Гемоглобиннің қалыпты мөлшері. Әдетте қаназдық кезінде баланың тері түсі сұрланып, ағарып, ауыз қуысының шырышты қабықшасы да, еріннің үстіңгі жағының ағарғанын байқауға болады. Баланы сондай дәрәжедегі анемияға жеткізу ол ата-ананың жауапкершілігінің жоқтығын көрсетсе, төменгі деңгейдегі қаназдық білінбейді де. Сондықтан қан тапсырып гемоглобинді тексертіп тұру керек. Орташа гемоглобин мөлшері балалардың жас ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болады. Оны кестеден көре аласыздар.
Баланың организімін темірмен қамтамасыз ету үшін күнделікті жеп отырған тағамдарымыз пайдалы болып көрінгенімен, темір тапшылығы байқалып тұрады. Баланың күнделікті тағамдық қорын жеміс-жидек, көкөністермен толықтырып отыру керек. Мысалы: әр тағамның 100 грамында неше мг. темір бар екенін есептеп көрейік: сиыр сүті - 0. 05 мг, жұмыртқа - 2. 5 мг, жаңғақтар- 5мг, бауырда - 10 мг, тауық еті - 1. 5 мг, алма мен алмұрт - 0. 9 мг, сәбіз бен қызынақ - 0. 6-0. 7 мг, балықта - 1 мг.
Бір жасқа дейінгі балалар ішетін сүт қоспасының құрамында қандай мөлшерде темір бар екені жазылғандықтан ол туралы бұл мақалада жазудың қажеті болмады. Ал шала туылған балаларға арналған сүтке келер болсақ, оның құрамындағы темірдің мөлшері көбірек болады. Сол сияқты, балаларға арналған дайын ботқаның құрамындағы темірдің сіңуі қиынырақ болғандықтан, мамандар ботқамен күніне бір рет қана тамақтандыруға кеңес береді. Ал, ешкі сүті құрамында темір, фолий қышқылы жоқ десе де болады. Сондықтан ешкі сүтін жиі ішіп отыратын бала анемияға шалдығуы ғажап емес. Есесіне, ешкі сүті азық-түліктерге аллергиясы бар балалар үшін таптырмас сүт болып саналады.
Балаға темір мен фолий қышқылына бай тағамдарды беру керек. Егер, балаға жастайынан жаңа піскен аскөктерді, жас көкөністерді, бауырдан жасалған тағамдарды жиі беріп отырсаңыз, бала соған дағдыланады.
6. Анемияны қалай емдеу керек?
Темір тапшылығынан болатын қаназдықты үйде емдеу үшін неше түрлі дәрілік препараттар бар. Жалпы, қаназдық кезінде қосымша қан құю деген ой дұрыс емес. Себебі, қосымша қан құйылғанда қан құрамындағы эритроциттер бір айға ғана жарамды болғандықтан аса пайдасы жоқ. Көп қан мөлшерін жоғалтқан жағдайда ғана қосымша қан құйылады.
Анемияны жою үшін қабылдаған темір тапшылығына арналған препараттар үлкен дәретке әсер бере бастаса, басқа дәрілермен алмастыру керек. Кейде, ата-аналар дәрі орнына, мысалы, күнделікті алма т. б. беріп отырсақ орнын толтыра аламыз ба, деп те сұрап жатады. Әрине, аз ғана жетіспеушілік болса, темірге бай көкөністерді тоқтатпай берсе болады. Бірақ, жетіспеушілік көп мөлшерде болған жағдайда дәрігеріңізбен ақылдасып, балаңызға қосымша дәрілік препараттар беріңіз.
Ал, енді бір ата-аналар бір айлық курсты қысқартатын темір препаратының уколын қабылдаса қалай болады екен, дейді. Ондай препараттар бар, бірақ ол ішек құрылысының жолдары бұзылған жағдайларда ғана қолданылады.
Қаназдық - бала денсаулығының басты мәселесі, ал оның дұрыс шешімі ата-ананың қолында. Себебі, олар бала қанының құрамын уақытында тексертіп тұрға жауапты.
6. Аурудың белгiлерi
Мамандардың пiкiрiнше, ауру негiзiнен құрамы үйлесiмсiз және микроэлементтерi аз тағамдарды тұтыну салдарынан болып отыр.
Терi мен шырышты қабықтардың қуқыл тартып бозаруы, ал қан азаю деңгейi күрт төмендеп кеткенде талып қалу, демiгу пайда болуы мүмкiн. Қабақ үстi терiсiнiң өңi кетiп бозарады. Тiс қызыл етi қаны қашып ағарады. Тырнақ ағарып кетедi. Науқас тез әлсiреп, шаршағыш келедi. Қан көп кеткенде немесе аз-аздап, бiрақ жиi-жиi аға берген жағдайда, жарақаттанғанда, мұрыннан, асқазаннан, жатырдан, тiк iшектен қан кеткенде, сондай-ақ дұрыс тамақтанбағанда темiр құрамының аздығы, тағамда дәрумендердiң жетiспеуiнен болады. Ағза әлсiрететiн созылмалы сырқатқа шалдыққанда құрт ауруы, iш ауруы және тағы басқа аурулармен ауырғанда, уланғанда (саңырауқұлақтан, кейбiр дәрiлерден) қан аздық болады.
Ауыр түрi болса аяқ iсiнiп, жүрек соғысы жиiлейдi, топырақ, бор жеуге әуестенедi. Қан аздық тұқым қуалауы да мүмкiн.
Эритроциттердің құрамындағы темірге бай гемоглобиндер азайып кетсе, қаназдық ауруы өрши түседі. Гемоглобин эритроциттердің құрамына енеді және бүкіл ағзаға оттегін таратады. Көп жағдайда қаназдық ағзада темірдің жетіспеушілігінен болады, ал эритроциттер оны дененің барлық жасушаларына жеткізуге қабілетсіз. Оттегі жеткіліксіз болған жағдайда жасушалар дұрыс қызмет ете алмайды.
Темір жетіспеушілігінен болатын қаназдық барлық қаназдықтың 80%-ын құрайтын ең көп таралған анемиялық синдром болып табылады. Қаназдықтың бұл түрі тым ауыр сырқат емес, алайда ол иммундық жүйені әлсіретіп тастауы мүмкін. Соның салдарынан ағза түрлі жұқпалы аурулардан қорғана алмайды және сауығу үрдісі көпке созылуы мүмкін. Сонымен қатар, ол белсенділіктің төмендеуіне және әлсіздікке әкеледі.
Анемиялық синдром кезінде науқастарда әлсіздік, жүректің қағуы және денеге көп күш түскенде ентігу пайда болады.
Сидоропеникалық синдром тәбеттің төмендеуі, белгілі бір тамаққа қалыптан тыс әуес болушылық түрінде көрінеді (мәселен, бор, балшық, құрғақ макарон жеуге, т. б) .
Циркуляторлық - гипоксиялық синдромның белгілері - бас айналу, талып қалу, есте сақтау қабілетінің төмендеуі.
Қан аздықпен ауырған адамның қаны сұйылып кетедi. Бұл аурудың сипаты - адам денесi қан деңгейiн қалыпқа түсiрiп үлгергенше, қанның азайып немесе жойыла бастауымен байланысты айқындалады. Үлкен жарақат алғанда немесе асқазан жарасының аузы ашылып кеткенде, iш сүзегiмен сырқаттанғанда (дизентерия) қанның тоқтамауы қан аздық ауруына шалдықтыруы мүмкiн. Қанның қызыл түйiршiктерiн жойып жiберетiн безгек (малярия) ауруы да - қан аздық дертiн қоздырушы.
Күнделiктi тамақ құрамында темiр тектес заттардың болмауы да ауруды ушықтыра түседi.
7. Емделу және сақтану шаралары
Құрамы темiрге бай тағамдармен тамақтану қажет. Әдетте, ет, балық және тауық етi құрамында темiр мөлшерi көп. Көкбұршақ, асбұршақ, жасымық (чечевица), көкөнiстерінде де темiр бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz